RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: Төрлет
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Просто люди
  Журналисты
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Төрлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана
 IZGI AMAL
 Интересное
 qazaqtv
 serik
 Aidos Zhandyrma
 Андрей Васильевич
 www.qazaq.kz.tv
 Преподы КазНУ!
 PRIBALT
 Fcuk
 В Горсуде Алматы - произвол
 Вдовьи слезы

Төрлет
Сергей ДУВАНОВ: "От ишака уши" [47/405]
Төрлет, 19 Ноября 2008 21:17:35
С удовольствием читаю статьи   Сергея, хотя не...
ОБРАЩЕНИЕ К ОППОЗИЦИИ [13/450]
Төрлет, 14 Ноября 2008 17:10:47
Уважаемые господа Абдильдин, Абилов, Байменов,...
ПАФОС ГЛАМУРНЫХ МАЛАХАЕВЦЕВ [8/418]
Төрлет, 10 Ноября 2008 12:05:05
"Тасжарған" №39. 29 қазан 2008 жыл. В нутренняя...
На выборах в США победил Барак Обама [30/607]
Төрлет, 5 Ноября 2008 14:21:10
Только что в прямой трансляции увидел: Барак Обама...
О ДЕМОКРАТИИ [19/263]
Төрлет, 5 Ноября 2008 09:53:27
Все мы знаем, что это "народовластие",  а если...
Сергей ДУВАНОВ О «величии» империи и ее эпигонах [35/832]
Төрлет, 1 Ноября 2008 23:06:57
        Сегодня можно говорить об...
''РУХ'' КЛУБЫНДА [2/222]
Төрлет, 27 Октября 2008 22:06:34
Жігіттер бас қосып, миссионерлер туралы әңгімемізді...
"НҰР" ҚАУЫМЫНДА [20/331]
Төрлет, 25 Октября 2008 10:17:20
Алматы трамвай депосында қарауыл кезімде...
ПРАВДА И ЛОЖЬ – ДВА КОНЦА ОДНОЙ ПАЛКИ: ЖИЗНИ [29/410]
Төрлет, 20 Августа 2008 16:26:22
Да, именно так: это как свет и тень – идут вместе,...
Біз, қазақ, қайда барамыз осы? [16/551]
Төрлет, 29 Июня 2008 14:35:27
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму...
Мой ответ Икболу Аманову [30/435]
Төрлет, 25 Июня 2008 23:20:02
На Гео есть статья Икбола Аманова "Очистить страну...
Сегодня получил письмо из Генеральной прокуратуры РК  [6/390]
Төрлет, 22 Июня 2008 13:28:07
Речь, видимо, о письме об освобождении философа...
Бүгін ҚР Бас прокуратурасынан хат алдым [0/262]
Төрлет, 22 Июня 2008 13:24:51
Бұл, шамасы, философ Нұрлан Әлімбековты қамаудан...
Пришло письмо из Администрации Президента РК [2/436]
Төрлет, 22 Июня 2008 08:00:14
21июня пришло письмо из Администрации Президента РК:...
ҚР Президенті Әкімшілігінен хат келді [2/313]
Төрлет, 22 Июня 2008 07:57:11
21 маусымда ҚР Президенті Әкімшілігінен хат келді:...
Пришло уведомление о письме насчет Нурлана Алимбекова [2/425]
Төрлет, 14 Июня 2008 01:18:06
6 июня Нурсултану Назарбаеву было направлено письмо...
Нұрлан Әлімбеков жөніндегі хат туралы хабарлама келді [0/319]
Төрлет, 14 Июня 2008 01:06:27
6 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевқа қамауда жатқан...
Медведев: Домены на кириллице сплотят русский мир [138/891]
Төрлет, 12 Июня 2008 12:09:20
МОСКВА, 11 июня. Россию волнуют факты преднамеренных...
НАЦИОНАЛЬНЫЕ ЗАДАЧИ [23/570]
Төрлет, 9 Июня 2008 02:39:58
Армянское радио на вопрос «Сколько на свете...
О письме об освобождении философа Нурлана Алимбекова  [0/363]
Төрлет, 7 Июня 2008 10:15:34
Письмо об освобождении философа Нурлана Алимбекова...

