RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: Төрлет
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Төрлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана
 IZGI AMAL
 Интересное
 qazaqtv
 serik
 Aidos Zhandyrma
 Андрей Васильевич
 www.qazaq.kz.tv
 Преподы КазНУ!
 PRIBALT
 В Горсуде Алматы - произвол
 Вдовьи слезы
 bai_sarsen
 лунатик
 Ақ сөйле...
 АСАН ҚАЙҒЫ
 АСАН ҚАЙҒЫ ҰРПАҒЫ
 АСАН ҚАЙҒЫ...
 Мылтықсыз майдан..
 Елім-ай...
 LS-Личный счет
 СПИД И ЗППП для МСМ
 Жунисбек Аймаутов
 Anuar60@yandex.ru
 Геройхан Қыстаубаев
 Konovalov-professor
 Костя Борщанский
 patriot_kz
 iparty
 народные коммунисты
 Амир
 РЖУНИМАГУ
 Союз пострадавших от \"Эйр Астана\"
 mangystau_polici
 polici_mangystau
 caldion
 abu
 Анатолий и К
 Гульнар
 Списание долгов и безнадежных активов!
 Курмантаев Аблай
 WOK.KZ
 Window on Kazakhstan Consulting Group LLP
 леонид
 ksysha
 Гаськов
 greenparty.kz
 Window on Kazakhstan Group
 Мария Красина
 SunWay
 П.А. С.
 Мавледов Айдархан Курамаевич
 Александр Михайлов
 SrZozo1
 The Rule of Law
 katong
 maskai
 www.internetTV.kz
 Татьяна Ордобьян
 bashkurttar_alga
 KSMK
 sergey_aidarbek
 obshestvo
 Talmas
 Алтын-Жырау
 Заработок в интернете без вложений!!!
 Сергей Набоков
 Серик Ахметгалиев
 patron
 fotoohota-2009
 Ой-бай
 mi_poka_zdes
 Асылхан Адай
 ЖАС КАЗАК УНI газеті
 \"Азат\" газеті
 Тимур Ахметов

Төрлет
Алтыншы түлік [7/308]
Төрлет, 28 Мая 2009 01:23:23
     Қазақ өз малын: жылқысын, қой-ешкі, түйе,...
Қазақстан мүсылмандарының діни басқармасына [0/194]
Төрлет, 27 Мая 2009 18:40:46
              Қазақстанның Бас муптиі Ә....
Б Е С Е У Д І Ң Х А Т Ы [12/565]
Төрлет, 28 Марта 2009 14:12:29
                              Қазақстан...
КОНСТИТУЦИОННЫЙ «ВИНЕГРЕТ» ИЛИ ПРЕДЧУВСТВИЕ [18/327]
Төрлет, 27 Марта 2009 21:45:40
         Д. ЕЛЬДЕСОВ О КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ...
О ГОСУДАРСТВЕ [12/541]
Төрлет, 24 Марта 2009 01:16:37
       Аристотель : «Тот, кто... живет вне...
Все деньги должны обозначать единую ценность [7/372]
Төрлет, 14 Марта 2009 21:20:24
       Так сложилось исторически, что у каждого...
О послании Президента РК 2009 года [40/1303]
Төрлет, 8 Марта 2009 02:10:10
   Это самое худшее послание нашего президента. Мы...
Религиозные «войны» В КОНСТИТУЦИОННОМ РАЗРЕЗЕ [7/380]
Төрлет, 6 Марта 2009 00:09:46
«Кто хочет, пусть уверует, а кто не хочет – может...
Сергей ДУВАНОВ. Старое платье короля [18/573]
Төрлет, 4 Марта 2009 09:52:37
     Из гуманистического манифеста        У нас...
Жігіттер! Қыздар! [5/570]
Төрлет, 21 Февраля 2009 02:13:42
Жігіттер!  Қыздар! Бүгін, 2009 жылы 21 ақпан 0:11-де осы...
ЕЛЬДЕСОВ ПРОТИВ ЖОВТИСА [11/520]
Төрлет, 8 Февраля 2009 16:48:45
  Религиозные «войны» в Казахстане   «Каждой...
Насчет денег [17/688]
Төрлет, 6 Февраля 2009 20:20:30
     Назарбаев в Давосе (Швейцария) предложил...
Общественное телевидение [8/440]
Төрлет, 6 Февраля 2009 09:17:17
                                          ...
Қазақтың әні қандай керемет! [4/579]
Төрлет, 3 Февраля 2009 23:11:32
  Қазақтың әні қандай керемет!        Бір...
Путинизм [492/2352]
Төрлет, 20 Января 2009 13:51:23
     Предлагаю ввести в политический словарь новое...
СЕКТОР ГАЗА [5/459]
Төрлет, 20 Января 2009 05:09:59
Украина и Россия подписали газовый контракт сроком...
Эти люди 17 лет назад подписали Алма-Атинскую декларацию [9/545]
Төрлет, 18 Января 2009 18:59:32
Президент Азербайджанской ...
Из первых рук о газовой войне [10/541]
Төрлет, 18 Января 2009 05:23:02
Масс-медиа ...
ЖАҢА ПАСПОРТҚА КӨШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ [23/704]
Төрлет, 16 Января 2009 09:31:56
          Жаңа биометриялық төлқұжаттың...
Ющенко: Украина газ не воровала (продолжение) [25/495]
Төрлет, 15 Января 2009 22:31:29
22.    Казалось, что газовая война была завершена. Ан...

