RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: Айна Айтжанова
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Просто люди
  Журналисты
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи

Просто люди
 Адилет Бостанов – гражданин РК
 Я
 Максим К.
 Дневник Евгения Нечаева
 Galym Ageleuov
 Ертур
 Greed is Good - Айдан Утепов
 Капитан
 Майя
 Алмаз Браев
 Анатолий Жапаров
 ЕвроКазах
 Бала
 ELSERIK
 Rand
 историк
 Mikkia from Nazaret
 Еркен
 WXYZ
 Гроссмейстер
 Сократ
 Bingo Boy
 Ядовитоёж
 п-к Ржевский
 Vmeste.kz
 Diaxe Argus
 внучок
 Коржик
 Робот-Бобот
 ibn Beybars
 Дервиш
 Kosnazar
 KazAgent
 Marso
 блог Луарвика
 ангел
 Диаспора
 Маркетолог Утя
 Смагулова Аида, хирург-офтальмолог
 Golem
 Kamikadze
 Борзописец
 техас
 Барсакелмес
 Wladimir
 Жангир Алимулы
 «Пресс-центр»
 Захария Бортиков
 ЁжЫг
 mr. woordalak
 Досымкулов Рустем
 Cat_D
 Русский казах
 ER-KOKSHE-ER
 Мурат
 asan-kaygy
 Мусапiр
 Englishman in KZ
 Ильяс Мамырбаев
 Всеволод Лукашев
 Айна Айтжанова
 Курман Садуакас
 Кочующий кактус
 БлоК <Смотрящего>
 Hentaurus
 Zidan
 seri
 Karishal
 Ежик в тумане
 Алия Мамбетова
 Атас
 Берик
 angel-noo
 Евразий
 Rodrigo Moro
 Haus_MD

Айна Айтжанова
САМОСОЗНАНИЕ [565/75]
Айна Айтжанова, 20 Августа 2008 23:08:39
СОВЕТСКАЯ ИДЕОЛОГИЯ В Советском Союзе были...
ЛОХОТРОН [275/6]
Айна Айтжанова, 14 Августа 2008 02:30:56
Cобралась спать, время было уже за полночь, наступило...
Я, ЧЕЛОВЕЧЕСТВО, ПРОШУ - ЗАПРЕТ НАЛОЖИТЬ НА ВОЙНУ! [261/26]
Айна Айтжанова, 11 Августа 2008 20:47:34
ФРАНС Анатоль Без подлинной любви к Человечеству...
НЕ УБИЙ! [841/67]
Айна Айтжанова, 10 Августа 2008 01:38:27
Война, в которой оказалась Грузия, вызывает разные...
ПРО АЛКОГОЛИЗМ [840/62]
Айна Айтжанова, 6 Августа 2008 17:01:46
Студенткой я была жуть принципиальная, не прощала...
У ЛУКОМОРЬЯ СЕРВЕР ЗОНЫ [660/55]
Айна Айтжанова, 4 Августа 2008 14:10:02
В сети инета сервер зоны Собрались блогеры на нем И...
БҰРАБАЙ ЕСКЕН ӨЛЕҢДЕР [230/5]
Айна Айтжанова, 2 Августа 2008 15:17:00
БҰРАБАЙ Барлық елге су, тауларын Құдай берді «О,...
АЙНА - ОО “IZGI AMAL” – раунд 3 [282/10]
Айна Айтжанова, 2 Августа 2008 11:52:02
Уважаемые, ОО “IZGI AMAL”, хочу дать вам возможность еще...
ОТДЫХ, ДОРОГИ, НУЖДА [498/26]
Айна Айтжанова, 1 Августа 2008 15:15:18
Осуществила недавно одно из своих странных желаний....
РЕЛИГИЯ ЛЮБВИ [478/25]
Айна Айтжанова, 31 Июля 2008 16:06:31
Человек хочет быть счастливым, хочет, чтобы вокруг...
ИСЛАМ, КОРАНИТЫ, АРУАХ [812/99]
Айна Айтжанова, 30 Июля 2008 14:19:44
Всем известно время, когда церковь охотилась за...
Мои коммент «IZGE AMAL»  [467/48]
Айна Айтжанова, 27 Июля 2008 17:07:33
Всем привет! Сижу читаю статьи блогеров. Отдыхала как...
ШАКАРИМУ СЕГОДНЯ 150 ЛЕТ [500/31]
Айна Айтжанова, 11 Июля 2008 10:49:15
11 июля 2008 года исполняется 150 лет Шакариму,...
ОТ АМЕЛИИ [335/5]
Айна Айтжанова, 10 Июля 2008 20:30:22
Амелия Скучаю по родной земле – Тұған жерді...
МОЙ НАРОД [506/27]
Айна Айтжанова, 10 Июля 2008 16:38:56
Когда посты на мою предыдущую статью превысили 100, я...
ИСЛАМ и ШАРИАТ [894/107]
Айна Айтжанова, 9 Июля 2008 00:31:27
Чем больше вербующих в Ислам, тем страшнее...
УЧИМ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК  [407/19]
Айна Айтжанова, 3 Июля 2008 20:02:09
БАЛА ТІЛІ БАЛ - РЕБЕНКА ЯЗЫК МЕД на казахском...
АУЛДА ДЕМАЛҒЫМ КЕЛЕДІ [389/21]
Айна Айтжанова, 2 Июля 2008 22:16:35
Қала балалары ауылдан қол үзіп барады. Әр қазақтың...
ЕЛЕС [296/11]
Айна Айтжанова, 2 Июля 2008 14:49:00
Елес - бар да жоқ зат, көрініс. Кино – елес, адамдар...
ИНФОРМАТИКА [792/108]
Айна Айтжанова, 26 Июня 2008 22:52:25
«Бізде информатика саласы дамымаған.» - дегенімде,...

