 |
 |
|
 |
|
 |
|
ERLIK: 1968 жылгы Мексика канды елесі [164/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 4 Мая 2008 09:31:33
Олимпиада ойындары
1968 жылгы Мексика канды елесi
...
|
ТІЛ КОМИТЕТІНЕН ХАТ [317/15]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 17 Апреля 2008 23:17:37
«Рух пен Тіл» клубының жетекшісіне
Сіздің 2008 жылғы...
|
Мақсат: Тілге құрмет – ұлтқа құрмет [235/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 20:27:53
«Рух пен Тіл» клубының студенттері атынан...
|
Әйгерім: «Жақсы болса ұл-қызың...» немесе «Әке – асқар тау» [268/2]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 20:27:18
Осы бір жан түршігер оқиғаны оқып, әр адам баласы...
|
Есiмовке ескерту: Студенттердiң мазасын алмаңыз [271/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 13:09:07
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008...
|
Мемлекеттiк тiлдi сыйлаңыздар... [206/5]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 13:00:49
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008...
|
Қазақстан Республикасының Президентіне,Үкіметіне және Парламентіне ашық хат [244/0]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 12:48:36
Назарларыңызға "Жас алаш" газетінің 2008 жылғы...
|
Әйгерім: Біздің ұлттық намысымыз неге төмендеп барады? [378/9]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 11 Апреля 2008 11:26:09
Бірде көк базардан қайтып келе жатқан едім. Автобус...
|
ZHANAR: Бақыт деген не? [281/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 11 Апреля 2008 11:24:32
Бақыт!
Ол не?
Қонғаны ма мансап бақ?
Байлық па, әлде...
|
Poза:Казiргi казак киносынын жагдайы калай? [232/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 6 Апреля 2008 14:25:55
Кино алемi- арбiр улттын бет-бейнесiн танытатын,...
|
Приглашаем вас посетить официальный сайт М.Шаханова [550/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 2 Апреля 2008 12:19:55
28.03.08 состоялось официальное открытие сайта...
|
Мухтар Шахановтын ресми сайты [377/0]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 30 Марта 2008 19:23:46
28.03.08 кунi белгили акын, когам кайраткери, ардакты...
|
Ашык хатты колдаушыларга [431/5]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 28 Марта 2008 01:08:02
Халайык!
Казіргі уакытка карай осы ашык хатты Алматы...
|
ERLIK: Дума за отделение Ю.Осетии и Абхазии от Грузии [312/2]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 23 Марта 2008 01:00:04
Duma wants Putin to back Georgian separatists
MOSCOW:Parliament on Friday urged the Kremlin...
|
ДАУРЕН: Причем тут клуб “Рух пен Тiл”? [395/11]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 21 Марта 2008 14:26:32
Уважаемые блоггеры! В первую очередь, хотел бы вам...
|
С.Абдирешулы: Шала казахи [570/30]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 21 Марта 2008 12:01:02
Шала казахи сами по себе являются проявлением...
|
ERLIK: Новые колониалисты [346/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 17 Марта 2008 20:27:55
www.economist.com
China
The new colonialists
Mar 13th 2008
From The Economist print edition...
|
Таншолпан: Тiлiмiздiн айбыны! [328/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 16 Марта 2008 15:15:04
Тiл – барша халыктын мадениетiн, адебиетiн,...
|
Акерке: Омiр талкегi, заман талабы. [281/1]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 16 Марта 2008 15:14:17
Адам баласы шыр етiп дуние есiгiн ашкан шактан бастап,...
|
ERLIK: Движение “Болашак” против плотских позывов [514/24]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 16 Марта 2008 00:01:16
Республиканское движение “Болашак” набирает...
|
|
|
 |
ZHANAR: Бақыт деген не?
[281/6]
Бақыт!
Ол не?
Қонғаны ма мансап бақ?
Байлық па, әлде машна ма, ақша ма?
Көп қырғында қалу ма, әлде жан сақтап?
Расында да, бақыт деген не нәрсе?
Әрбір адам өмір сүруге талпынғаннан бастапбақытты болуға ұмтылады. Бірақ сол бақыттың бағасын білмей, кейде қолымызға қонған бақ құсымызды ұшырып алатынымыз тағы бар.
Адамдар арасында бақыттың алар орны әртүрлі, әрине, ол әрбір адамның бақыт туралы түсінігіне байланысты.
