 |
 |
|
 |
|
 |
|
ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор, ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ "ЭКОНОМИКА" атты 10 томдық таңдамалы еңбектерінің тұсаукесері (фото-видео репортаж) [2/115]
qazaqtv, 6 march 2010 12:03:59
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ...
|
"ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗДЕРІН - мектеп бағдарламасына енгізу мәселелері" атты ұстаздарға арналған семинар (фото-видео репортаж) [0/158]
qazaqtv, 1 march 2010 18:36:46
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ...
|
"СТАЛИНИЗМ: репрессияланған ҚАЗАҚСТАН" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан (фото-видео репортаж) [4/209]
qazaqtv, 26 february 2010 08:52:55
Арнайы www.internetTV.kz үшін БАЛТАБАЙ ҚАБЫЛАН.
Қазақ...
|
Алматы қаласындағы №131 гимназияда өткен "БИОЛОГИЯ - XXI ҒАСЫР ҒЫЛЫМЫ" атты танымдық сабақ (фото-видео репортаж) [3/266]
qazaqtv, 21 february 2010 12:46:25
Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы.
Қазақ...
|
Тәуелсіз Қазақ Елі бала-бақшаларындағы ұлттық тәрбие жайында (фото-видео репортаж) [1/253]
qazaqtv, 18 february 2010 12:00:21
Арнайы www.internetTV.kz үшін Қарашаш Асқарбекқызы.
Қазақ...
|
Тәуелсіз ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ бала-бақшалары қандай болуы керек? (видеосюжеттер) [1/265]
qazaqtv, 16 february 2010 13:53:59
Арнайы www.internetTV.kz сайты үшін Қарашаш...
|
Ұрпағының ұлттық болмысын, IT технология көмегімен, жаңғыртуды көздеген ҚАЗАҚТЫҢ АҚСАҚАЛЫ (фото-видео репортаж) [0/320]
qazaqtv, 11 february 2010 23:51:45
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 10...
|
Қалдыбай Дүйсенғалиев: "Басқаларға таптатпайтын ЖЕРІМДІ, Елбасым бар сенімді" [16/401]
qazaqtv, 10 february 2010 11:08:27
Қалдыбай Дүйсенғалиевтың 2009 жылы
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ -...
|
Қазақ Елі гуманистерінің ақсақалы Мақсұт Оразай:"...бізді мұзға отырғызып, халықтың көңілінен шықпай жүрген кім?" [15/440]
qazaqtv, 8 february 2010 10:21:46
|
ХАЛЫҚ пен БИЛІК, "екеуі екі тілде сөйлеп", бірін-бірі түсінбей жүрген жоқ па? (фото-видео репортаж) [1/306]
qazaqtv, 3 february 2010 11:58:31
Арнайы www.qazaq.kz үшін НАУРЫЗБАЙ ЕЛТІНДІ.
Қазақ Елі, 3...
|
Әлем тілдерін дамытуға тыраштанбай, өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!(фото-видео репортаж) [3/392]
qazaqtv, 30 january 2010 17:42:17
Арнайы www.qazaq.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 30...
|
Қазақстан Республикасы ұлттық саясаты тұжырымдамасының Жобасы жарияланған баспасөз конференциясы (фото-видео репортаж) [0/396]
qazaqtv, 27 january 2010 11:27:48
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі,...
|
Халық емшісі ӨТЕЙБОЙДАҚ бабамыздың жолын қуған - бүгінгі ізбасарлары бар ма? (фото-видео репортаж-1) [3/414]
qazaqtv, 23 january 2010 18:11:41
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 22...
|
Дос Нұрахмет: "Мақсатымыз - байырғы ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ұлттық мемлекетті нығайтып, дамыту!" [10/402]
qazaqtv, 20 january 2010 12:46:00
|
Айдос Сарым:" Біз биліктегі АЗАМАТТАРМЕН бірге ҰЛТ МҮДДЕСІ үшін қызмет етуге әзірміз! [6/428]
qazaqtv, 17 january 2010 17:34:58
www.internetTV.kz сайтынан көшіріп, осы блогқа орнатқан...
