 |
 |
|
 |
|
 |
|
ERLIK: 1968 жылгы Мексика канды елесі [164/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 4 Мая 2008 09:31:33
Олимпиада ойындары
1968 жылгы Мексика канды елесi
...
|
ТІЛ КОМИТЕТІНЕН ХАТ [317/15]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 17 Апреля 2008 23:17:37
«Рух пен Тіл» клубының жетекшісіне
Сіздің 2008 жылғы...
|
Мақсат: Тілге құрмет – ұлтқа құрмет [236/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 20:27:53
«Рух пен Тіл» клубының студенттері атынан...
|
Әйгерім: «Жақсы болса ұл-қызың...» немесе «Әке – асқар тау» [269/2]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 20:27:18
Осы бір жан түршігер оқиғаны оқып, әр адам баласы...
|
Есiмовке ескерту: Студенттердiң мазасын алмаңыз [271/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 13:09:07
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008...
|
Мемлекеттiк тiлдi сыйлаңыздар... [206/5]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 13:00:49
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008...
|
Қазақстан Республикасының Президентіне,Үкіметіне және Парламентіне ашық хат [245/0]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 12:48:36
Назарларыңызға "Жас алаш" газетінің 2008 жылғы...
|
Әйгерім: Біздің ұлттық намысымыз неге төмендеп барады? [378/9]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 11 Апреля 2008 11:26:09
Бірде көк базардан қайтып келе жатқан едім. Автобус...
|
ZHANAR: Бақыт деген не? [282/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 11 Апреля 2008 11:24:32
Бақыт!
Ол не?
Қонғаны ма мансап бақ?
Байлық па, әлде...
|
Poза:Казiргi казак киносынын жагдайы калай? [232/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 6 Апреля 2008 14:25:55
Кино алемi- арбiр улттын бет-бейнесiн танытатын,...
|
Приглашаем вас посетить официальный сайт М.Шаханова [550/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 2 Апреля 2008 12:19:55
28.03.08 состоялось официальное открытие сайта...
|
Мухтар Шахановтын ресми сайты [377/0]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 30 Марта 2008 19:23:46
28.03.08 кунi белгили акын, когам кайраткери, ардакты...
|
Ашык хатты колдаушыларга [431/5]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 28 Марта 2008 01:08:02
Халайык!
Казіргі уакытка карай осы ашык хатты Алматы...
|
ERLIK: Дума за отделение Ю.Осетии и Абхазии от Грузии [312/2]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 23 Марта 2008 01:00:04
Duma wants Putin to back Georgian separatists
MOSCOW:Parliament on Friday urged the Kremlin...
|
ДАУРЕН: Причем тут клуб “Рух пен Тiл”? [395/11]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 21 Марта 2008 14:26:32
Уважаемые блоггеры! В первую очередь, хотел бы вам...
|
С.Абдирешулы: Шала казахи [570/30]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 21 Марта 2008 12:01:02
Шала казахи сами по себе являются проявлением...
|
ERLIK: Новые колониалисты [347/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 17 Марта 2008 20:27:55
www.economist.com
China
The new colonialists
Mar 13th 2008
From The Economist print edition...
|
Таншолпан: Тiлiмiздiн айбыны! [328/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 16 Марта 2008 15:15:04
Тiл – барша халыктын мадениетiн, адебиетiн,...
|
Акерке: Омiр талкегi, заман талабы. [281/1]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 16 Марта 2008 15:14:17
Адам баласы шыр етiп дуние есiгiн ашкан шактан бастап,...
|
ERLIK: Движение “Болашак” против плотских позывов [514/24]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 16 Марта 2008 00:01:16
Республиканское движение “Болашак” набирает...
|
|
|
 |
ТІЛ КОМИТЕТІНЕН ХАТ
[317/15]
«Рух пен Тіл» клубының жетекшісіне
Сіздің 2008 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К. Мәсімовтың атына жазған ашық хатыңызға орай мынаны хабарлаймыз.