Дата публикации: 2008-06-29 14:35:27

Біз, қазақ, қайда барамыз осы?

[551/16]

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында көп дүние қамтылғанымен, қазақ ұлтының ұлт ретінде дамуы туралы ештеңе жоқ: әңгіме қазақстандықтар туралы ғана. Сол сарынмен әлі келе жатырмыз. Осы жолдағы табысымыз не? Қазақ мемлекет құрушы ұлт атанып, тілі мемлекеттік тіл атанды, бірақ екеуі де сөз жүзінде қалып барады.

Этнос және ұлт деген түсініктердің анықтамасын бере кетейік. Этнос та, ұлт та – өзін «біз» деп, басқаның бәрін «бөтен» деп танитын этникалық топ, тек ұлтта мемлекет бар да, этноста мемлекет жоқ. Әлемде мыңдаған этнос бар (оларды көпшілік біле бермейді), ал БҰҰға мүше ұлт 200-ге де жетпейді.

Ұлтта жалғыз ғана тіл болады, ал этноста өтпелі кезеңде екі тіл болуы мүмкін. Өтпелі кезең дегеніміз – үстем ұлт қоластындағы этносты ассимиляциялау барысында оған өз тілін үйреткенімен, ол әлі ана тілін ұмыта қоймаған кезең. Бірақ, қазақтың өтпелі кезеңі ұлт болғанына қарамастан, шамадан тыс созылып барады. Бұл ұлттық саясат олқылығы.

Ол аз болғандай, үш тілді ұлт болайық деген шолақ белсенділік ұран да естіліп жүр. Оны айтушылар бұл ғаламдануға дайындық деп қазаққа жаны ашығансиды. Шынына келсек, бұл қазақ тілін біржола құртудың ең төте жолы. Ал қазақты ғаламдануға дайындау үшін оның 10%на БҰҰның бір ресми тілін (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз) үйрету керек. Бұл қазақтың 60%. Қалған 40% жапон, неміс, үнді, парсы тілін үйренсін, ал барлығы бірдей ана тілін білсін. Ғаламдануға дайындықтың көкесі осы. Аталған тілдерді оқытуға сол тілдер иесі мемлекеттермен келісу керек. Асылы, бүкіл дүние гуман тілін үйренгенге ештеңе жетпейді, бірақ ол мезгіл әлі алда.

«Қазақстан Республикасы» деген атауда үш қате бар: біріншісі – «стан» деген сөз «мемлекет» деген мағынаны қайталап тұр («Пәкстан»), екіншісі – «Республикасы» бас әріппен жазылуы, үшіншісі – «мемлекет» деген мағынаны ол да қайталап тұр. Елімізді «Қазақелі» деп атауға не кедергі бар? Соған кім қарсы? Елімізді неге Қазақелі демейміз?

«Қазақстан көп ұлттық мемлекет» деген теориялық қате түсінік қалыптастыру әрекеттері әлі тоқталмай келеді. Ол ол ма, қазақстандық ұлт болайық деген ұрандар естіліп жүр. Ол, шамасы, орыс тілді ұлт болады-ау. Қазақстан 1944-1957 жылдары мұнда өз жерінен, мемлекеттік құрылымдарынан айырылып, жер аударылып келген балқар, ингуш, қалмақ, қарашай, қырым, шешендер осында тұрғанда көп ұлттық болғаны рас. Одан бері 40 жыл өтсе де, диаспораларды ұлтқа санап, бізде 130 ұлт бар деген сауатсыз сөздер жиі естіледі. Оған Қазақстан халықтары Ассамблеясы деген құрылым да аз үлес қоспады.

