RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: Leo Blum
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Журналисты
 Андрей Климонов
 Виталий Мантров
 Юрий Мизинов
 Йода
 Писатель Габбас Кабышулы
 JanTV
 Айдос Жандырма
 nurlanbek
 kayrat
 bakhit
 makhat
 erbulat
 Сергей Чайка
 aydos
 samarkhan
 55555
 Айна Карасаева
 Ермек Ахмади
 Қожабай
 патриот
 Zhanzhak
 saken markelov
 Елена Таранова
 Semey
 Амир Касенов
 Людмила Денисенко
 igor kutsay
 Almat
 ezhumagulov
 Общество наблюдателей
 ХАЛЫҚ ҮНІ
 Leo Blum
 Freeman Gordon
 iCarly
 людмила
 Ядыкин
 КНБ
 «ASIA INTERNATIONAL»
 Д. Ставропольский
 gavrilko
 Адильбек Юнусов
 RN
 Хакназар
 alik_zhiger
 antirejim
 Mekebaeva Sara
 Раушан Есергепова
 ресурсный центр \"Арлан\"
 ЖАЛЫН журналы
 С. Арапов
 Aizhan Omarova
 Токберген Сарбайулы
 Альберт Жигерь
 Oraz Alimbek
 qwertyuiopasd
 Aktau-sity
 message
 svoboda
 Воин
 987654321
 pokilord
 MarketLeader
 Топжарган
 al-ai
 aida
 Журналист - Белый ворон
 Urban42
 Максим Сейтенов
 beysenbay
 Aktobe
 Правдолюб
 seedip

Leo Blum
Ұлы Нұрсұлтан қорғаны [36/1675]
Leo Blum, 15 july 2009 21:28:56
  Кей деректер бойынша Астанадағы президент...
«Хозяин» (Толық версиясы) [8/1608]
Leo Blum, 5 july 2009 20:36:52
  «Атын атағымыз келмейтін бір билеуші тек...
«Хозяин» [5/1456]
Leo Blum, 29 june 2009 12:57:06
  «Атын атағымыз келмейтін бір билеуші тек...
"Крестный тесть" кімнің проблемасы? [45/1689]
Leo Blum, 23 june 2009 15:47:47
  Сарапшылардың бірі Мұхтар Жәкішевті қамауға...

Дата публикации: 2009-06-23 15:47:47

"Крестный тесть" кімнің проблемасы?

[1689/45]

 

Сарапшылардың бірі Мұхтар Жәкішевті қамауға алудағы биліктің мақсатын «жұртшылық назарын Рахат Әлиевтің кітабынан бұрып, ұмыттырып жіберу» деп жорыды. Мұнымен келіспеуге болатын шығар. Бірақ ес жиғызбай бірінен кейін бірі дүңк-дүңк хабары шығып жатқан тұтқындаулардың қасында «Өкіл қайын атаның» даңқы көмескілене бастаған жайы бар. Ендеше негізгі мақсаты не болса о болсын, Жәкішев бастаған бір топ менеджерге қарсы іс қозғату, Серік Тұржановты қамату және жұрттың «ендігі кезек кімге келер екен?» деп елеңдеп отыруы Назарбаевқа дәл осы жағынан – қоғамдық ой-пікірді «Рахат» атты проблемадан алыстату жөнінен пайдалы болып тұр.

Алайда, қоғамдағы қазіргі нөмірі бірінші тақырып Рахат Әлиев пен оның атышулы кітабы екеніне күмән жоқ. Ол туралы айтып-жазуға тұратын нәрсе жеткілікті. Соның ішінде «Өкіл қайын атаның» Қазақстанда қалай қабылданғаны ерекше тоқталуға тұрарлық.

Асыға күткен адамдардың баршасы бүгінде ол кітапты оқыды (немесе ондағы жан түршіктіретін деректерді естіп-білді). Алтынбек Сәрсенбаевты кімнің, қалай өлтірткені туралы Рахаттың версиясымен танысты. Бұрын жарияланбаған сұмдық суреттерді көрді.

Бұл қылмысқа байланысты кітапта аты аталған аса жоғары лауазымды адамдар ештеңе болмағандай кейіп көрсетіп отыр. Жұртқа бірдеңе айтып түсіндіруді қажет санамайды. Біздің билік өзгерді деуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан олардан басқа нәрсе күту мүмкін емес те еді.

«Оқыдыңыз ба? Қандай ой түйдіңіз? Енді не істеу керек?» деген сауалды біз «зиялы» аты бар бірнеше кісіге қойдық. «Мұның бәрі саясат, ал менің өз шығармашылығым бар» деді бір кездегі белгілі публицист Мейірхан Ақдәулетұлы. «Рахат бұрыннан айтылып жүрген нәрселерді жазыпты» деді атақты жазушылардың бірі Дулат Исабеков. Жас буынның өкілі журналист Жәнібек Сүлеев Рахат Әлиевтің өзін жерден алып, жерге салды. Кітаптағы деректер оларға әсер етпеді дегенге сену қиын. Нені сұрап отырғанымызды да түсінеді. Бірақ негізгі мәселені алыстан айналып, президентке қарсы бірдеңе айтып қоймай құтылудың жолын іздейді байғұстар. Интеллигенция атына сай болса, бүгінгідей азғындықты көрмес едік. Ендеше бұл да таңырқайтын нәрсе емес.          

Ал шын таңдандырған «Азат» партиясы болды. Бұл партия – Алтынбек Сәрсенбаевтың ең басты құныкері. Себебі, біріншіден, Сәрсенбаев осы партияның басшысы болатын. Екіншіден, оның туған бауыры бүгін «Азаттың» белді мүшелерінің бірі. Үшіншіден, «Азат» партиясы Алтынбекті әлі де ұран етіп келеді. Төртіншіден.., бесіншіден,..

