|
 |
|
Для изучающих казахский язык. 18 апреля 2008 г.
[203/1540]
|
|
Бірігейік, бауырлар!
Бұл тармақ – күн сайын қазақ тілінде сөйлеуді, оқуды, жазуды үйренгісі келетін, және де жай ғана пікір алмасып, жаңалықтарды талдағысы келетін оқырмандар үшін ашылған. Демек – бұл қазақ тілін өзара оқытып-үйрену тармағы, және ол “Для свободного общения” тармағындағы жанашырлардың тәжірибесі арқасында жарық көріп отыр.
Біздің Интернет-газеттін форматына байланысты, бұл тармақ шын мәніндегі кәсіпқой, білікті деңгейлі бола алмайды, және тіл үйренуде тек жәрдемші құрал бола алады, бұл жанашырлардың жанашырларға деген өзара көмегі.
Айта кету керек, өз кезінде талқылаушы Димеке ашқан "Изучаем казахский язык" тармағында қазақ тілінде бастапқы сауаттылықты ашуға болады, ол мына сілтемеде:
http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257
Тармақты өзгедей хабарламамен толтырмауларыңыз сұралады, оларға “Ветка свободного общения” және “Народные новости” тармақтары бар.
***
Эта ветка для ежедневного обучения желающих научиться говорить, читать, писать, просто общаться и комментировать события на казахском языке. То есть, ветка взаимного и самообучения казахскому языку, она создана на основе наработок волонтеров с ветки “Для свободного общения”.
Как следует из формата нашей Интернет-газеты, ветка не может считаться вполне профессиональной и является вспомогательным средством изучения языка, она создана волонтерами для волонтеров.
Добавим, что постичь азы казахской грамоты можно на ветке "Изучаем казахский язык", открытой в свое время комментатором Димеке по ссылке:
http://www.zonakz.net/phorum/viewtopic.php?t=3470&sid=b83ce4c09153e8b3d3d09f97dc60c257
Просим не засорять ветку другими сообщениями.
|
Комментарии читателей [203]
Читать через форум
Поиск
|
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
you-ЖАНСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Пт Апр 18, 2008 10:21 ПРИНЦИП автозаполнения контента главной страницы (разгов
- Кешегі тармақта Саяси сайттың дійзиайны және бас парақтың толтырылуы қандай болуы тиіс деген сұрақ төңірегінде Қамекең әңгіме қозғап, бірнеше қорытынды шығаруға тырыстық. Әрине, бас парақты модератор өзі емес, сайт моторы (движок) өздігінен (автоматически) теріп тұруы (заполнение) керек.
- Топ - жаңалықтар (комменттер саны мен бе әлде оқылған-қаралған түрткілеу (кликать) іс-әрекеттерімен бе)
- Оннлайн мәжіліс, онлайын сұхбат.
-Онлайн айтыс (бұны әзірше ешкім қолдамады, сірә саяси сайтқа қажет жоқ па әлде). Меніңше қазақтың айтыстары - орыстың саяси памфлеттері сияқты емес, деңгейі одан да жоғары әрі ғасырлар бойы қазақтың саяси ғылымы, политологиясы осы ақындардың өнерімен дамып келген. Қарасаңыз: Сол Еркөкшенің өлеңдері - дайын тұрған саяси талдау.
- Жастардың танысу бөлігін ешкім қолдамады.
- Блоггерлік бөлім. Қолдау тапты. Меніңше, мында кез келген - Зонадағы сияқты ПРОСТО ЛЮДИ емес, саясаткерлер блоггерлер болса және шағын суреттері болса. Сонда Жұртқы өз атымен саясаткер блоггерлер және қалам атымен жазатын блоггерлер панелі болса. Сондай-ақ өз суреттерін немесе емлемісін енгізсе, танымал болады. Және де емблемісіне қарап, басқа ұқсас атпен кіріп шатастыратындардан жеңіл ажыратамыз.
- Талдау мақалалары (мұнда негізінен таңдаулы, үздік блоггерлердің, белгілі саясаткерлердің немесе жалпы жақсы жатық тілмен жазылған статійалар орын тапса).
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 10:23
Тепешкилер мен байпактар
<br>бугин сабактар болоама
<br>Разминка кайда разминка бутпен бир теуп колмен бир урып
<br>Таулы кайда земааааааааааааааа
<br>Чмоенброттар кайдаааааааааааа
<br>
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 10:26
Таулы в своем амплуа
|
you-ЖАНСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Пт Апр 18, 2008 10:26
Осы менің сүңгуіріме (mouse, мышка) - не болғанын білмейм(ін). Телепортация сияқты бір жерден бір жерге секіріп кетед(і).
