 |
 |
|
 |
|
 |
|
Университет имени Кунаева может не оправдать свое высокое имя [4/83]
Студенты.KZ, 4 Декабря 2008 19:56:38
В главном корпусе АлматинскогоУниверситета, имени...
|
Все что остается за кадром. КазУМОиМЯ [2/154]
Студенты.KZ, 3 Декабря 2008 20:26:47
Казахский Университет Международных Отношений и...
|
Кто рискнет отменить тестовую систему экзаменов в ВУЗах? [3/163]
Студенты.KZ, 2 Декабря 2008 17:59:42
Тестовая система проведения экзаменов применяется...
|
Есимов - за! Студенты.kz - против! [8/181]
Студенты.KZ, 1 Декабря 2008 19:09:29
Выступив с предложением по отмене студенческих...
|
Живет только тот, кто платит [6/196]
Студенты.KZ, 28 Ноября 2008 20:22:36
При выборе места учебы, будущие студенты, чаще всего...
|
Все, что остается за кадром в университетах [2/236]
Студенты.KZ, 27 Ноября 2008 19:16:56
Постоянная нехватка времени как у студентов, так и...
|
Спорт и криминал в одном лице [4/363]
Студенты.KZ, 26 Ноября 2008 20:28:30
Казахская академия спорта и туризма всегда...
|
И до нас дошел прогресс или как КазУМОиМЯ выбирает своего правозащитника [5/252]
Студенты.KZ, 25 Ноября 2008 19:12:17
Хочу с вами поделиться историей о том, как я хотел...
|
КазНУ сдает своих [59/930]
Студенты.KZ, 24 Ноября 2008 18:08:24
В Казахском Национальном Университете им Аль-Фараби...
|
Кто поверит в такие выборы??? Или как в Медунивере весь пар ушел в гудок… (Фото) [3/273]
Студенты.KZ, 23 Ноября 2008 12:58:56
Сегодня, 21 ноября, в Казахском Национальном...
|
АИЭС очередной раз определял, как живется студентам… [3/369]
Студенты.KZ, 20 Ноября 2008 18:32:46
Сегодня состоялась встреча студенческого актива...
|
«Студенчекое самоуправление». Кто даст добро? [0/153]
Студенты.KZ, 19 Ноября 2008 19:07:40
У всех студентов без исключения возникала мысль о...
|
В КазИТУ приезжал ревизор… [4/247]
Студенты.KZ, 18 Ноября 2008 19:24:58
Недавняя проверка, буквально 3 недели назад,...
|
Из лейтенантов в сержанты? Студентам не доверяют? [33/507]
Студенты.KZ, 17 Ноября 2008 18:06:54
До недавнего времени ВУЗы страны выпускали из своих...
|
Зачем учиться,учиться и еще раз учиться, если негде практиковаться? [9/554]
Студенты.KZ, 14 Ноября 2008 20:14:46
Ежегодно студенты обязаны проходить практику - ...
|
Кому нужны бакалавры…..? [5/564]
Студенты.KZ, 13 Ноября 2008 19:29:02
Учеба в ВУЗе - это новая ступень в обучении,...
|
Фишка от Еврокомиссии [1/211]
Студенты.KZ, 12 Ноября 2008 18:27:29
Сегодня прошла презентация от Еврокомиссии по...
|
Политех дешевеет? [15/382]
Студенты.KZ, 11 Ноября 2008 18:46:38
Какую бы борьбу со взятками КазНТУшники не...
|
Алматинские студенты живут в среднем на 2 100 тенге в день! [12/677]
Студенты.KZ, 10 Ноября 2008 17:11:25
По расходам студентов, становится заметно,...
|
Если выбираешь не ты, тогда выберут за тебя [2/493]
Студенты.KZ, 7 Ноября 2008 18:59:48
Конечно, не так давно введенная кредитная система...
|
|
|
 |
Екі сөйлеген Нәрікбаев екі мыңға тарта студентті сенделтіп қойды
[338/2]
Мақсұт Нәрiкбаев басшылық ететiн Қазақ гуманитарлы заң университетi төңiрегiнде өршiген даудың басылар түрi жоқ. Оқу ордасының Алматыдағы бөлiмшесiнде бiлiм алатын 3-4-курс студенттерi дипломсыз қалуы әбден мүмкiн. Студенттер мен олардың ата-аналары Нәрiкбаевпен кездесудi бiрнеше дүркiн талап еттi. Бiрақ, Мақсұт Сұлтанұлы үнсiз. Тым-тырыс.
