 |
 |
|
 |
|
 |
|
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға Алматы қаласының студенттері атынан ашық хат [9/608]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 21:12:27
Студенттер проблемасын шешу Сіздің қолыңызда,...
|
Партия "Ак жол" поддерживает требования алматинских студентов [1/370]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 18:13:53
Демократическая партия "Ак жол" официально...
|
Молодежный клуб "Рух пен тіл" вошел в состав общественного парламента "Халық кеңесі" [0/246]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Октября 2008 15:32:44
13 октября единогласным согласием членов...
|
Қазақтың "асқақ" рухы қайда қалыпты? [7/347]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 8 Октября 2008 00:38:14
Болат Атабаев:
– Оның себебi де, салдары да айқын....
|
Известный режиссер Калдыбай Абенов - у нас в гостях! [11/331]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Октября 2008 21:17:17
На очередном заседании клуба имени Мухтара Шаханова...
|
Состоялась встреча с известным общественным деятелем [7/407]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Октября 2008 21:35:46
Каждую субботу в редакции газеты "Жас Алаш"...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/512]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:55:42
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
"Мемлекеттiк тiлдi қолдау" митингiсiне келiңiздер! [9/355]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:52:44
Қадiрмендi «мемлекеттiк тiл» жанашырлары!
2008 жылдың 21...
|
Мұхтар Шаханов атындағы "Рух пен Тіл" клубы шақырады [13/464]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 15 Сентября 2008 01:03:45
Әдеби-мәдени әлемнің тіршілігіне бел шеше араласып,...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/549]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 15:53:54
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
Обращение к Айне Айтжановой [20/611]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 14:32:23
Ответ на комментарий Айны Айтжановой на нашем блоге:...
|
Приглашаем в клуб имени Мухтара Шаханова [11/521]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Сентября 2008 23:47:44
После долгих летних каникул молодежный клуб "Рух...
|
Қап тауындағы қақтығыс және Қазақстан [0/350]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 7 Сентября 2008 00:17:57
Қап тауындағы Ресейдің әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Империалист Ресей қазақ еліне қауіпті ме? [6/481]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Сентября 2008 22:35:41
Ресейдің Қап тауындағы әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Ресей шовинистерінің аузына құм құйылды [30/778]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Августа 2008 13:03:04
Ресей - алып мемлекет. Қуатты, іргелі ел. Әлемдік...
|
Грузия құлдық психологиядан арылды [24/620]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 9 Августа 2008 21:40:26
Грузияның Солтүстік Осетияға қарсы шабуылы Ресейге...
|
"Қазақстандық ұлт". Бұл не? Бұл - құбыжық эксперимент! [2/756]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 25 Июня 2008 18:40:47
«Қазақстандық ұлт» деген тексiз, тамырсыз, талайсыз...
|
Почему не регистрируют демократическую партию «Халык рухы»? [9/804]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Июня 2008 13:20:19
Ровно год назад прошел первый учредительный съезд...
|
Нам отвечает космополит Е.Ертысбаев [16/844]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Июня 2008 13:47:27
- Здравствуйте, уважаемый г-н Ертысбаев! Пользуясь...
|
ERLIK: «Стадо» под названием народ Казахстана [26/1043]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 5 Июня 2008 15:30:14
Странное государство Казахстан. Непонятные и уму...
|
|
|
 |
Мақсат: Тілге құрмет – ұлтқа құрмет
[880/5]
«Рух пен Тіл» клубының студенттері атынан жарияланыпотырған ашық хаты өте орынды. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда тіліміздің қолдану аясы тар. өз жерімізде жүріп, өгей баланың күйін кешу Абай, Шәкәрім, Ахмет, Сәкен секілді біртуар тұлғаларды дүниеге әкелген ұлтымыз үшін үлкен сын. Өз жерімізде қазақ тілі, дәстүрі, тарихы мәңгілік жаңғыру тиіс. Ендігі жерде сонау ата-бабамыздан қалған ұлы мұрамызды сақтау біздің, яғни қазақ жастарының міндеті деп білем.
Бұл ашық хат қазақ жастарының сана сезімінің оянғанының айқын белгісі. Ал хатқа керісінше пікір айтатын тұлғаларға айтарымыз – «Су ішіп отырған құдықтарыңызға ешқашан түкірмеңіздер!» Тілге құрмет көрсету арқылы сіздер ұлтқа құрмет көрсетулеріңізді сұраймыз.
Ендеше, тілдің тірегі – халық екенін ұмытпайық, ағайын!
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Ср Апр 16, 2008 11:31
Тіл тек Қазақша тіл
|
|
|
 Пн Май 05, 2008 11:25 Нақты ІС-ӘРЕКЕТ керек !!!
