RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: qazaqtv
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Төрлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана
 IZGI AMAL
 Интересное
 qazaqtv
 serik
 Aidos Zhandyrma
 Андрей Васильевич
 www.qazaq.kz.tv
 Преподы КазНУ!
 PRIBALT
 В Горсуде Алматы - произвол
 Вдовьи слезы
 bai_sarsen
 лунатик
 Ақ сөйле...
 АСАН ҚАЙҒЫ
 АСАН ҚАЙҒЫ ҰРПАҒЫ
 АСАН ҚАЙҒЫ...
 Мылтықсыз майдан..
 Елім-ай...
 LS-Личный счет
 СПИД И ЗППП для МСМ
 Жунисбек Аймаутов
 Anuar60@yandex.ru
 Геройхан Қыстаубаев
 Konovalov-professor
 Костя Борщанский
 patriot_kz
 iparty
 народные коммунисты
 Амир
 РЖУНИМАГУ
 Союз пострадавших от \"Эйр Астана\"
 mangystau_polici
 polici_mangystau
 caldion
 abu
 Анатолий и К
 Гульнар
 Списание долгов и безнадежных активов!
 Курмантаев Аблай
 WOK.KZ
 Window on Kazakhstan Consulting Group LLP
 леонид
 ksysha
 Гаськов
 greenparty.kz
 Window on Kazakhstan Group
 Мария Красина
 SunWay
 П.А. С.
 Мавледов Айдархан Курамаевич
 Александр Михайлов
 SrZozo1
 The Rule of Law
 katong
 maskai
 www.internetTV.kz
 Татьяна Ордобьян
 bashkurttar_alga
 KSMK
 sergey_aidarbek
 obshestvo
 Talmas
 Алтын-Жырау
 Заработок в интернете без вложений!!!
 Сергей Набоков
 Серик Ахметгалиев
 patron
 fotoohota-2009
 Ой-бай
 mi_poka_zdes
 Асылхан Адай
 ЖАС КАЗАК УНI газеті
 \"Азат\" газеті
 Тимур Ахметов