Сондықтан да Рахат Әлиев Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты бомбаны тастап кеп жіберген кезде жұрттың ең алдымен оның партиясының не айтатынын күткені заңды. Ал «Азат» бірнеше күн бойы тырс етпей жатып алған кезде Рахаттың тек билікке ғана проблема тауып бермегені түсінікті болды. Ұзақ үнсіздіктен кейін «Азат» партиясының жетекшілері бұл мәселеге қатысты бірдеңе айтқысы келетіндерін жариялап, журналистерді шақырды. Олар Алтынбектің ісін қайта қарау қажеттігі туралы мәлімдеме жасады. Бірақ Рахаттың версиясына күмән білдірді. «Онда логикалық және фактологиялық қисынсыздықтар бар» деді партия лидері Болат Әбілев. Қаза болған саясаткердің ағасы Рысбек Сәрсенбаев істі қайта қарау туралы талапты «Өкіл қайын атамен» байланыстырмауды өтінді. Және ең таңданарлығы, Рысбек Сәрсенбаев та, Болат Әбілев те Алтынбектің өліміне Рахат Әлиевтің өзін айыптады.

Қалай таңданбайсыз? Мемлекет басындағылар туралы бар құпияны қолына жинап алған бұрынғы бас чекист ел тарихындағы ең ірі саяси өлімге байланысты деректерді жария етеді. Олардың жарияланбауы үшін бар айла-тәсілді қолданып келген билікке бұл оңбай тиеді. Оңбағаны сонша, біресе ақылға сыймайтын тыйымдар салып, біресе сөзінен танып әлекке түседі. Бұл кітапқа деген қызығушылықты одан әрі күшейтіп, оны іздеушілер көбейеді. Осы кезде тапсырыспен қаза болған саясаткердің серіктері қайтеді? Кітапқа сенбеуге шақырады, «Өлтірткен кім екен?» сұрақ қайтадан ең өзекті мәселеге айналған шақта «Рахаттың өзі» деп, наразылықты президенттің бас дұшпанына бұрады. Осылайша, күлкі болған бас прокуратурамен салыстырғанда билікке әлдеқайда пайдалы іс жасайды. Пайдалылығы соншалық, «Азат» жетекшілері Алтынбектің ісін билікпен саудаға салып отырған жоқ па?» деген сұрақ туады.

«Рахат Әлиев бізге дос емес» деді жаңағы баспасөз мәслихатында Рысбек Сәрсенбаев. Бірақ сол араз адамыңыз өміріңіздің мәніне айналған сұрақтың жауабын табуға, биліктен тайдырғыңыз келіп отырған саясаткерді абыройдан жұрдай етуге көмектескелі отырса ше? Маусымның 2-і күні Азаттық радиосының сайтында өткен онлайн-конференцияда Рахат Әлиевке «Сенде Алтынбектің өліміне байланысты басқа да фото-видео материалдар бар ма?» деген сұрақ қойылды. «Егер қаза тапқан Сәрсенбаев, Журавлев және Байбосынның туыстары Австрияның прокуратурасына шағымданатын болса, мен кісі өлтіруге тапсырыстың Австрия аумағында берілгендігі жөніндегі дерек бойынша қылмыстық іс қозғауы үшін тергеушілерге өзге де құжаттарды беруге дайынмын» деп жауап берді ол. Ендігі сөз – «Азатта». Бұл мүмкіндікті пайдалана ма, әлде Алтынбектің ісі Рахат Әлиевтің кітабына қатыссыз болғандықтан кейінгі саяси оқиғалардың шуына көміліп қала бере ме?  

 

Қанат Сәрсен, «Азат» газеті.

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Комментарии пользователей


Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Июн 23, 2009 16:28  
Рысбек Сарсенбаев мына мақаладағы сын көзқарасқа түсінік беруді талап етеміз
2
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Июн 23, 2009 16:29  
Алтынбека Сарсенбаева заказали Бутя и К( Казкоммерцбанк..........) из-за конкуренции в стане так называемое оппозиции, чтобы быть первым.(когда Алтынбек был живой, он никогда не смог б встать у руля партий "АЗАТ")
А потом свалить все на власть, или крайнем случае на Рахата Алиева "каскырдын аузы жесе де кан, жемесе де кан" дегенд! умытпайык.

