RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: qazaqtv
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Төрлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана
 IZGI AMAL
 Интересное
 qazaqtv
 Андрей Васильевич
 Преподы КазНУ!
 bai_sarsen
 Ақ сөйле......
 LS-Личный счет
 Геройхан Қыстаубаев
 Костя Борщанский
 patriot_kz
 iparty
 народные коммунисты
 П.А.
 Союз пострадавших от \"Эйр Астана\"
 Анатолий и К
 Списание долгов и безнадежных активов!
 Курмантаев Аблай
 Window on Kazakhstan Consulting Group LLP
 леонид
 ksysha
 Гаськов
 greenparty.kz
 Мария Красина
 SunWay
 Мавледов Айдархан Курамаевич
 Александр Михайлов
 SrZozo1
 The Rule of Law
 katong
 maskai
 www.internetTV.kz
 Татьяна Ордобьян
 KSMK
 obshestvo
 Сергей Набоков
 patron
 fotoohota-2009
 Ой-бай
 mi_poka_zdes
 Асылхан Адай
 ЖАС КАЗАК УНI газеті
 \"Азат\" газеті
 Тимур Ахметов
 РОО \"ОМП\"
 тауба
 мир
 pravda_eto_vse
 fiberoptic
 potap
 новые журналисты
 Дмитрий Нечаев
 Коллектив АО \"ТРАНССТРОЙМОСТ\"
 kplus-tv
 ОО \"Оставим народу жилье\" Алматы
 Krestnikov
 titanik
 ruslan
 Гражданин К
 ukoft
 millermusic.kz
 Вся сила в Мизинах!
 ernar
 mal
 Адильжан Набиев Jr.
 Aikumenov
 Johnny Jr.
 Ioan
 Агафонов
 Жүсіп Сәрсенбі
 Канат Семсер
 малыш
 Профком угольщиков Экибастуза
 Профком горняков Экибастуза
 Алекс Простоа
 prostoa
 МОЛОДЕЖЬ ЗА ИЛЬИНА!!!
 ДУМК
 офицеры МВД РК
 Справедливый
 Rishat Rakhimov
 Правоверный мусульманин
 Информированный
 МЕРГЕН
 lilit
 У акима маленький
 Curse Of Millhaven
 У АКИМА МАЛЕНЬКИЙ.
 Ядро
 Каргабаев Мирзабек-исследователь \"каламгер\"
 azg
 Казахстанские застенки- Вадим Курамшин
 Захват собственности-Ипотекаразверстка
 Правда ВКО
 Басир Даулбаев
 Олег Белов
 \"Ұлт. Рух. Отан. Жаңғыру\" Қоғамдық Қозғалысы
 za_dostoinoe_zhilje
 ОЙ-ДОДА@ОЙ-КӨКПАР
 Baker
 Демиург
 Demlurg
 \"Мемлекеттік тіл\" қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановтың блогы
 Azamat Karimbaev
 ergaz
 M_Mukushev
 \"АЛАШ ҮНІ\" қоғамдық бірлестіктер одағы
 ТОО \"АВТОПАРК\"
 Мемлекеттік тіл
 zhuanisheva
 Zidan00
 ҚОҒАМДЫҚ TV
 килиманджаро25
 пупсик
 baturinasveta
 Беспредел теплодателя
 Аналитический центр UIB
 сакен
 Tamyr-puls
 Tamyr-plus
 Zemkon
 daur
 Гражданин
 antimuha
 asasss
 T@ken
 Kamilla
 Сыбага
 Nazar
 kairzhan
 Беспредел на периферии- Курамшин.
 ter
 Микаэль Аарон
 The whip of the nation
 kairzhan3
 Тайное правительство
 Нукер
 7
 AzilTV
 Sever
 AshatD_09092010_a
 звёздный блог
 istina

