 |
 |
|
 |
|
 |
|
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға Алматы қаласының студенттері атынан ашық хат [9/608]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 21:12:27
Студенттер проблемасын шешу Сіздің қолыңызда,...
|
Партия "Ак жол" поддерживает требования алматинских студентов [1/370]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 18:13:53
Демократическая партия "Ак жол" официально...
|
Молодежный клуб "Рух пен тіл" вошел в состав общественного парламента "Халық кеңесі" [0/246]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Октября 2008 15:32:44
13 октября единогласным согласием членов...
|
Қазақтың "асқақ" рухы қайда қалыпты? [7/347]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 8 Октября 2008 00:38:14
Болат Атабаев:
– Оның себебi де, салдары да айқын....
|
Известный режиссер Калдыбай Абенов - у нас в гостях! [11/331]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Октября 2008 21:17:17
На очередном заседании клуба имени Мухтара Шаханова...
|
Состоялась встреча с известным общественным деятелем [7/407]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Октября 2008 21:35:46
Каждую субботу в редакции газеты "Жас Алаш"...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/512]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:55:42
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
"Мемлекеттiк тiлдi қолдау" митингiсiне келiңiздер! [9/355]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:52:44
Қадiрмендi «мемлекеттiк тiл» жанашырлары!
2008 жылдың 21...
|
Мұхтар Шаханов атындағы "Рух пен Тіл" клубы шақырады [13/464]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 15 Сентября 2008 01:03:45
Әдеби-мәдени әлемнің тіршілігіне бел шеше араласып,...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/549]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 15:53:54
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
Обращение к Айне Айтжановой [20/611]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 14:32:23
Ответ на комментарий Айны Айтжановой на нашем блоге:...
|
Приглашаем в клуб имени Мухтара Шаханова [11/521]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Сентября 2008 23:47:44
После долгих летних каникул молодежный клуб "Рух...
|
Қап тауындағы қақтығыс және Қазақстан [0/350]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 7 Сентября 2008 00:17:57
Қап тауындағы Ресейдің әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Империалист Ресей қазақ еліне қауіпті ме? [6/481]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Сентября 2008 22:35:41
Ресейдің Қап тауындағы әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Ресей шовинистерінің аузына құм құйылды [30/778]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Августа 2008 13:03:04
Ресей - алып мемлекет. Қуатты, іргелі ел. Әлемдік...
|
Грузия құлдық психологиядан арылды [24/620]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 9 Августа 2008 21:40:26
Грузияның Солтүстік Осетияға қарсы шабуылы Ресейге...
|
"Қазақстандық ұлт". Бұл не? Бұл - құбыжық эксперимент! [2/756]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 25 Июня 2008 18:40:47
«Қазақстандық ұлт» деген тексiз, тамырсыз, талайсыз...
|
Почему не регистрируют демократическую партию «Халык рухы»? [9/804]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Июня 2008 13:20:19
Ровно год назад прошел первый учредительный съезд...
|
Нам отвечает космополит Е.Ертысбаев [16/844]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Июня 2008 13:47:27
- Здравствуйте, уважаемый г-н Ертысбаев! Пользуясь...
|
ERLIK: «Стадо» под названием народ Казахстана [26/1043]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 5 Июня 2008 15:30:14
Странное государство Казахстан. Непонятные и уму...
|
|
|
 |
Қазақстан Республикасының Президентіне,Үкіметіне және Парламентіне ашық хат
[815/1]
Назарларыңызға "Жас алаш" газетінің 2008 жылғы 26-наурызында жарық көрген Алматы қаласының студент жастарының 10 мыңға тарта қолы бар Президентке, Үкіметке және Парламентке жазған ашық хатының мәтінін ұсынбақпыз.
Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне және Парламентіне
Алматы қаласының студенттері атынан
АШЫҚ ХАТ
Құрметті Президент мырза!
ҚР-ның Конституциясының 3-бөлімі, 40-бабында: ”Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағытын анықтайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға” делінген. Демек, Сіз, қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы, мемлекет басшысы ретінде ел ішінде және халықаралық аренада Қазақстан халқының атынан сөйлеуге өкілдігі бар бірден-бір лауазымды тұлғасыз.
1989 жылдың 22-қыркүйегінде қабылданған Заңға сәйкес қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Қазақстанды “Отаным, елім” деп есептейтін әрбір азамат үшін қазақ тілін білу парыз болса, мемлекеттік қызметте жүрген тұлғалар үшін – міндет. Әрбір мемлекеттік қызметкер қазақ тілін еркін және жоғары дәрежеде меңгеруі тиіс.
Мемлекеттік тілге зор ықыласыңызды бөліп, дамуын назарыңыздан тыс қалдырмай жүргеніңіз қуантады, алайда “Нұр Отан” ХДП саяси кеңесінде және Қазақстан халқына жолдауыңызда сөйлеген сөздеріңіздің түгелге дерлігін орыс тілінде жеткізуіңіз қарапайым қазақтілді халықтың көңілін құлазытқаны жасырын емес.