Содан ба, немесе басқа бір астыртын күштің әсерімен бе, кейбір қазақтар ұру-тайпаны уағыздауға, ұру-тайпалық бірлестіктер құруға кірісті. («Ру» емес, «ұру» деп жазу дұрыс, себебі бұл сөз «ұрық» деген сөзден шыққан). Бас пайдасын ойлаған пысықай азаматтар бірлестіктер құрып әрекеттенуде, ал бұларды осыған қолпаштағандар: «Іске сәт, осылай бөлініңдерші, сосын біріңді-біріңе айдап салу оңай, бір қызыққа батайық»,-деп, миығынан күліп тұрған сияқты. Қазаққа бұл керек пе?



Гуманист Мақсұт ОРАЗАЙ деген қазақ

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Комментарии пользователей


Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Июн 29, 2008 15:46  
Қазақ ешқайда бармайды, Нұрекенңің соңынан ереді мал болып.!
2
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Июн 29, 2008 19:44  
Қазақ бешбармақ жеуге барат
3
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Июн 29, 2008 19:46  
Ұлт болу үшын бас керек!
4
Нуреке
Аноним 
Сообщение Вс Июн 29, 2008 23:59  
Бәрі жақсы болады!!!
5
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пн Июн 30, 2008 01:32  
Бурын Нуреке Астанага бас каланы екыншы токалы ушын кошырды деп ойлап едым,
Қазыр - басқа версияны ойлаймын: Нұрсұлтан Астанаға бас қаланы көшіргені
Халық ыстық саз жерде сорласын, ал өзім Бурабайда 80 шақырымда шалқып жатып, салқын жерде демалып жатып, халықтың соралағанына қарап күліп жатам деген арам ойда жатыр.
6
Алмаз Р. Естеков
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.12.2005
комментов: 1043
Сообщение Пн Июн 30, 2008 04:40  
Казактын, баягыда Олжабай батырдын айтканындай, басын косуга кезеги кельды..
Есинизде ме, ол батыр кара-шубар жыландын басын тистеп, сол жагына тукирип, айткан сози: 33 тис биригип болса, бизди ишким женбейди!

Бирлик болсын жэне дана душпанын кезеги отсин, сонда казак елимиздин заманы келеди..
Казак, Алмас, Елим: Ботпай Уйсун, Руым: Кудайкул.
7
Естекову
Аноним 
Сообщение Пн Июн 30, 2008 09:15  
6-му

Предложение принято на взаимных условиях.

[img:7b0a297ea8]http://i224.photobucket.com/albums/dd13/Botpai/jR0r7Y5POh.gif[/img:7b0a297ea8]


96!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
8
жабал шойынбет
Аноним 
Сообщение Пн Июн 30, 2008 18:03  
Жабал Шойынбет
абайтанушы, ф.ғ.к.

Жалған «пайғамбарды» жалаулатқан жасанды «Одақ»