qazaqtv
Желтоқсаншы, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ - Қайрат Рысқұлбековтың туған күні (фото-видео репортаж) [0/138]
qazaqtv, 15 march 2010 11:07:31
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 15...
ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор, ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ "ЭКОНОМИКА" атты 10 томдық таңдамалы еңбектерінің тұсаукесері (фото-видео репортаж) [2/147]
qazaqtv, 6 march 2010 12:03:59
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ...
"ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗДЕРІН - мектеп бағдарламасына енгізу мәселелері" атты ұстаздарға арналған семинар (фото-видео репортаж) [0/183]
qazaqtv, 1 march 2010 18:36:46
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ...
"СТАЛИНИЗМ: репрессияланған ҚАЗАҚСТАН" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан (фото-видео репортаж) [4/226]
qazaqtv, 26 february 2010 08:52:55
  Арнайы www.internetTV.kz үшін БАЛТАБАЙ ҚАБЫЛАН. Қазақ...
Алматы қаласындағы №131 гимназияда өткен "БИОЛОГИЯ - XXI ҒАСЫР ҒЫЛЫМЫ" атты танымдық сабақ (фото-видео репортаж) [3/284]
qazaqtv, 21 february 2010 12:46:25
Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы. Қазақ...
Тәуелсіз Қазақ Елі бала-бақшаларындағы ұлттық тәрбие жайында (фото-видео репортаж) [1/278]
qazaqtv, 18 february 2010 12:00:21
Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы. Қазақ...
Тәуелсіз ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ бала-бақшалары қандай болуы керек? (видеосюжеттер) [1/281]
qazaqtv, 16 february 2010 13:53:59
Арнайы www.internetTV.kz сайты үшін Қарашаш...
Ұрпағының ұлттық болмысын, IT технология көмегімен, жаңғыртуды көздеген ҚАЗАҚТЫҢ АҚСАҚАЛЫ (фото-видео репортаж) [0/343]
qazaqtv, 11 february 2010 23:51:45
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 10...
Қалдыбай Дүйсенғалиев: "Басқаларға таптатпайтын ЖЕРІМДІ, Елбасым бар сенімді" [16/422]
qazaqtv, 10 february 2010 11:08:27
Қалдыбай Дүйсенғалиевтың 2009 жылы ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ -...
Қазақ Елі гуманистерінің ақсақалы Мақсұт Оразай:"...бізді мұзға отырғызып, халықтың көңілінен шықпай жүрген кім?" [15/460]
qazaqtv, 8 february 2010 10:21:46

ХАЛЫҚ пен БИЛІК, "екеуі екі тілде сөйлеп", бірін-бірі түсінбей жүрген жоқ па? (фото-видео репортаж) [1/323]
qazaqtv, 3 february 2010 11:58:31
Арнайы www.qazaq.kz үшін НАУРЫЗБАЙ ЕЛТІНДІ. Қазақ Елі, 3...
Әлем тілдерін дамытуға тыраштанбай, өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!(фото-видео репортаж) [3/412]
qazaqtv, 30 january 2010 17:42:17
Арнайы www.qazaq.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 30...
Қазақстан Республикасы ұлттық саясаты тұжырымдамасының Жобасы жарияланған баспасөз конференциясы (фото-видео репортаж) [0/425]
qazaqtv, 27 january 2010 11:27:48
Арнайы www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,...
Халық емшісі ӨТЕЙБОЙДАҚ бабамыздың жолын қуған - бүгінгі ізбасарлары бар ма? (фото-видео репортаж-1) [3/439]
qazaqtv, 23 january 2010 18:11:41
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 22...
Дос Нұрахмет: "Мақсатымыз - байырғы ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ұлттық мемлекетті нығайтып, дамыту!" [10/420]
qazaqtv, 20 january 2010 12:46:00

