RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: qazaqtv
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Төрлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана
 IZGI AMAL
 Интересное
 qazaqtv
 Андрей Васильевич
 Преподы КазНУ!
 bai_sarsen
 Ақ сөйле......
 LS-Личный счет
 Геройхан Қыстаубаев
 Костя Борщанский
 patriot_kz
 iparty
 народные коммунисты
 П.А.
 Союз пострадавших от \"Эйр Астана\"
 Анатолий и К
 Списание долгов и безнадежных активов!
 Курмантаев Аблай
 Window on Kazakhstan Consulting Group LLP
 леонид
 ksysha
 Гаськов
 greenparty.kz
 Мария Красина
 SunWay
 Мавледов Айдархан Курамаевич
 Александр Михайлов
 SrZozo1
 The Rule of Law
 katong
 maskai
 www.internetTV.kz
 Татьяна Ордобьян
 KSMK
 obshestvo
 Сергей Набоков
 patron
 fotoohota-2009
 Ой-бай
 mi_poka_zdes
 Асылхан Адай
 ЖАС КАЗАК УНI газеті
 \"Азат\" газеті
 Тимур Ахметов
 РОО \"ОМП\"
 тауба
 мир
 pravda_eto_vse
 fiberoptic
 potap
 новые журналисты
 Дмитрий Нечаев
 Коллектив АО \"ТРАНССТРОЙМОСТ\"
 kplus-tv
 ОО \"Оставим народу жилье\" Алматы
 Krestnikov
 titanik
 ruslan
 Гражданин К
 ukoft
 millermusic.kz
 Вся сила в Мизинах!
 ernar
 mal
 Адильжан Набиев Jr.
 Aikumenov
 Johnny Jr.
 Ioan
 Агафонов
 Жүсіп Сәрсенбі
 Канат Семсер
 малыш
 Профком угольщиков Экибастуза
 Профком горняков Экибастуза
 Алекс Простоа
 prostoa
 МОЛОДЕЖЬ ЗА ИЛЬИНА!!!
 ДУМК
 офицеры МВД РК
 Справедливый
 Rishat Rakhimov
 Правоверный мусульманин
 Информированный
 МЕРГЕН
 lilit
 У акима маленький
 Curse Of Millhaven
 У АКИМА МАЛЕНЬКИЙ.
 Ядро
 Каргабаев Мирзабек-исследователь \"каламгер\"
 azg
 Казахстанские застенки- Вадим Курамшин
 Захват собственности-Ипотекаразверстка
 Правда ВКО
 Басир Даулбаев
 Олег Белов
 \"Ұлт. Рух. Отан. Жаңғыру\" Қоғамдық Қозғалысы
 za_dostoinoe_zhilje
 ОЙ-ДОДА@ОЙ-КӨКПАР
 Baker
 Демиург
 Demlurg
 \"Мемлекеттік тіл\" қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановтың блогы
 Azamat Karimbaev
 ergaz
 M_Mukushev
 \"АЛАШ ҮНІ\" қоғамдық бірлестіктер одағы
 ТОО \"АВТОПАРК\"
 Мемлекеттік тіл
 zhuanisheva
 Zidan00
 ҚОҒАМДЫҚ TV
 килиманджаро25
 пупсик
 baturinasveta
 Беспредел теплодателя
 Аналитический центр UIB
 сакен
 Tamyr-puls
 Tamyr-plus
 Zemkon
 daur
 Гражданин
 antimuha
 asasss
 T@ken
 Kamilla
 Сыбага
 Nazar
 kairzhan
 Беспредел на периферии- Курамшин.
 ter
 Микаэль Аарон
 The whip of the nation
 kairzhan3
 Тайное правительство
 Нукер
 7
 AzilTV
 Sever
 AshatD_09092010_a
 звёздный блог
 istina

