 |
 |
|
 |
|
 |
|
ДОДА [40/428]
Ақ сөйле......, 9 august 2010 08:56:49
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! Қоғамға қажеті...
|
ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ БАСЫНА БҰЛТ ҮЙІРІЛУДЕ... [25/335]
Ақ сөйле......, 8 august 2010 13:00:36
Қазір халықтың жанына батып отырғаны –барлық...
|
Дода [80/623]
Ақ сөйле......, 6 august 2010 11:06:38
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!
|
Дода [40/417]
Ақ сөйле......, 30 july 2010 21:33:29
Пікірталасқа келіңіздер!
Бас кеспек болса да, тіл...
|
Дода [7/266]
Ақ сөйле......, 27 july 2010 08:49:19
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
|
Қазақстанға Ресеймен одақтас болу бақ па, сор ма? [16/251]
Ақ сөйле......, 13 july 2010 17:29:28
Егесіз болса, Ел жетім! «Шолақ белсенділерді»...
|
«Ұрылар көшбасшысы» болғаннан, «Ұлт көшбасшысы» болғаны дұрыс еді, бірақ қандай ұлттың? [1/296]
Ақ сөйле......, 19 june 2010 17:38:49
Биылғы мамыражай мамыр айыда сонау биікте отырған...
|
Нұрсұлтан-ау мұның не? [8/669]
Ақ сөйле......, 16 june 2010 10:19:14
Анау «артжалағыш» депутаттар айтты деп, «Ұлт...
|
«Отанды құтқару» ұлттық майданының қазақ халқына ҮНДЕУI [28/433]
Ақ сөйле......, 10 june 2010 09:19:24
Уа, халайық! Соңғы үш ғасыр бойына Ресей боданында...
|
Вставай, страна огромная... [40/930]
Ақ сөйле......, 4 june 2010 04:13:16
Народ поднял голову. Власть подняла дубинку То чего...
|
Бұл-көшеге шықпай, бүгін-ертеңдері біте қоятын іс емес. Олар мына біздермен, халықпен санаспайтынына көз жететін кез келді. [3/422]
Ақ сөйле......, 15 may 2010 11:35:26
Саяси оппозициялық партиялар мен белсенділер...
|
Н. Назарбаев, К. Мәсімов және солардың айналасындағы шенеуіктер егер Аштық жариялаушылардың талабы орындалмайтын болса, бәрің де сол отырған орындарыңды босатыңдар! [14/680]
Ақ сөйле......, 11 may 2010 12:14:59
Міне Мамырдың басынан бастап Алматыда Жасарал...
|
Дода [200/1226]
Ақ сөйле......, 9 may 2010 13:32:40
Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ!
Сырттың...
|
Дода [13/498]
Ақ сөйле......, 3 may 2010 12:11:14
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!
|
Бүліншілік арты қайда алып бара жатыр? [6/494]
Ақ сөйле......, 20 april 2010 09:08:05
Қырғызстанда тағы да бүліншілік етек алып келе...
|
ДОДА. "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ". [49/814]
Ақ сөйле......, 18 april 2010 12:29:03
Жұмысы барлар бес күн бойы қажымай жұмысын жасап,...
|
Береген қолым-алаған [1/409]
Ақ сөйле......, 15 april 2010 21:51:45
2001 жыл. Жаз айы. Астана қаласының бойын лықси ағып...
|
Дода [34/646]
Ақ сөйле......, 14 april 2010 11:41:57
Бас кеспек болса да тілкеспек жоқ!
|
Елдің елдігі қалай бағаланады? немесе Қырғыстандағы болған жайттарға сараптама [4/574]
Ақ сөйле......, 12 april 2010 16:42:49
Көршіңнің қорасына түсіп бірер тауығын алып кетер...
|
нАЗАРБАЕВ... ӘЛІ ДЕ КЕШ ЕМЕС! [8/750]
Ақ сөйле......, 11 april 2010 08:34:03
Оу тасжегір билік басындағылар-ау! (Бұлай айтпайын...
|
|
|
 |
Қоғам және мемлекет қайраткері Ғазиз Алдамжаровпен сұхбат.
[1524/2]
Сенің бостандығың ел Президенті Назарбаевпен бірдей болу керек.