|
you-ЖАНСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Пт Апр 18, 2008 10:37
Я обращаюсь к Вам с просьбой Мен сізге өтініш айтып отырмын
Транспортировка Тасымалдау
Перевозка Тасымал
Подобного рода действия Осы тақылеттес іс қимылдар
Осыған ұқсас іс қимылдар
Предпосылка Алғышарт
Питает чувство глубокого уважения Шынайы құрмет сезімін білдіреді, Үлкен құрметпен қарайды
Лоббировать интересы Мүддені қорғауға күш салу, Мүддені қорғасуға күш салу
Заключительный этап Қорытынды кезең
Ажиотаж Дүрлігіс
Тщательно отработать Тыңғылықты істеу, Мұқият пысықтау
Окончательный вариант - Түпкілікті нұсқа
Законный интерес Заңды мүдде
Протяженность - ұзақтық
С удовлетворением сообщаем Қанағаттанарлықпен хабарлаймыз, Ризашылықпен хабарлаймыз
Приоритет Басымдық, Басымдылық
Потенциал Әлеует
Прерогатива Айрықша құзырет
Пропуск Рұқсатнама
Партнерство Әріптестік
Товарищество - Серіктестік
Государственный орган-разработчик Әзірлеуші мемлекеттік орган
О разграничении дна моря Теңіз түбін межелеп бөлу
|
you-ЖАНСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Пт Апр 18, 2008 10:40 Жүректі жаулаған фильм
Қытай Халық Республикасы ШҰАР-дағы “Тянь-Шань” киностудиясы түсірген “Көрікті мекен” көркем фильмінің тұсаукесері Астанада 2003 жылы өтті. Фильмге қатысты қойылатын кәсіби талаптарды мамандардың еншісіне қалдыра отырып, біз ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен төл мәдениетіміздің мәйегіне сусындаған қарапайым көрермен ретінде алған әсеріміз бен түйген ой-пікіріміз жайында бөлісуді жөн көрдік. Білуімізше, киноның Қазақстанға әкелуіне оны ең алдымен тамашалап ризашылығын білдірген Елбасының өзі кеңес берген көрінеді.
Кеше ғана бір атаның баласындай бірігіп, біртұтас қазақ жұртын құрап, құдайдың өзі ажыратпаса мәңгілік қатарын бұзбастай бірегей өмір салтын ұстанып, жазылмаған тіршілік заңына қалтқысыз бағынып ғұмыр кешкен қалың ел тағдырдың тәлкегі, кесір саясаттың салдарынан бұл кездері екіге, үшке ажырап дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылды. Қытай аумағында сүріп жатқан қазақ елінің өмірінен түсірілген әдемі де әсерлі туындыны елордамыздың еңселі кинотеатрынан көріп айрықша күй кештік. Экран арқылы әлі де болса қаймағы бұзыла қоймаған көшпелі өмір салтының жүректе мәңгілік қалатын қайталанбас сәттерімен қайта табысқандай сезімге бөлендік. Десек те, фильм көшпелі өмірдің көріністерімен ғана шектеліп қалмайды. Қазіргі Қытайда бүкіл әлемдегі сияқты нарықтық қатынастар мықтап орнап, жаңа заманның даму үрдісі кері бұрылмастай, тіпті өзге елдермен салыстырғанда ерекше жылдам қарқынмен жойқын жүзеге асырылуда. Тамыры мыңдаған жылдық тереңдікке тартқан көшпелі өркениеттің өміршең қырларын күні бүгінге дейін үзбей сақтап келе жатқан қазақ жұртының бір бөлігі де қазіргі уақытта жүріп жатқан өркениеттер тоғысына тап келді.
|
ER-KOKSHE-ERСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675
|
 Пт Апр 18, 2008 10:54 АССАЛАУМАГАЛЕЙКУМ БАУЫРЛАР!
Міне, жас келсе іске деген осы ғой. Жарайсың бауырым Ю-Жан! Ал, мен жалғыз еместігімді қақсай бермей-ақ қояйын, бірақ сол азаматтар біздің мына тіршілігімізді естіп, толықтай қолдап жатыр. «Егер мүмкіншілікке қол жеткізіп берсеңіздер осы ақын-жазушы болай-ақ елде не болып жатқанын шамамыз жеткенше жазып тұрайық» дейді. Газеттерде, жалпы теледидарларда көрсетілмей, айтылмай жүрген қазақ халқының қасіреті сол – Атырау облысы түгелімен дерлік шүршіттердің қолына өтіп кеткен. Тіпті ана танкодромға ұқсаған шоқақ-шоқақ жолдарымен жүріп бара жатқанда шимандай болып (көрсеткіштері қызыл бояумен сырланған) көзге ұрып тұрған жол көрсеткіштері қытай әріптерімен жазылған. Жол бой солардың қаптаған техникалары мен құрал-жабдықтары. Жолдан екі жүз, іш жүз метрде жер бұрғылап жатқан қытайлардың беретін жауабы «каросо началника, дорогу делаем»... Сонда өз-өзіңе сұрақ қояды екенсің «Есі сау халық жолды үстіне топырақ үйіп жасаушы еді, ал мына басқыншылардың жерді бұрғылап жол істегендері қалай?!» Әр «качалкалар» қоршауға алынған, күзет ешкімді жолатпайды. Тіпті не күлеріңді, не жыларыңды білмейді екенсің, әулие Жабаз атаның басына барып құран бағыштау үшін қытайдың күзетшілерінен өз жерімізде тұрып ұрықсат сұрадық қой...
Ол жердегі жергілікті халық қай «качалканың» қай шенеуніктікі екеніне дейін біледі, «қалмакеңнің» өзі мен маңайындағы топтасқан қылмыскерлерін айтпағанның өзінде. Сондықтан бауырларым мына ісімізге Құдай өзі қуат берсін, қасиетті іс екен! Ал Ю-Жан бауырым, осы істің тағдыры сенің қолыңда! Біз де ат салысамыз! Не өшеміз, не өршиміз бәрі өз қолымызда!