Дата публикации: 2008-06-26 22:52:25

ИНФОРМАТИКА

[792/108]

«Бізде информатика саласы дамымаған.» - дегенімде, информатика кафедрасының меңгерушісі ренжіп: «Бізде информатика саласы өте жақсы дамыған, менде мынадай мамандар бар!» - деп, меңгеруші бас бармағын көрсетті. Информатика кафедрасының меңгерушісіне қуанамын, бірақ та қайталап айтамын: «Бізде информатика саласы бүкіл мемлекетте дамымаған!» Оған көптеген дәлелдер бар.

Даму, өркендеу істері кезінде елде қарқын орын алған. Сонда бір кез болған жағдай есіме әлі де күлкімен келеді. Оған сіздер де күлесіз. Жас кезімде көрше үйіне келген бір апа мені шақырып, тоқ плитасын тоққа қосып беруді сұрады, сонда: «Мына екі шаншық айырды, ана екі тесікке қосатынын түсінемін, басым жетеді, бірақ қорқамын.» - деді апа. Апаның білмегені аз, бірақ күлкілі. Әрине, апа менім күлгенімді білмейді.

Сондай күлкілі жағдай кәзір төңерегімде толып жатыр, оған да тек іштен күлемін, үйткені адам ренжіп қалады. Бір ретінде бір ағайынды: «Чайник!» - деп, ренжіткенім де бар. Тіл үйреніп қалды, біз, бір бірімізді: «Чайник!» - деп, мазақтаймыз. Сонда бір бірімізге кішкентай ғана қатені кешірмегеніміз, үйткені біз программистпіз. Әрине, біздің ісімізді де, қатемізді де көп адамдар түсінбейді. Бірақ 90% қателерді жасайтын адамдардың білмегені информатика саласындағы білімдердің 1% ғана.

Сол 1% білімсіз бүгін көп жұмыстар жүрмей жатыр. Күле-күле, ызаланасың. Сондықтан осы мақала туып отыр. Сол 1% білімді игеру үшін, көп болса екі сағат қана керек.

Бір күні мені телефонмен көмекке бір лауазымды адам шақырды. Мәселесін тыңдап болған соң, мен көмек етуден бас тартуға тырыстым: «Сіздің мәселеңіз өте қарапайым, мен тек күрделі мәселемен айналысамын, сол үшін маған көп ақша төлейді. Сіздің маселеңіз көп болса, 500 теңге тұрады, оны шешетін адамдар да көп. Соларды іздеп көріңіз. Маған кем дегенде 1 сағат жұмысыма 5000 тенге төлейді, сондықтан мен 500 теңге жұмысын істегім келмейді» - дедім.

«Мен сіздің 1 сағат жұмысыңызға 5000 тенге төлеймен, бірақ бас тарпаңыз!» - деді сол адам. Мақұл, солай болсын деп, мен лауазымды адамның жұмысына келдім. Есігіндегі тақшасында жазылған аты «БАСТЫҒЫ» деген сөзбен аяқталады екен. Мекеме аты да жоғары дәрежелі екен. Ағайымыздың жасы елуден асқан сияқты көрінді.

«Ал, компьютеріңізді қосыңыз.» - дегенімде, ағай «Қалай?» - деп жауап қайтарды. Компьютерді столдың астына тығып қойыпты. «Міні, жаңа компьютер қойды, ескісін де қолдана алмайтынмын, ұят екен, үйренудің бір амалын таппасам болмай бара жатыр.» - деді ағай.

Сол күні бір сағат жұмыс істедім. Компьютерді қосу, программаларды қосу, терезе, файл түрлерін ажырату, сілтемелерді қолдану, іздеу салуды үйреттім. Соңында мәтінді теру, белгілеу, көшіру, жою, орын ауыстыру істерін көрсеттім. Мен кеткенде, тышқанмен онындарды ойнап ұйреңіз, тышқанмен істеуге тез үйренесіз, перне тақшасын жатқа біліңіз, кез келген мәтінді тез теріп үйреніңіз, осыларды игергенде, мені қайта шақырыңыз, деп, кеттім.