qazaqtv
Алматы қаласы әкімі Есімов Ахметжан мырзаның назарына ! (бейнесюжеттер) [0/314]
qazaqtv, 6 Июня 2009 11:48:22
Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ...
Бүгін - Қазақ Елі мемлекеттік рәміздері күні (бейнесюжеттер) [0/133]
qazaqtv, 4 Июня 2009 12:18:08
  Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ...
Cалт-дәстүрін сақтап, заманға сай жаңғырта білген халық мәңгі жасайды (бейнелі көріністер) [3/187]
qazaqtv, 1 Июня 2009 08:50:09
  Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ...
ӨМІРЛІК ЖАН АЗЫҒЫН ТЕРГЕН ОҚУШЫЛАР немесе ЕГЕМЕНДІКТІҢ ЖЕМІСТЕРІ (бейнесюжеттер) [0/218]
qazaqtv, 27 Мая 2009 09:20:25
  Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ...
Қазақ Елі мектептерінің 2009 жылғы түлектері “соңғы қоңырау” күніне дайындық үстінде.(бейнесюжеттер) [0/225]
qazaqtv, 14 Мая 2009 18:44:13
  Арнайы   "ҚАЗАҚ ЕЛІ" халықтық бейнелі...
ҮЕҰ-дар мен мемлекеттік мекемелер халыққа тиімді қызмет көрсету жолдарын іздеуде. (бейнесюжеттер) [0/195]
qazaqtv, 2 Мая 2009 14:47:00
Арнайы  www.internetTV.kz  үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,...
Қазақтың киіз үйі (бейнесюжет) [0/295]
qazaqtv, 25 Апреля 2009 15:38:18
  Арнайы  www.internetTV.kz үшін -журналист Шынар...
Алматы қаласындағы №156-шы Балабақшада Абай оқулары болып өтті (бейнесюжет) [1/205]
qazaqtv, 24 Апреля 2009 11:10:06
  Арнайы  www.internetTV.kz   үшін...
Алты айда 3-ші сынып оқушыларына домбыра тартуды үйретіп, бір сыныптың өзінен оркестр құрған қайран қазақтың Ұстаздары-ай!!! [0/261]
qazaqtv, 17 Апреля 2009 09:38:01
  Арнайы  qazaqTV үшін БОЛАТ НӘУКЕНҰЛЫ. Бейнесюжетті...
Түбі бірдің түгенделер кезі келді! Алматы түркі әлемі мәдениет қайраткерлерінің симпозиумына дайындалуда (бейнесюжет). [1/422]
qazaqtv, 1 Апреля 2009 16:42:49
    Бейнесюжеттерді көру үшін  төменгі...
ДОС КӨШІМ: "...билік - келісімге келу керек дейді; тұрақтылық-мұрақтылық, стабильность дейді; Ең стабильный жер - мола, зират. Зиратта ғана стабильный халық... Бұл менің жеке пікірім." [7/501]
qazaqtv, 27 Марта 2009 18:27:25
    Мемлекеттік тіл – Ел тұтастығының басты...
ЖЕР, СУ және басқа да табиғи ресурстары мол Қазақ Еліне қауіп - экономикалық дағдарыстан емес, РУХАНИ дағдарыстан ! (бейнесюжет) [4/450]
qazaqtv, 24 Марта 2009 14:04:02
Бұл кеселден құтылу үшін   қазақтың Санасын...
Қазақстан Жазушылары кітапханасында өткен мерекелік концерт.(бейнесюжеттер) [0/344]
qazaqtv, 21 Марта 2009 20:30:37
 2009 жылдың наурыз айының 18-ші жұлдызында сағат...
Этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлының “ҚАРЫЗ бен ПАРЫЗ” клубы отырысынан бейнесюжет. [0/340]
qazaqtv, 20 Марта 2009 11:14:04
        Алматы қаласында 2009 жылдың 19 наурызында,...
Алматы қаласының мектеп окушылары Наурыз мейрамын Ел ағаларымен бірге тойлады. [1/326]
qazaqtv, 18 Марта 2009 21:15:12
  Мерекелік бейнесюжет      2009 жылдың наурыз...
Ұстаз және шәкірттер [0/339]
qazaqtv, 18 Марта 2009 10:39:05
  Қазақ Елін Әлемдік рингтерде өздерінің...
Ата-баба мен Бауыржан батыр неден қорықты? [2/455]
qazaqtv, 16 Марта 2009 22:41:42
           Бала тәрбиесінде Ата тәліміне қайта...
Этнограф, ғалым Жағда Бабалықұлы: “Қазақ өркениеті туралы” [1/427]
qazaqtv, 14 Марта 2009 09:31:00
  Этнограф, ғалым Жағда Бабалықұлының 18.02.09....
Арыстанбек Мұхамедиұлы:"Қазақтың сақ дәуірін, алтын адамды насиха ттау" атты хабарламасы. 2009 жыл 18 ақпан [2/381]
qazaqtv, 13 Марта 2009 12:29:48
Т.жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер...
«Ұлт тағдыры - Астана» қоғамдық бірлестігінің Наурыз-2009 мейрамына қатысты үндеуі [2/413]
qazaqtv, 12 Марта 2009 19:36:54
        «Ұлт тағдыры - Астана» қоғамдық...

Дата публикации: 2009-01-08 16:05:53

... басқаны қойып, ең болмаса өз Еліміздегі диаспоралардан үлгі алайықшы!!!

[708/17]

10
 
Anonymous
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 15:58  Ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғыртайық !!!
Ау, қазақтарым ай, ылғи кінәліні іздеп еңірегенді, боздағанды, сыңсығанды, шырылдағанды, бет жыртысып ырылдасқанды қашан қоямыз???

... басқаны қойып, ең болмаса өз Еліміздегі диаспоралардан үлгі алайықшы!!!

Бұлардың бар тіршілігі көз алдымызда өтіп жатыр емес пе?