Сырт көзге сыпайы, басында тақиясы, қабағы қалың ойға батқан, атағы айбынды «Қазақстан мұсылмандар Одағы» президенті Мұрат Телібеков өз әрекетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне зілді сын айтумен бастағанда екіұдай күй кешкеніміз бар. Себебі, кеше ғана «құдайсыздар қоғамы» Қызыл туының астынан шыққан Совет Одағының «атеистері» діни пікірталаста кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін дөп басып ажырата алмай, істің ақырын күтетініміз рас. Дау-дамай сотқа жетіп, М.Телібеков сәл-пәл айппұлмен айыпталса да «мұрты қисаймаған» жаңа Одақ президенті телеарна, баспасөзде жиі-жиі көріне бастады. Тіпті, оның өткізген пікірсайысына шақырумен барып ашық ойымызды айтсақ та, салмақты, салиқалы аудармашылық қызмет атқарған М.Телібековтің өз пікірін біле алмай қайтқанымыз бар.
Дегенмен ұлттық «Қазақстан» телеарнасының «Көкпар» сайысында (30.05.2008 ж.) М.Телібеков мырза тереңнен сөз тартқан, тебіреніп бір орнында тұра алмайтын «ойшылдай» теңселсе де, бар жасандылығы, «дүмше молдалығы» көрермен алдында айқын көрініп қалды. Әлдекімдердің айтағына еріп сүліктей сорылған оның тобы тар шеңберде тайғанақтап, сұрқия ағымның сұрқылтайына айналып, «ахмадияны» жақтап шыр-пыр болды.
Сонымен, түу баста жеке-дара «тапсырыспен» іске кіріскен топ Дін туралы заңға өзгерістер енгізілсе теріс пікірлері мен мемлекетке қауіп төндірер айлы-шарғыларының бет-пердесі ашылып қалатын болғандықтан «жандары алқымға келіп» тікелей шабуылға көшті. Шырмауықтай шым-шытырық елімізге таралған секталардың бір пұшпағы Қазақстандық «ахмадияшылар» кім? Басы ашық нәрсе, олардың лидері – белгілі жазушы, Халықаралық Абай клубының президенті Роллан Сейсенбаев, бұл ағамыз жайлы бұрындары «Ашық хатта» толығымен жазған болатынбыз (Мынау Абай, қай Абай немесе Халықаралық Абай клубының президенті Роллан Сейсенбаевқа ашық хат., «Ана тілі», «Жас Қазақ үні», «Президент және Халық», «Ислам және Өркениет», «Қазақ» газеттерінде 2008-ші жылдың қыркүйек айында жарияланды).
Айтарға уәжі болмаған болса керек Роллан ағамыз жауап жазбады, естуімізше жазушылық беделін пайдаланып, көңілін қимаған әріптестерін үйіне апарып бейне таспадан жалған пайғамбар Үнді елінен шыққан Мирза Гулям Ахмадиді көрсетіп «пайғамбарымыз осы» деп үгіт жүргізеді екен. «Ислам және Өркениет» газетінде жарияланған Оңғар қажы Өмірбектің «Абайлаңыз: Арандату!» мақаласындағы (01.02.2006ж.) төмендегі сөйлемдерді оқып, біраз нәрсеге көзіміз жеткендей болды: «Бұлардың штаб-пәтері Лондонда, қызметтері де сол жақтан бақыланып, басқарылады. М.Телібеков жиі барғыш. Солардың садақасына телмірулі. Солар қандай тапсырма берсе, соны орындайды».
Роллан ағамызды Лондонға «Абай үйін» ашқасын, соның шаруасымен баратын шығар деп ризашылықпен қарайтынмын, амандығын Алладан тілейтінмін, сөйтсем Роллан ағам басқаша сайрайды, өзгертпей оқып көріңіз, күмән болмас үшін: «...Затем я написал письмо в лондонскую мечеть. Там есть, оказывается, ахмедическое движение, и мы с женой поехали в Лондон. Оказалось, что все оснавные мусульманские центры расположены в Лондоне, в Европе. И там можно читать и на английском языке, не только на арабском. Я был больше всего потрясен ахмедическим движением. Из всего, что я читал о 73-х сектах, мне больше всего понравились их откровения. Они очень хорошо ложились вмою душу. И многие тайные моменты, которые для меня были непонятны, открылись мне в Лондоне.
