RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: Төрлет
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Төрлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 Мұхтар Шаханов атындағы \"Рух пен Тіл\" клубы
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана
 IZGI AMAL
 Интересное
 qazaqtv
 serik
 Aidos Zhandyrma
 Андрей Васильевич
 www.qazaq.kz.tv
 Преподы КазНУ!
 PRIBALT
 В Горсуде Алматы - произвол
 Вдовьи слезы
 bai_sarsen
 лунатик
 Ақ сөйле...
 АСАН ҚАЙҒЫ
 АСАН ҚАЙҒЫ ҰРПАҒЫ
 АСАН ҚАЙҒЫ...
 Мылтықсыз майдан..
 Елім-ай...
 LS-Личный счет
 СПИД И ЗППП для МСМ
 Жунисбек Аймаутов
 Anuar60@yandex.ru
 Геройхан Қыстаубаев
 Konovalov-professor
 Костя Борщанский
 patriot_kz
 iparty
 народные коммунисты
 Амир
 РЖУНИМАГУ
 Союз пострадавших от \"Эйр Астана\"
 mangystau_polici
 polici_mangystau
 caldion
 abu
 Анатолий и К
 Гульнар
 Списание долгов и безнадежных активов!
 Курмантаев Аблай
 WOK.KZ
 Window on Kazakhstan Consulting Group LLP
 леонид
 ksysha
 Гаськов
 greenparty.kz
 Window on Kazakhstan Group
 Мария Красина
 SunWay
 П.А. С.
 Мавледов Айдархан Курамаевич
 Александр Михайлов
 SrZozo1
 The Rule of Law
 katong
 maskai
 www.internetTV.kz
 Татьяна Ордобьян
 bashkurttar_alga
 KSMK
 sergey_aidarbek
 obshestvo
 Talmas
 Алтын-Жырау
 Заработок в интернете без вложений!!!
 Сергей Набоков
 Серик Ахметгалиев
 patron
 fotoohota-2009
 Ой-бай
 mi_poka_zdes
 Асылхан Адай
 ЖАС КАЗАК УНI газеті
 \"Азат\" газеті
 Тимур Ахметов

Төрлет
Алтыншы түлік [7/308]
Төрлет, 28 Мая 2009 01:23:23
     Қазақ өз малын: жылқысын, қой-ешкі, түйе,...
Қазақстан мүсылмандарының діни басқармасына [0/194]
Төрлет, 27 Мая 2009 18:40:46
              Қазақстанның Бас муптиі Ә....
Б Е С Е У Д І Ң Х А Т Ы [12/565]
Төрлет, 28 Марта 2009 14:12:29
                              Қазақстан...
КОНСТИТУЦИОННЫЙ «ВИНЕГРЕТ» ИЛИ ПРЕДЧУВСТВИЕ [18/327]
Төрлет, 27 Марта 2009 21:45:40
         Д. ЕЛЬДЕСОВ О КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЕ ...
О ГОСУДАРСТВЕ [12/541]
Төрлет, 24 Марта 2009 01:16:37
       Аристотель : «Тот, кто... живет вне...
Все деньги должны обозначать единую ценность [7/372]
Төрлет, 14 Марта 2009 21:20:24
       Так сложилось исторически, что у каждого...
О послании Президента РК 2009 года [40/1305]
Төрлет, 8 Марта 2009 02:10:10
   Это самое худшее послание нашего президента. Мы...
Религиозные «войны» В КОНСТИТУЦИОННОМ РАЗРЕЗЕ [7/380]
Төрлет, 6 Марта 2009 00:09:46
«Кто хочет, пусть уверует, а кто не хочет – может...
Сергей ДУВАНОВ. Старое платье короля [18/573]
Төрлет, 4 Марта 2009 09:52:37
     Из гуманистического манифеста        У нас...
Жігіттер! Қыздар! [5/570]
Төрлет, 21 Февраля 2009 02:13:42
Жігіттер!  Қыздар! Бүгін, 2009 жылы 21 ақпан 0:11-де осы...
ЕЛЬДЕСОВ ПРОТИВ ЖОВТИСА [11/520]
Төрлет, 8 Февраля 2009 16:48:45
  Религиозные «войны» в Казахстане   «Каждой...
Насчет денег [17/688]
Төрлет, 6 Февраля 2009 20:20:30
     Назарбаев в Давосе (Швейцария) предложил...
Общественное телевидение [8/440]
Төрлет, 6 Февраля 2009 09:17:17
                                          ...
Қазақтың әні қандай керемет! [4/580]
Төрлет, 3 Февраля 2009 23:11:32
  Қазақтың әні қандай керемет!        Бір...
Путинизм [492/2352]
Төрлет, 20 Января 2009 13:51:23
     Предлагаю ввести в политический словарь новое...
СЕКТОР ГАЗА [5/459]
Төрлет, 20 Января 2009 05:09:59
Украина и Россия подписали газовый контракт сроком...
Эти люди 17 лет назад подписали Алма-Атинскую декларацию [9/545]
Төрлет, 18 Января 2009 18:59:32
Президент Азербайджанской ...
Из первых рук о газовой войне [10/541]
Төрлет, 18 Января 2009 05:23:02
Масс-медиа ...
ЖАҢА ПАСПОРТҚА КӨШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ [23/704]
Төрлет, 16 Января 2009 09:31:56
          Жаңа биометриялық төлқұжаттың...
Ющенко: Украина газ не воровала (продолжение) [25/495]
Төрлет, 15 Января 2009 22:31:29
22.    Казалось, что газовая война была завершена. Ан...