Сіздің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» Заңының орындалуы жөнінде көтеріп отырған мәселеңіз орынды. Рас, өздеріңіз айтып отырғандай, қоғамның түрлі салаларында, ресми ортада, іс жүргізуде мемлекеттік тілдің мәртебесі заң жүзінде көп жағдайда толық орындалмай отырғаны өкінішті. Бұл туралы қоғамдық пікірлер озғалып, қазақ тілінің бүгінгі кезеңде ықпалын арттыру жайлы талаптар мен ұсыныстар көптеп айтылуда. Қазақстан азаматы болып табылатын жауапты басшылардың жауапкершілігін арттыру жөнінде де нақты талап-міндеттер қойылуда. Осыған байланысты заң талаптарын орындауға, күшейтуге қатысты жұмыстарды жүргізуге барынша ұмтылып жатырмыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналатын қазақ тілінің мәртебесін нығайту, қалыптастыру мақсатындағы келелі міндеттер ешқашан күн тәртібінен түскен емес.
Осы кезеңдерде министрлік тарапынан мемлекеттік тілді дамытуға деген жан-жақты бағыттар жасалып, іске асуда. Мемлекеттік тілдің барлық мемлекеттік басқару органдарында қолданылуы қанат жая түсуде. Тіліміздің жаңа технологиялық жағынан қамтылуы да іске асып келеді. Қазақ тілін оқытып-үйрету үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайлар жасалып отыр.
Республика бойынша мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен өңірлер мен мемлекеттік органдардың үлес салмағы артқаны көрінеді.
Елбасы Жарлығына сәйкес қазіргі уақытта 10 облыс – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Алматы мен Астана қалалары – мемлекеттік тілде іс жүргізуге ресми түрде көшіп жұмыс істеуде. Ал биылғы 2008 жылы 4 облыс – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көшуді бастап отыр. Яғни, бұл Республика өңірлерінің 75 пайызы ресми түрде мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшті деген сөз. Сонымен бірге, 2007 жылы Елбасы Жарлығына сәйкес 22 жоғарғы билік пен басқару органдары мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшті. Енді оған биылғы 2008 жылғы 7 орталық орган қосылатын болады. Осындай сәтте мемлеттік тілдің ресми тілде орнығуы нақты іске асатын болады және қойылатын талаптар да күшейе түседі деп білеміз.
Қазіргі кезеңде мемлекеттік тілдің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру мақсатында зор бастамалар жасалып отыр. Соның нәтижесінде өткен жылдың аяғында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі Елбасының арнайы Жарлығы шықты. Сонымен қатар «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы» Үкімет қаулысымен бекітілді.
Аталған нормативтік құқықтық актілер алдағы уақытта да мемлекеттік тілдің тәуелсіз елімізде кеңінен қанат жаюына мүмкіндік беретін болады.
Бүгінгі күнде тілді оқытудың 15 облыстық орталығы бар. Сонымен бірге Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының аудандары мен қалаларында орталықтар ашу жұмыстары жүргізілуде. Ал жалпы алғанда, осындай 30-дан астам орталық жұмыс істеуде.
Алдағы уақытта тіл саясатының негізгі бағыттарын іске асыруға ұмтылудамыз:
Біріншіден, тіл саясаты саласындағы заң жобаларын жетілдіру;
Екіншіден, орталық және жергілікті атқарушы органдардағы іс-қағаздарын мемлекеттік тілге сапалы енгізуді қатаң бақылауды қамтамасыз ету. Таяу арада іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді 60-70 пайызға дейін жеткізу;
Үшіншіден, мемлекеттік тілдің ақпараттық жүйесін кеңейту, тілді оқытуда озық ақпараттық-технологиялық әдістемелерді қолдану, оның тиімділігін арттыру;
Төртіншіден, тілдік ортаны қалыптастыруға, тіл мәдениетін жетілдіруге бағытталған, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында атқарылатын шараларды іске асыру, оның инфрақұрылымын жасау.
