RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: патриот
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Журналисты
 Андрей Климонов
 Виталий Мантров
 Юрий Мизинов
 Йода
 Писатель Габбас Кабышулы
 JanTV
 Айдос Жандырма
 nurlanbek
 kayrat
 bakhit
 makhat
 erbulat
 Сергей Чайка
 aydos
 samarkhan
 55555
 Айна Карасаева
 Ермек Ахмади
 Қожабай
 патриот
 Zhanzhak
 saken markelov
 Елена Таранова
 Semey
 Амир Касенов
 Людмила Денисенко
 igor kutsay
 Almat
 ezhumagulov
 Общество наблюдателей
 ХАЛЫҚ ҮНІ
 Leo Blum
 Freeman Gordon
 iCarly
 людмила
 Ядыкин
 КНБ
 «ASIA INTERNATIONAL»
 Д. Ставропольский
 gavrilko
 Адильбек Юнусов
 RN
 Хакназар
 alik_zhiger
 antirejim
 Mekebaeva Sara
 Раушан Есергепова
 ресурсный центр \"Арлан\"
 ЖАЛЫН журналы
 С. Арапов
 Aizhan Omarova
 Токберген Сарбайулы
 Альберт Жигерь
 Oraz Alimbek
 qwertyuiopasd
 Aktau-sity
 message
 svoboda
 Воин
 987654321
 pokilord
 MarketLeader
 Топжарган
 al-ai
 aida
 Журналист - Белый ворон
 Urban42
 Максим Сейтенов
 beysenbay
 Aktobe
 Правдолюб
 seedip

патриот
Рамзан Кадыров заявил, что ваххабитов надо уничтожать, чтобы остановить кровь [9/434]
патриот, 5 july 2010 17:29:04
  Александр НАРОДЕЦКИЙ Президент Чечни Рамзан...
Большое враньё [12/565]
патриот, 1 july 2010 12:41:26
Про самый массовый за всю историю независимого...
Зубейда Давлетъярова. ЛИКВИДАЦИЯ ПО… [7/203]
патриот, 30 june 2010 20:32:29
Побег группы заключенных из колонии ГМ-172/1 строгого...
Қазақстандағы діни-экстремизм қатері қанша жауып-бүркемелегенімен, ақыры жарияға айналды. Ақтаудағы оқиға – осының дәлелі. [9/347]
патриот, 29 june 2010 11:37:08
Осы аптада Ақтауда болған оқиға Қазақстандағы...
Ақтаудағы түрмеден қашқандардың қалған он үші бүгін түнде ұсталды [1/205]
патриот, 28 june 2010 17:29:24
Ақтау, 26-маусым. Бүгін, 26-маусым күні, араға төрт...
Вера Глумова. Богатые тоже плачут [15/356]
патриот, 24 june 2010 17:43:51
Миссионеры из Южной Кореи благодатно чувствуют...
Книжный червь сомнения [5/330]
патриот, 23 june 2010 11:41:52
  История с изданием группой авторов...
"Ваххабитский проект" и шиитский шпион ваххабизма Э.Кулиев. [25/568]
патриот, 21 june 2010 19:48:24
 Почему Э.Кулиев "кормится" в...
"Бисмилля" или Аузубилля? или проект ваххабита Таирджона Иброхима [13/392]
патриот, 11 june 2010 17:13:18
 Хотел бы обратить внимание читателей на то, что в...
Статья о тяжбе в Карагандинской области [5/274]
патриот, 10 june 2010 16:32:56
Уважаемые читатели! Мы Приводим вам копию...
Казахстан: ничего не стоит халифат построить [18/447]
патриот, 9 june 2010 15:03:21
Отсутствие информированности у...
Әзірет БАРБОЛ. ЯССАУИ, ШӘКӘРІМ МҮШРИК ПА?! (Мұнафиқ Қ.Жолдыбайдың «жаласына» жауап) [3/301]
патриот, 8 june 2010 17:33:04
«Абай kz» ақпараттық порталы мен «Қазақстан»...
«ДӘСТҮР ДЕП ДАЛБАЛАҚТАЙ БЕРЕМІЗ БЕ?» ДЕЙДІ ИМАМ [4/319]
патриот, 5 june 2010 03:41:45
Қазіргі таңда ресми мәліметтерге қарасақ елімізде...
ЖОЛДАН ҚОСЫЛҒАН «ЖОЛДЫБАЙШЫЛАР» КІМДЕР? [30/528]
патриот, 3 june 2010 14:30:18
Жақында Атырау қаласына Қазақстан Мұсылмандары...
Остановите беззаконие!!! [7/273]
патриот, 1 june 2010 19:03:43
  Верховному муфтию...
Кто тянет казахстанскую молодежь к религиозному фундаментализму? [26/494]
патриот, 29 may 2010 19:22:22
Все мы, казахстанцы, высоко ценим мир и спокойствие,...
«Ресми діни басшылықтың бытыраң-қылығы экстремистерге ғана тиімді» [4/376]
патриот, 4 may 2010 17:41:37
«Ресми діни басшылықтың бытыраңқылығы,...
«ТАЗАБЕКОВ СИЯҚТЫЛАРДЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ!» [13/879]
патриот, 9 april 2010 16:31:53
Естеріңізде болар, жақында «Конфессияаралық...
ВАХХАБИТТЕР ПАЙҒАМБАРҒА (С.Ғ.С.) НЕГЕ ҚАРСЫ?! [6/863]
патриот, 30 march 2010 13:55:17
  Валиулла (Уәлиулла) Махмұтұлы Якупов – 1963...
Батыржан Жанпеисов. САГА О ВЕЧНОМ МУФТИЕ [11/774]
патриот, 27 march 2010 14:22:44
В 2000 году состоялся III Курултай мусульман...

