RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: qazaqtv
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Төрлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана
 IZGI AMAL
 Интересное
 qazaqtv
 serik
 Aidos Zhandyrma
 Андрей Васильевич
 www.qazaq.kz.tv
 Преподы КазНУ!
 PRIBALT
 Fcuk
 В Горсуде Алматы - произвол
 Вдовьи слезы
 bai_sarsen
 лунатик
 Ақ сөйле...
 АСАН ҚАЙҒЫ
 АСАН ҚАЙҒЫ ҰРПАҒЫ
 АСАН ҚАЙҒЫ...
 Мылтықсыз майдан..
 Елім-ай...
 LS-Личный счет
 СПИД И ЗППП для МСМ
 Жунисбек Аймаутов
 Anuar60@yandex.ru
 Геройхан Қыстаубаев
 Konovalov-professor
 Костя Борщанский
 patriot_kz

qazaqtv
1 қаңтардан бастап сыртқы саясат тек қазақша сөйлейді!!! [12/121]
qazaqtv, 9 Января 2009 14:45:07
1 қаңтардан бастап сыртқы...
... басқаны қойып, ең болмаса өз Еліміздегі диаспоралардан үлгі алайықшы!!! [17/310]
qazaqtv, 8 Января 2009 16:05:53
...
БҮГІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙІНУІ мен СҮЙІНУІ [10/127]
qazaqtv, 8 Января 2009 13:20:17
...
Этнографиялық “Алтын арқау” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Қайдауылқызының сөзі : [7/57]
qazaqtv, 8 Января 2009 12:54:09
...
Қазақстан халқына ортақ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛІПБИ қажет!!! [5/105]
qazaqtv, 7 Января 2009 17:26:32
  ... Сондықтан гуманистер ешбір тілді өлтірмеу...
Ж.Қуанышәлі: Желтоқсанға қатысты құжаттар жүйелі түрде жойылып жіберілуде [2/132]
qazaqtv, 6 Января 2009 21:23:53
28.11.2008 Болат РЫСҚОЖА ("Азаттық" радиосы) ...
Қалдыбай Әбенов: Назарбаевтың бейнесі "жағымды" етіп көрсетілмегені үшін "Аллажардың" жолы болмады [0/61]
qazaqtv, 6 Января 2009 21:12:06
15.12.2008 Элеонора ЯКИЯ ("Азаттық" радиосы) ...
Назарбаевтың жеке басына табынушылық демократияның келешегі үшін қауіпті қарқын алып барады [0/46]
qazaqtv, 6 Января 2009 20:54:37
29.12.2008 Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ ("Азаттық" радиосы) ...
Полицейлер мен үлескерлердің арасында қақтығыс болды [2/331]
qazaqtv, 17 Декабря 2008 09:55:55
  Полицейлер мен үлескерлердің арасында қақтығыс...
Алматы қаласы ҮЕҰ 4-ші Форумында. 02.12.08. [0/222]
qazaqtv, 4 Декабря 2008 19:08:19
Алматы қаласы ҮЕҰ-ның  4-ші Форумында қоғамдық...
Қазақтың Ұлттық мүддесін қорғағың келсе - Форумға кел !!! [9/344]
qazaqtv, 1 Декабря 2008 15:04:16
Жеке-жеке шырылдағанша, жеке-жеке ас үйде отырып...
Ұлттық экономика.(қарапайым ауыл азаматының көзқарасы) [3/293]
qazaqtv, 30 Ноября 2008 19:01:52
      Ұлттық экономика   Ел...
План совместных действий между Ассамблеей народа Казахстана и МВД РК против "каких враждевных сил"??? [10/397]
qazaqtv, 28 Ноября 2008 15:06:55
за 2008 год > август > В Астане состоялось...
"Олжабай" кімнің олжасы ??? [3/238]
qazaqtv, 28 Ноября 2008 13:11:14
  ...
ҰЛТТЫҚ-ОЙЛАУ қабілетімізді ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ !!! [0/258]
qazaqtv, 27 Ноября 2008 18:56:37
Аманкелді Айталы, Қазақ гуманитарлық заң...
ҚР Заңдары алдында бәріміз тең болғанымыз рас болса, публицист, сыншы Амангелді Кеңшілікұлыда сотқа тартыла ма? [11/570]
qazaqtv, 23 Ноября 2008 18:26:30
«Маңқа қазақ» деген сөз тіркесі үшін журналист...
18.11.08.күні өткен "Халық үні" Қоғамдық Бірлестіктер Одағы құрылтай жиынынан бейне көрністер.(YouTube жүйесіне кірген соң- Kuryltai деген сөзді жазып іздеңіз) [1/218]
qazaqtv, 23 Ноября 2008 15:56:34
<object width="425" height="344"><param name="movie"...
