 |
 |
|
 |
|
 |
|
Қоғам және мемлекет қайраткері Ғазиз Алдамжаровпен сұхбат. [2/157]
Ақ сөйле..., 1 Июля 2009 17:33:24
Сенің бостандығың ел Президенті Назарбаевпен бірдей...
|
Қоғам және мемлекет қайраткері Ғазиз Алдамжаровпен сұхбат. [2/75]
Ақ сөйле..., 1 Июля 2009 16:19:18
Сенің бостандығың ел Президенті Назарбаевпен...
|
ГОСПОДА ИНВЕСТОРЫ [46/1476]
Ақ сөйле..., 18 Июня 2009 18:27:46
ГОСПОДАМ ИНВЕСТОРАМ
Предлагаем...
|
ПРЕЗИДЕНТУ НАЗАРБАЕВУ Н.А. [32/1467]
Ақ сөйле..., 17 Июня 2009 18:16:13
ПРЕЗИДЕНТУ НАЗАРБАЕВУ...
|
Қазақстан РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА [20/590]
Ақ сөйле..., 13 Июня 2009 23:19:57
«Ақпаратқа ие адам – әлемге ие адам» деген қанатты...
|
Қазақтың жерін су тегінге сатып алып жатқан инвестор мырзаларға!!!! [14/444]
Ақ сөйле..., 11 Июня 2009 12:53:11
Қазақтың ата-бабалары қалдырған қасиетті мұрасы –...
|
Жеріміз осылайша бекерден-бекерге кете бере ме?! [2/131]
Ақ сөйле..., 11 Июня 2009 12:15:39
Қазақтың жерін су тегінге сатып алып жатқан...
|
ПАРЛАМЕНТ ТАРАТЫЛСЫН!!!. [59/633]
Ақ сөйле..., 9 Июня 2009 09:23:10
ҚАЙ БІР КҮНІ ОСЫНДАҒЫ БІР АНОНИМШІКТІҢ,- ЖАС АЛАШ...
|
Шенеуніктер, ойланыңдар!!!. [5/355]
Ақ сөйле..., 2 Июня 2009 10:03:10
Қазіргі Қазақстандағы болып жатқан саясат самалы...
|
Шенеуніктер, ойланыңдар!!!. [0/115]
Ақ сөйле..., 2 Июня 2009 10:02:31
Қазіргі Қазақстандағы болып жатқан саясат самалы...
|
Қазақтардың қудалануы мен оған деген геноцид. [5/259]
Ақ сөйле..., 30 Мая 2009 23:38:53
Сб Май 30, 2009 12:56 Ертең - АЛАШТЫҢ азалы күні ...
|
ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ ЗОНА-КЗ сайтынан!!!!... [1/309]
Ақ сөйле..., 7 Апреля 2009 07:39:26
Қазақстан биігінде, Қазақстан билігінде халық,...
|
Алаш қозғалысының армандарын арттырып, "Желтоқсаншылардың" жанайқайын жолға қояйық!!!! [11/619]
Ақ сөйле..., 25 Января 2009 15:42:40
Кеше барлық обылыстардан келген...
|
БҮГІН Ю.М. МИЗИНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ..... [55/835]
Ақ сөйле..., 18 Января 2009 13:02:49
Әлемдегі жаңалықтарды, өзіміздің елдегі...
|
ҚАЗАҚТАР Қазақстаннан кетіп жатыр.... [22/918]
Ақ сөйле..., 15 Января 2009 11:37:28
Халық үні атты, Республикалық қоғамдық-саяси...
|
Жұт жақындап қалды ма, қазақтарға?.... [9/658]
Ақ сөйле..., 12 Января 2009 17:46:27
CARAVAN.KZ . Олег ГУБАЙДУЛИН в материале “ Степной...
|
Енді ұлтыңды алақан жайылған бес мың теңгелік құжаттан таппайсың!. [28/844]
Ақ сөйле..., 9 Января 2009 23:40:51
2009 жылдан бастап, ҚР жаңа биометриялық құжат...
|
Мәссаған болмаса, міне "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ!.... [27/982]
Ақ сөйле..., 8 Января 2009 23:19:35
Қазақстанның электронды паспортқа көше...
|
"Жаңа Қазағым", есіңде болсын!... [3/695]
Ақ сөйле..., 2 Января 2009 13:02:43
Ия қыс өзінің қаһарын қазірше төгіп отырған жоқ.....
|
"Тышқан" жылы тек қана сотқа сүйрелеу жылы болды емес пе?.. [4/617]
Ақ сөйле..., 30 Декабря 2008 19:44:22
Тышқан, яғни 2008жыл Қазақстанда тек қудалау мен...
|
|
|
 |
Мәссаған болмаса, міне "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ!....