|
Жанұзақ Әкім: "Жер мемлекеттің негізі ..." Мөде қаған: “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...” [9/629]
qazaqtv, 9 january 2010 21:23:22
Шетелдік инвесторлер кеңесінің соңғы...
|
Қазақ Елінің болашағына балта шабушы халықаралық "құқық қорғау" ұйымдары діни сектанттарды қолдап-қорғауда. [9/585]
qazaqtv, 1 january 2010 14:05:26
Видеозапись лекций миссионерки, сделанная...
|
Жазушы Бейбіт Қойшыбаев:"ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН тойлауда билік түзейтін кемшілік көп..." (видеосюжет) [1/405]
qazaqtv, 30 december 2009 18:03:49
Арнайы qazaqtv үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 16...
|
ҚУАНАМЫЗ БА, әлде КҮЙІНЕМІЗ БЕ? Виктор Храпунов - Швейцария миллионерлерінің алдыңғы легінде! [9/599]
qazaqtv, 17 december 2009 17:02:40
http://abai.kz/sites/default/files/v-hrapunov2704.jpg
Қазақ Елінің...
|
Өз Елінде өгейдің күйін кешкен ұлттық БАҚ туралы (бейнесюжеттер) [0/464]
qazaqtv, 15 december 2009 21:44:43
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 13...
|
|
|
 |
БҮГІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙІНУІ мен СҮЙІНУІ
[1240/10]
|
|
|
 |
|
Пікірлер
 Loading ...
Январь 2009
| Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| « Дек |
|
|
| |
1 |
2 |
3 |
4 |
| 5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
| 12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
| 19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
| 26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
|
Қазақша Сөздік-Аударма
Намаз уақыты
|
|
Бөлімi: Қоғам | Өзгерту| | Автор: "Қазақ" Халықаралық Интернет Газеті
05.01.2009
Өз елінде , қалың қазақтың ішінде, қазақ тілін біліп тұрып, өзара өзге тілде сөйлескен қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Бірақ, миллиардтан аса қытайдың, миллиондаған орыстың, мыңдаған мұңғыл мен басқа халықтардың ішінде жүріп, тағдырдың тәлкегіне төзген, ата-руға топтасудың арқасында ТІЛІН, ӘДЕТ-ҒҰРПЫН, САЛТ-ДӘСТҮРІН, ДІНІН сақтап, Ата- жұртқа көшіп келген қандастарымызды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Мәдениеттіліктің бастауы, қайнар көзі - әр ұлттың өз ОТАНЫНДА, өз АНА тілінде қарым-қатнас жасай алуында екендігі, Құдай адам етіп жаратқан барлық жандарға белгілі аксиома. Ал өз ЕЛІНДЕ, өз үйінде, өзінің бала- шағасымен ана тілінде сөйлемейтін, тіпті сөйлесуге талпынбайтын, кейбір қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Өз ЕЛІНДЕ, 9 млн. қазақтың ішінде жүріп, солардың арқасында қолы жеткен жұмыс бабын пайдаланып, қазақ тілінің қажеттілігін қалыптастыруға мыйы жетпей, кез келген жерде өзге тілде «сайрап» қазақ екенін ұмытып кеткен, санасы уланғаны соншалық – бұл құбылыстың адамзаттың кез келген мәдениетті өкіліне, өте жиіркенішті көрініс екенін сезбейтін кейбір зиялысымақ – шенеунік – депутат қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Бірақ, егемендіктің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, санасын құлдық сезімнен тазартқан, нағыз мәдениеттіліктің үлгісін көрсетіп, күнделікті тұрмыста, жұмыс орындарында өзара тек қана қазақша сөйлесіп, өз ЕЛІНІҢ азат ұл-қыздары екендігін сезінген, қатары күн сайын арта түскен қарапайым қазақтарды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Қазақ ұлтына, өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі бар, еңбектерін Елі таныған Тұлғалардың , талантты жас журналистер мен өнер адамдарының , мемлекеттен қолдау көрмей, үйсіз-күйсіз жүргенін көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Қазақ Еліндегі 9 млн. қазақтың есебінен биліктегі қызметтеріне ілігіп, өз қара бастарының