RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: Торлет
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Просто люди
  Журналисты
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Торлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 КЛУБ \\\"РУХ пен TIЛ\\\"
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана

Торлет
Поздравляю россиян с новым президентом Дмитрием Пятым! [339/37]
Торлет, 12 Мая 2008 00:48:28
С избранием нового президента в РФ началась новая...
СВОБОДУ ФИЛОСОФУ НУРЛАНУ АЛИМБЕКОВУ! [214/9]
Торлет, 30 Апреля 2008 13:27:52
Сейчас он переведен из психдиспансера в...
ФИЛОСОФ НҰРЛАН ӘЛІМБЕКОВ ЖЫНДЫХАНАДАҒЫ ҚАМАУДАН ШЫҒАРЫЛСЫН! [430/18]
Торлет, 19 Апреля 2008 02:51:28
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Философ Нұрлан...
СВОБОДУ ФИЛОСОФУ НУРЛАНУ АЛИМБЕКОВУ! [381/36]
Торлет, 17 Апреля 2008 17:54:34
Президенту РК Нурсултану Назарбаеву Свободу...
БОЛЬШЕ ВСЕГО РУССКИХ ПРИТЕСНЯЮТ НА КАВКАЗЕ И В ТАТАРИИ [832/49]
Торлет, 16 Апреля 2008 10:25:38
Больше всего русских притесняют на Кавказе и в...
Из статьи в "Коммерсанте" [598/17]
Торлет, 13 Апреля 2008 09:32:40
«Когда же речь зашла об Украине, Путин вспылил....
НАЦИЮ ДЕЛАЕТ НАЦИЕЙ НАЦИОНАЛИЗМ ЕЁ ДЕТЕЙ [431/26]
Торлет, 8 Апреля 2008 23:23:59
Я начал писать комментарий к статье Лукашева в его...
ЛЮДИ, НЕЛЬЗЯ ТАК! [514/35]
Торлет, 27 Марта 2008 22:39:15
“Новая газета”. “По данным мониторингов "Новой...
ЛЮДИ! ОСТАВАЙТЕСЬ ЛЮДЬМИ! [672/56]
Торлет, 20 Марта 2008 10:16:41
“Труд” пишет, что в Москве - традиционный весенний...
В Тибетском автономном районе (ТАР) Китая в течение недели бушуют беспорядки. [647/27]
Торлет, 16 Марта 2008 15:19:20
В Тибетском автономном районе (ТАР) Китая в течение...
Гуманистический взгляд на мораторий на смертную казнь [939/171]
Торлет, 12 Марта 2008 19:09:07
Самое дорогое у человека, у живого существа, это...
Миронов Б. Геноцид [502/26]
Торлет, 10 Марта 2008 14:36:39
На российской земле в тепличных условиях,...
В ТУРЦИИ РАЗРАБОТАН ПРОЕКТ ЛИБЕРАЛИЗАЦИИ ИСЛАМА [746/47]
Торлет, 28 Февраля 2008 12:45:45
В Турции разработан проект либерализации ислама ...
мигранты из Таджикистана и Узбекистана помогли ряду калужских колхозов выбиться в "миллионеры". [395/6]
Торлет, 27 Февраля 2008 14:16:16
“Известия” сообщают, что мигранты из Таджикистана и...
НАЦИДЕЯ ПО-ДУВАНОВСКИ: ЕЕ НЕТ И НЕ ИЩИТЕ [489/10]
Торлет, 26 Февраля 2008 18:21:40
Ответ на статью Сергея Дуванова "Нашедшего...
Шерзод Бабаджанов. Кто «крышует» скинхедов? [727/99]
Торлет, 26 Февраля 2008 14:54:31
26.02.08 Шерзод Бабаджанов. Кто «крышует» скинхедов? ...
КАЗАХСТАН И КАМБОДЖА ВРЕМЕН ПОЛ ПОТА: ЧТО ОБЩЕГО? [503/12]
Торлет, 25 Февраля 2008 17:10:23
КАЗАХСТАН И КАМБОДЖА ВРЕМЕН ПОЛ ПОТА: ЧТО ОБЩЕГО?...
В ономастическую комиссию [716/94]
Торлет, 15 Февраля 2008 18:32:20
Исходя из того, что Казакстан унитарное государство,...
Казак тілін дамыту багдарламасы [422/12]
Торлет, 9 Февраля 2008 13:10:47
Казак тілін дамыту багдарламасы (усыныстар) ...
А что делать, когда мусор впихивают тебе в голову? [579/21]
Торлет, 6 Февраля 2008 10:18:52
Прочитал статью С. Дуванова «Мусор в голове» и...

Дата публикации: 2008-02-04 19:20:26

В России официально началась агитационная кампания кандидатов в президенты

[303/6]

В России официально началась агитационная кампания кандидатов в президенты.
Дорогостоящий спектакль во имя демократии.
Президентом станет Медведев. Кто хочет спорить?
Задействованы еще 3 актера (Зюганов, Жириновский, Богданов), они устроят дебаты меж собой. Маразм.
Путин главреж, потом он станет премьер-министром.
Он не послушался Назарбаева: не стал баллотироваться сам.
Казалось бы, прогресс, но...

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Комментарии пользователей


Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Фев 05, 2008 00:11  
Дорогостоящий спектакль не затронувший основного закона страны- Конституции!!
Путин не поставил во главу желание российских лизоблюдов сломать устои Конституции
России, он просто сделал переходной маневр в поступательном движении России к демократии, да пусть Медведева называют преемником, хотя Зюганов и Жириновский не актеры массовки, это "народные артисты" прошедшие кастинг у строгого жюри-народа России и набиравшие неплохие балы неоднократно, ведь не надо забывать, что они лидеры партий которые представленны в политическом устройстве России!
Многие в упрек российским властям ставят отказ в регистрации Касьянова, но реально там действительно был подлог подписных листов! Так что объективно ....но российское.....будет меньше казахстанского НО!!!