А теперь о чем поет в каждом удобном случае этот "человек, похожий на официанта"
3
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Июн 23, 2009 16:30  
Вполне согласен с Рахатом Алиевым, что Болат Абилов является секретным агентом спецслужб. Ещё Эрик Нуршин, защищал Болата Абилова. Но это не говорит о том, что я стою на стороне Рахата. Пресс конференцию он провёл, за что ему огромный рахмет
4
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Июн 23, 2009 16:32  
...знаете что такое синтетический каучук? это каучук, только исскуственный. Вот и Абилов (Бутя) такая же "оппозиция"-синтетическая! Настоящие оппозиционеры или за бугром, или в тюрьме, и самое страшное - в земле!
5
zheltocsan
Аноним 
Сообщение Вт Июн 23, 2009 18:22  
"Крестный тесть" проблемасы өзі озбыр адамның басқалардың озбырлығына қарсы көрнекті күресінің миуалы жемісі.
6
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Июн 23, 2009 18:43  
Абилов ХОЧЕТ чтобы власть договорилась с Аблязовым. Значит не хочет никаких изменений .
На воре и шапка горит
7
Ляззат
Аноним 
Сообщение Вт Июн 23, 2009 21:05  
Абиловтын ары таза адам!!!! Жазыксыз адамга куйе жагу күнә !
8
Erbol5491
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 26.07.2007
комментов: 2268
Сообщение Вт Июн 23, 2009 22:10  
2,3,4 и 6-й! Совсем сдурели, совести у вас нет! Абилов был другом Алтынбека и соратником! А вот у вас никого нет, ни совести, ни родины, ни флага... Вы действуете как Геббельс министр пропаганды фашистской Германии, который говорил - чем чудовищнее ложь, тем больше в нее верят! Вы стали моральными уродами. Вы думаете, что все можно продать за деньги и власть, и убить в себе человека, и стать предателем друга и родины! Уроды... Истиные сыны 01-го! Только пройдет время и он будет от вас открещиваться, говорить, что я их не этому учил! Одумайтесь пока не поздно! Бог есть и он все видит!
9
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 01:41  
8
это сам Абилов или его подхалимы или прикормленные им соловьи
На воре и шапка горит, а?
Как задел я всех проходимцов,а? ОХ как я задел их сразу видно, от Геббельса учимся,да, работаете его методами, и больше всех кричите. что Алтынбека убили, Алтынбека убили. На воре и шапка горит, а?
А сейчас Б.Абилов играет игру сценированное ему Ак ордой.
Вы САМИ ( Своик,Абилов,МизиноВ, И другие) убили Алтынбека.
Алтынбек не хотел играть чужие ИГРЫ.
Алтынбек хотел и об этом открыто говорил на страницах печати, заверил народа и звал народа поверить ему. ОН хотел играть СВОЮ ИГРУ.
Но его предали Его же близкие "друзья".
ДУРАК, ВОСЬМОЙ, ПОМНИ: Всегда предают только свои.
А народ Казахстана знает откуда вышел так называемые младотюрки-торгаши. И знает, что на большие деньги Они готовы продаст родную Мать.
Об этом свидетельсвует Обращение младотюрков Президенту страны о просьбе с января 1995 года об отмене графа национальности- и вписать пятой графе национальность казахстанец, то есть отказа от своих корней, от памяти отцов, прадедов, от казаха.Все ОНИ Олигахи разбогатели с 1995 года, получив за продажу души сатанам(дьяволам) они получили вознаграждение от заморских благодателей (МВФ не исключается) многомиллионные баксы, в зависимости от алчности(жадности) своих натур.От родного языка они отказались устами отцов еще до садика. Все казахские- олигархи не знает родного языка. Они этим гордятся между собой. Язык дедов Они считают языком мамбетов.
Но они пусть знает, что за НИМ КАЗАХСКИЙ НАРОД НИКОГДА НЕ ПОЙДЕТ.
ЗА Алтынбеко пошла бы, за Абиловым и др.(продажных шкур) точно не пойдет.
Много хотел написать на этого считаю пока достаточным.
10
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 02:28  Желтоқсан сарбазы
Казахский нация составляет 67 % населения РК. Лидеры так называемый оппозиция не говорит на языке простого голосующего народа. А говорит на языке наций, презирающий коренного населения РК, имеющую симпатию свою государству-РФ.Поэтому они не ходит голосовать за кем то. Поэтому за партией "Азат" лидер которого "человек похожий на официанта" казахский народ никогда не голосует на выворах. Почему? А потому что тактика выбрана не правильно.
Руский народ великий народ. Язык тоже не чужой.
Но надо учитывать одну существенную элемент который находиться подсознание казахского народа.
Это русский язык- язык захватчиков 18 века, этот русский язык - язык колониалистов 19-20 века, этот руссий язык- язык палачей 1916-1918 годов (подавление восстание казахов 1916 года) , этот русский язык- язык утраты благополучия после 1928 годов(колективизация), этот русский язык - это язык искуственно созданный голода в Казахстане 1932-1933 годов(Самый настоящий геноцид против казахского народа, рассчитанный на полное его уничтожение), этот русский язык - язык террора и устрашение в 1937-1938 годов,трагедии казахов, когда не совсем оправившийся от геноцида народ был окончательно обезглавлен, лишившийсь цвета нации. Более 50-ти тысяч казахской интеллигенции были репрессированы и расстреляны. До настоящего времени не полностью исследованы результаты этого террора и не обнародованы имена его жертв. Этот русский - язык утраты отцов и материи 1941-1945 годы. Напуганные репрессиями, расстрелами, но оставшиеся в живых, казахи в возрасте от 18 до 50 лет поголовно были мобилизованы на советско-немецкую войну. Война стоила жизни 12 процентам от численности казахов, проживающих в Казахстане. Большая часть молодежи производительного возраста погибла на войне. , этот русский язык-язык страдания, слезы сирот, этот русский язык-язык покалеченное детство, этот русский язык-язык сироты, этот русский язык-язык нищеты,этот русский язык -язык унижения старшим братом младших, этот русский язык - язык подавление восстание свободы мыслящих казахов в 1961 года Темиртауе, этот русский язык- язык подавление казахов в 1979 года Целинограде, этот русский язык -язык подобление восстание студенческой молодежи Казахстана против ситемы. В течение 17 и 18 декабря в г. Алматы продолжалась отчаянная борьба повстанцев с силами регулярной армии, милиции и 10 тысячами вооруженных дружинников. Восстание было жестоко подавлено.
Все вышеперечисленные привели казахского народа к отвращения языку великого Пушкина, Лермонтова, Гоголя. Толстого и многих других.
11
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 03:15  8 читай
Ал шын таңдандырған «Азат» партиясы болды. Бұл партия – Алтынбек Сәрсенбаевтың ең басты құныкері. Себебі, біріншіден, Сәрсенбаев осы партияның басшысы болатын. Екіншіден, оның туған бауыры бүгін «Азаттың» белді мүшелерінің бірі. Үшіншіден, «Азат» партиясы Алтынбекті әлі де ұран етіп келеді. Төртіншіден.., бесіншіден,..

Сондықтан да Рахат Әлиев Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты бомбаны тастап кеп жіберген кезде жұрттың ең алдымен оның партиясының не айтатынын күткені заңды. Ал «Азат» бірнеше күн бойы тырс етпей жатып алған кезде Рахаттың тек билікке ғана проблема тауып бермегені түсінікті болды. Ұзақ үнсіздіктен кейін «Азат» партиясының жетекшілері бұл мәселеге қатысты бірдеңе айтқысы келетіндерін жариялап, журналистерді шақырды. Олар Алтынбектің ісін қайта қарау қажеттігі туралы мәлімдеме жасады. Бірақ Рахаттың версиясына күмән білдірді. «Онда логикалық және фактологиялық қисынсыздықтар бар» деді партия лидері Болат Әбілев. Қаза болған саясаткердің ағасы Рысбек Сәрсенбаев істі қайта қарау туралы талапты «Өкіл қайын атамен» байланыстырмауды өтінді. Және ең таңданарлығы, Рысбек Сәрсенбаев та, Болат Әбілев те Алтынбектің өліміне Рахат Әлиевтің өзін айыптады.

------------------------------------------ ----------------------------------
иә, Рысбек Сәрсенбаев пен Болат Әбілевтер қылықтары өте түсініксіз
8
мүмкін сен тусіндірерсің, сен совесть та бар, флагта бар, родина бар сиякты.
Меніңше, Рысбек пен Болат Алтынбектің өлімін саудаға салып отырғаны соқыр адамға анық байқалады.
12
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 03:28  8
8
Erbol5491
Свой человек ( ?
признавайся сучара за сколько серебренник продался?
ненавижу продажных шкур.