Ағай екі аптадан соң қайта телефон шалды. Тағы бір сағат жұмысында программаларды орнату, жою, Интернетті қолдану, пошта ашып, хат жазып, хат алу, интернет адрестерді дұрыс қолдану, Интернетте іздеу салу істерін үйреттім. Маған хат жазып, сұрақтар болса сұраңыз, енді ары сізге тек машық пен, қызығұшылық керек, деп, екі сағатта қазақ ағайға сол 1% білімді үйреттім.

Шынымен, компьютерді білмеген адамға қажет негізгі білімдерді екі сағатта ғана үйренуге болады. Ал кәзіргі жағдайда, көп теген оқытатын орындар сол білімді кем дегенде бір ай бойы оқытып, компьютерді білмейтін адамдарды шығарады. Неге?

Білім іздеген адам, көзі байланып, үлкен ғимаратты айналып жүргендей болады. Ғимарат қабырғаларын сипап, кіретін есік іздейді. Есік тауып, кірген соң ішінде сипалап, шамды жағатын қосқышты іздейді. Шам жағылған соң, көз байлауы шешіледі. Ары қарай адам өз бетімен қалаған жағына кете береді. Сол есікті ашып, шам жағу үшін дұрыс әдістемен тек екі сағат уақыт қажет.

Информатика саласы әлі салынып бітпеген ғимаратқа ұқсайды. Төбесіне жеткен адамдар ғана келесі қабатты көтере алады. Сондықтан оларға көп мемлекеттерде, әсіресі АҚШ, Росей, Европа елдерінде үлкен жал ақы төлейді. Үйткені болашақта барлық пайда келтіретін салалар информатикамен үштасып дамып жатады. Бұл жағдай ақпараттық технологиясына үлкен қызығушылық тұдырады, көбі шыңына жетсем дейді. Біздің мемлекет те өзіне лайықты орынына жетіп, түру керек, бірақ бұл жолда көптеген кедергілер бар. Қандай?

Ең күрделі кедергі ол орыс, ағылшын тілдеріндегі оқулықтар. Бұл оқулықтар информатика ғимаратының есігін тез тауып беру орынына, сол ғимаратты қосымша қабаттармен орап, есігін көрсетпеуге тырысады. Ғимараттың бөлмелерінің терезесі арқылы, сипаттап қызықтырады, ал адам терезеден ғимартқа кіре алмайды. Кірсе де, төменгі қабаттарға түсіп кететін қауып қасында жүреді. Сонда көптеген күлкілі жағдайлар пайда болады.

Сондай оқулықтарды оқып, білім таппаған адам, өзінің ой қабілетіне күмәндана бастайды. Ал қандай да бір амалмен білімін жетілдіре алған адам өзін «хакер» санайды. Оның білгенін-білмегенін сынай алатын адамдар көбіне қасында болмайды. Осындайда, француз тілін білген етікшіні де мұғалым санаған Росейде болған жағдайларға тап болып, күлкіге батамыз.

Неге ақпарат технологиясын үйрететін оқулықтар сапасыз? Барлық 1000 даған беттері бар оқулықтардың ішіндегі білім бармақтай ғана болады. Егер сол бармақтай білімді шын ниетімен жазса, онда беттері аз оқулық шығады. Оның бағасы қандай болса да, оны сатып алғанша ксерокстан өткізіп алған тиымды болады. Бір беті бес тенге болуы мүмкін. Ал 1000 беттері бар оқулықты ксерокстан өткізсеңіз, 5000 тенге төлейсіз, оданда сол оқулықты 1000 – 3000 теңгеге сатып алған тиымды. Сол себептен, кішкене білімді желмен толтырып, кітаптарды қалындатады. Оның ішіндегі білімді табу, шөмелі шөп ішінде инені іздегенмен бір болады.

Осындай жағдай сұранысы бар қалын-қалын ақпарат технология тұралы оқулықтарды көбейтіп, орыс тілінде оқыған азаматарға білім алуды күрделендіріп жіберді. Ағылшын тілі де солай, бір ғана Тоненбаум оқулықтарын көрсеңіз, мәселені түсінесіз. Қытай тілі ғана біраз дұрыс сияқты. Сондықтан болар, қытай программистері алға шығып келеді. Үнді программистері де алда, олар Майкрософт компаниясының 30% құрайды. Сондықтан болар бізде көптеген ақпарат технологиясын үйрететін, үнді орталықтары ашылып жатыр. Олардың сапасы аса емес, бірақ құны аса және олар орыс тілінде оқытады.

Осындайда қазақ тілінде сапасы басқа оқулықтар қажет. Біз кәзір сапасын сұрайтын хәлде емес сияқтымыз, бірақ, оқулық сапасы, қажет білімді тез, оңай жолмен берсе, бірден, тез арада, білімді қазақтар санын көбейтеміз. Бұл оқулықтарда жаңа әдіспен информатика саласындағы білімдерді беруге болады. Ақпарат көлемі көбейген сайын, оны адамға барлық бар сезім мүшелерін қолданып беру керек. Мысалы, бір ғана жағдайды екі амалмен көрсетейін.

