RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: Karishal
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Просто люди
  Журналисты
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи

Просто люди
 Адилет Бостанов – гражданин РК
 Я
 Максим К.
 Дневник Евгения Нечаева
 Galym Ageleuov
 Ертур
 Greed is Good - Айдан Утепов
 Капитан
 Майя
 Алмаз Браев
 Анатолий Жапаров
 ЕвроКазах
 Бала
 ELSERIK
 Rand
 историк
 Mikkia from Nazaret
 Еркен
 WXYZ
 Гроссмейстер
 Сократ
 Bingo Boy
 Ядовитоёж
 п-к Ржевский
 Vmeste.kz
 Diaxe Argus
 внучок
 Коржик
 Робот-Бобот
 ibn Beybars
 Дервиш
 Kosnazar
 KazAgent
 Marso
 блог Луарвика
 ангел
 Диаспора
 Маркетолог Утя
 Смагулова Аида, хирург-офтальмолог
 Golem
 Kamikadze
 Борзописец
 техас
 Барсакелмес
 Wladimir
 Жангир Алимулы
 «Пресс-центр»
 Захария Бортиков
 ЁжЫг
 mr. woordalak
 Досымкулов Рустем
 Cat_D
 Русский казах
 ER-KOKSHE-ER
 Мурат
 asan-kaygy
 Мусапiр
 Englishman in KZ
 Ильяс Мамырбаев
 Всеволод Лукашев
 Айна Айтжанова
 Курман Садуакас
 Кочующий кактус
 БлоК <Смотрящего>
 Hentaurus
 Zidan
 seri
 Karishal
 Ежик в тумане
 Алия Мамбетова
 Атас
 Берик
 angel-noo
 Евразий
 Rodrigo Moro
 Haus_MD
 bolatbekb
 мадам баттерфляй
 balken
 Dinmukhamed D
 ibragim
 Doroga_Almaty
 Астра
 Akhmediyarov_Maratzhan
 ugol
 X-core
 Elmir
 артуш
 Bolat Saquli
 Alash Clearwater Revival
 buzoter
 Aversus
 Auleshka
 Реалии жизни

Karishal
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ ҚАРСАҢЫНДА [3/570]
Karishal, 17 Июля 2008 12:22:12
...

Дата публикации: 2008-07-17 12:22:12

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ ҚАРСАҢЫНДА

[570/3]

Кәрішал АСАН-АТА,
Қазақ оппозициясының ақсақалы

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ ҚАРСАҢЫНДА

« И море все волнуется,
И люди,
А бури нет...»
Иосиф Бродский.

– Құрметті Кәреке, Сіз жасөспірім шағыңыздан-ақ қатарластарыңыздың бәрі «Біз ең бақытты елде туғанбыз, енді коммунизмде өмір сүретін боламыз»-деп, бақыттан бастары айналып жүргенде, сол «тамаша» қоғамға сын көзімен қарағандығыңызбен ерекшеленген едіңіз. Сол сыншылдығыңызды одан кейінгі уақыттардың ешқайсысында да өзгертен жоқсыз. Ал енді бүгінгі қоғамымыздағы жан-жағымыздың бәрін «нұрландырып» бара жатқан «жарқ-жұрқ» еткен «шұғыла» туралы не дейсіз? Оның бәрі қайдан таралып жатыр? Аспандағы күннен дейік десек, баяғы Сталинге тең таппай қиналған Жамбыл атамыз айтқандай, «Шыққан күндей дер едім, күндіз бар да, түнде жоқ. Туған айдай дер едім, түнде бар да, күндіз жоқ!» Ендеше, сол жыр алыбы Жамбылдың өзі тұрақтандыра алмаған күндіз-түні жарқыраған нұр қайдан пайда болды? Ол нұрды қалай түсінесіз?
– Бұны түсіну үшін ерекше сәуегейліктің қажеті жоқ. Жалпы түптеп келгенде, сөздің сөлі, нәрі болса, болмаса, негізгі құндылығы оның нұрлылығында емес, шындығында болса керек. Оны білу үшін тағы да тым алысқа ат сабылтпай-ақ, айналамызға көз жүгіртелік: Нұрлылық нені айтады? Әлбетте, ол «Нұрлы болашақ», «Нұрлы жол», «Нұр Отан», «Нұр Астана», «Нұр Банк» тағы тағылар. Енді осы кеңістікте тұрып алып, Сіз: «2030-ға дейін қой үстіне боз торғайды жұмыртқалатамыз, оған дейін дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіреміз»- дейсіз. Ал сіздің жанкешті жантықтарыңыз онан да асырып; «Бұл – Нұрсұлтанның нұрлы жолы»,– дейді. Ал шындық нені айтады? Ол: «Президент мырза, неге өтірік айтасыз?» – дейді. Әйтпесе тоқырау қайдан пайда болды, баға неге күн санап өсіп барады? Егер біз сіз айтқандай, қарқынды дамып бара жатсақ, неге сыртқа 104 миллиард доллар қарызбыз? Есіңізде болар, әлемге сверхдержава болып танылған Кеңес Одағының өзі сыртқа 17 миллиард доллар ғана қарыз болған. Оны Ресей өткен жылы өтеп бітті. Ал біздің сыртқы қарызымызды қазақстандықтардың жан басына шаққанда, 7 мың доллардан келеді екен. Біз осы қарызды қалай өтемекпіз? Әрі бұл деген халқының саны 20 миллионға жетпеген мемлекеттер арасындағы рекордтық көрсеткіш көрінеді. Осынау 104 миллиард доллар болатын қыруар қаржыны сіз қайда жібердіңіз? Оған сіз әуе кемелерін алдыңыз ба, шет елдерден виллалар алдыңыз ба? Егер жаман айтпай жақсы жоқ, сіз өліп кетсеңіз, қара табан қазақ мұнша қарызды қалай өтемекші? Әрі сіздің жеке байлығыңыз күйеу балаңыздың айтуынша, бүкіл Қазақстанның бюджетінен көп көрінеді. Ақшаны дүние жүзінде тықпаған аралыңыз қалмапты. Оған симаған соң, Ақорданың подвалын долларға толтырыпсыз. Оған халық сенеді. Халықтың бірі – мен, мен бұған сенемін.
Үйткені, өзіңізбен үзеңгілес жүрген, кезінде сіз үшін арын сатып, Алматы облысының қыз-келіншектерінің құлағындағы сырғасын, білегіндегі білезігін жинаған Заманбек Нұрқаділов ініміз Алматыда өткен (сәуір 2004) ОБСЕ жиналысында сіздің шет ел банктерінде 80 миллиард долларыңыз бар деген болатын.
Бұл кезінде «Немецкая волна» радиосынан беріліп, Алматыда шығатын «Қазақстан» газетінде жарияланған-ды. Бұл ақша қазіргі таңда 100 миллиардтан асып түскен болар? Демек, сіз бүгінгі әлемнің ең бай адамына айналдыңыз. Бұған не дейсіз?
Президент мырза, күйеу балаңыздың айтуынша, Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтірткен өзің екенсің. Оған басқалар сенбесе де мен сенемін. Үйткені сенің қылмысың тек бұл емес. Оны білетін куәлар жеткілікті. Бұл – істің үстіңгі қатпары ғана ғой. Егер скважина төмендей берер болса, сіздің 20 жылғы қылмысыңыз айқындала түседі. Оған қам жеме, халық бәрін біледі. Халықты ақымақ санауға болмайды. Егер осы айтылған жағдайлар анықталса, сіз тек соңғы 28ғана емес, тіпті толып жатқан кезекте тұрған жүздеген жылпостар айтып жүргендей, жоқ жерден Вашингтон, Ататүрік, Дэн Сяопин, де Голль болсаңыз да ендігі жерде Қазақстанның президенті болуға еш моральдық құқыңыз жоқ. Әрі, айта кететін жағдай: бұрынғы қылмыстарыңыз бұдан да асып түседі. Оны өзіңіз жақсы білесіз.
- Кәреке, бұл әңгімеңізге қарағанда, сіздің ой-санаңызда көптеген арман-мақсат тұнып тұрған сияқты. Кеңес Одағының өзге республикаларының бәрі егемендігін жариялап, одақтың құрамынан әлдеқашан шығып кетіп жатқанда, Қазақстан Ресейдің етегіне жармасып, бөлінгісі келмей жанталасқаны есіңізде болар. Бірақ Ресей Қазақстанды «ескі жұртқа» тастап кетті. Әлбетте, сіз күткен әділдік төбесін көрсете қоймады... Сөйткенмен, жалғыз мен емес, оған қазақстандықтардың баршасы куә ғой, әрі, Кәреке, жұрт сізді Қазақстанның тұңғыш диссиденті дейді. Бұл сөзді қазақшаға аударсақ, «басқаша ойлайтын адам» деген мағына береді екен.Бұл жерде әңгіме сіздің басқа мәселелер жөнінде емес, қоғамдық құрылыс туралы көзқарасыңыздың басқашалығы жайында болар.? Сонда басқаша ойлауыңызға не себеп болып еді?