Дата публикации: 2010-03-14 22:39:02

БУРЯТСКИЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАУЫРЛАРЫ

[1010/26]


Жақында бүкіл ТМД деңгейінде экстремистік көзғарасымен аты шыққан салафи белсендісі Саид Бурятский Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің қолынан қаза тапты. Бұл туралы ресейлік және халықаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Біздің бүгінгі әңгімеміз Бурятский өлімінің мән-жайы емес, осы қатерлі діни-фундаменталистік қатердің қазіргі деңгейі, беталысы болмақ. Анығы бұл оқиға ТМД аумағына желідей тартылып, кеулеп алып бара жатқан салафилік (уаххабилік) діни-фундаменталистік ағым «қызметінің» заңды нәтижесі ретінде бағалануға тиіс! Шешен жерінде оққа ұшты демесең, Бурятскийдің Қазақстанға тікелей қатысы бар. Бұл жерде біз оның біздің елді нағашысының ауылын аралағандай аралап, бірнеше жыл емін-еркін үгіт-насихат жүргізгенін ғана айтып отырған жоқпыз. Мәселе Қазақстанда дәл осы Бурятскийдің «миссиясын» атқарып жүрген арандатушы «діндарлардың» екпінді екендігінде. Газетіміздің өткен санындағы «ТҰЗСЫЗ МӘЖІЛІС» («Үш қиян» газеті, 2010 жыл 25 ақпан) атты мақаламызда аты аталған қазақстандық салафилерді «Қазақстанның Бурятскийлері» деп атауға толық негіз бар.

Сонымен бүгінгі сөз Александр Тихомиров (Бурятскийдің шын аты) пен оның біздің елдегі ниеттестерінің қанды зардабы туралы болмақ. Бұл жерде сырттан келген миссионерлердің «оң имиджін» қалыптастырып, діннен хабары жоқ қазақ жастарына «ғұлама» дәрежесінде көрсетуге тырысқан «қазақстандық бурятскийлердің» зор еңбегін ескермеуге болмайды. Қазір Саид Бурятскийді пір тұтып, оның дәрістерін дискілерге, ұялы телефонына жазып алып, ұйып тыңдайтындар Қазақстанда көбейгенін ел аузынан жиі естіп жүрміз.
Ал, сол атышулы уаххабизмнің идеологы Саид Бурятский 2004-2006 жылдары Қазақстанға бірнеше мәрте ат басын тіреп, Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Атырау өңіріндегі мешіттерде қатерлі идеясын емін-еркін насихаттап кеткен. Тіпті, оның дәрістерінің қазақ тіліндегі аудармалары пайда болды. Содан болар кейін қазақстандық жастар «дін үшін соғысуға» Кавказға ағылып кете бастады.
Былтыр 23-шілдеде ақтөбелік үш жігіт Атырау облысы арқылы Ресейге өткелі тұрған жерінен ұсталды. Соттың пайымы бойынша, олар Дағыстанға лаңкестік пиғылмен бара жатқан. Олардың бірі: «Дәрiстердiң бiрiнде ондағы мұсылмандарға қысым көрсетiлiп жатыр деп естiдiк. Барып, жағдайды өз көзiмiзбен көрмек едiк», – деп ақталған-ды. «Жас Алаш» газетінің хабарлауынша, сот кезінде Асхат, Дәулет, Серiк бірнеше рет Ақтөбе, Атырауға сырттан келген діндарлардың уағызын тыңдаған, бірақ Саид Бурятский интернет арқылы өздерін жиһадқа шақырмағанын айтады. Дегенмен, Ақтөбе облысында салафизмнің бұлайша ушығуына Саид Бурятскийдің үлесі жоқ деуге болмас. Өйткені, Ақтөбе мешітінде Бурятский дәріс беріп өткен соң, оны ұстаз тұтатындар көбейген-ді. Содан болар, Саид Бурятскийдің интернет арқылы жиһадқа шақырған хабарына жауап қатқандар ішінде ақтөбеліктер көп болды. Оның үшеуі темір торға жабылды. Ақтөбе қалалық сотының судьясы Рауия Құспанованың хабарлауынша, Асхат Түркімбаев жеті жылға, Серік Ізтаев алты жылға, Дәулет Исімбаев алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Ал, Саид Бурятскийдің идеясына елітіп, еліктеген астаналық бір топ жас Ингушетияда ұсталды. Солардың екеуіне – ағайынды Жасұлан Сүлейменов пен Қуат Жобалаевқа «Джамаат әл-Фараби» атты лаңкестік топ құрды» деген айып тағылды. 34 жастағы Жасұлан – 1-топ мүгедегі. Оның айтуынша, бірнеше баланы ертіп, Кавказға емделуге барған. 2009 жылы қарашада ағайынды Жасұлан мен Қуат сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Себебі, олардың пәтерінен «Ф-1» гранатасы, «Байкал» пистолеті, флэш карта мен дискілер табылған. Сонымен қатар имам ән-Нававидің хадистері, Мухаммад ибн-Абдул Ваххабтың кітаптары болған.
Былтырғы шілдеде Дағыстанға «жиһадқа» аттанған жаңаөзендік өрімдей бес бала ФҚҚ қолынан қаза тапты. Бұлардың кетуіне интернет сайттардың террористік пиғылдағы ақпараты себеп болғаны БАҚ-та жазылды. Әрине, мұның астарында бабакүлдік мекенінен айырып, отбасы, ағайын-туысы, дос-жаранынан бездіріп, Дағыстанға оқ атуға үгіттеген салафилердің сұм саясаты жатыр.
«Қазақстан жаңалықтары» агенттігінің мәліметіне қарағанда, 24-ақпанда 25 жастағы атыраулық Қанат Нүрекенов интернеттен Саид Бурятскийдің дәрісін көшіріп алып, жолдастарына таратқаны үшін бір жылға сотталған. Аталған дәрістегі үгіт-уағызда ҚР Жоғарғы соты террористік деп таныған, республика аймағында қызметіне тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» ұйымының қауіпті идеологиясы жатқанын сот анықтады. Тергеу ісімен Атырау облысы бойынша ҰҚКД айналысты.
«Алматы» телеарнасының өткен жылы 11-тамыздағы ақпаратына сүйенер болсақ, Алматының Шаңырақ ықшамауданында экстремизмді насихаттаған «Салафит» ағымының өкілі Әділхан Нұрхитовты тәртіп сақшылары Петропавл қаласында жасырынып жүрген жерінен тұтқындаған болатын. Оның сыбайласы Абдуманап Мавлянов шекара асып үлгерген. Ұйым мүшелері кәпірлерге қарсы «жиһад» жариялауды басты ұран етіп ұстайды. Тергеу барысында күдіктілер Ресей азаматы Саид Бурятскийді пір тұтатынын анықтаған. Солтүстік Кавказ аумағындағы қарулы топтардың басты идеологы саналатын Бурятский әзірлеген “жиһад” жайлы фильмдерді олар Алматының қақ ортасында дәріптеген.

