 |
 |
|
 |
|
 |
|
Рамзан Кадыров заявил, что ваххабитов надо уничтожать, чтобы остановить кровь [9/434]
патриот, 5 july 2010 17:29:04
Александр НАРОДЕЦКИЙ
Президент Чечни Рамзан...
|
Большое враньё [12/565]
патриот, 1 july 2010 12:41:26
Про самый массовый за всю историю независимого...
|
Зубейда Давлетъярова. ЛИКВИДАЦИЯ ПО… [7/203]
патриот, 30 june 2010 20:32:29
Побег группы заключенных из колонии ГМ-172/1 строгого...
|
Қазақстандағы діни-экстремизм қатері қанша жауып-бүркемелегенімен, ақыры жарияға айналды. Ақтаудағы оқиға – осының дәлелі. [9/347]
патриот, 29 june 2010 11:37:08
Осы аптада Ақтауда болған оқиға Қазақстандағы...
|
Ақтаудағы түрмеден қашқандардың қалған он үші бүгін түнде ұсталды [1/205]
патриот, 28 june 2010 17:29:24
Ақтау, 26-маусым.
Бүгін, 26-маусым күні, араға төрт...
|
Вера Глумова. Богатые тоже плачут [15/356]
патриот, 24 june 2010 17:43:51
Миссионеры из Южной Кореи благодатно чувствуют...
|
Книжный червь сомнения [5/330]
патриот, 23 june 2010 11:41:52
История с изданием группой авторов...
|
"Ваххабитский проект" и шиитский шпион ваххабизма Э.Кулиев. [25/568]
патриот, 21 june 2010 19:48:24
Почему Э.Кулиев "кормится" в...
|
"Бисмилля" или Аузубилля? или проект ваххабита Таирджона Иброхима [13/392]
патриот, 11 june 2010 17:13:18
Хотел бы обратить внимание читателей на то, что в...
|
Статья о тяжбе в Карагандинской области [5/274]
патриот, 10 june 2010 16:32:56
Уважаемые читатели!
Мы Приводим вам копию...
|
Казахстан: ничего не стоит халифат построить [18/447]
патриот, 9 june 2010 15:03:21
Отсутствие информированности у...
|
Әзірет БАРБОЛ. ЯССАУИ, ШӘКӘРІМ МҮШРИК ПА?! (Мұнафиқ Қ.Жолдыбайдың «жаласына» жауап) [3/301]
патриот, 8 june 2010 17:33:04
«Абай kz» ақпараттық порталы мен «Қазақстан»...
|
«ДӘСТҮР ДЕП ДАЛБАЛАҚТАЙ БЕРЕМІЗ БЕ?» ДЕЙДІ ИМАМ [4/319]
патриот, 5 june 2010 03:41:45
Қазіргі таңда ресми мәліметтерге қарасақ елімізде...
|
ЖОЛДАН ҚОСЫЛҒАН «ЖОЛДЫБАЙШЫЛАР» КІМДЕР? [30/528]
патриот, 3 june 2010 14:30:18
Жақында Атырау қаласына Қазақстан Мұсылмандары...
|
Остановите беззаконие!!! [7/273]
патриот, 1 june 2010 19:03:43
Верховному муфтию...
|
Кто тянет казахстанскую молодежь к религиозному фундаментализму? [26/494]
патриот, 29 may 2010 19:22:22
Все мы, казахстанцы, высоко ценим мир и спокойствие,...
|
«Ресми діни басшылықтың бытыраң-қылығы экстремистерге ғана тиімді» [4/376]
патриот, 4 may 2010 17:41:37
«Ресми діни басшылықтың бытыраңқылығы,...
|
«ТАЗАБЕКОВ СИЯҚТЫЛАРДЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ!» [13/879]
патриот, 9 april 2010 16:31:53
Естеріңізде болар, жақында «Конфессияаралық...
|
ВАХХАБИТТЕР ПАЙҒАМБАРҒА (С.Ғ.С.) НЕГЕ ҚАРСЫ?! [6/863]
патриот, 30 march 2010 13:55:17
Валиулла (Уәлиулла) Махмұтұлы Якупов – 1963...
|
Батыржан Жанпеисов. САГА О ВЕЧНОМ МУФТИЕ [11/774]
патриот, 27 march 2010 14:22:44
В 2000 году состоялся III Курултай мусульман...
|
|
|
 |
ТҰЗСЫЗ ЖИНАЛЫС
[734/6]
Мемлекет діннен бөлек пе?