қамын ғана күйттеген, қалың қара қазақтың мүддесін ұмытқан, қазақи ұлттық құндылықтарға мән бермей, дүние жүзілік азғындық технологиялардың құрығына түскен, уақытша мәнсап-байлыққа мәз болып, өздерінің ұлт жадының «қара тізіміне» ілініп жатқанын сезбейтін кейбір шенеунік – депутат қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Бірақ, санасы уланған кейбір мемлекеттік шенеуніктер ұлттық өнерге, ұлттық спортқа, жалпы ұлттық мәдениетке жеткілікті көңіл бөлмей, қалың қазақ айналыспайтын спорт пен өнер түрлеріне қыруар қаражат шашып жатқанда, Ел ішінде ұлттық құндылықтарды насихаттап, таратып жүрген БАУЫРЛАРЫН қолдап, оларға қол ұшын созған ұлтшыл, қатардағы кәсіпкер - АЗАМАТ қандастарымызды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Кейбір мемлекеттік шенеуніктер мен автобустағы кондукторлардың, кейбір халық «таңдаған» депутаттар мен базарлардағы арбакештердің өз жұмыс орындарында,біліп тұрып қазақша сөйлемейтінін көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңның «Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының орындалуын Құдайдың құтты күні, секунд сайын өрескел бұзып жүрген шенеуніктерге Қазақ Елінде «әй дейтін Әже, қой дейтін Қожа» шықпағанын көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Бірақ, егемендіктің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, тың деректерден қазақтың шынайы тарихын оқып-біліп санасын тазартып, білгендерін өздері өмір сүрген ортасына насихаттап, таратып жүрген, қатары күн сайын арта түскен аға буын, орта буын, жас буын қазақтарды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Орысша сөйлей алмай, отаршылардан талай қорлық көрген, көптеген моральдік және материалдық зардаптар шеккен ата-бабаларымыздың есесін қайтарып, бүгінгі ЕГЕМЕНДІК заманда - күнделікті тұрмыста, өздерінің жұмыс орындарында кез келген адаммен, мейлі ол қалмақ-шүршіт болсын, мейлі ол орыс болсын, мейлі ол ағылшын болсын, қазақша сөйлеудің (конституцияға да, мәдениеттілікке де қайшы емес) орнына, қожайындарының алдында есеп беріп жатқан құлдай, солардың тілінде сайрап жөнелетін (ешкім мәжбүрлемеседе) қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Бірақ, егемендіктің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, құлдық психологиядан арылған, батыр-данышпан ата-бабаларының рухы қонған, жүрген ортасында қазақи құндылықтарды насихаттап, қызмет бабын дұрыс пайдаланып - өз ЕЛІНДЕ кез келген адаммен, мейлі ол қалмақ-шүршіт болсын, мейлі ол орыс болсын, мейлі ол ағылшын болсын, қазақша сөйлеп – кезінде есесі кеткен ата-бабаларын жатқан жерлерінде бір аунатып-қуантып жүрген қазақтарды көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
Қазақтың жері мен байлығына қызыққан әлемдік басым күштердің тәрбиесі мен ақылының «нәтижесінде» ұлттық-ойлау қабілетінен айырылған, бірақ білімді әрі пысық кейбір экономист-саясаткерлердің жетегінде кетіп, ауыл шаруашылығын «приватизация», «оптимизация», «легализация» сияқты ГОЛОЩЕКИННІҢ (1930-шы жылдары бейбіт заманда қазақтың малын жойып, халқымыздың өмір сүру дәстүрін күшпен өзгерту арқылы ұлтымыздың жартысын қырып жіберген) мыйы жетпейтін науқандарды іске асыру арқылы, еліміздің ЖЕР мен СУ ресурстарын игеріп жүрген еңбекке жарамды бүкіл қазақты бес-алты қалаға жиып алып, олардың екі-үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан – таянғанын байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып, оларды үйсіз-күйсіз тентіретіп, елдегі экономикалық және әлеуметтік келеңсіздіктерге жол берген, кейбір шенеунік – депутат қазақтарды көргенде, мен қазақ болғаныма ұялып, күйінемін.