извини, если ты заблудившиеся ягненок или тв "идейный" несмотря на продажность бути шкур

"Интересно девки плящут"- сказал один киногерой,
один "картовый" 1917 году на 30 000 000 германских марок совершил революции( принесшие стольких бед наголову казахского народа), а сколько наторговался или раскрутил МВФ картавый "Бутик" а?
13
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 03:41  
Оқыдыңыз ба? Қандай ой түйдіңіз? Енді не істеу керек?» деген сауалды біз «зиялы» аты бар бірнеше кісіге қойдық. «Мұның бәрі саясат, ал менің өз шығармашылығым бар» деді бір кездегі белгілі публицист Мейірхан Ақдәулетұлы. «Рахат бұрыннан айтылып жүрген нәрселерді жазыпты» деді атақты жазушылардың бірі Дулат Исабеков. Жас буынның өкілі журналист Жәнібек Сүлеев Рахат Әлиевтің өзін жерден алып, жерге салды. Кітаптағы деректер оларға әсер етпеді дегенге сену қиын. Нені сұрап отырғанымызды да түсінеді. Бірақ негізгі мәселені алыстан айналып, президентке қарсы бірдеңе айтып қоймай құтылудың жолын іздейді байғұстар. Интеллигенция атына сай болса, бүгінгідей азғындықты көрмес едік
------------------------------------------ ------------------------------------------ ----------
мына шөпке тышарлары қатырған екен.
өздеріне де сол керек. үрит соқ,үрит соқ.
аталған үштік "байгуши" деген Т.шевченконың салған суретіне ұқсайды екен деп отыр менің турт шайтаным.
14
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 03:48  
Көке арасын ашып, үлкен әріппен жазсай..қағаз тегін, көзді ауыртпай...
15
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 04:02  
Рахат Әлиев Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты бомбаны тастап кеп жіберген кезде жұрттың ең алдымен оның партиясының не айтатынын күткені заңды. Ал «Азат» бірнеше күн бойы тырс етпей жатып алған кезде Рахаттың тек билікке ғана проблема тауып бермегені түсінікті болды. Ұзақ үнсіздіктен кейін «Азат» партиясының жетекшілері бұл мәселеге қатысты бірдеңе айтқысы келетіндерін жариялап, журналистерді шақырды. Олар Алтынбектің ісін қайта қарау қажеттігі туралы мәлімдеме жасады. Бірақ Рахаттың версиясына күмән білдірді. «Онда логикалық және фактологиялық қисынсыздықтар бар» деді партия лидері Болат Әбілев

Ал шын таңдандырған «Азат» партиясы болды. Бұл партия – Алтынбек Сәрсенбаевтың ең басты құныкері. Себебі, біріншіден, Сәрсенбаев осы партияның басшысы болатын. Екіншіден, оның туған бауыры бүгін «Азаттың» белді мүшелерінің бірі. Үшіншіден, «Азат» партиясы Алтынбекті әлі де ұран етіп келеді. Төртіншіден.., бесіншіден,..

Осы кезде тапсырыспен қаза болған саясаткердің серіктері қайтеді? Кітапқа сенбеуге шақырады, «Өлтірткен кім екен?» сұрақ қайтадан ең өзекті мәселеге айналған шақта «Рахаттың өзі» деп, наразылықты президенттің бас дұшпанына бұрады. Осылайша, күлкі болған бас прокуратурамен салыстырғанда билікке әлдеқайда пайдалы іс жасайды. Пайдалылығы соншалық, «Азат» жетекшілері Алтынбектің ісін билікпен саудаға салып отырған жоқ па?» деген сұрақ туады.
------------------------------------------ ------------------------------------------ ------------------

2,3,4,6- сөздеріңнің жаны бар сияқты.
Мына екі қ.....бас "куріштің арқасында курмек су ішеді" дегендей Алтынбектің өлімін бас пайдаларына жұмсап журген пенделерге құсайды.
МАСҚАРА!!! АЛБАНДАР, СҰМДЫҚ-АЙ. "құдайдан қорықпағаннан қорық" деген, мына рысбек пен Болатты Алтынбектің аруағы ататын шығар.
ИӘ-Ә-Ә-Ә-Ә, түсінікті болыд Бәсе деймін- ау, Галымжан неге бұларға жоламай кетті деп.
ОЛ БӘРІН БІЛЕДІ, турменің почтасымен ойақ-бұйақтың хабарын толық көлемде алып отырғаны, содан қорытынды жасағаны осылай болған гой
16
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 04:34  
бутя мутяға менің де сенімім жоқ.. шыпион
өтірік қақсағанына 10 жылдан асты, бір нақты іс жоқ..
есі дұрыс болса солай жауап бере ме??? Жоғарыдағылар зыялылар емес қорқақ ЗЫМИЯНДАР
17
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 11:07  
Қанеке, мақалаңызды орысшаға аударып, блогіңізде басып жіберіңізші. Орыстар мен асфальттар оқысын.
18
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 13:25  
"Рысбек Сарсенбаев мына мақаладағы сын көзқарасқа түсінік беруді талап етеміз".

