 |
 |
|
 |
|
 |
|
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға Алматы қаласының студенттері атынан ашық хат [9/608]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 21:12:27
Студенттер проблемасын шешу Сіздің қолыңызда,...
|
Партия "Ак жол" поддерживает требования алматинских студентов [1/370]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 18:13:53
Демократическая партия "Ак жол" официально...
|
Молодежный клуб "Рух пен тіл" вошел в состав общественного парламента "Халық кеңесі" [0/246]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Октября 2008 15:32:44
13 октября единогласным согласием членов...
|
Қазақтың "асқақ" рухы қайда қалыпты? [7/347]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 8 Октября 2008 00:38:14
Болат Атабаев:
– Оның себебi де, салдары да айқын....
|
Известный режиссер Калдыбай Абенов - у нас в гостях! [11/331]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Октября 2008 21:17:17
На очередном заседании клуба имени Мухтара Шаханова...
|
Состоялась встреча с известным общественным деятелем [7/407]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Октября 2008 21:35:46
Каждую субботу в редакции газеты "Жас Алаш"...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/512]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:55:42
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
"Мемлекеттiк тiлдi қолдау" митингiсiне келiңiздер! [9/355]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:52:44
Қадiрмендi «мемлекеттiк тiл» жанашырлары!
2008 жылдың 21...
|
Мұхтар Шаханов атындағы "Рух пен Тіл" клубы шақырады [13/464]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 15 Сентября 2008 01:03:45
Әдеби-мәдени әлемнің тіршілігіне бел шеше араласып,...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/549]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 15:53:54
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
Обращение к Айне Айтжановой [20/611]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 14:32:23
Ответ на комментарий Айны Айтжановой на нашем блоге:...
|
Приглашаем в клуб имени Мухтара Шаханова [11/521]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Сентября 2008 23:47:44
После долгих летних каникул молодежный клуб "Рух...
|
Қап тауындағы қақтығыс және Қазақстан [0/350]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 7 Сентября 2008 00:17:57
Қап тауындағы Ресейдің әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Империалист Ресей қазақ еліне қауіпті ме? [6/481]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Сентября 2008 22:35:41
Ресейдің Қап тауындағы әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Ресей шовинистерінің аузына құм құйылды [30/778]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Августа 2008 13:03:04
Ресей - алып мемлекет. Қуатты, іргелі ел. Әлемдік...
|
Грузия құлдық психологиядан арылды [24/620]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 9 Августа 2008 21:40:26
Грузияның Солтүстік Осетияға қарсы шабуылы Ресейге...
|
"Қазақстандық ұлт". Бұл не? Бұл - құбыжық эксперимент! [2/756]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 25 Июня 2008 18:40:47
«Қазақстандық ұлт» деген тексiз, тамырсыз, талайсыз...
|
Почему не регистрируют демократическую партию «Халык рухы»? [9/805]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Июня 2008 13:20:19
Ровно год назад прошел первый учредительный съезд...
|
Нам отвечает космополит Е.Ертысбаев [16/844]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Июня 2008 13:47:27
- Здравствуйте, уважаемый г-н Ертысбаев! Пользуясь...
|
ERLIK: «Стадо» под названием народ Казахстана [26/1043]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 5 Июня 2008 15:30:14
Странное государство Казахстан. Непонятные и уму...
|
|
|
 |
«Жас Отан» - Қазақстан – Нұрсұлтан!» немесе «нұрсомолдықтардың» алғашқы құрылтайы нені аңғартты?
[769/1]
Кеңестік идеологияның қақырап тұрған тұсында бүлдіршіндер мамырдың он тоғызы күні «пионерлер» күнін атап өтетін. Қазір «пионерлер» күні естен шықты. Заман өзгерді. Бірақ идеологиялық насихат жұмыстарында әлі сол кеңестік жүйенің сарқыншағы сақталған. Бұрын тұтас бір елді «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстаған– Коммунистік партия болса, қазір - «Нұр Отан». Бұрын – Компартияның кәртең басшыларына табындырса, қазір – жиырма жыл тақтан түспей келе жатқан, жасы жетпіске тақаған Нұрсұлтан Назарбаевқа бас игізеді. Оған жақында өткен «Жас Отанның» алғашқы құрылтайында тағы бір мәрте куә болдық.