[982/27]
Қазақстанның электронды паспортқа көше бастауы ұлт атының өше бастауы ма?
Халыққа қызмет көрсету орталығы. Алматы, 8 қаңтар, 2009 жыл.
08.01.2009
Мәншүк АСАУТАЙ
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жаңа биометриялық төлқұжат күшіне енді. Мамандар Қазақстан бұл жаңашылдықты ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып енгізіп отыр дегенді алға тартса, кейбір қоғам қайраткерлері бұл қазақ ұлтын жоюға апаратын процесс деген ой айтады.
Бұдан былай шетелдерге шығатын азаматтардың қалтасында электронды паспорт болуы қажет. Үстіміздегі жылдан бастап күшіне енген жаңа биометриялық төлқұжаттың ерекшелігі – оған орнатылған миркочипте. 64 килобайттық электрондық қондырғы иесі туралы толық ақпар беретін болады.
Алматы қаласының Алмалы аудандық Әділет департаментінің бастығы Күлбибі Мұсаеваның айтуынша, құжаттың бұл түрі әлемдегі көптеген мемлекеттерде енгізілген.
- Бүгінде осындай құжатты қолдану турасында АҚШ, Австрия, Австралия, Ұлыбритания және Германия сынды мемлекеттер шешім қабылдады. Біздің де мемелекет 2008 жылы 24 желтоқсанында арнайы қаулы шығарылып, 2009 жылдың 5 қаңтарынан бастап біз оны ауыстыруға көштік.
Халықаралық нормаларға сай келетінін Еуропаның тәуелсіз зертханаларында дәлелдеген электронды биометриялық қазақстандық төлқұжат арнайы сертификатқа ие болды. Мамандардың сөзіне қарағанда, төлқұжатты қолдан жасау мүмкін емес. Оның чипінде Қазақстан азаматының өмірбаяндық мәліметі мен сандық суреті енгізіледі. Құжат берген органның сандық қолтаңбасы түрлі бөгде әрекеттерден берік қорғамақ. Лазерлік әдіспен бедерленген суретті өнеркәсіп жағдайында жасау мүмкін емес. Сонымен қатар басқа да қауіпсіздік шаралары қарастырылған дейді Күлбибі Мұсаева.
-Азаматтың фотосы желіммен жапсырылмайды, лазерлік әдіспен енгізіледі, сондықтан мұндай құжатты қолдан жасау мүмкін емес. Сонымен бірге құжаттың транспорттық коды болды. Құжатты жоғалтқан жағдайда иесі дер уақытта хабарласа, оның бойындағы мағлұматтар оқылмайтын болады.
Мамандар аталмыш төлқұжаттың енгізілуін, жуық арада алыс - жақын шет елдерге осындай құжатсыз бара алмайтындықпен түсіндіреді. Өткені 2009 жылдың жазында көптеген мелекеттерге өзінің иесі туралы биометриялық деректерді ұстайтын арнайы чипі бар құжатсыз кіру мүмкін болмай қалады екен.
Алайда ақын Мұхтар Шахановтың пайымдауынша, бұл құжаттарды енгізу үлкен қателік.
- Билік бізді Қазақстандық ұлтқа енгізіп жіберді. Қазақстандық ұлт өз бастауын американдық ұлттан алады. Кезінде Америкаға Англиядан, Франциядан, Канада сынды басқа да елдерден барған басқыншылар американдық ұлтты қалыптастырды. Яғни, барлығы бір тілде сөйлеп, бір ұлт болып есептелінген. Енді біздің басшылардың ойынша сол дұрыс. Біздің билік екі елге бірдей ұнамақшы, бірі олардың бастамасын алып Америкаға ұнаса, екіншісі Ресейге ұнаймыз, Себебі біз бәріміз орыс боламыз.
Сонымен қатар ол бұл қазақ ұлтын жоятын процестің басы деген пікірде.
- Мына барлығымызға берілетін жаңа төлқұжатта ұлтын көрсететін баған болмайды. Сондықтан, енді бәріміз бір ұлт боламыз. Менің ойымша, бұл тұгелдей қазақ ұлтын жоюға алып баратын процесс. Дегенмен де Әділет департаментінің мамандары алғашқы бетте азаматтың ұлты көрсетілмегенімен, чипте көрсетіледі дегенді айтып отыр.
Халыққа қызмет көрсету орталығында қашан да кезек. Алматы, 8 қаңтар, 2009ж.
Жаңа биометриялық төлқұжатты беру 5 қантардан басталды. Осы күнге дейін қала бойынша 100-ге шақты азамат электронды төлқұжатқа тапсырыс берген. Айта кету керек, жаңа төқұжатты кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына алуға болады. Төлқұжат құны 5092 теңге. Қазақстан бұл жаңашылдықты ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып енгізген екен. Алматы қаласының Алмалы аудандық Әділет департаментінің бастығы Күлбибі Мұсаеваның айытуынша, жаңа төлқұжаттың тиімді жақтары аз емес.
