 |
 |
|
 |
|
 |
|
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға Алматы қаласының студенттері атынан ашық хат [8/452]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 21:12:27
Студенттер проблемасын шешу Сіздің қолыңызда,...
|
Партия "Ак жол" поддерживает требования алматинских студентов [1/237]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 18:13:53
Демократическая партия "Ак жол" официально...
|
Молодежный клуб "Рух пен тіл" вошел в состав общественного парламента "Халық кеңесі" [0/213]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Октября 2008 15:32:44
13 октября единогласным согласием членов...
|
Қазақтың "асқақ" рухы қайда қалыпты? [7/304]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 8 Октября 2008 00:38:14
Болат Атабаев:
– Оның себебi де, салдары да айқын....
|
Известный режиссер Калдыбай Абенов - у нас в гостях! [11/298]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Октября 2008 21:17:17
На очередном заседании клуба имени Мухтара Шаханова...
|
Состоялась встреча с известным общественным деятелем [7/376]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Октября 2008 21:35:46
Каждую субботу в редакции газеты "Жас Алаш"...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/479]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:55:42
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
"Мемлекеттiк тiлдi қолдау" митингiсiне келiңiздер! [9/316]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:52:44
Қадiрмендi «мемлекеттiк тiл» жанашырлары!
2008 жылдың 21...
|
Мұхтар Шаханов атындағы "Рух пен Тіл" клубы шақырады [13/412]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 15 Сентября 2008 01:03:45
Әдеби-мәдени әлемнің тіршілігіне бел шеше араласып,...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/515]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 15:53:54
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
Обращение к Айне Айтжановой [20/570]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 14:32:23
Ответ на комментарий Айны Айтжановой на нашем блоге:...
|
Приглашаем в клуб имени Мухтара Шаханова [11/472]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Сентября 2008 23:47:44
После долгих летних каникул молодежный клуб "Рух...
|
Қап тауындағы қақтығыс және Қазақстан [0/310]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 7 Сентября 2008 00:17:57
Қап тауындағы Ресейдің әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Империалист Ресей қазақ еліне қауіпті ме? [6/434]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Сентября 2008 22:35:41
Ресейдің Қап тауындағы әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Ресей шовинистерінің аузына құм құйылды [30/727]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Августа 2008 13:03:04
Ресей - алып мемлекет. Қуатты, іргелі ел. Әлемдік...
|
Грузия құлдық психологиядан арылды [24/578]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 9 Августа 2008 21:40:26
Грузияның Солтүстік Осетияға қарсы шабуылы Ресейге...
|
"Қазақстандық ұлт". Бұл не? Бұл - құбыжық эксперимент! [2/681]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 25 Июня 2008 18:40:47
«Қазақстандық ұлт» деген тексiз, тамырсыз, талайсыз...
|
Почему не регистрируют демократическую партию «Халык рухы»? [9/753]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Июня 2008 13:20:19
Ровно год назад прошел первый учредительный съезд...
|
Нам отвечает космополит Е.Ертысбаев [16/793]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Июня 2008 13:47:27
- Здравствуйте, уважаемый г-н Ертысбаев! Пользуясь...
|
ERLIK: «Стадо» под названием народ Казахстана [26/990]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 5 Июня 2008 15:30:14
Странное государство Казахстан. Непонятные и уму...
|
|
|
 |
Есiмовке ескерту: Студенттердiң мазасын алмаңыз
[817/3]
Дерек көзі: "Жас Алаш" газеті №30(15280) 15 сәуір 2008 жыл
Қазақ өзiнiң анық бет-бейнесiн 2 сәуiрде әлемге паш еттi. Мақтаншақтық пен дарақылықтан орысты да, түрiктi де, французды да, ағылшынды да шаң қаптырдық. Елбасымыз бас болып, әкiм-қаралар шабарман боп, халық қос болып “әкесiн таныттық”. Алауды салтанатпен қарсы алу – “арийлiк” алман халқының күш-құдiретiн танытады» деп пайымдаған Гитлердiң өзi дәл сол күнi көрден тұрып келгенде, Алматының Олимпиада алауын қарсы алу салтанаты Берлиндi неше орағанын көрiп, таң-тамаша қалар ма едi, кiм бiлсiн?! Адольфтың аруағы қазақтарға риза болып, көрiнде бiр аунаған шығар.
