 |
 |
|
 |
|
 |
|
О КРИЗИСЕ [29/390]
Төрлет, 30 Ноября 2008 18:22:35
...
|
ЖАРЛЫҚ [9/336]
Төрлет, 26 Ноября 2008 14:24:09
Қазақстанды, оның шекараларын дүние жүзі, БҰҰ,...
|
Сергей ДУВАНОВ Возвращение политической цензуры [3/216]
Төрлет, 26 Ноября 2008 00:00:10
Генеральная прокуратура Казахстана выступила с...
|
Сергей ДУВАНОВ: "От ишака уши" [52/588]
Төрлет, 19 Ноября 2008 21:17:35
С удовольствием читаю статьи Сергея, хотя не...
|
ОБРАЩЕНИЕ К ОППОЗИЦИИ [13/624]
Төрлет, 14 Ноября 2008 17:10:47
Уважаемые господа Абдильдин, Абилов, Байменов,...
|
ПАФОС ГЛАМУРНЫХ МАЛАХАЕВЦЕВ [8/577]
Төрлет, 10 Ноября 2008 12:05:05
"Тасжарған" №39. 29 қазан 2008 жыл. В нутренняя...
|
На выборах в США победил Барак Обама [30/761]
Төрлет, 5 Ноября 2008 14:21:10
Только что в прямой трансляции увидел: Барак Обама...
|
О ДЕМОКРАТИИ [19/324]
Төрлет, 5 Ноября 2008 09:53:27
Все мы знаем, что это "народовластие", а если...
|
Сергей ДУВАНОВ О «величии» империи и ее эпигонах [35/992]
Төрлет, 1 Ноября 2008 23:06:57
Сегодня можно говорить об...
|
''РУХ'' КЛУБЫНДА [2/278]
Төрлет, 27 Октября 2008 22:06:34
Жігіттер бас қосып, миссионерлер туралы әңгімемізді...
|
"НҰР" ҚАУЫМЫНДА [20/389]
Төрлет, 25 Октября 2008 10:17:20
Алматы трамвай депосында қарауыл кезімде...
|
ПРАВДА И ЛОЖЬ – ДВА КОНЦА ОДНОЙ ПАЛКИ: ЖИЗНИ [29/456]
Төрлет, 20 Августа 2008 16:26:22
Да, именно так: это как свет и тень – идут вместе,...
|
Біз, қазақ, қайда барамыз осы? [16/621]
Төрлет, 29 Июня 2008 14:35:27
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму...
|
Мой ответ Икболу Аманову [30/485]
Төрлет, 25 Июня 2008 23:20:02
На Гео есть статья Икбола Аманова "Очистить страну...
|
Сегодня получил письмо из Генеральной прокуратуры РК [6/435]
Төрлет, 22 Июня 2008 13:28:07
Речь, видимо, о письме об освобождении философа...
|
Бүгін ҚР Бас прокуратурасынан хат алдым [0/313]
Төрлет, 22 Июня 2008 13:24:51
Бұл, шамасы, философ Нұрлан Әлімбековты қамаудан...
|
Пришло письмо из Администрации Президента РК [2/492]
Төрлет, 22 Июня 2008 08:00:14
21июня пришло письмо из Администрации Президента РК:...
|
ҚР Президенті Әкімшілігінен хат келді [2/365]
Төрлет, 22 Июня 2008 07:57:11
21 маусымда ҚР Президенті Әкімшілігінен хат келді:...
|
Пришло уведомление о письме насчет Нурлана Алимбекова [2/480]
Төрлет, 14 Июня 2008 01:18:06
6 июня Нурсултану Назарбаеву было направлено письмо...
|
Нұрлан Әлімбеков жөніндегі хат туралы хабарлама келді [0/381]
Төрлет, 14 Июня 2008 01:06:27
6 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевқа қамауда жатқан...
|
|
|
 |
ҰЛТТЫҚ МІНДЕТ
[447/10]
Ұлттық міндет
Армян радиосы «Әлемде неше ұлт бар?» деген сауалға: «Екі: армян және армян емес»,-депті. Қазақ та, басқа да ұлт солай, себебі барлық этнос, ұлт тек өзін ғана «біз», басқаның бәрін «бөтен» дейтін бір ділді этникалық топ. Біздің әрқайсымыз албан, суан, арғын, қыпшақ, адай, табын болсақ та, бәріміз бір қазақпыз, ал аталар аттары біздің ескі фамилияларымыз.