...И потом, в Лондоне есть очень хорошие переводы на русский язык. Каждая из этих 73-х сект старается выпускать свои книги на русском языке. И лучше всех, очень близко в смысловом отношении, очень художественно переводит свою литературу ахмедическое движение...» (Донести слово тюрков до мира, «Литературная газета Казахстана», 27.11.2007ж.).
Мінеки, сүйікті жазушы ағамның «Ашық хатыма» берген жауабы, не істерсің, әркімнің жеке басының шаруасы қай діни сектаға сенеді, тек әттеген-айы, жалған Пайғамбарды малданған ағамыз, данышпан Абайға да жалған дінді тықпалауға «мұрындық» болып жүргені өте өкінішті, қазақтың ұлттық мақтанышына жасалған қастандық демей не дейміз?!?
Роллан Сейсенбаевтың арнайы тапсырыспен Абайды кришнайт етіп «Абайдың рухани мұрасы» (2007ж.) деп кітап жазған Д.Омаровты ерекше мадақтап «алғы сөз» жазғанын жан-жақты талдап айтқан болатынбыз. Енді, міне, М.Телібековте кришнаиттерге ет-бауыры елжіреп жақтайды: «...Тем не менее я категорически против силовых методов борьбы.
Одна из ярких иллюстраций тому – конфликт с кришнаитской общиной в окрестностях Алматы. Меня, как мусульманина, глубоко оскорбляют подобные методы установления исламской монополии. Более того, подобные действия не приемлемы с точки зрения Корана и сунны. Что плохого сделали бедные кришнаиты? Они готовили государственный переворот? Обстреляли из минометов здание городского акимата? Неужели вся вина заключается в том, что они приобрели 20гектар земли?» (Отделяйте зерна от плевел, «Свобода слова», 08.05.2008).
М.Телібеков мүсіркеген «бейшара кришнайттар» Қазақстанға келе салып Абайды «кришнайт-ақын» деп «Абайтану» оқулығын жазып мектеп бағдарламасына енгізсе, М.Әуезовті «кришнайт-жазушы» деп докторлық диссертация жаздырса, өңі түгіл түсінде көрмеген қазақтарға «Хара Кришна» дегізіп санасын сансыратса, оны да місе тұтпай Қарасай бабамыз бен Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың кіндік қаны тамған ауданның қақ төрінен, ең шұрайлы аймағын Кришна құдайының туған жері деп ойып тұрып белгі қойса, сиырларды «сайрандатып» қойып, қазақтарға «ет жеу жауыздық, шөп-шалам жеу нағыз адамгершілік» деп зорлықпен уағыз жүргізсе, шетелдегі «кришнайттарды» заңсыз алаяқтықпен біреулер арқылы сатып алған жерге шақырып алып, Қазақ елінің шырқын бұзса қалай ғана оларды «бейшара, байғұс» демекпіз?