- 1952 жылы ҚазПИ-ге түскенмін. Сабақтың басталғанына біраз ғана күн болғанды, Тимоско деген профессор «Марксизм-ленинизм негіздері» деген пәннен институттағы барлық факультеттің студенттерін қосып лекция оқып, партияның ХІХ сьезі болатыны туралы айтты. Соңынан «Кімнің сұрағы бар?»-деді. «Менің сұрағым бар,-дедім мен.- Сталин жолдас бүкіл дүние жүзіне әйгілі, халықтардың көсемі. Ол кісі Бас хатшы. Негізгі баяндаманы ол кісі жасамай, оны Маленковқа неге берді? Ол кісі Ленинге ұқсап үкімет басшылығында қалып, партия жұмысын жастарға берейін дегені ме?» – дедім. Бірақ профессор жауап беріп үлгерместен, қоңырау болды да бәріміз жапа-тармағай далаға ұмтылдық. Бұл жұма күні еді. Содан дүйсенбі күні сабаққа келсек, бір профессор қайтыс болды деп, курс жетекшіміз бәрімізді қоштасуға алып барды. Сөйтсек, өткен жұмада ғана дәріс оқыған, әрі мен сұрақ қойған профессор! Есмурзин деген курстасым бар еді, құрметті қоштасу рәсімін жасап, марқұмның денесін айналып бара жатып: «Бұл профессор сенің әнеу күнгі сұрағыңды көтере алмаған ғой», – деп сыбырлады.
Иманым тас төбеме шықты. Ол кезде заң қатаң. Ұстаздарыма жарты жыл бойы сұрақ қоюға қорқып жүрдім. Сол жарты жылдан кейін Сталиннің өзі өліп қалды. Одан кейін елде өзгерістер болды. Содан кейін қайтадан сұрақ қоятын болдым.
Сөйтіп жүргенде ХХ сьезд болды, ол біраз жаңалықтар алып келді, кішкене еркін сөйлеуге мүмкіндік болды. Сол кезде Партия тарихы институтының директоры Нұрымбек Жанділдин деген профессор бізге Философия тарихынан сабақ берді. Сол сабақтың үстінде Венгрия оқиғасына байланысты әлгі кісімен айтысып кетуіме тура келді. Үйткені менімен мектепте бірге оқыған Құдайберген деген жігіт Ульяновскіде танк училищесін бітіріп, Германияда қызмет етіп жүрген болатын. Әлгі жағдайға байланысты солардың танк бөлімшесін Будапештке кіргізген ғой. Сонда көшедегі ұрыста танкке оқ тиіп, ішіндегілер түгелімен жанып кеткен. Артында екі баласы жетім, әйелі жесір қалды. Соны айттым. «Біз бір елге барып, осындай зорлық жасап жатырмыз. Осы тура ма? Соғыс болып жатқан заман емес. Бізбен тілеулес демократиялық елге әскер төккеніміз қалай?»–десем, Жанділдин ашуланып: «Сен қазір білгішсініп, жылы дәрісханада отырып алып сұрақ қоясың. Ал Қазан төңкерісі болып, Кеңес өкіметі орнамағанда, сен далада қой бағып жүрер едің»– деді. Мен айттым: «Ол шындық қой, бірақ, мынау да шындық. Әр нәрсені өз уақтында қарау керек қой. Диалектика деген осы емес пе? Ол заман – басқа заман, қазіргі заман – басқа, осы тұрғыдан қарау керек»–дедім. Сөйтсем, профессор ашуланып, сабақтың аяғында шығып кетті. Сол себеп болып, әрі басқа да жіберген қателерімді ескеріп, мені сенімсіз студент ретінде институттан шығарып жіберді.
– Орталық Комитетке бара сап қазақтың ата-бабадан келе жатқан қарт домбырасына, сан ғасырлық тарихын шанағына құйып алып, ұрпақтан ұрпаққа шежірелі сыр етіп шерткен домбырасына шабуыл жасаған Жәнділдин үшін көк шыбықтай солқылдап тұрған жас жігітті оқудан шығарып жіберу не тұрады, тәйірі. Одан кейінгі өмір жолыңызды қалай жалғадыңыз?
– Біраз жүрген соң, облыстық білім бөліміне барып ем, Кегенде орын бар екен, соған жіберді. Сөйтсем, сол жолы менен 5-сыныпта Заманбек Нұрқаділов оқыпты. Оны кейін Мэр қызметінен кеткен соң, бір кездескенде, өзі айтты. Бірақ мен Кегенде көп істемедім. Н.Жанділдін ОК-комитетке хатшы болысымен көп ұзамай мені Ректор Мәлік Ғабдуллин институтқа қайырып алды.
Мен М.Әуезов атындағы институт алғаш құрылғанда, кіші ғылыми қызметкер боп Кеңес әдебиеті бөліміне кірдім. Сонда көрнекті әдебиетші-ғалым, Есмағамбет Исмаиловтың хатшысы сияқты жүрдім. Ол кезде Әбділда Тәжібаев кіші ғылыми қызметкер болып келді де тез арада кандидаттық, одан әрі көп ұзатпай докторлық қорғады. Сол кезде Рахманқұл Бердібаев, Айқын Нұрқатов, Мырзабек Дүйсенов, Тұрсынбек Кәкішев тәрізді сайдың тасындай талантты жігіттер істеді.
Мен Саттар Ерубаевтан кандидаттық қорғамақ болып, тақырыпты бекіткізіп алдым. Бір күні партия жиналысы болды. Мені соған хатшы етіп, хаттама жазуға отырғызды. Жиналыс ет пен майдың қымбаттауы жөнінен болды. Біздің қызметкерлер шетінен мінберге шығып не дейсің қымбаттағаны дұрыс болды, бұл партиямыз бен үкіметіміздің көрегендік саясаты. Бұның қазақ халқына тигізетін пайдасы көп деп мақтай бастады. Қымбаттағанның пайдасы көп дегенге мен түсінбедім. Бір уақта мен де сөз сұрадым да мен қарсы сөйледім. Мен айттым: «Бұған келісе алмаймын. Үкімет пен партияның шешімі болса да тура шешім емес. Үйткені өткен күзде ғана ХХІІ партия сьезі болды. Онда 20 жылда коммунизм орнайды деген болатын. Егер солай болса, оны қымбаттатудың не керегі бар? Қайта арзандау керек қой, жыл сайын аз да болса, арзандау керек. Сталиннің тұсында тұзға дейін арзандады.«Қазір коммунизм орнатайық деп отырғанда қымбаттатып, оны мазақтауымыз келіспейді»–деп, мен қарсы шықтым. Әйтсе де ол уақтағы менің эмоцияға толы сөздерім шындықпен ұштасып жатыр екен. Мен оны кейін білдім.
Соның артынан екі-үш ай өткенде аппаратты қысқарту науқаны басталды да, мені бірінші кезекте қысқартып жіберді. Мен үндей алмаймын, жас жігітпін, анау-мынау еңбегім жоқ, келешекте қатырамын деймін бе, ыңғайсыз.
Десе де бұның бәрі менің әлі саналы түрде күресуге жетпеген кезім. Шындық болмаған жерде әділдік болмайды ғой. Соған байланысты, шындық емес екенін байқаған заматта көңілде атой салады да өз пайымыңды айтасың. Менің әккі тәсілден тыс түйсікпен жүргізген осындай күрестерім тәжірибе болып жинақтала берді.
– Қысқасы, алдағы қадамыңызға, партияның ХХІІІ сьезіне хат жазуыңызға алып келген халқымызға жүргізіліп жатқан осындай әділетсіздіктер болды ғой?
– Тап солай. Генерал Лебедьтің естелігінде сол кездің шындығы қаймағы бұзылмастан көрсетілген. Сол ет пен майды қымбаттату кезінде ол Новочеркасскіде тұратын жас бала екен. «Талдың басында отырып көрдім, бағаны қымбаттатуға наразылық білдіріп көшеге шыққан елді солдаттар атып қырып салды» – дейді ол балалық шағында көргендері туралы.