Ал, менің бақыт туралы түсінігім ше? әлемнің қай түпкірінде болмасын, ел бақыты, ер бақыты, бала бақыты, ана бақыты ұғымдары бар. Міне, осы ұғымдар нағыз бақытты құраушылар дер едім.
Ел бақыты дегеніміз ұлтын сүйер, халқын демер, Отанын құрметтеп, ата-анасын ардақтап, елдің тірегі, халықтың жүрегі бола білетін, болашақтың діңгегін қолдарына ұстайтын патриот ұл--қыздары.
Ер бақыты дегеніміз қиналғанда қол ұшын берер қаумалаған қалың елі, достары келгенде де, дұшпаны келгенде де ер атын ез атына айналдырмай сыйлай білетін адал жары, әке атын ертеңге адалдықпен, кәусарлықпен жеткізетін ұл-қыздары.
Бала бақыты дегеніміз көз жасын төкпей, қайғы көрмей, жетімдіктің, жоқтықтың зарын тартпай өткізетін балғын балалық шағы, жел жағынан пана, жаңбыр жаусы таса, өмір-өзен қыспағында қалса, араша бола білетін асқар таудай әкесі мен мөлдір бұлақтай аяулы анасы.
Ана бақыты дегеніміз тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібіткен, жүрек жылуы, көз қуанышы, бауыр еті баласы, кейде досы, кейде жанашыры кей-кейде арқа сүйер панасы бола білетін сүйген ері.
Міне, осы төрт ұғым тек қана ұғым болып қалмай, шынайылықпен жүзеге асса, онда бақыт шырағданы мәңгі өшпес өмір шырағданына айналар еді. Өмір көгінде нағыз бақыт қанат жайып, әлемді өз нұрына бөлер еді. Менің ойымша, бақыт деген осы. Бақыт жайлы ойымды Күләш Ахметованың мына бір тамаша өлең жолдарымен аяқтайын:
Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналаның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.
Күні-түні шүкір деп шаттанамын
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім – шырақ, санам – сау, ғалам – ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы?
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Пт Апр 11, 2008 20:36 Бакыт деген не,
Бакыт деген адал жар мен перзент кой
|
|
|
 Пт Апр 11, 2008 20:53
Бақыт деген отбасыңда дұрыс тәрбие алып шықсаң,сол тәрбиені дұрыс пайдалансаң,дұрыс өмір сүрсең сол бақыт мен үшін.Әркім әртүрлі түсінеді бақытты.
|
|
|
 Сб Апр 12, 2008 00:57
Қазақ дәл қазір өзінің тілінің жоғалып бара жатқанының арқасында
бақытсыздыққа жақындап келеді. Тіл оңалса,рух та үстем болса,
әне бақыт сонда...
|
|
|
 Сб Апр 12, 2008 11:35
Біреулер тоя тамақ ішсе,жақсы киініп,жақсы көлік мініп жүрсе соны бақыт санайды.Бұл қате.
|
|
|
 Сб Апр 12, 2008 18:51
Бауырларым,
Бақыт дегеніміз - осы жарық дүниені Алланың әмірімен көріп отырғанымыздын өзі, ойларыңызға салайын...
Демек адам баласының ең бірінші қадамы ғана - сырттан, жоғары жақтан, ұлы Жаратушыдан болғаны. Осыдан әрі ғарай бар ой-мақсат, талпыныс, соларға сай жеткен жетістіктері - адамның тек өз ішкі дүниесіне байланысты. Ең деген жоғары ұстанымдарды алып, сондай мақсаттарға жету - тек адамның өзіне байланысты. Менімше осы Бақыт дегеніміз.
Өмірдің кезеңдері бар - балалық шақтан басталып, одан әрі жалғаса беретін. Әр кезеңде ой-өрісіне сай адамның мақсаттары да, бақыт туралы ұғымы да - кеңейе береді, және өзгеруі де мүмкін (егер бастапқыда оң болмаса...).
Бақтың тағы бір ұғымы - ол "жолы болғыштық", орысша "везенье".
Бір мақал (орысша) бар - "везет тому, кто больше готов к этому". Демек, бақ аспаннан қонса да, ол тек соған ұмтылған, оны бағалайтын адамға қонады, "нағыз баянды бақыт" деген ұғым содан болар.
-------
Взуз-WXYZ
|
|
|
 Пн Апр 14, 2008 14:14
олендетип сандырактап журсендер бакыт гой
|
|
 |
|