Дата публикации: 2009-01-03 16:25:52

Гуманистік манифест

[500/8]

      Адам, хайуанат, өсімдік дүниесі – бір ғажап – Жер тіршілігін құрайды. Хайуанат тек Қарынның талабымен өмір сүреді, ал адам, Қарны болғанымен (онсыз тіршілік жоқ), хайуанаттан айырмашылығы сол – Ынсапқа да құлақ асады. Қарында қанағат жоқ, ал Ынсап оны біледі. Гуманистер Қарынның хұқын жоққа шығармайды, сыйлайды, бірақ Қарын Бас болмауы тиіс, Қарын мен Ынсапты Бас тең ұстауы керек деп есептейді. Жалпы адамзат тарихы – Қарын мен Ынсаптың өзара күресі, текетіресі.  

 
     Қазақ гуманист халық – «өле жегенше, бөле же» дейді. Бірақ адамдар әртүрлі болады – «кедей байға жетемін дейді, бай құдайға жетемін дейді» дегендей, кейбір Қарын Бастар Ынсапты ысырып қойып, дүние-мүліктің, бедел-биліктің қызығына түсіп кеткені соншалықты, тіпті Құдайын ұмытты. Осының нәтижесінде алдау-арбау, қанау, жемқорлық, зорлық, күш қолдану, соғыс, терроризм т. б. қылмыстар кең қанат жайып кетті. Бұл келеңсіздік жойыла ма? Қашан? Гуманизм идеялары барлық елдерге, бүкіл адамзатқа тарап, оларды көпшілік қолдап, басшылыққа алғанда ғана жойылады.
 
      Адам туады – сәби, өседі – жасөспірім, есейеді – қыз бен жігіт, ержетеді – отбасын құрады, ұрпағын жалғастырады, үй салып, ағаш егіп, өз еңбегімен тамағын асырап, қартаяды, өледі – көрге жалаңаш енеді. Сол екі арада әрі кетсе 100 жыл өтеді. Хайуанат, жануарлардың да өмір жолы осыған ұқсас, тек кей көбелектің өмір жолы 1-ақ күн, ал теңіз тасбақасы 300 жылдан астам, кей ағаш 1000 жылдан астам жасайды. Бұл Табиғат-ана орнатқан тәртіп: өмір мәні, аяғы – табиғи ажал. Гуманистер бұл тәртіпті – табиғи дамуды бұзу күпірлік деп санайды: ешкімнің (адам өлтіргеннен басқаның) өмірін қысқартуға болмайды.
 
