 |
 |
|
 |
|
 |
|
"Қазақстандық ұлт". Бұл не? Бұл - құбыжық эксперимент! [126/2]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 25 Июня 2008 18:40:47
«Қазақстандық ұлт» деген тексiз, тамырсыз, талайсыз...
|
Почему не регистрируют демократическую партию «Халык рухы»? [277/7]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 10 Июня 2008 13:20:19
Ровно год назад прошел первый учредительный съезд...
|
Нам отвечает космополит Е.Ертысбаев [338/16]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 6 Июня 2008 13:47:27
- Здравствуйте, уважаемый г-н Ертысбаев! Пользуясь...
|
ERLIK: «Стадо» под названием народ Казахстана [487/22]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 5 Июня 2008 15:30:14
Странное государство Казахстан. Непонятные и уму...
|
ERLIK: Олжас ағамыз қашанғы адаса береді? [467/25]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 22 Мая 2008 21:19:25
Соңғы кездері қазақ тілінің қазақ елінде беделі...
|
«Жас Отан» - Қазақстан – Нұрсұлтан!» немесе «нұрсомолдықтардың» алғашқы құрылтайы нені аңғартты? [228/0]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 22 Мая 2008 20:46:01
Кеңестік идеологияның қақырап тұрған тұсында...
|
«Нұрлан Әлімбековтың бостандығы үшін» қоғамдық қозғалысы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай митинг өткізеді [210/1]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 22 Мая 2008 20:31:21
«Нұрлан Әлімбековтың бостандығы үшін» қоғамдық...
|
ERLIK: 1968 жылгы Мексика канды елесі [344/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 4 Мая 2008 09:31:33
Олимпиада ойындары
1968 жылгы Мексика канды елесi
...
|
ТІЛ КОМИТЕТІНЕН ХАТ [505/17]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 17 Апреля 2008 23:17:37
«Рух пен Тіл» клубының жетекшісіне
Сіздің 2008 жылғы...
|
Мақсат: Тілге құрмет – ұлтқа құрмет [401/5]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 20:27:53
«Рух пен Тіл» клубының студенттері атынан...
|
Әйгерім: «Жақсы болса ұл-қызың...» немесе «Әке – асқар тау» [435/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 20:27:18
Осы бір жан түршігер оқиғаны оқып, әр адам баласы...
|
Есiмовке ескерту: Студенттердiң мазасын алмаңыз [448/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 13:09:07
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008...
|
Мемлекеттiк тiлдi сыйлаңыздар... [375/7]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 13:00:49
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008...
|
Қазақстан Республикасының Президентіне,Үкіметіне және Парламентіне ашық хат [414/1]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 15 Апреля 2008 12:48:36
Назарларыңызға "Жас алаш" газетінің 2008 жылғы...
|
Әйгерім: Біздің ұлттық намысымыз неге төмендеп барады? [556/10]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 11 Апреля 2008 11:26:09
Бірде көк базардан қайтып келе жатқан едім. Автобус...
|
ZHANAR: Бақыт деген не? [461/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 11 Апреля 2008 11:24:32
Бақыт!
Ол не?
Қонғаны ма мансап бақ?
Байлық па, әлде...
|
Poза:Казiргi казак киносынын жагдайы калай? [381/3]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 6 Апреля 2008 14:25:55
Кино алемi- арбiр улттын бет-бейнесiн танытатын,...
|
Приглашаем вас посетить официальный сайт М.Шаханова [734/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 2 Апреля 2008 12:19:55
28.03.08 состоялось официальное открытие сайта...
|
Мухтар Шахановтын ресми сайты [580/0]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 30 Марта 2008 19:23:46
28.03.08 кунi белгили акын, когам кайраткери, ардакты...
|
Ашык хатты колдаушыларга [603/6]
КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\", 28 Марта 2008 01:08:02
Халайык!
Казіргі уакытка карай осы ашык хатты Алматы...
|
|
|
 |
ERLIK: Олжас ағамыз қашанғы адаса береді?