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ күн сайын қатары арта түскен САНАЛЫ АЗАМАТТАРЫ :
..............................................................................................
ҚР Конституциясының «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» дейтін 7-ші бабының 2-ші тармағын және ҚР тілдер туралы Заңының «... ҮЕҰ-дар өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді, керек болған жағдайда басқа тілдерде...» дейтін 8-ші бабын негізге алып:
- ПАРЛАМЕНТ пен ҮКІМЕТТЕН бастап, ауыл ӘКІМІНЕ дейін және Еліміздегі 7000-нан аса Үкіметтік Емес Ұйымдардың конституциялық, заңды талаптарды орындамаған фактілері үстінен СОТҚА жүздеген, мыңдаған ТАЛАП-АРЫЗ берулері тиіс !!!
|
|
|
 Ср Май 07, 2008 14:31 БАРША ҚАЗАҚҚА ҮЛГІ боларлық ЖАПОНДЫҚ !!!
EXPRESS-K.KZ. Кульпаш КОНЫРОВА в материале “Японские политики знают казахский язык” пишет, что вице-министр экономики, торговли и промышленности Японии Канае Ямамото продемонстрировала прекрасное знание казахского, поприветствовав главу Минэнерго РК Сауата Мынбаева на его родном языке. Мало того, после подписания с ним меморандума о сотрудничестве в области мирного использования атома японская гостья дала интервью столичным журналистам на казахском языке.
""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""""
... ҚР "Тілдер туралы" Заңының "... Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар
басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі."- дейтін 27-ші бабын орындауға тырысқан
тұңғыш ТІРІ-ЖАН ретінде Канае Ямамотоға "Халық Қахарманы" атағын беру керек
------------------------------------------------------------------------------------------
kilyzaman :
Ой Антивирус бауырым ай, керемет мысал жоғарыда жазғаның!!!
... Шенеуліктегі шалатуылғандардың намыстары болса, ойланып қалған шығар мүмкін!!!
... Мен ғой әлгі сарыуаймға салынып армандап жүрсем, Көзіңнен айналайын Жапондығым ай, алдын ала біледіғой олар өркениеттің иісін!!!
------------------------------------------------------------------------------------------
|
|
|
 Вт Июн 10, 2008 12:40 ЗАҢДЫ талап қоюды үйренейік !!!
ЗАҢДЫ талап қоюды үйренейік және ҚР ЗАҢДАРЫН бұлжытпай ОРЫНДАЙЫҚ !!!
.............................................................................................................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Заңы. 1997 жылғы 11 шілде №151
8-бап Тілдердің қолданылуы
Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.
9-бап Мемлекеттік органдар актілерінің тілі
Мемлекеттік органдадың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.
27-бап Тіл – халықаралық қызметте
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда басқа тілдерді пайдаланып жүзеге асырылады.
Екіжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттік тілдерінде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келісімімен белгіленген тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Қымбатты БАУЫРЛАР !!!
Қазақ Елінің әр-бір азаматы ҚР Заңдарының осы баптарын өзі мүлтіксіз орындап және жүрген жерінде өзгелердің де орындауын талап етсе, онда егемендігіміздің 17 жылы ішінде біртұтас Қазақстан Халқының – қазақ тілін білмейтін бірде бір өкілі қалмас еді.
Сондықтан ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ алдында, бұдан ары қарай да масқара бола бермей, біртұтас ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ болып заңды талап қоятын кезіміз келді !!!
Парламентте де, Үкіметте де, Жергілікті басқару органдарында да, Саяси партияларда да, Қоғамдық ұйымдарда да ҚР Заңдарының осы баптарын мүлтіксіз орындамайтын бірде бір АДАМ болмауы тиіс !!!
|
|
|
 Сб Июл 12, 2008 11:02 www.qazaq.kz сайтынан алынған ЖАҢАЛЫҚ !!!
БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМА
2008-жылы 11 шілде күні сағат 15.00-де «Аллажар-қолдау» ҚҚ, «Қазақ интернеті» ҚБ және «Қазақстан-Заман» газеті редакциясының ұйымдастыруымен Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған
«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Ұйымдастырушылардың мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін дәріптеумен қатар, рухы биік – парасаты мол ата-бабаларымыздың, Конституциямызда көрсетілген «ежелгі қазақ жерінде» ортақ тіл, ортақ жер, ортақ дін негізінде қазақ ұлтын қалыптастырып, бүгінге дейін теңдесі жоқ азаматтық қоғамның үлгісін жасап, бүкіл Еуразия кеңістігіне қазақ мәдениетін таратқанын мақтаныш тұтып, қастерлей отырып, халқымыздың діни және ұлттық құндылықтарына сүйене отырып, қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ мәдениетін-қазақ үнін сыйлайтын әрбір жанды – оның біртұтас Қазақстан халқының құрамына кіре отырып, ортақ тағдырымызға, болашағымызға жауапты екендігінен туындайтын, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие алып, әлемдік білім кеңістігінен сусындаған, озық ойлы, Отанын жан-тәнімен сүйетін – Еліміздің даңқын асқақтатып, дүние жүзіне танытатын жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық ұйымдардың нақты іс-шараларына жұмылдыру.