Қазақстан азаматы ретінде құқықтары Конституциямыз бойынша бізбен бірдей болғанына қарамастан, 33 мың еврей диаспорасы мыңдаған қоғамдық ұйымдары мен жүздеген этномәдени орталықтары арқылы өз мүдделерін қорғап қана қоймай , диаспораларды Қазақстан халқы Ассамблеясына біріктіру арқылы ерекше құқықтарға қолдары жетіп отыр. Күшейгені соншалық "...бейбіт кезде де, соғыс жағдайында да Израиль мемлекетін қолдаймыз" деп ашық жазып отыр (ЕАЕК сайтын қараңыз, еліміздің әр аудан орталықтарына дейін үштен, төрттен ұйымдар құрып жетекшілерінің суреті, аты жөні, байланыс құралдарына шейін жазып іліп қойған)

... 200 мыңнан сәл асатын ұйғыр диаспорасынан да үйренеріміз көп, оларда еврей диаспорасынан үлгі алып, олардың іс әрекетін айна қатесіз көшіріп, мыңдаған бейресми Шығыс Түркістан үлгісіндегі "мәшраптары" на қоса, жүздеген ресми тіркелген қоғамдық ұйымдары мен этномәдени орталықтарын барлық облыстарда құрып жатыр...

... басқа да диаспоралардың ерен еңбектері мен тірліктеріне "сүйсініп", қызғанышпен қарайсың.

Шіркін ай, ұлттық ойлау қабілеті өз деңгейінде емес кейбір шенеуніктерді осы диаспоралардың этномәдени орталықтарына "стажировкаға" жіберетін Жарлық шықса ғой, олардың іс тәжірибесін үйреніп келген жігіттер унитарлы Қазақ мемлекетін бір айда ақ аяғына тұрғызар еді ау...

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Комментарии пользователей


Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
apo
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 28.08.2008
комментов: 3475
Сообщение Чт Янв 08, 2009 16:49  Қалықым...
АНК не үшін бізге керек, басқа Орта Азияда мемлекеттер осындай ақымақшіліқ жасамайды, теқ қана біздін кен Қазағи Қалық әлем қаржы кризистын арқасында, өз Калық үмытып, рахмет айтпайтын диаспорларға, ақша беріліп тұр.
2
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 918
Сообщение Чт Янв 08, 2009 16:53  Бас кеспек болса да...
Блог иесінен кешірім өтінем
.Өткенде Жасаралдың Желтоқсан жайлы жазған мақаласы назардан тыс қалыпты.Оның негізгі себебі-бұл тақырып елге жауыр болған.Тарихи шындық ертегіге айналған.Менің де сол көтерілістің қатысушысы ретінде көргенімді өз тұрғымнан баяндауға моральдық құқым бар деп есептеймін.

Сол жылы 16-желтоқсанда Энергетикалық институтта сабақ беретін жақын туысымның үйіне кешке қонаққа келдім. «Естідің бе...» деді ол аман-саулықтың орнына. «Аға,бізге бәрібір емес пе кімді қойса да.Одан не өзгереді?» дедім.
-Жоқ,бұл жолы бәрібір емес боп тұр.Бір үлкен бәле басталатын сияқты.Қонаевтың орнына танымайтын Колбинді тағайындады деген гу-гу әңгімелер боп жатыр. Жатақханаларда студенттерді үгіттеп, Орталық комитеттің адамдары жүр екен.Ертең жұмысқа бармаймын.Сен де ешқайда шықпа» деді.

Мен ол кезде студентпін.Айта кететіні, ол кездегі жастар совет мектебінде оқығандықтан қаншама жалған ақпарат құрсауында болса да көздері ашық,саяси сауатты еді.Оның үстіне білімге деген стимул өте үлкен болды.Достарыңның арасындағы беделіңді қазіргідей байлық қана емес,білімің мен мәдениеттілігің,адамгершілігің анықтайтын.Саясат та бізге бөтен дүние емес еді.