[467/25]
Соңғы кездері қазақ тілінің қазақ елінде беделі құлдырай бастағаны ма? Мұндай ойға келуімізге себеп кейбір билік тарландарының ана тілімізді тұқыртуға бағытталған саясат жүргізуі, қандастарымыздың үлкен бөлігінің ана тілін меңгермеуі әрі үйренуге құлықсыздық танытып отырғаны түрткі болып отыр. Бір топ космополиттердің бастамасынан туған «қазақстандық ұлт» идеясының «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасына енуі ұлтжанды қазақ азаматтарының төбесінен жай түсіргендей болды. Бұған үзілді-кесілді қарсылық танытқан ұлт тұлғаларының да даусын естіп жатырмыз. Алайда біз қазақтың зиялысы, ұлтына тұтқа болар азаматы деп жүргендердің едәуір бөлігі ана тілін ажал аузынан құтқаруға құлықты емес екен. Бұған орыстілді ақын Олжас Сүлейменовтың пікірлері дәлел.
Қайда жүрсе де орыс тілінің айбынын асқақтатқысы келетін көрнекті ақын ағамыз Олжас Сүлейменов өткен аптаның бірінде ресейлік «МК в Казахстане» газетіне сұхбат беріпті. Сұхбатында «билік қазақша сөйлесін» деп өтініш білдірген студенттердің пікірі заңға қайшы екендігін атап өтіпті. Дәлірек айтсақ, сұхбатында: «Думаю, что студентов подталкивают к нарушению Конституции, которая узаконила равноправное употребление государственного и официального языков республики. Нам не следует брать пример с некоторых мононациональных республик СНГ. Они превратили себя в геополитические тупики, резко сократив возможности экономического, культурного и политического взаимодействия с соседями. Казахстан и географически является перекрестком, вернее, мостом между Европой и Азией. В соответствии с этим и сформировалась структура нашего населения. Кто-то, возможно, хотел бы видеть Казахстан большим уютным моноязычным аулом, затерянным в мировых просторах. Но, увы, это невозможно. Казахстан в обозримом будущем, если хочет сохранить и упрочить свою государственность в окружении Китая, России и мусульманского юга, должен развиваться как страна урбанистическая, с демографически сложным и, следовательно, не моноязычным народом. Это понимает политически грамотная часть нашего населения. Не вместо, а вместе! – вот принцип, на котором строится современный и будущий Казахстан. В соответствии с ним президент выдвинул Программу многовекторного развития, включающую такие направления, как "Путь в Европу", "Шелковый путь" и другие интеграционные идеи. Эта Программа предусматривает развитие в республике трехязычия: казахский – государственный, русский – официальный, но шире – язык межнационального общения в СНГ, английский – для общения в остальном мире. Нашему народу надо помогать воспитывать панорамное мировоззрение, а не эгоистическое самовоззрение. К этому и надо призывать школьников и студентов, воспитывая осознание взаимозависимости всех национальностей и классов нашего общества. Тогда мы устоим!» деп айды аспанға бір-ақ шығарыпты! Осыдан кейін ол кісіні қазақтың ақыны, қазақтың азаматы деп атауға қалай аузымыз барады? Ана тілінің тағдырына алаңдамай, орыс ұлтының тілін қызғыштай қорыған Олжекеңе осыдан кейін «Сіздің қазаққа бүйрегіңіз бұра ма, жоқ па?» деген сауалды төтесінен қойғымыз келеді.