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 10:57
you-ЖАН,
Мен көрдім, тамаша фильм. Әсіресе ұнағаны - актерлердің табиғилығы. Сол актерлар қайда екен? Елге көшіп келгендері жоқ па екен?
|
АрысСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 134
|
 Пт Апр 18, 2008 11:01
Ассаламағалейкум, ұлы халық түлегі!,
Санап жүрмін, сіздерді елдің тірегі,
Мейлі күндіз, мейлі түнде, баршаң да,
Бұлқынып жүрген, соқсын деп қазақ жүрегі.
Қазақ үшін отқа түсер, суға түсер жасымай,
Ризамын әруақтарға, ұрпақ берген осындай,
Билік шешпес, қазағымның дәл қазіргі жағдайын,
Шешетін сіздер қиналғанда, ақыл берер тосылмай.
Қазақ үшін қай-қайсың да, еңселі, де бол ірі,
Бұл құдайдың таңы да атар, біздер үшін бір күні,
Сол күндерді аллам жазсын, қолдайық тез келуін,
Көрейік те әріптестер, аман болғын, бол тірі!.
Құрметті, Ер-Көкше, Қоңырат, Злой, Мақсұт Оразай, Ю-Жан,
Көкшетаудың Нұрмұқаны, 77, Ақберен, Камикадзе, Ілесбек Байжанов,
тағы,тағы,Қазағым деп жанұшырып,жанкештілікпен жасымай жүрген,
бастарынан биліктің жақпас сөздерін асырмай жүрген, елім деп еңіреп
жүргендер,тілі мен діні үшін күңіреніп жүргендер, Қалайсыздар?.
Сіздерден сұранатыным, өткендегі Ю-Жанның ортаға тастаған пікірін
ары қарай жалғастырып, лажы болса ертерек ашудың амалын жасайық,
көмектесейік, қолдан келер болса!!!. Өлімнен басқаның тез болғанын
қалайтын ұрпақтың ұландары емес пе едік?.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 11:01
Жума намазга баруды умытпандар,баурларым!
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 11:08
Құрметті бауырлар: Ю-ЖАН, Ер Көкше,.... Сайтты ашу керек! Оны қашанғы талқылай береміз? "Көш жүре түзеледі", қалғанын сол кезде-ақ түзей жатармыз. Қай жерде, қашан кездесеміз? Соны айтыңдар. Ең мықты сайт ашайық! Қазақтың да күні жарқырап шықсын бір! Мен қолымнан келген көмектің бәрін беремін.
|
ER-KOKSHE-ERСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675
|
 Пт Апр 18, 2008 11:21 11-ге
Бауырым, өлеңіңді де, мақалаңды да жазып берейін. Тіпті жұрттан қайыршыласамда осы аталмыш тармақты ашуға қаражат та жинайын! Тек мына компьютері құрғырдың құлағында ойнай алмаймын, біздің кезімізде әлгі сартылдап басатын "машинке" болды ғой. Әйтеуір газетіме уақытымен еңбектерімді жіберіп, мына тармақтағы сендермен ауыс-түйіс жасап-ақ жатырмын. Оған да құдайға шүкір деймін.
|
you-ЖАНСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Пт Апр 18, 2008 11:21
Сайтты сайт жасаудың шебері жасап жатыр. Ол кісінің атын мына парақта айтпасақ та, ол - 20 программист тобын басқарып жақсы жүйелер жасаған. Сайтты бір күнде де жасауға болады, бірақ оның сапасы қанша? Қажеті қанша, онан да да тегін блог-сайт ашу жеңіл ғой. Ал сайтта - ішкі байланыстары көп болады, ол роман, әдеби шығарма жазу сияқты еңбек қой. Мамырдың ортасына қарай іліп көрелік, арғырай дамытармыз.
|
you-ЖАНСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Пт Апр 18, 2008 11:30
Құрметті Арыс,
ағасы бардың жағасы бар,
Арыстың сол жағасында деп жай айтылмаған қой.
|
you-ЖАНСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Пт Апр 18, 2008 11:32 Көрікті мекен туралы Кәрібай Мұхтардың мақаласының жалғасы
Фильмнің сюжетіне Алтай тауының айтуға сөз жеткісіз әсем табиғатының қойнауындағы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі өзек болыпты. Ауыл шаруашылығын нарық қатынастарына ерте көшірген көрші елде төрт түлік малды кәсіп еткен қазақ ауылдарының бай көрінісі көз тартады. Малы көп, шаруашылығы тоқ ауылдардың той-думаны да дүркіреп өтуде. Дала төсін қалың жылқының тұяғы дүбірлетіп, көкпардың қан қыздырар көріністері көзді арбайды. “Жұрт мақтаған жігітті қыз жақтаған” демекші Құнатай қарттың кіші ұлы - лапылдап тұрған жас жігіт Амантайға көңілі құлаған көрікті бойжеткен Майра қазақ қыздарына тән еркіндігі мен өжеттігіне сай әкесінің құлағына еркелей сыбырлап, ауыздықпен алысқан жүйрік аты қара төбелді алғашқы айналымда жолы болмаған Амантайға мінгізді. Жұлдыздай аққан қара төбел тақымына тиген Амантай алдына жан салмастан көкпарда бағы жанды. Келесі сәтте екі жас қыз бен жігіт айтысында ақындық, әншілік өнерлерімен сайысқа түсті. Бір-бірін көзбен ұғысып, көңілмен түсініскен талапты жастар сезім сырларын әнмен жеткізіп әдеппен тарқасты. Осылайша өріс алған фильм оқиғасы алғашқы көріністерімен-ақ бойымызды баурап, ойымызды орап әкетті.
|
ER-KOKSHE-ERСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675
|
 Пт Апр 18, 2008 11:35
Аузыңа май Ю-Жан бауырым! Бізден қайтпаса Құдайдан қайтсын!
