 |
 |
|
 |
|
 |
|
Динозаврлар соғысы филімі (Dragon War) қазақша - DVD сапасында жүктеп ал! [1/248]
JanTV, 12 Октября 2008 22:37:17
Қазақ тілінде Динозаврлар соғысы филімін DVD форматта...
|
Скачать мультфильм Хортон на казахском языке [5/352]
JanTV, 12 Октября 2008 12:21:40
http://rapidshare.com/files/153117603/Horton_pil__kazaksha.MP4
Сапасы :...
|
Если запретят российские каналы в РК, запротестует МИД РФ [31/546]
JanTV, 10 Октября 2008 19:31:30
В Министерстве иностранных дел РФ заявляют, что...
|
Скачать фильм Рэкетир (Казахстан) [6/508]
JanTV, 10 Октября 2008 15:06:27
http://www.tab.net.ua/sites/gallery/site_n ame.navigator/id.26888/
Сапасы : DVDRip
...
|
Скачай мультфильм на казахском языке: 38 попугаев (тотықұс) Мерить попугая (Тотықұсты өлшеу). [6/456]
JanTV, 26 Сентября 2008 17:52:51
Azhening_tarbyesin жүктеу (download) (скачать)
Boy_olsheuвш жүктеу...
|
Скачайте мультфильм на казахском языке (ДРУПИ 1-2). Ссылки [7/427]
JanTV, 24 Сентября 2008 22:03:38
Түпнұсқа атауы "Droopy dog: Wild and Woolfy"...
|
Droopy dog: Dumb-Hounded анималандырылған филім. Мен батырмын. 1 бөлігі. [1/242]
JanTV, 24 Сентября 2008 16:00:38
Қазақ тілінде DBD (Pal, FPS - 25, bitrate 3000, 3x4 ) форматында...
|
Кочевник: альтернативная версия [1/458]
JanTV, 12 Сентября 2008 04:00:48
|
Ажар Түзелбекқызы: Анаға хат [8/455]
JanTV, 10 Сентября 2008 20:16:59
Айнадан басқаларына коммент салуға тыйым салынады....
|
Айгүл Иманбаева Таңғы елес. [9/589]
JanTV, 10 Сентября 2008 03:42:48
Айнадан басқаларға коммент қалдыруға рұқсат...
|
Алла обращается к русскоязычным казахам [11/602]
JanTV, 6 Сентября 2008 21:33:24
|
Чао бомбина қазақша [1/403]
JanTV, 6 Сентября 2008 18:38:02
|
Друпи мультфильмi 4 бөлігі: түлкі аулау [0/289]
JanTV, 6 Сентября 2008 05:57:25
Зона бұзықтарына емес, балаларға арналады.
|
Қара жорға: Мұратбек Сарбасов. (Қазақ биі кілипі) [3/376]
JanTV, 6 Сентября 2008 05:38:30
|
Жыланды емдеу_Лечить удава (animated movie): қазақ тілінде [0/277]
JanTV, 5 Сентября 2008 21:25:36
38 тотықұс сериасынан.
Біткен іске сыншы көп, піскен...
|
Друпи мульфильмi 3 бөлігі Абақтыдан қашу: қазақ тілінде [5/335]
JanTV, 5 Сентября 2008 09:59:41
Біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көп...
|
Сені ойлап әні: 6 каналдық Dolby Digital AC3 5.1 форматта [25/567]
JanTV, 1 Сентября 2008 23:47:42
Бақыт Шадаева аруымыздың орындауында
"Сені...
|
Қызғалдақ әні: бес каналдық Dolby Digital AC3 5.1 форматта [5/349]
JanTV, 1 Сентября 2008 20:29:10
|
Ақ жауын әні - AC3 форматта [0/306]
JanTV, 1 Сентября 2008 18:07:21
|
Привет Ғалымжан это я Елена. Как снимают парней в Астане [17/967]
JanTV, 30 Августа 2008 18:28:47
|
|
|
 |
Тыныштық пен қауіпсіздік басты назарда
[430/5]
Сапарға шыққан кез келген жолаушыға бәрінен бұрын өзінің қауіпсіздігі қажет. Әсіресе, қазіргідей шақта темір жол көлігін пайдаланбайтын адам кем де кем. Жолақысын төлеп, жайлы орындарына жайғасқан олардың ендігі тыныштығы, тәртіптің сақталуы желілік ішкі істер бөлімдері қызметкерлеріне байланысты. Ал еліміздің Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары арқылы өтетін темір жолдар мен мекемелеріндегі қоғамдық тәртіпті көліктегі орталық ІІД қадағалайды. Осыған орай аталған департамент бастығы Темірбай АХМЕТОВ атқарып жатқан жұмыстары жайында айтып берген еді.
– Темірбай Біләлұлы, сіз басшылық ететін департамент қызметкерлері қадағалайтын темір жол учаскесі қанша шақырымды алып жатыр?
– Біз Ресей Федерациясының Оңтүстік – Орал, Батыс – Сібір учаскелерімен жалғасатын Қазақстанның 6363 шақырымнан астам негізгі темір жол аумағына қызмет көрсетеміз. Мұнда 210 бекет, 107 вокзал, 87 разъезд, 70 казарма, 46 түрлі нысандар орналасқан. Тәулігіне осы көліктегі орталық ІІД қызмет көрсететін темір жол учаскесінен 130-152 жолаушы пойыздары өтсе, күн сайын 20 мыңнан 25 мыңға дейін жолаушылар тасымалданады.