Сол 1966 жылы менің тұңғыш кітабым шыққан еді. Бірақ, мен өзмнің жазушылығымнан гөрі халқымның келешегін жоғары бағаладым. Мен ол кезде Қазақстан Кинематография председателінің көмекшісімін. Екі тілдімін. Сондықтан сыйып жүрдім. Ал орысша білмейтін көптеген қазақ жігіттері тек редакцияларда болмаса, істей алмайды. Ақылды, алғыр жігіттер орыс тілі талап етілетін жерде істей алмайды. Сондайларды көріп, қапа боласың.
1964 жылы Хрущевты алып тастаған алғашқы кезде магазинге бәрін төгіп қарық қылды ғой. Хрущевты түсірердің алдында магазинге түк бермегенін Хрущев байқамаған. Оның жанында жүргендер қиындатып жіберді ғой. Тыңның астанасы Алматыға ақ нанды Мәскеуден тасып, өзімізде тек қара нан ғана шығатын болды.
– Есімде, ақ нан дүкен сөрелерінің бір шетінде ғана болатын. Ол асқазанының кінәраты барларға арнайы дәрігердің рецептімен жарты бөлкеден ғана берілетін. Оны нан сатушы өзіндегі журналға белгілеп қойып жататын. Соған қарағанда, ақ нан алуға құқы барлар белгілі бір дүкендерге бекітіліп берілген болса керек.
– Сондай жағдайға жеткенбіз. Хрущев түскен соң, жағдайды жақсартты. Сонан кейін біз қатырамыз деп, ХХІІІ сьезді шақырды ғой. Сол кезде Қазақстанда біраз кадрлық өзгерістер жасады. Мықты-мықты деген жігіттердің бәрін тайдырып, әуелде орыс, немесе шалақазақ боп келетіндерді жауапты қызметтерге ала бастады. Бұл әрекеттер маған Қазақстанда қазақтарды жойып жатқандай көрінді. Қазақтар өз елінде өгейдің күйін кеше бастады. Содан кейін облыстарды қосып жіберді. Ол кезде мен Талдықорғанда облыстық комсомол комитетінде істейтінмін. Оны Алматы облысына қосқандықтан, Алматыға келіп, өз бетімше қазақ телевидениесіне орналасқаным бар. Онда да екі тілділігім көмектесті.
ХХІІІ сьезге «Өз халқымның тағдыры туралы ойлар» деген хат жібердім. Оған себепкер Қазақстаннан қуылған Саломенцевтің Ростов обкомына бірінші секретарь боп кеткенімен қоймай, Венгрияға делегация басқарып кеткендігі болды. Сол жайында «Правда» газетінде шағын хабар беріліпті. Ал мұнда ол морльдық азғындыққа барып, Григоренко деген дәрігермен интимдік қатынаста болып, біреудің отбасын бұзғаны үшін айыпталған болатын. Бұл жағдай Исмаил Юсуповтың естелік кітабында жазылған. Осындай азғындарды қолдайды да Тәшенев сияқты халқына адал перзентін алып тастайды. Оның бар жазығы Қазақстанның алты облысын Ресейге бермеймін дегені ме? Байқасаңыз алыстаған сайын ақиқат айқындала түседі. Ол бүгінгі биіктен көрініп тұр . Жұмекеңнің сол ауыр заманда өткізген қиын да болса құнды өмірі келер ұрпаққа айырықша мектеп болмақ..Тіпті, түсінгенге Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің елі үшін істеген осынау теңдесі жоқ ерлігі мен өнегелі өмірі біздің бүгінгі ұлттық идеямыз емес пе?!. Сол сияқты Нұрмолда Алдабергенов үшінші жұлдызға ұсынылғанда(оны да ұсындырған Тәшенев болатын) ағамызды керісінше колхоз бастығы қызметінен алып тастады. Парадокс осыған дейін 1960ж. кәзіргі тәуелсіздік таңынан 31 жыл бұрын Алдабергенов АҚШтың қаржы министрі Диллонның: « Қазақтар орыстарға жұмыс істейді» деген айыбына халықаралық Прагадан шығатын «Время» журналының бетінен дәлелді фактілер арқылы: «Қазақтар орыстарға емес, өз республикасының өркендеуіне, келер ұрпағының бақыты үшін еңбектенуде» деп тұжырымды жауап берген болатын. Нұрмолда ағамыздың осы көрегендік сезімінен туылған ақиқат енді бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның өмір айнасынан анық көрініп тұр емес пе?! Одан кейін Қазақстан комсомолының хатшысы болған Қанафин деген белгілі қайраткерді Мәдениет министрі қызметінен алып тастады. Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы болған Сағындық Кенжебаевты Тың өлкесі партия комитетінің екінші хатшылығынан алып тастады. Бұлар – жоғары лауазымды қызметкерлерге жасағандары. Ал одан төмендегілер де тыныштық тапқан жоқ. Барлық жерде қазақ басшыларын қудалап, орындарын орыстармен алмастырды. Әсіресе, Солтүстікте. Онда қазақ мектептері түгелге жуық жабылды.
– Қазіргі кезде орыс тілді қазақтардың пәлен пайызға жетіп отыруы соның салдары ғой. Мен республикалық радиода қызмет етіп жүріп, 1970 жылы егін орағы кезінде күн сайын эфирге шығарылатын «Ақ бидай» бағдарламасына материал жіберіп тұру үшін Қостанай оьлысында бір жарым айға жуық іссапарда болған едім. Сонда өз көзіммен көрдім, 100 пайыз қазақтар тұратын ауылдық желерде тек орыс мектептері. Репортерыма қазақша сөйлеп беретін адам таппай қиналғаным есіме түссе осы уаққа дейін өзегім удай ашиды.
– Соның бәрі жүрекке жиналады ғой. Өзіңізге аян, ол тұста мен көмекшімін. Хатты сол жерде отырып жаздым. Орталық Комитет мүшелері мен Жоғарғы Кеңес депутаттарының құпия тізімдері мен олардың телефондары бар. Олар төрағада болғандықтан, көмекшіде де болады. Біреуге телефон шалу керек, біреуге бірдеңе айту керек дегендей. Соны қарап отырсам, ол тізімдегілердің отыз пайыздайы ғана қазақ та өзгесінің бәрі орыстар. Қазақстан емес, Ресей сияқтанып кетіпті. Содан кейін біздің тағдырымыз не болады деген оймен, «Думы о судьбе своего народа» деп, орысшалап жаздым. Ол 1994 ж. сол күйінде «Желтоқсан»газетінде басылды. Кейін оны Арыстанбаптың он тоғызыншы ұрпағы Яхия ағамыз қазақшалады. Сайып келгенде, бұл хатты мен 1932 жылы ашаршылықта қырылған қандастарымыздың рухына арнаудан бастадым. Өйткені, 1932 жылдың зұлматы қазақ халқын құртуға бағытталған, мемлекет дәрежесінде жүргізілген Сталин мен Голощекиннің геноцид-холокосты еді. 1932 жыл шын мәнінде қазақтың генофондын жоюды көздеген әдіснама болатын. Демек, қазақтың өзі де, тілі де орталықтағы басшыларға керек емес еді. Оларға керегі тек қазақтың асты да, үсті де бай жері болатын. Сондықтан да олар, әлбетте, біреудің жоғын біреу ән салып жүріп іздейтінінің кейпіне көшті. Сол кейіпте біз күні бүгінге дейін ұйқылы-ояу теңселе мүлгіп келе жатырмыз. Ал қазақ тілі де сол қалпында, көп дегенде, көркем шығарма жазатын адамдарға ғана керек сияқты. Содан кейін мал бағып жүрген шопандарға керек. Соны айттым. Қазақ тілді журналистер мен шопандарға, ауыл адамдарына ғана керек. Баяндама, іс жүргізу, хат-хабар алмасудың бәрі орыс тілінде. Бұл не сонда? Біздің тіліміз – бай тіл, Абайдың тілі, ешбір тілге есе бермейтін тіл. Сөйтсе де ол ешкімге керегі жоқ болғаны ма? – дедім.
– Сонымен, ол хатыңыздың нәтижесі не болды?
