 |
 |
|
 |
|
 |
|
АИЭС очередной раз определял, как живется студентам… [1/121]
Студенты.KZ, 20 Ноября 2008 18:32:46
Сегодня состоялась встреча студенческого актива...
|
«Студенчекое самоуправление». Кто даст добро? [0/71]
Студенты.KZ, 19 Ноября 2008 19:07:40
У всех студентов без исключения возникала мысль о...
|
В КазИТУ приезжал ревизор… [3/140]
Студенты.KZ, 18 Ноября 2008 19:24:58
Недавняя проверка, буквально 3 недели назад,...
|
Из лейтенантов в сержанты? Студентам не доверяют? [33/401]
Студенты.KZ, 17 Ноября 2008 18:06:54
До недавнего времени ВУЗы страны выпускали из своих...
|
Зачем учиться,учиться и еще раз учиться, если негде практиковаться? [9/362]
Студенты.KZ, 14 Ноября 2008 20:14:46
Ежегодно студенты обязаны проходить практику - ...
|
Кому нужны бакалавры…..? [4/364]
Студенты.KZ, 13 Ноября 2008 19:29:02
Учеба в ВУЗе - это новая ступень в обучении,...
|
Фишка от Еврокомиссии [1/135]
Студенты.KZ, 12 Ноября 2008 18:27:29
Сегодня прошла презентация от Еврокомиссии по...
|
Политех дешевеет? [15/274]
Студенты.KZ, 11 Ноября 2008 18:46:38
Какую бы борьбу со взятками КазНТУшники не...
|
Алматинские студенты живут в среднем на 2 100 тенге в день! [12/477]
Студенты.KZ, 10 Ноября 2008 17:11:25
По расходам студентов, становится заметно,...
|
Если выбираешь не ты, тогда выберут за тебя [2/323]
Студенты.KZ, 7 Ноября 2008 18:59:48
Конечно, не так давно введенная кредитная система...
|
Показуха или разруха [9/485]
Студенты.KZ, 5 Ноября 2008 18:27:26
В общежитиях КазУМОиМЯ им. Аблайхана не...
|
Зеленый змей окутал молодежь [24/520]
Студенты.KZ, 4 Ноября 2008 18:33:52
Большие города всегда предоставляют студенческой...
|
Хеллоуин по-Талдыкоргански [5/447]
Студенты.KZ, 1 Ноября 2008 10:19:18
Минувшей ночью все отмечали праздник - Хеллоуин. Как...
|
В Великобритании осужден студент, возомнивший себя аферистом века из фильма "Поймай меня, если сможешь" [0/301]
Студенты.KZ, 31 Октября 2008 21:46:18
В Великобритании осужден лидер крупнейшей...
|
Мозговая пища [4/341]
Студенты.KZ, 30 Октября 2008 18:00:56
Не каждая студенческая столовая может похвастать...
|
Переаттестация ВУЗов. Последствия [1/450]
Студенты.KZ, 29 Октября 2008 18:09:51
После закрытия множества ВУЗов Талдыкоргана в связи...
|
«Сельско-студенческая» жизнь [0/230]
Студенты.KZ, 28 Октября 2008 18:28:09
Хорошо, когда универ находится в твоем городе. Но все...
|
До культуры водителям в Талдыке далеко [2/227]
Студенты.KZ, 27 Октября 2008 17:52:52
С введением бесплатного проезда в Талдыкорганских...
|
Как московские водители развлекают себя в пробках [3/369]
Студенты.KZ, 26 Октября 2008 12:48:51
Специалистами подсчитано, что ежемесячно...
|
В Москве пройдет митинг протеста против нарушения прав москвичей [5/213]
Студенты.KZ, 25 Октября 2008 13:05:21
Около 400 милиционеров будут обеспечивать соблюдение...
|
|
|
 |
Студент, ақшаңды төледің бе?
[278/0]
Жайлы жаз өтіп, қылышын кезеп, ызғарлы қыс та босағада тұр. Жаймашуақ жаз мезгілінде адамзат, оған қоса, барлық тіршілік атаулы қысқа қамдана бастайды. Яғни, бірінші кезекте азық-түлікті түгендесе, екінші жылу жүйелерін, терезелердің ашық жерлерін жауып, аяздан қорғанудың қамын жасайды. Осыған орай біз жоғарғы оқу орындарындағы жөндеу жұмыстарының нәтижесін көруді жөн көрдік.
Жалпы, бюджеттен жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржыны, студенттеріміздің оқуға төлейтін ақшаларын есепке алсақ, кез келген жоғарғы оқу орны қазіргі заманға сай, еуро жөндеуден өтуі тиіс. Яғни, сол бөлінген ақшалар біреулердің қалтасына кетпей, тиісінше орнымен жұмсалса ғой!
Қазіргі кезде жоғарғы оқу орындары, әкімшілік ғимараттар ғана емес, кез келген қала тұрғыны үй-жайларын еуро жөндеуден өткізуде. Бұл жөндеудің артықшылығы, пластикалық есік пен терезеде. Пластиканың ерекшелігі оның сырттағы шуды, ызғарды және ағзаға зиян сәулелерді өткізбеуі.
Биылғы оқу бағасының өсуін ескерсек, студенттердің талабы одан ары өспесе, кемімейді. Ата-ананың итшілеп тапқан ақшасы ақталса деген, студенттеріміз аз емес. Яғни, бұл ақылы бөлімде оқитын студенттеріміз. Қазір ең аз оқу ақысы – екі жүз отыз мың теңге. Бұл, әрине, аз ақша емес. Осыған орай жоғарғы оқу орындарына қойылар талаптар да өспек. Яғни, оқу орны – білім ордасы ғана емес, сонымен қатар студенттеріміздің екінші шаңырағы. Мұнда емін-еркін оқып, өздерін жайлы сезінулері тиіс. Және қазақша оқулықтардың жетіспеушілігін тамырымен жою керек.
Енді кейбір жоғарғы оқу орындарындағы жөндеу нәтижелеріне тоқтала кететін болсақ. Бірінші біздің ат басын тіреген оқу орнымыз – Алматы Технологиялық Университеті. Бұл оқу орнының жағдайы анағұрлым жақсы. Яғни, жөндеу жұмыстарының нәтижесі тайға таңба басқандай. Жаңадан ашылған тоғыз қабатты ғимараты да қуантарлықтай жағдайда екен. Жоғарыдағы талаптарға толығымен сай деуге болады. Мұнда студенттерге деген барлық жағдай жасалған. Оны олардың жүзіндегі үйірілген күлкіден аңғаруға болады.
Келесі жоғарғы оқу орнымыз – Қазақ Ұлттық Ауылшаруашылық Университеті. Бұл оқу орнымыздың әлі де жөндейтін жерлері аз емес. Біздің түсіріп алған фото суретке назар аударатын болсақ, сынған терезе әйнегі, істен шыққан дәретханалар, көңіл-күйімізді түсірмесе, қуантарлық жайы жоқ. Осындай жәй Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің кіші оқу корпусында да орын алған.
Мұны біз жоғарғы оқу орындарын салыстырайық немесе сынап-мінейік деп жазып отырған жоқпыз. Мақсатымыз барлық жоғарғы оқу орындары талапқа сай болып, білім жағынан ғана емес, жөндеу жұмыстары жағынан да бәсекелес болса, игі іс болар еді. Дәл қазір фотосуреттерімізді желідегі келеңсіздіктерге байланысты іле алмаймыз. Бірақ міндетті түрде кейінірек ілеміз.
Оставить комментарий
|
 |
|