Былай қарасаңыз, бар болғаны «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты саналатын «Жас Отанның» құрылтайы қазақтың ат шаптырып, шапан кигізетін тойларынан кем өткен жоқ. Еліміздің жас «патриоттарының» дүбірлі мерекесін жарнамалауға тіптен ұялы телефондар операторлары да кірісті. «K’cell» мен «Билайн» байланыс операторларының абоненттерінің нөмірлеріне үсті-үстіне СМС-хаттар келіп түсіп жатты. Үлкен-кіші демей танымайтын адамдарға «сен» деп нұқыған «жас отандықтар» өздеріне өтініш-тілектер жіберуін сұрапты. Сөздерінің «бісмілләсін» «Сәлем! Қалайсың?» деп бастайтын «еліміздің тұлымды ұлы мен бұрымды қыздары» ата-ананың тәрбиесін көрмеген бе деген ойға қаласыз. Тым құрығанда, «жас отандықтар» әңгімесін «ассалаумағалейкүмнен» бастаса қайтер еді? Әлде наурыздың 22-сі күні сахнаға қызып шығып, «мен келеси жилдан бастап казакша сойлеймин» дейтін басшыларының бірі Т.Бердіоңғаров соны да үйрете алмай жүр ме жастарға? Қалай болғанда да, өздерін болашақ «сүт бетіне шығар қаймақ» сезінетін «Жас Отан» өкілдерінің әй-шай жоқ, бөтен адамға «сен» деп тарпа бас салғаны бір түрлі ыңғайсыз екен. Аузынан ана сүті кеппеген балақайдың қоғам қайраткері, халқына дардай еңбегі сіңген М.Шаханов тәрізді алпысты алқымдап, жетпіске тақаған ақсақалымыздың ұялы телефонына «Сәлем! Қалайсың! «Нұр Отан» 14 мамырда Астанада «Жас Отан» жастар қанатының 1-съезін өткізеді. Өз тілектеріңді бізге жолда!» дегені үлкенді сыйлап өскен қазақтың құлағына түрпідей тиеді. Тіпті сөз саптауының өзі бір өктем. Бұл-бір. Екіншіден, әншейінде тиынын санап отыратын байланыс операторлары «Жас Отанға» келгенде неге осынша жомартсына қалды? СМС - хаттарды таратуға ақша кімнің қалтасынан төленді? Әкесіндей, шешесіндей адамдарға «сен» дегізіп үйретіп отырған кім? «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаев па, әлде «Жас Отанның» бір ауыз қазақша білмейтін басшысы Тәңірберген Бердіоңғаров пен оның ар жақ бер жағындағы Бақыт Сыздықова, Ерқанат Тайжанов па?
Сонымен сыпайылықтан жұрдай «жас отандықтардың» құрылтайы да қарапайымдылықтан да ада өтті. Үстеріне «Жас Отанның» футболкаларын киіп, қолдарына партияның туын ұстаған жастар көңілдеріндегі «қуаныштарын» жасыра алмай аласұрды. Әсіресе президенттің аузынан сөз шықса болды, әлгілер өздерін қоярға жер таба алмайды. «Мен екі үзеңгілес серіктеріммен теннис ойнаймын. Олар мені он жылдан бері әлі бірде-бір рет жеңген жоқ» дегенде жастар тіпті алып-ұшып балаша «қуанды». Сөйтіп, «жас отандықтар» президентке шексіз алғысын білдіріп, өздерінің сол съезде қабылдаған 2008-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына «партия басшысы – президенттің жастар арасындағы беделін арттыру» деген жолдарды енгізді. Нұрсұлтан Әбішұлы да оларға риза болып, бар жақсылықты бастарына үйіп-төгіп жатты. Мәселен, «жас отандықтарға» мәслихаттар мен қалалық әкімшіліктерде жастар кеңесін құруға рұқсат берді. Еліміздегі 720-ға жуық жастар ұйымдарының 90 пайызын өз құрамына кіргізуге шақырды. ЖОО – да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қолға алуды тапсырды. «Жас Отанның» құрамынан 200 жасты таңдап алып, оларға мемлекеттік қызметтерді жүктеуді ұсынды. Сөз соңында, мемлекет басшысы өз шешімімен президент жанынан жастар саясатымен айналысатын кеңес құруды ұйғарғанын айтты. Бұны естігенде съезге қатысып отырған «Жас Отанның» үш жүз делегаты пен жиналғандардың барлығы да мәз-мейрам болды.