qazaqtv
ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор, ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ "ЭКОНОМИКА" атты 10 томдық таңдамалы еңбектерінің тұсаукесері (фото-видео репортаж) [2/121]
qazaqtv, 6 march 2010 12:03:59
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ...
"ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗДЕРІН - мектеп бағдарламасына енгізу мәселелері" атты ұстаздарға арналған семинар (фото-видео репортаж) [0/162]
qazaqtv, 1 march 2010 18:36:46
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ...
"СТАЛИНИЗМ: репрессияланған ҚАЗАҚСТАН" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан (фото-видео репортаж) [4/210]
qazaqtv, 26 february 2010 08:52:55
  Арнайы www.internetTV.kz үшін БАЛТАБАЙ ҚАБЫЛАН. Қазақ...
Алматы қаласындағы №131 гимназияда өткен "БИОЛОГИЯ - XXI ҒАСЫР ҒЫЛЫМЫ" атты танымдық сабақ (фото-видео репортаж) [3/269]
qazaqtv, 21 february 2010 12:46:25
Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы. Қазақ...
Тәуелсіз Қазақ Елі бала-бақшаларындағы ұлттық тәрбие жайында (фото-видео репортаж) [1/255]
qazaqtv, 18 february 2010 12:00:21
Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы. Қазақ...
Тәуелсіз ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ бала-бақшалары қандай болуы керек? (видеосюжеттер) [1/265]
qazaqtv, 16 february 2010 13:53:59
Арнайы www.internetTV.kz сайты үшін Қарашаш...
Ұрпағының ұлттық болмысын, IT технология көмегімен, жаңғыртуды көздеген ҚАЗАҚТЫҢ АҚСАҚАЛЫ (фото-видео репортаж) [0/323]
qazaqtv, 11 february 2010 23:51:45
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 10...
Қалдыбай Дүйсенғалиев: "Басқаларға таптатпайтын ЖЕРІМДІ, Елбасым бар сенімді" [16/402]
qazaqtv, 10 february 2010 11:08:27
Қалдыбай Дүйсенғалиевтың 2009 жылы ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ -...
Қазақ Елі гуманистерінің ақсақалы Мақсұт Оразай:"...бізді мұзға отырғызып, халықтың көңілінен шықпай жүрген кім?" [15/442]
qazaqtv, 8 february 2010 10:21:46

ХАЛЫҚ пен БИЛІК, "екеуі екі тілде сөйлеп", бірін-бірі түсінбей жүрген жоқ па? (фото-видео репортаж) [1/307]
qazaqtv, 3 february 2010 11:58:31
Арнайы www.qazaq.kz үшін НАУРЫЗБАЙ ЕЛТІНДІ. Қазақ Елі, 3...
Әлем тілдерін дамытуға тыраштанбай, өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!(фото-видео репортаж) [3/394]
qazaqtv, 30 january 2010 17:42:17
Арнайы www.qazaq.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 30...
Қазақстан Республикасы ұлттық саясаты тұжырымдамасының Жобасы жарияланған баспасөз конференциясы (фото-видео репортаж) [0/400]
qazaqtv, 27 january 2010 11:27:48
Арнайы www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,...
Халық емшісі ӨТЕЙБОЙДАҚ бабамыздың жолын қуған - бүгінгі ізбасарлары бар ма? (фото-видео репортаж-1) [3/415]
qazaqtv, 23 january 2010 18:11:41
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 22...
Дос Нұрахмет: "Мақсатымыз - байырғы ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ұлттық мемлекетті нығайтып, дамыту!" [10/403]
qazaqtv, 20 january 2010 12:46:00

Айдос Сарым:" Біз биліктегі АЗАМАТТАРМЕН бірге ҰЛТ МҮДДЕСІ үшін қызмет етуге әзірміз! [6/429]
qazaqtv, 17 january 2010 17:34:58
www.internetTV.kz сайтынан көшіріп, осы блогқа орнатқан...
Жанұзақ Әкім: "Жер мемлекеттің негізі ..." Мөде қаған: “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...” [9/633]
qazaqtv, 9 january 2010 21:23:22
    Шетелдік инвесторлер кеңесінің соңғы...
Қазақ Елінің болашағына балта шабушы халықаралық "құқық қорғау" ұйымдары діни сектанттарды қолдап-қорғауда. [9/587]
qazaqtv, 1 january 2010 14:05:26
Видеозапись лекций миссионерки, сделанная...
Жазушы Бейбіт Қойшыбаев:"ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН тойлауда билік түзейтін кемшілік көп..." (видеосюжет) [1/407]
qazaqtv, 30 december 2009 18:03:49
 Арнайы qazaqtv үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 16...
ҚУАНАМЫЗ БА, әлде КҮЙІНЕМІЗ БЕ? Виктор Храпунов - Швейцария миллионерлерінің алдыңғы легінде! [9/601]
qazaqtv, 17 december 2009 17:02:40
    http://abai.kz/sites/default/files/v-hrapunov2704.jpg Қазақ Елінің...
Өз Елінде өгейдің күйін кешкен ұлттық БАҚ туралы (бейнесюжеттер) [0/466]
qazaqtv, 15 december 2009 21:44:43
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі, 13...