Бірінші амал сөзбен, немесе жазумен: «Ертең ауа райы жайында мәлімет: Күн бұлттанып, жаңбыр жаууы мүмкін. Температура күндіз 30 градус, түнде 10-15 градус болуы мүмкін. Түнде жаңбыр жауады»

Екінші амал суретпен: 136667245.jpg

Мұнда екінші амал оңай, тез түсінілетіні көрінеді. Осы ойды дамыта, теледидар арқылы білім үйрету ең тиымды екенін көреміз. Ал кітап жоқ кезге қайтып, білімді қалай алып отырды десек, онда адам барлық сезім мүшелерін және тәжірибесін қолданып білім алатын. Жұлдызға қарап, жақтарды, бағытты таныйтын, саусағын сулап көтеріп, жел қайдан келетінін анықтай алатын. Сондай білім алу жолдарын адам ұмытып барады. Ал кітап оқып, білім алу жолы ең күрделі, және байяу. Әр әріпті танып, сөздерді құрастырып, содан соң оны сөйлемге байлап, мазмұнын түсінгенше, бір мезетте көзбен көріп, құлақ естіп, исін сезіп, тәжирибемен тұжырымдап алған білім жүздеген кітап парақтарына татиды.

Жаңа техниканы сатып алғанда, онымен бірге келетін түсініктемелері осындай сурет тілінде жазылған. Бұл тіл барлық ұлттарға мәлім, ол үшін арнайы ағылшын, немесе, қытай, корей тілін білу керек емес. Сондықтан да біз олардың техникаларын сатып алып, оңай қолдана кетеміз. Компьютердің негізін үйрету үшін де сондай әдісті басынан қолданса, біз сол Батыс елдерден қалмай ілесіп, таласып жүретін едік.

Бірақ, бұл амалдың қолдануға болмайтын жері де бар. Мысалы, түрк мектептерінде физиканы оқытатын бір оқулықты көрдім. Мысалы, келесі есеп: «Білгілі биіктен, горизонталды бағытта тасты 10 м/с жылдамығымен лақтырады. Лақтырған адамның тұрған жерінен, тастың түскен жерінің қашытығын есепте.» Осы есеп біздің физика оқулығында бар. Бала оны оқып, жағдайды елестетіп, сурет салады. Егер суреті дұрыс болса, шешімі де дұрыс болады. Ал түрк оқулығында бұл есеп сурет түрінде берілген. Біздің баланың басында елестеген суреттің дұрыс түрі, есеп түрінде берілген. Сол дұрыс суретте, қашықтық белгіленіп, қасында сұрақ қойылған.

Сондай кітапты көріп, менім ішім ашиды. Бала ойланбай, тек машина сияқты есепті шығаратын амалды жасапты. Сондай оқулықпен оқыған бала білімді тез жолмен алады, бірақ ойламайды, ойлау қабілеті дамымайды. Бұл амалмен кәсіпкерлерді оқытқан дұрыс. Тез амалмен өзінің істейтін жұмыс ретін үйреткен жақсы, оған ойлау керек емес. Сондықтан болар Батыс елінде мамандардың мамандығы аса, ал ойлау, адамдық қасиеттері төмен болғаны.

Ал информатика саласына қайтатын болсақ, компьютердің білім негізі, кезінде қаламмен жазып үйрену машықтары ғана сияқты. Қаламмен жазып үйренген соң ғана шығарма жазуға болады. Сол сияқты, компьютер негізін үйренген соң ғана, «Не үшін?» деген сұрақты қойып, ары дамуға болады. Ал компьютер негізін үйрену оңай, тек білмегенді мойындап, білгеннен сұраса ғана болды. Мейлі білген күлсін, күлкі өмірді ұзартады. Білім алған соң, сіз де күлесіз. Ал негізінде, бұл білімнің мақсаты қажет дағды, машықтардың пайда қылуы болады.

Ал кәзір біздің мемлекетіміздің жағдайы өте нашар. Лауазымды орындарды алып отырған адамар сол бір пайыз білімді де білмейді. Көбіне сондай адамдардың белсенділігіне елдің дамуы қарап тұр. Мысалы, мен кезінде бір неше рет Орынханов мырзаға өзімнің ұсыныстарымды жазып бердім, ол ұсыныстарды түсінбеді. Ал бүгін, менім болжаум орындалды, ол кісі көтеріліп, мүмкіндігі аса болатын жұмысқа тағайындалды. Тағайындалмай тұрған кезде, солай болса, мен сол кісінің істері жайында жазып отырамын дедім. Мені жаза да бастадым. Жазғанымды сол кісінің және же басқа лауазымды кісілердің қолдарына беремін. Жағдай мүмкін сонда өзгерер.