Шапсаң қылышым саған серт, шаба алмасам маған серт деген екен. Сол сияқты, бауырларым тағы бір ойланайықшы, осы ашылатын тармақты әрі қарай іліп әкете аламыз ба жоқ па? Дұшпанның табасына, достың күлкісіне қалып жүрмейік!
|
you-ЖАНСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Пт Апр 18, 2008 11:38
Сәлеметсіз Ереке, аузыма май,
Жазатын өзің болсаң астыңа тай
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 11:47
Құрметті you-ЖАН! Сен білетін балаға ұқсайсың. Бізге ЗОНА сияқты, бірақ одан артықтау сайт керек. ЗОНАда қазақша әріп жоқ. Сосын онда ұлт мәселесін айта бермейді. Шынын айтқанда, маған қажеті ең әуелі ұлт мүддесін талқылайтын сайт керек. Ұлт патриоттарының мақсаттары бір болса да, өздері сан сақта, бөлек, бөлек. Бұл қазақтың жойылуының қысқа, тура жолы. Осыны шұғыл түрде оңдамаса, бітті! Бәрі кеш болады! Елде бүгінгі ең жасы жігіт ағасы болған ұлт патриоттарынан басқа, ешкім жоқ. Бір де бір жастың ұлтым деген үнін есітпедім. Ұлт мүддесімен айналысу - қасиетті іс! Ал бүгінгі билік мұны албасты етіп көрсетіп отыр.
Қысқасы, қазақ өз жерінде жетім баланың күнін кешпес үшін, ететін еңбек ұшан теңіз. Бізге сайт осы үшін керек. Ал бұл тауысылмайтын тақырып.
|
АрысСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 134
|
 Пт Апр 18, 2008 12:13
77,- Өте орынды маңызды да,майлы мәселе көтеріп отыр.Қазақша әріптер болмаса,мен де бір жүрген
соқыр тауық, қыт-қыттап.Орысша жеткізіп жаза алмаймын,ал қазақша қатарымнан қалмаймын.
|
ER-KOKSHE-ERСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675
|
 Пт Апр 18, 2008 13:57
Қазақтың Әділханы байбаламға салып жатыр, "мен де қосыламын" деп. Ол кісі менің кітаптарымды жарыққа шығаруды қолға алып жатыр. Жаңа ғана телефон шалып, қазақша газет ашсаңдар толық қолдаймын дейді.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 14:02
Әділхан Байменов?
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5439
|
 Пт Апр 18, 2008 14:05
Ассалаумағалейкум!!!
|
ER-KOKSHE-ERСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675
|
 Пт Апр 18, 2008 14:06
Байменовыңды білмеуші едім. Мен Батырбековты айтып отырмын.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 14:12
Міне, нағыз қазақ Әділхан! Ер Көкшенің кітаптарын шығарса, ол қазаққа жасаған жақсылығы! Онда Махамбет өлмеген! Ал Махамбетті осы қазаққа қиын заманда тірілткен Әділхан екені тарихта қалатын факті болмақ!
|
ER-KOKSHE-ERСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675
|
 Пт Апр 18, 2008 14:14
Көрші тармақта (Гражданам РК) менің "Беу қазағым" деген өлеңімді шығарып, соны орысшаға аударған болып, басқа мағынада жазып жатыр. Апыр-ай бұл найсаптар сонысымен менің бір жерімді қисайтамын деп ойлайды ма екен? Орыс тілділерге Ер Көкшенің өлеңі керек емес қой. сонда "бұл" топастың ойы не? Орыстарға мені жаман жағымнан көрсету ме? Е, е, сорлы қазағым-ай, шынында да сорлылығың сол ғой, әйтпесе ұлтым десе ішіп отырған асын жерге қоя салатын азаматтарда нең бар екен? Абайды у беріп өлтірген, Шәкәрімге оқ атқан, Ақанды жындандырып, Сәкенді аттырып жібергендердің ұрпақтары әлі де тірі екен-ау, қарғыс атқырлар-ай десейші...
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 15:00
Осы бірер күн бұрын Южан бала жазған еді "Ер Көкшеге тиісу - қазақ халқының атына нұқсан келтіру" деп. Сол сөзінде жан бар-ау деймін. Әйтпесе неге Арысқа тиіспейді, неге басқа да өлең шығарып жатқан ақындарға тимейді? Айнала балағаттайтындары Ер Көкше. Әй, қайдам, бұл деген жай емес-ау, артында біреулер тұр-ау шамасы. Осы Дара деген балақай қайда тығылып қалды? Соны бір газетте тілші болып істейді дей ме?
|
ангелСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 18.05.2007
комментов: 3237
|
 Пт Апр 18, 2008 15:29
не пора ли переименовать ветку
вместо "изучения" - "ветка для свободного общения на казахском"
оккупанты :lol:
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5439
|
 Пт Апр 18, 2008 15:52
періште қыз,
жоқ, не стоит пока....осылай қала берсін...