18.11.08.күні өткен "Халық үні" Қоғамдық Бірлестіктер Одағы құрылтай жиынынан бейне көрністер. [0/452]
qazaqtv, 21 Ноября 2008 12:20:54
<object width="425" height="344"><param name="movie"...
17.11.08. күні "Халық үні" Қоғамдық Бірлестіктер Одағы өткізген баспасөз мәслихатынан бейне көрністер. [1/210]
qazaqtv, 21 Ноября 2008 11:52:04
    2008 жылы 17 қараша күні сағат 11.00 – де  ...
Тұңғыш рет Құран Кәрімнің ана тіліміздегі сайты ашылды!!! [8/534]
qazaqtv, 17 Октября 2008 18:07:31
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен! Бүкіл...

Дата публикации: 2008-11-27 18:56:37

ҰЛТТЫҚ-ОЙЛАУ қабілетімізді ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ !!!

[258/0]

Аманкелді Айталы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры: Кіндігін атеистер кескен ұрпақ аяқ астынан діншіл бола алмайды

– Сіз Парламент қабырғасында жүргенде ұлттық мәселелер – тіл мен дін проблемалары жиі-жиі көтерілетін. Ал қазіргі Парламент пен жалпы қоғамда тіл мәселесінің көтерілу деңгейіне қандай баға бересіз?

– Парламент депутаттарының тіл, дін және басқа да мәселелерге көзқарасы – қоғамдық пікірдің айнасы. Ал қоғамның ұстанымына екі жағдай жағымсыз әсер етіп келеді.
Біріншісі, ұлт мәселесіне үстіртін көзқарас, немқұрайды қарау басым.
Қоғамды білу бар, сол білгенді ұғыну, түсіну бар. Көп біліп, аз ұғыну жиі кездеседі. Тіпті қоғамда лауазымды жұмыс жасап, көп мәселелерге араласып жүрген адамдар сол қоғамның сырын білмей кетеді. Совет мемлекеті ыдырап, Одақ тарағанда, совет-партия қызметкерлері оның себебін ішкі қайшылықтардан емес, сырттан, империалистерден іздеді, АҚШ-тың қитұрқы саясатынан көрді. Сол ұрпақ қандай қоғамда өмір сүргенін білгенмен, оны терең түсінбей өмірден өтіп барады. Тіпті қоғамға бейімделіп, білім алып, табыс тауып, қулықтың талайын игергендер де қоғамның сырын тани бермейді. Біз де бүгінгі Қазақстан қоғамын, оның мәнін, ішкі механизмдерін, әсіресе ұлт мәселесін түсіне бермейміз.
Екіншіден, өте бір таңғаларлық жағдай – отарланған, енді тәуелсіздік алған ұлт бола тұра, біз отарлаушы Батысқа еліктедік. Әлихан Бөкейхан Батыстың астамшылдығын айта келіп, «мінезі хайуандық сапарынан әлі қайтқан жоқ», – деген еді.
Бүгінгі Еуропа елдерін басқарып отырғандар біржынысты отбасын, жезөкшелікті, жалғызбастылықты, нашақорлықты қолдайтын «демократтар». Олар бізде жиі қонақ болып жүр. Отарлаушы ел болғандықтан, олар өз ұлттарының билігін мықты орнатқан елдер. Үлгі алсақ, олардың ұлт мәртебесін сыйлауынан үлгі алуымыз керек еді.
Біздің ішкі саясатымызда Батысқа еліктеу басым. Рухани тіректі Батыстан іздедік, «жекешелендіру», «демократия», «нарық» деген сөздерге табындық, бірақ батыстанбадық, тағы да бір рухани отаршылдыққа ендік және өз еркімізбен ендік. Батыстың құрметті тағында бізге орын жоғы белгілі болса да, біз өткен тарихымызды, табынғандарымызды таптап, таптағандарымызға табындық.
Біз ешқашан да Батыстың бөлігіне айнала алмаймыз, Батыстың шикізатқа сұранысын қанағаттандыратын ел боламыз. Кейбір ғалымдардың «бүгінгі Батыс Гитлердің саясатын ашық жарияламай, оны епті жүргізіп келеді» деген пікірлері бізді ойландырса керек. Ой жүйеміз, дәстүріміз, тілімізді Батыспен өлшеу, бірте-бірте оған сәйкестілік біздің ішкі өлшемімізге айналып барады. Ұлт мәселесінде де, дін мәселесінде де бізде еліктеу басым. Батысшыл боламыз деп Батыстың діни секталарына есігімізді айқара аштық. Батыстан нені үйренеміз, несінен жиренеміз дегендей идеология бізде жоқ. Ал Батыс болса, тұнып тұрған идеология, бізді құшақтап, бауырына тартқан болып тұншықтырып барады.
– Сіздің «қазақстандық ұлт» идеясын қолдамай отырғаныңызды білеміз. Жалпы, бұл жобаның «америкалық ұлт», «ресейлік ұлттан» үлгі алуы қаншалықты орынды?