Рысбек өз тұсынан ештеңе айта алмайды. Болат не айтса соған бас шұлғуға мәжбүр. Ал Болаттың ойында не бар екен ол білмейді.
19
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 14:26  
Б АБИЛОВКА НЕГЕ ТИІСЕ БЕРЕСІҢДЕР, ОЛ БАЙҒҰС ӘРКІМГЕ ЖАЛАҚТАП АҚША ІЗДЕП ЖҮР ҒОЙ. АБЛЯЗОВТА БІРЕСЕ БЕРЕМ ДЕП, БЕРІП БОЛМАЙ ДІҢКЕСІН ҚҰРТЫП ЖҮР ЕМЕС ПЕ. АЗҒАНА ТАМ ТҰМДАП БІРДЕҢЕ БЕРІП ТҰРАТЫН ЖӘКІШІПТІДЕ ҚАМАП ТАСТАДЫ ТИМУРДЫҢ БАЛДАРЫ.
АҚ ОРДАҒА ҚАЙ БІР ЖЕТІСКЕННЕН БАРЫП ЖҮР ДЕЙСІҢ. АҚША ҚҰРҒЫР ВЕЧНО ЖЕТПЕЙДІ ҒОЙ, ВЕЧНО ЖЕТПЕЙДІ, ОСЫ. ЖАРҒАҚ ҚҰЛАҒЫ / ДЕЙСТВИТЕЛЬНО ҚҮЛАҒЫ УЛКЕН ОСЫНЫҢ, СЕКСОТ ЕМЕС ПЕ ЕКЕН?/ ЖЕРГЕ ТИМЕЙ ОСЫ 14 ОБЛЫСТАҒЫ АЗАТ ПАРТИЯСЫНЫҢ ФИЛАЛДАРЫН ЖАНДАНДЫРЫП, ЖҰМЫС ІСТЕТУ ҮШІН ҚАРАЖАТ КӨП КЕРЕК ЕТЕДІ. ЕНДІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
БӘКЕ, ҰЯТТЫ ҚОЙЫП ТИМУРДЫҢ ӨЗІНЕ БАРСАЙ, ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАСЫ ҒОЙ, БІР ЖОЛҒА ИТТІК ЖАСАМАС, БІР ҚАРАҒА ЖЕТКЕНГЕ ДЕЙІН ҚАРАСАР.БОЛМАСА ЖҮРЕТ ДЕП СҰРАП АЛ. БИЗНЕСМЕНДЕР АРАСЫНДА АНАУ-МЫНАУ НЕМЕСЕ БАРТЕР/УСЛУГАҒА УСЛУГА ДЕП/.
СОСЫН, СОСЫН ДЕГЕНДЕЙ МУХАҢ ДА ШЫҒЫП ҚАЛАР ДЕГЕН ҮМІТ БАР. ӘКЕЖАНДА ТАРШЫЛЫҚ КӨРІП ЖҮРМЕСЕ ЖАЙЛЫ ТЫНЫШ ЖАЙДА ЖАТЫР ҒОЙ, ПЕРЕВОД САЛАТЫН ШЫҒАР, СЕНДЕР ЕНДІ ЖЕЛДІҢ ӨТІНДЕ ЖҮРСІҢДЕР ҒОЙ. ОДАН БӘРІН ҚОЙЫП ДҰРЫС БОНУС СҰРАУ КЕРЕК. ЗА ВРЕДНОСТЬ ДЕГЕН БАР, ЗА ВШИВОСТЬ ДЕГЕН БАР, ПОДОРКАҒА ДЕП, АНАУ-МЫНАУ ДЕП АЛА БЕРУ КЕРЕК ҚОЙ, ЕНДІ.
20
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 14:53  РЫСБЕК САРСЕНБАЕВ АУ-У-У.
Маусымның 2-і күні Азаттық радиосының сайтында өткен онлайн-конференцияда Рахат Әлиевке «Сенде Алтынбектің өліміне байланысты басқа да фото-видео материалдар бар ма?» деген сұрақ қойылды. «Егер қаза тапқан Сәрсенбаев, Журавлев және Байбосынның туыстары Австрияның прокуратурасына шағымданатын болса, мен кісі өлтіруге тапсырыстың Австрия аумағында берілгендігі жөніндегі дерек бойынша қылмыстық іс қозғауы үшін тергеушілерге өзге де құжаттарды беруге дайынмын» деп жауап берді ол
-----------------------------------------
РЫСБЕК САРСЕНБАЕВ
Алтекеңнің құныкері кім?
Австрия үкіметіне арыз түсірдің бе? Жоқ болса, неге?
Қыздың құны 47, Ердің құны мың жылқы деп саудаласып жүрсің бе?
Әкеңнің көз жасы, анаңның ақ сүті жібереді деп ойлайсың ба?
Алтекеңнің жесіріне, келіннің бетіне қалай қарайсың?
Алтекеңнің балапандары "әкемнің кегін алынды ма? "- десе, не деп жауап бересің?
Бауырларыңның жүзіне қалай қарап жүрсің?
Сұрақ осылай шыға береді, ӘРЕКЕТ КӨРГІМ КЕЛЕДІ.
НАҒЫЗ АЛБАН БОЛСАҢ ҮМІТ БАР.
ҚОЛЫҢДА "ЖАС АЛАШ" БАР.
ӘРЕКЕТ ет, ӘРЕКЕТ ет, ӘРЕКЕТ ет, ӘРЕКЕТ! ӘРЕКЕТ!
21
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 15:02  
Сөз түсінетін адамға мына мақала қанға қан, жанға жан деп тұр екен .
Апырмай, Дала заңы, дала кодексі де осылай дейді.
Алтекең бір үйдің отағасы емес бір рулы Елге Басшы, Көсем еді ғой!
Сен саларда мен салар атқа жемді кім салар демей, Алтекеңнің жұмбақ өлімінің себебін анықтауға сендерге кім кедергі келтіріп отыр, қанды кек кезегін күтер.
22
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 15:04  
Сөз түсінетін адамға мына мақала қанға қан, жанға жан деп тұр екен .
Апырмай, Дала заңы, дала кодексі де осылай дейді.
Алтекең бір үйдің отағасы емес бір рулы Елге Басшы, Көсем еді ғой!
Сен саларда мен салар атқа жемді кім салар демей, Алтекеңнің жұмбақ өлімінің себебін анықтауға сендерге кім кедергі келтіріп отыр, қанды кек кезегін күтер.
23
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 15:16  19-ға
Қатырыпсың Болатты. Ха-ха! Ой ішегім-ай!
24
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 15:19  
"Азат" газеті деген сонда Бутяға қатысы жоқ газет пе?
25
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 15:33  24
"Азат" газеті деген сонда Бутяға қатысы жоқ газет пе?
------------------------------------------ ------------------------------------------ ----
"Азат" газеті Батырхан Дәрімбетовтың газеті болу керек.бұл газет 90 жылдар ортасынан шығып келе жатқан газет болу керек. Көк бөрі Жұмаш- тегі деген редакторы бар еді. Батырбекі қаза болғаннан соң, әйелі меншік иесі болған.
Қазіргі басшысы Назира Дәрімбетова-.
26
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 16:38  Рысбек
"Коммунистер үйлену жасына келген партия дейік. ЖСДП да солай. Ал "Алға" партиясында ондай куәлік жоқ. Кәмелетке толғанын ол немен куәландыра алады? Заңдық тұрғыдан алғанда оның тіркеуі де жоқ емес пе?"

Рысбек Сәрсенбайұлы, "Жас алаш" газеті, 23 маусым, 2009
27
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 1949
Сообщение Ср Июн 24, 2009 19:06  
19-респект!
28
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 20:58  
"Коммунистер үйлену жасына келген партия дейік. ЖСДП да солай. Ал "Алға" партиясында ондай куәлік жоқ. Кәмелетке толғанын ол немен куәландыра алады? Заңдық тұрғыдан алғанда оның тіркеуі де жоқ емес пе?"