Тоирджонның тоқпағы


Жалпы сау ақылға салып ойланайықшы, елімізге сырттан ағылған ислами миссионерлер не берді? Қазір біз олардың ашық түрде лаңкестік қырғынға бармас бұрынғы жымысқы саясатын бағалауға, салмақтауға қабілетсіз болып тұрмыз. Ал, оның байыбына барар болсаңыз, болашақта еліміздің төбесінде ойнап, лаң салатын сұмдық зардап, қиянаты барын байқайсыз. Ол әлеуметтік, саяси, экономикалық зардап емес. Орны еш толмайтын рухани қиянат, қасірет. Ол не?
Ол – діндарсымақ миссионерлердің сырттан сыланып келіп, ұрпағымыздың басын қатырып, ұлттың тарихи-рухани тамырына балта шабуы. Ол – қазақ жастарының жүрегінен Отансүйгіштік қасиетті жойып, отбасы-ошағын ойрандауы, өнегелі шаңырақтың қиюын кетіруі. Алла Тағала, Пайғамбар Мұхаммед с.ғ.с., кешегі кемеңгер ата-бабаларымыз, әулиелеріміз бізге отансүйгіштікті ғибрат етті! Хазіреті Пайғамбарымыздың: «Отанды сүю ИМАННАН» деген сөзінің астарында қанша мән-мағына жатыр. Отанын сүймеген адам, бойында ол қасиет жойылған адам ЕШҚАШАН иманды бола алмайды!
Ең сорақысы, салафилердің қазанынан су ішіп, Отанын сатқан «қазақстандық бурятскийлер» сырттан келген миссионерлерге айрықша «қамқорлық» көрсетіп, төрімізге шығарды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін бірқатарын атап айтайық. Мысалы, салафилік ағымның Өзбекстаннан қаңғып келген серкесі Тоирджон Ибрагимовқа төрден орын берді. Құрылысына 3 миллион АҚШ доллары жұмсалған, Астананың қақ төрінде орналасқан «Шұбар» мешітінің имамы қызметіне тағайындады. Оған Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының имамы дәрежесінде бірнеше жыл елдің түкпір-түкпірінде уағыз айтуға мүмкіндік ашып берді.
Қазақ топырағындағы Әл-Фараби, Ахмет Ясауи, Махмұт Қашғари, Абай, Мәшһүр Жүсіп Көпей сынды ғұламалардың еңбектерін ауызға алмайтын Өзбекстаннан келген Тоирджон имам лаңкестік ұйымдар мен діни экстремистердің теоретигі саналатын Ибн Таймия (13-14 ғасырлар) және Мұхаммад ибн Абдул-Уаххаб (18 ғасыр), уахаббилердің қазіргі діни көсемі Салих Фаузанның еңбектеріне сілтеме жасай отырып, жамағатқа уағыз айтады. Керек десеңіз, намаз оқуды да салафизм қағидасына сәйкес жүргізген. Шешенстандағы лаңкестік топтар-дың серкелері де қанішер содырларды Ибн Таймияның адам санасын улайтын тәпсірлерімен тәрбиелейтін. Бұл көңіліңізге қауіп туғызбай ма?!. Ал, Ибрагимовтың ұстазы атышулы лаңкестер Джумабой Ходжиев және Тахир Юлдашевпен сыбайлас содыр Обидхон Назаров дегенді естісеңіз, жағаңызды ұстайсыз.
Ибрагимов осылайша «Шұбар» мешітін салафилердің Астанада жиналатын ошағына айналдырып, қазақ жастарын «жиһадқа» тәрбиелейді. Тіпті, салафилік ағымның өкілі саналатын өзі әнші, өзі діндар депутатымыз да сол «Шұбар» мешітінде жиі төбе көрсетеді. Сол діндар депутаттың ықпалы тиді ме екен, Тоирджон, ақын М.Тазабеков, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бұрынғы басқарма төрағасы Д.Абдухамитовтардың көмегімен ұлттық телеарналар арқылы қауіпті идеяларын қалың көрерменге емін-еркін насихаттайды.
Ол ол ма, 2007 жылғы қажылық кезінде гид-идеолог рөлін атқарған Тоирджон Ибрагимов Қазақстаннан барған жамағатты осы біз әңгіме қылып отырған Саид Бурятскийдің уағызына жетектеп апарды. Оған интернет айдынында тарап кеткен Ибрагимовтың Саид Бурятскиймен шүйіркелесе сырласып тұрған фотосы дәлел. Сөйтіп, Тоирджон жүздеген қажымызды қанішер қарақшының қолына «сеніп» тапсырды. Осындай қиянатты ол саналы түрде жасады. Осындай қылықтары үшін бүгінде «Шұбар» мешіті имамдығынан шеттетілген Тоирджон Ибрагимовтың енді қай қиырдан төбе көрсетіп, улы уағызын жайып жүргені әзірге белгісіз. Қазақстандық жамағатқа уағыз айтқан Ресей салафилерінің діни идеологы Саид Бурятский 2008 жылдары Кавказда имарат құру үшін соғысып жүрген шешен содырларының серкесі Докку Умаровқа ант беріп, қарулы қанішерге айналады. Саид Бурятский «кәпірлерге» қарсы «жиһад» жариялағанын интернет-сайттар арқылы ашық мәлімдеген болатын. Міне, осыдан-ақ белді деген қазақстандық салафилердің шетелдегі идеяластарымен тығыз қарым-қатынаста екенін, сыбайластар біріге отырып, түбінде халқымыздың тағдырын тәлкекке салып, тоз-тоз қылу, бейбіт өмірден айыру мақсатын көздегенін аңғару қиын емес.
Алланың бір сифаты, аты – «әл-Муқмин», тыныштық беруші, бір сипаты – «әл-Мухаймин», пана беруші. Ал, дін атын жамылған бүлдірушілердің төңірегіне қайғы-қасірет, бүліншіліктен басқа, туған топырағын қор етуден басқа берері жоқ. Уағыздарына арқау болған Алланың діні, сипаты пендесіне тыныштық, пана беруші болса, бұлардың сол тыныштықты бұзып, жұртты панасыз етуден басқа ойы жоқ болуы дінге тура ма?!

Саидтың соқпағы


Осындай дін атын жамылған жыртқыштардың жетегінде кетіп, қаншама қазақ баласы өлім құшты! Қанша жас шет жерде қаңғып, автомат арқалап соғыста жүр, қаншасы тозып түрмелерде жатыр…
Сондай қанқұмар ағымдардың «уағызына» уланған бір жас өренімізге кезіктік. Тақырып дін болғасын аят айтсақ, «бұл Құранның қай жерінде» деп тақ ете қалады, хадистен қозғасаң: «бұл өзі сенімді ме, сенімсіз хадис пе?!» деп сұрайды.
«Ал, өзің не оқисың?» десе, әзірбайжандық дін әлемінде жаңа қара көрсеткен салафиттік алдауыш Элмир Кулиевтің кітабын арқалап жүргенін айтады. Бүлдіргіш пиғылдан өзге берері жоқ Кулиевтің кітабы Алланың аяты мен Пайғамбардың сөзінен жоғары тұрғаны ма? «Жарқыным-ау, сол Кулиевті өзің тірідей көрген жансың ба?» десек, салафизм ұрығын себуші мекеме – Алматыдағы «Әл-Баракат» (қасиетті ұғымнан садақа кеткір!) баспасының қожасы Қанат Жұмадуллаев Кулиевті арнайы алдыртып, уағыз айтқызғанын айтады…