– Көптеген Еуропа елдерінде және АҚШ-та ұлт ұғымы мемлекеттің азаматы деген ұғымымен бірдей. Осы ұғымды Ресей де қабылдады, Қазақстан да қолдана бастады. Егер Ресей «ресейлік ұлт» деген ұғымды қабылдаса, татар, башқұрт, якут, басқа да ұлттардың этникалық мәселесі (тіл, мәдениет, білім) өзінен-өзі мәнін жояды. Ал олардың тәуелсіздікке, тіпті Косово сияқты дербес мемлекет болуға құқы бар. Ресейдің бұрынғы президенті В.Путин «ресейлік ұлт» идеясын қолдаушылардың, қостаушылардың басы. Шешенстанға қарсы соғыс «ресейлік ұлт» ұранымен жүрді. «Ресей ұлт ретінде» деген сөз жиі айтылды. Ресей халқына жолдауларында В.Путин 2000 жылы «ресейлік ұлт» деген сөзді 10 рет, 2005 жылы 15 рет, 2008 жылы 18 рет қайталаған. Бұл идеяны Ресейдің бірқатар ғалымдары қолдауда, сонымен бірге көптеген ғалымдар бұл идеяға қарсы, себебі орыс емес этностар ол идеяны қабылдамайды.
«Француз ұлты», «ресейлік ұлт» идеяларына еліктеп, біз де «қазақстандық ұлт» идеясын айтып қалдық. Қазақтар бұған сақтықпен қарайды.
Кейбір ғалымдар тәуелсіздік алумен бірге ұлт мәселесі шешілді, енді ел болу мәселесін алға тартайық дейді. Дұрыс, бірақ сол ел болу үшін ұлт мәселесін реттеу керек. Әлеуметтану ғылымында отарланған ұлттардың мәселесі ерекше орын алады. Бүгін бірқатар елдер, әсіресе, Украина, Алжир қалай басқа ұлттармен тереземіз тең болады деп ойлануда. Мәселе – қарынды аштырмауда ғана емес, ұлттың қадірін қашырмау, мәртебесін көтеруде. Украиндықтардың Еуропаға ұмтылысы орыстарды жек көргендіктен емес, неміс, француздар сияқты ұлт болғылары келетіндігінен, Еуропаның мәдени, әлеуметтік, әскери стандарттарынан ұмтылуынан туып отыр. Бірақ Ресей оны түсінгісі да келмей отыр.
– Сіздің айтуыңызша, әлемде байырғы ұлттың саны жалпы халықтың 60 пайызынан асқан болса, ол мемлекет бірұлтты саналатын көрінеді... Осы жайлы тарқатып айтсаңыз.
– Рас, Қазақстандағы ұлтішілік және ұлтаралық ахуал терең өзгерістер үстінде. Бұрын Ресейдің жалғасы болып келген Қазақстанның жаңа территориялық келбеті, жаңа этникалық құрылымы (қазақтар 60 пайыздан асып түркітекті этностармен 70 пайызға жетуі), советтік идеологияның, совет халқы деген сияқты көріністерінің дағдарысын қазақ ұлты, диаспоралар ой елегінен өткізуде.
Кейде Қазақстанда диаспоралар жоқ, біртұтас Қазақстан халқы бар деген ой айтылып қалады, бұл ойды әсіресе ұсақ этностық топтар өкілдері қолдайды. Шындығында, диаспоралар екі саяси, этностық кеңістікте өмір сүреді. Біріншісі – тарихи отаны, оны аңсау сезімі, екіншісі – Қазақстан еліне деген азаматтық сезімі. Әр жеке адамда осы екі сезімнің бірі басым.
Қазақстандық азаматтық қауымдастық әлі қалыптасу үстінде. Халықтың басым көпшілігі Қазақстанның азаматы дегенмен әлі де «совет азаматымыз», «ешкім де емеспін, өз ұлтымның азаматымын», «ар жағын білмеймін, қарағандылықпын», «мұсылманмын, мен соны білем», «мен жұмыссыз жүрген адаммын, басқаға басты қатырмаймын» деушілер аз емес. «Қазақстандық болу үшін Қазақстанда туу керек, сонда ғана ол маған туған ел, туған табиғат болады» деушілер бар. Арамызда амалсыздан «қазақстандық» болып жүргендер қаншама? Тарихи отанына кетейін десе, мүмкіншілігі жоқ, қалайын десе, жаңа ұлттық ахуалды қабылдамайды. Диаспораларға жеңілдік беріп, депутат етіп сайлауды, мектептеріне қаржы бөлуді қолдамайтындар да аз емес. Шынында, америкалықтар афроамерикалықтарға жеңілдік беруді «пара» беру деп есептейді: «мен сені қолдаймын, сен тек дұрыс жүр» дегендей. Бара-бара жеңілдік алғандар тіпті бұлдануы мүмкін дейді.