Қазақстанда таралымы көп орыс тілді «Время» газет, оның тілшісі Руслан Бахтигареев «...Следующим в список нетерпимых властью религиозных течени попало «Общество сознания Кришны» о «войне» кришнайтов с властями Карасайского района Алматинской области наша газета пишет давно и подробно» (Агнцы и козлища, «Время», 21.05.2008г.) деп үнемі кришнайттарды «әкімшіліктің тоқпағы төбесінен кетпеген бейшара келімсек» ретінде олар туралы біржақты жазып, солардың мүддесін көздейтіндігін анық аңғартса, ал Р.Сейсенбаев пен М.Телібековтер алдамшы із тастап біреуі «қазақтың данышпанын», біреуі «қазақтың ата дінін» қорғаған болып халықты шатастырумен келеді. Бір таңданарлығы, шетелден келген «арам пиғылды» секталарды қорғайтын Қазақстандықтардың көпшілігі «атағынан атан түйе үркетін» қоғамдық ұйымның атынан сөйлейді, сөзіміздің бір дәлелі, дінтанушы Мұртаза Бұлытайша айтсақ (Қарын, май және құмалақ хикаясы, «Қазақстан-Заман», 24.04.2008.) «Фокина әжей» Алматыдағы Хельсинки комитетінің төрайымы, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының мүшесі. Сол Нинель Фокина Дін туралы заңға өзгерістер енгізу туралы пікір алысу үшін К.Бұрханов бастаған мәжіліс депутаттарымен Алматыда өткізілген жиында «ақ тер, көк тер» болып жат пиғылды секталарды қорғаштап, заңды өзгерту дегеніміз «қысым жасау» екенін дәлелдеп бақты. Ұзаққа созылған жиыннан кейін есік алдына шыққан «секта көсемдерінің» ортасында «Фокина әжей» әлгілерге «братья» қазір қайсысың мені шығарып саласың» деп «еркелеп» тұрғанын көргенде ұстазым, профессор Мекемтас Мырзахметұлы екеуіміз бір-бірімізге қарап жағамызды ұстадық?!?
Тағы да ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбектің сөзіне жүгінсек: «...Осы айтылғандарға сүйене отырып М.Телібеков пен оның жақтаушылары Исламның жалған «жанашырлары» демеске лаж жоқ. Өйткені «Қазақстан мұсылмандар Одағының» қызметі мұсылмандарға қарсы бағытталған. Жарияланымдарының бәрі жала жабу, Ислам діні қызметкерлерін қаралап, Ислам дінінің беделін түсіру, отандастарды ата діннен бездіру. Өкінішке қарай, М.Телібековке сеніп, арандап қалып жатқандар да бар». Осы айтылғанға біздің алып қосарымыз жоқ, ащы да болса шындықты мойындауымыз керек.
9
Айна Айтжанова
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 11.09.2007
комментов: 1247
Сообщение Пн Июн 30, 2008 19:09  жабал шойынбет
Рахмет! Ойға ой қосу деген осы. Жалтақтаймай, шын ойды осылай қазақтар жаза бесе, шындыққа елдің көзі ашылар.
10
Anonymous
Аноним 
Сообщение Пн Июн 30, 2008 23:05  аноним
Шойымбет шолтаңдама, шорт сынасыңғой морт.
11
Qazaq N
Аноним 
Сообщение Вт Июл 01, 2008 01:42  
Қазіргі таңда біз барлық қазақ проблемаларын айқындап алдық.Түгел қамтыдық десек те болады.Ол-тілге де,діңге де,салт-дәстүрімізге де, біздің елде тұрып жатқан барлық этностардың бізге көз-қарасы,жалпы мемлекетіміздің қалыптасуына көз-қарасына да байланысты.Енді келесі этап-Не істейміз,осы проблемаларды қалай шешеміз?Оның қандай шешімдері бар,дүниежүзілік тарих пен практиканы негізге ала отырып,жолда кездесер қиындықтар мен біздің менталитетті ескере отырып-осы проблемаларды қалай шешеміз,міне енді осыған жауап табу керек деп ойлаймын.
12
Алмаз Р. Естеков
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 09.12.2005
комментов: 1043
Сообщение Вт Июл 01, 2008 03:24  
Проблемалардын кезеги отти!
Казир, казак оз жолын бул омирде табуга тиисты ишкимнин акылын алмай, ата-бабалардын динин устап, казактын баягы занын колдап жэне одан баска мэселерди шешип, басын коссын!