Дата публикации: 2009-01-08 12:54:09

Этнографиялық “Алтын арқау” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Қайдауылқызының сөзі :

[1049/7]

 
Пікірлер

«АЙМАЛАШЫ МЕНІ…» ФИЛЬМІ?

  • Тамаша
  • Орташа
  • Қызық емес
  • Көргенім жоқ

View Results

Loading ... Loading ...

Январь 2009
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
  1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қазақша Сөздік-Аударма

Намаз уақыты

Site Meter

Subscribe.Ru
""Қазақ" Халықаралық Интернет газеті""

Аталмыш тақырыптағы Республикалық семинар кеңес “Халық үні” одағы мен “Аллажар қолдау” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 24.12.08. күні Алматы қаласында өтті.


Төменде “Алтын арқау” этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Қайдауылқызының сөзі беріліп отыр:

Биссимилләһи-раһман-и-ррахим! Қадірлі, елдің ертеңін ойлаған азаматтар! Жиындарыңыз жемісті, ойларыңыз өрісті, сөздеріңіз желісіті, істеріңіз келісті болсын. Көптен көптің көкейінде болғанмен ешкімнің батылы жетіп бастап кете алмай жүрген «Аллажар қолдау қорының» бастамасын Алла қолдасын! Маған жүктелген іс, мәнсап та мәртебе де емес, «қайтсек ел боламыз» дегендегі «тал қармаудың» қамалқасы. Еліміздің рухани, мәдени орталығы болып келген, болып қалуға тиіс, Алты алаштың арыстарының шежіресін сыр сандықтай сақтап, ұлттық мұрасын ұрпаққа аманат етіп жеткізетін Алматы қаласында республиканың әр өңірінің мәдениет орталығын ұйымдастыру, тек қана ауылдастар мен аталастардың абыр-дабыр жүздесуі емес. Отандық идеологияны бір жүйеге түсіруге жасалған әрекет деп ойлаймын. Яғни, әрекетке – берекет. Біз көбіне «мәдениет» дегенді жұрттың алдына шығып, ән салып би билеу деп ойлаймыз. Кең мағынада мәдениет дегеніміз, әр халықтың өмір салты, сөйлеген сөзі, киген киімі, әдебі мен әдеті, өнері мен білімі, тәрбиесі мен тәлімі. Ұлт болып ұйысу деген осы ұлттық құндылықтарға ортақ ұлттық сипат беру, бір арнаға түсіру, ата-салтқа айналдыру. Бүгінгі жиынның тақырыбы «ұлттық тәрбиелік және жауапкершілік ортаның кешегісі, бүгінгісі мен ертеңі» деп аталуы «бүтінделейік» деген ниеттен туған болуы керек. Шын мәнінде, қазақ қазақ болғалы тегімізді тектеп, барымызды сақтап, тапқанымызды талдап таразыға салатын тарихи кезең нәсіп болды. Мәдениетіміздің мәнін ашатын, сәнін кіргізетін салт-дәстүрімізді, ауыл-аймақ, ру-тайпада қалыптасқан әдет-ғұрыпқа бөле берсек, бірігуден гөрі бөлінуге бейімделе түсеміз. Алысқа бармай-ақ, өзім сөзін сөйлеп отырған Нарынқол өңіріндегі әр ауылдың өзінше қалыптасқан «жол-жорасы» бар. Бұған дарақылық пен дақпыртты қосыңыз. Той, жиын, тіпті мола тұрғызуға дейін бәсекеге айналып барады. Бетімен кеткен ырду-дырдудың ақыры кикілжіңмен бітеді. Қарға тамырлы қазақтың тамыры ауылда, жемісі – қалада. Сол тамыр тарылмас үшін ауыл құлазып қалмауы керек. Қалада ешкім тұз төгіп қойған жоқ. Күндіз тапқанын кешке ішіп-жеп, таңертең аш тұратындар да «қалада тұрамыз» дейді. Сайын даланың сай-саласы, орман-тоғайы, өзен-көлі тек адаммен, яғни, иесімен ғана айбатты, көрікті. Бір кезде нан тауып жеу үшін «орысша үйренеміз» деп ауылдың баласы қалаға ағылса, қазіргі қаладағы «май-шелпекке» бөккендер қазақша үйрену үшін «отаншылдықтың» үлгісін көрсетіп неге ауылдың мәртебесін, мәдениетін