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің назарына!
Алаң жұрт…
Бірнеше террорлық әрекет байқалған Қазақстан аумағында діни экстремизм тақырыбын талқылаудың жаңа сипат алғаны оны барынша ауқымды қарастыруды қажет етеді. Елдегі діни ахуалды 90-шы, тіпті 2000 жылдардағы жағдаймен салыстыруға келмейді. Өйткені 15 жылдан астам уақыт ішінде уаххабилік доктринаны қазақ қоғамына ендірушілер айтарлықтай тәжірибе жинады. Сондықтан жекелей аймақтардағы діни ахуалды бөлек-бөлек зерттеу қажеттілігі туып отыр.
Оның себебі бар. Әсіресе, Қазақстанның батыс аймағындағы діни экстремизм мәселесі өз алдына бөлек күрделі тақырып. Себебі тұтас батыс аймақ: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының жергілікті басқарушы билік органдары аталған тақырыппен бетпе-бет кездесті. Яғни, мәселе қоғам бетіне шығып, алаң күйде тұр. Орал мен Ақтөбеде террорлық әрекеті үшін сот процестері өтіп, үкім шығарылса, Атырау облысының әкімі алғаш болып, облыс деңгейінде уаххабилікке қарсылық білдірді. Бұлардың ішінде тек Маңғыстау облысында ғана өлкедегі діни ахуалға нақты баға берілмей отыр. Сондықтан болар, Маңғыстау уаххабилік доктринаны сынап көретін жаңа сынақ алаңына айналғандай. Бұлай айтуымызға себеп бар.
Пір Бекеттің жолына идеологиялық екінші шабуыл
Естеріңізде болса, «Үш қиян» 2009 жылдың 29-қазанында «Мәнсіз мәжіліс» (Үгіт насихат тобының Маңғыстаудағы күндерінен не түйдік?) атты мақала жариялаған болатын. Ол мақалада арнайы насихат тобының (АНТ) халықтың негізгі сұрақтарына жауап бере алмай кеткені жазылған. Оны осы айдың басында, 5-ші ақпан күні Маңғыстау облыстық мәслихатының 22 сессиясында облыстық ішкі саясат басқармасы да қостаған. Бірақ, айтып ауыз жиып үлгерместен, арада екі аптадан кейін топтың жаңартылған құрамы ауылымызға жетіп келді.
Ұққанымыз – үгітшілердің бұл жолғы шеруін Әділет министрлігіне қарасты Дін істері комитеті (төрағасы А.Досжан) қолдауымен, жергілікті әкімдіктің көмегімен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ұйымдастырған.
«Конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүргізуге» тиіс (ұйымдастырушылар таратқан телефонограммада солай делінген) ҚМДБ-ның ақпараттық насихат тобының құрамында бұл жолы «Асыл арна» ислами телеарнасының директоры Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ, аталған телеарнаның редакторы Серік ҚАЛИЕВ, ҚМДБ-ның өкілі, Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб-имамы Сансызбай ШОҚАНОВ (мұны маңғыстаулықтар жақсы біледі, алдыңғы топта да болған) бар. Үгітшілер алғашқы кездесуін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинниринг университетінің мәжіліс залында өткізді. Келесі кездесу «Бекет Ата» мешітінде, ал 22-сі күні кездесу тобының жүрісі Жаңаөзен қаласындағы «Жалын» мәдениет сарайындағы жиынға жалғасты.