Алаудың қаламызға аяқ басуын әкесiнiң келуiнен әрмен күткен Алматы әкiмшiлiгi той-думанды жоғары дәрежеде өткiзуге көктем шыға салысымен-ақ қамданды. “Әлемнiң 160-тан астам елi бiздiң елге көз тiгедi, Қазақстанға осыдан кейiн-ақ туристер ағыла жөнеледi, мемлекеттiң имиджiн пәленбай есе арттырамыз” деген Тасмағамбетов командасы қаланы қызылды-жасылды етiп сәндеп, алаудың келуi туралы ақпарат жазылған билбордтардың санын, тiптi, 2005 жылғы президент сайлау науқаны кезiндегi Н.Назарбаевтың портреттерiнiң санынан әлдеқайда асырып жiберген тәрiздi. Осы әрекеттерден-ақ Қазақстан халқының жасанды қуанышы мен шаттығын көрсетуге тырысқан билiк әлем алдында күлкiге қалды дегенге болмаса, беделiн арттырды деуге сену қиын-ақ. Борат Сағдиевсiз-ақ әлемдi қыран-топан күлкiге қарық қылдық. Бәрекелдi!
“... Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады. Һәм қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзi бiлмейдi, есi шығып, бiр түрлi мастыққа кез болып кетедi” деген Абайдың сөздерi бүгiнгi бассыздық кеселiне ұшырап, азаматтық ұстанымынан жұрдай болған қазақты тап басып сипаттайтын тәрiздi. Қуанбас нәрсеге шат-шадыман болып, бейне бiр Олимпиада ойындары Қазақстанда өтетiндей, Медеу мұзайдынынан бастап Астана алаңына шейiн 30 мыңға жуық халықты сенделткен Алматы әкiмшiлiгiнiң қиянатына бас шайқағаннан басқа қайран қыла алмайсың. Отты алып өту үшiн 400 миллион теңгенi салық төлеушiлердiң қалтасынан суырып алып, далаға шашу барып тұрған озбырлық қой. Салыстырар болсақ, жылына мемлекеттiк тiлдi дамытуға небары 100 миллион теңге бөлiнедi. Оның 20 миллионы Қазақстан халқы ассамблеясына жұмсалады. Тiлге қалатыны – 80 миллион теңге. Бұл – қазақ тiлiн 365 күн бойы дамытуға жұмсалатын қаржы! Ал алауды 20 шақырым бойына алып жүру үшiн бұдан 5 есе (!) артық ақша бөлiнген. Масқара! Көшедегi көлiк жүрiсiн қара кешке дейiн сап тыйып, студенттер мен оқушыларды сабағынан қалдырып, бюджет қызметкерлерiн жұмыстарынан босатып, дүйiм жұртты сапырыстырып, бәрiн Алматы көшелерiнiң бұрыш-бұрышына тоғыту – көзсiз ақымақтық. Салтанатты 160 елдiң ақпарат құралдары көрсетедi дегенi де даурықпа әңгiме болды. Көрсеткенi - “Евроньюс” пен “Евроспорт” қана. Онда да “Спорт” айдарында жарты минуттай жылт еткiздi. Олимпиада ойындарын өткiзгелi отырған Қытайдың өзi Пекиннiң Тяньаньмынь алаңына бар болғаны 4000 адамды қатыстырды. Қытайдың демографиялық жағдайы күрт нашарлап кеткеннен емес, халқының өзiне тән жинақылығы пен ұстамдылығынан. Әйтпесе, Қытай, керек десеңiз, Қазақстан сияқты 30 мың емес, 30 миллион халықты алып шығуға қауқары бар. Бiрақ Конфуций елi Абай ұрпақтарынан анағұрлым саналы да ақылды екендiгiн осылай-ақ аңғартты.
Билiктi от басы, ошақ қасында отырып сынағанда алдымызға жан салмайтын халықпыз. Алайда, кей тұстарда сол билiктi өзiмiз сайлайтынымыз, өзiмiздiң “қалап” қойғанымызды ұмыта беретiн сияқтымыз. “Халқы қандай болса, басшысы да сондай болмақ” деген Ислам пайғамбары Мұхаммедтiң сөзiнiң жаны бар. Өзiмiздiң азаматтық ұстанымымыз болмай, азаматтық санамыз, мәдениетiмiз өспей, ешуақытта да оңалмайтынымыз ақиқат. Заңның алдына жүгiнудiң орнына бастықсымақтардың табанына құлдық ұрамыз. Мысалы, бүгiнгi күндерi сенбiлiктердiң, алау алып жүру тәрiздi дарақылықтардың басты “белсендiлерi” – студенттер мен оқушылар. Жақсы, оқушыларды қоя тұрайық, алайда заңнан аз-мұз сауаты бар жоғары оқу орындарының (ЖОО) тәлiмгерi Бiлiм туралы заңның 47-бабының 10-тармағын қараса оқушылар мен тәрбиеленушiлердi оқу процесiнен қалдыруға болмайтыны тайға таңба басылғандай жазылғанын көрер едi. Демек, бiрде-бiр басшы оқушыларды да, студенттердi де оқу бағдарламасынан үзiп, сенбiлiктерде қоқыс тазалатуға, әлем-жәлем мерекелерге сүйреуге немесе басқа да себептермен оқудан қалдыруға қақысы жоқ. Оның үстiне Алматыдағы 300 мыңнан аса студенттердiң жартысынан астамы ақылы бөлiмдерде оқитынын ескерсек, билiк студенттердiң өзiне ақша төлеттiрiп, өзiн сенбiлiкке алып шығып, көше тазалаттырады немесе қолына жалау берiп “шаттықты” сомдаттырады деген сөз. Бұл – нонсенс! Студенттердiң де, ЖОО басшылығының да тағы да бiр “ұмытатын” заң тармақтарының бiрi – 47-баптың 3-бөлiмiнiң 10-тармағы: “Өз пiкiрi мен көзқарасын еркiн бiлдiредi”. 10 мыңға тарта студенттердiң қолын жинап, Республика басшыларына ашық хат жолдаған белсендi студенттердiң көпшiлiгiнiң қыспаққа түскендiгiн, ал 2 сәуiр күнi 6 сағат бойы аш, далада тұрудан бас тартқан студенттердiң де сүргiнге түскенiн естiп жатырмыз. Ал бұл — заңға қайшы. Өйткенi, адам 18 жасқа толғаннан соң, дауыс беруге құқығы бар, өз iсiне өзi жауап беретiн АЗАМАТына айналады, ал оны өз пiкiрiн бiлдiргенi үшiн, ана тiлiнiң мәз емес жағдайына налығаны үшiн сергелдеңге салу – елiмiздiң заңын сыйламау деген сөз.