– Сол хаттың нәтижесінде Қонаев Саяси Бюро мүшелігіне кандидат болды. Оны маған Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы Октябрьдің 40 жылдығы атындағы колхоздың председателі Головацкий айтты. Ол ХХІІІ сьезге делегат боп қатысты ғой. Старейшиналар жиынында Брежнев бір хатты көрсетіп тұрып: «Елден осындай хаттар түсіп жатыр. Қазақстан – үлкен республика. Ол республикадан Саяси Бюрода ешкім жоқ. Мен Димаш Ахметұлын Саяси Бюроға кандидат етіп ұсынбақпын» – депті. Оны екеуміз ұшақта кетіп бара жатқанда айтты. Мені СОКП Орталық Комитетіне шақырған да ол Бүкілодақтық колхозшылар сьезіне бара жатыр екен. Екеуміздің билетіміз қатар орындыққа алыныпты. Маған билетті Орталық Комитеттің кассасынан алып берген болатын. Ол да билетті сол кассадан алса керек. Мені үлкен Цэ-Ка шақырған соң, мұндағы кіші Цэ-Ка бәрін жасап берді ғой маған. Сонда бара жатқанда, әңгімелесіп отырғанда айтқаны. Бірақ менің жазған хатым екенін білмейді ғой. «Осындай бір хатты ұстап тұрып, Брежнев: «Думы о судьбе своего народа» деп біреу жазыпты» – деді. Ол хатқа мен «Халықұлы Қазақбаев» деп, бүркеншік ат қойғанмын. Үйткені аты-жөніңді жазсаң, неше түрлі құқайға тап боласың.
– Шындап іздесе, аты-жөніңізді қанша жерден бүркесеңіз де тауып алмай ма?
– Алғашқы кезде таба алмады-ау деймін. Кейін облыстық партия комитетіне барғанымда тапты. Содан кейін соңыма түсіп алды да Қоғамдық ғылым академиясына түсіп тұрған жерімнен оқуға жібермей, қызметтен шығарды. Осыған байланысты министрліктегілер пьесамның қойылуына тосқауыл қойып, өзімді қудалауға түсірді.
– Қонаев Саяси Бюроның мүшелігіне кандидат болғанын тап сіздің хатыңыздың нәтижесі екенін білді ме?
– Анау старейшинаның жиынына қатысқанда өзіне айтқан шығар. Айтқанда да Халықұлы Қазақбаевтың мен екенімді қайдан білсін. Анау Алдабергенов пен Тәшеневтың біреуі жаздырды ма деп ойлауы мүмкін. Үйткені, хатта олардың аты-жөндері аталған болатын. Сол сияқты қызметтерінен орынсыз тайдырылған Қанафин, Кенжебаев сияқты қабілетті жігіттердің елге пайдасын тигізетін адамдар екенін жазғанмын.
– Біреудің от басын ойрандаған зинақорлығы үшін Қазақстаннан шерменде боп қуылған Соломенцевті жазған жоқ па едіңіз?
– Оны жаздым ғой. Осындай адамды қалай өсірді? Ал енді жақсы жұмыс істеп жүрген қазақты қудалайды. Тілге тиек болған сол Саломенцев болды.
– Ал енді Қазақстан басшылығымен күреске қалай шығып жүрсіз, оның себебі не?
– Оның себебі, менің қабылданған пьесамды сахнаға қоймайды, өзімді қудалайды.Өзімді фельетонға шығартқызды. Оны Цэ-Каның хатшысы Имашевтың тапсыруымен істеткен мәдениет бөлімінің меңгерушісі Михаил Есенәлиев дейді айтушылар. Содан олармен айқасып, соңынан Есенәлиев те, Имашев та менен кешірім сұрады. Мен Брежневке жазғаннан кейін екеуі де қабылдады. Бірақ, Димекең қабылдаған жоқ. Димекең мені сәуір пленумынан кейін өзіне арыз жазып жібергенімде, жақсы резолюция қойып, пьесамды «Жұлдызға» шығартқызып, театрға қойғызамын деп, бірақ театрға қойғызуға үлгерместен, кейін өзі түсіп қалды ғой.
«Жұлдызға» шыққанының өзіне қуандым. Үйткені, оны кейбір алаяқтар пайдаланып кетуі мүмкін. Қанша адамның пьесасы қолды боп кеткенін мен анау жерде отырып көрдім өз көзіммен. Жұрттың пьесасын өзгертіп-өзгертіп өзінікі етіп жасап алатындар бар екен. Сонан кейін шошыдым. Меніңкінің негізі бар ғой бірақ. Бұрын ол повесть нұсқасында жарық көрген. Бірақ жаңа заттар қосылды ғой оған. Соны пайдаланып кете ме деп қауіптеніп жүр едім, «Жұлдызға» шыққан соң, көңілім біржола орнықты.
Міне осы себептерге байланысты Димекеңнің өзіне үш рет арыз жаздым. «Мені қабылдаңыз, Сізге айтар шындығым бар»- десем де қабылдамады. Менің үстімнен фельетон жазылды. Кеңестік дәуірде қалай болғанда да әділеттілік бар болатын. Жан-жақтан бақылау күшті болатын. Партиялық бақылау, халықтық бақылау дегендер болатын, содан кейін сот орындарының өздері де бұрмалауға қорқатын. Қалалық соттың бастығы Белоусов деген екен. Аналардың быт-шытын шығарды. Керемет риза болдым. «Жас жігітті қудалап, осынша заңсыздыққа барғансыңдар. Частное определение надо принимать»- деп ұрды да жіберді.
– Ол не деген сөз «частное определение» деген?
– «Частное определение» деген сөз жоғарғы партиялық орынның назарына ұсыну екен. Демек, мынаған әкімшілік жолмен шара қолдану керек. Сөйтіп, М.Базарбаев Орталық Комитеттен сөгіс алды.
Фельетон бәрінен де батып кетті, қазақша айтқанда. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған болатын. Сондағы уәжі сол: «Бұл пьеса қойылса, оған ешкім бармайды» дейді.
– Біздің білуімізше, фельетон қылмыс жасаған, немесе қылмысқа пара-пар кемшілік жіберген адам туралы жазылмайтын ба еді? Ондай адам заң алдында жауап беруге міндетті. Ал нашар әдеби шығарма жазған адам заң алдында емес, әдеби парыз алдында жауапты болса керек еді. Фельетонға негіз болатындай, ол пьесаңызда біреудің мүлкіне, немесе жазған шығармасына қол сұққан ба едіңіз? Фельетон жазатындай қандай қисын бар?
– Қолынан кеп тұрғандар қисынға қарамайды, белден баса береді ғой. Сонан кейін ойланып-ойланып, бір күні министрліктен жаяулап Жазушылар одағына келе жаттым. Киностудияда бірге істеген кезден таныс боп қалған Ілияс Есенберлин ол кезде Жазушылар одағында басшы қызметтің бірінде еді. Сол кісі қабылдаса, жағдайды айтып ақылдасайын дегенмін. Одақтың қарсы бетіндегі бақ ішімен келе жатсам, скамейканың бірінде Мұқағали Мақатаев бір өзі отыр екен. Оған дейін көпшілікпен бірге екі-үш рет кездескеніміз болмаса, онша таныстығым жоқ. Жүзтаныстықпен амандасып ем, қолымнан тартып:
– Отыр, – деді.
Отырдым. Иығыма қолын салып:
– Бауырым, халың қалай? – деді. Бірдеңеге ренжіп отыр ма, білмедім.
– Хал жаман, – дедім. – Пьеса жазамын деп бәлеге қалдым. Фельетонға шықтым. Елдің бетіне қараудан қалдым. Жұрт түсіне ме, түсінбей ме, кім білсін. Содан мәңгіріп келе жатқан жайым бар,–дедім.
– Әй, сен басыңды көтер,– деді Мұқағали.– Салың суға кетпесін. Сен талантты адамсың. Бір «Құдашаның» өзі – керемет дүние. Сенің «Құдашаң» Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиласынан» күшті,–деді.
Мен айттым:
– Мұқа, Шыңғыс кім, мен кім? Сіз де айтасыз-ау,–деп күлдім.
– Жоқ, сенің мынауың тойға арнап қойған бір бүйен жентті тіліп жіберіп, табаққа салып, дастарқанға қоя салғандай. Оны жұрт әп сәтте жеп қояды ғой. Ал енді сенің шығармаңды бастаған адам оқып біткенше басын ала алмайды. Ол сондай күшті шығарма. Жетісу өңірінің бір ауылының тыныс-тіршілігін ойып алып, ортаға қоя салғандай. Бұндай шығарманың еленбеуі мүмкін емес. Бұны жамандау – күнәһарлық! Мен жуықта әйгілі драматург ағамыз Шахмет Құсайыновқа кездесіп қалдым. Ол кісі салған бетте маған: – Сен «Қазақ әдебиетіндегі» Кәрішалдың «Құдаша» деген пьесасы туралы фельетонды оқыдың ба?– деді.
- Естідім, бірақ әлі оқыған жоқпын...– деп едім.