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 16:25
Ашылатын сайтқа біраз пікірлер айтылған сияқты.Жобасы белгілі ғой-Қазақтың жағдайы,тілімізді жетілдіру,жемқорлықпен күресу,жастарды ұлтшылдыққа,намысқа тәрбиелеу,халықтың саяси көзқарасын жетілдіру,елімізде шенеуіктердің тарапынан болып жатқан неше түрлі озбырлықтардан қоғам мүшелерін қорғау.Және сайтқа күнде өмірде болып жатқан жағдайларға байланысты жаңа 2-3 тақырыпқа мақалалар жазылып тұрса,оны кім жазады?Осыларды ұйымдастыруды ұмытпайық.Ю-Жан мырза бұл салада біраз білетіні көрініп тұр,осыған өзі бастаса,біз әрқашанда елдің болашағы үшін жасалып жатқан шараларға қолдауға әзірміз.Кеше бір ұсыныс жасағанмын-Осы сайттың көшірмесі болса,тек қазақшасы- деп.Ал енді айтарым,әлі ашылмаған сайтқа аңсарымыз ауып кетіп,осы тармақтың тұзын жеңілдетіп алмайық.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 17:23
Әу, қазақтар!
Араларыңда тек қана Арыс бауырым менің атымды атап жоқтап жатқан. Сонда мен не, тоқалдан туыппын ба? Үлкен бір зор істі бастайын деп жатыр екенсіңдер, бастамаларыңа Алланың шуағы төгілсін. Мен Көкшетау қаласының тұрғыны боламын. Бұрын құқық қорғау органдарында істеп, п/полковник шенінде зейнеткерлікке шыққам. Баяғыда мазмұндама жазғанда мен де алдыма ешкімді салмаушы едім, менің де әу дерлігім бар. Тек қана әттең-айы сол, компьютер болмаған соң әркімге бір барып шыға алып жүрмін. Өздерің білетіндей зейнетақым қапқанымызға жетпейді. Компьютер деген қол жеткізбейтін дүние болды ғой өзі. Соны ұмытпаңдар!
Не істеу керек екенін Южан бауыр айтпас па екен?
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 17:24
30-шы менікі Көкшетаудың Нұрмұқаны десеңіздер бәрі біледі.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 18:51
 Комментарий удален модератором.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 19:01
32-ге
Бір-бірден
|
KamikadzeСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 11.11.2007
комментов: 1025
|
 Пт Апр 18, 2008 19:05
Эй! Көкелерім!
Бір жерге жиналып алып, бір-бірімізге ақыл сөз айта берсек,
Бір жуманың ішінде ырылдасып ренжісіп тарап кетеміз.
Сондыктан ана Ю-жан демекші бір «концепция» керек, идея, орысша айтқанда.
Мыйсалы айтайық (для размышления), бұгінғі бйлікке қарсы болу... не болмаса демократиялық мәселені дамыту, т.б.
Камикадзе
|
KamikadzeСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 11.11.2007
комментов: 1025
|
 Пт Апр 18, 2008 19:10
Заңнын жобасын мен дұрыс тұсінсем тоқалдың маңайына жақындадық.
Жоба;- тоқалдан түған балаға құқық берейік дейді, а тоқалдың өзіне жоқ.
Әлі талқыланады, жан-жағын қарайды, бірдеңкесі болар...
Камикадзе
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 19:10
Философ Алимбековке қиын болмаса,қолдау көрсетулеріңіз сұралады.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 20:37
Мырзалар мен Ханымдар!
Бұл Қазақстандағы алғашқы аудиокітаптар...тындап таң қалып отырмын...
Жуықта "Жанғырық" атты серіктестік, қазақ ертегілері жазылған қазақша аудиокітап жасап шығарыпты. 2 диск. Дискіде серіктестіктің мекен жайы да жазылған.
тындап,құлағымның құрышын қандырып отырмын. барлық кітап , диск сататын магазиндерден сұрандар. Өте керемет! Баяғыдағы батырлар жырлары жазылған күй табақтар болушы еді ғой...
Ертегілерді таза қазақ тілінде тыңдау кімге де болса өте пайдалы...
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 21:14
[quote:520a7b6187="Anonymous"]30-шы менікі Көкшетаудың Нұрмұқаны десеңіздер бәрі біледі.[/quote:520a7b6187]
Ассаламуағалейкум, Нұрмұқан-аға, Ер-Көкше - жер жәннәті Көкшенің арыстары!
Амансыздар ма Злой, Камикадзе, Алты Алаш, Ю-Жан! Ассаламуағалейкум, тағы осы тармаққа келіп тұратын достар!
Бір кездерде, дәлірек айтсақ 1979 жылы – Жер жәннәті Көкше өнірінен Қазақстан айырылып қала жаздады емес пе?
Мына бір менің блог-жазбамды оқып, ойларыңызды сол блогта жолдауларыңызды өтінем! СІЛТЕМЕСІ мынау http://www.zonakz.net/blogs/user/wxyz/1460.html
--------
Вхуз-WXYZ
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 21:25
http://www.zonakz.net/blogs/user/wxyz/1460.html
ашылмайды
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 09:49
Кеше Өскемен Қаласында Үш көшенің атын орысшадан қазақша атттарға ауысқаны туралы хабарланды.Айтуларына қарағанда ауыстыру кезінде екі жақ қызу талас болып,қиын шешілген сияқты.Өскемен де "қиын" қалалардың бірі еді,бұл облысқа қандастарымыз көптеу тұратын Семей облысын қосқандағы себебін осыған жоримын.Осыдан 5-6 жыл бұрын Орал қаласының әкімшілігінде қызмет істейтін танысым көше аттарын ауыстырудағы үлкен қарсылықтардың барын айтып еді,қазір бір қалыпқа келген сияқты.Біз тұратын қалада бұндай қиыншылықтар жоқ,ал еліміздің басқа қалаларындағы жағдай қалай екен.
|
Alty AlashСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 07.07.2004
комментов: 5439
|
 Сб Апр 19, 2008 09:55
қайран Елім, қазағым
тозар бұлай табаның.
