|
||||||
|
|
||||||||||
![]() |
![]() |
При перепечатке ссылка на газету обязательна | ![]() |
обновлено: г. |
![]() |
|
Ислом Каримовтың несі кетті...[773/15] Елінде адам қырылып жатса да, оның бәрін жоққа санап, Өзбекстан асқан біздің Елбасыны үлкен бір кездесу күткен екен десем, оншалықты асығыс, күйіп бара жатқан тірлік те жоқ екен-ау.
|
Аноним |
Ол кісі не істемеді, 90-жылдары Таулы Карабахтың бітімгері болмақшы болды, артында тұрған не әскери күш жоқ, не қаржы жоқ және де халықаралық беделі шамалы Қазақстанды құйрығына да қыстырмады олар.
СВМДА -деген бір халықаралық одақ жасағысы келді орталығы Қазақстан қылып, оған дипломаттарды ақша беріп шақырса да ешкім келмей, кездесу сайын сол бос сөзді көбейтетін. Одан кеиінгі халықаралық кинофестиваль, Азия дауысы, дінбасылардың кездесуі - мемлекеттің ақша шашуы болды, біздің ел түк пайдасы жоқ. Сіз айтпақшы жас кезінде жоқшылықта өсіп, түк көрмеген батрактың немересінен қандай ақыл, кандай тектілік күтіге болады? |
|
|
Анау, бүгінгі «Азаттықта» коллаж ба, әлде осылай түсірілген бе, Каримов мұны толықтай мазақ етіп келе жатқанын беріпті суретте.
Ойпырмай «итің жаман» десе шарт ететін қазақ едік, енді бұған да үйрендік-ау.... Алайда бізді мұндай өзіне деген бейжайлықты нақ өзі үйретті емес пе, елге?! Рас, бұрын Назарбаев мынадай тірлік жасап қойыпты десе намыстанатынмын.... Қазақ деген ұлы сөзге «гейт» дегенді қостырғаннан бері көңілім толықтай қалды.... Алдымен қазақ тіліне «түрен» салып, артынан жер туралы сөз қозғағаны және де анау «күйеу балаларының» басындағы ноқтаны «шешіп» жібергеннен бері, оны атарға оғым жоқ.... |
||
Аноним |
Арыс, жаңағы суреттің сілтемесін бермейсіз бе?
|
|
|
Бүгінгі аzattyk orq-те....
|
||
|
Оу Алаң құртып тындың сен елімді,
Көпшілік мына сенен тез жерінді, Байлықтар су боп ақты келімсекке, Сырт елге неге бердің, не көрінді?.... Не керек мына саған болдың алып, Кететін кезің келді, болды уақыт, О дүние қабылдайды таза денді, Ал дүниең керек емес ойла-танып.... Ленин де Сталинмен қазан болған, Бір кезде біреулерге қолын алған, Арман боп жүреді екен кез келгенде, Қаларсың сен де сасып, одан әрмен.... Ай бәлкім сен кеткенде ен аспанда, Бар құстар ән саларды санаспай да, Қуанып адам түгіл жануар да, Қолдан кеп су ішерді адасқандар.... Сен кеткен күні мен білермін, Қазағым төрге шығып, теңелерін, Білемін саған салған ескерткіш те, Сол күні қиратылып, жер кірерін.... Сол күні бұл елімнен талай пенде, Қашарын, дүние тастап әр кемеде, Жағымпаз жандайшабың мынау елден, Жоқ болар шыным осы, сен өлгенде.... ******************------------------------ ----------------*************** Мына мақалада; Назарбаев Ташкенттен ЕҚЫҰ-ның саммитін Астанада өткізу туралы ұсынысына қолдау тауып қайтты |
||
|
Айқайлай,айқайлай қасқырдан ұят болды-ау.