Айдос Сарым:" Біз биліктегі АЗАМАТТАРМЕН бірге ҰЛТ МҮДДЕСІ үшін қызмет етуге әзірміз! [6/448]
qazaqtv, 17 january 2010 17:34:58
www.internetTV.kz сайтынан көшіріп, осы блогқа орнатқан...
Жанұзақ Әкім: "Жер мемлекеттің негізі ..." Мөде қаған: “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...” [9/662]
qazaqtv, 9 january 2010 21:23:22
    Шетелдік инвесторлер кеңесінің соңғы...
Қазақ Елінің болашағына балта шабушы халықаралық "құқық қорғау" ұйымдары діни сектанттарды қолдап-қорғауда. [9/605]
qazaqtv, 1 january 2010 14:05:26
Видеозапись лекций миссионерки, сделанная...
Жазушы Бейбіт Қойшыбаев:"ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН тойлауда билік түзейтін кемшілік көп..." (видеосюжет) [1/422]
qazaqtv, 30 december 2009 18:03:49
 Арнайы qazaqtv үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 16...
ҚУАНАМЫЗ БА, әлде КҮЙІНЕМІЗ БЕ? Виктор Храпунов - Швейцария миллионерлерінің алдыңғы легінде! [9/619]
qazaqtv, 17 december 2009 17:02:40
    http://abai.kz/sites/default/files/v-hrapunov2704.jpg Қазақ Елінің...

Дата публикации: 2009-01-06 20:54:37

Назарбаевтың жеке басына табынушылық демократияның келешегі үшін қауіпті қарқын алып барады

[1079/0]

29.12.2008 Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ ("Азаттық" радиосы)

Ақтөбе қаласындағы президент Н.Назарбаевтың қазақ хандарымен теңестіріліп салынған суреті

 

Өтіп бара жатқан 2008 жылдың басты ерекшеліктерінің бірі – Қазақстанда Назарбаевтың жеке басына табынудың күшеюі болып отыр. Бұл –Орталық Азиядағы экзотикалық автократ Сапармұрат Ниязовтан кейін жеке басқа табынудан пайда болған құбылыс.

НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ХАНДАРҒА ТЕҢЕСТІРІЛУДЕ

Жеке басқа табыну – Қазақстанда жаңа құбылыс емес. Бұл құбылыс жүйелі түрде өзінің тікелей иеленушілерін Сталиннен Хрущевке, одан Брежневке ауыстырып отырған. Енді міне, Қазақстанда Назарбаевтың жеке басына табынатын болды.

Бақытжан Шураев, жеке меншік компанияның қызметкері, Ақтау қаласының тұрғыны:

Ақтаудағы үйлердің бірінің қабырғасын алып тұрған президент портреті. 2008ж.



« Жеке басқа табыну неден көрінеді? Адамдардың түсінігі бойынша, теледидардан айналдырып бір нәрсені көрсете беру. Бір кездері біздің Ақтауда Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін тоғыз қабатты үйге тұтас ілген.

Онда қатарынан үш тоғыз қабатты үй тұр. Алғашында үйдің тұтас қырына оның портретін ілген еді, ал, көршілес үйлерде – Абылай хан мен басқа да атақты хандарымыздың портреттері тұр. Мұнысы Назарбаев –біздің бүгінгі ханымыз дегендей.

Бұл портреттер онда бір жылдай ілініп тұрды. Жоқ, тіпті, бір жылдан да ұзақ тұрды. Кейінірек алынғаны рас. Алып тастауына сол суреттердің түсін жоғалта бастауы себеп болған сияқты. Сонымен бірге қай жерден болмасын Нұрсұлтан Назарбаевтың “партия мен халық егіз ” деген сияқты “данышпандық ” сөздерін көруге болады. Мұның барлығы өткен күндерде ғана болып еді ғой. Мұндайда, біз мұны өтіп кеткенбіз демейтін ба еді?

Теледидарды қоса қалсаң да, көрсететіні- Назарбаев. Жеке меншік телеарнадан бізде ештеңе де қалмады. Сондықтан да мен біздің арналарды көрмеймін де.

Айтқандай, жақында менің мынаған зығырданым қайнады. Неге екенін білесіздер ме? Арманжан Байтасов та, біздің белгілі медиамагнат, “Нұр-Отанға” кіріп алыпты. Ол басқа жағдайда тірі қала алмайтын болған ғой, - деп ойлаймын».