Бірақ, ЖЕРІН ешқашан сатпаған, ЖҰРТЫН ешқашан тентіретпеген , әр Ауыл, Ру бірігіп ортақ байлығы - ЖЕР мен СУ ресурстарын көздің қарашығындай қорғаған, орыс-совет империясы орнағанға дейін өз ақыл-ойымен, ұлан-байтақ қазақ жерінде әрбір қазақ отбасын (түтінін) дербес, тұрақты өндіруші күш ретінде қалыптастырып, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, шаруашылықты жерге орналастырудың және ұжымдық еңбекті ұйымдастырудың ең тиімді – рулық (фирмалық) жүйесін қолданудың арқасында экономикалық тұрақтылыққа жетіп, ертеңгі күніне сенімді болған соң, азаматтық қоғамы мен мәдениетін дамытқан Ата-бабаларымыздың ұлттық ойлау қабілеті мен рухы қонған ауылдағы қалың ҚАЗАҚ - ешбір «приватизация», «оптимизация», «легализация» тағы басқа «изацияларға» төтеп беріп, таза АУЫЗ СУСЫЗ , ЖОЛЫ нашар, байланысы нашар, ГАЗЫ жоқ және ОТЫН-СУЫ тапшы елді-мекендерде, көптеген қиындықтарға төзіп, атаға-АУЫЛҒА топтасудың арқасында ғана ата қоныстарын жоғалтпай ұстап тұрғанын көргенде, мен ҚАЗАҚ болғаныма мақтанып, сүйінемін.
ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ТАПТАП, ӨЗЕКТІ КҮЙДІРЕТІН ӨКІНІШТЕР…
Керісінше, биліктің ішіне кіріп алған, ұлттық болмыстан жұрдай кейбір пенделер, Н.Ә.Назарбаев жариялаған тәуелсіздіктің арқасында көтеріліп келе жатқан қазақтың рухын таптап, дүниежүзі халықтарының алдында масқара етіп, Ресей патшасының қазақ жерін жаулап алып, бодандықта ұстаған жандарм генералы Колпаковскийге жер жаннаты Жетісудың төрінен ойып тұрып орын беріп-ескерткіш орнатуға рұқсат беріп, қазақты құртуға – жерінен айыруға ұмтылған дүниежүзілік басым күштердің қолшоқпары болып отыр.
Тағы бір, айтпауға болмайтын жайт бар. Ол жылда келетін, жетім қыздың тойындай өтетін, ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мейрамы. Аллаға шүкір, сол күні алаңға шығып, тәуелсіздік монументіне тағзым ететін азат Елдің азаматтарының қатары жыл сайын 2-3 адамға артып отырып, биыл ұзын саны 200-дей болыпты.
Ең өкініштісі, 21 жыл бойы, бұл күні – қазақтардан басқа бұл монументтің алдына Қазақстандағы 130 диаспораның бірде бір мәдени орталығының, Қазақстандағы 40-қа жуық діни конфессияның бірде бір өкілінің, Қазақстандағы 7000-нан аса ҮЕҰ бірде бірінің гүл шоғын қойып - тағзым етпейтіндігі. Бұл - «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!», «Қазақстан - ұлтаралық және дінаралық келісім мен төзімділіктің үлгісі» деген Президентіміздің және Қазақ Халқының адал ниетті бастамаларын қостамайтын күштердің бар екендігін дәлелдейтін - өмірдің шындығы.
Бұны айтып отырған себебім, Қазақстандағы казак-орыстар қауымдастығы аталарының «За царя! За отечество!» деп берген анттарын басшылыққа алып, үлкен іске кірісіп кеткен тәрізді. Қазақ Елінің тәуелсіздік алып жаңғырып жатқанын елемей, ҚР Конституциясына қайшы келсе де, ақ патшаның тірі кезіндегі жандармдық қызмет атқарған «казачье войско» атауларын жаңғыртып, «Союз казаков Степного края», «Уральское (Яицкое) казачье войско», «Семиреченское казачье войско», «Оренбургское казачье войско», «Сибирское казачье войско» деп топтасып-бірігіп, кезінде орыс патшасы тұрғызған, бірақ өмірдің өзі қиратқан Колпаковскийдің ескерткішін жаңадан салып, бұрынғы орыс империясын аңсап, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан халқының береке–бірлігі үшін, қазақтың аузынан жырып беріліп жатқан еркіндік-мүмкіндіктерін місе тұтпайды. Ең өкініштісі, кезінде «ақ патшам» деп, құлдық ұрып-қолын сүйіп, орыс императорынан шен-шекпен алып қазақты бодан етуге көмектескен ПЕНДЕЛЕРДІҢ бүгінгі кейбір мәңгүрт ұрпақтарының, тағы да алданып, бүгінгі казачествоның қолынан сый-сыйапат алып, олардың «казачье войскосына» мүше болып, киімдерін киіп жатқандығы…
Болат Нәукенұлы,
«Халық үні» Қоғамдық Бірлестіктер Одағы
Үйлестіру қызметінің жетекшісі.