– Бекер, – деді ол реніш білдіріп. – жас жігітке қиянат жасаған. Мен о пьесаның қабылдауында болып едім. Бәрі бір ауыздан мақтап шыққан еді. Шынында туынды күшті. Бұндай комедия қазақ сахнасына бұрын-соңды шыққан емес. Әдетте біздің жазғыштар күлмейтін комедия жазады ғой. Ал Кәрішал шын күлетін комедия жазыпты. Аса тартымды екен. Егер ол академтеатрға қойылғанда, Қалтайлар театрдың маңына жолай алмайтын еді. Бұл солардың көре алмай, істеп отырған қастандығы. Әйтпесе, «Құдаша» қамшы салддырмайтын-ақ дүние. Кәдімгі «Женитьба Фигаро» сияқты құйылып тұр. Сол жолы тым қатты мақтауларына қарап, осы жігітке қарсы бір жатаберіс даярланып жатқан жоқ па екен деп ішімді тартып қап ем. Ол ойымды жұрт тараған соң, автордың өзіне де айтып кеткем. «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» деген ғой Абай. Сақ болғайсың!– деп едім. Сөйтсем, күдігім орынды екен, – дегені көпті көрген ақсақал драматургтың... – деп, Мұқаң да өз мұңын ортаға салды. – Менің өзім де киностудияға бір сценарий жазам деп, екі жыл бойы әурелеп, әбден басымды ауыртқан. Білем бұлардың қандай жасайтынын. Сен ондайларға ренжіме, жазатындарыңды жаза бер,– деді. Мен айттым:
- Жазуға қазір тіпті құлқым жоқ. Жазсам, мынандай жағдай.
– Бауырым, түсін, шындықтан сен де, мен де қашып құтыла алмаймыз. Байқаймын, бізге бұл фәнидің азабын беріп, қызығын көруді жазбапты. Қайтеміз, жазмыштан озмыш жоқ. Әйтсе де Аллаһтың көзі оң болсын: біз екеуміздің өміріміз өлген соң басталады. Сондықтан да ұқсататынымыз тек жазу болғандықтан, соны тиянақтауымыз қажет.
– Дау жоқ, Мұқа, кім не десе де сіз танымал талантты ақынсыз. Ал мені кім дейді?!...
– Олай деме, мені тыңда,–деді дәу қолымен мені иығымнан қысып, өзіне тартып,– кәзіргі күпініп, кеудесіне нан пісіп жүргендердің көбінің көк сорпасын шығаратын да сенсің. Демек, сен жай мықтылардың біреуі емес, әлі-ақ бірегейіне айналасың. Өйткені, «Құдашаның» деңгейіне қарағанда, сен шын мәнінде талантты адамсың. Бірақ, тек мұнымен шектелмей, әлі де өсу ниетінде біраз тер төгуге тиіссің. Һәм өзің батыр атаның тұқымы болғандықтан, қиындықтан тартынба!
Осыдан кейін салым суға кетіп, қай жағадан шығарымды түсіне алмай, сансырап келе жатқан мен пақырың жаңадан заряд алған машинадай, дүрр етіп сала бердім. Осы тұс шын ықыласыммен Мұқаңды бір жерге апарып сыйлағым-ақ келіп еді, бірақ қалтамда ештеңем болмағаны қол байлады. Оның ағалық ақ ниетіне алғысымды айтып, бетке алып келе жатқан Одаққа да соқпастан, тура үйге тарттым.
Жолда келе жатып, өстіп күтпеген жерден Мұқағалидай аруақты ақынға кезігуім Аллаһтың жазуы ма екен деп ойладым. Біресе осы жағдай тегін емес, қалайда келешекте кезігетін бір жақсылықтың нышаны болуы да мүмкін ғой деген ойға кетемін. Сөйтіп сол сандырағым тура болды, көп ұзамай «Қазақ әдебиеті» газеті өзінің бетінде мен туралы озбырлықпен жазылған фельетонына опровержениесін жариялады. Осы жағдай аз да болса бір жеңістің нышаны сияқтанды. Бұл оқиға 1972 жылдың жазында болған еді.
Бір айта кетерлік жағдай, «Құдашаға» Сәкен Жүнісов рецензия жазып бергенде: «Бұл өте кассалық қойылым болады»,–деген еді. Сол Мұқағалидың айтқаны да, Сәкеннің айтқаны да арада он жыл өткенде Жақып Омаров деген талантты режиссер Шымкенттің Жұмат Шанин атындағы театрда қойғанда дәл келді. «Құдашаның» үш айдың ішінде түсірген табысы өзге спектакльдердің жыл бойғы түсірген табысынан асып кетті. Содан республикада бірінші орынға шығып, труппаға бәйге беріліп, әртістерінің бәрі сыйақыға ие болған.
Осыған орай ойыма тағы бір оқиға түсіп отыр. Тоқсаныншы жылдардың орта тұсында 17 желтоқсан күні Тәуелсіздік монументінің жанына жиналған бір топ желтоқсандықтармен арасында Батырхан Дәрімбет пен Хасен Қожа-Ахмет бар, көптің бірі боп тұрғанмын. Жігіттер кезек-кезек ортаға шығып, өткен тарихи оқиғаны еске алып сөйлеп жатыр. Бір мезетте ортаға шыққан жасы қырықтардағы бір жігіт көпке қарап:
– Мен сіздердің ешқайсыңызды білмеймін.! Тек мына ағамызды танып тұрмын,- деді қолымен мені көрсетіп. – Ол кісінің еңбегі зор – ағамыз тек әділет үшін күрескен жоқ. Ол қазаққа «Құдашаны» тарту еткен адам... Мен ыңғайсызданып, қызарып кеттім. Сасқанымнан әлгі жігіттің кім екенін де сұрай алмадым. Әйтсе де халықтың «Құдашаны» ұмытпағанын, әрі оны бағалайтынын білгенде, ішім жылып сала берді...
– Әуре-сарсаңға түсіп жүрген сізге Горбачевтің кезіндегі қайта құру қалай әсер етті? Көңіліңізге үміт отын жағатындай жақсылық байқай алдыңыз ба?
– Горбачевтың Апрель пленумындағы баяндамасын оқып шықтым. Ұққаным: менің заманым келіпті, енді күресуім керек деп түсіндім. Содан екі күн өтісімен Қонаевтың атына жарты бетке арыз жаздым да қайтер екен деп, Дүйсетай Бекежановтың өзіне апарып бердім.
Бұрын жалынан сипатпай жүрген адамым жібектей есіліп тұр. Горбачев келген соң, бұлар тіпті жұмсақ боп қалған. Енді оны қолдап отыратын Брежнев өліп кетті. Черненко да кетті. Қонаевта сүйеніш жоқ қой. Сондықтан ба, Дүйсетай жік-жапар боп, бұрынғы дос кезіміз сияқты жақын тартып, «Жеткізіп берем, бәрі дұрыс болады»,–деді. Сол айтқанындай, жеткізген болу керек. Ана кісі бірден жақсы резолюция қойып, Шайжүнісов деген мәдениет бөлімінің бастығы үйіме өзі телефон соғып шақырып алды.
Бардым. Сөйтсем: «О, Димекең сөйтті, жақсы пікір айтты. Қазір журналға шығарамыз, спектакльді қойғызуға тапсырма бердік. Өйттік те бүйттік, өйтеміз де бүйтеміз»,–деп соғып отыр.
Бір рахат болды ғой деп ойладым енді. Соның өзінде «Жұлдыздың» оныншы нөмірінде шығаратын болды. Ғабеңнің «Көңіл аударарлық құнды еңбек екен» деп жазып бергенінен кейін шығармаған адам Димекеңнің бұрыштамасынан кейін жорғалап кетті ғой.
Содан, әйтеуір, «Жұлдызға» басылып шыққанына риза болдым. Сөйтіп, сол апрель (1985) пленумынан кейін қайта құрудың маған жол ашқаны, Димекең өтінішімді бірден орындады. Сонысының өзін менен кешірім сұрағаны ғой деп түсіндім. Қайта құру кезінде бар шындық ашылды ғой. Қайта құрудың бергені сол ғой. Бұрын жасырып келген шындықтар күніге газеттерге шығады. Соның арқасында мен «Призрак независимости» деген кітабымды жасадым ғой. Қайта құрудың кереметтігі осы. Егер қайта құру енді екі-үш жылға созылғанда, мен белгілі жеңіске жетуім мүмкін еді.
Біреулердің артық айтылды деп ойлауы мүмкін, бірақ қазақтың тарихында бұндай кітап болған емес. Ол Нобель сыйлығына ұсынылды. Мәскеудегі білгіштер таңғалды ғой. Периферияда жүріп осылай жазуы керемет деп бастарын шайқады. Мәскеуде Сахаров атындағы Адам құқығы, демократияландыру деген қоғам бар. 1996 жылдың ақпанында сол орталықта «Призрак независимости» деген кітабымның тұсаукесері болды. Жеті-сегіз адам сөйлеп, бәрі таңғалып Нобель сыйлығына ұсыну керек дегенді айтты. «Новая газета» мен «Литературные вести» деген екі газетте жазылып, екеуінде де ең атақты халықаралық сыйлыққа ұсыну керек деген ұсыныстар айтылды..
