 |
 |
|
 |
|
 |
|
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға Алматы қаласының студенттері атынан ашық хат [9/608]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 21:12:27
Студенттер проблемасын шешу Сіздің қолыңызда,...
|
Партия "Ак жол" поддерживает требования алматинских студентов [1/370]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 30 Октября 2008 18:13:53
Демократическая партия "Ак жол" официально...
|
Молодежный клуб "Рух пен тіл" вошел в состав общественного парламента "Халық кеңесі" [0/246]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Октября 2008 15:32:44
13 октября единогласным согласием членов...
|
Қазақтың "асқақ" рухы қайда қалыпты? [7/347]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 8 Октября 2008 00:38:14
Болат Атабаев:
– Оның себебi де, салдары да айқын....
|
Известный режиссер Калдыбай Абенов - у нас в гостях! [11/331]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Октября 2008 21:17:17
На очередном заседании клуба имени Мухтара Шаханова...
|
Состоялась встреча с известным общественным деятелем [7/407]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Октября 2008 21:35:46
Каждую субботу в редакции газеты "Жас Алаш"...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/512]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:55:42
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
"Мемлекеттiк тiлдi қолдау" митингiсiне келiңiздер! [9/355]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 18 Сентября 2008 21:52:44
Қадiрмендi «мемлекеттiк тiл» жанашырлары!
2008 жылдың 21...
|
Мұхтар Шаханов атындағы "Рух пен Тіл" клубы шақырады [13/464]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 15 Сентября 2008 01:03:45
Әдеби-мәдени әлемнің тіршілігіне бел шеше араласып,...
|
Митинг в поддержку государственного языка [21/549]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 15:53:54
22 сентября 1989 года казахский язык получил статус...
|
Обращение к Айне Айтжановой [20/611]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 14 Сентября 2008 14:32:23
Ответ на комментарий Айны Айтжановой на нашем блоге:...
|
Приглашаем в клуб имени Мухтара Шаханова [11/521]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 13 Сентября 2008 23:47:44
После долгих летних каникул молодежный клуб "Рух...
|
Қап тауындағы қақтығыс және Қазақстан [0/350]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 7 Сентября 2008 00:17:57
Қап тауындағы Ресейдің әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Империалист Ресей қазақ еліне қауіпті ме? [6/480]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 1 Сентября 2008 22:35:41
Ресейдің Қап тауындағы әлімжеттік саясаты қазақ...
|
Ресей шовинистерінің аузына құм құйылды [30/778]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Августа 2008 13:03:04
Ресей - алып мемлекет. Қуатты, іргелі ел. Әлемдік...
|
Грузия құлдық психологиядан арылды [24/620]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 9 Августа 2008 21:40:26
Грузияның Солтүстік Осетияға қарсы шабуылы Ресейге...
|
"Қазақстандық ұлт". Бұл не? Бұл - құбыжық эксперимент! [2/756]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 25 Июня 2008 18:40:47
«Қазақстандық ұлт» деген тексiз, тамырсыз, талайсыз...
|
Почему не регистрируют демократическую партию «Халык рухы»? [9/804]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 10 Июня 2008 13:20:19
Ровно год назад прошел первый учредительный съезд...
|
Нам отвечает космополит Е.Ертысбаев [16/843]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 6 Июня 2008 13:47:27
- Здравствуйте, уважаемый г-н Ертысбаев! Пользуясь...
|
ERLIK: «Стадо» под названием народ Казахстана [26/1043]
Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы, 5 Июня 2008 15:30:14
Странное государство Казахстан. Непонятные и уму...
|
|
|
 |
Империалист Ресей қазақ еліне қауіпті ме?
[480/6]
Ресейдің Қап тауындағы әлімжеттік саясаты қазақ қоғамын да бей-жай қалдырмады. Грузияның мемлекеттік егемендігіне, аумақтық тұтастығына қол сұққан Кремль империалистік, басқыншылық саясатты қолдап-қолпаштайтын, шовинистік ұстанымнан айнымайтын мемлекет екенін көрсетті. Бұл қақтығыстан қазақ елі де сабақ алуы тиіс. Еліміздің белігілі саясаткерлері айтқан пікір де соны меңзейді. Назарларыңызға "Жас Алаш" газетінде жарияланған танымал саясаткерлердің пікірін ұсынамыз.