Ертесінде үйден шыққанда-ақ бір өзгешелікті байқадым.Аялдамаларда күбірлесіп тұрған адамдар.Көшеде көлік азайған.Корпусқа келсем, лекция жайына қалып, дәріс берушілеріміз дәлізде бейтаныс біреулермен сөйлесіп тұр екен. Алғашында оқу орнын тексеруге қаптап келген комиссия сияқты көрінді.Бұл жайлы кейінірек...Жаяулатып отырып Брежнев алаңына келдім.Жастар жаңадан жиналып жатыр екен.Әр жерде топ-топ болып, наразылық білдіріп тұрған жұртқа партия саясатын түсіндіріп біреулер жүр.Бірақ оларды тыңдап жатқан ешкім жоқ.Бір жерде ғана қызу талас жүріп жатты.Соларға қосылып мен де өз ойымды айта бастағанымда
ұлты орыс бір милиция капитаны сап ете қалды.Иығымнан ұстады да: «Осы сөздерің үшін өкінесің ғой ертең» деді.Мен сасып қалдым да «өкінбеймін» деп жауап бердім.

.
3
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 918
Сообщение Чт Янв 08, 2009 16:54  
Кеш қарая алаңға адам тола бастады.Мен салып ұрып,таныстарым оқитын бір институттың жатақханасына келдім.Олар естуін естісе де жайбарақат отыр екен. Біраз намыстарына тиіп, оншақты адамды өзіммен бірге ерте кеттім.Қалғандары да асығыс жиналып жатты.
Біз келгенде алаң әлі де милицияның қолында еді.Дауыс күшейткіш орнатқан бір «пазик»
«Тараңдар!» деп ары-бері ойқастап жүрген.Желтоқсанның бірінші құрбаны сол болды.Біреудің лақтырған тасы ма, ағашы ма жүргізушіге дәл тиіп,автобус трибуна түбіндегі бір жас қарағайға барып соқты.Тұра жүгірген жұрт жеткенше ішінде отырғандары қашып үлгерді.Қалың топ қанша шайқаса да автобусты төңкере алмай,ақыры өртеп тынды.Сол түні бір автобус «ПАЗ»,бір «Нива», бір «Волга»,бір «Москвич»,төрт «Жигули» жанып кетті.Біреулер «төрт дөңгелегін шығарып алайық,су жаңа екен» дегені үшін таяқ жеп қала жаздады.Сонда «Жігіттер!Олай істемеңдер!Сендер қарақшы емессіңдер ғой!Бірақ ештеңеден қорықпаңдар!Жарайсыңдар,қазақтар!»деп шетте ақырын дем беріп тұрған азаматқа қарасам,күндіз корпуста өзім көрген бейтаныс жігіттердің біреуі екен!Бұларды ешкіммен шатастыра алмайсың.Ол кезде қымбат киім кигендер бірден көзге түсіп,есте қалатын.Құндыз бөрік,келте тон,сұлу етік –арман еді ғой,шіркін!
Мен де сол бақытқа қолы жеткен асыл тұқымдыны бірден таныдым.Таныдым да қуандым!
Осындайлардың арамызда(!!!) жүргені маған күш-қуат бергендей болды.

Сонымен шайқас басталды.Жастардың негізгі шабуылдары Ақ үйдің батыс жағынан өрбіді.Қазіргі Желтоқсан көшесінің бойындағы ағаш шарбақтан түк қалмады.Оның өзі бізге бұйым болмады.Басым көпшілік құр қол едік.Кейбіреулердің айтып жүрген айыр,күрек,арматура дегендері өтірік.Милиция да басында қарусыз еді..
Спецназ кейін пайда болды. Сойыл ұстаған солдаттарды сонда бәріміз бірінші рет көрдік.Сол қақтығыста мен екі рет ұсталып,сытылып шықтым.Үшінші рет аяқтың астында тапталып қала жаздадым.Ең қауіптісі осы екен. Жаншылып, ес-түссіз жатқан қыз баланы көрдім.Оның тірі қалғанын-қалмағанын білмеймін.Жалпы көргенім бойынша үш адам анық өлді деп ойлаймын.
4
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 918
Сообщение Чт Янв 08, 2009 16:55  
Енді мифтерге тоқтала кетейін.

«Жастардың көбі наркоман немесе мас болған».Өтірік.Ол кезде наркоман тұрмақ наркотиктің не екенін біле бермейтін.

