 |
 |
|
 |
|
 |
|
080929 Портал государственного языка РК [276/5]
Ертур, 29 Сентября 2008 23:40:31
Сообщение о создании портала государственного...
|
080922 А. Нуршаихов. Истина и легенды. Диалог 1 из 11. [249/15]
Ертур, 22 Сентября 2008 18:26:40
Впервые в интернете публикуется первая часть книги...
|
080826 Многовекторная политика и труд Макиавелли [278/9]
Ертур, 26 Августа 2008 11:09:00
О книге «Государь» впервые узнал лет 10 назад, когда...
|
080825 Промежуточный отчет - таблица [209/0]
Ертур, 25 Августа 2008 18:05:23
|
080825 На пути к созданию своего КСК [280/4]
Ертур, 25 Августа 2008 15:44:24
О ситуации.
У нас в доме сложилась ситуация,...
|
080815 Неопровержимая логика по делу об убийстве Сталина [241/3]
Ертур, 15 Августа 2008 14:00:37
Источник: http://rutube.ru/tracks/
116700.html?v=992296a55d291407fe4a0ab135079f57
...
|
080523 Дружные ребята о казахском [437/11]
Ертур, 23 Мая 2008 11:59:54
В продолжение предыдущего блога. В комментариях...
|
080522 Про GTD и забавный самоучитель казахского языка для малышей [491/14]
Ертур, 22 Мая 2008 18:32:10
Один год назад наткнулся на книгу про GTD Дэвида...
|
080514 "Мен қалай екі адамды бір-біріне ғашық еттім" [582/5]
Ертур, 14 Мая 2008 12:07:09
На современном газетном рынке Казахстана мало...
|
080304 Аким выходит с открытым забралом [1110/11]
Ертур, 4 Марта 2008 10:05:34
Короткий блогопост.
Совершенно случайно...
|
071210 Назарбаев: "Мы не можем позволить себе отставать..." в области нанотехнологий [1112/23]
Ертур, 10 Декабря 2007 19:45:36
Статья «Назарбаев: "Мы не можем позволить себе...
|
071205 Об аудиоуроках казахского языка [1069/15]
Ертур, 5 Декабря 2007 14:13:47
Несмотря на название темы, таковых в Интернете пока...
|
071108 О посильном вкладе в будущее Казахстана [795/4]
Ертур, 8 Ноября 2007 02:43:44
Уважаемые дамы и господа!
Среди читателей этого...
|
070927 Заметки с лекции Норбекова [1715/16]
Ертур, 27 Сентября 2007 18:33:18
Заметки с лекции Норбекова (лето 2005г.)
Был на...
|
070927 О казуальной составляющей [1094/36]
Ертур, 27 Сентября 2007 12:03:36
В Интернете ведет свою деятельность один человек, от...
|
070921 Для совершенствующихся в казахском [1082/6]
Ертур, 21 Сентября 2007 19:17:17
Одной из причин низкой востребованности казахского...
|
070919 Статья "Мода на японский менеджмент" [1106/2]
Ертур, 19 Сентября 2007 19:40:08
На отличную статью наткнулся сегодня.
Мода на...
|
070907 А как воспитывать детей? [1011/7]
Ертур, 7 Сентября 2007 10:14:18
Совершенно случайно зашел в одну из вчерашних тем...
|
070820 Как стать депутатом в маслихаты? [1034/7]
Ертур, 20 Августа 2007 18:55:59
Не в Мажилис конечно же, сейчас это и так все...
|
070816 О фильме Жаралы сезiм [1531/21]
Ертур, 16 Августа 2007 19:09:04
Полтора месяца назад просматривая периодику,...
|
|
|
 |
080514 "Мен қалай екі адамды бір-біріне ғашық еттім"
[582/5]
На современном газетном рынке Казахстана мало газет на казахском языке сугубо развлекательных, с разными интересными для широкого круга читателей житейскими историями. Вернее, их вообще нет, за исключением газет одного южноказахстанского издательства, которое выпускает серию таких изданий как «АДАМ АТА - ХАУА АНА», «ЖҰЛДЫЗДАР ОТБАСЫ», «НЕКЕҚИЯР», «ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАЛАМ» и т.д.