- Бұл құжатпен шекараны жеңіл кесіп өтуге, паспорттық бақылаудың уақытын қасқартуға, жүктерін алуды тездетуге болады. Сонымен бірге, биометриялық төлқұжаттың енгізілуі консулдық қызметке де тиімді. Осындағы бар мәлімет арқылы кез келген азамат керекті визасын тезарада ала алады.
Айта кету керек, қолдарында шетелдік паспорттары бар кез келген Қазақстан азаматы, құжатының мерзімі өтпеген болса, оны биометриялық паспортқа міндетті түрде ауыстыруы қажет емес. Тек ескі паспорттардың мерзімі біткен кезде ғана ауыстыруға болады. Ал жаңа паспорттардың жарамды уақыты 10 жыл. Бұған қоса мамандар болашақта осы төлқұжаттарға адам саусағының ізі мен көз шатыршасының қабығы да енгізілетінін айтады.
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Чт Янв 08, 2009 23:36
Қазақ деген ұлтымды көрсететін мағлұмат чиптің ішінде тұрса, сол маған жарайды. Тап сол чиптің ішінде көрсетілмесе де ренжімес едім, былай айтқанда. Өйткені өз ұлтымды өз басым ешқашанда ұмытпаспын. Әулетіммықты, діні, тілі, намысы....
Одақ кезінде жебірейлер төлқұжатында орыс деп көрсетіп тұрып та жебірей екенін ұмытқан жоқ. Керісінше, небір ғылым саласында небір жетістіктерге жетті. Бәрібір олар қазір де мықты.
Бар мәселе, адам факторында. Тәрбиеде!
|
Арыс
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
|
 Чт Янв 08, 2009 23:48
Жәй ғана, сіз қашан бұл биліктің сөзінің расқа шыққанын көріп едіңіз?...
Біріншіден ол чипте ешқандай ұлт жазылмайды да!!!!....
Ал адам факторына келер болсақ, сізге әлден бәрі бір болар болса, онда менің ата-тегім болған еді деп, бұдан былай тыраштанбай-ақ қой, себебі сіз сияқты келешегіне немқұрайлы қараған адамға, өткен ата-бабасының да қажеті жоқ!!!, әне сізге менің берер "тәрбием"!!!!!
|
Мәмбет
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 918
|
 Пт Янв 09, 2009 00:06 Бүйтіп Ақ сөйлегенің бар босын...
Жәй ғанамен келісемін.Ал сен,Ареке,тақтайшаға ұлтыңды жазып мойныңа іліп алсаң да қарсы емеспін.
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 00:07
Әлсіз адам не болса содан қорқақ болады. Білімі мықты, діні мықты, тәні таза, денесі шыныққан адам еш дауылдан қорықпайды. Бұндай кемеге ешбір теңіздің асау толқындары қауіп емес. Әңгіме осында. Біліміңізді арттыра беріңіз, көп нәрсеге осы жерлерден үйренуге болады.
Мен қазір мысалы, ағылшын тілін барынша үйреніп жатырмын. Өзіңізге белгілі, үш тұғырлы тілді елімізде қалыптастыруға өз үлесімді қосқым келеді. Аздап білетін едім бұрынырақта, ол маған аз болып тұр. Оны мен шетелдерге барғанда байқадым, меңіреу, мылқау болып шыға келдім.
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 00:59
Кеңестік еврейлерді еврей еді деуге мүлде болмайды. Олар аса білімді, дарынды дүбаралар. Олар орысқа да жатпайды, еврейге де жатпайды. Орысқа жатпайтыны оларды орыстар пайдалуды ғана ойламаса, оларға еш уақытта орысқа сенгендей сене қоймаған және әлі де сене қоймас. Ал олардың еврейге жатпайтыны олардың жалпы көпшілігі ана тілінен мақұрым және оны сақтауға да ұмтылмаған. Сонымен қатар олар өз діндерінен безіп, біреулері христиандықты қабылдап, біреулері дінсіздікке кірген. Еврейдің осындай жағы қазаққа үлгі болып жарытпас.