көтермейді. Біздің Хан Тәңірдің баурайында «Қар адамынан» бастап жер бетіндегі аң мен құстың қаншама түрі бар. «Адам шөптен» «алаботаға» дейін, орман-тоғай, өзен-көл, табиғаттың төрт мезгілін өз бояуымен Тәңірім сыйлай салған. Сол киелі мекенге кім иелік етеді? Әлде ата-жұрт «тастанды» жұрт болып қала ма? Жерге ие болу - елге иелік ету. Ата-бабаларымыз не үшін қанын төкті, кім үшін ұлан ғайыр жерді қорғап қалды? «Қасиеттесең қара тасқа да қасиет бітеді» дейді. Қадірін білмеген елде інжу де құнсыз. Табиғат жабайы емес, адам тасыр. Аш өзегімізге түсіп, теңге көрсек жердің жарығына қарғып түсетін ашқарақ жат әдет пайда болды. Ата кәсіп әдіре қалды.
«Кеше» дегенде түп-егімізден қозғап тереңге бармай-ақ, осы тәуелсіздік дәуірінің басындағы алмағайыпта алакеуімді пайдаланып, өзгені былай қойғанда, өзіміздің өзімізге жасаған қияанатымыз бүтін бір буынның етінен өтіп сүйегіне жететін залал тигізді. Алғаны алып қалды, шалғаны шалып қалды, бөлтірігін талаған бөрідей қолында билігі барлардан «әлімжеттілік» жасалып, қарапайым халық аузын қу шөппен сүртуге мәжбүр болды. Өйткені, сеніп қалды. Қытайдың спиртіне айбалтасын айырбастады, яғни айбатын араққа сатып, арақ ішіп тойладым деп уланып жусап жатты. Империялық саясат дегеніне жеті. Тілін тілімдеп, бүтін ұлттың есін екеу, түсін төртеу етіп, бір қазақты бір қазаққа ала көз жасап қойды. «Жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі, таспен жапалақты ұсаң да жапалақ жалп ете түседі». Ендігі ерлік, бір-біріміздің арымызға тимей, намысты қамшылау. Кез келген ұлтты ұлытып жұртта қалдыру үшін, ең әуелі тілін кескен. Тіл – тіліп түссе тіл, тіліп түсе алмаса - тұл. Санадағы серт, жүректегі дерт. Ұлттық құндылықтарды сақтамаған, ұрпақтың рухани тәрбиесінің жоғын жоқтамаған жоспардың бәрі далбаса. Шындықтан қанша қашқанмен шырылдап алдыңнан шығады. Осы бастама әр өңірдің жаңа дәуірдегі жаңа қазақ елінің жасанды емес жасампаз шежіресін жасаудың басы болғай. Бұл мерейлі міндетті атқару үшін ақиқатты айтар, тәуекелдің «желқайығына» ескек болып есілетін арлы азаматтар қажет. Өйткені, елдің тарихы, әр адамның тағдыры, ұлттың бет-бейнесі. Ұлттың рухы күйреп, ұрығы қурап, жатыры жасып, бедеулер мен белсіздер көбейді. Тас қараңғы көшелер, тастай суық мектептер, табаннан өткен ызғар таңдайдан шығып, таңбасын терең қалдырды. Жусанның басын иіскеп жуадай солды. Ауылдан келген қақ-соқты білмеген «қазақы» балалар қара базарда қаптап, қапас түрмелерге тоғытылды. Ашыққаннан ұрлық, ашынғаннан тіл шығып, беті ашылған уыздай жастарымыз барын базарға салды. Көршінің малын сойып, етін жайып соғым еткендерді де естідік. Оқу-тоқу қараң қалды. «Бір күн аш болғаннан қырық күн ақыл сұрама» деген осы болды. Ата-дәстүр түгілі, ана тілдің қадірі кетті. Мемлекеттік тілдің күні бүгінге дейін мешел баладай мелшиіп отырғанына осы қолдан жасалған жасанды жоқшылық үлкен кесірін тигізді. Сыйластықтың кілті ақшада қалды. Ағайын азар, туысқан безер болды. Адамнан адам қашатын кезең туды. Сең соққан балықтай сенделген жұрт, сырттан сығалап келіп, сыналап еніп, тілін жасырып, тісін көрсеткен «жарылқаушылардың» құрсауына түсті. Бір атаның баласы бірнеше діни секталардың арбауымен азғырылып адасты. Құрбандық болғандарды ешкім ресми есепке алған емес. Осы жымысқы жалдампаздар ішімізден ірітіп, ымдасып-жымдасып қаншама өрімдей қыздарымыз бен панасыз жетімдерімізді көз көрмес, құлақ естімеске алып кетті. Осының бәрі ұрпақтың азуына, тұқымның тозуына алып келді. Жоқтау айта бермей, тоқтау айтсам, енді есімізде ес қалса ес жинайтын уақыт жетті.