Уш жуз биригип, Ана жеринин болашагын ойляп, Парламентин орнына Казак Ел, Ру жэне баска ельдердин Улу азаматтарын Мэжилиске шакырып, букил Казакстанын басын косып, Мэжлис Халык атагын шыгарсын! Премьер Министирди Мэжлис гана, ельдин атынан, коюга тиисты..

Сонда, Мэжлис Елдин торагасы болса, Премьер Министрдин миндети Елдин басы жэне кулы болу! Халык риза жэне бахытты, куанышты болса, сонда Премьер мен Халык бир жактан мыкты болады.. Ал, Премьер жаман болса, Халыкпен Мэжлис биригип, Окиметти озгертуге дайин болуга тиисты ар бир уакытта!
Алмас, Елим: Ботпай.. Руым: Кудайкул!
13
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вт Июл 01, 2008 10:38  
Қазақтың заманы туып келеді. Күңірене бермеңдерші осы пессимистер. Бәрі жақсы болады.
14
Антивирус
Аноним 
Сообщение Чт Июл 03, 2008 12:16  ТОПТАСУДЫҢ,ҰЙЫСУДЫҢ барлық формалары ПАЙДАЛЫ !!!
БАУЫРЛАР!!!

ҰЛТТЫҚ-ОЙЛАУ қабілетімізді ЖАҢҒЫРТЫП,

сыныптастар болып, ауылдастар болып, қызметтестер болып, бір көшеліктер(аула) болып, АТА (РУ) болып та, топтасып-ұйысудың басқа да формаларын пайдаланып, әр бір қазақты өмір бойы МӘДЕНИЕТТІЛІК пен ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА бағыттайтын, рухы биік-парасаты мол бабаларымыздың

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕЛІК хәм ҰЛТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК орталарын

бүгінгі заман талаптарына сай жаңғыртып, қайта құрып,

ҰЛТ болып ұйысудың АТА ЖОЛЫНА түскенде ғана

ҚАЗАҚТЫҢ көсегесі көгереді.
15
Антивирус
Аноним 
Сообщение Чт Июл 03, 2008 12:41  ПОЗИТИВТІ ОРТА (КЕҢІСТІК) ҚАЛЫПТАСТЫРАЙЫҚ !!!
13

Anonymous
Аноним Вт Июл 01, 2008 10:38
Қазақтың заманы туып келеді. Күңірене бермеңдерші осы пессимистер. Бәрі жақсы болады.
........................................................................................................................

белгісіз БАУЫРЫМ !!!

...өте дұрыс әңгіме айтасыз. Жақында Елде болып едім, біраз ауыл ақсақалдары :

- қаладағы біраз жазушы, жорналшы азаматтар "...ыңыранып-күңіреніп", "...ыңырсып-қыңсылап" жас ұрпақтың рухын таптамасын мүмкін болса, біздің сөзімізді жеткізші, деп сәлем айтып жіберді.
16
Аяз би
Аноним 
Сообщение Сб Июл 12, 2008 10:49  www.qazaq.kz сайтынан алынған ЖАҢАЛЫҚ !!!
БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМА

2008-жылы 11 шілде күні сағат 15.00-де «Аллажар-қолдау» ҚҚ, «Қазақ интернеті» ҚБ және «Қазақстан-Заман» газеті редакциясының ұйымдастыруымен Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған

«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

Ұйымдастырушылардың мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін дәріптеумен қатар, рухы биік – парасаты мол ата-бабаларымыздың, Конституциямызда көрсетілген «ежелгі қазақ жерінде» ортақ тіл, ортақ жер, ортақ дін негізінде қазақ ұлтын қалыптастырып, бүгінге дейін теңдесі жоқ азаматтық қоғамның үлгісін жасап, бүкіл Еуразия кеңістігіне қазақ мәдениетін таратқанын мақтаныш тұтып, қастерлей отырып, халқымыздың діни және ұлттық құндылықтарына сүйене отырып, қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ мәдениетін-қазақ үнін сыйлайтын әрбір жанды – оның біртұтас Қазақстан халқының құрамына кіре отырып, ортақ тағдырымызға, болашағымызға жауапты екендігінен туындайтын, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие алып, әлемдік білім кеңістігінен сусындаған, озық ойлы, Отанын жан-тәнімен сүйетін – Еліміздің даңқын асқақтатып, дүние жүзіне танытатын жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық ұйымдардың нақты іс-шараларына жұмылдыру.

Іс-шараның бағдарламасы:

15.00-15.05 Дөңгелек үстелдің өту тәртібін, құрметті қонақтарды таныстыру.
(«Қазақстан-заман» газеті бас редакторы- Ертай Айғалиұлы )

15.05-15.25 «Аллажар-қолдау»ҚҚ мен «Қазақ интернеті» ҚБ ұсынған нақты жобаларымен таныстыру.
(«Аллажар-қолдау» ҚҚ президенті - Марат Бөтеев)

15.25–17.00 Тақырып бойынша еркін пікір алмасу.

Кездесуге ұрпақ тәрбиесі және ұлттық мәдениет мәселелері толғандырып жүрген мемлекеттік құрылым өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар қатысады деп күтілуде.

Ескерту: Дөңгелек үстел тікелей “Online Байланыс“ жүйесі арқылы жүргізіледі. Дөңгелек үстел тақырыбына байланысты сұрақтарыңызды төмендегі нұсқа арқылы толтырып алдын ала жолдауыңызға болады.
Дөңгелек үстел өтіп жатқан кезде Интернет конференция арқылы тікелей эфир бойынша қатысушыларға сұрақтар қоюға немесе Интернет арқылы қатысып отыруға болады.