Түйін сөз:

Бұлар бетке қалқып шығып, әшкереленген оқиғалар ғана. Жымысқы идеологиясын ашық жарияламай, жұртшылыққа жүйелі жүзеге асырып жатқанын есепке алып көріңіз. Содан болар, соңғы кезде ата дәстүрімізге жат уаххабистік пиғылдағы сандырақтарын соғатын сатқындар көбейді. Бұлар – кеше ғана шетелде дін оқып келгендер немесе сол қарақшылардың қақпанына түсіп қалғандар. Сәждеге маңдайы тигеніне 1-2 ай болған түсі суық, тілі біз болған өз қаракөздеріміз 10 ғасыр ислам нәрімен сусындап келген қазағын, салтын жоққа шығаратын болды. Қатерлі идеология күннен-күнге елімізді бұзып-бүлдіріп, мемлекеттігіміздің іргетасын ірітуге жол салып барады. Бұл жерде мынаны ашық айту керек, біріншіден, мемлекеттің дінге қатысты саясатының және ресми дін саласының солқылдақтығы, шетелден бала оқытуға көп көңіл бөлініп, мешітте айтылатын уағыздардың бақыланбай бетімен кеткені.
Екіншіден, ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, кішкентайынан құлағына дәстүрлі руханияттың қайнар көздері – ертегі, аңыз-әңгімелер, батырлар жырын баласына оқытпағаны. Жастардың жүрегінде рухани вакуумның пайда болуы. Енді өскен жас бозбала немесе мектеп оқушысы сол вакуумды толтыру үшін әке-шешесі қаласа да, қаламаса да мешітке барады. Ал, онда барғасын ешнәрсені ажыратып үлгермеген жастардың кімге еретіні, ондағы идеологияның кімдердің ықпалында екені айтпаса да түсінікті.
Ал, бүгінде ел арасына дендеп тарап кеткен олардың «арамына былғанып» жатқан қазақ баласының «арын қалай адалдап аламыз?»
Сол себепті, мемлекетіміздің білім беру жүйесінде, мектеп пен университетте қазақ әдебиеті мен тарихына көп сағат бөліп, яғни дәстүрлі руханиятты кішкентайынан баланың құлағына құйып өсіру қажет.
Сонымен қатар, діни ахуалмен айналысатын құзырлы органды қайта құрғаннан бұрын, салафиттер өздерінің сарайы қылып алған қасиетті мешіттің, оның өкілдерінің деңгейіне көңіл бөлетін уақыт келген сияқты.
(суреттер интернеттен алынды)

мақалаға орай

Жақында жер құшқан уаххабизм идеологы, лаңкес Саид Бурятскийдің (шын аты – Александр Тихомиров) 2009 жылғы қарашадағы «Нева экспресі» пойызын жаруға да қатысы бар болып шықты. Бұл туралы 6-ақпанда РФ президенті Д.Медведевке Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) басшысы Александр Бортников мәлім етті, – деп хабарлайды «Вести.Ру» сайты.
ФҚҚ директорының айтуынша, өткен жылы қарашадағы «Нева экспресі» жарылысынан кейін ФҚҚ Ингушетиядағы қарақшы топтың біріне аталған қылмысқа қатысты күдіктенген болатын. «Шұғыл іздестіру шарасы нәтижесінде осы болжамды растайтын қосымша деректер табылды», – дейді Бортников. Оның айтуынша, арнайы қызметтің жүргізген шарасы барысында осы қарақшы топтың бұдан басқа аса қауіпті 15 қылмысқа қатысы бары анықталды. Оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өлтіру, инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында жарылыстар ұйымдастыру бар. Осыған орай, қылмыстық топты құрықтау мақсатында арнайы операция ұйымдастыруға шешім қабылданып, ФҚҚ күштері осы жылдың 2-3 наурызында Назрань ауданы Экажево елдімекенінде жүзеге асырды. Нәтижесінде қарақшы топтың 10 белсенді мүшесі ұсталып, қарсыласып оқ атқан 8 содырдың көзі жойылған.
Бұл қаза тапқан қарақшылар-дың бірі Солтүстік Кавказдағы лаңкестердің лидерлерінің бірі, Саид Бурятский болып шықты. Бортников «С.Бурятскийдің мәйіті екені дәлелденді» деп отыр. Саид Бурятскиймен қатар қарақшы топтың басқа да серкелерінің көзі жойылды.
Қарулы қақтығыс орын алған жерде қолдан істейтін жарылғыш заттар дайындалатын лаборатория табылып, тоннадан аса жарылғыштар, көптеген ату қару-жарақтары тәркіленіпті. «Қарақшылардың өткен жылы қарашада болған «Нева экспресі» пойызы жарылысына қатыстылығын анықтау мақсатында генетикалық сараптама жүргізілді. Осы материалдың бәрі аталған қылмысқа олар қатысқан деуге негіз береді», – деді Медведевке. Бортников аталған қылмыстық істің барысы бойынша баяндап отыратынын айтты. Ал, Ресей Президенті ФҚҚ басшысына Ингушетияда қарақшы топты жою операциясына атсалысқандарға алғысын жеткізуін тапсырды.
Бұған дейін хабарланғандай, лаңкес Бурятский Солтүстік Кавказ территориясындағы көптеген лаңкестікке қатысқан. Соның ішінде Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуровқа жасалған қастандық және Назраньдағы лаңкестік әрекетті ұйымдастыру да бар.

Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ,
“Үш қиян”

http://ushkiyan.kz/?p=2180

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Комментарии пользователей


Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Мар 14, 2010 22:57  
Жалко наших ребят
2
Северный
Аноним 
Сообщение Вс Мар 14, 2010 23:15  
"Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады" дегендей, мына ұрылардың мафиясы халықтың қанын теспей сорып жатқанда, мына арамзалар соны пайдаланып халықтың басын айналдыруда.
3
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пн Мар 15, 2010 11:59  
жалко автора.несчастный человечек.
4
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Мар 16, 2010 09:53  
мына салафиттер тубімізге жетпесе болар ед. ата-аналар! қазақтар! балаларыңызға сақ болыңыздар!
5
Қарапайым мүмин
Аноним 
Сообщение Чт Мар 18, 2010 14:50  Дінім Ислам тегім қазақ
Ассалаумағалейкум Нұраддин бауырым
Қандай өкінішті жағдай. Әйгілі американдық атың өшкір Борат қазақ ұлтын, қазақ қыздарын ағасынем зина жасайтын жезөкше етіп әлемге масқаралап филм түсіргенде тура осылай өкініш өзегімді өртеп еді. Бірнеше адамдардың қате-надандығанынан жалпы ахиқи дін Ислам дағуатына, дағатшыларға қандай ауыр тіл тиіп жатыр. Ата төбелінде ғана бірнеше месқарын жатып ішер депутаттар, жүгенсіз ұстаздар, көзі қарайған заң қызметкерлері, денеміздегі дерртті ұшықтырып баламды өлтіруге дейін барған сауатсыз дәрігерлердің кесірінен олардың барлығына жаппай күйе жағу ең сорақы барып тұрған надандық. "Өсер елдің жігіттері бірін-бірі батыр дер. Өшер елдін жітіттері бірін-бірі қатын дер". Жамандығымызды Бораттар сияқты тізе бергеннен бізге ешкім келім түзетпеиді. Халық қамын жеген депуттарды, өнегелі ұстаздарды, сауатты дәрігерлерді және хақ дін Исламды барлық тәртіптеріне сай насихаттап жүрген дағуатшыларды қолдап, азаматтық борышымызды өтеуде сылтау айтып, кіна тағып, кемшілік іздеп қашқақтамайық ағайын.
(мен өз басым депутаттардың солқылдық заңдарын, ұстаздардың айуандығын, заң қызметкерлерінің парақорлығын, дәрігерлердің қолдап баламды өлтігендінінің барлығын кештім Алла оларды кешірсін) Алланың құлы, елімдің патриоты, отбасы отағасы ретінде қолымнан келгенімше қолдауға даярмын
6
Anonymous
Аноним 
Сообщение Сб Мар 27, 2010 20:32  Казахский менталитет!
Проблема в менталитете казахов. Среди казахов много грамотных людей, ученых...выпускников междунар.Исл.Университетов- даже в Астане. Которые за пояс заткнут и Тоирджона и Рената, и Бурята....Но их не хотят слушать, потому что они свои. Они не амбициозны и взвешивают каждое слово(как и подобает ученым). У них нет "агашек"...
А пришлого казахи сразу на голову сажают. Потом плачут...
"У своего аульского муллы изо рта воняет"-каз.пословица.
Казахи не уважают друг друга и не ценят!
Вот вам и вся проблема.
7
казак!
Аноним 
Сообщение Пт Апр 02, 2010 17:51  
Оз отанын баскыншылардан коргап жаткан кавказ халкы террорист!
Сол кавказ мусылмандарына комекке барган исламды кабылдаган бурят баласы террорист.
Ал букил кавказды кан каксатып кырып жаткан орыстар бейбитшилик орнатушы. Тек кана шешенстанда 400 000 адамды (сонын ишинде 50 000 бала) кырып тастаган путин террорист емес.

Кеше гана орыстардын саясатына карсы шыккан (казирги кавказ халыктар сиякты) желтоксаншылар, Ахмет, Илияс, Турар сиякты казактар халык жауы болган.