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 01:01
Кеңестік еврейлерді еврей еді деуге мүлде болмайды. Олар аса білімді, дарынды дүбаралар. Олар орысқа да жатпайды, еврейге де жатпайды. Орысқа жатпайтыны оларды орыстар пайдалануды ғана ойламаса, оларға еш уақытта орысқа сенгендей сене қоймаған және әлі де сене қоймас. Ал олардың еврейге жатпайтыны олардың жалпы көпшілігі ана тілінен мақұрым және оны сақтауға да ұмтылмаған. Сонымен қатар олар өз діндерінен безіп, біреулері христиандықты қабылдап, біреулері дінсіздікке кірген. Еврейдің осындай жағы қазаққа үлгі болып жарытпас.
|
Максут ОРАЗАЙ
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 24.11.2006
комментов: 1054
|
 Пт Янв 09, 2009 01:16
Билік, үкімет жаңа төлқұжат енгізсе, елдің қолынан оған көнгеннен басқа ештеңе келмейді.
Менің қазақтарға осы жерде айтқым келетіні бір-ақ нәрсе - ол орысша фамилиядан арылу (-ов-тан құтылу). Ол заңға қайшы емес: президенттің жарлығы бар.
Жаңа құжат аларда барлығымыз Пәленшеұлы, Түгеншеқызы болайық. Шал болғанша әкеңнің ұлы боласын, кемпір болғанша әкеңнің қызы боласын.
Мұндайға тек қазақтар бара алады, барсын да.
Басқалар бұрынғыша қала берсін, оларға зорлық жоқ.
|
Арыс
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
|
 Пт Янв 09, 2009 02:52
«Аса құрметті» Мәке, сен өзің де байқап жүрсің мен өзімнің ата-бабамның нағыз қазақ екендігін мақтана тұтып, өзімнің қасық қаным қалғанынша сол бұрынғы кеткен ата-баба рухы үшін, әруағы үшін күресемін!!!... Мейлі мені осы сөздеріме бола құдай алса да, сол құдайдың былайы болып жүрген мына сатқын билік алса да, разымын!!!!!... алайда сол аталар әруағын аяққа таптауға жақын қалып жүрген сені мен мына алдын, ертеңгі келер ұрпағын ойламай жүрген Жәй ғана екеуіңнен сол менің жанымды аларлардан құдайым сақтасын, себебі ертеңгі келер мәңгүрт ұрпақ та бір, сендер де бір болып отырсыңдар....
сол келер ұрпақ үшін, оларға айтар әңгіме айту үшін де ертеңдері «ақсақалдар» керек болар!!! әттең мына билік ауысқан күні, сол биліктің орнына келер сәл де ұлтжандылығы барлардың артына осы екеуің барып, сол сағаттан бастап басқаша сайраған күнді көріп кетсем, разы болар едім....
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 06:13 2 passport - sheteldik + Kazakhstan azamiti ...????
қолдарында шетелдік паспорттары бар кез келген Қазақстан азаматы, құжатының мерзімі өтпеген болса, оны биометриялық паспортқа міндетті түрде ауыстыруы қажет емес. Тек ескі паспорттардың мерзімі біткен кезде ғана ауыстыруға болады
__________________________________________ ________________________________________
Kazakhstanda 2 passport yagni 2 Eldin Azamati Boluga Rukhsat Bar ma....? Ol Dyris EMES....?!
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 09:46 Ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғыртайық !!!
Ау, қазақтарым ай, ылғи кінәліні іздеп еңірегенді, боздағанды, сыңсығанды, шырылдағанды, бет жыртысып ырылдасқанды қашан қоямыз???
БІЗ ЕҢІРЕП,БОЗДАП,СЫҢСЫП,ШЫРЫЛДАП,БЕТ ЖЫРТЫСЫП ЫРЫЛДАСЫП жүргенімізде
оу бастан идеясы дұрыс болған "Қазақстан халқы Ассамблеясы",
Дара, Ер көкше,, Арыс, Мәмбет, т.с. сияқты көптеген ұлттық ойлау қабілеті жоғары жігіттер өз этномәдени орталықтармен ассамблеяға кірмегендіктен, еврей диаспорасынан үлгі алған еті тірі пысық барша диаспора өкілдерінің арқасында аталмыш ұйым
"Қазақстан диаспораларының Ассамблеясына" айналып үлгерді.
... сондықтан басқаны қойып, ең болмаса өз Еліміздегі диаспоралардан үлгі алайықшы!!!
Бұлардың бар тіршілігі көз алдымызда өтіп жатыр емес пе?