Адресі: www.qazaq.kz/online

Кездесу өтетін мекен-жай:

«Қазақстан-Заман» газеті редакциясы. Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі 28 үй,
( Гоголь көшесінің қиылысы)
Байланыс тел.: 270-64-51, 270-64-45, 225-25-11
тел/факс 270-64-50, E-mail:kazakistanzaman@mail.ru , sn@sn.kz

....................................................................................................................
....................................................................................................................

2008 жылы 11 шілде күні өткен, Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ ЖОЛЫНДА ҰЙЫСАЙЫҚ» атты БАҚ-на берген сұхбатынан туындайтын, Қазақ Елінің қоғамдық ұйымдарының міндеттеріне арналған

«Елбасшымызды нақты істерімізбен қолдайық !»
атты тақырыпта дөңгелек үстелге қатысушылардың айтқан пікір-ұсыныстары негізінде қабылданған

ШЕШІМ

1. Тіл үйренудегі көптеген кедергілерді жою үшін, бүгінгі қолданыстағы 42 әріптік әліпбиімізге Мемлекеттік Әліпби статусы берілуін ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
2. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген Бабалар даналығы негізінде және ҚР Конституциясына сай, Еліміздегі барша бала-бақшалар мен мектептерде – мемлекеттік тілде тәрбие беруді ҚР Үкіметінен және жергілікті билік орындарынан талап етеміз;
3. Шетелден келіп жатқан 2309 газет-жорналды, 83 теле-радио бағдарламаларын Қазақстанның кедендік аймағына заңсыз енуін тоқтатуды ҚР Үкіметінен талап етеміз;
4. Қазақстандағы мемлекеттік тілде шығатын 446 газет-жорналдан өзге, диаспоралардың 4000-нан астам мерізімдік басылымдары, Ел заңдарына сәйкес мемлекеттік тілде және өз тілдерінде қосарланып жариялануын ҚР Үкіметінен талап етеміз;
5. Еліміздің «Қазақ Елі» немесе «Қазақ Республикасы» деп аталуын ҚР үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
6. БАҚ-да, Қазақ Елінде «130-дан аса халықтар тұрады», «130-дан аса ұлттар бар» т.с.с., ҚР Конституциясына қайшы сөз тіркестері қолданбауын ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
7. ҚР «Тілдер туралы» Заңының «...ҚР мемлекеттік емес ұйымдар өз жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді, қажет болған жағдайда басқа тілде» дейтін 8-ші бабының екінші тармағын және «...«Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген 27-бабының мүлтіксіз орындалуын ҚР Парламенті мен Үкіметінен талап етеміз;
8. Қазақ Еліндегі қалыптасқан этносаралық келісімді ары қарай үйлесімді дамытуды, ҚР заңдарына сай, «үй ішінен үй тікпей», әр тектен құралған біртұтас Қазақстан Халқына ортақ , Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын діңгектері болатын, әр деңгейдегі (ауыл-аудан-қала-облыс-республика) «Халық үні» қоғамдық мәдени - ағарту орталықтарын құру арқылы жолға қоюды ҚР Үкіметі мен Парламентінен талап етеміз;
Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 590431
Всего зарегистрированных пользователей: 15007
Последний зарегистрированный пользователь: Васильев
Сейчас посетителей на сайте: 199, из них зарегистрированных: 5, скрытых: 2 и гостей: 192
Зарегистрированные пользователи: apo, ERGENEKON, Wake., Мәмбет, Салафи
Самые активные комментаторы:
Fcuk (9366) Alty Alash (6815) kazak (5640) ERGENEKON (5271) ангел (4836) Wladimir (4233) Йода (3983) Евгений Нечаев (3723) Я (3290) Салафи (3090)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Яндекс цитирования