Казир баскыншыларга карсы шыккан адамдар - террорист!
8
думан
Аноним 
Сообщение Сб Апр 03, 2010 11:15  
сонгы пикир жазган адам алаш зиялыларын мысалга келтире отырып, ланкестерди актап алгысы келеді. ол заманда идеология баска болған. казір ваххабизм деген бар. өзіңнің сауатсыздығыңды көрсетіп отырсын. қазіргі діни ахуалдың мұрныңа иісі де бармайды екен.
9
дин
Аноним 
Сообщение Пн Апр 05, 2010 15:25  ислам
мынау шайтан деген жаман болды гой ким куран сунна дей бастаса болды вахабит днп шыгады осы динди билмейди де дини макала жазады мына Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫдеген бала ол даже намаз окымайтын шыгар нажистен тазармайды да дин жайында соз козгайды
10
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пн Апр 12, 2010 17:11  Дин атты анонимге!
Дәурен Сейітжанұлының артының нәжісін көріп пе едіңіз! ғайбат қой, мұның! Намазды сен сияқты мұнафықтан әлденеше рет артық оқиды. Нәпілімен қосып.
11
Кәдімгі адам
Аноним 
Сообщение Пн Апр 12, 2010 17:22  Тероризм, вахабизм, комунизм, изм, изм, әйтеуір изм
Бұл жазғыш - қой терісін жамылған қасқыр екенін аңғару қиын емес. Шын мұсылман болса, өлген адамның сыртынан ғайбат айтама, тіпті ол кісі туралы сөз қылама не болсада Бір Алла ғой әр ісімізді саралаушы. Жоқ бұл байғұс қазақтың ,діннің , ұлттың Құдайдың, Пайғамбардың жауы. Шайтаның, америка мен орыстың жөйіттің, дінсіздің, әскері
12
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Апр 15, 2010 11:47  
дауреннин жазганына жогарыдагы комменттарий бергендердің кейбірі шырылдап коя беріпті гой. соган караганда уаххаб болды гой. айтпесе неге ваххаб емеспіз деп айтпайды. айта алмайды. тек акталады. ваххаб агаларын, айдаладагы сайд бауырларын жактап, актай береді. кайта-кайта диндаллыгын айта береді, намаз окитынын айа береді. баска колдан келер не шарасы бар дейсің.
13
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Апр 15, 2010 17:00  
даурен сейтжанулы деген кайдан шыккан адам ози? ваххабтардан абден аузы куйген болу керек. жазып жатыр жазып жатыр...
14
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Апр 25, 2010 16:25  
Ей ахиретин дуниеге айырбастаган бейшаралар! Отырып алып анау вахаб, мынау вахаб, вахабтар деп оттай бергенше Мухаммад ибн Абдульуахабтын омирөбаянын, шын манинде ким екенин кишкене билим алып окып корсендерши. сендер китап окымак тугели оздериннин койленкелериннен корсасындар. Ал мынау Даурен бауырымыздын айтып отырган Казакстантык динге шын жаны ашып журген агаларымыздын Бурятскийге, Бен-ладенге жане казирги СНГ жеринде болып жаткан жихатка еш кандай катысы жок! катысы болса дурыстап далел келтирсин
15
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Апр 25, 2010 21:22  
"қазағым" деп өтірік елжірегенмен, бәрібір қазақстандық бурятскийлердің жүрегі "уаххабым" деп соғады.
16
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Апр 25, 2010 21:24  
ваххабистерге поддержка беріп отырған хазірет муфтиді қалай атаймыз? оны да бурятскийдің қазақстандыө бауырлары деп атауымыз керек пе? Астағфирулла. не болып бара жатыр.
17
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Апр 25, 2010 21:33  
ваххабистер мына кундылыктарга карсы шыгады:
1. аулиени мойындамайды,
2. капирлерди олтируге болады деп есептейди.
3. салт-дастүрге түкіріп қарайды.
4. мемлекеттік тонкерис жасап, халифат орнатуды көздейді.
5. намаз оқымағанды капир деп есептейді.
18
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пн Апр 26, 2010 20:29  