Дау өткен жылы елiмiздiң Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң университеттiң Алматыдағы бөлiмшесiне лицензия беруден бас тартуынан басталды. Бiрақ, обалы не керек, министр Жансейiт Түймебаев өзiнiң арнайы жарлығымен университет қабырғаларында бiлiм алып жүрген студенттердiң оқуын аяқтап, дипломын алуына рұқсатын берген едi. Алайда, биыл оқуын тамамдаған түлектерге университет дипломын тапсырған Нәрiкбаев оқу ордасының Алматыдағы бөлiмшесi 30 тамыздан бастап өз жұмысын тоқтатады деген шешiмге келiптi.
Бұл шешiмiмен ректор Нәрiкбаев өз сөзiне өзi қарсы шығып отыр. Нәрiкбаев уәдесiн ұмытса, есiне салуға әзiрмiз. «Лицензия берiлмесе, жабылуға мәжбүрмiз. Бiрақ, мен бөлiмшенi жаппаймын. Рұқсатсыз талапкерлердi қабылдау заңсыз, сондықтан бұл жұмыс тоқтатылады. Оның орнына бiздiң оқу ордасында бiлiм алатын студенттердi оқытуды аяғына дейiн жеткiземiз. Бiздiң мiндетiмiз – осы» деген едi. Ендi келiп бұл уәдесiнен Нәрiкбаев мырза неге тайды? Аты менмұндалаған «Әдiлет» партиясының басшысы әдiлетсiз қадамға неге барды? Көкейiн тескенi – алып ғимаратты жалға беруден түсетiн қыруар пайда болуы да мүмкiн.
Нәрiкбаев бос қалған ғимараттың аумағын түрлi ұйымдарға жалға берудi ойластырып отырғанын да жасырмады.
Не десек те, Мақсұт Сұлтан¬ұлы оқуын аяқтауға бiр-екi жылы қалған студенттердi сергелдеңге салмай, олардың оқуын бiтiрiп, дипломын алуына жағдай жасауы керек едi. Бұған министрлiк те қарсы емес. Министр Түймебаев студенттерге тiлеулестiк бiлдiрiп отыр. Өкiнiшке қарай, Нәрiк¬баев студенттердiң де, министрдiң де тiлегiне құлақ асқан жоқ. Қазiр студенттер ректордың «жаңа жарлыққа сәйкес бiз жұмысымызды 30 тамызға дейiн тоқтатуымыз тиiс» деген уәжiне, не министр¬лiктiң бiлiм және ғылым саласын бақылайтын комитетiнiң төрағасы Мұхтар Байжұмановтың «студенттердi басқа жоғары оқу орындарына көшiру шешiмi университет басшылығының бастамасы болуы мүмкiн» деген тұжырымына сенер-сенбесiн бiлмей дал. Минис¬тр¬лiк өкiлiнiң айтқан пiкiрi орынды сияқты.
Мұны Түймебаевтың өзi алматылық студенттердiң тағдырына алаңдап, студент¬тердiң оқуын аяқтауға мүмкiндiк берiп отырғаны да растай түседi. Ал Нәрiкбаевтың «күл болмасаң, бүл бол» деп студенттер тағдырына немкеттiлiк танытып отыруы – мүлде жұмбақ.