Айман Сығай, Ақтөбелік бухгалтер, президент Назарбаевтың есімінің шектен тыс жиі айтылатынына тоқталды:

«Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына табыну құбылысын кез-келген адамның, мейлі ол қарапайым адам болсын, жоғары дәрежелі шенеунік болсын сұхбаттарында міндетті түрде табыстарына да, жұмыстарына да президенттің есімін қатыстырып айта беруінен көремін. Керек жеріне де, керек емес жеріне де қыстыра береді. Меніңше, оның есімі, шектен тыс жиі аталуда.

Мен көшеде келе жатқанда, жарнамалық тақталарға, билбордтарға көңіл бөлмеймін. Жарнамалық тақталардан жауыр болған бір бейнені ғана көруге болады. Мұның әдетке айналғаны соншама, мен оған көңіл де бөлмеймін.

Назарбаевтың Олимпиада алауын алып бара жатқан суреті. Алматы, 2008 жыл



Мен мұның бәрі жеке басқа табынуға жата ма, жатпай ма білмеймін. Мемлекеттің бұрынғы басшыларының – мен кеңес үкіметі туралы айтып тұрмын - әрқашан және барлық жерде суреттері, портреттері ілініп тұратын. Бұл жеке басқа табынуың белгілеріне жатады ма, жатпайды ма, білмедім.

Әрине, оның портреттерін азырақ жапсыруға да болатын еді ғой. Біз қалай болғанда да, сол президентіміз айтудан шаршамайтын демократиялық ел емеспіз бе? Ал енді оған көрсетілетін сый-сияпаттар – ордендер, түрлі атақтар, мұражайлар және алғашқы президенттің ордені- ол өмірден кеткен соң жасалуы керек емес пе? Басқалай жағдайда бұл сыпайылылыққа жатпайды деп есептеймін».

Қарағандылық архитектор Сұрат Қайысбай Нұрсұлтан Назарбаевтың шексіз дәріптелуі туралы былай дейді:

« Біз не көреміз? Біз құдайдың құтты күні “Бағдадта бәрі тамаша” дегендей, бізде демокртиялық мемлекет екенін естіп жатамыз. Бәріне қасарысқанда, біз гүлденіп келеміз – дағдарыс бізде атымен жоқ. Алғашқы президентіміздің көрегендік басшылығының арқасында, экономикамыз да қалыпты жағдайда. Яғни біз күнде жалғыз адамның әрекеттерін дәріптеп жатамыз, оның жолдаулары, оның сөздерінен үзінділер айтып жатады, оның портреттері, суреттерін көреміз. Тағы да басқа осы сияқтылар »

“Хабар”, “Қазақстан” телеарналарын көрмесе де болады. Таңертеңнен кешке дейін сол бір “күйтабақты” айналдырып түрлі нұсқада, түрліше түсіндіріп қоя береді. Бұл адамды мезі қылып, жүректі айнытады.

Мені әсіресе, Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісім, мемлекет басшысының көрегендік саясатының арқасында сақталып отыр дегені ашуландырады. Ал мұның бәрі соншалықты әрлендіре, шабытпен жеткізіледі.

Алайда бұл маңдайы жеті қарыс болса да, бір ғана адамның еңбегі емес қой, халықтың, ежелгі бай рухани мұрасы бар қазақ халқының, еңбегі. Осындай мұрасының арқасында ғана қазақ жерінде көптеген халықтар мен ұлыстар өзара келісім мен бейбітшілікте өмір сүруде. Бұл мүмкін соншалықты шабытпен айтылған болар , мұның бәрі жеке бір адамның арқасында емес, менің халқымның даналық және бай рухани негізінде дер едім.