"МЕДВЕДЕВ ӨЗIНЕ IШТЕЙ СЕНIМСIЗ"
Төлеген Жүкеев, саясаткер:
1. Кеңестiк кеңiстiкте болған елдердiң азаматтары бұл қақтығыста Ресейдi қолдамайтыны айдан анық. ХIХ ғасырда Франция сыртқы iстер министрi болған Морис Талейран, тапсырыспен болған кiсi өлiмi туралы: "бұл қылмыстан да сорақы – бұл үлкен қате" деген екен.
Бұл шешiм, Медведевтiң беделiне нұқсан келтiрiп, оның ұзақ мерзiмдi саяси жеңiлiсiне әкеледi. Президент Саркозимен келiсiмшартқа қол қойып, бiр аптадан кейiн өзiнiң тұжырымынан айнып шыға келген басшыны кiм сыйлайды, кiм қадiрлейдi?
Кремльдiң қазiргi басшылары Ресейдiң жаңа келбетiн, күш-қуатын жақын көршiлерiне де, әлем алпауыттарына да танытқысы келiп отырған тәрiздi. Алайда, Кремль басшысының iштей өз-өзiне сенiмсiздiгiн оның Путинге елiктеген жүрiс-тұрысы мен кескiн-келбетi жасыра алмайды.
2. Қазақстан үшiн қауiп туғызатын шешiм. Грузиядағы жағдай қазiргi қалыптасқан дүниежүзiлiк тәртiптi, халықаралық заңдылықтардың мызғымас үстемдiгiн өзгерiске ұшыратуы мүмкiн. Қазақстан Грузияның аумақтық бiртұтастығын, мемлекеттiк шекарасының мызғымастығын қолдауы керек.
Сепаратистердi қолдайтын елдермен екiұшты, жалған ынтымақтастық жасау тәуелсiздiгiмiздiң болашағына қауiп төндiредi. Бiздiң қоғамда сана-сезiмнiң түбiне сiңiп жоғалғандай болған, империялықты аңсау мен шовинизмдiк кек алу сияқты кенеттен қайта оянған екiжүздi саясатқа орын болмауы керек.
Қазiргi уақыт, қоғамдық сананың "кеңестiк менталитеттен" арылып, Отанға деген шексiз махаббат пен атамекенiмiздi қорғау жолында шынайы патриоттық тәрбиенiң қажеттiгiн керек етiп отыр.
"ҚАПЫДА ҚАЛМАУ КЕРЕК"
Серiкболсын Әбдiлдин, саясаткер:
1. Қақтығысты болдырмау, мәселенi соғыссыз шешу Грузия басшылығының қолынан келмедi. Грузиндер мен осетиндер – ежелден жауласып келе жатқан елдер. Қос ұлттың жауластығын Ресей тиiмдi пайдалана бiлдi. Екi арада қарапайым халық құрбан болды. Халықтың қаны судай ақты. Бала-шағаның, бейбiт халықтың қаны Грузия мен Ресей саяси басшылығының мойнында. Бұған солар жауапты. Бұл соғысты өршiтуге АҚШ та мүдделi. Саакашвилидiң билiкке қай елдiң қолдауымен келгенiн ұмытпайық. Қап тауындағы соғысты төрт тараптың саяси ойыны ретiнде қарастыру қажет. Бiрiншiден, соғыс Ресей-Грузия басшыларының шытырман саясаты. Екiншiден, АҚШ – Грузия билiгiнiң ойыны. Үшiншiден, Ресей – Абхазия және Ресей –Оңтүстiк Осетия келiсiмi. Соғыс – осы елдердiң ойынын жүзеге асырушы құрал ғана болды. Мәселенi бейбiт жолмен шешуге толық мүмкiндiк бар едi. Ресей Думасының шешiмi орыс президентiнiң келешекте жүргiзетiн саясатын паш еттi. Ресейдiң дербес елге шабуыл жасап, ол елдiң аумақтық тұтастығына қол сұғуын қолдауға болмас. Мұндай саясатты Ресейдiң әлiмжеттiк танытуы ретiнде бағалаймын.