ақтабанды шұбырған,
көрерсің сен де бабаңның!
не болған Халқым өзіңе,
қасқырдың сеніп сөзіне?
ұрлықы істеп жатқаны,
болмай ма қылмыс көзіңе???
не деген сабыр жүректе,
өлтірсе де қыңқ етпей?
Бірлік болса, білекте
бар күшіңе жүр сенбей!
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 10:05
Мұнайға баж салығын енгізді,енді жағдайымыз түзеледі деп қуана бастап едік.Бұл көтерген планкасы Ресеймен салыстырғанда капля в море болып қалды.Және шетел компанияларының бұл салықтан еш қиындық көриейтіні,жан-дүниемізді ашындырады.Қор болған қазақ,сорлы қазақ -деген атақтардан, егемендік алғасын құтыламыз ба -деп едік. Бағымыз жанбай қойды ғой,халық ретінде.
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 11:18
Олжас Сулейменов. Позт средней величины. Кто читал и читает, я имею в виду казахов, поэтов Касыма Аманжолова, Жубана Молдагалиева, Кадыра Мырзалиева, Иран Гаипа, Толеужана Исмаилова и других, то они знают, что в поэзии Олжаса для казахов нет ничего нового. То-есть, он в истории казахской поэзии не фигура. Может останется в русскоязычной. А как политик он - главный солист, трубач, барабанчик, глашатай Назарбаева. Создав АК "Невада-Семей", руками исп. директора Беренбаума воротил миллионами долларами, купили своим магазины, квартиры и т.д. Врастил нынешних мииллардеров Машкевича, Шодиева, Ибрагимова. Семипалатинцы до сих пор проклинают поэта-"классика" за то что он и его друзья обманули их. не сдержав свои обещания построить поликлинику, школу, дома и др. Народ собирал им средства сколько могли, а они все присвоили, Беренбаум убежал за кордон. Сулейменова спас Назарбаев, как писал Б. Жакешев недавно в газете "Тасжарган", и превратил его на своего саксофона. Что касается его покойного отца, говорят он не был "врагом народа", не умер в застенках КГБ. а погиб в перестрелке на границе, поскольку был офицером, командиром загранотряда. Кому интересно, тот может это выяснить у КНБ. Так что О. Сулейменов, как писал ныне покойный, честнейший патриот своей Родины, профессор, журналист, историк Алдан ага Аимбетов, для казахов ничего путного не делал и делать не будет, пока кормится у Назарбаева.
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 11:35
[quote:52522a1e8f="Anonymous"]http://www.zonakz.net/blogs/user/wxyz/1460.html
ашылмайды[/quote:52522a1e8f]
ашылмаса мына ПРОКСИ аркылы кор1н1з
http://naviguer.ca/naviguer/nph-naviguer.pl/010110A/http/www.zonakz.net/blogs/user/wxyz/1460.html
оте кунды ойлар жазылган екен
|
ER-KOKSHE-ERСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675
|
 Сб Апр 19, 2008 11:37 КЫЗЫМ САГАН АЙТАЙЫН, КЕЛИНИМ СЕН ТЫНДА
Азаматтар!
Осы бөле жарып біреуіңді ақымақ, біреуіңді ақылды деп нақыштамай-ақ айтарым, қайсыңның болсын Алла Тағалам берген басың, ақыл-ой, сана-сезімің бар ғой. Соған салып көрсеңдерші анау еді мынау еді дей бермей. Ұры биліктің қазақ халқына қаныпезер жау екендігін түсіну үшін ешқандай да академия бітіріп керегі жоқ. Ол үшін тек өз ар-ұжданыңа салып сараптап-салыстырып (аналитика) көрсең болды мына қазіргі қазақ елінің тірішілігі мен биліктегі қарақшылардың харамдығын.
250 миллион халқы бар Америкада миллиардерлер саусақпен санарлық қана болса 16 миллионға жетер-жетпес халқы бар Қазақ мемлекетінің табаны күректей (Forbes газетінде жарияланғандары ғана) 8 миллиардері бар екен. Бұл ана Порфирий Ивановтың ілімін тұтынушы «сама себе познай» апамызды, сантехник «братишканы», 01-дің өзі мен немере-шөберелерін қоспағанда...