63-ий по старому стилю
2
Wladimir
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 16.05.2007
комментов: 2593
Сообщение Вт Фев 05, 2008 02:15  
Сделан первый шаг. Не стали Конституцию превращать в продажную проститутку, готовую подкладываться под любого диктатора. Осталось, сделать реальную партию, которая сможет составить реальную конкуренцию, правящей партии в борьбе за власть.
3
Рыспек-респект
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 19.03.2005
комментов: 1673
Сообщение Вт Фев 05, 2008 03:48  
PRевеD, МедвеD!;)
4
Джеки
Аноним 
Сообщение Вт Фев 05, 2008 07:59  
Превед, Медвед! - фамильярно. Лучше Медведев - конфетка "Мишка на севере". Шоколадка!

Ну, а Путятя - нет слов! Так держать, ВВП! Народ России за Вас, с Вами, с любовью, уважением и почитанием.

Заслуги Владимира Владимировича Путина признают даже враги России на Западе.

2-му

Вольдемар! Рада, что наши мнения совпадают.
5
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пт Фев 15, 2008 14:08  
ЕШКІНІҢ ҚҰЙРЫҒЫ НЕГЕ КЕЛТЕ ?

Хасен Қожа-Ахмет, Жаңатас қаласы.( Совет-орыс түрмесінде отырған кезі)
1978 ж.