      Бүкіл әлем: планеталар, жұлдыздар, галактикалар – бәрі шексіз, мәңгі ғаламда жылжуда. Олар қайда, қалай бара жатыр: шашырап бара ма, немесе бір үлкен қара тесікке беттеп бара ма (өмір жасы бір күндік көбелек ертең де күн шығатынын, қыс дейтін тажал барын білмейтіні сияқты), бізге белгісіз. Мүмкін, тарыдай шашылып кете барар, мүмкін, бәрі бір үлкен қара тесікке кіріп, жоқ болар, мүмкін, ол қара тесік жарылып, әлем қайтадан жұлдызға толар – біз оны білмейміз.
 
     Білетініміз: Күн деген бір жұлдыз бар, оның серіктері бар, біреуінің аты Жер, онда өмір, біз бармыз, тамаша перпетуум мобиле – тіршілік бар: адам, жануар, өсімдік өмірге келеді, басқа өмір иесін туады, өледі, бұл өлгенімен, мұның өткен жолын баласы қайталап, өмір жалғаса береді, өлмейді. Әрбір тіршілік иесінің несібесі өзімен бірге туады – «қой егіз туса, шөптің басы айыр бітеді».
 
     Тіршіліктің төменгі сатысында өсімдіктер, қарапайымдар, одан жоғарғы сатыда – соларды жеп қоректенетіндер, одан жоғарғы сатыда – жыртқыштар, ең жоғарғы сатыда Адам – ол бәрін де жейді. Тіршіліктің басқа түрлері жер, климат, ландшафт таңдаса, адам бүкіл Жер жүзіне тарап, тіршіліктің бір түрін құрады. Бірақ ол Жер бетіне қалай болса солай бытырамаған, жердің, өзінің ыңғайына қарай, жүйемен – этностық топ құрып орналасқан. Сонымен, әр этностың Алладан, Құдайдан тиген өзінікі деген жер үлесі бар (Гренландия эскимостікі, Қазақстан қазақтікі, Франция француздікі): әр этнос мүшесі сол жерде туып, өсіп-өніп, гүлдеп, ұрық шашып, сонда өліп, көрге енеді. Жер үстінде мыңдаған этнос жасайды, әрқайсысының өз ділі, өз мәдениеті, тілі бар, әрқайсысы өздерін «біз», басқаны «бөтен» деп сезінеді: олар, мыңдаған гүл түрлері сияқты – Жер жүзіне көрік беріп тұр.
 
      Гуманистер әр өсімдікті, әр жануарды Қызыл кітапқа жазып қорғағандай, әрбір адамды, әрбір этносты, оның тілін, ділін көздің қарашығындай қорғайды, себебі дүниедегі әр этнос, әр адам: сен, мен, анау – бәріміз бірегей (уникум) тұлғамыз. Тіршілік – әрбір адамның, әрбір этностың өмірі – керемет қасиетті, қайталанбас дүние: гуманизмнің негізі осы. Жер жүзінде мыңдаған этнос бар, ал мемлекет саны екі жүздей-ақ: көпшілік этностардың мемлекеті жоқ, олар туралы басқа адамзат көп ештеңе білмейді, ірі этностар оларды ассимиляцияға ұшыратып, жұтып жатыр – одан пайда жоқ, ал адамзаттың бір түрі болсын жоғалуы адамзатқа да, биосфераға да нұқсан, гуманизм идеясына қайшы. Гуманистер әр этнос, әр адамның хұқын мойындап, сыйлайды: абхаз грузиннен кем емес, баск – испаннан, күрт – көршілерінен, қарақалпақ – өзбектен, ұйғыр – қытайдан, шешен орыстан кем емес т.с.с. Адамзатты Қарынның әлемдік үстемдігінен тек гуманизм ғана қорғап қала алады. Дүниені тек гуманизм сақтап қалады.  
       