Периодически покупаю их, так как там всегда можно найти современные жизненные истории, написанные простым разговорным языком. Полгода назад наткнулся в газете на одну статью, которая, думаю, будет интересна многим. Воспоминания человека о студенческом времени в КазГУ 80-х годов и о том, как он влюбил друг в друга двух сокурсников. :)
МЕН ҚАЛАЙ ЕКІ АДАМДЫ БІР-БІРІНЕ ҒАШЫҚ ЕТТІМ
КІРІСПЕ
Думанды қызығы таусылмайтын студенттік күндерді ойлап кетсем өлі күнге дейін жүрегім бір бұлқ ете түседі. Адам өмірі бірнеше кезеңнен тұрады ғой. Сол кезеңдердің ішіндегі ең қызықты, шоқтығы биігі - студенттік шақ. Ол Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтпақшы, "Махаббат қызық мол жылдар..." болатын. Сол жылдар ақырын-ақырын жылыстап, алыстап барады...
Бүгінгі күннің қызығы кешегі күннен асып төгіліп жатқан кез еді. Кеш жатсаң да ерте тұрып, улап-шулап жатақханадан шығып, әл-Фараби даңғылына қарай автобус аялдамасына шұбап жүріп кеп беруші едік. Аялдама мен жатақхана арасындағы даңғыл жолдың өзі думанға толы, махаббаттың таныстық жолы еді-ау. Кешкілік кітапханадан, кино-концерттен қайтқанда 61-ші автобустан түсе қалып, жатақханаға жеткенше осы қысқа ғана қара жолдың үстінде, талай қызықты кездесу, танысуларға куә болдық-ау. Қайран күндер-ай, киелі шаңырақ Қазақ Ұлттық университеті, атақты ғалым, университет ректоры болған марқұм Өмірбек Жолдасбеков ағай, барлық ұстаздар, сіздерге мың тағзым!
Ал бес қабатты жатақханалардың іші өзінше бір патшалық еді-ау. Алты алаштан, Отанымыздың түкпір-түкпірінен жиналған қыз-жігіттер өмірі, ұмытылмас бес жылын осы жатақхана ішінде өткізді ғой. Бір-бірімен танысып-білісіп, бір-бірінің мінез-кұлқын бүге-шегесіне дейін зерттеп, біте қайнасып кетуші еді. Бұл жаратылыста жатақхана ішіндегі думанды өмірден артық қызық бола қоймас, сірә...
Жатақханаға кіре берісте кезекшілікте отыратын вахтер апайлардың өзінен де тәлім-тәрбие алдық. Кіре берісте көңілдері күпті болып, көздері жәудіреп, таныстарына келіп ішке кіре алмай тұрған қыз-жігіттерді кіргізіп жіберіп, үлкен "абырой-атаққа" ие болып, вахтер апайға, "сіз ұйықтай беріңіз, өзіміз қараймыз" деп бір-бір атқа мініп шыға келуші едік-ау....
БЕРІК
1980 жылы КазГУ-дің тарих факультетінің бірінші курсына құдай оңдап оқуға қабылдандық. Ел жақтан келген елу бала бірге оқимыз. Оқуда болған соң, ұл да бала, қыз да бала ғой. Әскердің тәртібін көріп келген бір топ "сен түр, мен атайын" деген жігіттер жатақхананың бір секциясынан орын алдық. Жастары қатар, бірақ курсы жоғары шекесінен қарағандар бірте-бірте біздің ұранға қосылды. Бәрі шетінен спортшы, тәртіпті, еңбекқор, кішіпейіл, арақ-шараптан аулақ жүретін жігіттер еді. Әзіл-қалжың, күлкісіз минут өтпейтін күндер басталды да кетті. Ішімізде оңтүстік жақтан келген, аталарынан бастап қалада тұратын,өзі бір әкеден жалғыз ұл Берік деген мықты спортшы жігіт болды. Қолына бокс қолғабын киіп алып, жаттығу жұмысына кіріскенде аузымыз ашылып қарап қалушы едік. Әскерде мен де спортпен біршама айналыстым, ал бокс үйірмесіне апарған осы жігіт болатын. Беріктен мен көп үлгі-өнеге алдым, бойы толған бұла күш, қайтпас-қайсар ердің бірі бола тұра, өте аңқау, тез алданғыш, ақкөңіл жігіт болатын. Бірақ өзін аңқаумын деп есептемейтін. Керісінше, маған сен аңқаусың, басың онша істемейді деп күлетін. Екеуміз қатар жатамыз. КазГУ-дің жатақханасы басқа оқу орындарының жатақханасына қарағанда, жанға жайлырақ еді. Бекең екеуміз таңның атысы, күннің батысы біргеміз. Егіз қозыдай бір-бірімізден айрылмаймыз. Екінші курстың кезі, бір күні Берік басым ауырды деп кеш батпай жатып алды.
