RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: qazaqtv
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Төрлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 \"Рух пен Тіл\" клубы
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана
 IZGI AMAL
 Интересное
 qazaqtv
 Андрей Васильевич
 Преподы КазНУ!
 bai_sarsen
 Ақ сөйле......
 LS-Личный счет
 Геройхан Қыстаубаев
 Костя Борщанский
 patriot_kz
 iparty
 народные коммунисты
 Союз пострадавших от \"Эйр Астана\"
 Анатолий и К
 Списание долгов и безнадежных активов!
 Курмантаев Аблай
 Window on Kazakhstan Consulting Group LLP
 леонид
 ksysha
 Гаськов
 greenparty.kz
 Мария Красина
 SunWay
 Мавледов Айдархан Курамаевич
 Александр Михайлов
 SrZozo1
 The Rule of Law
 katong
 maskai
 www.internetTV.kz
 Татьяна Ордобьян
 KSMK
 obshestvo
 Сергей Набоков
 patron
 fotoohota-2009
 Ой-бай
 mi_poka_zdes
 Асылхан Адай
 ЖАС КАЗАК УНI газеті
 \"Азат\" газеті
 Тимур Ахметов
 РОО \"ОМП\"
 тауба
 мир
 pravda_eto_vse
 fiberoptic
 potap
 новые журналисты
 Дмитрий Нечаев
 Коллектив АО \"ТРАНССТРОЙМОСТ\"
 kplus-tv
 ОО \"Оставим народу жилье\" Алматы
 Krestnikov
 titanik
 ruslan
 Гражданин К
 ukoft
 millermusic.kz
 Ернар Исмаилов
 mal
 Адильжан Набиев Jr.
 Aikumenov
 Johnny Jr.
 Ioan
 Агафонов
 Жүсіп Сәрсенбі
 Канат Семсер
 малыш
 Профком угольщиков Экибастуза
 Профком горняков Экибастуза
 Алекс Простоа
 prostoa
 МОЛОДЕЖЬ ЗА ИЛЬИНА!!!
 ДУМК
 офицеры МВД РК
 Справедливый
 Rishat Rakhimov
 Правоверный мусульманин
 Информированный
 МЕРГЕН
 lilit
 У акима маленький
 Curse Of Millhaven
 У АКИМА МАЛЕНЬКИЙ.
 Ядро
 Каргабаев Мирзабек-исследователь \"каламгер\"
 azg
 Казахстанские застенки- Вадим Курамшин
 Захват собственности-Ипотекаразверстка
 Правда ВКО
 Басир Даулбаев
 Олег Белов
 \"Ұлт. Рух. Отан. Жаңғыру\" Қоғамдық Қозғалысы
 za_dostoinoe_zhilje
 ОЙ-ДОДА@ОЙ-КӨКПАР
 Baker
 Демиург
 Demlurg
 \"Мемлекеттік тіл\" қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановтың блогы
 Azamat Karimbaev
 ergaz
 M_Mukushev
 \"АЛАШ ҮНІ\" қоғамдық бірлестіктер одағы
 ТОО \"АВТОПАРК\"
 Мемлекеттік тіл
 zhuanisheva
 Zidan00
 ҚОҒАМДЫҚ TV
 килиманджаро25
 пупсик
 baturinasveta
 Беспредел теплодателя
 Аналитический центр UIB
 сакен
 Tamyr-puls
 Tamyr-plus
 Zemkon
 daur
 Гражданин
 antimuha
 asasss
 T@ken
 Kamilla
 Сыбага
 Nazar
 kairzhan
 Беспредел на периферии- Курамшин.
 ter
 Микаэль Аарон
 The whip of the nation
 kairzhan3
 Тайное правительство
 Нукер
 AzilTV
 Sever
 Жастар-2012
 AshatD_09092010_a
 звёздный блог
 istina
 Японец
 Благое дело - скандал
 zemlyak
 ЖАС ПЕРІ
 asatu
 Islam.KZ
 Оставим народу жилье
 Молодежное движение АБЫРОЙ
 Ment
 007
 PolitInter
 \"ТАНЫМ\" пікір-талас клубы
 VrPravitelstvo
 kozybai
 Айдар Байкенов
 algapavlodar
 Натусик
 alga-semey
 azat-semey
 Alga-Ust-Kamenogorsk
 Alga-UKa
 kamarov1
 azat-oskemen
 djalgasbaev
 Kamikadze13
 Alga-party
 azatalmaty
 alga-tald
 souztekeli
 Союз Текелийцев
 Ақтөбедегі әділетті өмір үшін
 inkazinfo
 АНТИБЛОКИРОВКА
 NP_alga
 Daulbayev
 Флотилия свободы
 azat-astana
 KazNTUimSatpaeva
 Алга Астана
 СКОФ ОСДП \"АЗАТ\"
 Религия в школе
 Alga-Kostanay
 osdpazatkst
 unonim-mouse
 Самсонов
 123456
 Мосигра - блоги
 rusconsult
 Кызылорда ОСДП \"Азат\"
 latinina
 Партия Адилет
 zvdil
 police
 DVD
 ПравдолюбВЛК
 karina
 Лев Буранов
 tittan
 irinka
 bina
 Britva
 голодовка дольщиков
 lukina
 zhamal
 klinikasoyuzinfo
 y0p0p
 Alga-Aktobe
 zaq
 shaha
 shaha1
 Galim
 tajenov
 alga-uralsk
 Кая
 a
 АҚПАРАТТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
 Араб әлемі
 miracum
 Отдых на Мальдивах от Leti.ru
 Отдых на Мальдивах
 Димаш
 frodo
 Блог поддержки реформ правоохранительной системы РК
 Балапан
 CUBAmetr
 Кахрамон
 kahramon
 ҰЖДАН мінбері
 Вake
 seri747