Жоғарыда көрсетілген шараларды шешу елдегі тілдік ахуалды сапалы түрде жақсарту үшін оңтайлы жағдай жасауға, тілдік ортаны қалыптастыруға, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіруге, қазақ тілінің еліміздің мемлекеттік тілі ретінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіндігі даусыз. Осы мақсатта нақты іс-шаралар жасалып, іске асырыла беретін болады.
Төраға Е. Қажыбек
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
Арыс
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 160
|
 Пт Апр 18, 2008 00:37
Бәрі жалаң сөз,тек қана қағаз бетінде деп санай беріңіз!!!.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 01:51 ATASININ BASI!!!
ESHNARSENI KORIP TURGAN ZHOKPIN,ISTELINIP ZHATKAN!!!KASHANGI ANGIMEMEN AITIP KOYA BERESIZDER,ELIMIZ KURIP,ZHERIMIZDIN BARLIGI SATILIP KETKEN KEZDE...OIBAI KIMILDAU KEREK DEP BASTAISIZDAR MA???
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 10:55 77
Құрметті «Рух пен Тіл» клубының жетекшісі! Бастадыңыздар ма, бір нәтиже шығармай тоқтамаңыздар. Істеріңізден көп халық үміт күтіп отыр. Тіл комитетінің аты да, заты да жоқ нәрсе. Биліктің әудесіне сеніп, жеткен жеріміз осы. Қазақтың тілі түгілі, өзі бүгін жойылуға шақ тұр! Сіздердің кез келген қимылдарыңызды қолдаймыз.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 11:11
Тіл тіл және тіл қолдаймыз.Өкімет өзінен бастасын, талап ету керек олардан.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 11:32
Osy "Toeragha Qazhybek" zhazghan soezder bizge zhanga Amerikany ashqan zhoq. Baiyaghy bylzhyraq!
Sonshama angsap zhuwrip ""til, til" dep aelde de tuwsuwmbei zhuwrsinder tilqorgangysh aghalar:
ANA Tilimiz oete kurdeli reformany tilep otyr! Sol til-reformasynyng irgetasy - LATYN Aelipbi. Taeuelsiz aelipbi bolmai - tilimiz sol qul salasynda zhataberedi!
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 11:34
5-shi oyi - menyky
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 11:45
Құрметті клуб басшылары!
Жауап алынды, бірақ ең жоғарғы лауазымды адамдардың тілді менсінбеуі туралы - жауап қайтарылмапты, деп айтуға толық негіз бар.
Сондықтан, қанағаттанарлық жауап деуге болмайды.
Келесі саты - Премьер-Министрдің, Парламент Палаталары (оның ішінде А.Мусин мырза неге Мысыр еліндегі мінберден Ресей федерациясы тілін қолданып сөйлеген факті туралы айтып) басшылары атына жолдап, сол үндеуді БАҚ-тарда жариялау.
-------
Вхуз-WXYZ
|
kazak
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 15.07.2006
комментов: 3428
|
 Пт Апр 18, 2008 14:54 Модеры любят Нурова не по-детски.