Сөз соңында, бiздiң ел басшыларының атына жылы сөз айтқым келiп отыр. Батыстың бiр ойшылы «Халықты тобырға айналдыра бiлген саясатшы – жақсы саясатшы» дептi. Қазақстан билiгi, расында да, әбден үркiп-қорыққан халықты тобырға айналдыра бiлдi. Асқан шеберлiкпен. Қалғаны – бұлардың басын көтертпей, инкубатордан шыққан жұмыртқа тәрiздi бәрiн де бiрдей етiп, индивидуалдық қасиетiнен айырып, Прокрусттың төсегiне жатқызғандай етiп, аяқ-қолы қылтиғанының бәрiн шауып, “отардан” бөлектенгеннiң бәрiн жазалау. Бiттi. Халық бассыз тобырға айналса, “ақыл жастан” деп үмiт үкiлеп отырған қоғамның ең прогрессивтi өкiлдерi – жастар қорадағы қойдың деңгейiне дейiн төмендесе, қазiргi билiктiң де ұзақ жасары даусыз. Ондай халықтың ешуақытта да демократияға, әдiл сайлау өткiзуге, сапалы бiлiмге, ұлттық болмысын, тiлiн, дiлiн сақтап қалуға қолы жетпесi анық.
Ойда жоқта Алматы әкiмi И.Тасмағамбетов Астанадан бiр-ақ шықты. Елорданың 10 жылдығын тойлаймыз деп жанталасқан билiк Алматының экс-әкiмiнiң алауды алып өтуде көрсеткен ұйымдастырушылық “талантына” тәнтi болған болуы керек, ендi Астананың мерейтойын “жаһан таңғалатындай дәрежеде өткiз» деп қолқа салғаны шындық сияқты. Ендi тойшыл Тасмағамбетов Астана студенттерi мен оқушыларын шаруасына жегетiн болар, ал Алматы студенттерi А.Есiмов бiздiң мазамызды алмас деген тәттi үмiтте.
Азамат Байұзақұлы,
«Рух пен Тiл» клубының белсендiсi.
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Вт Апр 15, 2008 23:26 Толағаи
Жараисың, Азамат!
Ісләмнің ғұламалары "адамның өмірі қорқыныш пен үміттен тұрады" деген көрінеді,
ал қазіргі казаххстанның елінде тек қана қорқыныш пен үреи!
Дүниеде ең қиыны - осы үреи.
жүикені де тоздырады.
адамдарды асылуы да осы үреиден.
ер адамның белінен кетуі...
Бәрі үреиден.
Жастарымыздың үреиден құтылу жолына түскеніне қуаныштымын!
Қолдаимыз сендерді!
Үреиден арылаиық!
сонда ғана
бақытты
болар
адам
!!!
|
|
|
 Ср Апр 16, 2008 11:30
Олимпиадалық алауды қалай қарсы алғанын көріп жағамды ұстадым.Ұят,ұят және ұят!
|
|
|
 Ср Апр 16, 2008 19:40
Ай казактар, кокудин жолы осы екен деп коки бермеу керек кой. Тасмаганбетовтай ер тауып кориндер? Жасалса барлыгы да казактын алемге таралуы ушин жасалып отыр. Ауызга келгенди оттап, жоктан бар жасауды кою керек шыгар. Ал студенттердин кукыгы бузылса тилгилеп айтындар, мысык кусап пеш тубинде буга бермей.
|
|
 |
|