|
||
|
АТЫРАУДАҒЫ ЕРКІН САРЫҒА ХАТ
Еркін-ау! Құрдасым-ау, сенен басқа, Айтамын қыжылымды қандай досқа?! Жаралы, қызылала жүрегімді, Кім ұғынып, түсінер, сенен басқа? Қайғы деген бір дертке ұшырадым, Ұйқымды да, күлкіммен қашырғанмын. Көп ойлар, не бір ойлар келіп-кетіп, Ыңқылдаумен таңдарды атырғаным. Қазақтың кешіре алмай маубастығын, Тірідей жерлеп қойған албастымын... Әр секөнд өмір-өлім кезектесіп, Ұлтыма тақап тұр-ау, көр жастығын! Қазақтың намысы үшін жаны пида, Арын қорғар ұлтымның ұлы қайда?! Тізерлеген тірлікке лағнет айтып, Тік тұрып өл, Сол үшін жанды қи да! Бұл өлеңім, Жұртымды таңдандырсын, Тірі өліктің жүрегін жандандырсын! Құтырған құтсыздардың құты қашып, От өлеңім талайды жындандырсын!.. Мейлі ғой, жау билік ол түсінбесін, Түсінсе де білемін күрсінбесін. Алладан тек жалынып сұрайтыным, Мерездерге күнімді түсірмесін. Еркін-ау! Жылдар өтті, Жылжып өтті, Сол күндерден белгі жоқ қайда кетті? Бос сөзге, елтіп қазақ жүргенінде, Нұрсұлтан Отанымды ойран етті! Күйредік қой, күйремей неміз қалды – Басы етіп күйреудің жерді алды. Тарбитып алақанын жаналқымға, Қанды шеңгел саусағын оны салды! Еркін-ау, Айтқаныма бар ма дауың? Ойлама бұл ақынның сандырағы. Қарызым мен парызым ұлт алдында – Тастай алмай сүйреткен қарғыбауым... Түн болды, Бұлтты аспанның жоқ қой айы, Торлайды жаман ойлар көктем сайын. Көшірген тау мен тасты тасқын судай, Кім төңкерер билікті ол да уайым... Болашақ күңгірттенген, Ол да – уайым, Ертеңгі күн шыға ма – сары уайым. Елеңдеп, ертеңдер де, алдай ма деп, Төсегімнен шошыймын жатқан сайын... Қаңыраған күйкім бар жүрегімде, Аңырап өмір-бақи жүремін бе? Жау билік тыржалаңаш сиқын ашты – Қазақ боп туғандықтан - өлемін бе?! Егемендік меніңше бөлек еді, «Еркіндік» тап мынандай керек пе еді?! Ғасырдың бағы осылай ашылмастан, Тұншығарын бұл жүрек сезбеп пе еді?.. Ұлтымның бағы тайып – аулақтады, Үмітім кетіп барад алдап тағы. Марапаттап бір-бірін жатыр билік, Мадақтаудан өздерін талмай жағы. Жаны бар кеудесінде адаммын ғой, Адам боп, адамзаттан жаралдым ғой! Қазақты оятатын дауа таппай – Еркін-ау! –Тар қапасқа қамалдым ғой!.. Ареке, бір жұмыстармен таңертең ерте жолға шығайын деп отырмын. Сондықтан осындай өтініш түсіріп отырмын. |
||
|
Өз басым «Талмас» қозғалысының төрағасы Айнұр Құрмановқа көптен-көп разымын....
Осы жігітті әлгі қанқұсқұр биліктің жандайшаптары қаншама рет ұстап, соры жоғарыға жалтақтаумен қайнаған соттар қаншама рет соттады, Құдай-ау есебінен де жаңылыстық.... Міне осы АЗАМАТ «Ереуілді қолдау» атты акция ұйымдастырып, қала билігінен митінгіге шығар жер сұрапты. Шамамен Жаңаөзендік ереулшілерді қолдауға 500 адамдай қатысады деп беріпті арызында.... Атасына рахмет, елі үшін ешқандай қорқыныштан қайтпай жүрген.... Айтпақшы ертең ертемен мынау Өзбекстаннан бір жауырыншы көшіп келген екен соған барып қайтамын-ау, шамасы.... |
||
Аноним |
Арыс, " Айтпақшы ертең ертемен мынау Өзбекстаннан бір жауырыншы көшіп келген екен соған барып қайтамын-ау, шамасы...."
Арыс, мен түсінбедім, кәдімгі қойдың жауырына қарап бал ашатын кісі ме? |
|
Аноним |
-"Міне осы АЗАМАТ «Ереуілді қолдау» атты акция ұйымдастырып, қала билігінен митінгіге шығар жер сұрапты. Шамамен Жаңаөзендік ереулшілерді қолдауға 500 адамдай қатысады деп беріпті арызында.."