О.Сүлейменов қазақ тіліне байланысты өз ойын осылайша ашық білдіргеннен кейін-ақ орыстілді басылымдар оны қолдап, ұлардай шулап қоя берді. Бұл тұрғыда олар өз космополиттерімізді өзімізге қарсы айдап салуды әдетке айналдыра бастады. Ұлтына, тіліне қарсы пікір айтатындар тізімінің басында баяғыша Мұрат Әуезов тұрады. Ол кісі де Олжекең сияқты бүкпесіз ашық кетіп, «Аргументі и факты» газетінде орыс тілінің жоғын жоқтап шыға келді. Оған осы газет бетінде Менғали Мусин деген өз қағынан өзі жеріген қарт пен Бектас Мұхамеджанов деген Халықаралық саяси институт директоры да қолдау білдірді. Олардың аузына сөз салып, қоламтаны үрлеп отырған аталмыш газет тілшісі – Ю.Кириницианов. Жалпы, Олжас көтерген мәселелерді тек Кириницианов қана емес, орыстілді өзге басылымдар да ұдайы жаңғыртумен келеді. Қазір олар қазақ тіліне қарсы ашық пікір білдіруден тайсалмайтын болды. Өйткені, «қазақстандық ұлт» пен «үш тұғырлы тіл» идеясын биліктің өзі қолдап отыр.
Бір газет бетінде қоғам наразылығын тудырған «үш тұғырлы тіл» бағдарламасына жоғары баға беріп өткен Сүлейменов мына пікірінен кейін қазақ тілін құрбандыққа шалып жіберуге дайын отырған сияқты. Тілі енді шыққан екі жастағы балаға бірден үш тілді меңгертуге талпыну ұлттың тағдырына балта шабумен бірдей. Бірде бір елдің тәжірибесінде оң-солын танымаған сәбиге бірден үш тілді үйрету сияқты «керемет» бағдарлама кездеспейді. Жапония тәрізді бірқатар дамыған елдерде балаға шет тілін үйрету 12 жастан басталады екен. Ал біздің биліктің ұсынып отырған идеясы бойынша буыны қатпаған балаға бірден үш тілді үйрету еш қисынға келмейтіні анық. Бұны Сүлейменов түсінбейді емес, түсінеді. Бірақ осындай мінез көрсетуі бұл кісінің туған ұлтына деген мысықтілеулілігін аңғартады. Расында да «қазақстандық» ұлт идеясын алғаш рет көтерген адамның бірі мен бірегейі осы Олжас Сүлейменов. Ал оны ұлы Мұхтардың баласы Мұрат Әуезовтің қолдауы қазіргі қазақ космополиттерінің қалғымас қажырлы ісінен хабар береді.
Бабаларымыздан аманат болып қалған қазақ тілін өзімізден кейінгі ұрпақтың қолына табыстай алмасақ, қазір құрақ ұшып ұмтылып отырған 50 елдің қатарына қосылмақ түгілі, бірінші елге айналсақ та, біз тарих алдында, бабаларымыз алдында ақтала алмасымыз анық. Осындай қысылтаяң кезеңде Сүлейменов, М.Әуезов, Б.Мұхамеджанов, М.Мусин секілді ағаларымыз ұлтқа қол ұшын берудің орнына, өздері ішіп жүрген құдыққа түкіріп, қашанғы адаса береді?
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
Арыс
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 392
|
 Пт Май 23, 2008 00:04 Жегенде де,аздап жеу керек еді !!!
Олжакеңді қу Невада-Семей қорындағы қаржылар құртты емес пе?,алд-жалда Олжекең
билікке қарсы сөйлей қалса,сол қордағы ізім-қайым жоқ болып кеткен қаржылар оның
өзіне оқжыландай атылайын деп тұр!!!!.Бұл енді Олжастың билік алдындағы ең бір
басты да бас көтере алмас қиыншылығына айналып отыр....
|
|
|
 Пт Май 23, 2008 03:40 Жау іздеме, қазағым!
Желге қарсы түкірсең
Қыйын болады ағайын
Түлкі болып жүгірсең
Бөрі ұстауға дайын!
Жанып кету оңай ғой
Ашындырма бауырым
Сабырлықпен ақыл қой
Шығыс табады ой түбін!
Жойылмайды, кессеңде
Тілің сенің, қазағым
Ұмтыл бәрін білуге
Жақсының тілі мығым!
Жау іздеу бізге
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 418
|
 Пт Май 23, 2008 03:42 Неге мені танымады?
Екінші меннім!