2. Шетелдiктерден таяқ жеп келе жатқан елмiз. Назарбаев саясаты соған мол мүмкiншiлiк бердi. Қазба байлықтарымызға қожалықты шетелдiктер жасайды. Тырп ететiндей мүмкiншiлiгiмiз жоқ. Қазақ елiне үстемдiгiн жүргiзiп үйренген шетелдiктер майлы шелпектi оңайлықпен бере қоймайды. Назарбаевтан кейiнгi басшыға бұлармен ұзақ күресуiне тура келедi. Ресей қоғамында қазақ елiнiң аумағына, мемлекетiмiздiң егемендiгiне көз алартып отырғандардың саны жетерлiк. Тәуелсiз ел болғанымызға iшi ашитындар көп орыстардың арасында. Сондықтан бiз де не нәрсеге дайын болуымыз қажет. Айбалтамызды сайлап қоюымыз тиiс. Қамсыз отырмауымыз шарт. Қапыда қалмау керек. Грузиядағы соғыстан сабақ алу қажет. Халықаралық саясат бойынша мемлекетiмiздiң доктринасы қабылдануы мiндеттi.
"РЕСЕЙДIҢ ШЕШIМI — ҚЫП-ҚЫЗЫЛ ИМПЕРИАЛИЗМ"
Әмiржан Қосанов, саясаткер:
1. Өткен ғасырдағы ұлы дүрбелең соғыстардан кейiн әлем елдерi бiр шешiмге тоқтап, мемлекеттер бiр-бiрiнiң территориялық тұтастықтарын мойындайтын, бiр-бiрiнiң iшкi iсiне араласпайтын келiсiмдерге қол жеткiздi. Қақтығыс өртiн маздатып, қантөгiске әкелетiн даулы аймақтар қазiр де жоқ емес. Мұндай қантөгiс ошақтары Еуропа мен Американың өзiнде де жоқ деп айта алмаймыз. Қап тауында орын алған қақтығыс та сондай даулы мәселенiң бiреуi ғана. Бiрақ, мемлекеттiк, аумақтық тұтастыққа қол сұғу қай елге болсын абырой әпермесi хақ. Ресейдiң Грузияға шабуылы, Мәскеудiң қос автономияның егемендiгiн мойындауы, сепаратистердiң ресми Тбилиси билiгiнен бөлiнуiне жағдай жасауы – орыстардың қып-қызыл империялық амбициясынан туып отырған шешiм. Ресейдiң Грузияның демократиялық жолмен сайланған заңды президентiн орнынан түсiруге талпынуына, тәуелсiз елге басып кiруiне түбегейлi қарсымын.
2. Қап тауындағы қақтығыс қазақ билiгiнiң бейшаралығын тағы бiр мәрте танытты. Қазақстанның тәуелсiз, дербес сыртқы саясатының жоқтығын аңғартты. "Ақсақ қой түстен кейiн маңырайды". Қазақстан да әлем елдерiнiң көш соңында қалып барып қана өз ұстанымын жария еттi. Халықаралық саясатқа байланысты доктринамыз жоқ екенiне көз жеткiздiк. Билiк халыққа Қазақстанды халықаралық саясатта ойып тұрып алар орны бар ел етiп танытқысы келедi. Шын мәнiнде, бұл тек жалпақшешейлiктен туындаған ой ғана. Салмақты саясаты жоқ елдiң әлемдiк аренада алар орны да мәртебелi болмайды. 90-жылдардың басында қазақ елiнде де сепаратистiк қозғалыстар бас көтердi. Бағымызға қарай, қазақ елiнiң мемлекеттiк бiртұтастығын мойындағысы келмеген топтардың жолы кесiлiп, Грузия сияқты сепаратистiк аймақтардың пайда болу қаупiнiң алдын алдық. Грузияның тағдыры бiздiң басымызға орнамайтынына сенiмдiмiн.