|
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Чт Янв 08, 2009 13:41
Ей қазақтар сендерге не болды? Мен қалай коммент жазып үлгердім, солай алдыңғы тақырыпты өзгертіп жібердіңдер. Неге алып тастайсыңдар? Алмай-ақ, мынаны қосымша шығара салуға болар еді ғой. Әй түптерің шикі-ау, шамасы.
|
|
|
 Чт Янв 08, 2009 13:55 Авторға
Бөке, мына жазғандарыңызға қарағанда сіз өзіңізді құлдық санадан құтылғандардың қатарына қосасыз. Ал құлдық санадағы емес адам, әділін тура айта алады. Әділін айтуға қорықса, ендеше ол - әлі құл! Онда неге сіз осы жазып отырған кемшіліктердің бәріне біреу кінәлі, соны айта алмайсыз? Қазақты сорлатып отырған адам - Елбасы, соның құрған мына жүйесі деп неге айтпайсыз?
|
|
|
 Чт Янв 08, 2009 13:57 Авторға
Бөке, мына жазғандарыңызға қарағанда сіз өзіңізді құлдық санадан құтылғандардың қатарына қосасыз. Ал құлдық санадағы емес адам, әділін тура айта алады. Әділін айтуға қорықса, ендеше ол - әлі құл! Онда неге сіз осы жазып отырған кемшіліктердің бәріне біреу кінәлі, соны айта алмайсыз? Қазақты сорлатып отырған адам - НАН, соның құрған мына жүйесі деп неге айтпайсыз?
|
Мәмбет
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 1631
|
 Чт Янв 08, 2009 14:11 Бас кеспек болса да...
Блог иесінен кешірім өтінем
.Өткенде Жасаралдың Желтоқсан жайлы жазған мақаласы назардан тыс қалыпты.Оның негізгі себебі-бұл тақырып елге жауыр болған.Тарихи шындық ертегіге айналған.Менің де сол көтерілістің қатысушысы ретінде көргенімді өз тұрғымнан баяндауға моральдық құқым бар деп есептеймін.
****************************************** **********************************
Сол жылы 16-желтоқсанда Энергетикалық институтта сабақ беретін жақын туысымның үйіне кешке қонаққа келдім. «Естідің бе...» деді ол аман-саулықтың орнына. «Аға,бізге бәрібір емес пе кімді қойса да.Одан не өзгереді?» дедім.
-Жоқ,бұл жолы бәрібір емес боп тұр.Бір үлкен бәле басталатын сияқты.Қонаевтың орнына танымайтын Колбинді тағайындады деген гу-гу әңгімелер боп жатыр. Жатақханаларда студенттерді үгіттеп, Орталық комитеттің адамдары жүр екен.Ертең жұмысқа бармаймын.Сен де ешқайда шықпа» деді.
Мен ол кезде студентпін.Айта кететіні, ол кездегі жастар совет мектебінде оқығандықтан қаншама жалған ақпарат құрсауында болса да көздері ашық,саяси сауатты еді.Оның үстіне білімге деген стимул өте үлкен болды.Достарыңның арасындағы беделіңді қазіргідей байлық қана емес,білімің мен мәдениеттілігің,адамгершілігің анықтайтын.Саясат та бізге бөтен дүние емес еді.