Қарындағы қарабас жыланның басы қайырылды. Қазақ аштан өлмейтін, көліксізден көштен қалмайтын жағдайда. Қарызға қатын түгілі, тіпті кеме сатып алады. Жоқ болса Қытайдан карыз аламыз, өйткені құдайы көршіміз ештеңесін аямайды…
Енді «бүгін». Бүгінгі «қауіп» кешегіден де қауіпті. Рухани ашаршылықтың белгісі, санадағы «сарыбас жылан» бас көтерді. Сырттағы індет ішке түсті. Кісі өлтіру әдеттегі «ойынға», жартылай жалаңаш жүру сәнге айналды.
Рухани инвестиция ешқашан сырттан келмейді. Келген күнде де ол қазақ болмайды. Ұрпақсыз қалған ұлттың ұлан-ғайыр даласын кім иеленеді? Шалажан, шаласауат жұрт кіммен үзеңгі қағыстырып, кісілік салыстырады? Сонау Америка біздің не теңіміз? Қазша басамыз деп таңы айырылған қарғадай күлкіге қалмай, ең әуелі кәдімгі қазақ болайықшы, айналайын ағайын. Өзімізден өзіміз безінетіндей, айымыз туып, күніміз шығып тұрғанда не басымызға күн туды? Қала да біздікі, ауыл да біздікі, ауылдағы қауым да біздікі. Абыройын асыратын да, берекесін қашыратын да өзіміз. «Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды». Сайтан да қабаққа қарай басады. Өзіне ес, өзгеге сес боларлық айбарлы азаматтар керек, керекке жарайтындар керек.
«Ертең» деген не? Ертең деген елес емес, болашақ. Жаһандану деген жалбақтау емес, жан сақтау. Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену. Адамзат өз тарихында жиханды тануға ұмтылып жанталасқан. Тану деген танысу, білісу, үлгі алу, тектілігін таныту. «Өзінің тарихын, тілін, ділін, дінін сақтай білген ұлтты рухани дерт айналы өтеді» - дейді дана ойшылдар. Осы қазақ болымысымызбен-ақ ғаламға үлгі болуға шамамыз келеді. Әлемді тану үшін әуелі өзіңді таны. Асылыңды ардақта, қазынаңды салмақта. Тауыңнан талшығыңа дейін жекешелендіріп ал. Қазақша ат қойып айдар тақсаң «отандас» болып шыға келеді. Жіппен байламасаң да тілмен байлап басқаларға ұқсап шәуілдек пен мәуілдекке дейін қазақыландырып қой. «Басына ақ тамызсаң» ордалы жылан да «бір рулы ел» болып шыға келеді. Асқар аға Тоқпанұлы жарықтық айтушы еді. «Талай ақын қой бағып жүр, талай қойшы ақын болып жүр» деп… Таланттын көзі – қара ормандай халықтың ортасында. Тани білу, таныта білу білікті, әрі қамқор мамандардың парызы. Қатын отын, еркек телпек болды. «Даналар ауылда туылып, қалада өледі» деген де даналық бар. Қазіргі таңда, қаладан гөрі ауылдың жағдайы жақсы. Сол жақсының абройын асырайтын, имандылықтың ұясына айналдыратын, ауылды аңсататын, табиғи тағылымына тамсантатын тек қана өзіміз.
Ата салтынан ауытқымай, Құдайдан да, адамнан да жоқты тілеп алақан жаймай, барды ұқсатып, Алланың сыйын сақтай білсек, ата-баба аманатын ақтай білсек, назадан да, жазадан да аман боламыз.
Әуелі ниетімізді түзейік. Бөріге таланып бөлінбейік, олжа болып жарылмайық. Өзімізді өзіміз жаттай сыйлап, жатты жанынан түңілдіріетін уақыт жетті. Халық болып қалыптасып, ұлт болып ұйысуға үндеселік ағайын! Ешкім бізді есіркемейді, барымызды баптайтын да, адасып қалсақ аңырап жоқтайтын да сіз бен біз.