Іс-шараның бағдарламасы:
15.00-15.05 Дөңгелек үстелдің өту тәртібін, құрметті қонақтарды таныстыру.
(«Қазақстан-заман» газеті бас редакторы- Ертай Айғалиұлы )
15.05-15.25 «Аллажар-қолдау»ҚҚ мен «Қазақ интернеті» ҚБ ұсынған нақты жобаларымен таныстыру.
(«Аллажар-қолдау» ҚҚ президенті - Марат Бөтеев)
15.25–17.00 Тақырып бойынша еркін пікір алмасу.
Кездесуге ұрпақ тәрбиесі және ұлттық мәдениет мәселелері толғандырып жүрген мемлекеттік құрылым өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Ескерту: Дөңгелек үстел тікелей “Online Байланыс“ жүйесі арқылы жүргізіледі. Дөңгелек үстел тақырыбына байланысты сұрақтарыңызды төмендегі нұсқа арқылы толтырып алдын ала жолдауыңызға болады.
Дөңгелек үстел өтіп жатқан кезде Интернет конференция арқылы тікелей эфир бойынша қатысушыларға сұрақтар қоюға немесе Интернет арқылы қатысып отыруға болады.
Адресі: www.qazaq.kz/online
Кездесу өтетін мекен-жай:
«Қазақстан-Заман» газеті редакциясы. Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі 28 үй,
( Гоголь көшесінің қиылысы)
Байланыс тел.: 270-64-51, 270-64-45, 225-25-11
тел/факс 270-64-50, E-mail:kazakistanzaman@mail.ru , sn@sn.kz
....................................................................................................................
....................................................................................................................
2008 жылы 11 шілде күні өткен, Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған
«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстелге қатысушылардың айтқан пікір-ұсыныстары негізінде қабылданған
ШЕШІМ
1. Тіл үйренудегі көптеген кедергілерді жою үшін, бүгінгі қолданыстағы 42 әріптік әліпбиімізге Мемлекеттік Әліпби статусы берілуін ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
2. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген Бабалар даналығы негізінде және ҚР Конституциясына сай, Еліміздегі барша бала-бақшалар мен мектептерде – мемлекеттік тілде тәрбие беруді ҚР Үкіметінен және жергілікті билік орындарынан талап етеміз;
3. Шетелден келіп жатқан 2309 газет-жорналды, 83 теле-радио бағдарламаларын Қазақстанның кедендік аймағына заңсыз енуін тоқтатуды ҚР Үкіметінен талап етеміз;
4. Қазақстандағы мемлекеттік тілде шығатын 446 газет-жорналдан өзге, диаспоралардың 4000-нан астам мерізімдік басылымдары, Ел заңдарына сәйкес мемлекеттік тілде және өз тілдерінде қосарланып жариялануын ҚР Үкіметінен талап етеміз;
5. Еліміздің «Қазақ Елі» немесе «Қазақ Республикасы» деп аталуын ҚР үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
6. БАҚ-да, Қазақ Елінде «130-дан аса халықтар тұрады», «130-дан аса ұлттар бар» т.с.с., ҚР Конституциясына қайшы сөз тіркестері қолданбауын ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
7. ҚР «Тілдер туралы» Заңының «...ҚР мемлекеттік емес ұйымдар өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді, қажет болған жағдайда басқа тілде» дейтін 8-ші бабының екінші тармағын және «...«Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының мүлтіксіз орындалуын ҚР Парламенті мен Үкіметінен талап етеміз;
8. Қазақ Еліндегі қалыптасқан этносаралық келісімді ары қарай үйлесімді дамытуды, ҚР заңдарына сай, «үй ішінен үй тікпей», әр тектен құралған біртұтас Қазақстан Халқына ортақ , Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын діңгектері болатын, әр деңгейдегі (ауыл-аудан-қала-облыс-республика) «Халық үні» қоғамдық мәдени - ағарту орталықтарын құру арқылы жолға қоюды ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 600427
Всего зарегистрированных пользователей: 15068
Последний зарегистрированный пользователь: Мангистауец
|
Сейчас посетителей на сайте: 50, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 50 Зарегистрированные пользователи: Нет
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (9655) Alty Alash (6839) KULTEGIN (6397) kazak (5728) ангел (4831) Wladimir (4315) Йода (3988) Евгений Нечаев (3723) Я (3314) Салафи (3137)
|
|
|