Этнос, ұлт – мағынасы бір, синоним сөздер, тек этноста мемлекет жоқ, ал мемлекеті бар, БҰҰ, ЮНЕСКО, тағы басқаға мүше болған этнос – ұлт.
Әр ұлтта тіл біреу-ақ болады, ал этнос өтпелі кезеңде екі тілді болуы мүмкін. Өтпелі кезең деген – үстем ұлт этносты ассимиляциялау барысында оған өз тілін үйретіп, бірақ этнос ана тілін әлі ұмыта қоймаған кезең. Бізде осы кезең ретсіз созылып барады. Ол ол ма, тіпті табиғатқа жат, тарихта жоқ «үш тілді ұлт» болайық деген волюнтаристік ұрандар естіліп қалып та жүр. Бұл идеяны айтушылар мұнысын жаһандануға дайындық деп түсіндірмек.
Ал жаһандануға дайындықтың ең керемет жолы бұл емес, мынау – барлық қазақ түгел қазақ тілін білсін, ал он-он пайызы Біріккен Ұлттар Ұйымның ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдерін үйренсін (бұл қазақтың 60 пайызы), қалған 40% жапон, неміс, үнді, парсы тілдерін үйренсін. Міне сонда қазақтың мұртын жаһандану түгіл балта шаппайды!
Тағы бір айтатын зат – теледидар. Қытай халық республикасында 4 қазақ телеарнасы бар екен, біреуі тәулік бойы, екіншісі 18 сағат, тағы екеуі одан кемдеу уақыт тек қазақ тілінде хабар беріп тұрады екен.
Соны есітіп, Зона кз деген интернет-газет арқылы билікке біздегі барлық телеарналарды қазақшала деп, хат жолдап едім, жауап бермеді. Біреулер: «Дедушка, купи тарелку и смотри круглые сутки Китай» деп мазақтаса, кейбір азаматтар: «Ақсақалдың талабы дұрыс, біз бәрібір оны қарамаймыз: қызық емес», - деді.
Шынымен, біздің орыс азаматтарымыздың 90-95%, көптеген қазақтар да тек Ресей телеарналарын қарайды екен. Ол ашшы шындық. Қазақ тележурналистикасы хәл үстінде. Бұл жерде сол талабымды қайталағым келіп тұр: Қазақстанның телеарналары қазақ тілінде жұмыс жасауы керек! Сонда ғана «сан сапаға айналып», қазақ тілінің өрісі кеңейеді. Бір арна тек балаларға арналуы тиіс.
Қазақ тіліне қазіргі таңда «емле» компьютерлік бағдарламасы аса қажет. Егер сондай бағдарлама жасалса, қазақ тілді басылымдардың сауаттылығы күрт жоғарылап, өзіндік бағасы төмендеп, тіл дамуына көп себі тиер еді.
Ұлттық идея – өсіп-өніп, гүлденіп, өркендеу идеясы. Ол үшін тіл, мәдениет дамыту жеткіліксіз – санымыз өсуі керек: алыптар арасындағы ергежейлінің күні түссін. Жүз миллион болайықшы – қазақтың айдарынан жел ессін!
Гуманистік партия құрушы Мақсұт ОРАЗАЙ деген қазақ
Оставить комментарий
Комментарии пользователей
Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
таулы
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 08.02.2008
комментов: 740
|
 Сб Июн 07, 2008 12:36 Маке
Мақсұт Оразай. Сөздеріңіз өте орынды. Бірақ ,әттеген-айы бізде жатыр. Себебі осы саитта талай қазақ жүрміз. Гуманитарлық білімі барлар да, инженерлік те. Қазақ журналистикасына біз қалам сілтеп,жаңа бағыт бермесек ешкім бермейді.
Себебі барлық газет жорналдарда қазақ бодан болған кезде оқыған жорналшылар отыр. Олардың бүгінгі өмірден хабарлары шамалы. Барлық сындары ішіп қойды,жер байлығын ұрлап жатыр дегеннен басқа ештеңе жоқ. Ал қазақ газеттерінен бірде бір сындарлы зерттеу мақала көрген емеспін, экономика болсын,басқасы болсын. Тек Мақаш ағамның мақалаларында аналитика іздері бар.