Ертесінде үйден шыққанда-ақ бір өзгешелікті байқадым.Аялдамаларда күбірлесіп тұрған адамдар.Көшеде көлік азайған.Корпусқа келсем, лекция жайына қалып, дәріс берушілеріміз дәлізде бейтаныс біреулермен сөйлесіп тұр екен. Алғашында оқу орнын тексеруге қаптап келген комиссия сияқты көрінді.Бұл жайлы кейінірек...Жаяулатып отырып Брежнев алаңына келдім.Жастар жаңадан жиналып жатыр екен.Әр жерде топ-топ болып, наразылық білдіріп тұрған жұртқа партия саясатын түсіндіріп біреулер жүр.Бірақ оларды тыңдап жатқан ешкім жоқ.Бір жерде ғана қызу талас жүріп жатты.Соларға қосылып мен де өз ойымды айта бастағанымда
ұлты орыс бір милиция капитаны сап ете қалды.Иығымнан ұстады да: «Осы сөздерің үшін өкінесің ғой ертең» деді.Мен сасып қалдым да «өкінбеймін» деп жауап бердім.
|
Мәмбет
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 1631
|
 Чт Янв 08, 2009 14:13
Кеш қарая алаңға адам тола бастады.Мен салып ұрып,таныстарым оқитын бір институттың жатақханасына келдім.Олар естуін естісе де жайбарақат отыр екен. Біраз намыстарына тиіп, оншақты адамды өзіммен бірге ерте кеттім.Қалғандары да асығыс жиналып жатты.
Біз келгенде алаң әлі де милицияның қолында еді.Дауыс күшейткіш орнатқан бір «пазик»
«Тараңдар!» деп ары-бері ойқастап жүрген.Желтоқсанның бірінші құрбаны сол болды.Біреудің лақтырған тасы ма, ағашы ма жүргізушіге дәл тиіп,автобус трибуна түбіндегі бір жас қарағайға барып соқты.Тұра жүгірген жұрт жеткенше ішінде отырғандары қашып үлгерді.Қалың топ қанша шайқаса да автобусты төңкере алмай,ақыры өртеп тынды.Сол түні бір автобус «ПАЗ»,бір «Нива», бір «Волга»,бір «Москвич»,төрт «Жигули» жанып кетті.Біреулер «төрт дөңгелегін шығарып алайық,су жаңа екен» дегені үшін таяқ жеп қала жаздады.Сонда «Жігіттер!Олай істемеңдер!Сендер қарақшы емессіңдер ғой!Бірақ ештеңеден қорықпаңдар!Жарайсыңдар,қазақтар!»деп шетте ақырын дем беріп тұрған азаматқа қарасам,күндіз корпуста өзім көрген бейтаныс жігіттердің біреуі екен!Бұларды ешкіммен шатастыра алмайсың.Ол кезде қымбат киім кигендер бірден көзге түсіп,есте қалатын.Құндыз бөрік,келте тон,сұлу етік –арман еді ғой,шіркін!
Мен де сол бақытқа қолы жеткен асыл тұқымдыны бірден таныдым.Таныдым да қуандым!
Осындайлардың арамызда(!!!) жүргені маған күш-қуат бергендей болды.
|
Мәмбет
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 1631
|
 Чт Янв 08, 2009 14:14
Сонымен шайқас басталды.Жастардың негізгі шабуылдары Ақ үйдің батыс жағынан өрбіді.Қазіргі Желтоқсан көшесінің бойындағы ағаш шарбақтан түк қалмады.Оның өзі бізге бұйым болмады.Басым көпшілік құр қол едік.Кейбіреулердің айтып жүрген айыр,күрек,арматура дегендері өтірік.Милиция да басында қарусыз еді..
Спецназ кейін пайда болды. Сойыл ұстаған солдаттарды сонда бәріміз бірінші рет көрдік.Сол қақтығыста мен екі рет ұсталып,сытылып шықтым.Үшінші рет аяқтың астында тапталып қала жаздадым.Ең қауіптісі осы екен. Жаншылып, ес-түссіз жатқан қыз баланы көрдім.Оның тірі қалғанын-қалмағанын білмеймін.Жалпы көргенім бойынша үш адам анық өлді деп ойлаймын.
Енді мифтерге тоқтала кетейін.