Бесті сұрақ
Жалпы ашығын айту керек, жұрттың діни экстремизм қаупінен шошынып отырғаны жасырын емес. Екінің бірінің аузында уаххабилер туралы әңгіме. Мешітке барудан балаларын сақтандыратындар көбейді. Өйткені, аймақта діни бояуы қалың оқиғалар бірнеше рет тіркелген. Оның ішіндегі қоғамға қатер тудырғаны – 2008 жылы ақпанда полиция капитанының өлімімен аяқталған уаххабилік көзқарастағы 5 адамның қанды шабуылы болса, былтыр Жаңаөзен қаласынан Дағыстанға «жиһадқа» кетіп өлген 5 жеткіншектің оқиғасы. Осы алдыңғы бесеудің оқиғасы мен соңғы бесеудің өлімінен Маңғыстауды кезіп жүрген БЕС сұрақ бар. Былтырғы қазанда келген ҚМДБ үгітшілер тобы жауап бере алмай кеткен сол бес сұрақ мынадай еді: 1. Жаңаөзеннен Дағыстанға «жиһад» үшін барып өлген 5 баланың ұстанғаны діні қандай, оны қандай белгілерінен ажыратамыз? 2. «Жұма намаз» мәселесі неге орта білім жүйесінің дауына айналды? 3. Құзырлы орындардың хиджапқа көзқарасы біркелкі ме? 4. Әулиелерге (Бекет атаға) зиярат ету дін тұрғысынан орынды ма? 5.Уаххабилер деген кімдер?
Дәл осы сұрақтар бұл жолғы топтың да алдынан шықты. БАҚ беттерінде әулиелерге, дәстүрлі дінімізге ашық тіл тигізіп жүрген Мұхамеджан Тазабеков мың құбылғанымен, нақты сұраққа нақты жауап бере алмады. Себебі, халық Жаңа Өзеннен кетіп қаза тапқан 5 баланың қандай жолда екенін анық білгісі келеді, соны нық сұрайды. Ал, уаххабилік көзқарастағы Тазабеков бұған былай деп қашыртпа жауап береді (сөзбе сөз): «Оны Алла біледі, ағайындар. Біздер кезінде ұлттың мақтанышы болған Сәкенді Қытайдың шпионы, Ахметті Американың шпионы дедік, сондай ұлтымыздың қамын ойлаған өз ағаларымызды, осы өңірде қаншама ғұлама шықты Жапонның тілшісі деп кінәлаған елміз. Жала жабу оңай, бірақ аққа Құдай жақ! Біз бір адамның жүрегіне кіріп шыққан жоқпыз. Ол адамның қандай жағдайда қандай кезеңде болғанын. Сондықтан біз ол балалардың тағдырын Аллаға тапсырып қояйық. Тілімізге ие болайық, себебі қазір көшеде бірін-бірін пышақтап өлтіріп қойып та жатады, бір адамдар бірін-бірі көре алмастықтан өлтіріп қойып жатады, олар бірақ шын мағынасында біз ойлағандай біздің дінімізге біреулер тас лақтыратындай жағдайда қайтыс болды ма, болмады ма, бір Алла біледі! Сондықтан, даудан сақ болайық. Сол үшін біз өзіміз өз шаңырағымызға ие болуымыз керек. Қазір барлығымыздың отбасымызды бір-бір ұл, бір-бір қыз өсіп жатыр. Сондықтан баламызға бала кезден ештеңе үйретпесек, мешітке, имамға өкпелеудің қажеті жоқ.»
Бұдан не түсіндіңіз?! Осы орайда айта кету керек. ҚР Әділет министрлігінің Дін істері комитетіне, оның төрағасы Ардақ ДОСЖАН мырзаға сұрақ көп. Бұл не өзі? Дін істері комитеті қашанға дейін қарапайым оқырмандарымыздың атынан өзіне нақ қойылған сұрақтардан жалтара береді? Ал, бір емес, екі рет комитет өз атынан өкілдік беріп, «мұндайларға» неге емін-еркін ел аралатады? Істеліп жатқан осындай «таза ислам» жақтастарының солақай әрекеттеріне мемлекеттік рең беру, оларды ресми үгіт насихат тобына қосу – оларға қамқоршылықтың белгісі емес пе? Біз бұл сұрақтарға ДОСЖАН мырза осы жолы жауап беруден қашпас дейміз.