Рысбек Сәрсенбайұлы, "Жас алаш" газеті, 23 маусым, 2009
------------------------------------------ ------------------------------------------ -----
ӘЙ, ШЫРАҒЫМ, РЫСБЕК, өзіңде ар ождан уят деген бар ма өзі?
Алға" партиясының ондай куәлігінде НЕҢ бар бейшара, бар шаруаң тек соған тіреліп қалып па еді, олардың есебі түгел, басшысы ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда деп ысқыртып өлеңдетіп туманды Лондонда, екі қолын жылы суға малып джакузиде рахаттанып жатыр. Қасқа болып отырған Сендер ғой, Арыстай Еріңнен айрылсаңдар да тым-тырыс отырғандарың, шыдамның да шегі бар деген, қашанғы кутеміз?
"ЕРІМ ДЕЙТІН ЕЛІ БОЛМАСА ЕЛІМ ДЕЙТІН ЕРЛЕР ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?"- деген қазақ халқы даналығы бар. АЛТЫНБЕК СҰРАУСЫЗ ҚАЛСА, АЛТЫНБЕК ЖОҚТАУСЫЗ ҚАЛСА, ОНДА СЕНДЕРДІҢ ДЕМОКРАТИЯ ДЕП ОТТАҒАНДАРЫҢ КІМГЕ ДӘРІ, БІР АУЫЗДЫ ТОЛТЫРЫП СӨЙЛЕЙ АЛМАЙ ОТЫРЫП СӨЗ БОСТАНДЫҚТАРЫҢ ҚАЙ КӨТІҢЕ ҚАҚПАҚ БОЛАДЫ.
Сонда, "қазақ деген қой аузынан шөп алмайтын жуас"- деген жел сөзге еріп, в натуре қой болып жүре бересіңдер ме? Алтекеңнің тышқақ лақ құрлы құны болмады ма? " Иттің құны бір кушік"- деген, жау жағыдағы жаман кушікке әлі келетін бәр Албан табылмай отыр ма?.
Сиыр малын да сойғаннан кейін, сол жерде сіңген қанға ауылдың сиыр біткені түгел жиналып, мөңіреп, ауылдың азан-қазанын шығарып, өкіріп, бала-шаға түгілі, елдегі ересектің есін шығаратын.
АВСТРИЯҒА БАРУ КЕРЕК ПЕ, ӘЛДЕ КУШІК ҚЫҢСЫЛАТАСЫҢ БА, ЕРІК ӨЗДЕРІҢДЕ. "БІРЕУДІҢ АДАМЫ ӨЛСЕ ҚАРАЛЫ ОЛ....." СЕНДЕРДЕ, ЖАЛПЫ ИСІ АЛБАНДА ТӨМЕН ЕТЕКТІДЕН АТА ЖОЛЫН ҚҰҒАН ЕРКЕК ТУҒАН БОЛСА, ҚИМЫЛДАҢДАР.
ӘЛДЕ ЕРНАЗАРДЫҢ СЕГІЗІНДЕЙ ЕРТӨСТІК ҚАШАН ТУЫЛАР ЕКЕН, ҚАШАН БІЗДІ ҚҰТҚАРАДЫ ДЕП КУТІП ҚҰЛДЫҚТА ЖАТА БЕРЕСІҢДЕР МЕ? ОЛАЙ БОЛСА АЙТЫҢДАР, МОЙЫНДАҢ ҚАТЫН ЕЛМІЗ ДЕП, ЕЛ ІШІНДЕ ОТЫРМЫЗ. САУЫН АЙТЫП БАТЫР ТАБАРМЫЗ. ТЕК ОТЫРМАҢ, АЛБАНДАР.
29
zheltocsan
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 22:50  
Болат аноним емес, сондықтан бәрібір анонимдерден бір саты жоғары. Ол жағдайды да мойындау керек.
30
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 24, 2009 23:39  
ӘЙ, ШЫРАҒЫМ, РЫСБЕК, өзіңде ар ождан уят деген бар ма өзі?
Алға" партиясының ондай куәлігінде НЕҢ бар бейшара, бар шаруаң тек соған тіреліп қалып па еді.
АЛТЫНБЕК ЖОҚТАУСЫЗ ҚАЛСА, ОНДА СЕНДЕРДІҢ ДЕМОКРАТИЯ ДЕП ОТТАҒАНДАРЫҢ КІМГЕ ДӘРІ, БІР АУЫЗДЫ ТОЛТЫРЫП СӨЙЛЕЙ АЛМАЙ ОТЫРЫП СӨЗ БОСТАНДЫҚТАРЫҢ ҚАЙ КӨТІҢЕ ҚАҚПАҚ БОЛАДЫ.

Мынаны жазған кім екен? Анонминің бір жаман жері осы. Бірақ кім болса да өлтіріп-ақ айтыпты, шіркін.
31
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 00:02  28
Рысбекке неге тиісе бересіңдер? Оның қолында не бар, не істей алады ол, мейлі қанша жерден албан, қанша жерден кекшіл болсын. Алтынбектің жоқтаушысы болып күрескен күнде де ол бүлдірмесе ештеңені тындырмайды. Бұл іске оның пайдасынан зияны көп. Так что, Рысбек, Рысбек дегенді қою керек. Естуімше ол өзі былайынша жаман адам емес. Бірақ көп нәрсенің байыбына бара бермейтін сияқты. Жас алаштағы бүгінгі мақалаларға қарап осылай түюге болады.
Мәселе Бутяда. Мына форумдағы өткір сұрақтарды соған қою керек. Содан талап ету керек. Мәселені билікке қоя алмай ма, онда Алтынбектің құныкері ролінен ресми түрде бас тартсын. Оның атын ұран етуді қойсын. Өйтіп, жұртты алдауды тоқтатсын.
32
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 00:08  zheltocsan
Ей, айналайын. Болат жаксы дегеніңе сенейін, тек сөзіңді дәлелмен сөйлеші. Мұндағылар оның ар жағы шикі екенін дәлелмен айтып жатыр. Ал сенікі қызыл сөз. Көрмес түйені көрмес болғаннан өзің не ұтасың соны айтшы. Мүмкін, өзің соның партиясында шығарсың, бірақ сонда да әр нәрсеге сын көзбен қарау керек. Тем более күмәнділігі мынадай болып көзге бадырайып тұрса.
33
zheltocsan
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 11:03  
32, сіз не шынымен аңқаусыз, не ұры отардың мүшелерінің бірісіз. Рахат Әлиев оңған боқ емес. Неге ол өзі білетін біреулердің қылмыстары туралы осы кезге дейін жарияламай келді? Неге? Себеп: Рахат ол қылмыскерлермен мәмілеге келуге осы кезге дейін үміттеніп келді. Бірақ олар өзара мәмілеге келе алмай, жағдай шиеленісіп кетті. Ал Болатқа келсек.. әрине, ол да бұрынғы "жолы болғыш" ұрының бірі шығар. Бірақ ол, сол "жолы болғыштарға" қарсы ашық күштердің бірі.
34
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 11:39  