Бәрінен бұрын мені таңғалдыратыны, Назарбаевтың осы еңбекті өзі иемденгісі келетіні. Және мұны ғана емес, елдегі бар игілікті, тәуелсіздік жылдарындағы атқарылған істердің бәрін соның атына телиді. Бізде жасалып жатқанның, атқарылған істердің және болашақта орындалатын істердің бәрі бір адамның “ бастамасымен”, “тапсыруымен” немесе “қамқорлығы арқасында” . Не деген дарақылық! Бәрі мұны біледі, сезінеді».

САЯСАТКЕР УӘЛИХАН ҚАЙСАР НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ТАБЫНУ ҰЛТ ҮШІН МАСҚАРАЛЫҚ БОЛАТЫНЫН ЕСКЕРТЕДІ

Астанадан Уәлихан Қайсар, экс-сенатор, «Азат» партиясының Астана филиалының жетекшісі, бізге берген сұхбатында былай дейді:

«Біріншісі. Күні кеше [сұхбат 17 желтоқсанда өтті ] “Казахстанская правда” газетінің номерін қарағанда, мен бір қызыққа кенелдім. Газетте сегіз бет болса, Нұрсұлтан Назарбаевтың атын атамайтын бірде-бір парағы, бірде бір мақаласы жоқ.

Атыраудағы ауруханалардың біріндегі Н.Назарбaевтың қанатты сөздері.2008ж.



“Казахстанская правда” газеті де “Егемен Қазақстан”газеті сияқты – біздегінің бәрі жақсы, тамаша болуы соның еңбегі, соның табыстары екенін айтып президент туралы ғана айтып, президентті ғана дәріптейді.

Екіншісі. Жеке басқа табыну дегеніміз не? Астанадағы билбордтардың 50 пайызы таза коммерциялық, 50 пайызы – оның фотосуреттері, портреттері, сөздері, жолдаулары, яғни, Астанадағы әрбір екінші билборд тек президент туралы»

Үшіншісі. Егер сіз кез келген мемлекеттік мекемеге кірсеңіз, айналаңызда, барлық жерде – сөрелерде оның кітаптары, оның сөздері жазылған плакаттар, қабырғаларда оның портреттері, оның суреті салынып тоқылған кілемдер ілінген.

Төртінші сәт. “Хабар” телеарнасын қарасаңыз, эфирде тек сол туралы ғана көрсетеді. “Қазақстан-1” телеарнасына ауыссаңыз, әрбір екінші телебағдарламасында президент туралы сөз болады.

Келесісі. Егер сіз мемлекеттік шенеунікті тыңдасаңыз, олардың айтатындары “ мемлекет басшысының бастамасымен”, “ бірінші президенттің ұсынысы бойынша”, “ Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен” немесе “ мемлекет басшысының қамқорлығы арқасында” деген ғана. Яғни, біздегінің бәрі және барлығы мемлекет басшысының арқасында.

Міне бұл жеке басқа табынудың ең қорқынышты түрі. Енді тіпті, мектептерде бірінші сыныптан бастап, біздің мемлекет басшымыз – Қазақстанның бүкіл тіршілігін ұстап тұрған адам дегенді балалардың санасына құйыла береді.

Енді қазақ сусындары да "нұр" деген атаудан басталатын болды. Алматы



Қазақстан , менің ойымша, мемлекет басшысының қамқорлығы арқасында емес, оған тәуелсіз өмір сүруде!

Егер тағы да біраз ойланып қарасақ, президенттің жеке басына табынудың бірнеше жарқын мысалын келтіруге болады. Мәселен, барлық соңғы атауларды алайық – барлығына «нұр» қосымшасын тіркестіреді. Жақында “Есіл” каналын “Нұр- Есіл” деп қайта атады. Астанаға кіріп келе жатқанда бұрынғы “Базаның” орнына “Нұр- Базаны” көресіз. Қазір мұндай мысалдарды көптеп айта беруге болады. Бүгінде барлық дүкендер өз атауларына «нұр» қосымшасын жалғап алған.Конституцияны президенттің ыңғайына қарай өзгерткенін айтпасақ та болады. Мемлекеттік әнұранның авторларының бірі президенттің өзі - міс. Көзі тірісінде алғашқы президенттің мұражайы, алғашқы президенттің ордені және т.б. пайда бола бастады.