«Аллажар!» деп жігіттер шахид боп жатты».Өтірік.Ол кезде Алла тұрмақ,жалпы дінге сену қараңғылық деп саналатын.Сондықтан сенетіндері де онысын көрсете бермейтін.Сол үшін ондай ұран көтерілуі мүмкін емес еді.Көтерілмеді де.
Шахид боп жатқандарға келсек,мен сол жерде басынан аяғына дейін жүрген адам, құрбан болғандар санының тым болмаса жартысының жартысын көруім керек еді.Қайталап айтам,менің көргенім алаңдағы жағдай.Ұстап алып кетіп,басқа жаққа апарып өлтіргендерін білмеймін.Ондай жағдайды да еститін едік қой.

«Тәуелсіздігімізге жол ашты».Өтірік.Ол кезде біз тәуелсіздік туралы айтпақ тұрмақ,ойламадық та.Біздің қойған талабымыз:Басшымыз не қазақ , не қазақстандық болсын.Кейбіреулер шынайы сөз бостандығы,шынайы демократия керек деп жатты.

«Қақаған аязда жастарға мұздай су шашты».Гидрометтен сұраңдар.Ол күні аяз болған жоқ..Түнгі үштер шамасында қар жауды.Суды жылытып әкемегені рас.Бірақ оны қуып жүріп шашпады.Кәдімгі асфальт жуғандай жүріп отырды.Сондықтан бір тамшы тамызбауыңа да мүмкіндік болды.

«Жастарды айдалаға апарып,ұрып-соғып,шешіндіріп, қатып өлсін деп тастап кеткен».
Қаланың шетіне шығарып,кейбіреуін ұрып-соғып, жаяу қайтсын деп тастап кеткендері рас.

Сонымен алаңға қайта оралайық.Қақтығыстың алдында трибунада біреулер сөйлеп жатты.Бір кәрі әйел өлең оқыды.Бәрінің талабы бір еді:Біз мұндай шешіммен келіспейміз.Сонда «Соломенцев келсін!», «Колбин шығып, қазақша сөйлесін!», «Қонаевты естігіміз келеді!», «Назарбаевты сайласын!» деп айқайлап тұрды халық.
«Аталған адамдар қазір шығып сөйлейді,сабыр етіп, күтіңіздер» деген уәделеріне қарамастан ешкім төбесін көрсетпеді.

Бір кезде «Трибунаны босатыңыздар! Назарбаев сөйлейді» деп хабарлады.Ол шығуын шықты, бірақ халық ол кезде билік тұрмақ бір-бірін тыңдаудан қалған еді.Мен сонда трибунаның тура түбінде тұрдым.Көз алдымда өтіп жатқан тарихи оқиғалардың кейін мүлдем басқаша жазылатынын,бұған еш қатысы жоқ адамдардың батыр атанып,осыған байланысты небір сорақы жағдайлардың орын алатынын мен қайдан білейін ол кезде....

Сол түні мен ең соңғылардың бірі боп,таңғы төрттер шамасында қайттым.Жолда милиционер екі қазақ жігіті тоқтатты.Менің не көргенімді тәптіштеп сұрап жатыр. Олардың да ұлты үшін күйіп тұрғаны маған қатты әсер етті.
5
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 918
Сообщение Чт Янв 08, 2009 16:56  
Ертесінде алаңға тағы келдім.Көшенің бәрі қаптаған студенттер.Фурманов көшесімен ағылған колоннаның негізгі ұраны «Әр ұлтқа-өз көсемі» деген Лениннің сөзі.Бірақ бұл жолы бәрі тез аяқталды.Халық билікке қарсы қауқарсыз боп шықты.Мен ұсталдым. Кеше көрген орыс милиционері танып қойды. «Ал енді не айтасың,өкінбейсің бе?» деді. Оған үндемедім.Жанындағы қазақ майорға «Бауырым, жібере сал» деп едім «Орысша сөйлеңіз» деді қатқыл үнмен.Мені Ақ үйдің астындағы подвалға алып барды.Кіре салғанда көзіме түскені отырған жаралы жігіттер мен қыздар еді.

Түпкі бөлмеден шыққан полковник пе,генерал ма,әйтеуір,бөрік киген қазаққа мен туралы «ұйымдастырушылардың бірін ұстадық,кешелі-бері назарымызда болған» деп баяндап жатты.Ол жаныма келіп,қарап тұрды да «құжатын көшіріп жазып алып, босатыңдар» деді.Бұған басқалармен қоса мен де аң-таң болдым.Неге олай істегенін әлі де түсінбеймін.