Дата публикации: 2009-01-04 12:03:25

Қазақстан гуманистерінің бағдарламасы

[579/8]

      Біз балаларымызға, келер ұрпақтарға таза ауа, жер, су, жайқалған егіндік, миуалы бау-бақша, балықты өзен, көлдер, аңға толы тау, дала, сай, сала, ну орман, асыл тұқымды төрт түлік мал, шүйгін шабындық пен жайылым, жанға жайлы ауыл, қала, даңғыл жол, биік технологиялы өндіріс, күн көруге керек ілім, білім, білік алу мен денсаулық сақтаудың озық жүйесін, ал ең бастысы – жойылып бара жатқан адамгершілік, ізгілік, қазақшылық, гуманизм  рухын егіп, қалдырамыз.  

 
     Біздегі саяси партиялардың мақсаты құр билік, ал біз, ынсапты азаматтар, қоғамды алға, демократиялық,  адал, игі жолға бастамақпыз.
 
     Сейфуллин көшесіндегі жігіттеріміз бен Саин көшесіндегі әйелдеріміздің көзіне қарауға бет шыдамайды. Егемендігімізге мүшел жастан асты, алайда, қолымыз жоқтай, әлі күнге дейін велосипед те жасап шығара алмай, қай-қайдан әкелінген өзіміз жасай алатын кәкір-шукірді сатып алып жүрміз. Америкадан тауық етін, Қытайдан кеспе сатып алып жеу масқара, одан гөрі сол тауық тұқымын алып, тауық өсіру, кеспені өз ұнымыздан жасау жұмыссызға жұмыс, елге береке болар еді. Ауыл қазақтары отанын тастап, босып, қалаға топырлап, әркімнің есігіне жалтаңдап жүргені намысқа тиеді. Мыңдаған азаматтар колония, түрмелерде қамауда жатқанына жер бола жаздап жүрміз. Пенденің арам нәпсісін қоздыратын қаптаған құмар ойын орындары жастарды аздырып барады, жәлепхана керек, жер сату нарықтық экономика дейтін «ғалымдар» да шықты. Аз ғана мыңғырған байлармен бірге кедейлердің, тіпті қайыршылардың қаптап кеткені түңілтеді. Кедей халық, кедей ұлт, малайлар, құлдар мемлекет тірегі бола алмайды – ондай елдің келешегі неғайбыл. Біз мұнымен келісе алмаймыз, ой-ұсыныстарымыз мынау.     
 
     Ұлттық идеясыз – қазақ ұлтының өсіп-өніп, гүлденіп, өркендеуі идеясынсыз Қазақстанның өмір сүруі мағнасыз, тұл. Біздің мақсатымыз – елде игі, гуманистік қоғам құру, оның сара жолы – нарықтық экономика, әлеуметтік мемлекет: ол үшін мемлекет құруды қазақ ұлтының салт-дәстүрлері негізінде, оларды әлем ұлттарының озық салт-дәстүрі, рухани, материалдық жетістіктерімен ұштастыра жүргізу. Біз, ұлтына қарамай, барлық азаматтардың теңдігін қамтамасыз етеміз. Қазіргі жер, су, орман кодекстері, білім, оқу, денсаулық сақтау, саяси реформалар туралы халық ойын, қалауын референдум арқылы біліп, қазақы, демократиялық, адамгершілік жолмен іске асырамыз.  
 