Міне мұның бәрі ақылға сыйымсыз және шындыққа жанаспайды. Мен мұнда президенттің әрекетін адамгершілік тұрғыдан таразылап тұрғаным жоқ. Бұл бөлек әңгіме, бұл да өз алдына үлкен тақырып.

Ашығын айтқанда, қазақ халқының және Қазақстанның бірінші президенттен жолы болған жоқ. Бұл біздің халқымыз үшін үлкен масқаралық болды деп ойлаймын. Уақытында мұны шын сезінетін боламыз.

Мен көпшілік қауым бұдан дұрыс қорытынды шығарады деп ойлаймын. Мен біздің алғашқы президентіміз, біздің алғашқы ең сорақы масқаралығымыз да болатынына сенімдімін.

ЖАЗУШЫ ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛ АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА АЙНАЛАТЫНЫНА СЕНІМДІ

Қабдеш Жұмаділ, Алматыдан, публицист және жазушы, Астананың Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қайта аталуы мүмкін екеніне сенімді:

«Президент Назарбаевтың жеке басына табынудың белгілерін күнделікті және әрбір қадамымыздан көруге болады. Кез-келген баяндама Елбасынан басталады, барлық жақсы бастамалар президенттен шығады, барлық маңызды мәселелер мемлекет басшысының жеке тапсырмасымен атқарылады.Ал Астанаға келсек, ол бізде одан басқа ештеңе жоқтай «біздің арымыз бен мақтанышымызға», «біздің жалғыз көңіл аударарлық орнынымызға», « жалғыз мұражайға» және « тұтас қазақ мемлекетінің ерекше сипатына» айналып кетті.

Енді президентті Астананың бас архитекторы және құрылысшысы деп атап, оған тіпті, “ Қазақстанның еңбек ері” атағын да бермек болды. Бұл туралы парламенттің биік мінберінен де айтылды.
Демек, бұл жақында жаңа қалаға, жаңа астанаға жаңа есім беруі, тіпті, адамның есімін беруі мүмкін. Бұл әурешіліктің бәрі – қаланың есімін қайта атауға дайындықтың жүріп жатқанын білдіреді. Мен осылай деп ойлаймын. .
Президенттің 70-жылдығына орай Астананы Нұрсұлтан деп қайта атайтыны туралы да айтылып жатқан сөз бар».

БИЛЛ КЛИНТОН ИРИНА САВОСТИНАҒА ӨЗІНІҢ ПОРТРЕТІН ҚАЛАЙ ЖІБЕРДІ

Ирина Савостина Алматыдан, «Поколение» қозғалысының көш басшысы, жеке басқа табынудың мұндайын бұрын соңды көрмегенін айтты:

« Иә мен жеке басқа табынуды барлық жағдайда көріп жүрмін. Жан- жағыңызға қараңызшы, “Нұр-Банк” , “Нұр -Отан”– мұның бәрі нені білдіреді? Нұрсұлтан Назарбаевтың банктері екенін бе? Солай болар?! Ал партия кімдікі? Жеке басқа табынудың мұндай түрін мен өмірімде көрмеппін.
 

Алатын кредитіңіздің де "нұрдан" басталмаса, сәні келмейтін сияқты. Алматы, 2008 жыл