Аман сау болайық!
|
Алмаз Р. Естеков
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 09.12.2005
комментов: 963
|
 Пт Май 23, 2008 07:11
Казирги уакытта уш тил боганымен, казакка пайдасы коп.. Бириншиден, мектепте биздин балаларымыз ар бир аптасына 10 сагаттан ана тилин окуганымен, 8 сагат ангыл тилин окуга тиисты! Сонда, орыс тилин баларымыз кошеде уренсин.. Бизге екинши тилди тусеру керек!
Екиншиден, 1000 казак мугалимдеримиз шет мемлекетте еки жылдан ангыл тилинен стажировканы оту тиисты жэне, казирден бастап, бул жагдайды, арене Окимет руксат берсе, мен тезрек шешемин.. Биздин балаларымыз, биз жеген бокты, жемесин!
Ушиншиден, орыстын балалары, Казакстаннын Конституция боинша, казак тилин билуге тиисты.. Сол жагдайдан, биз оларды тэртипке коюга тиистымыз жэне орыс мектептерде аптасына 10 сагаттан орыс тилден сабак болганымен, 8 сагат казак адибиетин окысын!
|
Newman
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 04.09.2003
комментов: 2537
|
 Пт Май 23, 2008 09:17
//Түлкі болып жүгірсең
Бөрі ұстауға дайын!//
Түлкіге құмар бөрілер туралы естімеппін...
Бөрілер жүгірген түлкіге емес, жайылып жатқан тоқтыға құмар емес па еді?
|
|
|
 Пт Май 23, 2008 09:50 Авторға
Жақсының тілі мығым
Жақсы болып қызықтыр
Еңбегіңді қерек қыл
Тілі жайнады жігіттің!
Қашаңғы қазақтар жылай бересіңдер!
Жақсының тілі дамыйды, ұйткені қажет болады!
Олжас, Мурат Әуезов жақсыларымыз, бірақ азғой!
Елге қалқа боламын деген адамдарды алдынан де, артынан да талайды екен!
Қазаққа ұран тастаңдар! Намыс қайда? Жігіттер барма?
Мен міні әйел болсам да, бір қазақ жігіт орынында тұрмын!
Нағыз жігіттер қайда!
Жалқауға сепеп табылады!
Күндне ертеңмен жамылады!
Мыржақып Дұлат, Мағжан Жұмабаев, тағы да басқа жан ашыр азаматтарымыз да солай айтқан емеспе! Қашан оянасың, Қазақ?
Newman - ға
Сіздің біліміңізге сенейін! Сезден артық білмеспін!
\"Заманың түлкі болса, тазы болып шал\" деген мақаланы
\"Заманың түлкі болса, Бөрі болып шал\" деп ұқаным ғой
Осы мақаланы қазақтар жақсы көреді, сонда оздерін таз деп санайды,
Түлкі болғанын көрмей!
Жүгірмей ақ, баспен ойласа қалай болады екен?
Баспен амал табалса
Түлкі алыс қашпайды
Аяғына таянса
Шаршап, бірде құлайды!
Міні түзегенім:
Желге қарсы түкірсең
Қыйын болады ағайын
Түлкі болып жүгірсең
Тазы ұстауға дайын!
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 418
|
 Пт Май 23, 2008 09:53 Қайтадан танымады
Осы мені қазақ танымасын дейді мекен?
Қалжың!
Қанатшаны байқамай алып тастағанмын ғой...
6 - ші мен
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 418
|
 Пт Май 23, 2008 09:57 Толығы
Желге қарсы түкірсең
Қыйын болады ағайын
Түлкі болып жүгірсең
Тазы ұстауға дайын!
Жанып кету оңай ғой
Ашындырма бауырым
Сабырлықпен ақыл қой
Шығыс табады ой түбін!
Жойылмайды, кессеңде
Тілің сенің, қазағым
Ұмтыл бәрін білуге
Жақсының тілі мығым!
Жақсының тілі мығым
Жақсы болып қызықтыр
Еңбегіңді қерек қыл
Тілі жайнады жігіттің!