Ол үшін қазақты қалай ынталандыру керек. Егер Елбасы пәлен деген қазақша казитті күнде қарайды екен десе,она қазақтар жабылар еді.
Ал енді таблоид немесе өсекші казиттерге қазақ мықты болуымыз керек, себебі өсек те арызқойлықта қанымызда бар. Сондықтан қазақша таблоидтан бастаса да жөн болар еді.
|
Bolachak
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.01.2008
комментов: 355
|
 Сб Июн 07, 2008 13:38
Мақсұт аға! Орынды.Айтқаныңызды қолдаймын.Жазуға қабілетіміз болса,жаза берген дұрыс,өзекті мәселелерді.Бәрібір естіледі.Соға берсең, құдай да өледі дегендей.
|
Айна Айтжанова
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 1323
|
 Сб Июн 07, 2008 13:40 Менім ұлттық идеям
Менім ұлттық идеям - қазақ өзін әлемге жақсы жақтарымен танытсын. Солай болған кезде біздің тілімізге, елімізге бәрі қызығып, қазақтың өзін де, тілін де танып, білгісі келеді. Бөс сөздермен айналыспай, қазаққа шын ниетімізбен қызмет етейік.
Ойымда көптеген істер бар, соларды қалай жүзеге асырсам деймін, көмек етеміз десеңдер, көп ойымдағы істерді алып, байып отыруға болады, барлық ойды мен жалғыс асыра алмаймын.
Өзіңіз де көріп отырсыз, орыстар осы жерде мені қалай айналдырып жатқанын. Менім әр бір қазақша жақған сөзімді аударып, түсініп отырғанына күмәнім жоқ.
Сөйтіп олар да қазақша сайрап кетеді.
|
Bolachak
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 12.01.2008
комментов: 355
|
 Сб Июн 07, 2008 15:08
Түйсігіңіз қандай мықты! Айна!Қазақтың аруы!Ерлердің ішінен табылады,ал әйел адамдардың ішінен осындай ойшыл,намысшыл адам бары бәрімізді жігерлендіреді.
|
Максут ОРАЗАЙ
Свой человек 
( ? )
зарегистрирован: 24.11.2006
комментов: 919
|
 Сб Июн 07, 2008 23:23 Жастар! Жігіттер! Қыздар! Мойымаңдар!
Таулы қарағым! "...өсек те арызқойлықта қанымызда бар."- депсін. Дәл олай емес-ау: бұл (әсіресе арызқойлық) ұзақ уақыт тәуелді болған халықтың бойына егу арқылы жұққан құлдық психологияның қалдығы деп түсіну керек. Одан да арылармыз, себебі ұлт қатып қалған зат емес, тынымсыз дамуда.
Bolachak қарағым! Түсініп, қолдағаныңа қуанамын. Өзің де ойлан, жаз. Сөйлей-сөйлей шешен болады дегендей, жаза берсең, төселіп, ысылып, ойың да ширыға түседі. Тек шыншыл бол.
Айна қарағым! Біреудің мақтауы үшін емес - ел-жұртыңның батасын алу үшін қызмет ет. Талабыңа нұр жаусын. Ойлаған ниетіңе жет.
|
|
|
 Пн Июн 09, 2008 09:46 ҚАЗАҚҚА топтасып-бірігудің барша формалары ҚАЖЕТ !!!
Бала-бақша, мектептегі сыныптастар - ауылдастар - курстастар болып та;
Отбасына - атаға-АУЫЛҒА-руға бірігіп-топтасып та;
Қызметтестер - бір көшеде тұратындар болып та;
Топтасу мен бірігудің Заңға қайшы емес түрлерінің бәрін қолдану арқылы да;
............................................................................................................