...Мен желтоқсаншылар тізімінде жоқпын...Мен үшін Желтоқсан көтерілісі сол алаңда қалды.

Трагедия аяқталды.Бізді комедия күтіп тұрды...
6
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 918
Сообщение Чт Янв 08, 2009 16:58  
Менің түсінбейтінім,кейбір азаматтар желтоқсан төңірегіндегі жойылып жатқан құжаттар туралы айтып болмады.Ол не қылған құжаттар әлі жойылып бітпеген?!!Сақтаулы тұрғандары бар дейме-ау! Бұл не ,шантаж ба?Ал,көрсетіңдер!Кімнен қорқасыңдар?Дұрыс айтпады деп президентті де сотқа беріп жатыпсыңдар ғой.Содан қиын боп па?!

Жоқ,жігіттер! Мұның бәрі билікке өкпелілердің алыпсатар әңгімелері!Өтірік бәрі.Түк жоқ...
7
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
Сообщение Чт Янв 08, 2009 19:18  
Мәмбет мына дәл сенің өзің-ау сол кездегі билікке өкпелеп отырған, мейлі кейіпкерің болсын, мейлің өзің бол, көзінің жасын көл етіп жылап-еңіреп, әлгі полковниктің табанын
жалаған, ондай жасықтардан қазақ халқын аулақ етіп жасырып тастағаны да дұрыс шығар!!!!!!!!!!!...... Немесе сол Желтоқсандық, менің, шын сөзін тауыса алмай жүрген жолдасым бар. Сол азаматтың айтысы бойынша, алаңда ұсталған мұны апарып қамамай ма?.... Оған;- Сен алаңға барған себебім, Колбиннің келгені дұрыс, ал сен ол сөзді жастарға түсіндіруге бола барғанмын деп айт?..., егер сен осы сөзге келіссең, саған ешқандай шара қолданбаймыз деп қолқа салады, алайда оған көнбеген байғұс осы күнге дейін сол жарақаттардан толық айыға алмай жүр!!!...
Ал мақұл дейік, алда-жалда билік қол таза болар болса, онда бұл тірліктерді несіне жиырма жылға жаптыртып тастады.... Неге оны басы ашық мәселе етіп қалдырып, оның
аяғын толық мәлімет етпеді!!!... Онда олар да несіне қорқады.... Колоннаны бастап одан
ары кете бергені рас болса, онда осы Желтоқсан туралы «өтірік» айтып жүргендерді халық алдында масқарасын шығарсын, несіне қорқады, онсыз да полицайлық мемлекет басшысы бола отырып?...
8
Жәй ғана
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 19:32  
Не деген бітпейтін әңгіме? Желтоқсан болғаны дұрыс. Тәлелсіздігіміз осыдан бастау алды деу де дұрыс. Өйткені, бүкіл Одаққтағы кіші ұлттарға жаңа дем берді.

Не деген бітпейтін әңгіме? Колонна бастап жүрді жүрген жоқ па. Мен болсам кабинетте болар едім, сол кезде жастарды тарқатқан болып алдарына шыққан болар едім. Басқа не істей алады сол кезде Совмин болған адам.

Бір диқанның үстіне найзағай түссе де елбасын кінәләйтын оы Арысты ай!
9
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
Сообщение Чт Янв 08, 2009 19:37  
10 коммды жазған қандасыма!!...
Айналайын-ау осы жазбалардың бәрін, ішіңнен езіліп отырып жазып отырғаныңды түсінемін.... Қайтеміз, осы сатқын билік өзінің карьерасына бола, тағына бола, қазақты бір-бірімен ырылдастырып, диаспораға бар билік жібін әдейілеп беріп отырғанын сіз менен артық біле отырып күйінгеннен жазып отырғаныңыды.... Ия, мына Елбасы тұрғанда, оның айтағына ерер Мәмбеттер тұрғанда біздер қай шамаға дейін өз арбаларымызды сүйрете алар екенбіз???.....
10
zheltocsan
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 20:05  
маладес Мәмбет! Дегенмен, сұрақтар бар.