Көктемде КазГУ қалашығының бой түзеген шағын көрсеңіз,1 сұлулығын айтып жеткізе алмаспын. Тура жасыл жайлау, неше түрлі шөп, гүл, сан түрлі гүлдеген ағаштар иісінен қуаныштың, бақыттың, құшағында жүресің. Мәңгілік мейрам дерсің. Түп-түзу жолдар, екі қабатты асхана, үлкен дүкендер орталығы, кинотеатр, спорт аландары, кітапхана, емхана, әр жатақханадағы кішкене буфеттер, телефон автоматтары, фонтандар, гүл-зарлар т.б. бәрі бар. Өзінше қалашық, өзінше патшалық еді ҚазГУ қалашығы. Осының бәрі бүкіл еліміздің мақтанышы ғой. Сондай бақытты күндердің бірінде мен кешқұрым бесінші қабаттағы курстас, группалас қыздардың бөлмесіне көтеріліп, түннің жарымы ауғанша әңгіме-дүкенмен отырып қалдым. Біздің бұл қыздардай қыздарды мен осы күнге дейін кездестіре алмадым. Сол шақтағы санадан ерекше орын алып қалғандікі ме, әйтеуір ерекше болады да тұрады. Тәрбиелі, инабатты, ілтипатты, сөз түсінгіш, аңғарымпаз қыздар еді. Бөлме тазалығын айтып жеткізе алмаспын... Шымкент қаласынан келген Лаура мен Назира, Жамбылдан келген Алтыншаш, Қызылордадан келген Балым мен шелектік Балғындар бір-бірлеріне сай тәрбиелі сезімтал қыздар еді.
Міне, осы қыздардың жарқыраған бөлмесінен шығып, қап-қараңғы дәлізбен ақырын басып өз бөлмеме келсем, Берік өлі ұйықтамапты.
Ол кезде түн жарымында дәліздегі жарықты өшіріп қоятынбыз. "Мені тастап кеттің ғой" деп өкпелегендей, тамағын жөткірініп, ары бір аунап, бері бір аунап Бәкең сөл жатты да, ақыры шыдай алмай, "осы уақытқа дейін қайда болдың?" деп күңк етті.
АЙНА
Ойпырмай, қайдан ойыма келгенін бір құдай біледі, Берікті бір алдап, қатырмақшы болдым.
— Бәке десе, мен бір құпия естіп келдім дедім. Біздің топтағы бір қыз сендердің топтарыңдағы бір жігітке ғашық екен. Ешкімге тіс жармай жүріп, ақыры өткенде Алтыншаштарға сыр беріп қойыпты, — деп соғып жібердім. Бекеңнің мұрты жыбыр ете түсті. Ай сүттей жарық. Кең терезеден түскен сәуледен бөлме іші анық көрініп түр. Бекең шыдай алмады.
— Ол қай қыз? — деп маған қарай еңкейді. Екі төсектің арасы бір-ақ адым ғой.
— Өзің ойлан, кім деп ойлайсың деп ішімнен күлкі қысып, өзімді-өзім өрең ұстап, көрпе шетін қатып тістеп мен жатырмын.
— Ол қай қыз, айтсаңшы енді? — деп, Бекең төсегінен көтеріліп отырды. Кімді айтсам екен деп ойланып жатқан мен, біздің топтағы ең үздік студенттердің бірі, жүріс-тұрысы түзу, қаладағы әпкесінің үйінде жатып оқитын Айна деген қызды айтуды ұйғардым.
— Айна Бейсенбаева! - дедім ақырын көрпе шетінен сығалап. Бекең басын қақшитып көтеріп алды. Түсе бастаған маңдай шаштары жан-жаққа ыдырап, қап-қара мұрты едірейіп кетіпті.
— Ал, жігіт кім екен? — деді ентіге өрі асыға.