Қазақстан азаматы ретінде құқықтары Конституциямыз бойынша бізбен бірдей болғанына қарамастан, 33 мың еврей диаспорасы мыңдаған қоғамдық ұйымдары мен жүздеген этномәдени орталықтары арқылы өз мүдделерін қорғап қана қоймай , диаспораларды Қазақстан халқы Ассамблеясына біріктіру арқылы ерекше құқықтарға қолдары жетіп отыр. Күшейгені соншалық "...бейбіт кезде де, соғыс жағдайында да Израиль мемлекетін қолдаймыз" деп ашық жазып отыр (ЕАЕК сайтын қараңыз, еліміздің әр аудан орталықтарына дейін үштен, төрттен ұйымдар құрып жетекшілерінің суреті, аты жөні, байланыс құралдарына шейін жазып іліп қойған)
... 200 мыңнан сәл асатын ұйғыр диаспорасынан да үйренеріміз көп, оларда еврей диаспорасынан үлгі алып, олардың іс әрекетін айна қатесіз көшіріп, мыңдаған бейресми Шығыс Түркістан үлгісіндегі "мәшраптары" на қоса, жүздеген ресми тіркелген қоғамдық ұйымдары мен этномәдени орталықтарын барлық облыстарда құрып жатыр...
... басқа да диаспоралардың ерен еңбектері мен тірліктеріне "сүйсініп", қызғанышпен қарайсың.
Шіркін ай, ұлттық ойлау қабілеті өз деңгейінде емес кейбір шенеуніктерді осы диаспоралардың этномәдени орталықтарына "стажировкаға" жіберетін Жарлық шықса ғой, олардың іс тәжірибесін үйреніп келген жігіттер унитарлы Қазақ мемлекетін бір айда ақ аяғына тұрғызар еді ау...
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 09:49 Ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғыртайық !!!
Ау, қазақтарым ай, ылғи кінәліні іздеп еңірегенді, боздағанды, сыңсығанды, шырылдағанды, бет жыртысып ырылдасқанды қашан қоямыз???
БІЗ ЕҢІРЕП,БОЗДАП,СЫҢСЫП,ШЫРЫЛДАП,БЕТ ЖЫРТЫСЫП ЫРЫЛДАСЫП жүргенімізде
оу бастан идеясы дұрыс болған "Қазақстан халқы Ассамблеясы",
Дара, Ер көкше,, Арыс, Мәмбет, т.с. сияқты көптеген ұлттық ойлау қабілеті жоғары жігіттер өз этномәдени орталықтармен ассамблеяға кірмегендіктен, еврей диаспорасынан үлгі алған еті тірі пысық барша диаспора өкілдерінің арқасында аталмыш ұйым
"Қазақстан диаспораларының Ассамблеясына" айналып үлгерді.
... сондықтан басқаны қойып, ең болмаса өз Еліміздегі диаспоралардан үлгі алайықшы!!!
Бұлардың бар тіршілігі көз алдымызда өтіп жатыр емес пе?
Қазақстан азаматы ретінде құқықтары Конституциямыз бойынша бізбен бірдей болғанына қарамастан, 33 мың еврей диаспорасы мыңдаған қоғамдық ұйымдары мен жүздеген этномәдени орталықтары арқылы өз мүдделерін қорғап қана қоймай , диаспораларды Қазақстан халқы Ассамблеясына біріктіру арқылы ерекше құқықтарға қолдары жетіп отыр. Күшейгені соншалық "...бейбіт кезде де, соғыс жағдайында да Израиль мемлекетін қолдаймыз" деп ашық жазып отыр (ЕАЕК сайтын қараңыз, еліміздің әр аудан орталықтарына дейін үштен, төрттен ұйымдар құрып жетекшілерінің суреті, аты жөні, байланыс құралдарына шейін жазып іліп қойған)
... 200 мыңнан сәл асатын ұйғыр диаспорасынан да үйренеріміз көп, оларда еврей диаспорасынан үлгі алып, олардың іс әрекетін айна қатесіз көшіріп, мыңдаған бейресми Шығыс Түркістан үлгісіндегі "мәшраптары" на қоса, жүздеген ресми тіркелген қоғамдық ұйымдары мен этномәдени орталықтарын барлық облыстарда құрып жатыр...
... басқа да диаспоралардың ерен еңбектері мен тірліктеріне "сүйсініп", қызғанышпен қарайсың.
Шіркін ай, ұлттық ойлау қабілеті өз деңгейінде емес кейбір шенеуніктерді осы диаспоралардың этномәдени орталықтарына "стажировкаға" жіберетін Жарлық шықса ғой, олардың іс тәжірибесін үйреніп келген жігіттер унитарлы Қазақ мемлекетін бір айда ақ аяғына тұрғызар еді ау...
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 11:46 Нағашыбайдан
Жәй ғана деп аталатын азаматқа. Егер сіз ағылшын тілін барынша үйреніп жатырған болсаңыз "АЗАМАТТЫҒЫ" деген сөздің ағылшыншасын айтып беріңізші. Ең сорақысы: бұл сөзді үкіметтегілер "NATIONALITY" деп аударып қойыпты. Үкіметтің қаулысындағы тағы да басқа сорақылықтар туралы келесі жұма күні, яғни 16.01.2009-да "Таным" пікірсайыс клубында айтылады. Сол жерге келіңіз, айтысайық. Сәлеммен, Нағашыбай Есмурзаев.