Біздің отаншылдығымыздың деңгейі де әртүрлі. Егер мемлекет қызметіндегілерді айтсақ, бір мансапта іс-әрекеттері әртүрлі болған, жұмысына бей-жай қараған В.Храпунов пен отаншыл, жігерлі қайраткер И.Тасмағамбетовты халық бүгін салыстырып отыр.
Ел халқының басым көпшілігі жаңа Қазақстан қалыптасуына үлес қосып, еңбек етіп, ел болашағына сенсе, онымен мақтанса, елдің тағдырына ортақ болса, оның табыстарына қуанып, олқылықтарына күйінсе, біз тұтас ел бола береміз. Психологияда Томас теоремасы деген қағида бар. Мысалы, банктің болашағына сенбей, азаматтар өздерінің қаржыларын ала берсе банк күйрейді. Сол сияқты адамдардың сенімі азая берсе, мемлекет те күйрейді. Оны Кеңес одағының ыдырауы дәлелдеді.
Енді Қазақстан қоғамына басқа бір қырынан үңіліп көрсек. Біз әлі де қандай Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызды түсінбейміз. Соңғы халық санағы бойынша, елімізде 126 халық тіркелген. Ресми насихат бойынша, олар өз тілінде сөйлеп, оқитын сияқты. Ал шындығында біз орыстанған мемлекетте өмір сүреміз. 126 этностың 110-ынан астамы ұсақ, орыстанған ұлттық топтар, қалғандары да ана тілін шала біледі, тіпті сан жағынан ірі диаспора өкілдері бүгін орыстанып кеткен. Мысалы, әзірбайжандардың – 50,1, балқарлардың - 26,4, башқұрттардың – 28,2, украиндардың 13,8, немістердің - 21,8, поляктардың – 3,1, белорустардың – 3,5 пайызы ғана ана тілін ептеп біледі. Қазақ тілін 10 пайызға дейін меңгерсе, орыс тілін 100 пайызға дейін меңгерген. Диаспора өкілдерінің сөздеріне қарағанда, олардың жастары орыс тіліне, ағылшын тіліне, бірқатары қазақ тіліне мән береді. Ана тілін меңгеру қиын, себебі тілдік орта жоқ. Қазақ тіліне сұраныс жоқтығынан диаспора өкілдері ол тілге аса қызығушылық танытпайды. Оларды айтпағанда, еліміздегі қазақтардың саны өскенмен, қазақ тілінде сөйлейтіндердің саны өспей отыр. Мемлекеттік тілді реттейтін арнайы заң да жоқ. Биліктің қай тармағында да мемлекеттік тілге салқындық басым. «Менің тілім» деген билік болмаған соң, «мен биліктің тілімін» дейтін қазақ тілі де жоқ, ол – өгей тіл. Қазақтардың «қазақстандық ұлт» идеясына күдікпен қарауына негіз көп. Орыстілді ұлт болуға дайын тұрмыз.
– Ал қазақстандық емес, қазақ идеясына илана алмай жүрген космополит азаматтарға көзқарасыңыз қалай?
– Иә, ұлт мәселесіне алыстан, кейде тіпті космостан қарайтын бір көрнекті азаматымыз бар, ол – Олжас Сүлейменов. Егер Олжекең ұлт мәселесіне Эйфель мұнарасынан қарамай, қара көзілдірікті алып, қазақтың тынысы, ой-түйсігіне үңілсе, елдегі демографиялық, этномәдени жағдайлардың астарын түсінер еді. Қазақстан, қазақтар, қазақ тілі басым мемлекет болуға келе жатыр. Әрине, егер Олжекеңдер кедергі жасамаса...
Мемлекеттік тіл – еліміздің қауіпсіздігінің негізі. Іс-қағазын орысша жүргізгендіктен, бізде шетелдерден да құпия қалмады. Еліміздің ұлттық құрамы, демографиялық ахуал үдерісі, ұлтаралық қатынас, елдің қауіпсіздігі, мемлекеттің тілдің мәртебесін көтеруге итермелеп отыр. Тек тіл ғана емес, қазақтардың жағдайы түзелмей, мемлекеттің жағдайы түзелмейді.
Саясатта екіұдай стандарт (двойной стандарт) деген ұғым бар: өзгеге талап жоғары, өзіне төмен қояды. Қазақтың екіұдай стандарты керісінше: өзгеге кешірімді болғанмен, өзін сыйламайды, өз мүддесін қолдамайды, үйін қонаққа билетеді, қонақ өктемдігін жүргізеді, қожаға айналады, менің қасым мен қабағыма қара дейді, менің шатақ шығармай тыныш жүргеніме рақмет айт дейді, ойымнан шықпасаң отандастарыма шағымданам деп қорқытады, ал отандастары жуан жұдырыған көрсетуге дайын тұрады. Осы жалтақтықтан енді-енді арыла бастаған сияқтымыз, бірақ әлі де жасықпыз.