Комментарий удален модератором.
35
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 14:02  zheltocsan
zheltocsan. түсінбедім. Мен Рахат туралы бірдеңе айттым ба? Мен тек Болаттың ісі күмәнді екенін айттым. Бұны өзіңде мойывндап отырсың ғой. Ендеше мен сөзім неге саган жақпай қалды?
36
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 14:08  
«Азат» бірнеше күн бойы тырс етпей жатып алған кезде Рахаттың тек билікке ғана проблема тауып бермегені түсінікті болды.

****
Осы бір сөйлем Макаланың резюмесін, сосын кітаптың бізде қалай қабылданғанын айтып тұр ғой. Мен мұнымен толықтай келісем.
Рахаттың кітабы шығуынан Азат пен Бутя биліктің өзінен қатты қорықты. Шыққан кезде басқа салып жіберген өгіз құсап мәңгіріп қалды. Енді бүгінгісі ұялған тек тұрмастың кері.
Сосын Қанат, Бутя кітапқа сенбеуге шақырды депсің. Ол қалай сенуге шақырады. Ол кітапта оның өзінің қандай "оппозиционер" екені көрсетілген ғой.
37
zheltocsan
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 14:18  
Рахат Әлиевтің уағызы сондай еді: оппозицияның бәрі биліктің қуыршағы, құйыршығы, кыынбысының жансызы, лақтырған сүйегін мүжитін иті т.б. Ал ол әкесі екеуі ғана билікке қарсы "ашық алаңдағы жалғыз айқасатын жауынгерлер".
38
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 14:19  Жас алаш
Канат, артыңды қысып жүр. Әйтпесе кептерханаңының быт-шытын шағарам
39
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 14:21  
Қанат, мен ғой тағы "кептерхана бұзғыш"
Сенің Алтынбекте не шаруаң бар. Ол Рысбектің ағасы. Ол оның құнын сұрай ма, сұрамай ма, ала ма, алмай ма, ..... өзі біледі. Қалғанын мұның алдындағы комментте айтқам
40
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 17:53  Желтоқсан сарбазы
37.39-ге, басқаларға да

Қанат, мен ғой тағы "кептерхана бұзғыш"
Сенің Алтынбекте не шаруаң бар. Ол Рысбектің ағасы. Ол оның құнын сұрай ма, сұрамай ма, ала ма, алмай ма, ..... өзі біледі. Қалғанын мұның алдындағы комментте айтқам
------------------------------------------ ------------------------------------------ -----------------------------
"үйде отырамын батырмын, далаға шықсам қатынмын"- де, иә Рысбек, сені қатынның көтіне кіріп жүрген сүмелек дегенге сенбей, ЕРКЕК шығар деп аз-маз қайрайын деп 9,10,11,13,15,
19,20, 21,22 жазып едім.Алтынбектей Ер жігіт СҰРАУСЫЗ кетсе, Сарсенбаевтарға СЫН ЕМЕС, бүкіл Алматы облысы Нарынқол жақтағы қалың АЛБАНҒА сын.
Бір емес екі бірдей Арыстарыңды көжек құрлы көрмей атып тастады. Намыстарың ЖОҚ, еркектік Қасиеттерің қатындарыңның бұты арасынан шыға алмай қалған ЕЗ екенсіңдер.
Ертең Алтынбектің Ұлы Әкемнің КЕГІН неге алмадыңдар дегенде не деп жауап бересіңдер.
"Ұлы жүзді қауға беріп малға қой"- деген халық арасында айтылып жүрген жел сөз ба деп жүрсем, ДҮРЫС СӨЗ екен. ДАНА халқым қате айтпаған ғой, Алтынбектің кегі Алынады, төгілген Қаны Сұралады, КІШІ ЖҮЗДЕН біздің айтар бұл іске қатепті қара Нары да, ЕЛІМ деген ЕРІ үшін етігімен қан кешер ЖІГІТТЕРІ де жетерлік.
Сендер со малдың соңында жүре берің өңшең қой сігерлер. 28- комментте;"Сиыр малын да сойғаннан кейін, сол жерде сіңген қанға ауылдың сиыр біткені түгел жиналып, мөңіреп, ауылдың азан-қазанын шығарып, өкіріп, бала-шаға түгілі, елдегі ересектің есін шығаратын"-деп айтқаным сендер сиыр малы сияқтысыңдар. Біздің жақта шалдар сиырды мал деп санамайды. Газет - пазеттерде үлардың көтіндей шулап, еңіреп, өкіріп жылып- жықсап қала бердіңдер. Екі бірдей Арысын өлтіріп кетті, Бір қозғалыс болар деп, саймандарымызды қайрап, оқшантайды тазалап, дайндалып, батыстағы бауырларына, бір кездерде атымыз аралас қойымыз қоралас қоңсы отырған едік, жалпы Ата жұрттарың осы Алатаудың баурайы еді, Сауран айналып Маңғыстауға табан тіресеңдерде сендерден үмітіміз зор, Арыстарымыздан айрылып, қанаттарымыз қайрылып жатыр, "Берсе қолынан бермесе жолынан тартып алатын" адуынды айбарлы Адайларым қайда деп сауын айта ма деп күтіп жүрсек, "сенген қойым сен болсағ маңырағаныңа болайын" дегендей тым тырыс жатырсыңдар.
(жалғасы бар)
41
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 17:55  Желтоқсан сарбазы
(жалғасы)37,39-ға және тағы басқаларға