Осы сан мыңдаған, топтардың ішінде өзара ЖАУАПКЕРШІЛІК хәм ТӘРБИЕЛІК ОРТАЛАР қалыптасып, топ мүшелерінің баршасы қазақша ОЙЛАП, қазақша СӨЙЛЕП, қазақша ІС-ӘРЕКЕТ жасап, Парламент пен Үкіметке аптасына-айына бір хат жіберіп, ұлт мүддесін қолдап тұрса,
Қазақтың көсегесі көгеріп, "мұртын балта шаппас" еді-ау...
|
|
|
 Вт Июн 10, 2008 12:21 ЗАҢДЫ талап қоюды үйренейік !!!
ЗАҢДЫ талап қоюды үйренейік және ҚР ЗАҢДАРЫН бұлжытпай ОРЫНДАЙЫҚ !!!
.............................................................................................................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Заңы. 1997 жылғы 11 шілде №151
8-бап Тілдердің қолданылуы
Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.
9-бап Мемлекеттік органдар актілерінің тілі
Мемлекеттік органдадың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.
27-бап Тіл – халықаралық қызметте
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда басқа тілдерді пайдаланып жүзеге асырылады.
Екіжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттік тілдерінде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келісімімен белгіленген тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Қымбатты БАУЫРЛАР !!!
Қазақ Елінің әр-бір азаматы ҚР Заңдарының осы баптарын өзі мүлтіксіз орындап және жүрген жерінде өзгелердің де орындауын талап етсе, онда егемендігіміздің 17 жылы ішінде біртұтас Қазақстан Халқының – қазақ тілін білмейтін бірде бір өкілі қалмас еді.
Сондықтан ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ алдында, бұдан ары қарай да масқара бола бермей, біртұтас ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ болып заңды талап қоятын кезіміз келді !!!
Парламентте де, Үкіметте де, Жергілікті басқару органдарында да, Саяси партияларда да, Қоғамдық ұйымдарда да ҚР Заңдарының осы баптарын мүлтіксіз орындамайтын бірде бір АДАМ болмауы тиіс !!!
|
|
|
 Чт Июн 19, 2008 10:24 ҰЛЛТЫҚ ОЙЛАУ қабілетімізді ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ !!!
Біртұтас
ТІЛІМІЗ,
ДІНІМІЗ,
ЖЕРІМІЗ,
ЕЛІМІЗ
МӘҢГІ ЖАСАСЫН ДЕСЕК
А Н А Т І Л І М І З Д Е С Ө Й Л Е С Е Й І К, Б А У Ы Р Л А Р !!!
Баршамыздың Ойымызға, Сөзімізге, Ісімізге А Л Л А Разы Болсын.
|
|
|
 Пт Июн 20, 2008 12:37 ҰЛТТЫҚ - ОЙЛАУ қабілетімізді ЖАҢҒЫРТАЙЫҚ !!!
{“Я был противник строительства Астаны и сегодня им остаюсь. Назарбаев уйдет, и столица вернется в Алматы. Вы – молодые – это увидите”, - заявил Газиз Алдамжаров.}
................................................................................................................................................................
...Нағыз сарапшы, нағыз көріпкел БИДІҢ сөзі !!! Дүние жүзінде барлық мемлекеттерде, аграрлық даму ресурстарын толық игеріп болған соң, артық қол күші мен материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ҮЛКЕН мегаполистер табиғи даму жолымен пайда болды...
Жақын болашақта, табиғи аграрлық Қазақ Еліне мегаполистер керек емес (бүкіл халықты 2-3 мегаполиске жинап, оларды ұрпағымен қосып кедейшілікте ұстау - бұл надандық және опасыздық)
Ата-бабаларымыз орыс-совет империясы орнағанға дейін, ұлан-байтақ қазақ жерінде әрбір қазақ отбасын (түтінін) дербес, тұрақты өндіруші күш ретінде қалыптастырып, ешбір техникасыз, өз ақыл-ойымен, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, шаруашылықты жерге орналастырудың және ұжымдық еңбекті ұйымдастырудың ең тиімді – рулық (фирмалық) жүйесін қолданудың арқасында 10 млн.жуық қазақпен қоса, көрші елдердің біразын бағып, экономикалық тұрақтылыққа жетіп, ертеңгі күніне сенімді болған соң, азаматтық қоғамы мен мәдениетін дамытқан.