Мен өзім жазуға онша құмар адам емеспін. Тек өзгелердің жазғанын оқығанды ұнатамын. Баяғы өздерің білетін тазша бала бар еді ғой, әлгі қырық өтірік айтатын, иә, сол күтпеген жерден, жаздын бір ыстық күні көрші ауылға бара жатқанымда кездесіп қалғаны. Күннің ыстығы соншама, жаңбыр кеуіп, түйіршік қарға айналып жауды. Біраз жүргеннен кейін қардың ыстығына шыдай алмай, аяқ киімімізді қолымызға алып, зымырай жөнелдік. Сол зымырап келе жатқанымызда, жол қысқарсын деп, тазша досым асықпай осы әңгімені маған айтып беріп еді. Ертегі маған өте ұнап қалды да, енді, міне, соны сендер де білсін деп, тұнғыш рет қолыма қалам алып отырмын.
Сонымен тазша бала былай деп еді.
Ерте, ерте, ертеде. Қырғауыл қызыл екен, ешкінің құйрығы келте емес, ұзын екен. Сол ешкілерге ұзақ жыл патша болған мүйізі шаңырақтай Қара теке қартайып, өлер шағы жақындағанын сезіп, өзінің ер жетіп, теке болған екі лағын – Көк теке мен Ақ текені шақырып алып, былай депті.
–Қарақтарым, лақтарым. Мен қартайдым. Енді екеулеріңнің де көңілдеріңді қалдырмай, патшалықты бөліп берейін деп отырмын. Жеріміздің байлығы мол, мыңдаған жылдарға жетеді. Ынтымақты болып, елді жауға алдырмай, дұшпандарға алданбай, әділ басқарыңдар, - деп өсиетін айтып, біраз күннен кейін дүниеден қайтыпты.
Сонымен, Көк теке елдің шығысын, Ақ теке батысын басқарып, тыныш өмір сүріп жатты.
Әрине, ешкілердің жеріне қызығып, көз алартқан дұшпандары да жоқ емес еді. Бірде сиыр келіп, бірсыпыра жердің шөбін жеп, жапырып кетті. Егер Көк теке тойып, теңкиіп жатқан сиырды бүйірден мықтап тұрып сүзіп, қуып шықпағанда, сүйкеніп, қораларды да құлатып кетер еді. Дегенмен, содан бері сиыр ешкілердің жеріне алыстан көз алартқаны болмаса, баса-көктеп кіруді қойды. Өйткені көк текенің мүйізі салған жара жанына қатты батып, жалап жүріп зорға жазғаны есінен кетпеді.
Тағы бірде қаңғыған бұралқы ит үйдің іргесін қазып жатқанда, Көк теке, сол күні қонаққа келіп жатқан Ақ теке екеуі жабыла сүзіп, иттің баласын бір талай жерге қуып тастаған. Осылай: өзінікін бөтенге тиіскізбей, өзгенікіне өздері де тимей, ешкілер өмір сүріп жатты.
Күндердің бір күнінде Ақ теке Көк текенікіне таң қараңғысында жетіп келіпті. Өңі қашқан, даусы дір-дір етеді.
-Мә-ә-ә! Бә-ә-ә! Уай, туыс-ау, бауырым-ау! Мұндай сұмдықты кім көрген?! М-ә-ә! Бә-ә-ә! – деп тұтықты да қалды.
- Е, не болып қалды соншама зарлап? Түсіндіріп айтсаңшы, - дейді оған Көк теке.
- Мына жақтағы қалың орманды мекендейтін торай бар еді ғой, есіңде ме? Сол оңбаған қазір үлкен қабан болыпты. Өз жері жетпегендей, енді келіп менің жоңышқа өскен жерімнің бірталайын қопарып кетіпті. Естуімше, сенің де жеріңе тиіскен сиақты. Не істейміз бұл пәлеге, ә?
- Білмеймін, бауырым. Ол торай көз алдымда өсті ғой. Талай жақсылығым да тиген оған. Аздаған жоңышқаны жесе, «еркелегені шығар» деп, елемеп едім, - дейді Көк теке.
- Ойбай, елемегені қалай? Ол қазір торай емес, үлкен Қабан болды деп айтып тұрмын ғой. Мен сыртынан көріп-ақ қатты шошындым. Жалының қылшығы бір қарыс. Ұртынан қанжардай болып тістері шығып тұр. «Еркелігі шығар» дейсің. Кеше маған бір торайын жіберіпті: «Шөбіңнің дәмін таттым, маған өте ұнады, енді жеріңді қопарып, өзіме ыңғайлы ін қазғым келеді, көрші. Сондықтан екеуміз дос болайық. Ал достаспасаң, өз обалың өзіңе» - деп сәлем айтыпты.
Бұны естіген Көк теке ашуланып:
- Ә-ә. Солай деді де. Мә-хә-хә! Онда рас басынайын деген екен бізді ол доңыз. Былай істейік, бауырым. Сен қорықпа. Үйіңе қайта бер. Ертең мен барамын саған. Екеуміздің көрген құқайымыз бір бұл емес еді ғой. Жабыла мүйіздеп, ол шошқаны ендігәрі бізге қарап аттап баспайтындай етейік, - депті.
Сөйтіп, Ақ текені жұбатып шығарып салып, ертеңіне Көк теке жолға қамдана бастайды. Лақтарымен қоштасып, үйден шыққаны сол еді, қырдың астынан «Мө-өһ! Мө-өһ!» деп сиырдың өкіріп, ұрандап, текені жекпе-жекке шақырғаны естілді. Жайқалған бидайық пен жоңышқаны жеп, таптап кете ме деп, Көк теке де дауыс шыққан жаққа қарай ұмтылып, төбе басына шығып, басын шайқап, көзі аларып, ентелеп келе жатқан сиырдың алдына қасқайа тұрды. Бұны көргенде, сірә, теке мүйізінен түскен ескі жарасы сырқырап кетті ме, сиырдың аптығы басылып, ойланып тұрып қалды. Анда-санда аяғымен топырақты бұрқырата шашып, мөңіреп қойғаны болмаса, ілгері аттап баспады. Екеуі кешке дейін бір-біріне айбат көрсетіп тұрып-тұрып, ақыры тарасты.
Екінші күні жолға шығайын деп жатқанда қырдың астынан иттің үргені естілді. «Өзім жоқта ешкі-лақтарыма зияны тие ме» деп қауіптеніп, Көк теке сол күні де жолынан қалды. Түнімен иттің арсылы естіліп тұрып, таңға жақын өшті-ау үні, әйтеуір.