– Колбин келгеннен кейін де тынши алмадыңыз ғой.
– Алғашқыда Колбин мені шақырып алды. 1987 жылғы қаңтардың 5-і күні болатын. Осы айда СОКП ОК-нің пленум болатын еді. Сол пленумда сөз алу үшін «Прошу слова!» деген 40 беттік қағазым бар еді. Соны алып бардым. Сол пленумда сөз алып, желтоқсан көтерілісі туралы айтайын деген едім. Өзімше сөйтпек ойым болды. Мұным енді кеудемсоқтық қой! Орталық Комитет мүшесі емеспін, көшеде жүрген адаммын. Ол кезде демократияның басталған кезі. Қарапайым кісілер де ойын айтуға мүмкіндік алған. Тіпті осы Алматының іргесіндегі бір сауыншыны Орталық Комитеттің бюро мүшелігіне сайлаған да жайы бар. Сонда ойымды айтуға мүмкіндік беретін шығар деп үміттенгенмін. Бірақ ол маған көмекшім бол деді ғой. «Жақсы» дедім мен. Үйткені Желтоқсанға байланысты қудалау ұйымдастырылатын болса, қазақтарға ара түсетін адам керек қой. Мен айттым: «Сізге жақсы кеңесші керек. Сіз бұл жерді білмейсіз. Сондықтан сізді біреулер өздерінің пайдасы үшін адастыруы мүмкін. Мен болсам, сізге шынайы шындықты айтып отыратын боламын»,–дедім.
– Сөйтіп, Орталық Комитетке жетіп алғыңыз келген екен ғой?
– Мен оның қызметіне қызыққан жоқпын. Егер маған әділеттілік емес, мансап керек болғанда, мен 1986 жылдың маусымында-ақ СОКП ОК-нің инспекторы болып кететін едім ғой! Халықтың тағдырына байланысты, көп адамдар 37 жылғы сияқты босқа күйіп кетпесін, сондай болмас үшін дұрыс бағыт беріп отыру керек. Сондай адам керек. Бірақ біреулер айнытып қойған болу керек, көмекшілікке аламын деген уәдесін орындаған жоқ. Кейін бір рет өзіне айттым. «Көмекші етіп алуға уәде беріп едіңіз ғой» - дедім. Үйткені, бұл кезде Асқаровты, Бекежановты ұстаған болатын. Енді басқаларға кірісе ме деп ойладым. Кейбіреулер еш кінәсіз кетуі мүмкін. Мысалы, солардың алды болып алаяқтардың арбауына аңқаулықпен түсіп қалған Мырзашев кінәсіз бекерден күйіп кеті. Сол кезде мен анау жерге барсам, оларды жіберткізбес едім ғой дедім. Бірақ Зақаш Камалиденов, Сағидолла Құбашев сияқтылар мен туралы теріс мәлімет беріп, айнытып тастаған сияқты.
Сол 87 жылы сәуірдің 23-і күні мені Назарбаев қабылдады. Екеуміз қазақша сөйлесіп, бір позицияда сияқтандық. Мен бір жағынан қуандым. Мынаның көзқарасы дұрыс жігіт екен ғой деп ойладым. «Сіз туралы Колбинмен сөйлесемін, анау-мынау» – деп уәде берді. Мен айттым: «Маған қызмет емес, әділдік керек, сол әділдікті талап етіп айту үшін маған мінбер керек, соған көтерілуге мүмкіндік беріп тұрсаңдар болғаны. Мен айтатын пікірімді айтып тұра алсам, соның өзі халыққа көмек болады»-дедім.
Сонымен, Назарбаев оны өзім келістіремін деп кетті. Содан кейін бұлар қайтып келген соң, бір жетіге жетпей, Колбин ВУЗ-дардың ректорларымен кеңейтілген мәжіліс өткізіп, маған тиісіп, Камалиденов – екеуі сөйлеп: «Бұл қайта құруды пайдаланып, өзінің пайдасын көздеп жүр»,–дегенді айтты.
Біз Назарбаевпен келіскенбіз. Мен бір қиналған, керек боп қалған жағдайда мен оған барып тұратын болғанмын. «Ни деген көмекшісі арқылы хабарласып тұрасыз»,-деген. Колбин мен Камалиденовтың әлгі мәжілістегі тиісуінен соң мен ашық хат жаздым да сол Ниге апарып бердім. Ертеңіне Ни хабарлас деген соң, хабарлассам, «Назарбаев сізді қабылдамайды»,–деді. Оны мен Нұрсұлтанның Колбиннен қаймыққаны деп ұқтым. Содан кейін ертеңіне ҚазМУ-де партия пленумы болатын болды. Пленумға бардым. Әлгі Колбинге жазған хатым қалтамда. Оны ешкім білмейді. Колбинді ұрып жығатын бір-екі беті бар. Сол тұсын белгілеп қойдым да қалтама салып алдым.
Басқарып отырған орыс жігіті айтты: «Қазір басқаша, бұрынғыдай тізіммен сөйлемейміз. Қалағандардың бәріне сөз беріледі»,–деді. Маған керегі – сол. Оның үстіне мен ҚазМУ парткомының пленум мүшесімін.ОК-ден келген хатшымыз Шеснаков деген баяндама жасады. Іліп алар ештеңесі жоқ, бірдеңені судыратып өте шықты. Содан кейін жүргізуші: «Кім сөйлегісі келеді?» дегенде, бірден қол көтердім. «Сөйлеңіз»-деді.
Бұл дүйсенбі күні болатын. Өткен жұмада ОК-де болған жиналыста мені сынаған болатын. Мен оған қатынасқан жоқпын, бірақ ол жиналыстың баспасөздегі есебіне қарағанда, менің атыма талай нәрсе айтылған. Содан кейін мен Колбин жолдасқа арнап, ашық хат жаздым. «Открытое письмо секретарю ЦК республики в условиях перестройки» деп атадым. «Сол хаттан үзінді оқып беруге рұқсат етіңіздер» дедім де әлгі бетті ашып, бірден оқып едім, Колбиннің қандай шапкімен келіп, қандай шапкі киіп жүргенін, қандай үй алғанын, өзінің жанынан қызына үй бергенін, басқа да бұра тартуларын тізіп бердім.
Осы кезде пленумға қатысып отырған ОҚ-ның бөлім бастығынан бастап, обкомның, қалалық партия комитетінің, аудандардың хатшылары бар – түгелімен шошып кетті.
Мен солай деген соң: «Сіздің уақытыңыз бітті»-деді пленумға төрағалық етуші. Мен айттым: «Хорошо, тогда закончиваю. Однако, на ленинских торжествах Николай Иванович Рыжков выступая сказал так: «Что между критикующим и критикуемым должна быть равенство». А где это равенство? Можно члена Политбюро Кунаева критиковать когда угодно и где угодно. Нельзя критиковать члена ЦК Колбина из-за того что он русский»-деп едім, отырғандардың талайы бұттарына жіберіп қойды. Мен жайлап барып орныма отырдым.
Осыдан соң, пленум пленум болған жоқ, быт-шыты шықты. Бұдан кейінгі сөзді ешкім тыңдаған да жоқ. Өздерінің дежурный сөйлейтін адамдары бірдеңелерді айтқан болды. Бәрініңкі бос сөз боп шықты.
Содан кейін менің соңыма түсіп кеп берсін. Ертеңіне жұмысқа барсам, факультеттік комиссия құрылған. Менің жеке мәселемді қараймыз дейді. Бес адам отыра қалған.«Сен не жаздың? Түсінік жаз»–дейді. «Ау, қандай түсінік?» «Жоқ, ертең жазып әкеліңіз. Біз сіздің жеке мәселеңізді қараймыз. Газетке шықты, Колбин сөйледі, сондай-сондай»,–дейді. Содан кейін: «Жарайды»,–дедім де, елтеңіне дәрігерді шақырып, (үйге келген дәрігер М Тажинның туған қарындасы екен) еңбекке жарамсыздық қағазын алып алдым да әлгі жазған хаттарымның бәрін Горбачевқа, Рыжковқа, Яковлевке, басқа да Саяси Бюро мүшелеріне, Колбиннің өзіне жібердім.