Егемендік алған күннен бастап, еліміздің Өкіметі мен Үкіметі – егіншілік пен мал өнімдерін өндіруді жыл сайын ұлғайтып, оны ұқсатудың әлемдік ең жоғарғы технологияларын Қазақ елінің әр ауданының орталығында ендіріп, қалың қазақты жұмыспен қамтамасыз етіп, жыл сайын арта түсетін егіншілік пен мал өнімдерін экспортқа шығарып, Қазақ елінің әр аудан орталығын кішкентай «астаналарға» айналдырып, ұлан-байтақ жерді игеру үшін жыл сайын жаңа құдықтар қазып, жаңа қыстаулар салудың орнына, кейбір зиялысымақ – шенеунік – депутат қазақтар ауыл шаруашылығын «приватизация», «оптимизация», «легализация» сияқты ГОЛОЩЕКИННІҢ (1930-шы жылдары бейбіт заманда қазақтың малын тартып алып, ұлтымыздың жартысын қырып жіберген) мыйы жетпейтін науқандарды іске асыру арқылы, еңбекке жарамды бүкіл қазақты бес- алты қалаға жиып алып, олардың екі-үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан – таянғанын, байырғы қала тұрғындарының қолына ұстатқызып (олардың мемлекеттен мүліктерімен қоса тегін алған автобазалары, сауда және өндіріс орындарынан тыс, бас-басына мемлекеттен тегін алған қос-қос пәтерлері мен көптеген сая – бақтары құйтырқы саясаттың арқасында қып-қызыл ақшаға айналды), оларды бір байытып тастады...
Осындай жолмен байып алған, орыс-совет империясының мұрагер-көзіндей болған байырғы қала тұрғындары, елдің әр жерінен үлкенді-кішілі кәсіпкерлік ашып, арнайы ЖЕР туралы ЗАҢ қабылдатқызып, елдегі бос қалған жерлерді сатып ала бастады...
Ата кәсібінен айырылып, жағдай мен қаражаттың жоқтығынан ауылдан келген үйсіз-күйсіз арзанқол қазақтар – Кеңес империясы мұрагерлерінің отымен кіріп, күлімен шығатын болды.
Ал дүние жүзінің дамыған елдерінің (Англия, Франция, Италия, АҚШ т.с.с.) ауыл-селолары ешқандай «оптимизацияларға» ұшырамай, байырғы халқының көпшілігі ата кәсібін өзгертіп, тентіремей-ақ, өз ата қоныстары мен кәсіптерін заманға сай гүлдетіп-дамытып өмір сүріп келеді...
|
|
|
 Сб Июл 12, 2008 10:52 www.qazaq.kz сайтынан алынған ЖАҢАЛЫҚ !!!
БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМА
2008-жылы 11 шілде күні сағат 15.00-де «Аллажар-қолдау» ҚҚ, «Қазақ интернеті» ҚБ және «Қазақстан-Заман» газеті редакциясының ұйымдастыруымен Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған
«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Ұйымдастырушылардың мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін дәріптеумен қатар, рухы биік – парасаты мол ата-бабаларымыздың, Конституциямызда көрсетілген «ежелгі қазақ жерінде» ортақ тіл, ортақ жер, ортақ дін негізінде қазақ ұлтын қалыптастырып, бүгінге дейін теңдесі жоқ азаматтық қоғамның үлгісін жасап, бүкіл Еуразия кеңістігіне қазақ мәдениетін таратқанын мақтаныш тұтып, қастерлей отырып, халқымыздың діни және ұлттық құндылықтарына сүйене отырып, қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ мәдениетін-қазақ үнін сыйлайтын әрбір жанды – оның біртұтас Қазақстан халқының құрамына кіре отырып, ортақ тағдырымызға, болашағымызға жауапты екендігінен туындайтын, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие алып, әлемдік білім кеңістігінен сусындаған, озық ойлы, Отанын жан-тәнімен сүйетін – Еліміздің даңқын асқақтатып, дүние жүзіне танытатын жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық ұйымдардың нақты іс-шараларына жұмылдыру.
Іс-шараның бағдарламасы:
15.00-15.05 Дөңгелек үстелдің өту тәртібін, құрметті қонақтарды таныстыру.