Ана бір жылы Алматы облысында бір кісі қайтып жерлеуге барганда түніліп келіп едім, ЕРКЕКТЕРІ қатындардан бетер еңкілдеп жылап, бақырып боздайды екен. Е-Е-Е-Е, жарытып жаумен айқасып көрмеген, батырлары Қарасай сияқты ауыл үй арасы барымташы болған осылар, Біз бәленбіз, біз түгенбіз деп жер дүниеге жар салғанда түндіктері бүлкілдегениен, ауызбен орақ орып жүрген қазан ошақ арасындағы қатынмен қарайлас ездер екендерің білініп қалды."Сенің Алтынбекте не шаруаң бар. Ол Рысбектің ағасы. Ол оның құнын сұрай ма, сұрамай ма, ала ма, алмай ма, ..... өзі біледі"- дегенді көргенде шыдамай кеттім.
"Қалғанын мұның алдындағы комментте айтқам " деп қояды шікінің, оны қарасам" Чт Июн 25, 2009 14:19 Жас алаш Канат, артыңды қысып жүр. Әйтпесе кептерханаңының быт-шытын шағарам "-депті мына батырың.
Әй қарағым- ай, кетерханаңды быт-шыт қыламын дегенің Қарасайдың, тағы басқа бұрын соңды қазақ тарихында болмаған, болса да ауыл арасы толпамен толпа төбелесі батырлары және Раймбек пе, Наурызбай ма, басқа да "батырларыңның" ауыл үй арасы барымтаға шығып, жылқы ұрлап, қарсы шыққан бір - жар адамның (онда да құл-құтанның) басын жарғаны сияқты, сендерше Батырлық деген кептерхана быт-шыт шағару, сосын артыңды қысып жүр деп балағаттау ма?
АҒАҢНЫҢ КЕГІН НЕГЕ АЛМАЙСЫҢ , АҒАҢ СҰРАУСЫЗ КЕТЕ БЕРЕ МЕ деп жөнін айтқан, Елдің сөзін айтқан ШЕШЕН АДАМҒА ""Сенің Алтынбекте не шаруаң бар. Ол Рысбектің ағасы. Ол оның құнын сұрай ма, сұрамай ма, ала ма, алмай ма, ..... өзі біледі, артыңды қысып жүр. Әйтпесе кептерханаңының быт-шытын шағарам"- дейсің.Бұл Қанат өзі үшін айтып отырмағанын Сен көк ешек түсінбей отырсың.
Қанат Бүткіл ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АТЫНАН айтып отыр. АЛТЫНБЕК ПЕН ЗАМАНБЕК тек РЫСПЕКТІҢ АҒАСЫ ЕМЕС, ОЛАР БАРЛЫҚ ҚАЗАҚҚА АРҚА БОЛАР ТҰЛҒАЛАР ЕДІ.
Қазағына бергенінен берері мол, сөз бастайтын шешені, қол бастайтын көсемі емес пе еді.
"Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар"-деген бар қазақта. Сендердің мына айтыстарыңа қарағанда қайран Алтекем мен Закеңде не ЖАҒА не ТЫНЫС болмаған-ау деп отырмын. Арыстандай азаматтарды қолдан беріп отырып, бірдеңе деп әңгіме айтпаңдар. ТҮҢІЛДІМ МЕН СЕНДЕРДЕН, ҮЛЫ ЖҮЗДІҢ ШӨПКЕ ТЫШАРЛАРЫ, ҚОЙ СІГЕРЛЕРІ.
БІЗ БАСҚА ЖОЛМЕН ЖҮРЕМІЗ
42
zheltocsan
Аноним 
Сообщение Чт Июн 25, 2009 22:46  40, 41-ге
құр кеудемен паңқығанша жебеңе жалғыз оқты салып алып, жауыңды барып атып тастасайшы, көрейік сонда батыр екеніңді
43
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пн Июн 29, 2009 14:03  
29

zheltocsan
Аноним Ср Июн 24, 2009 22:50
Болат аноним емес, сондықтан бәрібір анонимдерден бір саты жоғары. Ол жағдайды да мойындау керек.
------------------------------------------ ------------------------------------------ ---------------------------------
анонимдерде ақша болса, олар Болаттан 10 саты жоғары тұрар еді. Бұл жағдайды да мойындау керек.
44
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Июл 05, 2009 21:29  
Албандар катын болып кеткенд!ктен арыстарынын кунын дауулауга коркады оншен ездер сендерге сол керек!!
45
мың өлу, мын тірілу
Аноним 
Сообщение Чт Июл 30, 2009 16:32  
Сәлеметсіздер ме! Татар жүрген жер, қатер. Сасқан үйрек артымен жүзер, Австрияда кітап жазып рахаттанып жатыр Рахат. Schreiben Sie Рахат! Таққа отырып рахаттану Рахаттікі. Ойын іске аспада, әрине кітап жазуға тура келеді? Австрияда нені дәлелдемекші! Қашан осы әңгімелерге нүкте қойылады? Ешкімде халықты ойлап, жан ауырмайды, ауыздары айтады, жүректері басқа нәрсеге соғады. Тақ үшін, атақ-даңқ үшін, миллиардтаған ақша үшін қырылыңдар? Бірақ, қарапайым халық жапа шегеді? Сендердің, олардың ештеңелері кетпейді, әзер болса шетел асасыңдар! Жылы орын дайын! Мақаланы да қатырып жазу, бәрі біреудің ықпалы? Шын ниетімен жазып жатса, шүкір! Құдайдан қорқыңдар! Құдайдан қорқындар! Әркім өзіне, сөзіне ие болсын, істеген істеріне жауап беріңдер. Көбісінің арты қуыс, жегіш, ұры. Болат Әбіловте сау сиырдың боғы емес? Бір-бірімен байланысқан былық-шылық! Әлді болсаңдар, әділдік орнатыңдар! Әлсіз болсаңдыр, былықпаңдар.
Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 990467
Всего зарегистрированных пользователей: 18137
Последний зарегистрированный пользователь: djonnick
Сейчас посетителей на сайте: 49, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 49
Зарегистрированные пользователи: Нет
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (10532) Wladimir (10295) kazak (6853) HUNN (6147) Отамалы (5143) ангел (4831) Йода (4546) Я (4343) Рыспек-респект (4200) Newman (3872)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Яндекс цитирования