Баспен амал табалса
Түлкі алыс қашпайды
Аяғына таянса
Шаршап, бірде құлайды!
|
|
|
 Пт Май 23, 2008 10:20 МЕДЕТ
Айна қарындас ағып тұр екен. Өлеңдерін кітап етіп шығару керек. Керемет.
|
Newman
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 04.09.2003
комментов: 2537
|
 Пт Май 23, 2008 10:22
Ал Сүлейменов туралы айтсақ, артынан қазақ ұрпағы қалмаған адам елге не ізгі ой айтар алады? Ойласа, сол еврей болып кеткен балаларын ойлағаннан айтқаны ғой.
Шынында, оны да түсінуге болады. Казіргі қазақша оқып келе жатқан жас ұрпақ Олжас деғен ақын бар дегенін білсе де, оның олеңдеріне назар салмайды.
Шын айтса, қазақшаға аударған кезінде де, оларға Олжастың өлеңдері түк маңынасыз болып көрінеді. Яғни, мәдени түбі өзгеше.
Сондықтан іші күйгені белгілі болып тұр.
|
Luarvik
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 26.02.2007
комментов: 1748
|
 Пт Май 23, 2008 10:50
тест
|
Newman
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 04.09.2003
комментов: 2537
|
 Пт Май 23, 2008 11:22
//Осы мақаланы қазақтар жақсы көреді, сонда оздерін таз деп санайды,
Түлкі болғанын көрмей!
Жүгірмей ақ, баспен ойласа қалай болады екен?//
Қандай керемет адамсыз.
Қазақты аңшы емес, олжа ретінде көреді екенсіз. Ондай даналы қазақтан мен де таң қаламын.
Ал олжа деп санаса, онда түлкі демей, қоян деген дұрыс болар.
Ай Ардақ, сен ақ коян секектеген
Ойымда бір тазым бар жетектеген....
Сондай бір қазақтың әні бар емес па.
|
|
|
 Пт Май 23, 2008 12:04 ҚАЗАҚ азғындарын қалай тәрбиелеуге болады ???
Алла жаратқан ұлттардың - жаманы,
үлкені, кішісі болмайды – бәрі жақсы.
Тек – әр ұлттың ішінде ҰЛЫСЫ да, ДҰРЫСЫ да, БҰРЫСЫ да, АЗҒЫНЫ да бар.
Міне, осы аксиоманы басқыншылық саясат ұстанған әлемдік басым күштер
(...алжастар, мураттар, кешегі "алик-малик-шарик" ғылымдарының шеберлері-кейбір, бүгінгі депутаттар мен шенеуніктер, кешегі "рэкет" ғылымдарының майталмандары-кейбір, бүгінгі депутат, министрлер ) арқылы,
ұтымды қолдана білді. Олар өздерінің әлемді торлап алған ұйымдары арқылы, кез-келген елдің, әсіресе дамушы елдердің ұлтын 4-ке бөліп, АЗҒЫНДАРЫН іріктеп алып, жан-жақты қолдау ұйымдастырып, олардың санасынан ұлттық сезімді өшіргеннен кейін, қызметін жоғарылатуға күш салып, БҰРЫСТАРЫНЫҢ үнсіздігін пайдаланып, сол ұлттың ҰЛЫЛАРЫН жойып, ДҰРЫСТАРЫН қудалап, олардың ҮНІН өшіру арқылы бүкіл ұлттың күш-қуатын өз мүдделеріне жегіп қоюға қол жеткізіп отырған...
ЕЛ боламыз десек - Қазақ үні арқылы өз ұлтымыздың ҰЛЫСЫН ұлықтап, ДҰРЫСЫН үлгі етіп, БҰРЫСЫН жетекке алып, бәріміз жабылып АЗҒЫНЫМЫЗДЫ түзетіп өз қатарымызға қосуымыз керек! Басқа жол жоқ...
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 418
|
 Пт Май 23, 2008 14:20 Newman
Сенімен неге таласам?
Менен озған қазақсын!