Не деген бассыздық десеңізші! Кез-келген дүкенге кіріңізші. Онда «президенттік» ірімшік, «президенттік» нан, «президенттік» майды сатып ала аласыз. Астананың бір жерінде тағы сапасы ерекше «президенттік» дәретхана қағазы да бар дейді. Кейде мен президент үшін қынжыламын. Егер мен оның кеңесшісі немесе тағы да басқа жақын біреуі болсам, оған «президенттік», «назарбаевтық» дегендерді шығарып жүргендерді Колымаға жер аударып жіберу керектігін айтар едім. Сіз біздікілер әлеуметтік қорғаудың «чилилік нұсқасымен» «жағынғанын» және әлеуметтік қорғаудың жаңа тәсілін қолдана бастағанын білесіз бе? Осындай жаңа тәсілдің негізінде президенттік сайлау кезінде ( сайлау ойдағыдай өтуі үшін жасаған шығар) барлық зейнеткерлерге үш мың теңге [25 долларға жуық] көлемінде ақша қосылды. Осы үш мыңдық қосымшаны «президенттік», «назарбаевтық» деп атады. Мұндайды көрдіңіз бе?!

Бізге зейнеткерлерге бұл қосымша ақша Нұрсұлтан Назарбаевтың қалтасынан шығып жатқан «президенттік -назарбаевтық» ақша емес, бұл -әдеттегі негізгі зейнетақы екенін, мұндай негізгі зейнетақыны әлемнің қай бұрышында жұмыс істесең де алуға болатынын айтып түсіндіру қиын соғып жатыр.

Зейнеткерлік жасқа жеткен соң, қай мемлекетте болмасын саған күнделікті күнкөріс деңгейіне жетерлік негізгі зейнетақы төленеді. Қазақстанда күнкөріс деңгейі мәселен, тұтыну кәрзеңкесімен белгіленеді.

Бұл күнкөріс деңгейіне коммуналдық қызмет түрлері де, киім, аяқ киім сатып алу да, жуынып, қырыну да – ешқайсысы кірмейді. Бір нәрсені талғажау етуге жетеді. Бітті!

Қазақстанда күнкөріс деңгейі қоршаудағы Ленинградтың пайкісімен теңестіруге болады.

Күнкөріс деңгейін көтерудің орнына бізде сол бір үш мыңды қосып отыр. Ал бұл беріп отырған қосымшасы бізге тиісті соманың төрттен бірін де құрамайды. Түсінесіз бе? Бұл жеке басқа табыну емес пе, айтыңызшы? Бұл ұят тірлік!

Зейнетақыға қосылатын осы үш мыңды тағы да «президенттік», «назарбаевтық» деп атайды. Сонымен бірге зейнеткерлер бір-біріне «құдай сақтасын, өлмесін, егер президент өліп қалса, мұны да алып қояды деп»,- айтып отыратыны бар.

Біздің дәуірімізде әкелеріміз Отан үшін, Сталин үшін деп шабуылға шықты. Егер сол заман қазір келсе, оның портреттері, бейнесі әр бұрышта, барлық дәрежедегі шенеуніктердің кабинеттерінде іліулі тұрса да, ешкім Назарбаев үшін олай істемейді деп ойлаймын.

Мен бірде АҚШ президенті Билла Клинтонның Моника Левинскимен ашыналық байланысы туралы дау-жанжал өршіп тұрған сәтте Америкада болдым. Байғұс еркекті қайдағы бір әйел Моника үшін қинап жіберді- ау деген әйелдік ниетпен оны қолдауға бел будым. Оның портретін қайдан сатып алсам екен деп ойладым. Білесіз бе? Мен оның бір суретін де таба алмадым!

Моника – кеседе де, табақта да, ашық хаттарда да – барлық жерде. Ал президент еш жерде жоқ. Мен оған хат жаздым. Бәрібір оның қолына тимейді ғой деп, қалжыңдап жазғанмын ғой. Мен оған «сен абыржыма, мұның бәрі әйелдердің өсегі, “сені Хиллари түсініп, еліңе жақсы президент болып қалсаң болғаны” ,-деп жазған едім.

Білесіз бе, екі айдан соң президенттен жауап алдым. Ол маған жақсы тілектері жазылған өзінің суретін жіберіпті. Суретінде әйелі Хиллари екеуі отыр. Сол кезде маған президенттің портреті сайлауға дейін ғана ілінетінін айтқан еді.»

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]













Яндекс цитирования