Келесі айда Қонаев СОКП ОК июнь (1987) пленумында сөйледі ғой. Ол сөзінде: «Мен желтоқсан оқиғасын ұйымдастырған жоқпын. Ұйымдастырған анау екі адам. Оны Назарбаев пен Каиалиденов – екеуі ұйымдастырған. Олар мансапқа таласып жүрген адамдар»,-дегенін маған Еркін Әуелбеков айтқан-ды.. Сонда Нұрсұлтанның тілі күрмеліп қалады, сөйлей алмайды. Оны Кремльдің ауруханасынан жедел жәрдем шақырып, пленумның үстінен ауруханаға алып кеткен. Соның соңынан бұл Мәскеуде шығатын «Дружба народов» дейтін журналға «Исцеление» деген мақала шығарды ғой. Сол ауруханада жатып жазған. Оны жазған жігітпен кезіктім мен. Ол жігіт «Красная звезда» деген журналда істеген. Георгий Бакланов деген жазушы бар еді ғой, соның қол астында істейтін бір жас жігіт екен.Мен осы тұста бір мақаламды алып «Красная звезда» журналының редакторы Г. Баклановқа кіріп едім, ол кісі сол журналдың публицистика бөлімінің меңгерушісі А.Никишинді шақырып алды да, мына кісінің материалын қара деп оған тапсырды. Сол жігіт айтты. «Нұрсұлтанның айтқандарын диктофонға жазып алдым да мақаланы мен жаздым»-деді маған. Мақалада бастан аяқ Қонаевты жамандап жазған. Енді осы күні қарасаң, сол Қонаевты жамандағаны Нұрсұлтанның өзіне келіп тұр.Осы күні адамдар оның сол кезде Қонаевқа қойған кінәсін өзіне қоюы мүмкін. Қонаевтың бар кінәсі – оны заңсыз үш баспалдақты бірден аттатып өсіргені ғой.
– Дегенмен, кісі қараптан-қарап біреумен өштесе ме екен, қайткемен Қонаевтың қандай да бір кінәсі болған шығар?
– Қонаев әлгі пленумда оның атына қылмысқа парапар кінә қойғанын айттым ғой. Бұл кезде жалпы мемлекет басшылығы қожырай бастаған. Анау Қызыл алаңға сонау Германиядан 19 жастағы Матияс деген жас жігіт келіп қонды ғой. Одан кейін Қырым татарлары Қызыл алаңға шығып, демонстрация жасады. Сөйтіп, елдің көп нәрсеге көзі ашылып, басқаруға көнбейтін дәрежеге жетті.. Дәлірек айтқанда, елді басқаруға басшылардың қабілеті жетпеді. Содан кейін мені қудалауды қойды. Колбин шақырып алып: «Сізді ешкім қудаламайды. Бәрі жақсы болады, анау болады-мынау болады»–деп жорғалайды. Мен айттым: «Сіз бен біз кабинетіңізде отырған кезде айттыңыз. Мен оған сенемін. Бірақ, даладағы жұрт мені жау деп түсінеді. Үйткені, сіз мені жамандадыңыз. Ол газетке шықты. Ал енді сол газетке сіз «Бұл жаман адам емес екен, жақсы адам екен»-деп қайтадан жазыңыз. Не болмаса, теледидардан сөйлеген кезіңізде осылай айтыңыз. «Жоқ, ол жөнінде комиссия құрамыз, анау-мынау»-дейді. Мен айттым: «Көріңіз, әитпесе, күрес жалғаса береді. Қалауыңыз білсін, мен бұнымен тоқтамаймын»-дедім.
Соған дейін маған кезекті еңбек демалысымды бермей жүрген, тамыздың ортасы өтіп кеткен. Сонда барып, маған демалыс берді. Бірден Колбиннен шыққан соң. «Демалысын беріңдер» деп айтып қойған екен.
Содан кейін келесі 1988 жылдың басында, ақпан айында Өзбекәлі Жәнібеков Орталық Комитетке хатшы болды. Сол хатшы болған бойда мені шақырып алды ғой. «СОКП Орталық Комитетінен хат келіп жатыр. Колбинді сынаған хатыңызға жауап керек»- дейді. Бұл Цэ-Кадан анау жоғарыдағы Цэ-Ка сұраған ғой. Менімен сөйлесуге сол себеп болған. Екеуміз 4 сағаттың үстінде сөйлестік.
Мен Колбинге айтқанымды айттым. «Не газетке жазған мақалаңызға кіргізіңіз. Осылай ол кісі туралы тура пікір айтылмапты. Ол пікір дұрыс емес. Ол кісі қалыпты адам деген бір пікір жазылу керек»– дедім. «Жақсы, оны мен көндірейін,–деді Өзекең. Содан кейін бір күні мамырдың басында үйге телефон соқты. «Цэ-Каға мынадай жауап дайындап қойдым. Саған оқып берейін»,-деп, телефонмен оқып берді. «Осылай жіберсем, жарай ма?»-деді. «Жарайды, сізге сенем ғой»,-дедім мен.
– Не деген екен сонда?
– Күйіп бара жатқан ештеңе жоқ. Бәрі жақсы. Автормен сөйлестік, бір мәмілеге келдік. Мейлінше түсіністік деген мағынада. Содан кейін 1988 жылғы 4 маусымда пленум болды. Сол пленумның қорытынды сөзінде Колбин мен туралы біраз жақсы сөздер айтыпты. Ол сөз Қазақстанның барлық газеттерінің бетінде 1988 жылғы 9 маусымындағы санында жарияланды Ол мынау: «Серьезный урон идеям перестройки развернувшийся демократизации общественной жизни наносят имеющиеся еще факты зажима критики, преследования за нее... Так, например, получилось с преподавателем Казахского университета К:Асановым, искеренне борющимся с различными негативными явлениями, остро воспринимающим и имеющиеся недостатки. Вместе того, чтобы прислушиваться к человеку, разобраться в поставленных им вопросах, его обьявили кляузником, чуть не противником перестройки.» Осылай жазылуы Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегі деп білемін. Өзекеңе риза болдым. Жатқан жері жұмақ, иманы жолдас болсын.
Бұл арадағы айырмашылықты байқап отырған боларсыз. Менің басыма іс түскенде, Нұрсұлтан ұстатпай кетті. Ал Өзбекәлі Орталық Комитетке жаңа келгеніне қарамастан, мәселені тереңнен түсініп, туған еліне жақсылық тілеген жазықсыз жанды жаңсақ жазалаудан қорғап қана қоймай, судан таза етіп, ақтап алып шықты.
Назарбаевтың осы табансыздығынан кейін мен оны ашық сынауға кірістім. Оның екінші бір қателігі: Колбиннен кейін Орталық Комитетке бірінші хатшы боп сайланысымен мені шақырып алып: «Кәреке, кезінде сізге айта алмадым. Күрестің не екенін өзіңіз жақсы білесіз. Бәрін мен сізге кейінірек түсіндірейін деп жүр едім. Сіз кешіріңіз, осындай-осындай жағдайлар болды. Енді бәрін түзетеміз, сіздің халық алдындағы перзенттік қызметіңіз өз бағасын алатын болады»–десе, жетіп жатыр еді.
Ол оны жасамай, мені Совет ауданының Ілияс Бақтыбаев деген прокуроры, қазір Бас прокурордың орынбасары болып жүр ғой. Өз інілерінің бірі болу керек. Сол шақырып алып; «Егер енді Назарбаев туралы жазсаңыз, біз сізді жауапқа тартамыз. Бұл кісіні Желтоқсан оқиғасы үшін кінәлі депсіз»–деп қыспаққа алғысы келді. Міне, менің Назарбаевпен күресім осы кезден басталды. Оның негізі әлгі Горбачевқа жазған хат. Оны әр жолы кеңейтіп отырудың нәтижесінде «Призрак независимости» кітабы болып шықты. Содан кейін қыркүйек айында Назарбаевты тұздап-тұздап жаздым да оны Сахаровтың қолына жеткіздім. Соның үйінде болғанымның арқасында мен түрмеден аман шықтым. Схаровтың өзі қайтыс боп кеткенмен, оның әйелі көпшілік алдында сөз сөйлеп, «Сахаровтың оқушысын Алматыда түрмеге салып қойды»–деп, содан дүние жүзі есітіп, үйге анау Нью-Йорктен, Вашингтоннан, Бонннан, Лондоннан телефон шала бастапты ғой. Мен білмеймін. Соның арқасында Жоғарғы Кеңес Нұрсұлтанның президенттік мәртебесін қорғудың барлығын алып тастаған. Мені сол арқылы босатып, ақтап шығарды. Жоғарғы Кеңестің президенттің намысын қорғайтын бапты алып тастауы деген оңай нәрсе емес қой. Сыртқы қысымның күштілігінен осылай болды.
– Түрмеде қанша уақыт болдыңыз?