17- Анонимге! Сиз хауарилердин сипатын жазыпсыз.
биздеги саляфтардын жолымен журген бауырлар ешкайсысы келисим шарттагы мыс: (Россия Казахстан) кафирлерди олтируге болады есептемейди ол тек мемлекеттик денгейде жане галымдар руксат бергенде гана орындалатын нарсе. (кафирмен бейбит келисим шаррты бузган мусылман жаннаттын исинде сезбейди) хадис.
Аулиени мойындайды, сыйлайды бирак оган табынбайды.
Халифатты коздейтин хизбутка ешкандай катысы жок.
Намаз окымагады кафир деп есептемейди тек иманы алсиз деп есептейди.
Ал салт-дастурге тукирип карамайды тек тусиникпен карайды Пайгамбарымыз саллалаху алехи уассаламнын хадисине карсы келетин жерин дурыс деп есептемейди себеби Абай атамызда оны жактырмаган
19
drvsh
Аноним 
Сообщение Пн Апр 26, 2010 21:33  
7-й правильно сказал. Согласен.
20
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Апр 27, 2010 13:09  
7, 19 - сайдтын бауырлары болса керек. неге террористі жақтайсыңдар?
дін атын жамылған айдахар гой. оның бір басын кескенмен, екінші басы мына біз жақтан тағы шығып тур. үшінші басы ... болып кете береді.
21
Anonymous
Аноним 
Сообщение Сб Май 01, 2010 14:50  Бурятскийдің бауырлары:
Тазабеков, Бекболат Тілеухан, Дарын Мүбаров, Тайыржан, Элмир Кулеев, Шорабек Айдаров, Серик Калиев, Т.Жакиев, Ә.Дербісали, М.Бұлұтай, осылай-осылай кете береді...
22
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Май 12, 2010 19:57  
Ей, мүмин кулдар! райларыннан кайтып, аулиенін басына түнеп, Алладан кешірім сурап арттарынды кыса койындар! біраз айтыстындар ғой енді. Тазабеков, Бекболат Тілеухан, Дарын Мүбаров, Тайыржан, Элмир Кулеев, Шорабек Айдаров, Серик Калиев, Т.Жакиев, Ә.Дербісали, М.Бұлұтай, осылай-осылай кете береді...Осылардан сактанын. булар сакалды ШАЙТАНДАР! Мен айттым. Түсінбесендер мойнаға кеткен кой құсап бір-бірлеп қарыла беріңіздер!
23
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Май 13, 2010 18:03  22-ге
22/ сендей сопыдан Аллах сактасын! шайтанды коретин пайгамбар, периште немесе шайтаннын озисинба Аузубиллях сен жогарыда айткан агаларымыз динге жаны ашитын нагыз мухминдер сен сиякты билимсиз надан емес елдин арасына иритки салатын.
24
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пт Май 14, 2010 16:36  
ваххабтар ел арасында куннен кунге кобейип бара жатыр. корши кыргыз елинин онтустигинде де ваххабтар жасак құрып, халифат орнатуға дайындалып жатыр (Құдай сақтасын), бугінгі болып жатқан көп толқуды да пайдаланып, ел арасына іріткі салып, қара халықты өздеріне тартуда. міне, көрдіңіздер ме? көршімізде осындай жағдай болып жатыр. ал біздің көптеген имамдар, қазақ балдары қырғызстанға барып діни сауат ашу мақсатында жиі баратынын білеміз. бұл байланыстың арты жақсы болмайтыны белгілі. және де қазақстандағы мешіттер ваххабтардығ мекеніне айналып кетті. қасиетті мешіт қорланып жатыр. қазақтың салтына, тарихына, аулиелеріне, зайырлы заңына қарсы шығып жатыр. қырғызстандағы сияқты бас көтеріп, көтеріліс жасамағанмен, жымысқы түрде жасап жатыр. мұны бәрі біледі. қазаққа қауіп жоқ деген сөз бекер. біздің құзырлы органдар неге осыған қарамайды, көзге көрініп тұрған бәле ғой. алде міндетті түрде бір лаңкестік оқиға орына алуы керек пе, бізде терроризм каупі бар немесе олармен ашық күресу үшін. Құдай сақтасын. ендеше ауырмай тұрып ем іздейік.мына даурен бауырым батыл жазыпты. осылай бәріміз айтайық, неден, кімнен қорқамыз. ашық айтайық. ертең осы бәле келсе, сан согып, окініп қаласыңдар уақытында кимылдамандарың үшін.