      Қазір дүниеде жаһандану (глобализация) жүріп жатыр: жылда 8 ең бай, ірі мемлекет басшылары (Үлкен сегіз) өзара жиылып, өз мүдделерін талқылап, келісіп, шешіп жатыр. Олары Қарын мүддесі екені, гуманизм мүддесі емес екені белгілі. Сол себепті жай антиглобалист адамдар Үлкен сегіз жиыны болатын жерлерде қарсылықтарын білдіріп, бүлік шығарып жүр. Бұл бір жағынан баланың ісі сияқты болып көрінгенімен, бұзақылық емес – әлі қалыптасып үлгірмеген гуманизм. Сондықтан оларды антиглобалист демей, гуманист деп атау керек.
 
     Қарын саясатына қарсылар, гуманизм туын көтеріп, оның айналасына топтасыңдар! Бас Қарынды ғана емес, Ынсапты да тыңдауы керек! 
 
      Гуманизм принциптері. Тіршілік, өмір – керемет ғажап сый. Әрбір адам, әрбір этнос бірегей дүние. Адамдар бойына, күшіне, нәсіліне қарамай, этностар санына қарамай, тең хұқылы. Әр адам бұл дүниеге бақыт үшін келеді: өмір сүруге, өз еңбегімен тамағын асырап, отбасын құрып, ұрпағын өсіріп, өзінікі деген баспана, қажетті мүлік иесі болуға хұқы бар. Сондай-ақ әрбір этнос өз тілінде сөйлеп, өз мәдениетін дамытып, өз еркімен өмір сүріп, өсіп-өніп, гүлденуіне, өзінікі деген жерге, оның асты-үстіне ие болуға хұқылы.
 
     Әлем парламенті әр этносқа оның өз жеріне иелік хұқын мойындап, ол туралы құжат береді. Әр адам, әр этнос ана тілінде сөйлеп, оны дамытуға хұқы болғанымен, өз тілін басқа адамға, басқа этносқа таңуға хұқы жоқ. Тілдер өлсе, этностар өлсе, Жер қазынасы, адамзат қасиеті кемиді. Этностардың, тілдердің көптігі – Жердің, адамзаттың көркі: олардың бәрін Табиғат-ана алаламай жаратқан. Сондықтан гуманистер ешбір тілді өлтірмеу үшін халықаралық, дәнекер, адамзат тілі – гуман тілін жасауды ұсынады. Ол этникалық тілдердің бәрінің жақсы жақтарын бойына жиып, кемістіктерінен таза болады: онда ешбір тіл өлмейді, әр адам ана тілі мен гуманды білсе болды – өз елінде ғана емес, басқа ұлт өкілдерімен әлемнің кез келген жерінде тілдесе алады. Тілмаш керегі жоқ: халықаралық қарым-қатынастар, сауда жасау жеңілдеп, көп күш-қуат, қаражат үнемделеді. Гуман тілін жасау үшін 1-2-ақ жыл жеткілікті, ешбір тіл өлмейді.
 
      Халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы әр жерде өмір сүруге қолайласа қалыптасады: мысалы, үнділер сиырды қастерлейді, чукчалар шошқа емес, бұғы асырайды, араб, Еуропа халықтары ит етін жемейді, қытайлар жей береді т.с.с. Әр этностың ділі, діні, наным-сенімі, мәдениеті өзінше, оларды мойындап, сыйлау керек, бірақ өзінікін басқаға таңуға ешкімнің хұқы жоқ. Әр адам жер жүзінің қай жерінде тұрғысы келсе, тұруға хұқылы, тек тұрған жеріндегі халықтың әдет-ғұрпын, салтын, дәстүрін сыйлап, әлімжеттілік жасамай, заңдарына мойынсұнуға міндетті. Бұл – гуманизм.
 