Бір ерекшелігі алдыңғы «танауы тасқа тиіп» қайтқан үгіт тобы мүшелеріне қарағанда бұл жолғылардің келіп-кетуіне ерекше назар аударылғанға ұқсайды. Жиындарға студенттерді көбірек қатыстыруға тырысқан. Осыған қарап, соңғы уақытта Маңғыстаудағы «таза дін» жанашырларының әулиелі өңірді «ширктен» азат етуге белсене кіріскені байқалады деуге болатындай. Бұл майданда, ақиқатын айтсақ, облысымызда «дін тазартушыларының» төл руханиятымызды мансұқтаған «шоуын» жанталаса ұйымдастырып жүрген ҚМДБ-ның облысқа жаңадан тағайындалған өкіл имамы Т.ЖӘКИЕВТІҢ де «үлесі» зор.
Ақтауда Тазабеков қанша жерден мәзхабшы, дәстүрлі ислам атынан сөйлегісі келіп, әртістікке басқанымен, халық қырағы ғой, бірден байқады. Бір ақсақал шыдай алмастан, орнынан атып тұрып: «Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабынан неге айтпайсың?» деді. Және «Сіз уаххабсыз ба?, Әулиелерге қарсы екенсіз» деген сұрақтардан, жиынға қатысушылар көрсеткен Әзірет Барбол деген автордың Тазабековтың діни бағыты «уаххабшыл» екенін дәлелдеп жазған «Мына бір шолақ дүниеде әулие өлмес дер едім…» («Қазақстан» апталығы) деген мақаласын назары шалғанда, діндәрымыздың тіпті берекесі қашты. Содан болар, Жаңа Өзендегі жиналысқа кешігіп келгені өз алдына, әдеттегі жаттанды өлеңін ежіктеп әрең оқыды.
«Ваххабизм, распространяемый на территории Казахстана, имеет отличия от «арабского ваххабизма, Если для Саудовской Аравии ваххабизм традиционен, то для нас это нетрадиционное течение со всеми вытекающими отсюда последствиями» деген Р.Абазовтың сөзі студенттер алдында дәлелденді. Қанша дәстүрлі ислам атынан сөйлегісі келгенімен, Тазабеков: «Біреуді уаххаб деп айту үшін шариғат бойынша дәлел келтір» деп тағы бір аунап түсті.
«Асыл арнаның» идеологы мүфти ме?
Мұхаметжан Тазабековтың айтуынша, «Асыл арна» телеарнасының негізгі идеясын айтып, Үкіметтен қамқорлық тауып берген – қазіргі Бас мүфтиіміз екен. Жылдық шығыны 1 млн. долларды құрайтын телеарна – сөзсіз қымбат жоба. Парадоксты қараңыз: сондай қымбат жобада Әбу Ханифа мазхабындамыз деп жүрген муфтидің «дәстүрлі исламы» неге телеарнаның басты идеясы болмайды? «Асыл арнаның» салафиттік сарындағы телеарна екеніне дәлел келтіріп жатудың қажеті жоқ. Ақтауда болсаңыз, Алматыға барып көріңіз. Әсіресе, «Тауһид» туралы хабарын үзбей қараңыз, дәлел жетерлік. Кеше Ақтауда телеарна директоры Тазабеков ала келген бірнеше дискісін таратты. Барлығы да «Асыл арнаның» өнімдері, соның ішінде Тауһид туралы төрт хабар жазылған «Единобожие» бейнетабағынан отқа оранған Ясауи бабаңыздың басындағы құлпытасты көресіз… Тұтас хабарлардың өн бойы сіздің, яки қазақтың ырымы мен тыйымын мысқылдауға арналғандай.
Тазабеков: «Асыл арна» – мүфтидің он жылдағы ірі еңбектерінің бірі» деді! Мұның қауіптілігі ұрынарға қара таппай жүрген кейбір есер жастар ресми дінбасы қолдайтын телеарна «айқайлап» тұрғасын «жиһадқа» одан бетер желіге түсері сөзсіз. «Тауһидтің туын» ұстағандардан әлі талай кесене отқа оранбасын… Бұл әрекеттердің соңы діни экстремизм құбылыстарының статистикасын өсірмесе, өшірейін деп тұрған жоқ…
Шыны керек, қарапайым халық, көзі қарақты оқырман Әбсаттар қажыны түсінуден қалды. Уаххабилерді алдыға салып қойып, өзі Имам Ағзам Әбу Ханифа біздің жолымыз деп насихат қылады. Ханафиліктен бөтен уаххабилік көзқарасы анық Бекболат ТІЛЕУХАН, Дарын МҰБАРОВ, Қанат ЖҰМАДУЛЛАЕВТАРДЫ қоғам алдына ұсынып, маңына жинайды. Ал, бесік таңбасы белінен кетпеген жас өскіндеріміздің теріс бағытқа ілесіп, жат жерде мерт болып жатқанына жұрт куә! Бала-шағасын шұбыртып сыртқа қашып, шетелді бойтасалап жүргені қанша? Бас мүфтиіміздің бұл қылығы ел мүддесіне достық па, жаулық па, оны халық ажыратар дейміз.