Орыстанған, жасық, намысы төмен ортадан белсенді, намысшыл Парламент құралуы қиын. Депутаттарды енді халық сайламайды, партиялар таңдайды. «Мынау ұлтының тілін білмейді ғой» деп партия көсемдері ойланбаса, ұлтын сыйламаса, намысшыл депутат Парламентке келмейді. Орыстанған Парламентті сырттан келген бөтен елдің депутаттары, Ресейден басқа, әрине, сынай бастады.
Ал орыс депутаттары арасында ұлтаралық келісім төңірегінде бүгін саяси ұпай жинайтындар көбейді. Бала-шағаларын басқа мемлекеттерге жіберіп, өздері Қазақстанды, қазақтарды мақтағансып, тіпті көрнекті ақындардың авторлық кешіне барып қазақ тілін білмесе де оның өлеңдерін мақтап, ұпай жинағысы келетін депутаттар қаншама? Бала-шағасы қай елде тұруы – ол әр азаматтың еркі, бірақ бұл елге тамыры терең жайылмаған соң, ұлтаралық келісімді күнкөріске, арзан бедел жинауға айналдыру – қазақты да, Қазақстанды да сыйламау.
– Қазір Діни сенім бостандығы туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатқан тұста кейбір миссионерлер Елбасыға дейін хат жазып, кейбірі ЕҚЫҰ-ға шағым түсіруге талпынып жатқанға ұқсайды. Сіздің ойыңызша, халықаралық ұйымдардың қысымынан кейін Қазақстан қайтадан бұл заңды қайта қабылдаудан бас тартуы мүмкін бе?
– Елімізде бүгін ислам дінінің 2369, протестанттардың 1208, православие дінінің 286, католиктердің 83, сондай-ақ дәстүрлі емес діндердің ұйымдары жұмыс жасайды, 370 шетелдік миссионерлері тіркелген, тіркелмегендердің саны өз алдына. Батыстан келген діндерді көбірек тіркесек, өркениетті ел боламыз деп, көптеген секталарға есік аштық, енді қоғамнан, отбасынан қол үзіп, фанатик болған жігіттеріміз бен қыздарымызды қайта өмірге оралту оңай болмай тұр. Біз бүгін атеизмнен шынайы дінге оралудан гөрі, дін нарығында қай дін шынайы, имандылыққа апарады, қайсысы адастырады деген мәселеге бас қатырудамыз.
Кіндігін атеистер кескен ұрпақ аяқ астынан діншіл бола алмайды. Дінге деген ықылас бізде діни ізденістен гөрі, зорлап таңылған советтік идеологиядан еркіндік алу болатын. Көп жағдайда дін ізденіс емес, сәнге, мүләйімсіп, ақ орамал тартып, тақия киіп құдайшыл бола қалу әдетке айналды. Бұқара халықтың дін туралы түсінігі таяз, салт-дәстүр деңгейінде ғана. Кешегі атеистік қоғамнан бірден діни наным-сенімге өту мүмкін де емес. Бүгінгі ғылыми әдебиетте екі түрлі қарама-қарсы пікір бар:
1. Дін халық арасында кең тарап, жұрт дінге бет бұрды;
2. Діни сенім әлі таяз, халықтың қай дінге бет бұрғанынан хабардар емеспіз.
Заман күрделі, оның пәлесі мен қырсықтары көп, олардан арылудың жолын халық діннен де іздеуде. Маркстік атеизм қоғамды жаппай дінсіз ете алмады, дін де өзінің тамырының тереңдігінің арқасында түгел жойылмады. Дәстүріміз, салтымыз да сақталды, іштей қарсылық білдіріп аман қалдық. Сондықтан Қазақстанда мұсылман дінінің келешегі бар. Еліміздің болашағына мұсылман діні ғана тірек бола алады деген пікір басым. Дінге бетбұрыс ұлттық тәуелсіздікпен тұспа-тұс келді. Біз жалпы дін емес, мәдениетіміз, тарихымызбен бірге біте қайнасқан ұлттың наным-сеніміне, көзқарасына негіз болған мұсылман дінін таңдадық. Бірақ жағдай бірте-бірте өзгере бастады. Еркіндікті бөтен діндер, секталар, зиянды ағымдар пайдаланды. Діни танымы таяз халық оларды ажырата алмай қалды.