     Егемен еліміздің бар байлығының иесі халқымыз болуы керек. Оған жету үшін барлық халықаралық және ішкі монополиялардың бар дүниесін (мемлекет үлесін де) аудиттен өткізіп, әділ бағалап, бағасына сәйкес 30 миллионнан акция шығарып, жартысын әрбір Қазақстан азаматына (аудан, облыс акционерлік қоғамдары ақцияларын – жергілікті елге) бір данадан сатамыз. Бұл жұмыс зейнетақы қорлары арқылы орындалады. Акциялардың түсімі уақтылы төленіп, Қазақстанның әр азаматы еңбекақысы және өз акцияларының түсімімен елдегі барлық ірілі-уақты кәсіпорынның иесі болып, ауқатты адамға айналады, қазіргі иелері де қолдарына нақты ақша тиіп, байи түседі. Азаматтықтан шыққан адам өз акцияларын биржаға сатып кетеді. Халық саны өсуіне қарай бұл шара келешекте тағы қайталанса, жабайы капитализм халықтық капитализмге айналып, жұрттың тұрмысы көтеріліп, ол шынымен ел қожасына айналып, демократиялық биліктің бастауы болады. 
 
     Билікте, сайлау жүйесінде, ақша, товар, ақпарат айналымдарында өтірік болмай, жоғарыдан төменге дейін жария-шындық орнатып, коррупцияны құртамыз. Әр адамға өз намысы қымбат.
 
      Қазіргі кезде шикілей арзан сатылып кетіп жатқан қазбалардың кемінде жартысын Қазақстанда өңдеп, олардан жоғары сапалы халық тұтынатын өтімді тауар жасап, қымбат сатып, жұмыссыздарды жұмыс істетіп, ел берекесін арттырамыз. Қазба байлықтарды ретсіз сата беруді де шектейміз: келер ұрпақтарға да үлес қалсын (Кәспий мұнайын қазір өндіру апатқа әкеледі, ондағы тіршілікті құртады).
 
     Күн көру, тамақ асырау, тіпті баюдың негізгі амалдары табиғи байлықты сатуда емес – білік, еңбек, білім, тапқырлық, пысықтық, салауат, бастысы – жалқау, ішкіш болмау. 
 
       Ішкі Жібек жолдар, ішкі Түріксібтер ашып, тиісті инфраструктура салып, Қазақстанды әлемдік сауда орталығына айналдырамыз: пысық азаматтар майда алыпсатардан ірі, халықаралық саудагерге дейін өседі. Мал және егін шаруашылығын дамыту арқылы дүкенді арзан, адал, экологиялық таза, сапалы өнім-тамаққа толтырамыз.
 
     Әр өлкеде сол жердің жағдайына сәйкес бағытты зерттейтін гылыми орталық ашып, әр өлкенің мүмкіндігін ғылыми таразылап, ең жаңа технология негізінде дамыту жобасын жасап, іс жүзінде өрге сүйрейміз. Осындай қыруар шаруа барда, елде жұмыссыздар болуы ауыр сын.
 
«Біздің экономика ақша салса, «қызып» кетеді» деу білместік: бар қаржы (жоқ қаржы емес) тиісті мезгілде тиісті жеріне жұмсалса, еселеп пайда келтіреді. Сыртта, шетелде бөтен жұртқа қызмет етіп жатқан қаржыларымызды елге тартамыз.    
 
     Банктерді мұсылман елдеріндегідей гуманистік (өсімсіз несие) жүйесіне көшіреміз.
 
     Еңбек пен капитал арасындағы қарым-қатынасты еңбекшілер мен жұмыс берушілер бірлестіктері өзара үкімет пен соттың қатысуымен реттеп отыратын жүйе орнатамыз. Барлық өндірістерде еңбек шарты ұжымдық түрде жұмысшы комитеттерінің қатысуымен жасалады. Еңбекшілер мен жұмыс берушілердің бірлестіктері өз жұмысын қоғамдық ұйым ретінде мәмілеге келіп отырып жүргізеді.
 