Нағышың "Жатақханаларда студенттерді үгіттеп, Орталық комитеттің адамдары жүр екен.Ертең жұмысқа бармаймын.Сен де ешқайда шықпа» деді." депті. Ал, сен неге онда бардың? Ұлтшылдығың ұстап кетті ме? Ал ұлтшылдығың бұрыннан болса неге нағашыңа, алдында, «Аға,бізге бәрібір емес пе кімді қойса да.Одан не өзгереді?» дедің?..

"Корпусқа келсем, лекция жайына қалып, дәріс берушілеріміз дәлізде бейтаныс біреулермен сөйлесіп тұр екен. Алғашында оқу орнын тексеруге қаптап келген комиссия сияқты көрінді.Бұл жайлы кейінірек.."

Ал оларды кімдер деп ойлайсың қазір, олар Назарбаевтың ұйымдастырған адамдары болғаны ма?

"Сонда «Жігіттер!Олай істемеңдер!Сендер қарақшы емессіңдер ғой!Бірақ ештеңеден қорықпаңдар!Жарайсыңдар,қазақтар!»деп шетте ақырын дем беріп тұрған азаматқа қарасам,күндіз корпуста өзім көрген бейтаныс жігіттердің біреуі екен!Бұларды ешкіммен шатастыра алмайсың.Ол кезде қымбат киім кигендер бірден көзге түсіп,есте қалатын.Құндыз бөрік,келте тон,сұлу етік –арман еді ғой,шіркін!
Мен де сол бақытқа қолы жеткен асыл тұқымдыны бірден таныдым.Таныдым да қуандым!"

Ал бұл нұсқаушыны кейін бір жерден көрген жоқсың ба? Оны кім деп ойлайсың?

"«Жастардың көбі наркоман немесе мас болған».Өтірік.Ол кезде наркоман тұрмақ наркотиктің не екенін біле бермейтін."

көбі деген әрине өтірік. Бірақ наркотик сол ККБның бір қаруы болуы мүмкін ғой?

"Біздің қойған талабымыз:Басшымыз не қазақ , не қазақстандық болсын.Кейбіреулер шынайы сөз бостандығы,шынайы демократия керек деп жатты.".. "Сонымен алаңға қайта оралайық.Қақтығыстың алдында трибунада біреулер сөйлеп жатты.Бір кәрі әйел өлең оқыды.Бәрінің талабы бір еді:Біз мұндай шешіммен келіспейміз.Сонда «Соломенцев келсін!», «Колбин шығып, қазақша сөйлесін!», «Қонаевты естігіміз келеді!», «Назарбаевты сайласын!» деп айқайлап тұрды халық."

Ал осы талаптар өзінен-өзі пайда болды ма, әлде ол белгісіз біреулердің үгітінен туындады ма? "Сайлансынның" ішінде Назарбаевтан басқа адамның фамилиясы болды ма?

"Мен сонда трибунаның тура түбінде тұрдым.Көз алдымда өтіп жатқан тарихи оқиғалардың кейін мүлдем басқаша жазылатынын,бұған еш қатысы жоқ адамдардың батыр атанып,осыған байланысты небір сорақы жағдайлардың орын алатынын мен қайдан білейін ол кезде...."

Батыр атанатындар деп отырғаның кімдер? Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асановалар ма? Қайрат Рысқұлбековтың орталық нұсқауымен өлтірілгеніне мен сенбеймін. Менің ойымша ол осы желтоқсанды ұйымдастырушы жергілікті адамдардың нұсқауымен болған сияқты. Сеніңше бұл қалай?
11
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 918
Сообщение Чт Янв 08, 2009 21:15  Желтоқсанға
1.Басында маған бәрібір болған.Бірақ ойым өзгерді.
2.Егер осыны Орталық Комитеттің адамдары ұйымдастырса-бұл олардың ұлттық санасының оянғанын,Москваға қарсы шыққанын көрсетпей ме!Мүмкін бұл биліктегі жекелей адамдардың,немесе белгілі бір топтың белсенділігі шығар.Қалай болған күнде де бұл нағыз батырлық.Ол кезде бұл үшін басыңмен кетуің мүмкін еді.
3.Нұсқаушыны кейін көрмедім.
4.Наркотик дегені өтірік.
5.Кімнің қандай тапсырмамен жүргенін білмедім.Ол заманда халықтың өзі де сауатты еді.Сыраханада тұрып та саясатты айтушы еді ғой.Сол кезде Назарбаевтан басқа кандидат аталмады.
6.Рысқұлбеков жайында сенен артық ешнәрсе білмеймін.
12
zheltocsan
Аноним 
Сообщение Чт Янв 08, 2009 21:35  
хым. Сөз жоқ Желтоқсан көтерілісіне қатысу батырлық. Бірақ, осы батырларға өз ойын өзгертіп жіберетін дем берушілер болмаса, батырлықтарының да көрініс беруі неғайыл еді ғой?