Соңғы жылдары ел ішін ала тайдай бүлдіріп, атыраулық жұрттың мазасын кетірген істің соңында шейхсымақ «Халилдің» өзі құтылып, ізбасарлары шымкенттік әділ соттың үкімімен сотталған оқиғаны ел ұмыта қойған жоқ. 2004 жылы атыраулық кәсіпкер Шарифолла Сайфуллиннің «ат-Тақуа» мешітін («Дәрус-Салам» діни бірлестігі) белге салып, ашуға ықпал еткен бүгінгі депутат Бекболат Тілеухан болғаны белгілі. Ал, оның ақыры немен аяқталғанына «Халилдің» мысалы жетіп жатыр. 15 жігіт алды 19, арты 5 жылға сотталып кетті. Ал, сол хикаяның арасынан ТАЗАБЕКОВТЫҢ ниеттес серігі Бекболат ТІЛЕУХАННЫҢ төбесі көрінетіні кімге болса да бесенеден белгілі. Ақырында мешіт салғызушы Шарифолла Сайфуллиннің інісі Сағидолла Сайфуллин мен туысы Серік Латифолланың уаххабшылдықтан туындаған қылмысы үшін Атырау маңындағы № 66-шы түзету колониясына жөнелтілгені де кеше ғана болатын. Осындай-осындай тағы бірнеше ашылып қалған оқиғаларынан кейін де келіп, жұрт алдында Тазабековтың «ақ жұмыртқа, сары уыз» болып, ел, ата дініміз деп емірене қалуы әртістіктің төресі дер едік. Таңертең түйенің құйрығы, түсте биенің құйрығы болған «біздің уаххабшылардың» бұл құбылуы бірінші де емес. Мұхамеджанның «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына берген сұхбатында «дінді жұмсақ ұстаушыға бөлек, қатты ұстаушыға бөлек пәтуә» дегенінен де бір сасық иіс шығады. «Қалыпты уаххабилік» дегенді ойлап тапқан олар енді салафиттік шапандарын басқаға кигізіп, сүттен ақ, судан таза болып шыға келудің айласын әбден меңгергені көрініп тұр. Бірақ жұрт олар ойлағандай шала актердің рөліне алданып қалатын жарымес бала емес. Жалпы, осы «Қазақстан – Ақтау» телеарнасынан жиі көрсетіліп жатқан «Асыл арнаның» өнімі Имам Ағзам Әбу Ханифа туралы деректі фильмнің де маскасын шешуді қажет етеді.
Байлам
Сонымен, «әртістеріміздің» Маңғыстаудағы ойынынан біз мынадай қорытындыға келдік. Бұл жолғы үгітшілеріміз сапасы мен мазмұны жағынан осының алдындағылардың кебін құшты. Олардың насихатының сүйегі екі ұстынға сіңірленген екен: қоғамның алдында ізгі жол сілтеудің орнына өздерін ақтау, сосын басқаның бәрін жамандау. Бұл да суалуға айналған «даналықтың» түріне ұқсайды.
no comment:
Амал нешік, біздің қазақ халқының бір бөлігі әруаққа сиынып, «әулиелер» жатқан молаларға табынуын әлі де қояр емес. «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» - деген қағиданың бүгінге дейін өз күшінде қалуы – осынау қатерлі сенімнің жаны сірілігін көрсетеді. Қазіргі таңда елімізде қабірден қабір қоймай аралап, әулие-әнбиелерге мінажат қылып, медет тілеушілердің дәуірі өрлеп-ақ тұр.