Енді әңгіме, келесі информатика саласының 99% білімі жайында болады. Біздің елде керемет математиктер бар. Сол математиктерге информатика саласында көптеген істелен істердің өңделмеген жазықтары жатыр. Бірақ біздің математиктеріміз, информатика ғимаратының алдында әлі де көздері байланып тұр. Егер мен, сол кісілерге көптеген сандарды берсем, онда олар сандарды талдап, майына дейін сорып береді. Ал информатикада қаншама сандар бар!

Кәзір компьютердің жылдамдығы дыбыс, бейнені тез амалмен өңдей алатын дәрежеге жетті. Сонда дыбыс та, бейне де санмен кодталған. Сол сандарды талдап, тану арқылы қаншама ізденістердің нәтижесін алуға болады. Орынхановқа көрсетем деген программа, дыбысты қажет, таңдаған форматта жазып, оның аналог графигін, және жиілік графигін көрсетеді. Қаншама компьютер тез болса да, программа жиілік графигінің нәтижесін тек кішкене аралықта көрсете алады. Осындайда Росей техникасын Интернеттен көріп, арнайы жиілікті өлшейтін аппаратураларды, арнайы процессорлы компьютерді сатып алсақ дедім. Ол үшін арнайы лаборатория құрастыру қажет дедім.

Сонда бұл іс әлі де жүзеге аспайтын сияқы, неге? Кей бір лауазымды адамдардың кеудесі көздерін жауып тұр. Білімде кеуде болама? Болады екен. Өзімнің тәжірибемнен көрдім. Білмеймін деп айту көп адамдарға қиын екен. Мысалы, қызыл дипломмен оқыған, немесе ылғи білімін мойындаған ортада жүрген адамдар білмеймін деп айта алмайды. Оны қазақша кеуде, арысша амбиция дейді. Бірақ, бұл сөзді дұрыс қолданбайды. Тапсырма беріп, білмегеніңді дер кезінде сұра десең, сұрауға ұялып, абыройын төккендер де бар, үйткені сұрайтын уақытты кетіріп алады. Көбіне орысша оқыған адамдар білмегенін басқаша жасырады: «Қалай еді, ұмытып тұрғаным?» - дейді, ал айтып берсем: «Ия, ия, солай, мен оны өзім де білгенмін!» - дейді.

Осы жерде мен келесі кеңес беретін едім:

1. Білім үйрену үшін, білімге кіретін есікті тез арада тауып алу керек. Ол үшін білгеннен сұра, егер білген саған жауап бермесе, онда ол өзі білмегені. Сенен біреу білім сұраса, дұрыс түсіндіріп бер, үйткені, бүгін бар білімің, ертен керек болмай қалуы мүмкін. Біреуге үйреткен білімің нақты болады, және де ертен, білім ескіргенде де абыройлы боласың. Информатика саласы бұрқырап дамып барады.

2. Білімді болу оңай. Егер кітаптан білім таппасаң, кітап жаман, ал сен ақылдысың, үйткені сен Пифагор, Ньютоннан да аса білесің, басқа кітап ізде. Егер мұғалым түсіндіре алмаса, онда мұғалым жаман, методикасы дұрыс емес, басқа мұғалым ізде. Ең жақсысы, өзің білім тауып үйрен, сонда ешкімге тәуелді болмайсың. Осындай кезде амбицияға жол беруге болады. Амбицияның негізі болса, адамға жарасады, болмаса, адамды ұятқа батырады.

3. Бұл өмірде білім уақытша, адамдық мәңгі, адамдықты дамытатын білім, орта ізде. Білгеннен адамдығы аса адам жақсы, адамдықсыз білім қирату үшін қолданады. Сондықтан адамдықты дамытқан дұрыс.

4. Ақпарат технологиясында білімдерді үйрену оңай. Үйренген соң аса ойлау қабілет керек. Қазақта сондай қабілет аса. Студент кезімізде философка неге еврейлер ақылды деген сұрақ қойдық. Сонда жауыбында, еврей ауыр жұмыс істемейді, ойлануға көп уқыты болды деді. Сонда мен күлдім, қазақтар қойдың артында жүріп аса шаршамайды, ән айтады, ойланады, басы ойламаса немен айналысады, аяғы қойдың артында жүрсе дедім. Бұл жай күлкі болғанымен, қазақтың ойлау қабілеті аса екенінде күмәнім жоқ.

Осы айтқандарды ескеріп, білімділерді қазақша оқулықтар жазуға шақырамын. Оқулықтар шыққанша, әр қазақ білмегенінен ұялмамай, білім іздесе, ойлаған істер басталып та кетер. Істер көп, біздің заманымызға жетеді. Ақпарат саласына бейімделейік ағайын!

Ал менім қосатын үлесім, сіздердің сұрақтарыңызға жауап бергенім болсын. Сұрақ жазыңыздар. Алғашқы компьютерлермен бірге білімім өсіп келді, сондықтан барлық сұрақтарға жауап бере аламын деп ойлаймын. Білмегенім болса, сондай жағдай маған қызық болар еді. Қанша сұрақ болады екен?