Дінсымақ жалған діндердің жетегінде кетудің басқа да себептері бар. Халық социализм мен коммунизмге деген сенімнен айырылды. Оның үстіне жұмыссыздық, кедейшілік, қылмыстың өсуі, жемқорлық үрей туғызды, халықты тұйыққа тіреді. Шарасыздық, қатігездік пен жабайылық жайылған орта адамды өмірден түңілуге, біреулерді тіпті өзіне-өзі қол салуға итермеледі. Жұбатушы да, қол ұшын беріп қолдаушы да таба алмағандар секталардың ықпалына түсті. Тәжірибесіз жастар, әлеуметтік жағынан әлжуаз отбасылар, жалғыз бастылар, жұмыссыз, шарасыз адамдар секталарға өзі барды. Осылай екі жақты байланыс қалыптасты. Жаңа дінсымақ ұйымдар қазақи ортаға бейімделіп, күшті әсер етті, қызығушылық туғызды, біздің Еуропаға бірыңғай еліктеуімізді жақсы пайдаланды. Секталар уағыздарын қазақ тіліне аударды. Миссионерлер өздерінің қызметін бүгін алыс ауылдарға, аудандарға аудара бастады. Әсіресе ұлтсызданған, нигилист қазақтар зиянды дінге әуес болды. Ал мемлекет болса, дін мемлекеттен бөлінген деп теріс айналып кетті. Мемлекеттік органдар, дәстүрлі дін өкілдері елдің мәдениетін, салтын, дәстүрін қорғаудың орнына, жалтақтық позиция ұстанды. Сондықтан қалыптасқан жағдайдың себебі тек секталардың белсенділігінде ғана емес, мемлекеттің, еліміздегі тарихи діндердің іс-әрекетінің шарасыздығынан болды.
– Еліміздің дін саласында сізді қандай мәселелер ерекше алаңдатады?
– Олар мыналар: зиянды діни әдебиеттерді емін-еркін шығару және тарату; діни уағыздар арқылы адамдардың денсаулығына зиян келтіру; ата-ананың рұқсатынсыз оқу ұйымдарына діни уағыздарын насихаттау; материалдық көмек арқылы дінге тарту, жасөспірімдердің зайырлы білім алуына, әскерде азаматтық борышын атқаруға кедергі келтіру, сырттан мол қаржы алып, оның көзін жасыру, гипноз, басқа да жолдармен діни ұйымға тартып, азаматтардың үйін-мүлкін алу, өлім алдындағы ауру балаларына, бауырларына қан құюға үзілді-кесілді қарсылық білдіру, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгерту, бірыңғай діни мемлекетке айналдыруға әрекет.
Осы аталған жүгенсіздіктер ұлтымыздың, отбасымыздың тұтастығына қауіп төңдіріп отыр. Заңды бұзушылыққа қарсы айыппұл салу ғана емес, қылмыстық іс көтеру қажеттігі туып отыр. Мәдениет тыйымнан басталады деген қағида бар. Осы заңды бұзушылыққа тыйым салынбаса, елдің рухани аза беретіні анық. Ал Парламент депутаттарының діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелер бойынша заңға өзгерістер туралы бастамасы құптарлық.
– Ал осы заңның жаңа жобасы көңіліңізден шыға ма?
– Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуіне сәйкес, жобада мемлекеттің қызметі айқындалған екен. Мемлекет азаматтардың діни көзқарасын сыйлайды, жас ұрпақтың діни сенім бостандығы құқығын ескере отырып, тәрбиеге араласпайды; әртүрлі дін ұстанатын және ұстанбайтындар арасында өзара төзімділік пен құрмет ахуалын қалыптастыруға ықпал етеді. Ал діни бірлестіктер мемлекеттік органдардың қызметіне араласпайды, партиялардың қызметіне қатыспайды, саяси насихатқа жол берілмейді, заң талаптарын сақтауға міндетті. Осы заң жобасы түгелдей мақұлданып, жүзеге асқан күннің өзінде, елдегі діни ахуал жақсарады дегенге мен сенбеймін, себебі заңға байланысты емес көптеген мәселелер бар. Ол тарихи діндер мен мемлекеттің бірлесіп шешетін мәселелерінің айқындалмауында. Дін адамның жанын билесе, мемлекет тәнін билейді деген қағида бар. Дін адамдар Құдай алдында бірдей, тең десе, мемлекет адамдар заң алдында тең дейді. Зайырлы мемлекеттің атеистік мемлекеттен айырмашылығы да осы жерде. Дін қоғам мәселелері жөнінде өз пікірін ашық білдіруге тиісті. Ол қандай мәселелер?
Қылмыстың рухани себептері мен астарлары, оның алдын алу;
Отбасы мәселелері туралы;
Порнография, жезөкшелік, жалпы азғындықпен күрес;
Түсік мәселелері туралы уағыздар;
Экологиялық дағдарыс;
Дін және бұқаралық ақпарат құралдары мәселесі;
Зайырлы және діни білім;
Рухани және мәдени мұраны сақтау;
Қайырымдылық және басқа мәселелер;
Егер біздің мұсылман діни бірлестіктер, басқа да дәстүрлі діндер өз орнын таппаса, қоғамдық өмірге араласпаса, олардың орнын секталар басады. Мешіт мемлекеттен бөлінгенмен, ол қазақ, мұсылман қоғамынан бөлінбейді, ал мұсылмандар біздің қоғамның барлық саласында еңбек етуде.