qazaqtv
Сүйінші!!! Мәдени-ағартушылық бағытта қызмет атқаратын "ҰЖДАН" пікір-сайыс Клубы өмірге келді [0/82]
qazaqtv, 31 august 2010 18:18:28
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді. Арнайы...
Сүйінші!!! Мәдени-ағартушылық бағытта қызмет атқаратын "ҰЖДАН" пікір-сайыс Клубы өмірге келді [0/30]
qazaqtv, 31 august 2010 18:17:17
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді. Арнайы...
Әлеуметтік жарнама жасаушы дизайнерлердің семинар-тренингі (фото-видео репортаж) [2/96]
qazaqtv, 27 august 2010 15:56:48
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді. Арнайы...
Қазақ Елі мектеп оқушыларының 2010 жылғы этникалық құрамы [13/259]
qazaqtv, 20 august 2010 17:27:21

"ЖАСАЙ" Шығыс-Тибет медицинасы орталығы жаңа ғимаратқа көшті (фото-видео репортаж) [0/120]
qazaqtv, 19 august 2010 09:44:54
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді. Арнайы...
БИГЕЛДІ ҒАБДУЛЛИН: "Бұл келеңсіздіктерді Президент Назарбаев білмейді, деп айта алмаймын..." [0/207]
qazaqtv, 13 august 2010 10:36:37
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді. Арнайы...
«БӘЙГЕ – 2010» Қазақ Ұлттық Интернет жүлдесі сайысы басталады. [0/107]
qazaqtv, 11 august 2010 12:08:51
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE...
Алматының Үкіметтік Емес Ұйымдары өздерінің VI-форумына дайындалуда (фото-видео репортаж) [2/133]
qazaqtv, 7 august 2010 10:16:47
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді. Арнайы...
Ата жолынан таймаған ЖАПОН ЕЛІ, салт-дәстүрін сақтап, Әлемнің алдына шықты.(бейнесюжеттер) [1/123]
qazaqtv, 6 august 2010 12:00:20
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді....
Қазақ Еліндегі ұйғыр этникалық тобы, өзін-өзі басқарудың Әлемде жоқ үлгісін қолданып, өсіп-өркендеп дамуда (Уйгурская этническая группа Казахстана, применяя беспрецедентный образец самоуправления, динамично развивается ) [9/276]
qazaqtv, 5 august 2010 14:14:01
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді....
Желтоқсан батыры ЛӘЗЗАТ АСАНОВАНЫҢ 40-жылдық мерей тойына орай өткізілген шара (фото-видео репортаж) [3/218]
qazaqtv, 30 july 2010 10:58:20
"Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ...
Қазақстан-Zaman газетінің "Алдаспан" пікірсайыс орталығының кезекті отырысы (фото-видео репортаж) [1/182]
qazaqtv, 23 july 2010 19:25:24
Арнайы "ҚАЗАҚ ЕЛІ" халықтық бейнелі...
Айбек Мұсаұлы Отыншиев ЖАМПЕРМЕН жүгіруді үйренуде [7/217]
qazaqtv, 16 july 2010 11:44:39