Ол қай жерде, қашан болмақшы - айтып жібересіз ғой. |
|
|
Күнделікті көз алмай қарайтын әлгі менің каналымнан Мәжіліс депутаттарынан журналистер ,- «Сіз Жәкішов пен оның оққағары Қыстаубаев туралы не айтасыз» деп сұхбат алмақшы еді, барлығы да бастарын алып қашып отыр. «Мен есіткен жоқпын», «хабарым жоқ» «Без комментарий» дегендей.... Оу әкелеріңнің тап ауызын.... Өз еліңде не болып жатқанын білмесең шешеңнің шолпысына отырсыңдар ма онда?.... Одан да тараканша тарап кетіңдер дегім келгені....
|
||
|
9
Северный Аноним Чт Мар 18, 2010 23:38 Арыс, " Айтпақшы ертең ертемен мынау Өзбекстаннан бір жауырыншы көшіп келген екен соған барып қайтамын-ау, шамасы...." Арыс, мен түсінбедім, кәдімгі қойдың жауырына қарап бал ашатын кісі ме? *********--------------------------------* *************************----------------- ------- Северный....қойдың емес, кәрі лақса жылқының жауырынымен ашса өте дәл келеді.... |
||
|
Кешегі уәдем бойынша бүгін ертемен тұрып, дәретімді алып алмаймын ба?
Таң атпай әлгі Өзбестаннан көшіп келді деген жауырыншының үйінің алдында тұрдым. Адам көптеу екен. Көбісі мал ұрлатқан, мал жоғалтқандар-ау шамасы, айтыстарына қарағанда.... ;- «Ау сіздер мал жоғалтып жүрсеңіздер, мен адам жоғалтып жүр едім. Мына қазағымды алға сүйрер адам іздеп келіп едім» дегенімде обалдары не керек кезексіз жібере салғаны көпшіліктің. Кірдім. Жасы алпыстан асып, жетпіске жете қоймаған дені тазалау, шоқша сақалы бар кісі екен. Амандасып алдына барып отырдым. Алдында жатқан шор-шор жауырынды өмірімде бірінші рет көріп тұрмын. Кәдімгі малдың жауырыны. «Осындай да осындай» -Қалқам, ол «жоғары жақтарыңда» да тірліктерінің ініне су кете бастапты. Өткенде бір қалада көп адам көшеге шығып әлі басылмай отыр екен. Соны мына патша алдын-ала біліп, кейіннен сол елдің бір қариясына еліңізді басып беріңіз деп қолқа салған екен, ол кісі көнбепті. Көнбесең бара беріңіз деп білмеймін жұмыс па, білмедім басқа ма босатып жіберіпті.... (Әбіш Кекілбаевты айтып отыр-ау деп шамаладым) «Одан басқа».... Одан басқа сол жоғары билікте жүрген тағы бір сол ауылға жақындау адам бар екен, патша оған да қолқа салыпты. Бірақ осылай болатынын алдын-ала білген көтеріліп жатқан елдің қариялары :-«мұнда келіп әуре болма» деп ол жігітке хабар беріп қойыпты.(Тас-ау деп шамаладым) Одан да көңілі қалған патша менің көшіп келген елімнің патшасына кетіпті. «Әй осының адамды қыру жөніде әдісі бар еді» деп.... «Ол не айтыпты»? Ол:- «Менен несіне ақыл сұрап отырсың, онсыз да еліңнің оңтүстік шығысында адам қырылып отырған жоқ па?», деп майпалау беріп, арқасынан қағып шығарып салыпты. «Айтпақшы бұл Алаң қашан кетеді»?.... :- «Кетеді, шырағым, кетеді....Жақын қалды.... Асықпа.... Жылда мына наурыз өткен соң, сәуірдің аяғына таман, мен бір түс көруім керек, міне сол кезде кел».... деп шығарып салғаны.... ;-«Ал іздеген адамым?».... :-«Ізедеген адамдарың дайын, жақсы жігіт екен, жақында түсімде ол жігітпен сөйлескенмін» |
||
Аноним |
- «Кетеді, шырағым, кетеді....Жақын қалды.... Асықпа.... Жылда мына наурыз өткен соң, сәуірдің аяғына таман, мен бір түс көруім керек, міне сол кезде кел».... деп шығарып салғаны....
Ареке, мына жақсы хабар екен, сол кезде тағы да бір кіріп шығыңыз. |
|
Аноним |
Айтқандары келіп тұрған сияқты, әсіресе ана Әбекең туралы.
|
|
Пользователь
|
|
|
Статистика
|
|
|
Вход
|
|
|
|
|