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 12:04 Нағашыбайға
Таным клубына шақырғаныңызға көп рахмет! Бұрындары бұл клубты естіген сықылдымын. Тек, шақырмас бұрын айтып жіберсеңіз, немен айналысатынын бұл клубтың. Бағдарламасы, ұстанған саясаты керек. Ұнаса, көңіліме қонса міндетті барамын.
Ал сұрағыңызға келсек, NATIONALITY" деген сөз ұлт, ұлтым дегенді білдіреді. Азаматтығы- citizenship. Азаматы - citizen.
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 12:30 Нағашыбайдан
"Таным" - пікірсайыс клубы болып табылады. Екі жұмада бір рет пікір алмасулар өтіп тұрады. Бұл жерде Қазақ қоғамында болып жатырған өзекті оқиғалар туралы еліміздің ертеңіне алаңдаушылықпен қарайтын азаматтардың арасында пікір бөлісу болады. Тақырыптары да әр алуан. Келесі отырысымыз осы тақырыпқа арналады. Келіңіз - өкінбейсіз. Мекен-жайы: Пушкин көшесі мен Шевченко көшесінің қиылысы. Үйінің нөмірін ұмытып қалып тұрғаным. Қысқасы осы қиылыстың оңтүстік-шығыс жағындағы бұрышта тұрған үй. Кірер есік Пушкин көшесі жағында. Тел: 291- 52- 19
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 12:41 Нағашыбай азаматқа
Рахмет! Жауабыңызға. Жазып алдым тұрағын.мүмкін болса барамын. Менің енді бір айтайын дегенім, осындағы Арыс, Желтоқсан сықылды азаматтарды неге шақырмайсыз. Неге маған тоқталдыңыз? себебі? Неге әсіресе Мәмбет мырзаны шақырмайсыз. Ойлары дұрыс, жетік. Біздердің пікірлеріміз ұқсас.
|
Арыс
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
|
 Пт Янв 09, 2009 12:47 Нәкеңе!!!
Нәке, қалайсыз?... Көп болып кетіпті сіздің жазбаларыңызды оқымағаныма.....
Әрине «Таным» пікірсайыс клубына баратыныңызды, онда бос отырмай, өзіңіздің
Халқыңыз үшін, оның болашағы үшін керілдесіп, тура сөзіңізді де айтатыныңызды білемін!!... Алайда сол сайыстан шыққаннан кейін осында келіп қандай пікірсайыстың
болғанын, жөн сөздерді оқтын-оқтын беріп тұрар болсаңыз, сізді құрметтеу үстіне құрметтей түсер едім!!!..............
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 12:55 Нағашыбайдан
Айтарым бар дейтін азаматтардың бәріне есік ашық. Біреуді кемсітейінші деген, біреумен бас араздығы бар адамдар пікірсайыстың мәдениетті түрде өтенінін көріп, өздері-ақ кетіп қалады. Айтпақшы, уақыты 14-30. Ешкімді бөліп-жарып жатырған жоқпын, бәріңіз де келіңіздер. Е. Ертісбаев пен үкіметтен біреулер келсе өте жақсы болар еді. Арыс деген АРЫСТАЙ азаматпен жаңа ғана хабарластым. Шымкенттен Алматыға жету қиындау болып тұр екен ол кісіге.
|
Арыс
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
|
 Пт Янв 09, 2009 13:20
Құжаттан өз ұлтыңды көрмегенің,
Ойлансай, ей қазағым жерге кірдің,
Осылай кеткенің бе, батпақ асты?,
Мың бірмен, қайта тұрмас сен өлгенің!!!
Құжатың жүрер асты, жүрек тұсы,
Қазақты құртты келіп, мына кісі,
«Қазақстандық» жабайы жабы сөзбен,
«Мақтанғандай» боласың, үлкен-кіші!!!
О баба, әруақтар атың өшті,
Кім сүйрер сені алға, үлкен көшті?,
Қалдың сен құм астында мәңгілікке,
Шама жоқ, қайрат қылар, олар күшті!!!
Күші сол тауысарды қазағымды,
Шетінен беріп жатыр азабын да,
Қайтеді тегіс құртып бітер ме екен?,
Өз сөзін тура айтқан, қазағыңды?!!!!
|
Мәмбет
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 918
|
 Пт Янв 09, 2009 15:19
Ау,Ареке!
Неге сонша уайымдап отырсың?Жазбаса жазбай-ақ қойсын!
Сені евреймен ешкім шатастырып алмайды.Ондайлар табылса да сенің бір-екі ауыз сөзіңді естігеннен кейін-ақ қазақ екеніңді біліп қояды.Жасыра алмайсың да...