"КРЕМЛЬ САЯСАТЫНЫҢ ЕКIЖҮЗДIЛIГIНЕ КӨЗIМ ЖЕТТI"
Асылбек Қожахметов, саясаткер:
1. Ресейдiң Абхазия мен Оңтүстiк Осетияның дербестiгiн мойындауы орыс елiнiң екiжүздiлiгiн айдай әлемге паш еттi. Алғашында Ресей басшылығы Грузия аумағына басып кiруiн қалай түсiндiрдi? Ресей азаматтарын қорғаймыз деген желеу айтты. Сепаратистерге қолдау бiлдiрген орыстардың бұл шешiмi олардың сөзi мен iсi алшақ жатқанын көрсеттi. Ресейдiң Қап тауындағы қақтығысқа белсене араласуын Батыстан есесiн қайыру ретiнде бағалау қажет. Мұнай бағасының шарықтауының арқасында Мәскеу едәуiр күшейiп алды. Бойына сыймаған бұла күшiн Батыс елдерiне көрсетуi керек болды. Грузиямен соғыс соған айрықша қолайлы жағдай туғызды. Ресей әлемдегi позициясын нығайтуға бар күш-қажырын жұмсауда. Грузиядан кейiнгi кезек Украинаға тиесiлi болуы мүмкiн. Қап тауындағы қақтығыстан кейiн Қырым дағдарысының басталуы әбден ықтимал. Батыс жағалауы елдерiмен де қарым-қатынас күрт суиды. Бұған күмәнiңiз болмасын.
2. Кремль саясатының салқынын қазақ елi мiндеттi түрде сезiнедi. Жириновскийдiң мәлiмдемелерi есiңiзде ме? Менiң есiмнен әлi кетпейдi. Ресей танктерi қазақ елiне басып кiрмейдi. Бiрақ, ақпараттық, идеологиялық майдан ашатынына кәмiл сенiмдiмiн. Елiмiздiң солтүстiк, шығыс облыстарын даулауды қайта жандандыруға әркеттенедi. Бiздiң елде "Ресейлiк отандастар" атты ұйым жұмыс iстейдi. Мәскеуге жиi барғыш ұйым. Сол жердегi орыстармен бiрiгiп, "Отандастар" ұйымын құрып алған. Ресейлiктер мен қазақстандықтар қалайша "отандас" болмақ? Миға қонымсыз дүние бұл. Ресейден қолдау көретiн осы тәрiздес ұйымдар белсендiлiгiн күрт арттырады. Тағы бiр маңызды мәселе. Кезiнде "қос азаматтық" ұғымы бар-тын. Қазақстан азаматы бола тұра, өзге елдiң азаматтығын иеленуге мүмкiндiк берiлдi. Қос елдiң азаматтығын алуға қазiр тыйым салынды. Бұл өте ұтымды саяси шешiм болды деп есептеймiн. Оңтүстiк Осетиядағы жағдай соны дәлелдедi. Бiздiң елдiң азаматтарына да Ресей азаматтығын берiп, артынан "отандастарымызды қорғаймыз" деп ұрандатып, қазақ елiне баса-көктеп кiруден Ресейдiң тайынбайтынына көзiм жеттi. Қазақстан билiгiнiң Грузия мәселесi бойынша анық ұстанымы болуы тиiс. Ресейге жалтақтауды доғару керек. Пiкiрiмiздi ашық бiлдiрiп, айқын көзқарасымызды таныту керек. Грузия өзiнiң территориялық тұтастығын қорғағаны белгiлi. Сондықтан осы елге қолдау бiлдiруiмiз шарт.
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Пн Сен 01, 2008 22:47
бәрі де, қалай жүруі керек болса, солай кетіп барады
|
|
|
 Пн Сен 01, 2008 23:58
"МЕДВЕДЕВ ӨЗIНЕ IШТЕЙ СЕНIМСIЗ"
Zhoramalynyzlyn rastyghy bar:
Bugin, 01.09.08. Euron'ius TV Medvedevtin , zharty minotta birauyz sozin korsetti.