Домбырашы ДИНАНЫ көріп, одан тәлім алған, ұлттық музыканың жанашыры Сәнен Самиғоллақызы Ажиевамен бейнелі сұхбат [0/182]
qazaqtv, 7 july 2010 19:24:12
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 6...
Дәрмен Смайыл: "АЛЛАЖАР ҚОЛДАУ қоры ұлттық мүддені көздеген ұйымдардың бірегейі" [0/240]
qazaqtv, 9 june 2010 16:18:35
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді.
70 жыл бірге өмір сүрген бақытты жанұя - ТІЛЕГЕН АТА мен РӘХИЛӘ ӘЖЕ, Республика сарайында ән шырқады [0/240]
qazaqtv, 31 may 2010 18:41:31
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді.
Лондондағы RealWorld Records студиясында альбом жаздырған тұнғыш қазақ, Қытайдағы қандасымыз, әнші-композитор МАМЫРЖАН РАЙЫСХАНҰЛЫ Алматыда (фото-видео репортаж) [1/311]
qazaqtv, 28 may 2010 15:40:16
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді. Арнайы...
АЙДОС САРЫМ: "Қазақ құрылтайы" не үшін керек??? [3/374]
qazaqtv, 14 may 2010 09:42:49
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді.
Өзгелер берген атақ-даңққа масаттанған, Ұлттық болмысынан жеріген ұрпақ тәрбиелеуді тоқтата алмаған, аға буын "зиялыларға", Ел болашағын айқындайтын "Қазақ құрылтайы" қажет пе? [3/456]
qazaqtv, 7 may 2010 14:19:53
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді. Арнайы...
ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫ, 1 ші күн ӨМІР ЕСҚАЛИЕВ, Қызылжар өңірі [1/344]
qazaqtv, 4 may 2010 22:10:35
www.internetTV.kz сайтынан көшірілді.

Дата публикации: 2009-01-06 21:12:06

Қалдыбай Әбенов: Назарбаевтың бейнесі "жағымды" етіп көрсетілмегені үшін "Аллажардың" жолы болмады

[1291/0]

15.12.2008 Элеонора ЯКИЯ ("Азаттық" радиосы)

"Аллажар" фильмінің режиссері Қалдыбай Әбенов.

 

Желтоқсанның ақиқатын ашып көрсеткен «Аллажар» сынды фильмнің тағдыры да желтоқсаншылардың тағдырына ұқсап, халыққа әлі де кең таралмай отыр. «Аллажардың» режиссері Қалдыбай Әбеновпен сұхбат.

— Желтоқсан оқиғасынан бері жиырма екі жыл өтсе де, әлі күнге осы тақырыпқа арналған фильмдер саусақпен санарлықтай ғана екені белгілі, ал сіздің осы тақырыпқа баруыңызға, яғни «Аллажарды» қолға алуыңызға не себеп болды?

— Әрине, ең басты себеп қазақ жастарының тәуелсіздік, елдік үшін рухы мен намыстарын ту етіп, мемлекеттігімізді сұрап, алаңға шыққан ерлігін көрсету, бұл біздің тарихымыз, бір жағы мақтанышымыз болса, екінші жағынан қасіретіміз. Қасірет дейтініміз Қайрат, Ербол, Ләззаттарымыздың қыршын кетуі, мыңдаған қазақ жастарының Батыс мазарында белгісіз төмпешікке айналып қалғандығы, мақтанышымыз дейтініміз бұл бізді тәуелсіздікке апарған бірден-бір көтеріліс, тарихымыздағы соңғы үш жүзден аса көтерілісті білетін болсақ, соның ең маңыздысы да, мемлекеттігімізді қайтарған да осы - Желтоқсан оқиғасы. Сондықтан бұл біздің әркез мақтанышымыз болып қала бермек.

Келер ұрпаққа қыршын кеткен ерлердің ерліктерін үлгі ретінде көрсету, қазақтың мүддесі үшін, қазақ жастарының қандай ерлікке барғандарын дәріптеу мақсатымен түсірілген фильм ғой. «Аллажар» деген атауының өзі ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан жалбарыну ғой, біздің бабаларымыз қиналған сәтте Жаратушыға сиынатын. Желтоқсанға қатысқан жастар да «Я, Аллам, өзің жар бола гөр!» деп шейіт боп жатты. Мұның атауының өзіне алғашқы күннен бастап тиіскен еді, ол кез шындықты айту қиын, Колбиннің тақта отырған кезі еді ғой, осындай уақытта фильмді бастау да оңай болған жоқ.