«Жастардың көбі наркоман немесе мас болған».Өтірік.Ол кезде наркоман тұрмақ наркотиктің не екенін біле бермейтін.
«Аллажар!» деп жігіттер шахид боп жатты».Өтірік.Ол кезде Алла тұрмақ,жалпы дінге сену қараңғылық деп саналатын.Сондықтан сенетіндері де онысын көрсете бермейтін.Сол үшін ондай ұран көтерілуі мүмкін емес еді.Көтерілмеді де.
Шахид боп жатқандарға келсек,мен сол жерде басынан аяғына дейін жүрген адам, құрбан болғандар санының тым болмаса жартысының жартысын көруім керек еді.Қайталап айтам,менің көргенім алаңдағы жағдай.Ұстап алып кетіп,басқа жаққа апарып өлтіргендерін білмеймін.Ондай жағдайды да еститін едік қой.
«Тәуелсіздігімізге жол ашты».Өтірік.Ол кезде біз тәуелсіздік туралы айтпақ тұрмақ,ойламадық та.Біздің қойған талабымыз:Басшымыз не қазақ , не қазақстандық болсын.Кейбіреулер шынайы сөз бостандығы,шынайы демократия керек деп жатты.
«Қақаған аязда жастарға мұздай су шашты».Гидрометтен сұраңдар.Ол күні аяз болған жоқ..Түнгі үштер шамасында қар жауды.Суды жылытып әкемегені рас.Бірақ оны қуып жүріп шашпады.Кәдімгі асфальт жуғандай жүріп отырды.Сондықтан бір тамшы тамызбауыңа да мүмкіндік болды.
«Жастарды айдалаға апарып,ұрып-соғып,шешіндіріп, қатып өлсін деп тастап кеткен».
Қаланың шетіне шығарып,кейбіреуін ұрып-соғып, жаяу қайтсын деп тастап кеткендері рас.
|
Мәмбет
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 1631
|
 Чт Янв 08, 2009 14:17
Сонымен алаңға қайта оралайық.Қақтығыстың алдында трибунада біреулер сөйлеп жатты.Бір кәрі әйел өлең оқыды.Бәрінің талабы бір еді:Біз мұндай шешіммен келіспейміз.Сонда «Соломенцев келсін!», «Колбин шығып, қазақша сөйлесін!», «Қонаевты естігіміз келеді!», «Назарбаевты сайласын!» деп айқайлап тұрды халық.
«Аталған адамдар қазір шығып сөйлейді,сабыр етіп, күтіңіздер» деген уәделеріне қарамастан ешкім төбесін көрсетпеді.
Бір кезде «Трибунаны босатыңыздар! Назарбаев сөйлейді» деп хабарлады.Ол шығуын шықты, бірақ халық ол кезде билік тұрмақ бір-бірін тыңдаудан қалған еді.Мен сонда трибунаның тура түбінде тұрдым.Көз алдымда өтіп жатқан тарихи оқиғалардың кейін мүлдем басқаша жазылатынын,бұған еш қатысы жоқ адамдардың батыр атанып,осыған байланысты небір сорақы жағдайлардың орын алатынын мен қайдан білейін ол кезде....
Сол түні мен ең соңғылардың бірі боп,таңғы төрттер шамасында қайттым.Жолда милиционер екі қазақ жігіті тоқтатты.Менің не көргенімді тәптіштеп сұрап жатыр. Олардың да ұлты үшін күйіп тұрғаны маған қатты әсер етті.
Ертесінде алаңға тағы келдім.Көшенің бәрі қаптаған студенттер.Фурманов көшесімен ағылған колоннаның негізгі ұраны «Әр ұлтқа-өз көсемі» деген Лениннің сөзі.Бірақ бұл жолы бәрі тез аяқталды.Халық билікке қарсы қауқарсыз боп шықты.Мен ұсталдым. Кеше көрген орыс милиционері танып қойды. «Ал енді не айтасың,өкінбейсің бе?» деді. Оған үндемедім.Жанындағы қазақ майорға «Бауырым, жібере сал» деп едім «Орысша сөйлеңіз» деді қатқыл үнмен.Мені Ақ үйдің астындағы подвалға алып барды.Кіре салғанда көзіме түскені отырған жаралы жігіттер мен қыздар еді.