     Демократия – ең дұрыс мемлекеттік құрылым, себебі тек демократия жағдайында ғана Ынсап Қарынмен тайталаса алады, демократия жағдайында ғана Қарын демократия бөркін киіп, шапанын жамылады, басқа жағдайдың бәрінде Қарын Ынсапты жеңе береді. 
 
     Соғыс – халықаралық бұзақылық. Тарихта – адамзаттың балалық, жастық, ессіз шағында, Қарынның алаңсыз билігі кездерінде соғыс көп болған, сонымен кетсін. Қазір соңғы технологиялар, техниканың арқасында жасалған тау-тау қару-жарақ қолданылса, адамзат қана емес – бүкіл тіршілік құрып кетуі мүмкін. Сондықтан гуманистер соғысты жабайылық, халықаралық бұзақылық деп тауып, оны жоққа шығарады. Гуманизм эрасында соғыс болмайды, гуманистер оған тыйым салады.
 
     Өзі биосфераның бір бөлігі болғандықтан, адам оған еш зиян келтірмеуге міндетті. Бір пластик пакет бір киттің тыныс жүйесін бітеп өлтіруі – бүкіл адамзат кінәсі. Қоршаған ортаны: әрбір тіршілік иесін, өсімдікті, жерді, суды, ауаны қорғау – әрбір адамның гуманистік парызы. Әр адам, әр ұрпақ, әр этнос, барлық адамзат өз үйін, жерін, бүкіл планетаны таза ұстап, адам тұрмысына ыңғайландырып, келер ұрпаққа қазіргіден артық жағдайда қалдырып отыруы тиіс. Осы, осы сияқты мәселелерді талқылап, шешіп отыратын әлем парламенті құрылуы керек. Адамзат әйел, еркек деген екі жартыдан тұрады: сол себепті оған әр этностан бір еркек, бір әйел сайланады. Оның шешімдерінің орындалуын БҰҰ қадағалап отырады.
 
       Ұлттық эгоизмге салынған бай, ірі елдер басшылары – Үлкен cегіз Қарын райынан қайтып, Ынсапқа құлақ асып, гуманизмге бет бұруы тиіс. Ол үшін гуманистер тізе қосып, оларды мәмілеге көндіруі керек. Айтылып отырған мәселелер адамзатқа пайдалы, қажет дүниелер, бұны барлық есі дұрыс адам қолдайды. Барлық этностың гуманистері, Үлкен сегізге және тағы екі ірі ел – Қытай мен Индия басшыларына тілектерімізді жеткізіп, орындалуын талап етейік – әлем байлығының 80-90 % осылардың қолында: оны Қарындарына тыға бергенше, біразы бүкіл адамзат игілігіне жұмсалсын.
 
   Талаптар мынау:
 
- Гуман тілі академиясын ашу, қаржыландыру. Барлық елдерде екінші тіл ретінде гуман тілін оқытуды өздерінен бастау.
- Әлем парламентінің жұмыс орнын дайындау, бюджетін құру; Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы әлем парламентіне әр этностан мемлекеттігі бар-жоғына қарамай, екі (бір еркек, бір әйел) депутаттан сайлауды ұйымдастыру.  
 –    Аштыққа адам бермеу, аштықты жою.
        БҰҰ арқылы дүние жүзі этностарының санағын өткізіп, әлемнің этникалық
картасын жасап, ешбір этнос құрып кетпеуге шара қолдану: өзіне, жеріне куәлік беру.
        Тіршілікке пайдалы, зиянды жағдайларды ғылыми зерттеу, зиянды
жағдайларға қарсы шара қолдану, пайдалы жағдайды барынша кең тарату (әлемдік экологиялық шаралар жүргізу).
–    Жаппай қыратын қару, ауыр қару жасауды тоқтату, олардың қолда барын жою, пайдалы іске жіберу, барлық әскерде тек жеңіл қару қалдыру, әскер санын 40-60 % азайту.
        Осы декларацияны қабылдап, қол қою.
 