*******************************
Қазақ елі сонау қазақ, қазақ болғалы біртума пенделерден кенде болған емес. Не бір апайтөс батырлар мен суырып салма шешендер, көсемдер, сол кездердегі қоғам қайраткерлері арқылы өз бірліктерін мына біздің заманға дейін сақтап келгенді. Әлі де сол мемлекет қайраткерлерінің арқасында қазақтың мына ғаламдану дәуірінде солардың оңды көзқарастарымен елдің елдігін, оның тұтастығын сақтап қалу жолында ересен еңбек етіп келе жатқандары бар. Қоғам болған соң, оның алға жүру жолында көптеген қиындықтары мен бұралаң жолдары болатыны екібастан белгілі де. Міне осы жолдарда билікке, оның қателіктері мен жөнсіз тірліктеріне халық арасынан
айтылар оңды ұсыныстар да аз емес. Әрине бұл жерде халқымен санасар билік болар болса?!.
Дәл қазір қоғам қаржылай дағдарыстан басқа, саяси дағдарысқа да келіп тірелген сияқты.
Басы күйеу баланың тірлігінен басталып, соның ашуы ма, «ішіп қойды, жеп қойды» деген сылтаумен бірталай азаматтар қамауға алынып, оның соңы қайда апарарын білмей қоғам да дағдарыста, енді қайтпегін білмей отырған билік басы да дағдарыста.
Қаржылық дағдарыстан шығу елдің экономикасына байланысты болса, ал саяси дағдарыстан қалай шығамыз?. Міне осы туралы жақында мемлекет, қоғам қайраткері Ғазиз Алдамжаров ағамызбен аз кем сұхбаттасуға тура келгені...
**********************************
-Аға, қай мемлекет болсын, алдымен өзінің тілі мен дінін алдыңғы орынға қояр еді ал бізде бұл мәселе неге толыққанды шешілмей отыр?...
****************************
Алдымен дін туралы. Біз Қазақстан болған соң-ақ құдайға сеніп отырмыз дейді. Бұл өтірік. Құдайға сену Үкіметке байланысты емес. Мен мысалы өзімнің төрт бөлмелі үйімде отырамын. Күндіз-түні біреу мені бақылап отыра ма?. Құранда жазылған сен мейлі түнде болсын, мейлі күндіз болсын құдайға құлшылық етер болсаң, құдай бәрін де көріп отырады деп...Болмаса мен мешітке барып, жұртқа көрсетуім керек пе, өзімнің ұстанған дін жолымды. Бірақ мешітке бару үшін мешітте отырған кісі өзінің тазалығын, алла алдындағы дұрыстығына сенімді болу керек алдымен. Ол адамның жас кезінен «Алла» деген сөзі, мінезі, ісі жүрегінде болу керек. Алпысқа дейін өмір бойы арақ ішіп келіп, немесе бірталай келеңсіз тірліктер жасап келіп, енді құдайшыл болған кісілер құдайға сене ме?, жоқ....Ол адам пайда іздеген адам. Пайдакүнем. Ондай адам ұстап отырған мешітке, мен өз басым бармаймын, ондай мешітке баруға болмайды. Сол сияқты мына Қазақстанның муфтиі құдай атынан келіп отыр ғой...Ол адам мешітті құдайдың үйі деп көрсетіп отыр ғой, солай ма?.Мешіт-ол адамның таза өзінің көңілін айтатын жер, онда барып құдайдан кешірім сұрайтын жер. Сонда мен мешітке деп барғанда Дербісәліге барам ба?, мысалы өзі намаз оқымайды...
********************************
... Мен түсініп отырмын...
****************************
Тоқта, тоқта біздің қазақта ортақ дін бар ма, өзі?...Қазақтың 70 пайызы құдайға сенбейді... 15 пайызы аяғына сүрініп кетер болса ғана «Бісмілла» деп құдайды есіне алады.Сонда қалған 10-15 пайызы мұсылман деп санаймыз ба?. Оларды да құдайға сенеді деп айта алмаймын, себебі тұрғызған моламыз дұрыс па?. Моланың үстін жабуға болмайды, темір-терсек жолатуға болмайды. Не болмаса мұсылман өлер болса, тойға шашылғандай шашыламыз. Міне құдайды білетін болса, онда үш күнге дейін астың иісін шығаруға болмайды ол күндері қазалы үй.Қай жерінде бар екен шариғатта;- Қаза шығарылған үйде дастархан жайып, ас та төк ысырап жасау?.Қайдан шыққан әлгі жаназа үстінде жыртыс беру, киім беру?... Немесе айналдырған 10 миллион қазақпыз, дініміз неге бірдей болмайды, өлік шығарарда оған жасалынып жатқан ісіміз, кәдеміз неге бірдей болмайды. Сонда әр қазақ өзінің білгенін жасай беру керек пе?. Мына шешендердің қырылып отырғанына қарамайсыңдар ма?. Соған біз келе жатырмыз. Қазір әр ауылдың өз мешіті бар, біреудің мешітіне біреу бармайды. Алматыда ұйғырдың мешітіне қазақ бармайды, қазақтың мешітіне ұйғыр келмейді. Бірақ екеуі де мұсылман. Құдайлары бір емес пе, міне дін жоқ деп айтып отырғаным.