— «Аллажар» фильмі 1988 жылдан 1996 жылға дейін түсіріліпті, бір фильмнің сегіз жыл түсірілуіне не себеп болды, қаржылық қиыншылық дейін десек, фильмнің бюджеті 150 мың доллар болыпты, бұл сол кездегі өлшеммен аз ақша емес қой, әлде басқалай кедергілер болды ма?

— «Аллажар» фильмінің атына тиісуден басталған шабуыл, оның затына да, идеясына да қарсы болды, үкіметтің мақсаты белгілі — Желтоқсанның ақиқатын халыққа жеткізбеу. Мені қаржылық жағынан тықсырып, жұмысты тоқтатуға мәжбүрлеген соң мен өзімнің «Барыс» атты киностудиямды ашып, жұмысты сонда жалғастырдым.

Кинопленка деген дүние бар ғой, оны сақтап тұру деген өте қиын шаруа. «Аллажарға» арналған бір вагон пленканы демеушілерімнің арқасында Украинадан сатып алғанмын, оны барлық заңдылығына сай сақтай алатын қойма «Қазақфильмде» ғана бар. Ал ондағылар мені тұншықтыру мақсатында олардың қоймасына қойған пленканың әрбір қорабы үшін күніне бес сом айыппұл салып отырды. Бір вагон пленка үшін ай сайынғы айыппұл миллиондаған ақша болды, әрине, мұндай қыспаққа мен сияқты жалаңаяқ режиссер емес, миллиардер де шыдай алмас еді.

Сөйтіп үш айдың ішінде банкрот болдым, содан кейін, «Қазақфильмнің» күзетшілеріне арақ әперіп, екі Камазбен өз пленкаларымды өзім ұрлап қаштым. Оларды таныстарымның, демеушілерімнің үйлерінде, әр кез ауысып тұрған жалдамалы пәтерлерімде сақтаймын деп, біразының сапасын құртып алдым.

Арада біраз жыл өтті, тәуелсіздік алдық, теңгеміз шықты. Сол кезде мен қайтадан ақша іздей бастадым. Сол кезде «Барысқа» Шералхан деген жігітті директор қылып алғанмын, сол жігіт екеуміз тағы біраз адамдардың алдарынан өттік. Бұдан бұрын маған көмектескен Еділжан Құлсаров, Нәсимолла Құрманбаев деген жігіттер болды, солардың арқасында пленка алдым, материалдарды түсірдім. Сөйтіп 1994 жылға дейін жеттік қой, бұл кездері бір үзім нанға да зар болған күндер болды.

Шералхан біреулердің ақылы арқылы бір кәсіпкер жігітті тауып келді, ол мені таниды екен. Әлгі жігіт Жанат Дүзбаев деген КазГУдің желтоқсаншы студенті екен. Желтоқсанға байланысты қуғындалған кезінде оның оқуға қайтып оралуына біздің саяси акциямыздың барысында менің көмегім тиген екен. Жанат маған 400 мың теңге берді, бұл 1994 жылдың тамыз айы болатын. Жан-жаққа жасырып қойған пленканың өзін жинауға екі ай уақыт кетті. «Қазақфильмге» пленкамды жинап бітіп, уһ деген кезде тағы бір кедергіге ұшырадым.

Сол кездегі директор Ардақ Әмірқұлов Абайдың мерейтойына орай түсіріліп жатқан «Абай» фильмінен басқа жұмыстың бәрі тоқтатылсын деген бұйрық шығарды. Біз ақшаны аударып қойғанбыз, басталған жұмыс аяқ астынан осылайша тоқтатылды. Бұдан басқа да сағат кешкі 5-тен кейін жарықты сөндіру, сенбі, жексенбіде жұмыс істетпей, кілт бермей дегендей кедергілерді көп жасады. Сонда түсіріліп жатқан «Аллажар» мен «Абайдан» басқа фильм жоқ, өздері жұмыс істеп жатады, ал маған кешке жұмыс істеуге рұқсат жоқ, себебі «ты не наш, ты чужой» дейді. Өзімнің «Қазақфильміме», өзімнің қазағыма өзім «чужой» болуға да етім үйрене бастап еді, «Абайға» кедергі келтірме деп жұмысымды шорт кесті.