әлеуметтанушы.
алматылық
25
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пт Май 21, 2010 10:04  Білімділерге өтініш
Дінтанушылар, мұсылман жанашырлары, құран білгірлері еліміздегі мұсылмандардың бытыраңқылығы жандарыңызды неге ауыртпайды. Сіздерге өтініш. Әр төбеде жеке жеке бас көрсетіп айғалағанша барлықтарыңыз бірігіп, мақсаты бөтен, ақидасы бөлек әулие аралайтын сопылар, вахабиттар, салафиттар, исмаилиттар, нүриттар, ахмадияшылар, хизбуттар, т с с ағымдағылардың дәлелмен тізімін жасап бірауыздан келісіп, ғайбат айтпаитындай қылып жариялаңыздаршы, ӨТІНЕМІН. шатасып біттік қаисысының уағызын тыңдаитыныңды да білмеисін. Тоиыржан ибрагимовты вахабит деиді ал ол масхаб жайында жақсылап көсіледі. Дарын Мубаровты салафит деиді ал ол болса мен салафит емеспін деиді т.с. с.
26
Anonymous
Аноним 
Сообщение Ср Июн 09, 2010 13:00  
Қазаққа қазақтын жаны ашымаса, басқа ешкімнің жаны ашымайды. Арампиғылды, қазаққа іріткі салатын ағымдардан аулақ болайық, қара көз бауырлар!
Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 990467
Всего зарегистрированных пользователей: 18137
Последний зарегистрированный пользователь: djonnick
Сейчас посетителей на сайте: 48, из них зарегистрированных: 1, скрытых: 0 и гостей: 47
Зарегистрированные пользователи: Алмаз Р. Естеков
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (10532) Wladimir (10295) kazak (6853) HUNN (6147) Отамалы (5143) ангел (4831) Йода (4546) Я (4343) Рыспек-респект (4200) Newman (3872)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Яндекс цитирования