     Алғашқы кезеңде бұл мәселелер өз шешімін осылай тапса, бұдан кейін қандай күрделі мәселе болмасын әділ шешімін табарына үміт бар. Қарын эрасында болған соғыстар, зорлық-зомбылық, терроризм, қарақшылық сияқты жабайылықтар Гуманизм эрасында тыйылады. Мемлекеттер, этностар арасындағы даулы мәселелер гуманистік жолмен шешіліп, ілім, білім, біліктілік дамуына жол кеңіп, әрбір адам лайықты өмір сүруге жағдай туады. Ол үшін барлық мемлекеттер Әлем парламенті ұсынған шешімдерді басшылыққа алып отырса – болды. Сонда Қарын Бас болып кетпейді, әділеттік, гуманизм эрасы орнайды.
 
 
Әлем байлығының дені Үлкен сегіздің қолында болып, олардың мүмкіндіктері мол болғанымен, этностар өздерінің бас бостандығын бұларға сеніп, тапсыра алмайды: оның кепілі Вьетнам, Ирак, Шешенстан. Қазір империялар дәуірі бітті, тарихтың бүгінгі кезеңі – этностар дәуірі. Әр этностың даму шарты – тәуелсіздік және ұлттық идеяны іске асыру. Ұлттық идея – этностың өсіп-өніп, гүлдену идеясы. Сол идеяны басшылыққа алып, ешкімнің жеріне, байлығына, егемендігіне көз алартпай, тек өз еңбегіне сенген елдер көш алдына қарай жылжуда. Бұрынғы империя болған және азаттық алған елдер: Англия, Германия, Жапония, Франция, Малайзия, Сингапур, Тайландтардың тәжірибесі бұған дәлел. Азат адамдар ешкімді жаншып жатқан жоқ, оларды да біреу жаншып, олар өз бостандығы үшін арпалысып жатқан жоқ – өз бағы үшін азат еңбек етіп, гүлденуде.
 
Әр этностың ұлттық идеясын гуманистер бағалап, мойындайды. Қара күші мол Қарын жер жүзін билеуге ұмтылып тұрғанда, одан адамзатты тек гуманизм ғана құтқара алады. Осы заманда, қазіргі ғылым, соғыс техникасы дамыған тұста, жер жүзіндегі адам саны 6 миллиардтан асқанда, гуманизм өте қажет: адамзаттың дамуының дұрыс, әділ жолдарын іздеудегі ең ұтымды принцип. Қарынға салса, ол әлі көп дүниені бүлдіреді.   Гуманизмсіз соғыс өрті бықси береді.
 
Гуманистер! Туларыңды биік ұстаңдар!           
 
 
 