Діннің мемлекетті қолдауының да, мемлекеттің дінді қолдауының да шегі бар. Дін қарапайым халыққа да, байларға да, билікке де, оппозицияға да, партияларға да, партиядан тыс бұқараға да бірдей. Дін байлықты, қаржыны төгіп-шашумен келісе бермейді, билік пен ымырашылдыққа бара бермейді. Мысалы, Қазақстандағы шахтерлердің қайғылы қазасына, басқа да елді дүрліктірген оқиғаларға байланысты мұсылман, православие дін өкілдері үнсіз қалды. Бұл жағдай оларды халықтан алшақтатпаса жақындатпайды. Халықтың бір бөлігінің жалған діндерге еріп кетуінің бір себебі тарихи діндеріміздің енжарлығында жатыр.
Христиан шіркеуінің кейбір көрнекті өкілдері терең тамыр жайып кеткен өздерінің кеселдерін өздері ашық сынға алды. 2000 жылдың ақпан айындағы Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Ватикандағы өкінішке толы сөздері әлем жұртшылығына терең әсер етті. Ол католик шіркеуінің кінәсін мойындады. Бұқараның мүддесінен қол үзгені үшін кешірім сұрады. Бүгін миллиондаған адамдар кедейшілік, жұмыссыздық, әділетсіздіктің зардабын шегуде. Дін қайғы-қасіретті, қандайда ауыр жүкті көтеруге көмектеседі, жұбатады, төзімділікке тәрбиелейді. Діннің жұбатушы қызметін жалған діни ұйымдар жақсы түсінеді де, қажыған адамның қасынан табылады. Мемлекеттік органдар, дәстүрлі діни бірлестіктер бұл жағдайда секталардан ұтылып қалып жатады.
Елдегі дәстүрлі діндердің ұтылып жүрген басқа да тұстары көп. Мысалы, протестант ілімінің еңбекке деген этикасы жастарды қызықтырады, оларды жаңа бір қырға көтереді деген пікір кең тараған. Протестант этикасы мен құндылықтары нарыққа бейімді, ал ислам діні имандылықты қолдағанмен, материалдық игіліктерге ұмтылдырмайды деген пікір орын алған. Ислам дінінің еңбек, шаруашылық, кәсіпкерлік саласындағы қағидаттары, әсіресе, қаржы саласында бүгін әлемді мойындатып отыр. Ислам пайда табу мен имандылықты ұштастырған дін, бірақ біздің халық осыдан хабардар ма?
– «Дін мемлекеттен бөлек» дейді. Бұл тұста дін мен мемлекет қалай бірлесіп жұмыс жасайды?
– Бүгін дәстүрлі діндердің қоғамдағы орны туралы мәселе көп елдерді ойландырып отыр. Батыста діндердің жағдайы бірдей емес. Еуропаның зайырлы мемлекеттерінде тарихи, дәстүрлі діндер мен мемлекет арасында келісім жасалған. Халықтың дүниетанымы, мәдениеті, дәстүрімен бірге жасасып, оларды сақтаған дін бүгін де, ертең де сол руханилықтың кепілі бола береді, оған дін де, мемлекет те мүдделі.
Ал басқа діндер мемлекетке тірек бола алмайды. Сондықтан дін саласындағы демократия кім күшті, кім арсыз, кім ақшалы сол жеңсін деген сөз емес, оны демократия деуге болмайды. Зорлықпен, алдаумен, арбаумен, ақшамен, дүниемен қызықтырып кіргізген дін – ол дін емес, ол азғындық, ондай дінге халық мұқтаж емес.
ТМД елдерінде байырғы дін мен мемлекет келісімге келген екі елді атауға болады: Ресей мен Белоруссия.
Ресей православие шіркеуі православтарға өзінің әлеуметтік доктринасын ұсынды. Патриарх баспасөз бетінде халыққа және президентке өзінің ішкі және сыртқы саясаты туралы үндеуін жариялап тұрады, сайланған президентке өзінің ақыл-кеңесін береді, сайлау науқандарында белгілі бір кандидаттарға қолдау көрсетеді, өз дініндегілерге бағыт-бағдар беріп жатады, мемлекеттің ішкі саясатын қолдайды, тіпті заң шығару ісіне де араласады. Бүгін Ресей билігін дінге ашық бетбұрыс жасап, заңдылықты бұзып отыр деушілер де көп. Ресей православие шіркеуі үндемей, Ресей президентінің 1993 жылғы Парламентті атуын, он мыңдаған адамдар өліміне қарамастан орыс-шешен соғысын қолдады. Сонымен Ресейде конституция бойынша мемлекетпен діннің бөлінуі жай сөз ғана болып, бүгін дін мен мемлекет бірікті деген пікір басым. Ресей православие шіркеуі діни сенім министрлігіне айнала бастады делінеді. Бұл көп конфессиялық елде діндердің бәсекелестігін тудырып, жағдайды одан әрі шиеленістіріп отыр. Православие үстем тап өкілдерінің қол шоқпарына айнала бастады. Маркс айтқандай, дін кедей топтардың санасын уландыратын апиынға айналды. Ресей православие шіркеуі заң жүзінде өзінің басқа конфессиялардан артықшылықтарын мойындатты, себебі елдің 80 пайызы орыстар немесе православтар. Православие діни мерекелеріне мемлекеттік діни мереке мәртебесі берілді. Шіркеу құрылыстарына қаржы бөлінуде, мектептерге діни оқу, әскери бөлімдерде капеллан институты енгізілді.