– Үш ай болдым. Сол үш айда біздегі түрменің барлық кескін-келбетін көріп шықтым.
– Барлық кескін-келбеті дегенді көп адам көз алдына елестете алмайды ғой. Ашыңқырап айтуға болмай ма?
– Құрысын! Құдай оны ешкімге көрсетпей-ақ қойсын. Жиырма төрт адам бір бөлмеде жатып, сол бөлменің өзін әжетхана ретінде пайдалану сияқты тағылық біздің елімізден өзге еш жерде жоқ шығар. Ол аз десең, түрмемен іргелес тауық, шошқа өсіреді. Оның иісі қандай жүрек айнытарлық жиіркенішті десеңізші!
– Ол қай жердегі түрме еді?
– Осы мынау Сейфуллин мен Райымбек батыр көшелерінің қиылысындағы түрме. Асқаров та, Дүйсетай Бекежанов та сол түрмеде болған. Мен соның 134-камерасында болдым. Сол жерден ант ішіп кеттім ғой. «Я құдай, мені пендем десең, туған халқыма ақ-адал көңіліммен жақсылық тілегенім үшін осында тап қылған Назарбаевтың өзін нақ осы камераға отырғыза көр!»-деп тіледім ғой.
– Горбачевқа жолдаған ашық хатыңызда не жазылған еді?
– 1988 жылдың жазында ХІХ партконференция өтті. Ол қайта құру мен жариялылықты халықтың өз қолына берді. Сондықтан, мен басты мәселе етіп, Қазақстанның КСРО құрамынан шығуы туралы ұсыныс жасадым. Ол кітаптың бірінші бетінде эпиграф ретінде берілді. Бұл 1988 жылы желтоқсан айында жазылған хат қой. Ол кезде мұндай мәселені өзге ешбір республика көтерген жоқ Тек халық депутаттарының бірінші сессиясында Балтық жағалауы елдерінің өкілдері қоя бастады. Бұл 1989 жылдың мамыры болатын.
Екінші мәселе бойынша Колбиннің Қазақстанды басқара алмайтынын айтып, оның орнына бірінші хатшылыққа мен өзімді ұсынғанмын. Бұндай мәселені де маған дейін де, менен кейін де ешкім ұсынып көрген емес. Сол сияқты қазақстанның өміріне байланысты, әрі басқа республикалармен салыстыра қараған материалдар жеткілікті еді. Әсіресе, Солженициннің «Как обустроить Россию» деген сандырағын тас-талқан етіп әшкереледім. Сонымен қатар қазақ тарихына байланысты көптеген мәселелерді көтердім. Е.Бекмахановтың «Кенесары көтерілісі», І.Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын орда», О.Сүлейменовтің «АЗиЯ» кітаптарындағы айтылғандарға сүйене отырып, орыстың сыңаржақ шовинист ғалымдарымен айтыстым.
– Әгімеміз жайлап отырып, Назарбаевқа келіп тірелді ғой. Енді осы ашық айқасыңыз немен аяқталды?
– Шамамызша күресіп жүрдік қой. Газетке, теледидарға мені жолатпайды. Сондықтан, менің күресім кей тұстары біреуге түсінікті, біреуге түсініксіз болған да шығар. Әйтсе де мен көзқарасымды өзгерткен емеспін. Мен өз ойымды қашанда нақтылы деректермен айтып жүрдім. Дәлел-дерексіз айтылған сөз – дәрменсіз қашанда.
Содан кейін мәселе шегіне жетті ғой. Бұл – түрмеге түсердің алды. 1991 жылдың 12 сәуірі күні мен Ақмоладан осы Алматыға ұшып келсем, Назарбаев пен Дзасоховты ҚазМУ-ге келейін деп жатыр деп естідім. Содан кейін мен дереу сонда жеттім. Тиісті аудиторияда жиналып отырғанымызда екеуі келді.Дзасоховты Назарбаев жиналғандарға таныстырды ғой. «Бұл кісі осындай адам, СОКП-ның хатшысы, шет елдер істері комиссиясының төрағасы, содан кейін бұл кісі – дағстандық»–деді. Соны айтқан кезде Дзасохов қып-қызыл боп кетті. Бірақ мәдениетті кісі ғой, артық ештеңе айтқан жоқ..
Менің жанымда отырған сол Дзасоховпен бірге Мәскеуде Шығыстану институтын бітірген жігіт еді. Бізде кафедра меңгерушісі болатын. Сол айтты: «Мына кісі ыңғайсыз жағдайды айтып қалды ғой. Ана кісі дағыстандық емес, осетин ғой»–деді. Александр Сергеевич болған соңі әрине, дағстандық болмайды. Дағстандықтар – мұсылмандар. Ал осетиндер – православиеліктер. Олардың аты-жөндері орысшаға бейім болып келеді. Мен. «Президент жолдас, сіз ертіп келген адамыңызды неге дұрыс таныстырмайсыз? Сіз жаңсақ ақпар беріп тұрсыз ғой»,–деп ескерту жасайын деп ойладым да бір жағынан: «Президент қандай болғанда да біздің басшымыз ғой, анау басқа жақтан келген адамның көзінше жерге қаратпайын»– деп, өзімше сыпайыгершілік жасадым.
– Оныңыз үлкен адамгершілік болған екен. Қазіргі тілмен айтқанда, гуманистік көрсетіпсіз. Оныңыз өзіңізге жақсылық боп оралған болар?
– Қайдағы жақсылық боп оралған? Сөйтсем, ол мені сол жолы университеттен қуу жөнінде ректорымыз Көпжасар Нәрібаевқа тапсырма беріп кетіпті. Содан бір айға жетер-жетпесте біздің кафедрамызды қысқыартып, оқытушылардың бәрін басқа кафедраларға ауыстыра бастады. Мен туралы ешкім ештеңе демейді. Содан кейін мен түсіндім. Демек, мені жұмыссыз қалдыру үшін осындай іске барған. Бірақ, соның алдында бірер ай ғана бұрын жаңа бесжылдыққа доцент болып қайта сайланғанмын. ҚазМУ-дің факультеттік кеңесінен де, үлкен кеңесінен де өткенмін. Ал енді олар қаласын-қаламасын, мені бес жыл бойы қызметпен қамтамасыз етулері керек.
Ол кезде Сейітқазы Матаев президенттің баспасөз хатшысы, сол. шақырып алып: «Сізді университеттен қудалап жүрген жоқ па?»–деп сұрады. «Жоқ, ешкім қудалап жүрген жоқ»–дедім. Әдейі солай дедім. Үйткені аяғы қалай болар екен деп жүрмін. Соңына дейін барайық, содан кейін бәрі шешіледі ғой деймін.
Не керек, әне-міне дегенше 1991 жылдың 19 тамызы да келіп жетті. ГКЧП деген пәле шықты. Кейін білдік, біздің президентіміз де солардың мүшесі екен. Оны бұрынғы КСРО Телерадиосының бастығы Л.Кравченко «Экспресс-газетада» жариялады ғой.
Пучтан кейін елдің бәрі еркіндіктің жақындағанын сезді ме, партиялар құра бастады. Солардың алды болып Олжас «Народный конгресс Казахстана» деген партия құратын болып, Академияның Ғалымдар үйінде 1991 жылдың 4 қазанында ұйымдастыру сьезін өткізді. Оған көппен бірге мен де қатыстым. Мен 5-қатарда отыр едім, бір уақта дәл алдыма келіп, бірінші қатарға президент Назарбаев отыра кетті. Қуанып кеттім. Өткен жылы Дзасоховпен келгенде еш сұрақ қоя алмап едім, енді соның есесін қайтарсам деп, ойладым. Әрі ол жолы оны аяймын деп, өзім таяқ жедім. Әйтсе де мен ол жолы Дзасоховтың келуіне байланысты орталықтың желтоқсан оқиғасынан бастап, бүгінгі оңтүстік Осетиядағы қантөгіс қақтығысты сол сияқты басқада келеңсіз кемшіліктерін ашық айтқан болатын. Менің орынды сынымды мойындаған ЦК-ның хатшысының өзі:
- Вы, правы, товарищ профессор,- деген болатын. Сонда мен: «Кстати, я не профессор, а всего лишь доцент» - деген едім. Енді Нұрсұлтанды тыпыр еткізбейтін бір әдісті қалай тапсам екен деп қиналдым. Сөйткенше оны президиумға апарып отырғызды. Артынша мінберге шығып, жаңа партияның құрылуына байланысты құттықтау сөзін оқуға кірісіп кетті. Ал оның сөзі бітісімен мен бірдеңе деуім керек. Сол батып барады жаныма. Нұрсұлтан сөзін аяқтай бергенде, ме