1994 жылдың қазан айынан 1995 жылдың тамызына дейін тоқтап тұрдық. Сол кезде қайтадан рұқсат берілді. Сыртқа шығарылып тасталған пленкаларымды тағы екі ай жинап жүрдім. Бірақ ол кезде біздің бір жыл бойы «Қазақфильмде» жатқан ақшамыз инфляцияға ұшырап, 40 мың теңге ғана болып қалды, тағы қарызға баттық. Жанаттан тағы ақша алдық, сөйтіп, 1995 жылдың 14 желтоқсаны күні алғашқы 4 сағат 5 минуттық редакциясын жасап біттік.

«Аллажардың» алғашқы тұсаукесері 1996 жылы 17 мамырда «Арман» кинотеатрының қос залында өтті, осыған дейін мен бұл туралы жазған бір де бір қазақ журналисін көрмедім, ал американдықатр мен шведтер мықты мақалалар жазды. Осы тұсаукесерден кейін үш айдың ішінде 60-тан аса мақала жарық көрді. «Аллажар» туралы алғашқы сүйінші сұрағандардың ішінде «Азаттық» пен «ВВС» де болды.

Сөйтіп 1996 жыл «Аллажар» үшін жеңісті болды, осы кезде Иманғали Тасмағамбетов маған үш бөлмелі пәтер беретін болды, Мемлекеттік сыйлық та берілетін болды. Мен енді «Аллажардың» күні туды, жолы ашылатын болды деп қуанып жүр едім. Осы кезде тағы бір қызық болды, фильмнің тұсаукесері біткен соң, пленканың бір көшірмесі жоқ боп шықты, қайда десем, Назарбаев сұратып алды деді.

Содан кейін екі ай өткенде Бішкектің жолында Мұхтар Шахановтың туған күнін тойлап отыр едік, бір қара мерседес келіп, Иманғали шақырды деп, қарсылығыма қарамай, премьерге алып келді. Имекең: Нұрекең фильмді көрді, жақсы екен деп отыр, бірақ ол кісінің мынадай ұсыныстары бар, — деп, бір қағазды алдыма жылжытты, қарасам ол ұсыныстар бойынша «Аллажарды» түк қалдырмай қысқартуым керек екен. Бұл болмайды дедім Имекеңе. Екеуміз қағазды бір-бірімізге итеріп, ақыры мен келіспеген күйі шығып кеттім. Ол кісі мен өз миссиямды орындадым, арғы жағын өзіңіз біліңіз деді.

Сөйтіп 1996 жылдың 16 желтоқсаны болды, біз сексендегі шешем екеуміз Каменка деген жерде суы жоқ, жылуы жоқ үйде тұратынбыз. Анам екеуміз теледидарды көріп отырмыз, жұрттың бәрі марапатталып, атақ, үй алып жатыр, ал «Аллажар» туралы бір сөз жоқ. Анам жылап, сен қайдасың, сонда деп көзіне жас алды. Мен қасыңдамын, апа, қамықпа, деп анамды жұбату арқылы өзімді алдарқаттым. Бірақ қатты түңіліп кеттім, сөйтіп осы жыл менің ең бір шарықтаған және сол биіктен құзға құлаған жылым болды.

— Фильмді түсірер алдындағы режиссер ретінде көздеген мақсатыңызға жете алдым деп ойлайсыз ба және «Аллажардың» туынды ретіндегі миссиясы орындалды ма?

— Әрине, әрбір режиссер өз шығармасын уақыт өте келе саралап, қайта жасауға даяр болады, мен де мүмкіндік болса «Аллажарды» қайта жасар едім. Бірақ фильм жалпы алғанда тарихтың, халықтың, Желтоқсан қаһармандарының алдындағы миссиясын орындады. Осының негізінде «Желтоқсан» бірлестігі мен партиясы құрылды, саяси-әлеуметтік акциялар жасалды. Бұл туралы сөз аз айтылса да, фильм өз орнын иеленді, мақсатына жетті деп айта аламын, «Аллажардың» атын атаудан ресми ақпарат құралдары қорыққанымен, 20 жылдықтың барлық материалдарында біздің суреттер мен құжаттар пайдаланылды.

