 |
 |
|
 |
|
 |
|
ERLIK: 1968 жылгы Мексика канды елесі [164/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 4 Мая 2008 09:31:33
Олимпиада ойындары
1968 жылгы Мексика канды елесi
...
|
ТІЛ КОМИТЕТІНЕН ХАТ [318/15]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 17 Апреля 2008 23:17:37
«Рух пен Тіл» клубының жетекшісіне
Сіздің 2008 жылғы...
|
Мақсат: Тілге құрмет – ұлтқа құрмет [236/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 20:27:53
«Рух пен Тіл» клубының студенттері атынан...
|
Әйгерім: «Жақсы болса ұл-қызың...» немесе «Әке – асқар тау» [269/2]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 20:27:18
Осы бір жан түршігер оқиғаны оқып, әр адам баласы...
|
Есiмовке ескерту: Студенттердiң мазасын алмаңыз [271/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 13:09:07
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008...
|
Мемлекеттiк тiлдi сыйлаңыздар... [206/5]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 13:00:49
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008...
|
Қазақстан Республикасының Президентіне,Үкіметіне және Парламентіне ашық хат [245/0]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 12:48:36
Назарларыңызға "Жас алаш" газетінің 2008 жылғы...
|
Әйгерім: Біздің ұлттық намысымыз неге төмендеп барады? [379/9]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 11 Апреля 2008 11:26:09
Бірде көк базардан қайтып келе жатқан едім. Автобус...
|
ZHANAR: Бақыт деген не? [282/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 11 Апреля 2008 11:24:32
Бақыт!
Ол не?
Қонғаны ма мансап бақ?
Байлық па, әлде...
|
Poза:Казiргi казак киносынын жагдайы калай? [233/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 6 Апреля 2008 14:25:55
Кино алемi- арбiр улттын бет-бейнесiн танытатын,...
|
Приглашаем вас посетить официальный сайт М.Шаханова [550/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 2 Апреля 2008 12:19:55
28.03.08 состоялось официальное открытие сайта...
|
Мухтар Шахановтын ресми сайты [377/0]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 30 Марта 2008 19:23:46
28.03.08 кунi белгили акын, когам кайраткери, ардакты...
|
Ашык хатты колдаушыларга [432/5]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 28 Марта 2008 01:08:02
Халайык!
Казіргі уакытка карай осы ашык хатты Алматы...
|
ERLIK: Дума за отделение Ю.Осетии и Абхазии от Грузии [312/2]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 23 Марта 2008 01:00:04
Duma wants Putin to back Georgian separatists
MOSCOW:Parliament on Friday urged the Kremlin...
|
ДАУРЕН: Причем тут клуб “Рух пен Тiл”? [395/11]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 21 Марта 2008 14:26:32
Уважаемые блоггеры! В первую очередь, хотел бы вам...
|
С.Абдирешулы: Шала казахи [571/30]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 21 Марта 2008 12:01:02
Шала казахи сами по себе являются проявлением...
|
ERLIK: Новые колониалисты [347/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 17 Марта 2008 20:27:55
www.economist.com
China
The new colonialists
Mar 13th 2008
From The Economist print edition...
|
Таншолпан: Тiлiмiздiн айбыны! [329/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 16 Марта 2008 15:15:04
Тiл – барша халыктын мадениетiн, адебиетiн,...
|
Акерке: Омiр талкегi, заман талабы. [281/1]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 16 Марта 2008 15:14:17
Адам баласы шыр етiп дуние есiгiн ашкан шактан бастап,...
|
ERLIK: Движение “Болашак” против плотских позывов [515/24]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 16 Марта 2008 00:01:16
Республиканское движение “Болашак” набирает...
|
|
|
 |
Мемлекеттiк тiлдi сыйлаңыздар...
[206/5]
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008 жыл
Мемлекеттiк тiлдi сыйлаңыздар...
«Жас Алаш» газетiнде жарияланған (26 наурыз, 2008 жыл) «Республика басшылары! Сiздер мемлекеттiк тiлдi сыйлаңыздар, оның мәртебесi мен абыройын аяқасты етпеңiздер!» деп аталатын замандастарымыздың өтiнiштерiн оқып, толқыдық. Республикамызда орын алып жатқан кемшiлiктерге бiздiң де қабырғамыз қайысты. Көңiлiмiз қобалжып, елiмiздiң ертеңiн көз алдымызға елестеттiк. Көңiлге күдiк ұялады. Бұған бiз де сырт қарап отыра алмадық. Солтүстiк Қазақстан облысының бiр топ жастары жүрегiмiзге инедей шаншылған аталмыш мәселеге өз үнiмiздi қосып, ниетiмiздi танытуға бел байладық.
Жасыратыны жоқ, бiздiң өңiрде өзге ұлттардың саны артық, мысы басым. Сондықтан да болар, тiл мәселесiнде көп жайттарға кешiрiммен қарап, қол сiлтей салатын әдетiмiз де жоқ емес. Кезiнде көрген езгi ме, әлде көндiгiп қалғанымыз ба, қазақ тiлiнiң қадiрiнiң төмен екенiне көз жұма қараймыз.