Ал қазақ халқының миллиардерлері кім екен? Олар: кәріс Владимир Ким, «кошелек» жебрей Александр Машкевич, өзбектер Шодиев, Ибрагимов, қазақтар Динара Назарбаева, Тимур Күлібаев, Нұржан Субханбердин, Булат Өтемуратовтар екен. Мына соңғы төртеуді қазақ халқының есесі «кетпегендігін» көрсету үшін ғана жария еткен болса керек. Ал енді осылардың қазақ халқының есебінен миллиардерлер болып отырғаны тек «қалмакеңнің» арқасында. Ал енді осы миллиардерлер түсінбейді емес, жақсы түсініп отыр, миллиардтарын сақтау үшін билікте өз адамдары болуы керектігін, сонысымен билікті жіті бақылап қана қоймай уысында ұстау керектігін. Сондықтан да олар өз кісілерін Назарбаевтың маңайына топтастырып, оған өз өкілеттіктерін өткізуге тырмысады. Тексіз ұры «қалмакең» оларды тыңдасын, тыңдамасын бәрібір қайткенде де маңайынан қаймығады. Осы жерде қане қайсыларың қазақ халқының мүддесін көріп отырсыңдар. Тіпті әбден шаттыққа бөленген кезінде Машкей айтты емес пе «Назарбаев тұрғанда жебрей халқы оның бар екенін мақтан тұтуы керек» деп. Ал көзі тоқтамай қалғанның соған орай мейірімі шуақтай төгіліп каторжник күйеу баласына айтқаны мынау: «Қазақ жақсылықты түсінбейді. Оны басқа ұлттардың өкілдерімен басып-жаншып отырсаң билігің мәңгі болады». Ал енді тексіздің осы сөзінен кейін қазаққа одан күтетін не қайыр, не үміт, не жақсылық қалды? Менің бұл жазып отырғаным мұз қабатының (айсберг) тек беткі қабаты ғана...
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 11:56
ЕР-Көкше мырзаға.
Жұрт тек өлеңдетіп жазу керек пе?Тек өлеңге сенсек,алысқа бармаспыз.Қоғамға пайдалы мамандықтар да керек.
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 12:00
Өзіңіз бірдеңе ұйымдастырыңызсайшы,біз ерейік.Не болмаса Мақсұт ағай сияқты биліктің құрсауына түскен азаматтарымызды құтқарудан бастайық.Мысалы Арон Атабекті бұл өмірден сызып тастадыңыздар ма?
|
ER-KOKSHE-ERСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675
|
 Сб Апр 19, 2008 12:16
Болеке, сенің де ана "Горный" адамға ұқсап бара жатырғаныңды түсінетін күнің туар. Соған орай айтатыным, менің сөздеріме қыстырылып "цепляться" ете бергенше сен мынаны айтшы, сен сол Әйгерім, Трудовик, Бақай, Шаңырақ ауылдарында бізбен бірге шырылдап, қазақтарға ара түсіп, полицияның жендеттерінен таяқ жеп көрдің бе?!
Аронды мен сыртынан емес жақсы білемін, осы ауылдарды бірге қорғап жүгірістік. Оның бар қатесіі маңайындағылардың ақылын тыңдамай өзін шексіз қаһарман етіп көрсетпекші болған көзсіздігі. Тіпті "Арон, мына тірлігіңді құптамаймын, сен көрпені өзіңе тарта бермей, мына көпшіліктің ғана қолынан келетін тірлікке барша қоғамдық ұйымдарды, тіпті оппозицияны, болмай бара жатса президенттің қызының "Асарын" да жұмылдырайық дегенімде не жауап қайтарғанын білгің келсе айтайын: "Шаңыраққа мен ғана қожайын, Шаңырақта жұмыстарың болмасын". Ал тап сол мент өртенетін күні ешкімге айтпастан Шаңыраққа түнде барыпты. Мен мысалы Шаңырақтың қиратылайын деп жатқанын таңғы сағат тоғызда ғана естідім сол жердің жергілікті тұрғындарының телефон соққанынан. Өкінішке орай жолда мені және тағы үш кісіні полицайлар ұстап алып, арнайы машиналарының ішінде бес сағаттай ұстады. Босана салысымен Шаңыраққа жетсек болары болып, бояуы сіңіп қалыпты. Мен бұны сен білсін деп жазып отырмын. Негізі сол уақыйғалар жөнінде жазғандарымды "Алтын ғасырдан" оқымаған болуың керек. Ал енді бізге не қыл дейсің, барып түрменің қақпасын қиратайық па? Өз басың қазаққа қандай қорғаныш бола алыпсың? Анадайдан қол бұлғап, дұғай сәлем жолдап, ананы неге бүйтпейсің, мынаны неге өйтпейсің дегенше өзіңнің қазақ халқына нақты нендей жақсылық істеп жатқаныңды айтсайшы.
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 12:19
Билік әлі мықты.Олардың мықтылығы-біздің осалдығымыз.Біздің осалдығымыз-жалпы халқымыздың ауызбіршілігіміздің жоқтығында.Ауыз біршілігіміздің жоқтығы-халқымыздың көпшілігінің саяси надандығы.Үлкен кір тасты келіп көтеруіміз үшін,әуелі бұлшық етімізге қарауымыз керек.Бұлшық етімізді шығару үшін,көп тер төгіп,дайындық керек.Сондықтан,бүгінгі басты міндет-халықтың сана-сезімін оятып,көзін ашу.Бұл тармақтағы он-онбес көзі ашық азаматтарымыз жеткіліксіз.
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 12:23
Мен құрығанда басталған іс-шараларға ққорықпай қосыламын.Мысалы,1979 жылғы Целиноград оқиғасын зерттеуге қосылып жатырмын.Нұрлан Әлімбековті құтқару шарасына қатысып жатырмын.Ал сіз?
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 12:28
Тағы да мысал айтайын.Мен класта бірге оқыған,паралель де бар 20 шақты ер балдардың ішінде саяси әңгіме қозғай алатын,ал бұның ішіне бәрі кіреді-жалғыз мен.Әңгіме қозғасаң,үрке қарайды не түсінбейді.Бұл жасы 44-ке келіп,пісіп-жетілген жас.Енді ойлана беріңіз,ғұмырларының соңына дейін оятып үлгереміз бе?