________________________
PS: краткое резюме на русском языке:
Учебники на русском, английском языках не способствуют получению хороших знаний в области информатики, поэтому у нас много "чайников" и лживых "хакеров".... и много чего еще...

Уважаемые, кто понял только резюме, оно написано так, чтобы вы задались вопросом "Почему!?"

Ответ в статье, прочитайте, тогды вы согласитесь со мной.

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Комментарии пользователей


Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Bolachak
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.01.2008
комментов: 324
Сообщение Чт Июн 26, 2008 23:33  
Түгел оқып шықтым. Түсіндіруге тырысып,жақсы жазыпсыз. Өткенде қазақша тармақта мен де қазақша оқулықтар жөнінде жазып едім. Информатика жөнінде қазақша кітаптар жоқ деуге болатын шығар. Өкінішке орай бұл салада орысша оқулықтардан іздеуге тура келеді. Осыған орай сізге бір сұрақ қояйын.
Осы сала бойынша шығып жатқан не шыққалы жатқан қазақша оқулықтар бар ма екен.
Екінші сұрағым-Осыған өзіңіз үлес қосатын ойыңыз бар ма? Орысша оқыған адамға қазақша оқулық шығару оңай емес екенін білемін. Егер қазақшасын реттеп өңдеуге өзімнің көмегімді ақысыз ұсынар едім.
2
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Чт Июн 26, 2008 23:46  Рахмет
Бізде қазаша оқулықтар бар, бірақ олар аз, екінші біразы орыс тілінен аударған. Орыс тіліндегі проблемалар ескерілмеген. Сондықтан олардың да ауыруы сондай.

Осы салада бір топ жастармен жұмыстарды бастап кеттік. Жастардың шикілігін түзеп, жұмыстарды тапсырып, бағыт беріп отырмын. Ойлағандай болса, оншақты оқулықтар жаңа жылға дейін жарық көрер.

Сіздің де көмегіңізге жүгінеміз, рахмет!
3
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 26, 2008 23:51  
Тақырып керек тақырып сықылды.
4
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Чт Июн 26, 2008 23:58  3-ке
Сізді түсінбедім,

біреуі көп айтып шаршатады, (орыс телендегі оқулықтар)
біреуі қарныңды аштыртады ( үшінші пост)
5
Bolachak
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.01.2008
комментов: 324
Сообщение Чт Июн 26, 2008 23:58  
Тағы айтарым,кітапты шығарғанда қарапайым тілмен түсіндіруге тырысу керек. Мысалы,орысша автор бар Л-дан келетін есімі ұлы көсемге ұқсас. Сол автор қызықтырып жазады екен. Сөздерін жоғарыда айтылғандай чайниктерге арнап,ойын сөздермен араластырып,сөздеріне жан бітіріп жазған. Бірақ кітап қалыңдығы үлкен,жоғарыда айтқаныңыздай. Ішінде керегі 20-30 пайыздай ғана.
6
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 00:02  5-ке
Ландау мекен? Сіздің ескертуіңіз дұрыс, бңрақ менім қазақшам қарапайым емеспе? Тіл шыңына шығағойған жоқ сияқтымын...
7
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пт Июн 27, 2008 00:13  
Информатика яғни Ақпараттану бізде белгілі дәрежеде дамыған деп айту керек.
Ал осы пән, қалай оқытылып, халық қалай игеріп жатыр, бұл үлкен сұрақ және осы заманның өзекті мәселе екені анық. Бұл жерде талай күлкілі және ұятты жағдай толып жатыр, оған көп мән бермей( әрине өміріңіз ұзарту мақсатта болмаса) көпшілікке ақыл үйретпей, білгеніңді үйретіп, білмегенді игеріп алу абзал. Ақпарат саласында күнде өзгеріс, жаңалыққа мол салалардын бірі. Осыған Аллаһ тағала күш-куат берсін. Иншалла біз ешкімнен кем емеспіз! Аман болайық.
8
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 00:23  7-іге
Сіздің біліміңізді анықтау қиын, еш нәрсе білмейсіз десем де мойндайсыз, үйткені керсіншені дәлелдеу сізге қиын болар.

Ал Құдай атын атағаныңыз, осы жерде менім қарсыласым екеніңізді білдіргеніңіз, сондықтан да қарсысыз, не айтсам да қарсысыз, бұл сіздің бірінші рет қарсы тұрғаныңыз емес. Сіздер жалпы қазақтың зиялы азаматтарының барлығына қарсысыз, қазақтын көзін ашып, сіздердің білімді емес екендеріңді көріп қояды деп қорқасыз.