Мемлекеттiк орындарда орысша, не жартылай қазақша сайрайсыздар. Қазақ тiлiнде сөйлеп, қызмет қылатын мекемелердiң өзi саусақпен санарлық қана. Мәселен, облыс орталығында бiз бiлетiн «қазақтың қара шаңырағы» деп танитын екi орын бар. Олар – Қызылжар орталық мешiтi (онда да кезiнде азанғы намазды дауыстап оқуға тыйым салып, масқарамыз шыққан), қаланың бiр қуысында орналасқан 200 орынды шағын ғана С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры.
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Бүгiнде қай мекемеге барсақ та, алдымыздан орысша менмұндалап тұрады. Себебi неде? Мемлекеттiк мекемелерде қазақ тiлiнiң мәртебесi жоқ. Ондағы құжаттарда орыс тiлiнiң қасқайып, қазақ тiлiнiң қисайып тұрғанын көргенде жүрегiң тiлiм-тiлiм болады. Қазақ жерi Қазақстанда тұрып, Петропавл дегендi Қызылжарға айналдыру ақыретке айналды. Айта берсек, мұндай мәселелердiң тiзiмi көп.
Тәуелсiздiк алғанымызға да 17 жылдың жүзi толды. «Егемендi ел», «бейбiт халық болдық» деп тақиямызды аспанға аттық. Кеңес өкiметiнiң қыспағында халқымыз ғасырға жуық езiлдi. Кезiнде ұлттық құндылықтарымыз жерге тапталып, қадiр-қасиетiмiздiң құны қалмаған сәттер болды. Бiрақ мұқалмады қайран қазақ елi. Алаш көсемдерi әрбiр қазақ баласының көкейiнде шамшырақ сияқты сәуле түсiрiп тұратын аманат тастап кеттi кейiнгiге. Алайда, оның қадiрiне жете алмай келемiз. Асыл мұралар уақыт өткен сайын елеске айналып бара жатқандай. Бұл аурудың емi жоқтай. Себебi, асқынып кеттi. Қосақтап, орыс, ағылшын тiлдерiнiң мәртебесi асқақтап тұрғанда қазақ тiлiнiң жолы кесiлiп, аяғы шалынбағанда қайтсiн?!
Есiңiзде болса, облысымызға келген бiр сапарыңызда: «Сен қазақшаны менен де артық бiледi екенсiң» деп «қазақ тiлi мен әдебиетi» мамандығында оқитын өзге ұлт өкiлiне айттыңыз. Бiз оны мақтап қойды деп қызғанбаймыз. Оқысын, бiлiм алуға, қазақ тiлiн жетiк меңгеруге Қазақстан азаматтарының құқығы бар. Оны жоққа шығармаймыз. Бiздi қинайтын мәселе басқада. Сенсеңiз, сол сөйлемдi естiгенде жерге кiрiп кетуге шақ қалдық. Қалайша? Бiз бiлетiн «болашақ маманды» ел басқарып отырған сiздей жанмен теңестiруге дәтiмiз бармады. Шынын айтсақ, арымыз жол бермедi. Намыстандық. Себебi,сол кездегi мән-жайдың қыр-сырын бiлiп отырдық. Айтуға тiл болмады. Облыстың абыройын асқақтатқан бұл «тiркес» әлi күнге дейiн қолданылып келедi. Бiрақ, мұндай көзбояушылық кiмге керек, түсiне алмай келемiз.
Бiздiңше, «қазақ тiлi», «қазақ тiлi» деп көксей бергенше, iске көшейiк. Замандастарымыздың болашақта мемлекет басшысы ретiндегi ресми шетел сапарларыңызда да, шет мемлекеттердiң лауазымды тұлғалары мен басшыларын қабылдауда, ресми басқосуларда, мемлекетаралық келiссөздер жүргiзуде және ел iшiнде сөйлеген сөздерiңiзде мемлекеттiк тiлдi қолдануыңызды, мемлекет басшымыз мемлекеттiк тiлде сөйлеуге тиiс деген ұстанымын бiз де қолдаймыз. БАҚ, әсiресе, елiмiздiң телеарналарының «Тiл туралы» заңды қатаң орындауын, интернет беттерiнде сапалы құрылған қазақ сайттарының көптеп ашылуын бақылауыңызға алсаңыз деген тiлек бiлдiремiз... Қазақ бөлiмдерiнде оқитын студенттердiң сапалы бiлiм алуына тап болатын кедергiлердiң бiрi – қазақ тiлiндегi оқулықтарының жетiспеушiлiгi. Студенттердiң мұң-мұқтажына құлақ асып, қазақ тiлiндегi сапалы оқулықтарды шығаруға қол ұшын берсеңiз деген тiлекке де шын ниетпен қосыламыз!
Сондай-ақ, Үкiмет басшысы ретiнде Кәрiм Қажымқанұлынан министрлiктер мен агенттiк басшыларының мемлекеттiк тiлдi меңгеруiн қадағалауыңызды өтiнемiз! Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл екенiн ескере отырып, барлық Үкiмет отырыстарын тек қана қазақ тiлiнде өткiзуiңiздi бiз де сұраймыз!