— Жиырма екі жылда Желтоқсанның шындығы толық ашылмаса да, ол туралы қилы-қилы әңгіменің айтылып, жазылып жүргені жасырын емес, бірақ осы тақырып тек желтоқсан айында ғана қозғалатын сияқты, жастардың қаны төгілген алаңда салынып жатқан құрылыстың жайы да біраз сөз болды да, бәсеңсіп қалғандай, Желтоқсанның жоқтаушысы ретіндегі көзқарасыңыз қалай осыған?

— 2006 жыл мен үшін тағы да қасіретті жыл болды, осы жылы Шаңырақ көтерілісі болды, менің досым Арон Атабек сотталып кетті, мен Желтоқсанның 20 жылдығына орай «Аллажарды» көрсетіп жүріп, досымды қорғау үшін Шаңырақтың сотына да қатыстым. Сол кезде алаңдағы құрылыс басталып кетті, біз Жасарал Қуанышалин, Дос Көшім, Айсұлу Қадырбаевалар қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовке «Қасиетті қазақтың қаны төгілген, Желтоқсанның рухы бар алаңды жынойнаққа айналдырмайық» деген мағынада хат жазып едік, оған Имекең Республика Сарайындағы 2006 жылғы тұрғындармен тікелей кездесуінде: «Шуылдаған бес адам маған не істей алады, жалпақ жұрт үндеген жоқ» деді. Біз айқайлаған күйі қалдық, журналистер айтты, жазды, бірақ іс нәтижесіз болды, бұған біз риза емеспіз.

Бұл дұрыс емес, өркениетті елдердің астаналарында өздерінің тарихи жерлерін қадірлейді, Мәскеудің Қызыл алаңы сияқты, мәселен. Ал бізде өзіміздің рухымызға, тарихымызға қатысты нәрсенің бәрі құртылып отырады. Осындай жағдай 2006 жылы болды, яғни алаңымызға шабуыл жасалды. Және алты сотық жеріне соңғы теңгесін шығарып, үй салған қазақты баспанасыз қалдырғаны үшін мен Иманғалиға реніштімін. 2006 жылғы кездесуде оны өзіне де айттым. "Имеке, Желтоқсанның 20 жылдығын осылай қарсы аламыз деп ойламап едім, желтоқсан айы бастала сала шыршалар жағылып, жаңа жылдың жарнамасы қаптап кетті, ал Желтоқсан туралы сөз болған жоқ, мұндай тарихқа деген немқұрайдылық пен Шаңырақтағыдай қазақтың қасіреті бізді алысқа апармайды" дегенімде, оның көмекшісі Аида Балаева: " Сізді шақырып құрметтеген кісіге рахмет айтпайсыз ба" деп ренжіді.

Алматының Абай мен Желтоқсан көшесінің қиылысынан ашылған Желтоқсанның 20 жылдығына деп жасалған ескерткіш те сәтсіз деп есептеймін, СССР-дің кезінде мұндай ескерткіш әр қалада, әр көшеде болған, оның тұрған жері де ыңғайсыз, көліктің айналып өтетін жерінде тұр. Желтоқсанның рухы жоқ, бір қолында еден сүртетін шүберегі, бір қолында қанаты сынық қарғасы бар әйелдің ескерткішіне кім тағзым етеді?!

Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығынан бері қарай, соңғы екі жылда бұл туралы айтқыздырмауға тырысады, яғни үнсіз өтіп жатыр, қазақтың тарихын түбегейлі жоюға деген ұмтылыс деуге болады мұны. Соңғы уақыттардағы Малыбайдағы, Шелектегі, Маловодныйдағы оқиғалар осының салдары деп ойлаймын, яғни ұлттық мүддесін құрметтемеген халық өзге жұрттың табанының астында қалып жатыр. Қазақ халқы дәл қазір өте қауіпті жағдайда отыр. Тілге, ұлттық мүддеге байланысты саясат мемлекеттік деңгейде болуы тиіс, бұл екі мәселе де мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі, осыны ескермеген ел құрдымға кетеді.

— Соңғы кездері Желтоқсан оқиғасына Н.Назарбаевтың да қатысы бар деген сыңайдағы әңгімелер жиі айтылып жүр, сол уақыттағы мемлекет басшысының ресейлік басылымдарға Желтоқсанға қатысты пікір білдіргені мәлім, осы сияқты көріністерді сіз экраннан көрсете алдыңыз ба?