Ректордың алматылық студенттердi Астанаға шақыруы жастардың ашу-ызасын тудырды. Олардың қарсылығын түсiнуге де әбден болады. Студенттер бұл оқу ордасына құжат тапсырғанда Алматыда оқитынына сенiмдi едi. Университет әу баста Алматыда емес, Астана қаласында орналасқанда, студенттер де Нәрiкбаевтың оқу ордасына құжаттарын тапсырмаған болар едi. Ендi аяқ астынан жiк шығар¬ған университет басшылығының «ақылын» тыңдар студент табылмай отыр.
Оның үстiне, Астанаға көшу машақаты да оңай емес. Тұратын жер, жүрiп-тұру шығыны да қалтасы тесiк студенттерге үлкен күш. Қаладағы басқа оқу ордаларына ауысуды барлық студент¬тiң қалтасы көтере бермейдi. Нәрiкбаевтың университетiнде студенттер 150 мың теңге төлесе, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сияқты бiлiм ордаларында оқу үшiн қалталарынан 450-500 мың теңгенi санап берулерiне тура келедi. Осындай қысылтаяң жағдайда қалған сту¬денттердiң арызданбаған жерi қалмапты. 15 студент бiрiгiп, университет басшылығының үстiнен қаржы полициясына шағым түсiргенi де мәлiм.
Университеттiң жабылуына ұстаздар қауымы да наразы. Оқу ордасының бөлiмшеге айналғаны туралы арнайы жарлықтың шықпағанын көлденең тартқан ұстаздар Нәрiкбаевтың заңды белiнен басып, өзiм бiлермендiкке салынып отырғанына қарсы. Нағашыбай Шәйкенов iргетасын қалаған оқу орнын жекеше¬лендiрiп алған Нәрiкбаев осы оқу ордасы ғимаратының бiрiншi қабатына «Әдiлет» партиясын орналастырған.
Саяси және дiни ұйымдардың бiлiм беретiн мекемелердiң қабырғаларында жұмыс iстеуi заңға қайшы екенiне қарамастан. Академияда орын тепкен сау¬на, бильярд, бассейн де коммерциялық пайда табудың көзiне айналған. Мұндай әрекеттердiң заңсыздығын заңгер Нәрiкбаевтың бiлмеуi мүмкiн емес.
Күз жақындап, жаңа оқу жылы есiктен сығалап тұрғанда әдiлдiк iздеп шырылдаған жастар оқу-тоқусыз далада қалуы ықтимал. Әрбiр студенттi тиiстi оқу орнына орналастыру Нәрiк¬баевтың ғана емес, сонымен бiрге үкiметтiң де мiндетi. Екi мыңға жуық Қазақстан азаматы құқығының аяққа тапталмауын ойлауға тиiс. Билiкке алақан жайған iрi құрылыс корпорацияларына үкiмет жүздеген миллиард теңге бөлдi. Үлескерлердi тентiретпей, тұрғын үй құрылысын дер кезiнде аяқтау үшiн.
Қазақ гуманитарлы заң университетiнiң Алматы бөлiмшесi жабылған жағдайда да билiк студенттер тағдырына көңiл бөлуi қажет. Нәрiкбаевқа сөзi жүрмесе де, жастардың тағдырын шешудi өз мойнына алуы мiндет.
Азамат Байүзакұлы
"Жас Алаш" газеті
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
|
|
 Сб Авг 09, 2008 20:16
Нәрікбаев оңбаған адам!
|
|
|
 Сб Авг 09, 2008 20:28
талаптан айнымау керек. Билік халықтың бір ғана табынан - студенттерден ғана қорқады. Әзірге тек студенттер ғана биліктен қойған талаптарын орындата алады. Билік 86-жылғы студенттердің талабымен келгенін ұмыта қойған жоқ.
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 600427
Всего зарегистрированных пользователей: 15068
Последний зарегистрированный пользователь: Мангистауец
|
Сейчас посетителей на сайте: 48, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 48 Зарегистрированные пользователи: Нет
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (9655) Alty Alash (6839) KULTEGIN (6397) kazak (5728) ангел (4831) Wladimir (4315) Йода (3988) Евгений Нечаев (3723) Я (3314) Салафи (3137)
|
|
|