Aitkan sozi emes; - soileu ustinde kalai ozin ozi ustaghandyghynda...
Ote kobalzhityndyghyn baikatty: kelbeti, kozi; dauysynda diril bar.
|
|
|
 Вт Сен 02, 2008 00:06
қаптап.Онда бүкіл нанды жердің бәрін сенен сұрамай-ақ өз қолдарына алмақ. БұОсы төртеуінің ішінде Серікболсын аға ғана өз ойын айтып отырған шығар. Онда да құдай біледі. Ал қалғандары қара бастарының қажеттіліктеріне сай сөйлейтін сияқты.Қанша дегенмен ресми оппозицияның адамдары емес пе.
Әйтпесе Американың арам саясатының арқасында дүние жүзінде не болып жатқанын білмейді дейсің бе.Мәселе осетин мен абхазда, тіпті Грузияда да емес.Олардың өздері де , жерлері де ешкімге керегі жоқ.Мұндағы пиғыл- Ресейге соңғы, шешуші соққы беру.
Егер біз айдаладағы грузинді жақтасақ өз үйімізден өрт шыққалы тұр.Дым болмаса осыны ойлайық та.Егер армандарыңа жетіп, Грузия жеңсе, ертең-ақ келеді «бауырларың» л алтынтісті арамтамақтар Одақ кезінде де жұмыс істемейтін.Грузщик грузинді көргенің бар ма?
Иттен қашам деп шакалға жем боламыз-ау түбі.
|
|
|
 Вт Сен 02, 2008 00:09 Кешіріңіздер!3-пост дұрыс шықпай қалды.
Осы төртеуінің ішінде Серікболсын аға ғана өз ойын айтып отырған шығар. Онда да құдай біледі. Ал қалғандары қара бастарының қажеттіліктеріне сай сөйлейтін сияқты.Қанша дегенмен ресми оппозицияның адамдары емес пе.
Әйтпесе Американың арам саясатының арқасында дүние жүзінде не болып жатқанын білмейді дейсің бе.Мәселе осетин мен абхазда, тіпті Грузияда да емес.Олардың өздері де , жерлері де ешкімге керегі жоқ.Мұндағы пиғыл- Ресейге соңғы, шешуші соққы беру.
Егер біз айдаладағы грузинді жақтасақ өз үйімізден өрт шыққалы тұр.Дым болмаса осыны ойлайық та.Егер армандарыңа жетіп, Грузия жеңсе, ертең-ақ келеді «бауырларың» қаптап.Онда бүкіл нанды жердің бәрін сенен сұрамай-ақ өз қолдарына алмақ. Бұл алтынтісті арамтамақтар Одақ кезінде де жұмыс істемейтін.Грузщик грузинді көргенің бар ма?
Иттен қашам деп шакалға жем боламыз-ау түбі.
|
Fcuk
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 02.03.2005
комментов: 9655
|
 Вт Сен 02, 2008 02:37
а чё имя мухтар так фигово написано?
|
|
|
 Вт Сен 02, 2008 11:18 "Двойное гражданство" болмау керек Казакстанда
1. Казакстанта туратын орыс улттына "российское гражданство" берг1збеу керек!
"Двойное гражданство" болмау керек Казакстанда! Егер Казакстанда туып оссен тек кана б1р "Казахстан азаматы" болу керек!
2. Аскери дайындыкты кушейту керек!
3. Европамен сырткы саясатты жане де карым катынасты кушейту керек!
Олай болмаса б1зд1 Грузиянын бастан кеш1п жаткан жагдайы кутуп тур!
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 600427
Всего зарегистрированных пользователей: 15068
Последний зарегистрированный пользователь: Мангистауец
|
Сейчас посетителей на сайте: 50, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 50 Зарегистрированные пользователи: Нет
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (9655) Alty Alash (6839) KULTEGIN (6397) kazak (5728) ангел (4831) Wladimir (4315) Йода (3988) Евгений Нечаев (3723) Я (3314) Салафи (3137)
|
|
|