— Фильмде Назарбаевтың үш келбеті бар, біріншісі руға, жүзге бөлінбе дегені, екіншісі СССР-дің соңғы құрылтайында айтқан «Желтоқсан демократиялық қозғалыстардың алғашқы қарлығашы болды» деген сөзі, сосын 1986 жылы желтоқсандықтардың бәрін «алқаштар, нашақорлар, бұзықтар» дегені де бар, соны алып тастасам, фильмнің жолы әлдеқашан ашылар еді. «Аллажарда» Күлтегіннен бастап, Назарбаевқа дейінгі мемлекет басқарғандардың бәрінің келбеті бар.

— Сіз бір сөзіңізде фильмді түсіру кезінде «Қазақфильмнің» берген администраторы ҰҚК-нің тыңшысы болып шықты деген едіңіз, осы туралы таратып айтып беріңізші?

— 1989 жылы осы фильмді бастаған кезде «Қазақфильмнің» сол кездегі директоры Сламбек Тілеуқабылұлы Тәуекел мені шақырып, бір жігітті администратор қылып аласың деді, әрине, бастық айтқасын алдым. Сол жігітке дейін менің сценарийімді КГБ, ЦК КПСС органдарының ешқайсысы ала алмай отыр еді. Сол администратор келгеннен кейін екі-үш айдан соң мені Орталық Комитет шақырды.

Менің сценарийім сонда жатыр екен, ондағылар маған: қыздарды зорлау болған жоқ, ешкімге су шашылған жоқ, қан төгілген жоқ, қаланың сыртына ешкім апарылған жоқ, бас жару, оқудан шығару болған жоқ, сондықтан мына сценарийдегі «шындыққа жанаспайтын» эпизодтарды алып тастау керек деді. Сонда мен олардан: — Біздің жастар 17 желтоқсанда парадқа шықты ма сонда? — деп сұрап едім, — Онда сіздің шаруаңыз болмасын, мына сценарийді қайта жазу керек, әзірше бұл фильмді консервацияға жабамыз деді.

Киностудияға келсем, Сламбек Тәуекел: «жоғарыдан қоңырау түсті, фильм консервацияға жабылады» деді. Концервацияға жабылу деген фильмді тоқтату, оны құрдымға кетіру деген сөз болатын. Фильм жабылса да, менің түсіру тобым қасымда алты ай жүрді. «Аллажар» басталған кезде мен Мәскеуден Александр Лапшин деген драматургті шақырған едім. Оған: Саша, біз Желтоқсанға қатысушыларды табайық, солар не айтса, соны жазамыз дедім. Ол қуана кірісті. Сөйтіп біз сол кездегі Театр және кино институтына, Қыздар педагогикалық институына, КазГУ-ге бардық, ондағылардың бәрі бізді КГБ-ның тыңшылары деп ойлап, қаша бастады.

Өстіп жүргенде жаңа жыл болып, Саша үйіне барып келді. Ол келген кезде Хасен Қожа-Ахмет, Аманжол Нәлібаев, Жансая Сәбитова, Ерлан Дәкелбаевтардың түрмеден шыға бастаған кезі еді. Осыларды тауып, сөйлесе бастадық және менің қасымда актерлік факультетті бітірген Әсия Малимова деген қарындасымыз бар еді, ол да құрбыларымен алаңға шыққан екен. Сол Әсия өз достарын шақырып берді, осылайша «Аллажардың» айналасында «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі деген алғашқы саяси ұйым бірікті. Американың Хельсинки құқық қорғау комитетінің тобының өкілдері маған келіп, «Аллажардың» материалдары бойынша Вашингтоннан кітап шығарды, онда мен барлық ақиқатты ашып айтқанмын.

— Сіздің фильміңіз туралы бір кезде пайдаланған әуендеріне авторлардан рұқсат алмапты, сол себепті прокаттың заңдылықтарына жауап бере алмайды деген сөздер айтылып еді, бұған не дейсіз?

— Басында «Аллажардың» композиторы Қуат Шілдебаев болды, ол жазып берген музыкаға мен қанағаттанған жоқпын, дегенмен кейін фильмді қысқарту барысында қайта жаздырамын деген оймен қосып жібергенмін. «Қазақфильмнің» тарихында Баққожа Қасымжановтай «Аллажарға» оң көзімен қараған директор болған жоқ. Сол кісі «Аллажарды» прокатқа шығарамыз деген кезде 2001 жыл болатын, сонымен фильмді қысқартайық деп келістік те, Бекболат Тілеухан композитор болатын болды.