Сонымен, Көк теке үшінші күн дегенде Ақ текеге зорға жетіпті.
Оны көрген Ақ теке:
-Мә-ә. Келіп қалдың ба? Енді сенің көмегіңнің керегі де жоқ. Мен шошқамен дос болуға келістім. Сен де келіс. Сонда ешкім де біздің жеріміздің шөбін жеп, суын ішіп кете алмайды. Өзімізді де, лақтарымызды да ешкім ренжітпейді. Осылай деп Қабан-екемнің өзі айтты, - дейді.
-Әй, туысқан-ау. Біздің шөбімізді дұшпанымыз сиыр, жылқы жеді не, дос болып шошқалар жеді не, бәрі бір емес пе? Сиыр мен жылқы жеп, таптап кетсе, шөп қайта шығар-ау. Ал шошқа, жегенімен қоймай, тұмсығымен тамырына дейін қопарып, мүлдем құртып кетеді ғой, қуып шығамыз мүйіздеп, - дейді Көк теке.
- Жоқ, бауырым. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деген. Достың болғаны жақсы ғой. Соңғы күндері құлағыма сиырдың, иттің дауыстары келіп, ұйқым қашып, мазам кетіп жүр еді. Қабанмен достасқалы жүрегім орнына түсті. Және де, менің байқауымша, осы шошқа малы түсінігі мол, басқаларға қарағанда мәдениеттірек мал ма деп қалдым. Негізі, достасқанымыз жөн деп ойлаймын, - дейді Ақ теке.
- Жоқ! Мен өз еркіммен тұзаққа түсетіндей ақылымнан адасқан жоқпын әлі. Сен өзің біл. Тілімді алмасаң, кейін өкінерсің әлі-ақ. Қош! – деп Көк теке үйіне қайтады.
Бірақ сол уақыттын бастап Көк текенің қарамағындағы ешкілердің мазасы кетеді. Көк текенің шошқамен араз екенін білген сиыр кеше ешкі қораға сүйеніп, құлата жаздапты. Бір лақты далада кезігіп ит қуалапты. Ешқандай қарызы болмаса да, жылқы «Бір шөмеле жоңышқа бересің» деп сәлем жолдапты. «Дос болмадың» деп, Қабан Көк текенің шекералас бірталай жерін қопарып тастапты. Ал туысы Ақ теке болса, шошқаларға арқа сүйеп, Көк текені сыртынан жамандағанымен қоймай, су ішетін бастауға құмалақтап кетіпті. Осылай әбден мазасы кеткен Көк теке, тағы бірде Қабан «одақтас болайық» деп сәлем айтып, торайын жібергенде, келісімін беріпті.
Өмірде баяу болғанымен, ертегіде уақыт деген жылдам өтеді ғой. Арада бірнеше жыл өтті. Ешкілердің су ішетін бұлағын сазға айналдырып, торайлар ойнап жүр. Белшесінен балшыққа батып, рахаттана «Құх! Ноһ!» деп қорсылдап, Қабан жатыр. Ол осы бұлаққа жиі келіп, демалып тұрады. Жапырылған шөпке, сынған бұталарға қарағанда, ешкілердің «достары» жақсы демалғанға ұқсайды.
Бір күні Қабан туған күнін тойламақ болып, оған басқа жануарлармен бірге Көк текені де шақырды. Барлық шығынды «дос» дос ретінде екі теке көтеретін болады. Бұйрықтың аты – бұйрық. Ешкілер ай бойына тыным таппай, бидай, арпа, жоңышқа жинайды. Және шошқалардың сүйікті асы – еменнің жаңғағын тереді. Тойға сиыр, жылқы, т.б. көптеген жануарлар келді. Бәрі де Қабанды құттықтап, оның жасының ұзақ болуын тілеуде. Қабан болса басын изеп, «Хорс! Хрух! Нәһ!» деп, ризашылығын білдіріп тұр. Қабан бұл малдардың бәрімен ешкінің жоңышқасын сыйлық етіп жіберіп «достасқан» еді.
Сапырылысқан көп жануарлардың ішінде Көк теке де жүр. Әне, ол сиыр мен жылқының қасына барып, әңгімеге араласты:
-Шіркін, біздің қабекеңдей ақылды, күшті жан жер бетінде жоқ шығар. Ал жомарттығы-ы!
Былтыр менің бір мая шөбімді алмай, өзіме қалдырды ол. Сондықтан мен оны өте құрметтеймін және оның достықтың кейбір шарттарын бұзғанына ренжімеймін...
- Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне қарағанда, жылқы мен шошқа малы туыс болып келеді екен. Оған мынандай дәлелдер келтіруге болады: шошқа тілінде «хрю, хрю» деген сөз бар, ал бізде «құру, құру» деген сөз бар. Шошқаша «ноһ, ноһ» болса, бізде «моһ,моһ» деген сөз бар. Және шошқада да, жылқыда да сақал жоқ..., - деді жылқы.
-м-м... Менде де са-сақал жоқ, - деп сиыр асыға сөз қосты. – М-мен де ұқсаймын шошқаға!
- ... Менде мүйіз де жоқ, - деп жылқы сөзін жалғастырды. – Соған қарағанда, жылқы малы, ұлы мәртебелі шошқа малымен нағыз туыспыз. Э-эһ, шіркін, құйрығым да шошқанікіндей болса ғой, арманым жоқ дер едім. Мүмкін, бір кездері болар да. Ау, асқа шақырып жатыр ғой, құру, хрю! Барайық, - деп жылқы жан-жағына қарап еді, Ақ текені де, сиырды да таппады. Ол екеуі сақал мүйіз жайында сөз бола бастағанда еңселері түсіп, тұнжырап, үйден шығып кетіп еді. Ә, міне, сиыр да келді. Екі мүйізін дәл түбінен кесіп тастапты. Құйрығының ұшы да кесілген. Иә, енді аздап шошқаға ұқсаған сияқты ма, қалай?!
Сиырдың артынан ала, паңдана Ақ теке де үйге кірді. Ол мүйізімен қоса сақалын қырқып тастапты. Көк теке бұлардың түрін көріп, күліп жібере жаздады. Ал жылқы болса, қызғаныштан күреңітіп, жер тарпыды.
Барлық мал үстелге отырған соң, Қабан сөз сөйледі:
-Хрюх! Кешіріңіздер-р! Барлықтарыңызға түсінікті болу үшін ортақ тілде сөйлеймін, яғни шошқаша сөйлеймін. Және сіздерге де ортақ тілде сөйлеуді бұйыра-а-хім... сұраймын!..
Келесі тостарда сиыр, Ақ теке, т.б. сөз сөйлеп, Қабанға денсаулық, ұзақ өмір тілейтіндерін білдірді. Бәрі сөздерін «хрюмен» бастап, «құқпен» аяқтап, қабанның көңілінен шығып жатыр. Бір уақыттарда Көк текеге де сөз кезегі келді. Бұл да басқалар сияқты:
Сіз біздің қорғанымызсыз! – деп айтпақ болды: - Мә-ә-ә! Құрметті қабеке, жануарлардың патшасы! Жасыңыздың ұзақ-қ-қ... Айналасындағы жұрттың шошып тұрғанын, Қабанның қабағы түйіліп кеткенін байқаған Көк теке тұтығып, сөйлей алмай қалды.
-М-мен «ортақ тілде сөйлейік» дедім ғой сендерге. Әлде сен тіл білмейсің бе, а?! - деді Қабан түсін суытып.
-Ж-жоқ, тақсыр, и-иә, тақсыр...- деді Көк теке одан әрі сасқалақтап.
- Мыналарың сұмдық екен, ноһ! Сондай тамаша тілді, менің тілімді білмеу деген.... Ноһ! Сұмдық қой бұл! Ертеңнен бастап ауылдарыңнан мектеп ашамын. Сауаттарыңды ашу үшін торайларымды жіберемін. Оқу деген шамшырақ қой. Уай, өзіңді аямасаң да, артыңдағы лақтарыңды аясаңшы. Солар білім алсын... – Қабан ұзақ сөйледі.
Ақ теке болса, «Көк текенің қырсығы маған да тие ме» деп, қорыққаннан денесі суып кетіп еді, бір үзілісте үйден шығып кетіп, шошқаға көбірек ұқсау үшін үстіне балшық жағып келді. Мұны көрген торайлар шиқылдап күліп жатыр. Қабан да шыдай алмай қорс етіп күлді де, іле түсін суытып, торайларға: «Қойыңдар, ей!» – деп жан- жағына алақтап,жаутаңдап қалған Ақ текені қасына шақырып, арқасынан қағып, өз қолымен бір уыс еменнің жаңғағын асатты. Ақ теке емен жаңғағын жаратпаушы еді. Бірақ құсып жібере жаздаса да, сыр бермей, рахметін айтып, күлімсіреп, шайнап жатты...
Айтқандай-ақ, той болған күннің ертеңінде ешкілердің ауылынан мектептер ашылып, әр дәрісханаға бір-бір торай келді. Бір мектепке ешкі тілінен гөрі шошқаша әлдеқайда жақсы сөйлейтін Ақ текенің шыбышы мұғалім боп тағайындалды. Әлі мүйіздері шықпаған лақтар таңертеңнен мектепке барып, шошқаша сөйлеуді үйренетін болды. «Шошқалар-ешкілердің қорғаны», «Қабенеке-жарық күн», «Мәңгі мызғымас достық жасасын!» деп, хормен ән шырқайды. Кешке лақтар «хрю, хрюласып» сөйлесіп, үйлеріне қайтады.
Ешкілердің еліне мұғалім торайлардың артынша-ақ жер қазуды, шөптің тамырын қопаруды, таза бұлақтарды шошқа аунайтын батпаққа (пляжға) айналдыруды үйрететін маман торайлар қаптап келе бастады. Ешкілер өте қонақжай еді, сол қандарына сіңген салтымен топырлап келіп жатқан торайларға төргі бөлмелерін босатып беріп, өздері ауызғы үйде жатты.
Аз күнде ешкілердің жеріндегі шөптің бәрі желініп бітіп, шошқалар тамыр іздеп, жер қопаруға кірісті. Ұстаздарына ілесіп, кейбір белсенді лақтар да жер қопарып, су лайлап жүр.
Мұғалім болған Ақ текенің шыбышы шошқаларға жағыну үшін үйінің барлық бөлмесін де торайларға беріп, өзі бір бұрышында қысылып жатып жүрді. Жейтін шөп жоқ. Тамыр қопара алмай, ол өте ашығып, әлсіреп жүр, бірақ көңілі тоқ. Бәрінен бұрын бұл шошқаларға жәрдем берді, тілін өте жақсы меңгерді. Кейде бірге тамақ та ішеді. Міне, ол бөлменің бұрышында, торайлардың арасында ұйықтап жатыр. Түсінде Қабанның өзі бұны арқасынан қағып, «маладес-с!» деп тұр екен. «Көріңдер мені, ей халайық!.. «Бірақ қаққанға арқасы ауырыңқырай ма, немене?! «Уф!» Оянып кетсе, торай екен, «ары жат» деп, бұны теуіп жатқан. Тұяқтың тиген жері жанына батса да, шыбыш жылжып, торайлардан кешірім сұрап, қабырғаға жабысып жатты. Өзінің осыншама шошқалардың арасында жатқанын көргенде: «Мен неткен бақыттымын!» - деп ойлады.. Ұйықтап бара жатып даусы да шығып кетті: «Мен неткен бақ... «Соңғы сөзі қатты шығып, кілт үзіліп қалды. Өйткені бір шошқа сандырақтап жатқан шыбышқа жыны келіп, бүйірден тұмсығымен бірді періп еді. Сол уақыттан бастап бүйірінен ауыру жабысып, көп кешікпей ол марқұм болыпты.
Ақ теке сүйікті, талапты, қызметте өсіп келе жатқан лағының қазасына қатты қайғырып және соңғы айлардағы аштық әбден қалжыратып, аз күн ауырып, қораның көлеңкесінде (үйін түгелдей шошқаларға берген болатын) жатып о дүниеге жүріп кетіпті. Оны шығарып салуға Қабанның өзі келіп, Ақ текенің ардақты, ақылды, абзал жан болғанын, шошқалармен ешкілердің достасуына ең бірінші болып келіскенін, яғни осы достықтың ешкілер өміріне әкелетін ілгерішіл маңызын көрегендікпен болжай білгенін тебіріне айтып, ұзақ сөйледі. «Сондай ақылды жанға ешкі болып тумай, шошқа болып туу лайық еді», - деп жиылған малдардың сай сүйегін сырқыратты. Сөзінің соңында: « Ақ текеге ескерткіш қойсақ дұрыс болар еді», - деп және Көк текеге қаражат жағын қарастыруды бұйырды. Қабанның дана сөзіне бүкіл шошқалар мен ешкілер «хрюласып», ұзақ қол шапалақтады.