Таак Мәке, енді қарсылас жақтың дәлелін тыңдайық..
13
Арыс
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 12.04.2008
комментов: 1538
Сообщение Чт Янв 08, 2009 22:48  Мәеңе... жедел түрде...
Аяғынан бастайын, мақұл Рысқұлбековты білмедім дейсің, әрине 15-20 мың адамның ішінен Мәмбет бір түйіршік болып қалған шығар сол кезде...
Сыраханада сыра ішіп тұрып, саясат соққанда бәледейсің, білмейтінің жоқ дейік?, алайда
алғашында бәрібір болып, кейіннен ойыңның өзгергенініің өзі де бірталай күмән ұялатады көңілде..... Назарбаевыңа да мақұл дейік....
Нұсқаушы мен наркотикке да әңгіме жоқ....
Ал ол тірліктер батырлық екендігін білесің де, осы жымысқы әрекетпен, жеке адам мен белгілі бір топтарды білуге келгенде ерніңді тістелейсің.... Мәке, сен оңай жаңғақ емессің, дегенде сенің ішіңде бәрі де сайрап тұр, оны айтуға келгенде, лып ете қаласың.... неге сол трибунаның алдында тұрғанда Әуелбеков деген фамилияны есітпей қалдың??....
Неге біздер бүкіл Қазақстан тұрғындарының арасындағы сол Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың арасынан бірінші рет ол күндері ешқандай басбұзарлық тірліктер болмаған деген сізге сенуіміз керек де, қалған 14999 немесе 19999 адамның сөздерін
жоққа шығаруымыз керек??.... Оу, ешболмаса сол алаңның өзінде өліп кеткен боздақтардың әруағынан қорықсаң қайтеді??...
14
Мәмбет
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 29.08.2008
комментов: 918
Сообщение Чт Янв 08, 2009 23:12  Арысқа
Әуелбековтың атын алаңда ешкім атамады.Есесіне 87-жылғы пленум оның қандай батыр екендігін көрсетті.Облыстық газеттеріңнің редакциясына барып,архивын ақтар.Сонда бәрінің осы оқиға жайындағы баяндамалары болу керек.
15
zheltocsan
Аноним 
Сообщение Пт Янв 09, 2009 00:37  
Мәке сілтеме бермей-ақ қойшы, осы сілтемеден жалықтық. Ол қандай оқиға аз да болса айтып кетші.
16
zheltocsan
Аноним 
Сообщение Пт Янв 09, 2009 15:47  
осы қазіргі кезде де 86 жылғы желтоқсанда жастарды үгіттегендей мықты адамдар болса кнбыңда да, әкімшілігіңде де оларды іштей болса да қолдайтын билікке наразылар аз емес. Қоғамда есесі кетіп жүргендер ол кезден көп болмаса, аз емес. Тек, олардың үгіттері де, ұрандары да нақты болуы керек.
17
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пт Янв 09, 2009 16:33  
Қыртыл бітті!
Халықты көтеру керек!
Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 735603
Всего зарегистрированных пользователей: 16021
Последний зарегистрированный пользователь: desavu
Сейчас посетителей на сайте: 63, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 63
Зарегистрированные пользователи: Нет
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (7510) Wladimir (6666) kazak (6488) ангел (4829) Йода (4360) Я (3772) Евгений Нечаев (3722) Newman (3684) Салафи (3527) apo (3475)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Яндекс цитирования