Құдай жазып қойды емес пе шекеңе бадырайтып!
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 16:47
Қамдан қазақ!
Дауыл тұруға аз қалды!
Тілімді алды - үндемедім.
Дінімді алды - үндемедім.
Ділімді алды - үндемедім.
Жерімді алды - үндемедім.
Жанымды алды - тырп етпедім...
Енді міне, ұлтымды - қазақ деген атымды жоюға келді - үндемей отыра алмадым!
Ер Көкше
|
Арыс
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
|
 Пт Янв 09, 2009 17:55
Қамдан қазақ!
Дауыл тұруға аз қалды!
Тілімді алды - үндемедім.
Дінімді алды - үндемедім.
Ділімді алды - үндемедім.
Жерімді алды - үндемедім.
Жанымды алды - тырп етпедім...
Енді міне, ұлтымды - қазақ деген атымды жоюға келді - үндемей отыра алмадым!
Ер Көкше
Шаң шығады боран ба әлде,
дауыл ма, мен білмедім,
Мына жүйе тұрғанда күнде өлім,
Оның рас ей пенде, тілің кеткен,
Дін мен тілден айырылдың, ол да өлім,
Ал жеріңді сатқанда бар қазағым,
Асханада өзіңше күңкілдедің,
Осы жерді айтқанда сан қаншама,
Жиналысқа, жиынға бір келмедің,
Бәрін алып болды да қолын салды,
Ұлтқа тиді, жоқ қылу армандары,
Осы кезде ойландың бауырларым,
Әттең, әттең бәрі де кеш боп қалды,
Әй қазағым, кеш қалдың-ау кеш қалдың,
Енді сен де күресінге тасталдың,
Сен де бірсің, ұйғыр бір, шүршітің бір,
Қайта оларда намыс бар аз да болса,
Мына біздер болып шықтық бос қарын.....
|
Арыс
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
|
 Пт Янв 09, 2009 18:12
Жәй ғана, қатты кетсем әуелі құдай кешірсін, содан кейін өзің де кешір!!!.....
Сенің мына өтірігің Желтоқсанға «қатысқан» Мәмбеттің өтірігімен бірдей келіп отыр!!!
Міне сендер осындай өтіріктеріңмен билікке ұқсап, олар халықты алдаса, сендер осындағы оқырмандарды алдап отырсыңдар!!!!.... Жері үшін, тілі үшін, діні үшін, қазақ деген ұлты көрсетілмеген құжат үшін жаны күймейтін мына сен сияқты, Мәмбет сияқтылар айдаладағы бір қыз үшін ара түспейді!!!!.....Құжат туралы.... Сені қазақ екендігің белгілі емес пе??... Несіне күйінесіңдер дейсіңдер?.... Онда сен осы бастан балаңдағы фамилияны алып таста да, «Қазақстандық» деп жаза салғын, ешқандай айыбы жоқ, онсыз да сенің балаң екендігі белгілі емес пе??... Немесе қызыңды әдейілеп тұрып шүршітке ұзат, ешқандай айыбы жоқ, бірібір «Қазақстандық»...... Немесе керісінше, әлгі өзің «жақсы көретін» еврейдеп әпер, келініңнің фамилиясы тұра береді де, немереңнің фамилиясы кәдімгі ортақ фамилия болып шығады..... Неткен жарасымды....
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 18:48
Жәй ғана, қатты кетсем әуелі құдай кешірсін, содан кейін өзің де кешір!!!.....
Сенің мына өтірігің Желтоқсанға «қатысқан» Мәмбеттің өтірігімен бірдей келіп отыр!!!
__________________________________
Арыеке! Қайдағы өтірікті айтып тұрсыз? Саусыз ба? Жазғаныңызды қайтадан оқып шығыңыз. Мен дым түсінбедім. Не болды соншама, жау шауып жатыр ма?
|
Арыс
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
|
 Пт Янв 09, 2009 23:08
11
Жәй ғана
Аноним Пт Янв 09, 2009 18:56
Жәй ғана, қатты кетсем әуелі құдай кешірсін, содан кейін өзің де кешір!!!.....
Сенің мына өтірігің Желтоқсанға «қатысқан» Мәмбеттің өтірігімен бірдей келіп отыр!!!
------------------------------------------ -----------
Ә- ә. Енді түсіндім. Ана тармақка да осылай жазыпсыз. Соған жауап бергенмін. Сіз неге өзгеге сенбейсіз. Өйткені, өзіңіздің жүрегіңіз жоқ. Мен неге өтірік айтамын, танымайтын бөтен адамдардың алдында. Маған не пайда?