Неге дүшпан санайсың
Досың көп бе, қазағым?
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 418
|
 Пт Май 23, 2008 14:23 Newman
Тілің болса сайраған
Жасырасың сен неге?
Әлде басқа ойлаған
Ойың бар ма,Newman-еке?
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 418
|
 Пт Май 23, 2008 14:33 13-ке және авторға
Олжасты азды деп сен, асам дейсің
Олжастай болмайсын сен!
Бос сөйлейсің!
Бір ісін, істеп көрші әлің жетсе
Тілменен сайрап көрші,
Басқа елге!
Елемейді сені басқа, сыйламаған
Өлседе, Олжас болады елге, маған!
Бос сөйлеп, үре берсең Ғұламаға
Білмеген ақмақ екен, дейміз ғана!
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 418
|
 Пт Май 23, 2008 15:00 Авторға
Ағам дегеніңе рақмет, әйтпесе әбден надан болатын едің!
Кім сені Олжасқа қарсы қойып жүр?
РУХ пен ТІЛ иелеріме?
Осы жерде 13 -ші посты жазған адамның құлымысың?
Осындай адамдар, қазақтың ішіне тілімен кіріп, ішінен шірітеді!
Қалайша үлкен кіші болмайды? Біздің дәстүрімізді қазақтар жойып барады ма?
Осы клуб немен айналысып жүр?
Ғұламаларға жастарды қарсы қойса, сол надандардың артынан ересіңдерме?
Қазақты аздырам деген адамдар жүр мұнда, Қазақтар!
КӨЗІҢДІ АШ ҚАЗАҒЫМ!
Қаз
|
|
|
 Пт Май 23, 2008 15:50 Айнаға
Көзімді ашсам... алдымда... Тәңір тұр!!! Ойбай-ау, кеше басқа еді ғой смотрящий!!!
Точно, сен шақырттың!
|
|
|
 Пт Май 23, 2008 20:04
Сүйемін туған тілді, анам тілін,
Бесікте жатқаннан ақ, берген білім.
Сол тілмен алғашқы рет білдіргенім,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
Айна қарындасымызға айтарым, өз туған тілін төмендету арқылы тапқан абыройдан көше кезіп қайыр сұрап кеткен мың да бір артық.
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 418
|
 Пт Май 23, 2008 20:48 19-ға
Менен артық сүйесіңбе тілімді?
Менен артық сүйесіңбе дінімді?
Бұрмалайсың айтқан менім сөзімді
Көралмайсың бұрқырыған көңілді!
Ақша бер деп тілге қайта сұрайсың
Жан ашима? Қайда ақша жұмсайсың?
Тіл жамылып, қазақтарды тонадың
Дін жамылып, аразғылып, тастадың!
Жылатамын! Ашқың көзді қазағым!
Кім қасыңда? Дос па әлде жүр зұлым!
Қашқың! Сені жақсы көріп мақтаған
Қасыңда жүр жау жаныңды аулаған!
Мені саған аразғылса, қазағым
Көзді тырнап, танып алғың, кім зұлым!
Араз емес болсын қазақ, қазаққа!
Сенің ұлың! Қазақпын деген бала!
|
|
|
 Пт Май 30, 2008 17:24 Немерелерімен өз тілінде сөйлесе алмаған АНА - бақытты ма???
Айна Айтжанова
13-ке және авторға
........................................................
Олжасты азды деп сен, асам дейсің
Олжастай болмайсын сен!
Бос сөйлейсің!
Бір ісін, істеп көрші әлің жетсе
Тілменен сайрап көрші,
Басқа елге!
Елемейді сені басқа, сыйламаған
Өлседе, Олжас болады елге, маған!
Бос сөйлеп, үре берсең Ғұламаға
Білмеген ақмақ екен, дейміз ғана!
...........................................................
... балалары мен немерелерін өз АНАСЫНЫҢ тілінде сөйлеткізе алмаған
ПЕНДЕНІ кім деп атауға болады ???