Күндердің күнінде көрші бір елде бүкіл жан- жануарлардың таңдаулы әнші- бишілердің жарысы өткізілетін болып, шошқалар да бәйгеге қатысып, жүлде алмаққа өз іштерінен өнер жүйріктерін іздестіре бастайды. Көңілдері қалмасын деп ешкі, сиыр, жылқылардың да әнші-бишілерін тыңдап көріпті. Бірақ сұрыптай келе дауысы ашық, маңырағаны көп жерге естілетін лақтың орнына дауысы орташа бір торай жарысқа баратын болыпты. Өйткені лақ шошқа тіліне жетік емес екен, әнді ешкіше айтты. Ал бұл жарамайтын мәселе. Және әннің мазмұны кешегі өткен замандағы ешкілердің кең байтақ жеріндегі еркін өмір туралы шатпақ.. Ой, осы лақ өзі қалай? Барып тұрған ешкішіл, жікшіл пәле емес пе екеен? «Басқаларға әсерін тигізіп бұзбас үшін шошқаларға адал, берілген бір ешкіні әнші лақтың артына салып аңдытып қою керек», - деп шешті шошқалар жасырын мәжілісте.
Ал бишілер жағына келгенде, қаншама іштей жек көрсе де, Сары шыбыштың билегені қабандарға ұнады. Сонымен, әнші торай, биші шыбышты ертіп, Қабан үш күн, үш түн жүріп, жарыс болатын елге жетіпті. Жарысқа қатысуға, тамашалауға келген елде қисап жоқ.
Жарысты басқарушы қаз, қатысушыларға «хош келдіңіздер!» деп, жақсы тілектер білдіріп, қаңқылдаған «қаз дауысымен» жарыстың басталатынын хабарлады.
Сахнаға қораздана басып әтеш шықты да, тенор дауысымен бір әнді бастады. Ән жақсы-ақ айтылып еді, тек соңғы жоғарғы дыбысты айтқанда ол «әтеш ұстап» алды (дауысы жетпей, үзіліп кетті).
Екінші болып сахнаға аю шығып, бас дауысымен баяу бір әнге басты. Қайырмасына келгенде ол әннің сөзін ұмытып қалып, басын қайта-қайта шайқап, есіне түсіре алмаған қалпы сахнадан шығып кетті. Одан кейін микро фон ұстап майысып, жымиып түлкі ән айтты. Ол көпшілікке ұнап-ақ қалып еді, бірақ әннің ортасына келгенде сахна артында әлі де әннің сөзін есіне түсіре алмай, әрлі-берлі сенделіп жүрген аю аяғымен іліп, сымын үзіп кетіп, микрофонды істеп шығарды. Сол-ақ екен, түлкінің дауысы мүлдем естілмей қалды, тек аузы ғана жыбырлайды.
Түлкіден соң сахнаға торай атып шығып, екпіндете шыңғыра жөнелді. Ән мазмұны шошқа малының басқалардан артық, асыл, әділетті екенін дәріптеу болып, «қорс, қорс! Ию-ию!» деп шыңғырумен ол әнін аяқтады. Төрешілердің көпшілігі Қабанмен одақтас емес еді. Сондықтан да оның көңіліне қарамай, әділ төрелік айтып, торайдың әнін өрескел деп тапты. Ән жарысы аяқталып, төрешілер орындарынан тұра бергенде сау етіп бір топ құс ұшып келді. Бұл кешігіп келгендер, қырғимен «дос» боламыз деп, бас еріктерінен айырылып, енді сол «одақтастықтан» зорға құтылып, жарысқа келген бұлбұл, бозторғай, қараторғайлар еді. Сонымен, жарыс жалғасып, нағыз ән енді шырқалды. Ән жарысы аяқталғанда төрешілер бір ауыздан жүлдені бұлбұл мен бозторғайға берді.
Ертеңіне сахнаға бишілер шықты. Қорбаңдап аю, бұлғаңдап түлкі биледі... Бірақ сары шыбыш бәрінен озды: тұяқтарын кастаньета етіп соғып билеп, төрешілер мен көрермендердің аузын аштырды. Қасқырдың ашылған аузына шыбын кіріп кетіп қақалып та қалды. Би жарысы аяқталып, төреші мысық орнынан көтерілді:
-Мия-я-ау! Сонымен, би жарысы аяққталды. Бас жүлде биші шошқ... М-мә-әу! Кешіріңіз-і... Сізді мына тізімде «биші шошқа» деп жазыпты, мә-у-ә, бұл қате болар? Сіз-і-і шошқадан гөрі ешкі малына ұқсайтын сияқтысыз ба қалай?..-деді ол Сары шыбышқа.
Кешіріңіз, ұқсамағаны қалай? – деп қорс етіп, Қабан орнынан ұшып тұрды. – Мұны ертіп әкелген мен. Бұл шошқа. Әне, көрдіңдер ме: шошқаша сөйлейді, мүйізі, сақалы жоқ. Мүмкін, бір замандарда арғы аталары ешкі болған да шығар, ал қазір бұл шошқа, нағыз шошқа. Біздің елде «ешкі-мешкі, сиыр-миыр» деп бөліп жатпайды қазіргі уақытта. Бәрін ортақ атпен-шошқа дейміз. Ортақ тіліміз де-шошқа тілі. Бұл біздің прогресс жолындағы озық ел екендігіміздің және жануарлар арасындағы ұлы достықтың айғағы...
Қабанның осындай дәлелді ұзақ сөздерінен кейн төрешілер сары шыбыштың шошқа екеніне сенді де: «Бас жүлде биші шошқаға берілді»,-деп жариялады. Қабан мәз болып қуанып, шыбышты ертіп еліне қайтады.
Бірақ мұнда оны бір қолайсыз жағдай күтіп тұр еді. Ерке өскен бір торай Көк текенің лағын «ақымақсың, мал емессің, маймылсың» деп даттаған екен, ол лақ ашуланып, торайға көп-көп ауыр сөздер айтып тастапты. Басқа да екі-үш лақ оның сөзін қолдап, бүлік шығармақ болған соң, оларды қораға қамауға тура келіпті. Осының бәрін естіп ашуланған Қабан бүлікшілердің жазасын беру үшін дереу тергеу жүргізеді. Сұрақты «жәбір көрген» торайдан бастап алады:
-Иә, ал, айта бер. Лақпен неменеге келісе алмай қалдың? Ешкілердің ақымақ екенін бәріміз де білеміз оны несіне айттың ол надандарға. «Мұндай нәрсені іштеріңде сақтаңдар, болмаса бүлдіріп аламыз» - деп айтып едім ғой. Бізге бұлармен дос болу өте пайдалы екенін неге түсінбейсіңдер осы сендер?!
-Жоға-ау, қабеке. Лақтың басқа ешкілердей емес, сақалын қырықпай, кеудесін керіп жүргені неткен масқара, менің қасымнан өтіп бара жатып бір лақпен ешкіше сөйлескеніне қалай шыдарсың?! Мен оларға: «Ей, оңбағандар, шошқаша сөйлеңдер, шүлдірлемей», -деп сыпайы ғана ескертіп едім, не демеді олар маған: «Бұл біздің-ешкілердің жері. Шөп жеп, жер қопарып жүргеніңе тәубе де. Ал егерде, «есіктен кіріп, төр менікі» деп, жерімізде тұрып, бізге зорлық қылып, өз заңыңды жүргізбек болсаң, көп кешікпей табаныңды жалтыратасың-деді ғой, ойбай! Басқа да айтқандары толып жатыр: «Доспыз» деп, жемнің бәрін жеп қойдыңдар. Сендер ешкілерге ешқашан да дос болған емессіңдер. Сендердей достан қас жақсы», -деді. Лақ кезінде бұлай дейді, кейін, теке болғанда өлтіреді ғой ол бізді. Ертерек мүйізін қағып тастау керек. Ию-ю, ию-ю, құхқ! Сөйте көріңіз, -деп торай өңі қашып, қабанға жалынды.
-Ия-х! Қохқ! Мынау сұмдық екен. Осы сөздерді айтқаны рас болса, онда (оңбағанның көзі шындыққа жеткен екен) оның көзін жою керек тезірек...
Қаһарына мінген Қабан ешкілерді жиып алып, мәжіліс өткізді. Лақтың істеген- «көз көріп, құлақ естімеген» озбырлығына қатты ренжігенін, сондай бейбасты жүгендеуге ешкілердің өздерінің де күштері жететінін айтты. «Мен болсам, міне: өзімнің торай бишімді жарысқа апармай, Сары шыбышты апардым, шыбыш бүкіл әлемге мына сендердің, ешкілердің атын шығарып келді. Менің сол жақсылығымды да бағаламадыңдар ғой, -деп көзінің жасын сүртті. –Егер мені «дос» деп сыйласаңдар, текешіктің мүйізін өздерің-ақ сындырыңдар. Және ол: «Айтқан сөзімнің бәрі жалған, жала», -деп кінәсін мойнына алсын. Болмаса біз де шара қолданармыз, -деді түсін суытып.
Бірақ осының бәрінен достары арқылы хабардар болған лақ тауға қашып кетіп, сондағы Асқар деген туысына барып паналайды. Жабыла іздеген торайлар мен белсенді лақ шәкірттер оны таба алмай қалады.
Жылдар өтіп жатты. Лақтар өсіп, ешкі болды, торайлар өсіп, шошқа болды.Жердің бетіндегі шөп, қамбадағы жем –достардың» ынтымақтаса жегенінен және көрші елдердегі түйе, есек, т.б. малдарға Қабан өзінің дос болуға тұратын мейірімді жомарт жан екенін дәлелдеу үшін үнемі тартулар жасағандығынан мүлдем таусылды. Тіпті, жерді қопарғанда шөптің тамырын табу күш болды. Ал биылғы жылы құрғақшылық болып, шөп мүлде шықпай қойды. Аштықтан бұралған шошқалар өзара кеңес құрды да: «Достардың бірін құрбан етпесек, бәріміздің аштан өлетін түріміз бар. Жылқылар мен сиырларды көндіру қиындау болар, не де боолса ешкілерден бастайық», -деп жиылып ешкілерге келіпті:
- Ешкілер, достар! Тыңдаңдар мені! Көп жылдан бері біздің арқамызда не ішем, не жеймін демей, рахат өмір кештіңдер. Енді ел басына күн туып, аштан өлейік дкп тұрғанымызда, бізді құтқару тек сендердің қолдарыңда. Біз сендердің майлы құйрықтарыңды жейік. Сендер бәрібір аштықтан қырыласыңдар. Құйрықтарды жеп болғанша көктем келіп, шөп те шығып қалар. Ал, ас тәтті болсын, кірісіңдер, бауырларым! – деп Қабан бас салып бір ешкінің құйрығын жей бастайды. Басқа шошқалар да бір-бір ешкіден ұстап алды. Алғашында Қабанның сөзіне таң қалып, өз құлақтарына сенбей тұрған ешкілер құйрықтарына тісі батқанда маңырап қаша жөнелді. Бірақ тығылатын жер де қалмапты: барлық үйлерде шошқалар тұрады, даланы, сай-саланы тұмсықтарымен қопарып тастаған, не шөп, не ағаш жоқ-тап-тақыр, құлазыған дала. Сөйтіп, үш күнде бүкіл ешкілердің майлы құйрықтарының орнына шошайған тұқыл ғана қалыпты. Ешкілердің көпшілігі жандарына жара батып шулап, шошқаларды қарғай бастаса, ал кейбіреуі қандарына сіңген қонақжай жомарттықтарын тастай алмай: «Шуламайық, қояйық, ештеме етпес. «Бастан-құлақ садаға»,-деп басу айтып жүр.
Осы шуды алыстағы тауды мекен еткен Қоңыр теке (Бір кездегі қуғынға ұшыраған лақ) естіпті. Алғашында: «Қабанның туған күніне арналған той ма?»-деп ойлаған оол, үшінші күн дегенде ешкілердің өз тілінде маңырағанын естіп, қасына шошқалардың зорлығына шыдай алмай тауға тығылған тайыншаны ертіп, таудан түсіп, ешкілерге келеді. Ешкілердің халін көріп, Қоңыр теке былай депті:
-Ей, туысқандар! Ездік, намыссыздық сендерді, міне, мынадай халге жеткізіпті. Шөбі жайқалған жерің қайда? Мап-майда ана тілің қайда? Бәрінен жұрдай болыпсыңдар. Енді, міне, денелеріңе ауыз салыпты «достарың». Шошқалармен «дос» болмай тұрғанда да ел болып тұрып едік қой. әне, біздің арқар туыстар бұндай «достарсыз-ақ» өмір сүріп жатыр ғой. Менің сендерге айтарым: «Ез болып өмір сүргенше, ер болып қаза табыңдар. Қор болып тапталып, мазақ болып, күнде өлгенше, ер болып бір-ақ өлейік. Еріңдер маған, бауырлар, жабыла мүйіздесіп, шошқа-торайымен бірге қуып шығайық жерімізден. Тайынша бастаған сиырлар да бізге көмектеседі. Ал іске сәт! Алға!»-деп Қоңыр теке шошқаларға тұра ұмтылды. Ешкілердің бірсыпырасы шошқаға ұқсау үшін мүйіздерін кесіп тастап еді, шайқасқа шыға алмай, төмен қарап тұрып қалды, ал бірталайы ешкі тілін ұмытып та қалып еді, сондықтан Қоңыр текенің не айтқанын ұқпай қалғандар да болды. Дегенмен (әліптің артын бағып үйренген), кейбір жантықтары болмаса, ешкілердің көпшілігі Текеге еріп, шошқаларға қарай лап қойды. Шошқалар қорқып кетсе де, түстерін суытып, «хорс,хорс!» деп, дөң айбат көрсеткен болды.
Қабанға бірінші болып жеткен Қоңыр теке қос мүйізін қабырғадан қадады-ай келіп. Қабекеңнің ию-июлап шыңғырып қаша жөнелгенін көрген ешкілер батылданып, үдере қашқан шошқа –торайларды сүзгілеп тұра қуды. Осы кезде оңтүстік пен батыстан да у-шу дауыстар естілді. Бұл, ешкілердің доңыздарды қуғанын естіп, өз жерлерін де азат етіп жатқан Сиырлар мен Жылқылар еді.
Қанды айқас жеті күн, жеті түнге созылды. Екі жақтың тұйақтарынан көтерілген шаң күннің көзін жапты. Сегізінші күн дегенде бүкіл шошқа атаулыны шекарадан асыра қуып тастап, ешкілер үйлеріне жеңіспен қайтты. Жерлерін доңыздардан азат еткен ешкі, сиыр, жылқылар үлкен той жасап, оған бүкіл жан-жануарларды, құстарды, құрт-құмырсқаларды шақырыпты. Солардың алдында Қоңыр теке сөз сөйледі:
-Уа, туысқандар! Ұзақ жылдар бойы қанап келген зорлықшыл дұшпаннан құтылдық! Енді именбей, өз шөбімізге өзіміз ие боламыз, өз тілімізде сөйлейміз. Ешкім де бізді кемсіте алмайды енді. Естеріңде ме, бір кезде шошқа мені: «Ақымақсың, ешкі деген мал емес», -деп зәбірлеген.
Ал енді сол шошқаның өзі мал ма екен, ойлап көрейікші: Жан-жануарлардың қожасы-Адам, біздің сүтімізді ішеді, терімізден киім тігеді, жүнімізден, түбітімізден орамал, шұлық тоқиды. Тіпті, қиымызды отын ретінде пайдаланады. Ендеше, біз «малмыз» деп айтуға толық қақымыз бар. Ал шошқаның сүтін Адам іше ме?
-Жоқ!-деді барлық хайуанат бір ауыздан.
-Терісінен тон тіге ме?
-Жоқ!
-Жүнінен орамал, шұлық тоқи ма?
-Жоқ!
-Қиын отқа жаға ма?
-Жоқ!
-Міне, көрдіңдер ме? Сонда шошқаны қалайша «адал, мал» деуге болады? Малдан гөрі аңға жақын емес пе?
Көпшілік ойға қалды. Расында да бұрын бұл туралы ешқайсысы ойламапты. «Қабеке, Шошеке» деп құлдық ұрып жүре беріпті ғой. Енді ғана ақиқатқа көздері жетіп, шошқаны қарғап, бәрі бір ауыздан оның аңға жататынын, мал емес екенін айта бастапты. Бұдан соң қырық күн, қырық түнге созылған үлкен той болыпты. Ешкілердің тауда тұратын таутеке туысы арпа, бидай, жоңышқа сияқты тағамдарды тойға тарту болыпты. Сол тойға мені де шақырып еді, бірақ «Таз тарағанша, той тарқайды» дегендей, мен басымдағы аздаған шашымды қалай қарай қайырып сәндерімді білмей ойланып отырып, тойдан құр қалыппын. Бірақ онша өкінбеймін-мен жоңышқаны бәрібір жемес едім ғой, -деп тазша досым әңгімесін айақтады. Қарасам, көрші ауылға келіп қалыппыз. Жол шынында да қысқарып қалыпты. Мен қоштасарда тазшаның қолын алып, айтқан ертегісіне рахмет айттым. Ол «ертегі» дегеніме ренжіп қалды ма, бетіме бір қарап, басын қасыды да:
-Саған өтірік-маған шын, -деп өз жөнімен кете барды.
Міне, сендер ертегіні оқып болдыңдар, енді айтыңдаршы: осы уақиға шын ба, әлде өтірік пе?

Хасен Қожа-Ахмет, Жаңатас қаласы.( Совет-орыс түрмесінде отырған кезі)
1978 ж.

“Ереуіл атқа ер салмай...” саяси ой-толғаныстар атты жинағынан алынды.
Жинақ: Астана, Елорда, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылған.
6
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Фев 26, 2008 20:28  
Путин тоже не дурак, он нашел шовинистическую сущность русских, и на этом играет.
Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 481331
Всего зарегистрированных пользователей: 14263
Последний зарегистрированный пользователь: B_B
Сейчас посетителей на сайте: 224, из них зарегистрированных: 4, скрытых: 2 и гостей: 218
Зарегистрированные пользователи: Арыс, дервиш, Зеленый, таулы
Самые активные комментаторы:
Fcuk (5624) Alty Alash (5454) kazak (3390) ангел (3246) Йода (3179) Евгений Нечаев (2785) Я (2712) Wladimir (2593) Strannik 18 (2440) внучок (2376)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Rambler's Top100 Яндекс цитирования Статистика кликов - независимый счетчик кликов! Подробная статистика переходов с Вашего сайта!