Құрметтi Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Құрметтi Асылан Есболұлы!
Құрметтi Парламент депутаттары!
«Қазақстан Республикасының өзi қабылдаған мемлекеттiк тiлi бола тұра, осы уақытқа дейiн Парламенттiң қос отырыстарының түгелге жуығы өзге елдiң мемлекеттiк тiлi – орыс тiлiнде өткiзiлуi — әбестiк. Қазақстан республикасының Парламентi атана тұрып, сол елдiң мемлекеттiк тiлiнде отырыс өткiзбей, өзге тiлдi қолдануларыңыз қисынсыз. Қазақстан Республикасының Парламентi екендiгiн залдарыңыздағы қазақ тiлiнде сөздерi бар таблоларыңыздан ғана бiлемiз, одан өзгесiнiң бәрi де Ресей Думасын еске түсiретiндiгi бар. Мұндай миға қонымсыз құбылыстардың келешекте де орын алмасы үшiн, Сiздерден, қадiрлi Парламент палаталарының төрағалары мен депутаттары, келешекте өтетiн барлық отырыстарыңызды тәуелсiз, егемендi елдiң бiрден-бiр мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлiнде өткiзулерiңiздi сұраймыз!» деп атадан қалған аманаты асқақтатқан жанашырлардың қатарынан бiз әрқашан табыламыз!
Қазақстан жастары! Замандастар! Ақ ниеттерiңдi қолдаймыз! Бүгiнде бұл — өзектi мәселе. Қазақтың қазақ тiлiн бiлмегенi ұят. Ұлтымыздың ұйытқысы қазақ тiлiнде екенiн түсiнетiн кез болды ғой!
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Тіл және әдебиет институты, Қазақ филологиясы кафедрасы, «Журналистика» мамандығының оқытушылары мен студенттері
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Вт Апр 15, 2008 13:28 казак
Назарбай, казакша базлай!
|
|
|
 Вт Апр 15, 2008 16:58
Жөн, өте орынды, жігіттер мен қыздар!
Вхуз ағаларың.
|
|
|
 Ср Апр 16, 2008 11:33
Жастардың тіл мәселесін түсініп,осыған араласуы қуантады.
|
|
|
 Пн Май 05, 2008 11:20 Нақты ІС-ӘРЕКЕТ керек !!!
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ күн сайын қатары арта түскен САНАЛЫ АЗАМАТТАРЫ :
..............................................................................................
ҚР Конституциясының «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» дейтін 7-ші бабының 2-ші тармағын және ҚР тілдер туралы Заңының «... ҮЕҰ-дар өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді, керек болған жағдайда басқа тілдерде...» дейтін 8-ші бабын негізге алып:
- ПАРЛАМЕНТ пен ҮКІМЕТТЕН бастап, ауыл ӘКІМІНЕ дейін және Еліміздегі 7000-нан аса Үкіметтік Емес Ұйымдардың конституциялық, заңды талаптарды орындамаған фактілері үстінен СОТҚА жүздеген, мыңдаған ТАЛАП-АРЫЗ берулері тиіс !!!
|
|
|
 Ср Май 07, 2008 14:30 БАРША ҚАЗАҚҚА ҮЛГІ боларлық ЖАПОНДЫҚ !!!
EXPRESS-K.KZ. Кульпаш КОНЫРОВА в материале “Японские политики знают казахский язык” пишет, что вице-министр экономики, торговли и промышленности Японии Канае Ямамото продемонстрировала прекрасное знание казахского, поприветствовав главу Минэнерго РК Сауата Мынбаева на его родном языке. Мало того, после подписания с ним меморандума о сотрудничестве в области мирного использования атома японская гостья дала интервью столичным журналистам на казахском языке.
""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""
... ҚР "Тілдер туралы" Заңының "... Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар
басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі."- дейтін 27-ші бабын орындауға тырысқан
тұңғыш ТІРІ-ЖАН ретінде Канае Ямамотоға "Халық Қахарманы" атағын беру керек
------------------------------------------------------------------------------------------
kilyzaman :
Ой Антивирус бауырым ай, керемет мысал жоғарыда жазғаның!!!
... Шенеуліктегі шалатуылғандардың намыстары болса, ойланып қалған шығар мүмкін!!!
... Мен ғой әлгі сарыуаймға салынып армандап жүрсем, Көзіңнен айналайын Жапондығым ай, алдын ала біледіғой олар өркениеттің иісін!!!
------------------------------------------------------------------------------------------
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 483947
Всего зарегистрированных пользователей: 14279
Последний зарегистрированный пользователь: ibraev_b
|
Сейчас посетителей на сайте: 61, из них зарегистрированных: 1, скрытых: 0 и гостей: 60 Зарегистрированные пользователи: Камрад
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (5625) Alty Alash (5465) kazak (3428) ангел (3281) Йода (3190) Евгений Нечаев (2805) Я (2728) Wladimir (2629) Strannik 18 (2440) внучок (2380)
|
|
|