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 418
|
 Чт Июн 05, 2008 23:55 21 - ге
Елімізде Би болған еді,
Бетке ұстар
Жақсы жаманды ажыратады
Би мен Салдар
Ат жамылса, бірден тұлға болама екен
Ау, 21 (жиырма бір), кір келтірме Аяз Биге!
|
|
|
 Вт Июн 10, 2008 12:26 ЗАҢДЫ талап қоюды үйренейік !!!
ЗАҢДЫ талап қоюды үйренейік және ҚР ЗАҢДАРЫН бұлжытпай ОРЫНДАЙЫҚ !!!
.............................................................................................................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Заңы. 1997 жылғы 11 шілде №151
8-бап Тілдердің қолданылуы
Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.
9-бап Мемлекеттік органдар актілерінің тілі
Мемлекеттік органдадың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.
27-бап Тіл – халықаралық қызметте
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда басқа тілдерді пайдаланып жүзеге асырылады.
Екіжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттік тілдерінде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келісімімен белгіленген тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Қымбатты БАУЫРЛАР !!!
Қазақ Елінің әр-бір азаматы ҚР Заңдарының осы баптарын өзі мүлтіксіз орындап және жүрген жерінде өзгелердің де орындауын талап етсе, онда егемендігіміздің 17 жылы ішінде біртұтас Қазақстан Халқының – қазақ тілін білмейтін бірде бір өкілі қалмас еді.
Сондықтан ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ алдында, бұдан ары қарай да масқара бола бермей, біртұтас ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ болып заңды талап қоятын кезіміз келді !!!
Парламентте де, Үкіметте де, Жергілікті басқару органдарында да, Саяси партияларда да, Қоғамдық ұйымдарда да ҚР Заңдарының осы баптарын мүлтіксіз орындамайтын бірде бір АДАМ болмауы тиіс !!!
|
|
|
 Ср Июл 02, 2008 15:16 Олжас НЕ ЧЕЛОВЕК, он - МАРСИАНИН !!!
Если бы ОЛЖАС был просто культурным человеком, то его дети и внуки разговаривали бы на языке его МАТЕРИ...
|
|
|
 Сб Июл 12, 2008 10:59 www.qazaq.kz сайтынан алынған ЖАҢАЛЫҚ !!!
БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМА
2008-жылы 11 шілде күні сағат 15.00-де «Аллажар-қолдау» ҚҚ, «Қазақ интернеті» ҚБ және «Қазақстан-Заман» газеті редакциясының ұйымдастыруымен Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған
«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Ұйымдастырушылардың мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін дәріптеумен қатар, рухы биік – парасаты мол ата-бабаларымыздың, Конституциямызда көрсетілген «ежелгі қазақ жерінде» ортақ тіл, ортақ жер, ортақ дін негізінде қазақ ұлтын қалыптастырып, бүгінге дейін теңдесі жоқ азаматтық қоғамның үлгісін жасап, бүкіл Еуразия кеңістігіне қазақ мәдениетін таратқанын мақтаныш тұтып, қастерлей отырып, халқымыздың діни және ұлттық құндылықтарына сүйене отырып, қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ мәдениетін-қазақ үнін сыйлайтын әрбір жанды – оның біртұтас Қазақстан халқының құрамына кіре отырып, ортақ тағдырымызға, болашағымызға жауапты екендігінен туындайтын, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие алып, әлемдік білім кеңістігінен сусындаған, озық ойлы, Отанын жан-тәнімен сүйетін – Еліміздің даңқын асқақтатып, дүние жүзіне танытатын жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық ұйымдардың нақты іс-шараларына жұмылдыру.
Іс-шараның бағдарламасы:
15.00-15.05 Дөңгелек үстелдің өту тәртібін, құрметті қонақтарды таныстыру.
(«Қазақстан-заман» газеті бас редакторы- Ертай Айғалиұлы )
15.05-15.25 «Аллажар-қолдау»ҚҚ мен «Қазақ интернеті» ҚБ ұсынған нақты жобаларымен таныстыру.