Көліктегі орталық ішкі істер департаментіне Астана, Павлодар, Петропавл, Қарағанды-Сұрыптау, Қостанай, Көкшетау, Атбасар, Есіл, Ерейментау, Қарағанды – Жолаушы, Балхаш, Жезқазған, Мойынты, Бурабай курорты, Тобыл, Құсмұрын, Екібастұз бекеттеріндегі және Астана мен Қарағанды қаласы халықаралық әуежайындағы бірнеше желілік ішкі істер бөлімдері, онымен қоса кішігірім бекеттерде орналасқан 31 желілік полиция пункттері қарайды. Демек, аталған департаменттің атқаратын қызмет ауқымы өте кең. Ал оның маңыздылығына келсек, қызмет көрсету учаскесінде 10 әуежай бар, оның 2-і халықаралық бағыттағы әуежайлар болып табылады.
– Тәртіп бұзып, қылмыс жасайтындар саны кеміді ме, өсті ме?
– Ағымдағы жылдың бірінші жартысында 585 қылмыстық іс қозғалып, тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға өскен. Әрине, біздің қызмет көрсету аумағында кісі өлтіру, қарақшылық сияқты қылмыстың аса ауыр түрлеріне жол берілген жоқ. Ауыр қылмыстардың саны 11,6 % - ға қысқарды. Іздеуде жүрген 20 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар, 57 есірткі өткізу және 16 есірткі контрабандасы фактісі тіркелді. Заңсыз есірткі айналымынан 43 кило әр түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 229 гр героин алынды.
Жұмысты талапқа сай ұйымдастырып, тәртіп бұзушылықтың алдын алудың арқасында көптеген қылмыс түрлері азайды. Мәселен, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар 3,6%-ға, балалар бұзақылығы 33,3%- ға төмендеді. Елімізге келіп-кету заңын бұзған 1321 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 109-ы республика аумағынан тысқары шығарылды.
– Жұмыс талапқа сай орындалу үшін соған сай жағдай да жасалынуы керек. Бұл орайда желілік полиция бөлімдеріне қандай көмек беріліп жатыр?
– Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде барлық желілік полиция пункттері күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңа жиһазбен, құралдармен жабдықталды. Ал “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ - тан 13 000 000 теңге қаражат бөлініп, ол ақшаға департамент қажеттілігіне ВАЗ-21214 жеңіл автокөліктер сатып алынды. Жаңа автокөліктер барлық желілік полиция пункттеріне таратылып берілді.
– Атқарылған істерге тоқталып өтсеңіз.
– Жалпы, үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап, көліктегі орталық ІІД жаңа бір бастаманы жүзеге асырды, яғни жолаушылар пойызында азаматтарды қабылдау шарасын жүргізді. Департамент басшылығы және желілік ІІБ бастықтары жолаушылармен 250-ден астам кездесулер өткізді. Бұндай кездесулерде азаматтар пойыз ішінде қызмет көрсету сервисі мен жолаушылардың қауіпсіздігін қорғау мәселелеріне қатысты өз ұсыныстары мен өтініштерін білдіруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, департамент құрылымына штаттық өзгертулер енгізудің арқасында Жезқазған қаласының әуежайында және Вишневка бекетінде, Ресеймен шекаралас жатқан Шарбақты поселкесінде жаңадан желілік полиция пункттері құрылды. Көлік полицейлері темір жол бойында жолушылар қауіпсіздігін сақтауда міндеттерін абыройлы атқарып жүр деп айта аламын.
– Әңгімеңізге рахмет!
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Чт Авг 21, 2008 23:59
Бізге білінбейтін жұмыс. Істеп жатса істеп жатқан шығар.
|
|
|
 Пт Авг 22, 2008 11:37 Мақаланы былай аяқтау керек еді.
-Алдағы уақытқа қандай жоспарларыңыз бар?
-Елбасының алдымызға қойған міндеттерін жүзеге асыра отырып,алдыңғы қатарлы елу елдің сапына қосылу үшін бар күш жігерімізді аямай еңбек етуіміз керек. Олүшін бізге барлық мүмкіндік жасалған.НұрОтан партиясының басшылығымен әлі де үлкен жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.
|
|
|
 Пт Авг 22, 2008 12:59
Бұлар болмаса тәртіп те болмайды.
|
|
|
 Пт Авг 22, 2008 13:32
Жігіттер істей берсін.Оларды айтып отырған жоқпын.
Мәселе мақалада. Баяғы жартас сол жартас.Біздің журналистика тоқырау заманында қалып қалған сияқты.
|
|
|
 Пт Авг 22, 2008 19:33
Грузиядағы соғыс Қазақстандағы саяси процесстерді жандандырады және режимнің құлауына әкеледі. Бұл халыққа жақсы үрдіс. Грузияға инвестиция төгілсе де ол ақшадан халыққа қалай болса да пайда жоқ.
|
|
 |
|