Ғалия Қайдауылқызы Айупкеліні
24.ХІІ.2008ж.

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Комментарии пользователей


Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 13:16  
Артық ештеңе жоқ. Бәрі де дұрыс жазылған. Әрбір адамның ойлар жүретін нәрсесі осы болу керек.
2
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 13:17  тұзету
ойлар емес Ойлап
3
Дара Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 13:31  
Ғалия қыз жарайсың! Сөз саптауың баяғы шайырлардан кем емес екен. Бірақ, мұндай керемет келіскен сөз жүйесін тізгеннен пайда не? Ата дәстүрі жойылса, ауыл-ауыл қаңырап бос қалса, жастарымыз ұлттық емес, батыстық мәдениетке бет бұрса бұған кім кінәлі? Соны неге айтпайсыз? Барлық кемшілікті теріп шыққанда, сол кемшіліктерді жіберуге мәжбүрлеген не себеп? Ұлтымыз осындай бишара күйге неге түсті? Енді не істесек болады?
4
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 13:55  ДАРА қызға !!!
... "Еліміздің рухани, мәдени орталығы болып келген, болып қалуға тиіс, Алты алаштың арыстарының шежіресін сыр сандықтай сақтап, ұлттық мұрасын ұрпаққа аманат етіп жеткізетін Алматы қаласында республиканың әр өңірінің мәдениет орталығын ұйымдастыру, тек қана ауылдастар мен аталастардың абыр-дабыр жүздесуі емес. Отандық идеологияны бір жүйеге түсіруге жасалған әрекет деп ойлаймын"... деп ,

біртұтас халқымызды жасымызға да, кәсібімізге де, диаспораға да, дініге де, басқаға да бөлмей баршамызға ортақ тәрбиелік және жауапкершілік орта болатын

МӘДЕНИ АҒАРТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН

қалыптастыруға шақырып отыр ғой... Ғалия қыз !!!
5
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 14:05  ДАРА ға !!!
...ғапу етіңіздер, алдыңғы тексте кеткен қателікке
.......................................... ..........................................

... "Еліміздің рухани, мәдени орталығы болып келген, болып қалуға тиіс, Алты алаштың арыстарының шежіресін сыр сандықтай сақтап, ұлттық мұрасын ұрпаққа аманат етіп жеткізетін Алматы қаласында республиканың әр өңірінің мәдениет орталығын ұйымдастыру, тек қана ауылдастар мен аталастардың абыр-дабыр жүздесуі емес. Отандық идеологияны бір жүйеге түсіруге жасалған әрекет деп ойлаймын"... деп ,

біртұтас халқымызды жасымызға да, кәсібімізге де, диаспораға да, дініге де, басқаға да бөлмей баршамызға ортақ тәрбиелік және жауапкершілік орта болатын

МӘДЕНИ АҒАРТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН

қалыптастыруға шақырып отыр ғой... Ғалия қыз !!!
6
Дара Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 14:11  4-ке. Домбырам не дейді, мен не деймін.
біртұтас халқымызды жасымызға да, кәсібімізге де, диаспораға да, дініге де, басқаға да бөлмей баршамызға ортақ тәрбиелік және жауапкершілік орта болатын

МӘДЕНИ АҒАРТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН

қалыптастыруға шақырып отыр ғой... Ғалия қыз !!!