— Өзің ойлан, кім деп ойлайсың? — дедім ішімнен күлкі қысып.
Қайран аңқау байғұс, тобындағы өзінен басқа жігіттердің бәрін айтып шықты, айтылмаған өзі ғана қалды. "Ол емес, ол емес" — деп жатқан мен күлкіден әрең шыдап, ойпырмай өзімді-өзім қатты тартып ұстағандықтан ішектерім үзіліп кете ме деп қорықтым.
Төсегінің үстіне шоқиып отырып алған Бекең терезеден жарқыраған айға қарап отыр. Айтылмаған жігіттерден өзі ғана қалды. Қатып, сіресіп, сығалап Беріктің бет-аузын аңдып мен жатырмын.
— Енді кім-әй, айтсаңшы?! — деп қояды тағы. Не десем екен деймін. "Ол сенсің" деп тура айтсам сенбей қояды. Астарлап айтсам ба екен дедім де, тәуекел еттім.
— Ол бар ғой, Беке! Шынын айтқанда, сенсің! - дедім. Сол кездегі Беріктің қуанғаны-ай, өңінің өзгергені-ай. Сәл уақыт есі ауып қалған адамша қатып қалды. Бір уақытта мұрты жыбыр ете түсті де, ұйқысы шайдай ашылып, төсекке ұзынынан сұлап түсті де , "өй, қойшы-ей" деді. Мен сенесің бе, сенбейсің бе өзің біл дедім де, үндемей жатып қалдым.
Бекеңнен ұйқы қашты. Бір уақытта орнынан атып тұрды. Шамды жақты да айнаға қарап, шашын тарап, мұртын сипалады. Ыңылдап өн айтты, қуаныштан көңілі тасыды...
АУДИТОРИЯДА
Мен ұйықтап кеттім. Ертесіне сабаққа шықтық. Мен топ старостасымын. Берік екеуміз ең артқы қатарда отырамыз. Айна алдына таман, екінші қатардың ең шетінде отырады. Айна десе, айнадай қыз. Өзі педагогикалық училищені қызыл дипломмен бітіріп, оқуға түскен. Курста "оқу министрі" деген атақ-абыройы бар. Жатақханаға жылына бір келеді. Өзі қалада жақын ауданнан, сенбі сайын ауылына кетеді. Студенттер арасындағы той-томалаққа қатыспайды. Жартылай жұмбақтау жүрген адам, жалпы жүріс-тұрысы түзу қыз. Ойында түк жоқ Айна сабағын сартылдатып жазып жатыр. Аудиторияның артқы жақ төбесіне қарап тұрып дәрісін үзбей оқи беретін ағайдың сабағы еді. Сонда, мен "ағай төменде не болып жатқанын байқай ма екен?" деп ойлайтынмын...
Қасымдағы Берік те тұқжындап, қолынан келгенше өтірік болса да сабағын жазып жатыр. Беріктің бір жақсы қасиеті сабақ үстінде қыбыр-жыбыры жоқ болатын. Түп-түзу қалпында отыра беретін. Оған тиісетін, түртпектейтін мен едім. Оның сөзінен бұрын жұдырығы жүретін. Ондайда мен шалт қимылдап, қолымдағы қаламсапты Беріктің шашы түсе бастаған төбесіне тақай қоямын.
— Ал ұршы, тура сызып жіберемін! — деймін. Бекең амал жоқ жұдырығын жазады. Жалтырбасқа айқыш-ұйқыш сызылған сия оңайлықпен кете қоймайды ғой. Осылайша шекісіп отырушы едік...
Бүгін де тарих факультетінің елу студенті тым-тырыс сабақ үстінде. Жазуын жазып отырған Айнаның желкесіне тесіліп қарадым да отырдым, ал қасымдағы Берік бірдеңені сүйкетіп жатыр. Желкеңнен біреудің тесіле қарап отырғаның кім де болса, өйтеуір бір байқайды ғой. Бір уақытта Айна артына жалт қарағанда, қасымдағы Берікті тіземмен түртіп қалдым да, Айна жақты нұсқадым. Бекең де жалт қарады. Ойында ештеңе жоқ Айна болса қайта сабағына кірісті. Мен Бекеңе ақырын сыбырладым.