Жоғарыда көтерілген мәселелерге тоқтала келе, Сіздің болашақта мемлекет басшысы ретіндегі ресми шетел сапарларыңызда, шет мемлекеттердің лауазымды тұлғалары мен басшыларын қабылдауда, ресми басқосуларда, мемлекетаралық келіссөздер жүргізуде және ел ішінде сөйлеген сөздеріңізде мемлекеттік тілді қолдануыңыз Қазақстан халқының шексіз мақтанышын тудырары даусыз деп сенеміз! Мемлекет басшысы мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс деген ұстанымды қолдаймыз!
Құрметті Президент мырза!
БАҚ, әсіресе еліміздің телеканалдарының, «Тілдер» туралы Заңды қатаң орындауын, Интернет беттерінде сапалы құрылған қазақ сайттарының көптеп ашылуын өз бақылауыңызға алсаңыз деген тілек білдіреміз. Алматы студенттерін ойлантатын кезекті мәселенің бірі – қаламыздағы 90% жуық жарнама тақтайшаларының мемлекеттік тілде емес, ресми тілде жазылуы. Бұл мәселе де Сіздің бастауыңызбен өзінің оң шешімін табады деп білеміз. Қазақ бөлімдерінде оқитын студенттердің сапалы білім алуында тап болатын кедергілерінің бірі – қазақ тіліндегі оқулықтардың жетіспеушілігі. Студенттердің мұң-мұқтажына құлақ асып, қазақ тіліндегі сапалы оқулықтарды шығаруға қол ұшын берсеңіз деген тілектеміз!
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Үкімет басшысы ретінде Сізден министрліктер мен агенттік басшыларының мемлекеттік тілді меңгеруін қадағалауыңызды өтінеміз! Қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін ескере отырып, біз Сізден барлық Үкімет отырыстарын тек қана қазақ тілінде өткізуіңізді сұраймыз!
Құрметті Аслан Есболаұлы!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Құрметті Парламент депутаттары!
Қазақстан Республикасының өзі қабылдаған мемлекеттік тілі бола тұра, осы уақытқа шейін Парламенттің қос отырыстарының түгелге жуығы өзге елдің мемлекеттік тілі - орыс тілінде өткізілуі әбестік. Қазақстан Республикасының Парламенті атана тұрып, сол елдің мемлекеттік тілінде отырыс өткізбей, өзге тілді қолдануларыңыз қисынсыз. Қазақстан Республикасының Парламенті екендігін залдарыңыздағы қазақ тілінде сөздері бар таблоларыңыздан ғана білеміз, оның өзгесінің бәрі де Ресей Думасын еске түсіретіндігі бар. Мұндай миға қонымсыз құбылыстардың келешекте де орын алмасы үшін, Сіздерден, қадірлі Парламент Палаталарының төрағалары мен Парламент депутаттары, келешекте өтетін барлық отырыстарыңызды тәуелсіз, егеменді елдің бірден-бір мемлекеттік тілі – қазақ тілінде өткізулеріңізді сұраймыз!
Аса құрметті Республика басшылары! Біз, Қазақстан азаматтары, Сіздердің қолдарыңызға мемлекетіміздің тағдырын сеніп тапсыра отырып, Сіздерге Республикамыздың мемлекеттік тілін сыйлаңыздар, әрі оның мәртебесі мен абыройын аяқасты етпеңіздер деген өтініш білдіреміз.
Құрметті Республика басшылары! Сіздерді мемлекеттік тілімізді мойындайтын әрі құрметтейтін зерделі саясаткерлер ретінде тани отырып, студент жастардың өтінішін елеп-ескерерсіздер деген зор сенімдеміз.
Құрметпен,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Қыздар Педагогикалық Институты
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұдыттық Техникалық Университеті
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Қазақ Бас Сәулет және Құрылыс Академиясы
С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері Университеті
Қазақ Спорт және Туризм Академиясы
М.Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникация Академиясы
Т. Рысқұлов атындағы Экономикалық Университеті
№1 Алматы Қазақ Педагогикалық Колледжі
Д.А.Қонаев атындағы Университет Колледжі
Қазақ Гуманитарлы Заң Университеті студенттері
Мұхтар Шаханов атындағы «Рух пен Тіл» клубы
e-mail: rukh_pen_til@ok.kz
телефон: 8-727-2923614
Клуб жетекшісі Жанболат Мамай
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Сб Июл 12, 2008 11:04 www.qazaq.kz сайтынан алынған ЖАҢАЛЫҚ !!!
БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМА
2008-жылы 11 шілде күні сағат 15.00-де «Аллажар-қолдау» ҚҚ, «Қазақ интернеті» ҚБ және «Қазақстан-Заман» газеті редакциясының ұйымдастыруымен Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған
«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Ұйымдастырушылардың мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін дәріптеумен қатар, рухы биік – парасаты мол ата-бабаларымыздың, Конституциямызда көрсетілген «ежелгі қазақ жерінде» ортақ тіл, ортақ жер, ортақ дін негізінде қазақ ұлтын қалыптастырып, бүгінге дейін теңдесі жоқ азаматтық қоғамның үлгісін жасап, бүкіл Еуразия кеңістігіне қазақ мәдениетін таратқанын мақтаныш тұтып, қастерлей отырып, халқымыздың діни және ұлттық құндылықтарына сүйене отырып, қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ мәдениетін-қазақ үнін сыйлайтын әрбір жанды – оның біртұтас Қазақстан халқының құрамына кіре отырып, ортақ тағдырымызға, болашағымызға жауапты екендігінен туындайтын, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие алып, әлемдік білім кеңістігінен сусындаған, озық ойлы, Отанын жан-тәнімен сүйетін – Еліміздің даңқын асқақтатып, дүние жүзіне танытатын жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық ұйымдардың нақты іс-шараларына жұмылдыру.
Іс-шараның бағдарламасы:
15.00-15.05 Дөңгелек үстелдің өту тәртібін, құрметті қонақтарды таныстыру.
(«Қазақстан-заман» газеті бас редакторы- Ертай Айғалиұлы )
15.05-15.25 «Аллажар-қолдау»ҚҚ мен «Қазақ интернеті» ҚБ ұсынған нақты жобаларымен таныстыру.
(«Аллажар-қолдау» ҚҚ президенті - Марат Бөтеев)
15.25–17.00 Тақырып бойынша еркін пікір алмасу.
Кездесуге ұрпақ тәрбиесі және ұлттық мәдениет мәселелері толғандырып жүрген мемлекеттік құрылым өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Ескерту: Дөңгелек үстел тікелей “Online Байланыс“ жүйесі арқылы жүргізіледі. Дөңгелек үстел тақырыбына байланысты сұрақтарыңызды төмендегі нұсқа арқылы толтырып алдын ала жолдауыңызға болады.
Дөңгелек үстел өтіп жатқан кезде Интернет конференция арқылы тікелей эфир бойынша қатысушыларға сұрақтар қоюға немесе Интернет арқылы қатысып отыруға болады.
Адресі: www.qazaq.kz/online
Кездесу өтетін мекен-жай:
«Қазақстан-Заман» газеті редакциясы. Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі 28 үй,
( Гоголь көшесінің қиылысы)
Байланыс тел.: 270-64-51, 270-64-45, 225-25-11
тел/факс 270-64-50, E-mail:kazakistanzaman@mail.ru , sn@sn.kz
....................................................................................................................
....................................................................................................................
2008 жылы 11 шілде күні өткен, Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған
«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстелге қатысушылардың айтқан пікір-ұсыныстары негізінде қабылданған
ШЕШІМ
1. Тіл үйренудегі көптеген кедергілерді жою үшін, бүгінгі қолданыстағы 42 әріптік әліпбиімізге Мемлекеттік Әліпби статусы берілуін ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
2. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген Бабалар даналығы негізінде және ҚР Конституциясына сай, Еліміздегі барша бала-бақшалар мен мектептерде – мемлекеттік тілде тәрбие беруді ҚР Үкіметінен және жергілікті билік орындарынан талап етеміз;
3. Шетелден келіп жатқан 2309 газет-жорналды, 83 теле-радио бағдарламаларын Қазақстанның кедендік аймағына заңсыз енуін тоқтатуды ҚР Үкіметінен талап етеміз;
4. Қазақстандағы мемлекеттік тілде шығатын 446 газет-жорналдан өзге, диаспоралардың 4000-нан астам мерізімдік басылымдары, Ел заңдарына сәйкес мемлекеттік тілде және өз тілдерінде қосарланып жариялануын ҚР Үкіметінен талап етеміз;
5. Еліміздің «Қазақ Елі» немесе «Қазақ Республикасы» деп аталуын ҚР үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
6. БАҚ-да, Қазақ Елінде «130-дан аса халықтар тұрады», «130-дан аса ұлттар бар» т.с.с., ҚР Конституциясына қайшы сөз тіркестері қолданбауын ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
7. ҚР «Тілдер туралы» Заңының «...ҚР мемлекеттік емес ұйымдар өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді, қажет болған жағдайда басқа тілде» дейтін 8-ші бабының екінші тармағын және «...«Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының мүлтіксіз орындалуын ҚР Парламенті мен Үкіметінен талап етеміз;
8. Қазақ Еліндегі қалыптасқан этносаралық келісімді ары қарай үйлесімді дамытуды, ҚР заңдарына сай, «үй ішінен үй тікпей», әр тектен құралған біртұтас Қазақстан Халқына ортақ , Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын діңгектері болатын, әр деңгейдегі (ауыл-аудан-қала-облыс-республика) «Халық үні» қоғамдық мәдени - ағарту орталықтарын құру арқылы жолға қоюды ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 600427
Всего зарегистрированных пользователей: 15068
Последний зарегистрированный пользователь: Мангистауец
|
Сейчас посетителей на сайте: 41, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 41 Зарегистрированные пользователи: Нет
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (9655) Alty Alash (6839) KULTEGIN (6397) kazak (5728) ангел (4831) Wladimir (4315) Йода (3988) Евгений Нечаев (3723) Я (3314) Салафи (3137)
|
|
|