бұл "Халықтар ассамблеясы" ғой. Бұл Елбасының саясаты. Міне осы саясат емес пе, бары-жоғы 10-15 жылдың ішінде, біздерді - қазақтарды жойылып кетуге тақап қойған? Сонда сендер, өздерің түсінбей, қазақты жою саясатына ерен еңбек етіп отырсыңдар. Миларыңды биліктегі көкелерің зарпрограмировать етіп қойған.
7
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 16:28  Ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғыртайық !!!
бұл "Халықтар ассамблеясы" ғой. Бұл Елбасының саясаты. Міне осы саясат емес пе, бары-жоғы 10-15 жылдың ішінде, біздерді - қазақтарды жойылып кетуге тақап қойған? Сонда сендер, өздерің түсінбей, қазақты жою саясатына ерен еңбек етіп отырсыңдар. Миларыңды биліктегі көкелерің зарпрограмировать етіп қойған.
.......................................... .......................................... ....................................
Ау, қазақтарым ай, ылғи кінәліні іздеп еңірегенді, боздағанды, сыңсығанды, шырылдағанды, бет жыртысып ырылдасқанды қашан қоямыз???

БІЗ ЕҢІРЕП,БОЗДАП,СЫҢСЫП,ШЫРЫЛДАП,БЕТ ЖЫРТЫСЫП ЫРЫЛДАСЫП жүргенімізде

оу бастан идеясы дұрыс болған "Қазақстан халқы Ассамблеясы",

Дара сияқты ұлттық ойлау қабілеті жоғары жігіттер өз этномәдени орталықтармен ассамблеяға кірмегендіктен, еврей диаспорасынан үлгі алған еті тірі пысық барша диаспора өкілдерінің арқасында аталмыш ұйым

"Қазақстан диаспораларының Ассамблеясына" айналып үлгерді.

... сондықтан басқаны қойып, ең болмаса өз Еліміздегі диаспоралардан үлгі алайықшы!!!

Бұлардың бар тіршілігі көз алдымызда өтіп жатыр емес пе?

Қазақстан азаматы ретінде құқықтары Конституциямыз бойынша бізбен бірдей болғанына қарамастан, 33 мың еврей диаспорасы мыңдаған қоғамдық ұйымдары мен жүздеген этномәдени орталықтары арқылы өз мүдделерін қорғап қана қоймай , диаспораларды Қазақстан халқы Ассамблеясына біріктіру арқылы ерекше құқықтарға қолдары жетіп отыр. Күшейгені соншалық "...бейбіт кезде де, соғыс жағдайында да Израиль мемлекетін қолдаймыз" деп ашық жазып отыр (ЕАЕК сайтын қараңыз, еліміздің әр аудан орталықтарына дейін үштен, төрттен ұйымдар құрып жетекшілерінің суреті, аты жөні, байланыс құралдарына шейін жазып іліп қойған)

... 200 мыңнан сәл асатын ұйғыр диаспорасынан да үйренеріміз көп, оларда еврей диаспорасынан үлгі алып, олардың іс әрекетін айна қатесіз көшіріп, мыңдаған бейресми Шығыс Түркістан үлгісіндегі "мәшраптары" на қоса, жүздеген ресми тіркелген қоғамдық ұйымдары мен этномәдени орталықтарын барлық облыстарда құрып жатыр...

... басқа да диаспоралардың ерен еңбектері мен тірліктеріне "сүйсініп", қызғанышпен қарайсың.

Шіркін ай, ұлттық ойлау қабілеті өз деңгейінде емес кейбір шенеуніктерді осы диаспоралардың этномәдени орталықтарына "стажировкаға" жіберетін Жарлық шықса ғой, олардың іс тәжірибесін үйреніп келген жігіттер унитарлы Қазақ мемлекетін бір айда ақ аяғына тұрғызар еді ау...

Яндекс цитирования