(«Қазақстан-заман» газеті бас редакторы- Ертай Айғалиұлы )
15.05-15.25 «Аллажар-қолдау»ҚҚ мен «Қазақ интернеті» ҚБ ұсынған нақты жобаларымен таныстыру.
(«Аллажар-қолдау» ҚҚ президенті - Марат Бөтеев)
15.25–17.00 Тақырып бойынша еркін пікір алмасу.
Кездесуге ұрпақ тәрбиесі және ұлттық мәдениет мәселелері толғандырып жүрген мемлекеттік құрылым өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Ескерту: Дөңгелек үстел тікелей “Online Байланыс“ жүйесі арқылы жүргізіледі. Дөңгелек үстел тақырыбына байланысты сұрақтарыңызды төмендегі нұсқа арқылы толтырып алдын ала жолдауыңызға болады.
Дөңгелек үстел өтіп жатқан кезде Интернет конференция арқылы тікелей эфир бойынша қатысушыларға сұрақтар қоюға немесе Интернет арқылы қатысып отыруға болады.
Адресі: www.qazaq.kz/online
Кездесу өтетін мекен-жай:
«Қазақстан-Заман» газеті редакциясы. Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі 28 үй,
( Гоголь көшесінің қиылысы)
Байланыс тел.: 270-64-51, 270-64-45, 225-25-11
тел/факс 270-64-50, E-mail:kazakistanzaman@mail.ru , sn@sn.kz
....................................................................................................................
....................................................................................................................
2008 жылы 11 шілде күні өткен, Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған
«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстелге қатысушылардың айтқан пікір-ұсыныстары негізінде қабылданған
ШЕШІМ
1. Тіл үйренудегі көптеген кедергілерді жою үшін, бүгінгі қолданыстағы 42 әріптік әліпбиімізге Мемлекеттік Әліпби статусы берілуін ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
2. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген Бабалар даналығы негізінде және ҚР Конституциясына сай, Еліміздегі барша бала-бақшалар мен мектептерде – мемлекеттік тілде тәрбие беруді ҚР Үкіметінен және жергілікті билік орындарынан талап етеміз;
3. Шетелден келіп жатқан 2309 газет-жорналды, 83 теле-радио бағдарламаларын Қазақстанның кедендік аймағына заңсыз енуін тоқтатуды ҚР Үкіметінен талап етеміз;
4. Қазақстандағы мемлекеттік тілде шығатын 446 газет-жорналдан өзге, диаспоралардың 4000-нан астам мерізімдік басылымдары, Ел заңдарына сәйкес мемлекеттік тілде және өз тілдерінде қосарланып жариялануын ҚР Үкіметінен талап етеміз;
5. Еліміздің «Қазақ Елі» немесе «Қазақ Республикасы» деп аталуын ҚР үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
6. БАҚ-да, Қазақ Елінде «130-дан аса халықтар тұрады», «130-дан аса ұлттар бар» т.с.с., ҚР Конституциясына қайшы сөз тіркестері қолданбауын ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
7. ҚР «Тілдер туралы» Заңының «...ҚР мемлекеттік емес ұйымдар өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді, қажет болған жағдайда басқа тілде» дейтін 8-ші бабының екінші тармағын және «...«Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының мүлтіксіз орындалуын ҚР Парламенті мен Үкіметінен талап етеміз;
8. Қазақ Еліндегі қалыптасқан этносаралық келісімді ары қарай үйлесімді дамытуды, ҚР заңдарына сай, «үй ішінен үй тікпей», әр тектен құралған біртұтас Қазақстан Халқына ортақ , Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын діңгектері болатын, әр деңгейдегі (ауыл-аудан-қала-облыс-республика) «Халық үні» қоғамдық мәдени - ағарту орталықтарын құру арқылы жолға қоюды ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
|
|
 |
Наши пользователи оставили сообщений: 600426
Всего зарегистрированных пользователей: 15068
Последний зарегистрированный пользователь: Мангистауец
|
Сейчас посетителей на сайте: 47, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 47 Зарегистрированные пользователи: Нет
|
Самые активные комментаторы:
Fcuk (9655) Alty Alash (6839) KULTEGIN (6397) kazak (5728) ангел (4831) Wladimir (4315) Йода (3988) Евгений Нечаев (3723) Я (3314) Салафи (3137)
|
|
|