— Әне көрдің ғой, саған қарады, бұрын да ылғи осылай қарай беруші еді, - деп қойдым. Бекең бақыттан басы айналып, мас болып отыр. Мен тағы да Айнаға тесіле бастадым. Сәлден кейін Айна тағы да артына жалт қарады. Мен тағы да Берікті түртіп қалдым. Сөйтіп ақыры екеуінің көзін түйістірдім-ау. Осылайша екі-үш мәрте қайталадым. Бір уақытта Айнаның өзі артқа қарады да, маған "жындысың ба?" деген белгімен өз самайын саусағымен көрсетті. Оған тоқтайтын мен бе? Тағы да бір-екі рет Бекең екеуінің көз қарастарын тоқайластырдым. Берік шынымен сенді. Сенгенде де құлай сүйді. Содан бастап Бекеңнің күні-түні ойлайтыны да Айна, айтатыны да Айна болды. Осылай Беріктің махаббаты оттай лаулады. Досымның махаббатын қолдан жасағаныма өзім де таң қалдым...
ТҮЙІН
Сабақ үстінде Берік Айнаға қайрайды да отырады, ал үзілісте, қасына барудан қашады. Кеш бата маған тыныштық болмайтын болды. "Жүр, Айнаға телефон соғамыз" деп мазамды алады. Трубкадан Айнаның даусын естиді де, үндемей тұрып алады. Ал, Айна трубканы тастай салады. Осылайша күнде бес-алты рет телефон соғу әдетке айналды. Кейде жатақханадағы телефон істемей қалса, сонау төмендегі Темирязев көшесіне барамыз. Менің шыдамым бітті, бұл бәлені қайдан ойлай қойдым деп өкіне бастадым.
Осылай күндер артынан айлар өтті. Беріктің Айнаға деген махаббаты пісіп жетілді. Дегенмен, Айна мұның ешбірінен хабарсыз. Телефон соғатын адам да ол үшін жұмбақ күйінде қалды. Берік болса Айнаның жанына жолай алмайды. Талай рет Айнаға қарай итеріп те жібердім, бәрібір түк шықпайды. Диплом алып, жан-жаққа кеткенше Бекең, ішкі сезімін Айнаға жеткізе алмады... Сол іште сақталған күйі туған еліне аттанып кетті.
Міне, нағыз махаббат деп ойлаймын. Обал болды-ау деп, өз-өзімді кінәлі сезіндім. Сөйтсем, бір жыл өтіп, екінші жылға аяқ басқанда, күздің қатты жаңбырлы күні, киелі Қызылордадан тойға шақыру қағазы келді. Берік пен Айна отау тігіпті.
Батыр БӨДЕНЕЕВ,
Алматы облысы,
Жамбыл ауданы
Ақтерек ауылы
«Некеқияр» газетінен (жазылу индексі - 65135)
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Ср Май 14, 2008 15:24
Тәп-тәуір дүние...
|
|
|
 Ср Май 14, 2008 17:24
далбаса!!!
|
|
|
 Ср Май 14, 2008 17:34
Кей-кейде осындай шағын дүниелерді оқығың келеді-ақ. Сондықтан тәп-тәуір бастама аяқсыз қалмаса екен деймін
|
|
|
 Чт Май 15, 2008 13:11
Полностью согласна с Ертуром. У нас очень мало публикации на казахском языке, тем более для тех, кто изучает язык. Так сказать «жалпақ қазақ тілінде». Но, как видите такие люди как Ертур, пусть хоть и по чуть-чуть но исправляют такую ситуацию. За что ему рахмет. Забовно, с удовольствием прочла.
Қожамен келісемін, жалғасы боладығой деген ойдамын.
|
|
|
 Пт Май 16, 2008 15:04
Жазылған пікірлеріңе рақмет. Тағы ондай әңгімелер оқысам, әріне міндетті түрде жариялайм.
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 560084
Всего зарегистрированных пользователей: 14797
Последний зарегистрированный пользователь: ира
|
Сейчас посетителей на сайте: 38, из них зарегистрированных: 1, скрытых: 0 и гостей: 37 Зарегистрированные пользователи: apo
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (8328) Alty Alash (6366) kazak (5213) ангел (4266) Йода (3874) Wladimir (3681) Евгений Нечаев (3612) Я (3106) Салафи (2716) внучок (2609)
|
|
|