Сол кездегі мәдениет департаментінің бастығы Бекең мені шақырып, фильмді көргісі келетінін айтты. Сөйтіп келіп көрді, қысқарту жұмыстарына ол көмектесетін болды. Қысқарту үшін тағы әр жерде жатқан пленкаларымды жинап, қарашаның 11-де бастаған жұмысты 11-желтоқсанда аяқтадым. Музыкасын жазамын деген Бекең маған 3-4 оранжировщик жіберіпті, олар маған музыка емес, дыбыстар үзіндісі жазылған бір нәрселерді алып келіпті. Оны мен қабылдамадым, сонымен маған доқ көрсетіп, олар кетті, Бекболатқа айтамыз деп. Дайын музыка болмағандықтан Альфред Шнитке, Гия Канчели деген композиторлардың музыкаларын пайдаландым, бұл музыкалар фильмге жақсы үйлесіп тұр, бірақ ұлттық бояуы жоқ болғандықтан, менің өзім риза болмадым.

Сөйтіп мына музыкамен прокатқа шыға алмаймыз дегенді мен өзім айттым. 14 желтоқсан күні Астанаға апарып, «Синема ситиде» жаңа редакциясының тұсаукесерін жасадық. Бекең маған ренжіді, Астанадан келген соң жұмысты жалғастырамыз ғой деп ойлап едім, ол кезде Баққожа ағамызды қызметтен алып тастады, сөйтіп «Аллажардың» жолы тағы кесілді, содан бері алға жылжыған жоқпыз.

— Қазір не жұмыстармен айналысып жүрсіз? «Аллажардың» мағыналық жалғасы болуы мүмкін бе?


— 751 жылғы Талас шайқасына байланысты Түркілер деген сценарий мен бүгінгі мәселеге қатысты "Шаңырақ шайқасы" деген жұмысым дайын тұр. Бұдан басқа қазақтың тағы бір қасіреті — қазақ қыздарының Саин көшесіндегі тағдыры туралы журналист Нұрлыбек Саматұлының «Не істеп жүр Алматыға келген қыз?» әңгімесінің желісінде жазылған «Аңсаған ару арманым», «Тас хикая» тақырыбындағы сценарийлерім «Қазақфильмде» жатыр, бүгін түсір десе де мен дайынмын. Жалаңтөс бабамыз туралы да бір жұмыс бастап жазу үстіндемін.

Мен 1986 жылы ВГИК-ті бітіріп келгелі өзіміздің қазақтың киностудиясында бір де бір кино түсіре алмай келемін. Сценарий десе, ол дайын тұр, режиссер десе біз біршама көппіз, қолымыздан іс келеді, ешқандай да Бодровтың да, Пассердің де керегі жоқ. Кино түсіруге мүмкіндік болмай тұрған кезде біз режиссер екенімізді қалай дәлелдеуіміз керек? Қазақтың режиссерлері жұмыссыз жүрген соң, актерлер де бос жүр, болашақ операторлар да тәрбиесіз қалып отыр. Бізге атақ-даңқтың керегі жоқ, тек жұмыс істеуге мүмкіндік берсе болды.

Ал, «Аллажардың» жалғасы дегенге келсек, әрине болады. Жаңағы мен айтқан «Шаңырақ шайқасы» осы «Аллажардың» заңды жалғасы іспетті, өйткені оның басты кейіпкері желтоқсаншы Арон Атабек. Ал «Аллажарда» өзін ең алғаш актер ретінде танытқан Ахан Сатаев қазір өзі режиссер, «Рэкетир» деген фильм түсірді. Қазір Аханның өзі де сол рөлін жалғастыратын келбетте, сонымен бірге оның қарсыласы Алексей Шемис деген Екатеринбургтен келіп, бүгінде алматылық болып кеткен актер де кемеліне келді, осы екеуінің жиырма жылдан кейінгі тағдырын тоқайластырып көрсететін де жобам дайын тұр, тек ықылас пен қаржы жетпей тұр.

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 1016061
Всего зарегистрированных пользователей: 18369
Последний зарегистрированный пользователь: elenafrolova
Сейчас посетителей на сайте: 83, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 83
Зарегистрированные пользователи: Нет
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (10640) Wladimir (10495) kazak (6883) HUNN (6736) Отамалы (5164) ангел (4831) Йода (4566) Я (4362) Рыспек-респект (4307) Newman (3901)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Яндекс цитирования