Қазақстандағы Мұсылмандар діни басқармасының да, мұсылман дінінің мәртебесі де жоғары емес. Оның бірқатар себептерін айттық та.
Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңында «Қазақстан Республикасы Қазақстан халықтарының рухани мұрасымен үйлесетін діндердің мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келісімнің маңыздылығын, діни төзімділікті және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді таниды» деп көрсетілген. Бұл толықтыруларды 2005 жылы шілдеде енгізгенбіз. Бүгін оны одан да тереңірек анықтау қажеттілігі туып отыр. Қоғамда ислам құндылықтарын танитын заң қажеттілігі бар. Бұл дін қоғамымыздың материалдық және рухани тұстарымен өзара байланыста.
– Түрлі ағым-секталардың арбауына түспес үшін халықтың діни сауатын қалай ашуға болады?
– Күрделі мәселенің бірі дін мен зайырлы білімнің бір-бірімен байланысы. Мәселе бұл жерде білімге деген көзқарасқа байланысты. Егер білім рухани құндылықтардың сабақтастығына негіз болатын әлеуметтік институт болса, онда дінге оңды көзқарас орнайды. Ал егер білімге тек кәсіптік мамандар дайындайтын институт ретінде қараса, онда оқу орындарында дінге көзқарас салқындау болады.
Жастардың бөтен діңдерге еріп кетуі көптеген жас мемлекеттерді дінтану пәнін енгізуге итермеледі. Жастар діни әдебиеттер мен діннің негізгі қағидаларымен таныс емес, дәстүрлі діндердің тарихын, талаптарын біле бермейді. Ресейдің білім министрлігі 2003 жылы «Православие мәдениетінің негіздері» және «Әлемдік діндер тарихы» пәндерін енгізді. Бұл пәндер көптеген облыстарда міндетті пәндерге айналды. Бұл діни емес, тарихи, мәдени бағыттағы пәндер. Бірақ көптеген республикаларда оны дін оқуына айналдырған. Ал Ингушетия, Шешенстан, Татарстанда исламдық дін ілімін үйретуге бет алған. Сонымен, білім дінге бейімделіп бара жатыр деген қарсылық айтылуда. Ресейдің бір топ академиктері осыған байланысты В.Путинге хат жолдады. Онда көпұлтты, көпдінді федеративтік мемлекетте православие дінін пән ретіне енгізуге күмән туғызылды. Бір дінді қолдау елге іріткі салып, оны ыдыратуға әкеледі деген болжам айтылған. Пікірталас әлі жүріп жатыр: Дінге байланысты пәндерді қай сыныптан енгізе бастаймыз? Кімдер сабақ береді? Священниктер, мектеп мұғалімдері, дінге сенетіндер ме, әлде атеистер ме дегендей мәселелер көп. Қоғамдық пікір «Әлемдік діндер тарихын» енгізуді басымырақ қолдайды. Бұл пәннің танымдық сипатымен қатар, зайырлық мәні де жоғары деп есептейді.
Қазақстан білім беру мекемелерінде «Әлемдік діндер тарихы» сұранып тұр. Жастардың діннен тірек іздеуі, дінге үміт артуы өсе береді. Біреулері үшін дін ұлттық бірліктің белгісі, екіншілері үшін терең дүниетанымның қазығы, үшіншілері жай қызығушылық танытады.
Сонымен, жаппай атеизмнен жаппай діншілдікке өту мүмкін емес, еліміз дәстүрлі дінімізге қарай бетбұрыс жасауда, оны қолдау мемлекеттің де, тарихи дініміз өкілдерінің де парызы. Билік, байырғы діндерді қолдаса, жастар мұсылмандыққа көбірек бұрылады, дінімізге де, елімізге де сенім күшейеді.

Сұхбаттасқан
Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

 

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 621730
Всего зарегистрированных пользователей: 15199
Последний зарегистрированный пользователь: Lucky
Сейчас посетителей на сайте: 74, из них зарегистрированных: 3, скрытых: 1 и гостей: 70
Зарегистрированные пользователи: apo, Newman, Нарымбаев Ермек
Самые активные комментаторы:
Fcuk (10258) KULTEGIN (7306) Alty Alash (6852) kazak (5853) ангел (4830) Wladimir (4647) Йода (3994) Евгений Нечаев (3723) Я (3385) Салафи (3186)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Яндекс цитирования