Ал ақпарат технологиясын бізде аса игерген адамдар аз, оның ішінде истамистер жоқ десе де болады.
9
Bolachak
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.01.2008
комментов: 324
Сообщение Пт Июн 27, 2008 01:00  
Жалпы осы салада оқулықты жаңағы чайниктерге қарапайым тілмен шығару керек дегенім. Ал жоғары оқу орнында оқитындарға күрделі түрде бола берсін. Жаңағы авторды есіме түсірдім, Левин.
10
Fcuk
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 02.03.2005
комментов: 7300
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:24  
Айна
думал вы умнее.
11
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:33  Fcuk
А Вы поняли текст на казахском?

Скорей всего Вы отталкиваетесь от резюме. Резюме это интрига, там есть и глупость и мысль. Но все равно, эта статья адресована казахско язычным людям, поэтому, просто не переживайте.
12
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:36  Fcuk
Все равно решила убрать свою шутку в резюме, действительно, не у всех есть чувство юмора.
13
Fcuk
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 02.03.2005
комментов: 7300
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:38  
Да Айна
я прочитал постскриптум и именно то что вы в нём написали показывает то что я заблуждался думая что вы умнее.
14
Fcuk
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 02.03.2005
комментов: 7300
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:40  
Вы убрали не ту часть постскриптума на основании которого я и написал свой первый пост.
15
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:41  13-ый
Спасибо, я сделала вывод раньше и убрала, такие шутки действительно не все понимают.
16
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:45  Fcuk
Ну тогда, Вам придется все прочитать на казахском, потму, что я права, ведь столько написала, доказывая это. Это ноу-хау, еще раз удостоверяюсь в том, что не все могут думать как я, а все кажется так просто.

Я просто не хочу Вам это втирать, ведь это для Вас не имеет значения, даже сомневаюсь, что Вам могли понадобиться знания в информатике. Спасибо хоть за то, что просто можете писать под своим именем, а не ананим.
17
Fcuk
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 02.03.2005
комментов: 7300
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:45  
Прочитайте моё 14 пост.
18
Fcuk
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 02.03.2005
комментов: 7300
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:48  
Айна
В Казахстане по всей видимости не продают хороших учебников, на английском и русском языке.
зы Информатика это вчерашний день ну это ИМХО
19
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:50  Fcuk
Смешно, что мы спешим говорить, но я тоже скажу, прочитайте мой 16 -ый пост, кстати меня поддержат многие казахи и те, кто поймет мой материал.
20
Fcuk
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 02.03.2005
комментов: 7300
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:54  
Айна
Я просто высказал своё мнение.
зы Удалите постскриптум, это так, просто дружеский совет.
21
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 02:59  Fcuk
Зачем, чтобы не видеть заблудших? Это надо видеть.

Наоборот, это интересно, когда столько строк человек заменяет одним предложением, причем с вызывающим содержанием, это интригует, поэтому сначло надо задаться вопросом: Почему?

Мой любимый ход, я постоянно себе задаю вопросы с "почему": Почему люди так скоро делают выводы? Почему не хотят понимать язык, на котором говорят рядом? Почему пытаются сначало конфронтировать не думая, что может дчше дружить и т.д. и т.п.
22
Fcuk
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 02.03.2005
комментов: 7300
Сообщение Пт Июн 27, 2008 03:13  
Айна
я прочитал ps, и именно на ps написал свой пост, причём не на ту часть которую Вы удалили.
23
Мен з і
Аноним 
Сообщение Пт Июн 27, 2008 09:11  
Көтерылген тема қазіргі жағдайда керек дегенім.
Мен өзім орысша оқығам кейде дұрыс жеткізе алмайм
24
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пт Июн 27, 2008 09:13  
Фсюк злой өйткены ИСПАНИЯ-роосия 3:0!!!
25
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пт Июн 27, 2008 09:38  
Айна! Қарындасым. Жақсы жазған екенсің. Осындай жазғандарыңыз көбейе берсін. Менің балдарымды да үйреніңдер деп күнде айтып жүремін.
26
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пт Июн 27, 2008 10:19  
Айна! Бауырым! 7-дегі шығушы саған ештеңе артық сөз айтқысы келмеген. Сен оны түсінбей қалғансың. Орысша оқып па едің?
27
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 11:07  26 - ға
Мен "Тіл мен Рух " партиясына қарсымын. Көп жерде олар маған бостан бос жала жабады. Осы жерде 3 -ші және 7-ші пост солардікі.

"көпшілікке ақыл үйретпей" деп айтқаны тағы да бір ақмақтың сөзі. Біз бір бірімзден үйренеміз, олай болмаса мақал не жазу не керек еді. Бір ой біреуде бар, біреуде жоқ, біренен асса, біріне құйылады. Болдым, жеттім деген адам жоқ, мәселелер көп, бір үшын мен де шығарым жазып жатырмын.
Мәселені көрмеген адам ғана мәселе жоқ дейді. Осы жерде бір тақырыпқа лайықты сұрақ көрген емеспін.

Мысалы осы жерде мақала адрестерін дұрыс қолдана алмайтыны қанша. Қатені шықымай сұраса деп едім, тағы да көкрек, не көз бояушылық көріп отырмын.