Тіл. Ортақ тіл бар деп ойлайсың ба?.Аз ғана қазақ жартымыз қазақша сөйлейміз, жартымыз орысша сөйлейміз. Екеуі бірін-бірі түсінбейді. Неге?. Неге Үкімет;- Мен өзімнің елімде отырмын, өзімнің жерімде жүрмін деп, Конституцияда мемлекеттік тіл қазақ тілі деп күнделікті айтып отырар болса, неге тіл дамымайды?. Міне әңгіме қайда?. Мемлекет басындағылардың бәрі де қазақ емес пе?. Неге тілді қорғаймын деген Мұхтар Шахановқа сонау Сарыарқа кинотеатрының артынан береді жерді. Қазағының тілі үшін шырылдар болса, Үкімет басы неге қақ ортадан ойып тұрып орын бермейді?. Қазақ қазақты келемеж жасап отыр ғой. Өйткені басқа ұлыстар осыны көріп отырған жоқ па?. Қазақ қазақты силамаса, басқаға қазағың неге керек?. Осы жерде айтылып кететін бір жағдай, сонда басқа ұлыстарға бізді сыйла деп айтатын өкпеміз жоқ. Егер мемлекет тарапынан күш болар болса, қазақ бірінші оянып айтуы керек еді;-Мынау менің жерім, менің Отаным, сондықтан тірлігім болсын, білімім болсын басқадан артық болуым керек деп. Қазіргі жағдайда қазақ басқа ұлыстарға қарағанда артта қалды, оны қалдырып отыр, енді ойла, біздің тіл кімге керек?. Кінә кімнен?. Кінә қазақтың өзінен. Мына билік басындағы отырған қазақтың азаматтары, бірінші қазақтың өзінен қорқады. Қазақтың бірауыз болуынан қорқады. Сол билік басындағылар;- Қазағым, өз жерімізде отырып, қиыншылықты да, қызықты да, байлықты да бірге көрейік деп айтуы керек еді. Таяқтың бір басында азғана топ билік басындағы байшыкештер, шенеуніктер, екінші басында отырған бишара халық. Сондықтан билік басындағылар халықпен санасуды қойған. Тіл қайдан оңсын, содан соң?.
*********************************
Ғазеке, кейбір ақпарат көздерінде Қазақстан өз байлығының 19 пайызына ғана ие, қалғаны ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр деп жарыса жазып отыр. Осыған не айтасыз?. Мұнысы келешек қауіпсіздікке қандай зияндығы бар?...
********************************
-Егер де Үкімет күшті болып, бәрін қолына ұстап отырса, әр нәрсенің де өзіндік шегі бар. Қазіргі таңда Қазақстанның байлығының 30 пайызынан артық беруге болмайды. Қалғанының бәрі қазақтың өзінде болуы керек. Келген кісі кетемін деп, өзінің отырған жеріне көңіл бөлмейді.Ал қай қазақ байыса да, әйтеуір туысқан-тумасы осында, ағайыны осында, сондықтан ол адам қазақтың қай-қайсысына болмасын көмек береді. Оның үстіне байлығы өзіне тиеді. Өзіне тигені қазағына тигеніі емес пе?. Бірақ біздің бай-шенеуіктер өз байлықтарын шет елде ұстап отыр ғой. Біздің Қазақстандағы сол байлар Қазақстанда қаламын деген ой жоқ. Орыстар шемоданданып отыр, ертең-бүгін кетемін деп.Ұйғырлар өз еліміз деп санамайды.Түріктер де солай.Сонда Қазақстан кімге керек, жарлыларға ма?. Оу олардың елді ойлауға уақыты бар ма, олар тамағын ойлайды. Сонда кімге керек бұл ел, кім қорғайды сонда Қазақстанды?.