Осы жерде өтірік айтсам, АЛЛАНЫҢ қаһары күтсін мені! Енді сенбей қараңыз.
|
|
|
 Пт Янв 09, 2009 23:34
егер бізді қазақстандық ұлт деп атаса,қазақстан халқы ассамблеяся не деген ұйым,онын не керегі бар,бұл бір.
соссын біздегі орыс ұлтты жазбағанға қатты қарсылық көрсетпеуі,оларда ресей деген ел,онда орыс даген халық,кез келген уақытты сонда көшіп,сенін қазақстандық ұлт дегенін тастай алады,бұл өзбекке де ,басқа да ұлттарға да жағады,қазақстанда қазақ саны,сапасы өсіп келеді,оны қазақстан деген қойртпаққа қосса ,біртіндеп жойылады,басқаларды шетелде өз мемлекеті негізгі ұлты тұрады.
ұтылатын қазақ,себебі қазақстанда қазақ деген ұлт қазақстан деген ге айналса,қазақты дүниеге танытатын бас қа мемлеект0,,немесе ел жоқ.ратымызда шегінер жер де ,уақытта азайды.
|
|
|
 Сб Янв 10, 2009 12:08 ШЕГІНЕРГЕ ЖОЛ ЖОҚ!!!
ШЕГІНЕРГЕ ЖОЛ ЖОҚ, АРТЫМДА – АЖАЛ!
– Өткен көне дәуірде жаһанды тітіренткен С а қ едім.
– Алаш жұртынан А қ а р ы с, Б е к а р ы с, Ж а н а р ы с болып тамыр жайдым – өркендеп өстім.
– Ат үстінен түспедім, бел шешпедім – Ұлан-байтақ даламды, қазақ деген елімді жауымнан қорғап, көк найзаның ұшымен, білектің күшімен жеріме жатты ж у ы т п а д ы м – бір шөкім топырағын да б ұ й р т п а д ы м.
– Ата жауым құба қалмаққа жерімнің түгін таптатқызбадым – ат құйрығына байлап, ел шетінен қудым – бір сүйемін де бермедім.
– Ресейдің отарлауына ұшырап, зымиян саясатынан есеңгіресем де – есімнен айрылмадым – орыс болып кетпедім. 300 жыл тізесінің астында езілсем де – е з б о л м а д ы м.
– 70 жыл қызыл айдаһардың боданында, темір торлы құрсауында болып, қазағымның жартысын жалмаған аштықты, зорлық-зомбылықты, қуғын-сүргінді басымнан өткеріп, толарсақтан қан кешіп жүрсем де – қазақы болмысымды жоғалтпадым – тілімнен, дінімнен, ділімнен а й р ы л м а д ы м.
Ал, енді, егемендік дегенді естігелі бері, мен бар-жоғымнан айрылдым:
– Қазақ мемлекеті деп аталмай – Қазақстан Республикасы болдым.
– Жекешелендіру деген нәубаты шығып, тырдай жалаңаш қалдым – мал-мүлкімнен, өндіріс орындарымнан, совхоз-колхоздарымнан, жердің белін қайыстырған малымнан, бала-бақшаларымнан, мектептерімнен, ауруханаларымнан а й р ы л д ы м.
– Жер асты қазба-байлығым ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті – ата-бабамнан мұраға қалған өз байлығыма ие бола алмай, қайыршының к е б і н к и д і м.
– Тілімнен айрылдым – ү н д е м е д і м.
– Ділімнен айрылдым – ш ы д а д ы м.
– Дінімді қырық саққа жүгіртіп, санамды Ібілістің іліміне аздырып – итке де, битке де табындырып қойды – т ұ н ы ғ ы м д ы лайлады – к ө н д і м.
– Жер-Анамды саудаға салып – жерімнен айырды – оған да, амалым қалмады – ш ы д а д ы м.
Ал, енді келіп, менің Ұлы ұлтымның Қазақ деген атын жойып, менің тегімді жоққа шығарып – Казахстанец – Қазақстандық деген құбыжық айдарын тағып берді – бұған қ а л а й ш ы д а р м ы н?!
Мың бірінші рет өлер болсам – т і р і қалуым мүмкін болмай қалды!
ҚАЗАҚ
|
|
|
 Пт Июн 12, 2009 17:00
Жәй ғана мен Мәмбет дұрысын айтып отыр.Кешіріңіз, көпшілігіңіз көлеңкелеріңмен күресіп жүргендей әсер қалдырдыңдар.
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 735604
Всего зарегистрированных пользователей: 16021
Последний зарегистрированный пользователь: desavu
|
Сейчас посетителей на сайте: 63, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 63 Зарегистрированные пользователи: Нет
|
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (7510) Wladimir (6666) kazak (6488) ангел (4829) Йода (4360) Я (3772) Евгений Нечаев (3722) Newman (3684) Салафи (3527) apo (3475)
|
|
|