Осылайша кейбір пенделер аузына Аллахтан бұрын, әруақты бұрын есіне алады. Бұл, олардың әруақты Аллахтан артық сүйетінін көрсетеді. Бұл ең ауыр күнә ширкке жатады. (123-124 беттер)
«Исламның ғажайып құндылықтары» Халифа Алтай қайырымдылық қоры. Алматы, 2003
Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ,
АҚТАУ
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Чт Мар 04, 2010 16:25
Бұған бас муфтиіміз, оның "бұлбұлы" Қайрат Жолдыбайұлы мен Оңғар қажы не айтар екен?
|
|
|
 Чт Мар 04, 2010 18:46 Ваххабтардан кутылу керек!
Аллаху акбар!
Енды ваххабтардын барын тызымге салып, олардын былыктарын елге тусундуру керек.
|
|
|
 Сб Мар 06, 2010 18:30
Қазақтар неге сіздер алданасыныздар жас бала сиақты? Бізге білгірлер оттайды Қазақтын діні Ислам деп? Қазақтын діні ислам болса Қайдан онда Манғыстауда 362 Әулие пайда болды? Аталарымыздын діні ислам болған жоқ.болған жоқ. Бабаларымыз Тәңірге сыиынды. сондықтан Аураққа сиыну болды, Сондықтан моланын басына барып түнеді, ,,және жәрдем сұрады. Мен қазақша жазам деп келістреалмай отырған сиактымын. Тұсұнукті болуүшүн орсысша жазып көрейн.
Почему 5 жигитов из Мангистау погибли на Кавказе? Адайцам почему-то свойственно безрассудно что-то сделать а затем думать ,что я сделал? О таких говорят у них спортивный характер сперва делают ,а за тем думают. Прежде всего они обманулись или их обманули. Забили головы исламом джихадом ,они должны помогать, бороться с неверными, с врагами ислама. Они и против меня и против вас готовы бороться только дай команду фас!
Наши предки верили Тәнірге в духи предков в то что есть с которыми сталкивались в процессе жизни а бог в космосе. и он казался многоликим. Близкие предки придерживались усеченного ислама Фатиха сүресі и несколько сүрілер. Только отдельные муллы строго придерживались ислама. Нельзя рисовать, нельзя фотографировать. нынешние исламисты нам активно навязывают фанатичный ислам. Нам он нужен?нет.нет. нет. 2. Ваххавит тер исламнын б!р тырнагы. Это фанатичные ,радикальные исламисты и нам с ними не по пути. 3. Для них нет ни чего святого кроме Аллаха,отсюда запрет на поклонение духам, святым духам предков. 4. Хиджаб носи день и ночь у себя дома,но не в школе или вуз е.
Причина проникновения в нашу страну всяких религиозных течении было в попустительстве и безграмотности правительства в начальном пути независимости. Необходимо было поставить барьер ,его не было.+
|
|
|
 Чт Мар 11, 2010 16:20
бул макала "Уш киян" газетинде жарияланган, неге силтемесин корсетпеген
|
|
|
 Пт Май 14, 2010 18:14
Қазақтар мұсылман дінін ұстанған. Намаз оқитын мұсылман әйел шашын, білегін, аяқтарын жабық ұстаған. Хиджабтың несіне таң қаласыз? Қазақ әйелдері намаз оқысын, оқымасын - кимешек киіп, орамал тағып, денесін жабық ұстаған.
|
|
|
 Пн Май 24, 2010 14:05
Ассаляму Алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатуху!Даурен Сейтжанулы сен олай кателеспе,Бекболаттын,Дарыннын,Мухаммеджан нын ким екенин билип ал...Сен Аллахтан корык олай сойлеуге..Аллах оларга разы болсын!
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 990467
Всего зарегистрированных пользователей: 18137
Последний зарегистрированный пользователь: djonnick
|
Сейчас посетителей на сайте: 46, из них зарегистрированных: 1, скрытых: 0 и гостей: 45 Зарегистрированные пользователи: Алмаз Р. Естеков
|
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (10532) Wladimir (10295) kazak (6853) HUNN (6147) Отамалы (5143) ангел (4831) Йода (4546) Я (4343) Рыспек-респект (4200) Newman (3872)
|
|
|