Как всё гладко и обтекаемо на словах и на бумаге. Такое впечатление, что прочитали отчётный доклад ЦК КППСС очередному съезду. Даже там было намного больше конкретных цифр. Почему так дорог интернет в Казакстане? Где тарифы, цены на аренду внешних каналов? Где сравнение аналогичных позиций с развитыми странами и с той же Россией? Почему при такой дороговизне аренды внешних каналов аппарат получал такие нереальные зарплаты и бонусы в нищей стране? Откуда такая сумасшедшая прибыль? Какая может быть социальная зависть в стране, где большинство населения перебивается с хлеба на воду? Есть большая социальная ненависть к тем, кто пользуясь отсутствием или несовершенством законодательства присвоил бывшую общенародную собственность, и теперь, на её базе обворовывает народ, облекая своё воровство в наукообразные бизнес-понятия. И теперь один из этих "успешных мажориков", без моральных угрызений обворовывавший вместе с другими чинушами Казтелекома свой народ, предстал перед ним в новом обличье- гуру, который знает как сделать всем счастье. Надо только доверить свои кровные денежки очередной конторе "Рога и копыта". Кстати не мешало бы опубликовать тарифы за услуги "Планктона". Всё бы ничего, только как и в случае с Булатом Абиловым, надо быть морально безупречным, чтобы люди поверили. А то получается: сегодня маленько поворую, наживусь, а завтра выступлю за прозрачность бизнеса и честность. И ещё. Вы заметили, честной народ, какая большая и довольно оголтелая "группа сопровождения" всегда присутствует на обсуждении новоявленного "гуру честного бизнеса" в насквозь коррумпированной стране? Помните как когда-то цыганки торговали батниками? Одна торговала, а 2 или 3 другие рядом кричали: ой, Марина ( Наташа, Оксана и т. д. ) смотри какие хорошие и дешёвые батники.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 17:02 Bolachak
Құрметті төраға!
Жазғаныңзға сендік дейік.Бұл жазғаныңыз өзіңізге де ұнап тұрған сияқты.Тіліміздің мәртебесін көтереміз деп,бюджеттен қарайған ақша бөлініп жатыр.Бірақ еңбек нәтижесі күнделікті өмірде көрініп тұрған жоқ.Қазақ телехабарларын қосып қалсаң,екі қазақ отырады,бірі сұрақ қойып,екіншісі сол сұраққа жауап беріп.Отырып тыңдай қалсаң не жайында деп,екеуі де шүлдірлеп орысша сөйлесіп отырады.Неге солар бір-бірімен өз ана тілінде сөйлеспейді.Тілді осы жерден бастау керек сияқты.Меніңше тілімізді басқа ұлтқа тап қазір үйретеміз деуіміз күлкілі жағдай болып тұр,өз-өзіміз орысша бір-бірімізбен сарнап тұрғанда.Сол жерде текстаударма ма басқалай ма аударып тұруға болады ғой.Біздер орта азия елдерінің ішінде қанша орысша тілге жақын болсақ та,қазақтың абыройы бұл халықтың алдында түспесе,артып жатқан жоқ.Теледидар бір болса,билік басындағылардың мемлекеттік тілде сөйлемеуі -екі.Бұның бәрі айтылып жүрген нәрселер.Бұрыннан қалыптасқан нәрсені бірден кесіп шешу қиын екенін білеміз,дегенмен де басқа халықтарға зияны тимейтіндей тіліміз айналасында жасалынуға болатын,бірақ жасалынбай жатқан нәрселер көп.Әрине бұл мәселенің айналасы да саясатқа толы,әлі ертелеу болар шорт кесуге.Дегенмен де.
|
|
|
 Пт Апр 18, 2008 17:39 өте орынды айтылған сөз
өте орынды айтылған сөз, осы тіл мәртебесін көтеруіміз керек
|
|
|
 Сб Апр 19, 2008 20:43
Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқаннан ақ, берген білім.
Сол тілмен алғашқы рет білдіргенім,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
Өте орынды және дер кезінде жазылған хат. Толық қосыламын. Жоғарғы жақтан қозғау жасамаса, біздің мәңгүрттеріміздің қозғалатын түрі жоқ. Өз қазағың бір-бірімен басқа тілде сөйлесіп тұрса басқа ұлттан не үміт, не қайыр.
|
you-ЖАН
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 06.11.2006
комментов: 424
|
 Вс Апр 20, 2008 00:30 10 вопросов председателю Кажыбеку
1) Кино туралы заң қайда,
2) ТВ БАҚ-тарда, кино құралдарында қазақ субтитрін және дубляжын толық қазақша жазу міндетті деген заң қайда??
3) Қазақшаға дубляж жасайтын ұйымдарды ынталандыратын кедендік, салықтық іс-шаралар, жеңілдіктер қайда?