Орыстар болса көптеген сұрақ қояр еді, өйткені мен айтып берейін деген адам аз орыс арасында, бармақтай білсе, таудай көреді, ал қазақтар білмегені бармақтай екенін көрмей түр.
28
Aktan200733
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 18.06.2008
комментов: 132
Сообщение Пт Июн 27, 2008 11:29  
Келесі шығатын компютердің клавишы мышы болмайды деп жатыр Осы қалай түсіндіріп жіберші
29
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пт Июн 27, 2008 11:30  Адамбек
Құрметті Айна!
Мен кейде фирмалардан балаларына компьютер сатып алып жатқан ауылдан келген, казақ семьясын көремін, енді кредитке алып жатса керек 4-5 адам, не аларын білмей сатушы-консультанттан сұрап жатады, ондағы сатушыға не керек ең қымбатын сату керек, содан 1500 долларға жақындатады (цветной струйный принтер, видекарта 1 гб, навороты и т.п.), сондай кезде мен сол алып жатқан кісілерге "компьютер не үшін керек" десем, "мына балалар студент болды соларға реферат, диплом жазсын деп кредитке алып жатырмыз", сол кезде мен осы компьютерді 800$ да алуға болады, көп зат тек ойын үшін қажет, струйный принтер алмаңыз, 15000 тенгеге HP1020 лазерный принтер алыңыз деп айтамын, кейбіреуі тыңдайды, "кейбіреуі сен кім едің ақыл айтатытын, менің балама крутой комп керек деп"
Бұл компьютердің бәле жері балалар тек ойнайды да отырады, оны оқу процессіне қолданатындар аз, менің ойымша бала 16-ке толғанша компьютерді тек күніне 1 сағатқа беруге болады

P.S. Айна сіз кім болсаңыз да ризамын, қазақ тілінде осындай мәселе көтеріп отырсыз, тағы да жаза беріңіз, сізге қарсы болып отырған қазақ азаматы жоқ, тек түсінбеушілік бар, кей сөздеріңде қазақша қате бар, орыс тілінде оқыған қыз үшін бәрібір жазғаныңыз тамаша
30
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 11:34  Білмегеннің мысалы
Мысалы осы мақаланың адресі жоғарыда адрес жолында жазылған:
http://www.zonakz.net/blogs/user/ajna_ajtzhanova/1928.html

Осы жерде, / - слэш деп аталатын белгіге дейін мақаланың аты, яғни 1928.html, оны алып тастаса, http://www.zonakz.net/blogs/user/ajna_ajtzhanova/ - мен жазған мақалаларды көресіз.

Егер кез келген блогер атын шертсеңіз, бар блогелерді көресіз. Егер блогерді таппасаңыз, онда олар басқа топта болғаны, топтар жоғарыда жазылады. Мысалы, мен "Просто люди" тобына кіремін.

Кейде мен сілтеме берсем, оны қолдана алмаған адам, таппадым, жоғалтып алдым дейді, сонда оны қалай қолданам деген сұрақты қоюға ұялады. Сол сілтемені белгілеу керек, егер белгіленбесе (басқа түске боялады тышқанмен сипасаңыз), содаң соң Ctrl батырмасын ұстап тұрып, C әріпін басамыз ( Ctrl+С деп, қысқаша жазады), сонда ол буферге көшіріледі. Адрес жолына тышқанның сілтегішін апарып шертеміз да Ctrl+V, вставить, яғни сол жерге буферде сақталған ақпарат көшіріледі. Сонда Enter шертіп, еңгізіген адреспен жолданамыз.

Буферде ақпарат копьютерді өшіргенше сақталады, ескі ақпаратты жаңа ақпаратпен ауыстырып отырамыз. Буфер көрінбейтін қалта сияқты, не салсаң, соны сақтайды, сұрасаң Ctrl + V барын береді. Word программасында 24 буфері бар, оның ішінен керектісін таңдап сұрауға болады, ол үшін меню Правка - Буфер обмена Office шертеміз.

Осы сияқты жауаптар қарапайым сұрақтарға беріоеді, ал күрделісі программалаудан болуы мүмкін.
31
Bolachak
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.01.2008
комментов: 324
Сообщение Пт Июн 27, 2008 11:43  
29 Адамбек мырза!
Дұрыс айтасыз.Мен де байқадым сондай жәйттарды. Көбісі компта ойнап отырады.
32
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 634
Сообщение Пт Июн 27, 2008 11:57  Компьютер сатып аламын дегенге
Студенттерге міндеті түрде арзан ноутбук алған дұрыс, арзаны 75000 төңерегінде тұрады, оған программа орнатамыз деп 85000 ға дейін апаруы мүмкін.

Арзан компьютерде кем дегенде 1 Гб - ОЗУ, 80Гб - хард, DVDR/W дв- дискіні оқып жазатын дисковод, dv - порт, RG45, RG11 коннекторларына а