Түпкі бөлмеден шыққан полковник пе,генерал ма,әйтеуір,бөрік киген қазаққа мен туралы «ұйымдастырушылардың бірін ұстадық,кешелі-бері назарымызда болған» деп баяндап жатты.Ол жаныма келіп,қарап тұрды да «құжатын көшіріп жазып алып, босатыңдар» деді.Бұған басқалармен қоса мен де аң-таң болдым.Неге олай істегенін әлі де түсінбеймін.
...Мен желтоқсаншылар тізімінде жоқпын...Мен үшін Желтоқсан көтерілісі сол алаңда қалды.
Трагедия аяқталды.Бізді желтоқсан төңірегіндегі комедия күтіп тұрды...
|
Мәмбет
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 1631
|
 Чт Янв 08, 2009 14:43
Менің түсінбейтінім,кейбір азаматтар желтоқсан төңірегіндегі жойылып жатқан құжаттар туралы айтып болмады.Ол не қылған құжаттар әлі жойылып бітпеген?!!Сақтаулы тұрғандары бар дейме-ау! Бұл не ,шантаж ба?Ал,көрсетіңдер!Кімнен қорқасыңдар?Дұрыс айтпады деп президентті де сотқа беріп жатыпсыңдар ғой.Содан қиын боп па?!
Жоқ,жігіттер! Мұның бәрі билікке өкпелілердің алыпсатар әңгімелері!Өтірік бәрі.Түк жоқ...
|
|
|
 Чт Янв 08, 2009 14:48 Мәмбетке
Мәмбет, мен саған ризамын. Жазғаныңның бәріне сенемін. Себебі, мен де сол үш күн бойы болғанмын, алаңда. Бәрі келіп тұр.
Бәсе, ар жағыңда жанған бір оттың бар екенін сезетінмін!
|
|
|
 Чт Янв 08, 2009 15:58 Ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғыртайық !!!
Ау, қазақтарым ай, ылғи кінәліні іздеп еңірегенді, боздағанды, сыңсығанды, шырылдағанды, бет жыртысып ырылдасқанды қашан қоямыз???
... басқаны қойып, ең болмаса өз Еліміздегі диаспоралардан үлгі алайықшы!!!
Бұлардың бар тіршілігі көз алдымызда өтіп жатыр емес пе?
Қазақстан азаматы ретінде құқықтары Конституциямыз бойынша бізбен бірдей болғанына қарамастан, 33 мың еврей диаспорасы мыңдаған қоғамдық ұйымдары мен жүздеген этномәдени орталықтары арқылы өз мүдделерін қорғап қана қоймай , диаспораларды Қазақстан халқы Ассамблеясына біріктіру арқылы ерекше құқықтарға қолдары жетіп отыр. Күшейгені соншалық "...бейбіт кезде де, соғыс жағдайында да Израиль мемлекетін қолдаймыз" деп ашық жазып отыр (ЕАЕК сайтын қараңыз, еліміздің әр аудан орталықтарына дейін үштен, төрттен ұйымдар құрып жетекшілерінің суреті, аты жөні, байланыс құралдарына шейін жазып іліп қойған)
... 200 мыңнан сәл асатын ұйғыр диаспорасынан да үйренеріміз көп, оларда еврей диаспорасынан үлгі алып, олардың іс әрекетін айна қатесіз көшіріп, мыңдаған бейресми Шығыс Түркістан үлгісіндегі "мәшраптары" на қоса, жүздеген ресми тіркелген қоғамдық ұйымдары мен этномәдени орталықтарын барлық облыстарда құрып жатыр...
... басқа да диаспоралардың ерен еңбектері мен тірліктеріне "сүйсініп", қызғанышпен қарайсың.
Шіркін ай, ұлттық ойлау қабілеті өз деңгейінде емес кейбір шенеуніктерді осы диаспоралардың этномәдени орталықтарына "стажировкаға" жіберетін Жарлық шықса ғой, олардың іс тәжірибесін үйреніп келген жігіттер унитарлы Қазақ мемлекетін бір айда ақ аяғына тұрғызар еді ау...
|
|
 |
|