*********************************
Ғазиз аға, ұмытпасам, сіз, жабылудың алдында тұрған «Тасжарған» газетіне берген бір мақалаңызда;- Қазақ- көтеріліске жақындап қалды деп, ол нендей мәселемен айтылып еді?...
Рас біздер жаза-жаза шаршадық, айта-айта аузымыз талды демекші... Мұның соңы болар күн бар ма өзі?.
****************************
Шыдамның да шегі болады. Егер шыдамның да шегі болмайтын болса, ол аурулық.Пендеде қаншама шыдамдылық болғанымен оның да бойкүйездікке деген шыдамы бір күні жарыларды.
Тамаққа ашқұрсақ болсаң, киімге жарымасаң, ана балаңа керек, мынаусына... Сол кезде не істеймін мен?.Қайткенде де момынның бір тентектінгі болады емес пе?. Сол тентектік қазаққа бір келіп қалғанда не болады?. Ашуланған кезде тоқта деген сөзді түсінбей қалады. Тоқтату қиын. Менің өз басым мұны Қапқазда жүргенде байқағанмын. Бір жағы халқына сүйсіндім, бір жағы қорықтым да. Сондықтан айтарым әрнәрсенің де шегі болады...
********************************
Содан кейін Ғазеке, Қазақстандағы оппозициялық партиялардың бірікпей отырғанына не айтасыз?
Бірігу деген, бір партияның айналасына топталу деген, бұл дұрыс сөз емес. Олай болмайды. Өйткені халықтың электораты дейді ғой. Сол сияқты әркімнің қоғамға деген өз түсініктері бар, қызығушылықтары бар. Сондықтан халықтың көзқарасы бірлей болмайды. Бірақ та, олар бір блог құрып, он шақты мәселеге бастарын бұру керек. Коррупция, коррупция деп қақсап отырмыз емес пе?. Коррупцияның шығар жері белгілі, оның құралы белгілі. Сол партиялар осы туралы неге бірдей ойламайды дейсіз, барлығының да ойлары бір жерден шығар болса қане?.Қазақтың жері әркімнің қолында кетті. Бүгінгі күннен бастап осы жер туралы заңды өзгерту керек. Не болмаса қазақтың өзінің мәселесі оңып отыр ма?. Керек болса, қазақтың мәселесі Қазақстанда толық шешілген жоқ. Орыстардың өзі келіседі;- Сендердің қазақтарыңның мәселесі шешілді ме деп?... Сен қонақсың ба, мұнда, қожайынсың ба, осы жерлерге, ол да белгіленген жоқ әлі. Осындай оншақты өзекті мәселерді әр партия бір ойменен, бір құралменен ортаға топтастыра алсақ, осының өзі аз емес.
********************************
Кешіріңіз соңғы сұрақ;- Біздің билік басындағылар, біздердің өз демократиялық жолымыз бар, «Далалық демократия» деп жатады?... Алайда барлық елде адам құқы, оның мәртебелілігі жалпыға бірдей болмай ма, осы?
Оттапты...Құдайтағала адамды өмірге алып келгенде олардың бәрін бірдей етеді. Ол сол өзі келген қоғамдағы елдің алдындағы заңға бағыну керек, бәрі де заң алдында бірдей болу керек. Біздер құдайдың алдында бірдей емеспіз, ал заң алдында құқығымыз тең. Сондықтан заңның алдында бірдей болған соң, Президенттің бостандығы да, менің бостандығым да, сенің бостандығың да бірдей болу керек.
*******************************
Ой бөліскеніңізге рахмет...
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Ср Июл 01, 2009 21:08
жаман емес.негізі дұрыс ойға көшкен екен.
|
|
|
 Чт Июл 02, 2009 11:30
сұхбатты қазақша берді ме?!
О. Тоба...
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 1016053
Всего зарегистрированных пользователей: 18369
Последний зарегистрированный пользователь: elenafrolova
|
Сейчас посетителей на сайте: 71, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 71 Зарегистрированные пользователи: Нет
|
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (10640) Wladimir (10495) kazak (6883) HUNN (6736) Отамалы (5164) ангел (4831) Йода (4566) Я (4362) Рыспек-респект (4307) Newman (3901)
|
|
|