Гуманистік  партия  құрушы  Мақсұт ОРАЗАЙ  деген  қазақ

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Комментарии пользователей


Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Жәй ғана
Аноним 
Сообщение Сб Янв 03, 2009 19:06  
М-м қызық екен. Фантастика іспетті. Жалпы ой дұрыс ау, тек ...
Біздің қарын шенеуіктерді тәрбиелеп алуымыз керек ең әуелі, оларды гуманизм жолына шақыру үшін.
2
Anonymous
Аноним 
Сообщение Сб Янв 03, 2009 19:16  
Оу, Мәке-е-е!
Пырзыдент болсаңыз, Назарбаевпен жылап көрісеміз екен-ау.
Ол бәтшағар бар-жоғы үш тіл үйреніңдер деп жатса,
сіз 4-5 тілге бірақ самғадыңыз ғой, байеке!
3
Anonymous
Аноним 
Сообщение Сб Янв 03, 2009 19:25  
2-ш Үш тілден нендей қорлық көрер едің. Сен өзбекақаларды көрген жоқ па едің? Орысша түк білмейді, сауаты жоқ адамдай сүмірейіп қалады.. Ал біз қазақтар олардың алдында ағылшын тілін біліп тұрсақ, нұр үстіне нұр емс пе?
4
Anonymous
Аноним 
Сообщение Сб Янв 03, 2009 19:42  
3-ші.
"Орыссыз өмір сүре алмаймыз" - дейтін бейшара-мәңгүрттің бірісің-ау, шамасы!
Орыс тілін білмейтін өзбек, шошқа елінде тұрып шошқа тілінде сөйлемесе де,
өзбек екенін жанымен де, тәнімен де көрсете алады. Сен сияқты көтін орысқа бермейді.
5
Anonymous
Аноним 
Сообщение Сб Янв 03, 2009 19:57  
4-ш Сен неге боқтыққа көштің. Мәдениетсіз екенің көрініп тұр. Шамасы ПТУшник шығарсың. Сендейлерден гуманист шықпайтынына сенімдімін. Өйткені ақша берсең билікті де басқасын да мақтап шығатын сен секілділер.
6
Anonymous
Аноним 
Сообщение Сб Янв 03, 2009 22:22  
Ау 2-нші

Не шатып кеткесің? Оқымағасын ғой. 4-5 тілің не?
7
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Янв 04, 2009 07:58  
Гуманистік манифесттің қазақша жазылғанының өзі бір төбе.
Алдынғы төртеуі ағылшын тілінде жазылған екен ғой.
8
Аз би
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 04.01.2009
комментов: 3
Сообщение Пн Янв 05, 2009 22:43  Қазақстан халқына ортақ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛІПБИ қажет!!!
...тек қана қазақтың мыйы айтқызатын керемет, тамаша ОЙ !!!
Рухы биік, парасаты мол ГУМАНШЫЛ атабабаларымыздың таза қаны сақталған ұрпағы әлі де бар екен ау, рахмет МӘКЕ !

Алла тағала әр этносқа өздеріне ғана тән кейбір үндерді берген. Гуманистер барша этностарды сыйлайтын болғандықтан, оларға тән үндерді таза айта алуы парыз. Сондықтан тіл білімінің Әлемдік деңгейдегі ғұламаларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың "бір дыбыс бір таңба" қағидасын басшылыққа алып, баршаға ортақ ГУМАНИСТІК ӘЛІПБИді қалыптастыру қажет.

...бірақ, Мәке "Гуман тілін жасау үшін 1-2-ақ жыл жеткілікті" дегеніңіз асырасілтеушілік. Бұл жұмыла көтеретін үлкен істі, жақсы дайындықпен, кезең кезеңмен жүргізу қажет. Мысалы, бірінші кезекте Еуразиялық кеңістікте, барша этностардың үнін таза айтуға мүмкіндік беретін, бүгінгі Қазақ еліндегі қолданыста жүрген кирилл таңбасындағы 42 әріптік Әліпбиді бірегей ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӘЛІПБИ деп, бүкіл ЕврАзЭС экономикалық кеңістігінде енгізу керек.

Бұл гуманистік ұлы істі бірінші болып ЕУРАЗИЯЛЫҚ идея авторларының бірі Н.Ә.Назарбаев бастағаны абзал, ол үшін қазіргі қолданыстағы 42 әріптік кирилл таңбалы әліпбиді Қазақ Елінің МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛІПБИІ деп жарлық шығарса ҚАЗАҚ ҮНІНІҢ жаңғыруына жол ашатын еді...

"Халық үні"-2009
Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 735675
Всего зарегистрированных пользователей: 16021
Последний зарегистрированный пользователь: desavu
Сейчас посетителей на сайте: 43, из них зарегистрированных: 0, скрытых: 0 и гостей: 43
Зарегистрированные пользователи: Нет
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (7510) Wladimir (6666) kazak (6488) ангел (4829) Йода (4360) Я (3772) Евгений Нечаев (3722) Newman (3684) Салафи (3527) apo (3475)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Яндекс цитирования