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 12:37
Ер-Еке шынымен де Атабекті құтқару шарасын ұйымдастырайқ дағы.Тем более сіз танитын болсаңыз.Білсін келесі батырларымыз,биліктің құрсауына түсіп қалып жатырса,артында сұраушылары бар екенін.
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 12:44
Горный туралы айтқаныңызға еш ренжімеймін сізге.Жұрттың бәрі сіздің айтқан,істеген іс-сөздеріңіздің бәрін дұрыс деу керек пе?Онда плюрализм болмайды ғой.Әлде тағы да шығасыз ба-Ақындар аққумен тең оларды атуға болмайды -деп.
|
ER-KOKSHE-ERСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 25.01.2008
комментов: 675
|
 Сб Апр 19, 2008 12:45
Боке, салғыласпай-ақ қоялық.
Мен ешкімге де "отчет" беруге міндетті емеспін.
Ал бірақ қол қусырып отыратындардан еместігім мені білетіндерге өте-мөте жақсы аян.
Елді, әсіресе қазақты ояту үшін қол қусырып отырмау керек. Түсінбесе түсіндіріп, миына шегелей беру керек. Мені тек тілін безеп отыр десең қатты қателесесің бауырым. Сен ең алдымен менің не жазғандарымды зерделеп ал құр бетіңмен далбасалай бергенше. Бұл менің саған ағалық ақылым. Қазақ, таза қанды қазақ үлкеннің айтқанына тоқтай білген... Ал бет алды салғыласа беруді қазакем көргенсіздік дейді екен. Өзіңіз не істеп қойыпсыз дегенге мен "ағымнан" жарылып мына жерге жарнама жапсырайын иә, керегі сол ма?
Онсыз да "ана жақтағы" үндеместер жиі-жиі көңілімді "сергіту" үшін соңыма от алып түсіп жатыр... Әсіресе былтырғы "Талабымыз" үшін... "Артыңызда кім тұр?" дейді екен баяғы "жылы ұшырап".
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 12:51
Ер-Еке саясатта үлкен-кіші болмау керек.Бәріміздің де халық үшін жұмыстанар хақымыз бар.Тек қатты ұрыспай,дөрекі сөздерсіз,парасатты,шегелеп айту керек.Мысалы Злой,Вхуз азаматтар сияқты.
|
you-ЖАНСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Сб Апр 19, 2008 14:29 ЦЕЛИНОГРАД ҚОЗҒАЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
қандай қорытынды шығарумыз керек? Әрине билік деумен ғана шектелмей, елдегі қалыптасқан құқықтық жүйеге, қоғамдағы жалпы құндылықтарға - баса назар аударсақ. Билік - ол сол қалыптасқан құқықтық жүйенің тетігі ғана. Билік тек қана шенеуніктер емес, ол - өте күрделі ел басқару жүйесі, күш.
Власть - деген келіңікіремейді. Ағылшынша POWER - яғни күш, құдырет дегенді білдіреді.
Олай болса қазақтың өз халқына, ұлттық мүдделерімізді қорғауға қабілетті БИЛІК жоқ.
Ол билік - Ресей империясынан қалған жүйе. Оны сындырмай болмайды. Орнына не керек.
1. Алдымен - биліктің көзі - бірден бір бұлағы ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІ екенін түсінуіміз абзал.
2. Құқық жүйесі, заңдар, ЗАГС, КНБ іс-қимылдары, ережелері - барлығы да осы қағидаттан шығуы тиіс.
3. ХАЛЫҚ деп отырғанымыз - ҚАЗАҚСТАНцы емес, ҚАЗАҚ - ҚАЗАҚ тағы да Қазақ. Алаш жұрты деп те айтуға тура келеді. Билік көзі - сол керей, үйсін, найман, тобықты - тіпті шапыраштыны да осы тізімге қосқан жөн. Әйтпесе кемсіту - дискриминация болады.
4. Сол күш-Құдырет яғни Билік - әлем тәжірибесіне сай бір бірінен тәуелсіз, бірақ 1 принципке бағынатын үш тармақтан тұрады: СОТ (қазылар-билер), Орындаушы-Атқарушы, Заң шығару.
Ол үшін де, әрбір тармаққа сайт сол салада қызмет ететіндер жұмысқа тұруда АНТ беруі тиіс:
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАМАЙ, ПРИЦИПТЕРДІ АТТАҒАНЫМ БАЙҚАЛСА, ЖАЗАҒА ТАРТЫЛУЫ ЗАҢДЫ ДЕП.
|
KamikadzeСвой человек
( ? )
зарегистрирован: 11.11.2007
комментов: 1025
|
 Сб Апр 19, 2008 18:13
Целиноград қозғалысы деп асықтынтыр ғой.
Ол болды ма жоқ па белгісіз.
Ертен ұят болып жүрмесін.
Қазақтар жоқ жерден батырлық тұғызды деп...
Біреудің мазағына қалмайық ағаин.
Камикадзе
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 18:50
 Комментарий удален модератором.
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 18:54
предлагаю перевести слово - полиция.....зансарбаздар! ...коши-кон зансарбаздары!
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 19:02
казак коши-кон зансарбаздар кеше ойынханада акша утып ушак сатыпалды!
<br> ...люди а как будет эмигрант по казахски? ..коши-конши ..коши-контер..коши-коншилер...
<br> гастарбайтер как?
<br>
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 20:13
 Комментарий удален модератором.
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 20:27
 Комментарий удален модератором.
|
|
| |