Қарап отырсаңыз, партиялық номенклатуралық жүйе елімізде қайта орнағанына күмән жоқ. Президент жалпы халықтың басшысы ретінде емес, «Нұр Отанның» төрағасы ретінде ғана сөйлеуді шығарды. Сөздерінің барлығы тек қана өзінің партиясының идеясымен келісетін адамдарға ғана бағышталады. Өзге демократиялық партияларға, қозғалыстарға қолдау білдіретін Қазақстан азаматтарына Н.Назарбаев сөздерінің еш қатысы жоқ . Сонда Н.Назарбаевтың Францияның президенттік сайлауында жеңіске жеткен Н.Саркозидің: «Мен оңшылдар партиясының басшысы емеспін, мен Франция президентімін» деген сөздерін айтуға парасаты жетпей жүр ме? Президент сөзінің бірінде күллі Қазақстан жастарын «Жас Отан» қанатының астына біріктіруге шақырды. Айта кету керек, дәл қазір «жас отандықтардың» саны 100 мыңға жетіп жығылады. Ал еліміздегі жастардың саны бес миллионға жуық. Демек, президент сөзіне салсақ, олардың барлығы да «Жас Отан» қабылдаған қаулылар мен шешімдердің аясында өмір сүруі тиіс. Сонымен бірге, олар «жас отандықтардың» құрамын толықтыруы керек көрінеді. Бірақ жастардың көпшілігі басқарушы партияның елде жүргізіп отырған көзбояушылық саясатымен, басшылыққа алып отырған идеологиясымен келісе ме, жоқ па, онымен ешкімнің жұмысы болған жоқ. Әлемдік тәжірибеде партия идеялас,пікірлес адамдарды біріктіретін саяси ұйым болып табылады. «Жас Отанның» құрамына кіруі тиіс Республиканың бес миллионға тарта жастарының бәрінің бірдей саяси ұстанымы, дүниетанымы Н.Назарбаев басқаратын партияның көзқарасымен үндес шығады дегенге президенттің өзі де сенбейтін шығар. Комсомолдың дәурені өтті. Жастар өз таңдауын өзі жасайтын уақыт жетті. Олар «Азат» партиясын таңдай ма, «ЖСДП»-ны қолдай ма, атышулы «Қаһардың» құрамына өте ме – оны әрбір азамат өзі шешуі тиіс. Оның үстіне, қазіргі әбден іріп-шіріген билік жүйесінде қызмет етуге құлықты жастар да некен-саяқ. Кезінде ең жас әкім атанған Ғ.Жақияновтың : «қазіргі билік жүйесі шіріп бітті. Сол шіріген билік «жастардың да түбіне жете ме» деп қорқамын» деген сөздерінде көп мән бар. Демократиялық күштердің қатарында қызмет атқарып жүрген азаматтардың көпшілігі қазіргі биліктегілерден әлдеқайда білімді де тәжірибелі. Мұны биліктің өзі де мойындап отыр. Белгілі саясаттанушы, Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының жетекшісі болған Б.Әбдіғалиевті ұлтаралық қақтығыстардан кейін қалжасы құрыған биліктің қызметке шақыруы да соның дәлелі. Кезінде А.Сәрсенбайұлы, О.Жандосовпен Терещенко арқылы байланысқа шығып, әрқайсысына 20 миллион доллар ұсынғаны да білікті адамдардың бүгінгі биліктің құрамында жетіспей жатқандығынан хабар береді. «Болашақ» бағдарламасымен шетелден білім алып келген жастар да елді көктетіп жатқаны шамалы. Өздері құрған жүйенің тұтқынына айналған биліктің жанталасып, жастарды құрамына шақырып отыруының себебі де сол. Бірақ қазіргі билік жүйесінің әлі-ақ жан тәсілім ететінін іштері сезетін білімді жастардың билікке баруға құлшыныстарын да көріп тұрған жоқпыз.
"Жас Алаш" газетінен көшіріліп басылды
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Ср Окт 08, 2008 10:45
Оте орынды макала.
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 600427
Всего зарегистрированных пользователей: 15068
Последний зарегистрированный пользователь: Мангистауец
|
Сейчас посетителей на сайте: 41, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 41 Зарегистрированные пользователи: Нет
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (9655) Alty Alash (6839) KULTEGIN (6397) kazak (5728) ангел (4831) Wladimir (4315) Йода (3988) Евгений Нечаев (3723) Я (3314) Салафи (3137)
|
|
|