(«Аллажар-қолдау» ҚҚ президенті - Марат Бөтеев)
15.25–17.00 Тақырып бойынша еркін пікір алмасу.
Кездесуге ұрпақ тәрбиесі және ұлттық мәдениет мәселелері толғандырып жүрген мемлекеттік құрылым өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Ескерту: Дөңгелек үстел тікелей “Online Байланыс“ жүйесі арқылы жүргізіледі. Дөңгелек үстел тақырыбына байланысты сұрақтарыңызды төмендегі нұсқа арқылы толтырып алдын ала жолдауыңызға болады.
Дөңгелек үстел өтіп жатқан кезде Интернет конференция арқылы тікелей эфир бойынша қатысушыларға сұрақтар қоюға немесе Интернет арқылы қатысып отыруға болады.
Адресі: www.qazaq.kz/online
Кездесу өтетін мекен-жай:
«Қазақстан-Заман» газеті редакциясы. Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі 28 үй,
( Гоголь көшесінің қиылысы)
Байланыс тел.: 270-64-51, 270-64-45, 225-25-11
тел/факс 270-64-50, E-mail:kazakistanzaman@mail.ru , sn@sn.kz
....................................................................................................................
....................................................................................................................
2008 жылы 11 шілде күні өткен, Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған
«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстелге қатысушылардың айтқан пікір-ұсыныстары негізінде қабылданған
ШЕШІМ
1. Тіл үйренудегі көптеген кедергілерді жою үшін, бүгінгі қолданыстағы 42 әріптік әліпбиімізге Мемлекеттік Әліпби статусы берілуін ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
2. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген Бабалар даналығы негізінде және ҚР Конституциясына сай, Еліміздегі барша бала-бақшалар мен мектептерде – мемлекеттік тілде тәрбие беруді ҚР Үкіметінен және жергілікті билік орындарынан талап етеміз;
3. Шетелден келіп жатқан 2309 газет-жорналды, 83 теле-радио бағдарламаларын Қазақстанның кедендік аймағына заңсыз енуін тоқтатуды ҚР Үкіметінен талап етеміз;
4. Қазақстандағы мемлекеттік тілде шығатын 446 газет-жорналдан өзге, диаспоралардың 4000-нан астам мерізімдік басылымдары, Ел заңдарына сәйкес мемлекеттік тілде және өз тілдерінде қосарланып жариялануын ҚР Үкіметінен талап етеміз;
5. Еліміздің «Қазақ Елі» немесе «Қазақ Республикасы» деп аталуын ҚР үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
6. БАҚ-да, Қазақ Елінде «130-дан аса халықтар тұрады», «130-дан аса ұлттар бар» т.с.с., ҚР Конституциясына қайшы сөз тіркестері қолданбауын ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
7. ҚР «Тілдер туралы» Заңының «...ҚР мемлекеттік емес ұйымдар өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді, қажет болған жағдайда басқа тілде» дейтін 8-ші бабының екінші тармағын және «...«Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының мүлтіксіз орындалуын ҚР Парламенті мен Үкіметінен талап етеміз;
8. Қазақ Еліндегі қалыптасқан этносаралық келісімді ары қарай үйлесімді дамытуды, ҚР заңдарына сай, «үй ішінен үй тікпей», әр тектен құралған біртұтас Қазақстан Халқына ортақ , Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын діңгектері болатын, әр деңгейдегі (ауыл-аудан-қала-облыс-республика) «Халық үні» қоғамдық мәдени - ағарту орталықтарын құру арқылы жолға қоюды ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 522584
Всего зарегистрированных пользователей: 14515
Последний зарегистрированный пользователь: kaisar34
|
Сейчас посетителей на сайте: 51, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 1 и гостей: 50 Зарегистрированные пользователи: Нет
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (6579) Alty Alash (5838) kazak (3927) Коровьев (3574) ангел (3546) Евгений Нечаев (3285) Wladimir (3164) Я (2929) внучок (2594) Салафи (2539)
|
|
|