4) Әлемде танылған мультфильмдерді қазақшаға аударуға лицензиялар қайда.
5) Орысша Ресейден заңсыз келетін ДВД-лерді тоқтататын шаралар қайда
6) Латыншаға көшеміз бе көшпейміз бе?
7) Қазақша Интернет дамытатын бағдарлама қайда
8) Қазақша бірінші болып жазылған заң қайда?
9) Қазақша СД ойындар қайда?
10) Қазақша Сони Плей стейшн ойындары қайда?
11) Тілкомның қазақша сайты қайда?
12) сұрауға шаршадым ау
УФ......
|
|
|
 Вс Апр 20, 2008 09:39
12.Ю-Жан.Мырза.
Дұрыс,конструктивті түрде айттыңыз.Ол жер кез-келген адамдар жасайтын орын еиес.Көп болса баяғы партиялық функционерлер отырған шығар.Ал тіл комитеті еліміздегі ең жауапты орын дер едім.Ол жерде ақылы көп,ұлтшыл,ұлтжанды ерекше адам отыру керек.
|
|
|
 Пн Май 05, 2008 11:23 Нақты ІС-ӘРЕКЕТ керек !!!
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ күн сайын қатары арта түскен САНАЛЫ АЗАМАТТАРЫ :
..............................................................................................
ҚР Конституциясының «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» дейтін 7-ші бабының 2-ші тармағын және ҚР тілдер туралы Заңының «... ҮЕҰ-дар өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді, керек болған жағдайда басқа тілдерде...» дейтін 8-ші бабын негізге алып:
- ПАРЛАМЕНТ пен ҮКІМЕТТЕН бастап, ауыл ӘКІМІНЕ дейін және Еліміздегі 7000-нан аса Үкіметтік Емес Ұйымдардың конституциялық, заңды талаптарды орындамаған фактілері үстінен СОТҚА жүздеген, мыңдаған ТАЛАП-АРЫЗ берулері тиіс !!!
|
|
|
 Ср Май 07, 2008 14:28 БАРША ҚАЗАҚҚА ҮЛГІ боларлық ЖАПОНДЫҚ !!!
EXPRESS-K.KZ. Кульпаш КОНЫРОВА в материале “Японские политики знают казахский язык” пишет, что вице-министр экономики, торговли и промышленности Японии Канае Ямамото продемонстрировала прекрасное знание казахского, поприветствовав главу Минэнерго РК Сауата Мынбаева на его родном языке. Мало того, после подписания с ним меморандума о сотрудничестве в области мирного использования атома японская гостья дала интервью столичным журналистам на казахском языке.
""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""
... ҚР "Тілдер туралы" Заңының "... Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар
басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі."- дейтін 27-ші бабын орындауға тырысқан
тұңғыш ТІРІ-ЖАН ретінде Канае Ямамотоға "Халық Қахарманы" атағын беру керек
------------------------------------------------------------------------------------------
kilyzaman :
Ой Антивирус бауырым ай, керемет мысал жоғарыда жазғаның!!!
... Шенеуліктегі шалатуылғандардың намыстары болса, ойланып қалған шығар мүмкін!!!
... Мен ғой әлгі сарыуаймға салынып армандап жүрсем, Көзіңнен айналайын Жапондығым ай, алдын ала біледіғой олар өркениеттің иісін!!!
------------------------------------------------------------------------------------------
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 483947
Всего зарегистрированных пользователей: 14279
Последний зарегистрированный пользователь: ibraev_b
|
Сейчас посетителей на сайте: 70, из них зарегистрированных: 2, скрытых: 0 и гостей: 68 Зарегистрированные пользователи: Камрад, Марсель
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (5625) Alty Alash (5465) kazak (3428) ангел (3281) Йода (3190) Евгений Нечаев (2805) Я (2728) Wladimir (2629) Strannik 18 (2440) внучок (2380)
|
|
|