     Ішкілік пен темекі жарнамасына тыйым саламыз: керек адам оларды жарнамасыз-ақ табады. Ішкілік пен темекіні өндіріп, сатуды мемлекет монополиясына көшіреміз: арам ақша қазынаға түсіп, тазарады.
 
     Қазақ тілін толыққанды мемлекеттік тілге айналдырамыз. Оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде әлем педагогикасының жетістіктерімен ұштастыра жүргізіп, олардың деңгейін биік дәрежеге көтереміз. Елдің білім деңгейін көтеріп, оны әлемнің озық ғылым, техника, технология, білім-білік жетістіктеріне телиміз: ондағы барлық жетістікті қолма-қол қазақшалап, кәсіпорындардың тәжірибесіне ендіріп, жапон ғаламатындай қазақ ғаламатын жасаймыз. Орта білім тегін, жоғарғы білім жақсы оқығандарға тегін, нашар оқығандарға ақылы, ұстаз жалақысы қомақты болады.
 
     Мамандардың білім деңгейімен бірге өндіріс деңгейін де көтеріп, тауарымыздың сапасы мен өтімділігін арттырып, қажет заттардың көбін өзімізде шығарып, шетке де сатып, тек шикізат сатып күн көріп отырған елдер қатарынан ғылымдылығы мол тауар жасай алатын елдер қатарына шығу. Бүл бос қиял емес: қазақтың табиғи физиологиялық, ақыл-ой, шығармашылық, рухани, көркем сезімдік және т.б. қабілеттері құлдық психологиядан арылса, арақ ішпесе, өте жоғары, тек рухын баса бермей, көтеру қажет. Біз қазақтың рухын көтере түсеміз. Реті келсе, гуман академиясын Қазақстанда ашамыз. 
 
   Ақша мен байлық қаншама қызғылықты болғанымен, мұрат емес, олар тек мұратқа жету жолын жеңілдететін амалдардың бірі ғана, ал басты амал – еңбек, табандылық, талант, осының бәрі  қосылса -  жемісі тәтті бақыт сол. Сондықтан ақша мен байлыққа табынудың қажеті жоқ. Қоғам, мемлекеттің міндеті – Табиғат-ана әр адамға алаламай берген талантын ашып, бақытқа жетуіне жағдай жасау.
 
     Мұнай барда азаматтарға (балаларға – сөзсіз) ем тегін болады; керек еткенге ақылы ем де болады.  
 
     Урбанизация, мойындау керек, көшершіліктен басым түсті. Сондықтан елдің тұрмыс-болмысы қалалық салт-сапаға көшіріледі. 50 заңды тұлғасы бар елді мекенге қала статусы, өз бюджетінің билігі, Қазақстан Базаңына (Конституциясына) сәйкес автономия беріледі: бала тәрбиесі, оқу, оқыту, денсаулық сақтау, коммуналдық, көгалдандыру, жол салу, құрылыс, ауыз су, тазалық шаруалары, ішкілік ішу-ішпеу, шылым тарту-тартпау, т.б. күнделікті тіршілікте кездесетін мәселелерді кала өзі шешеді – жалпы саяси өмір, жергілікті басқару демократияланады, халыққа беріледі. Қазақстан жағдайында әрдайым болатын көшпелі (малшы, жер барлау, құрылысшы) ұжымдар және заңды тұлғасы 50-ден кем елді мекендер ауыл аталады. Булардың тұрғындары қалада мәслихат шешетін ішкі шаруаларды жалпы жиналыста өздері шешіп отырады. Ауылды басшы мекеме не қала қаржыландырады. Казакстан Базаңына (Конституциясына) сайкес, ел негізі кала болады, ол олкеге багынады, аудандык баскару сатысы жойылады, ал олке басшылыгы казыналык-каржылык баскару болады. Қаланың өзіне қарасты жері, ауылдары болады.
 
      Әр елді мекенде демократия алаңы болады. Онда жиналуға ешкімнен рұқсат алу шарт емес. Биліктің міндеті – алаңда бір мезгілде бірнеше жиын болып, қоғамдық тәртіп бұзылуға жол бермеу.
 
     Елде демократияның меритократия деген түрі саяси негізге алынады: халықтын түрлі табының арасынан лайықты адамды оның өз арызы мен бағдарламасына қарап, таңдау.
 
     Ауыл әкімі қызметіне талапкерлер арасынан ауыл халқы жалпы жиналыста үшеуін ашық таңдап, қала мәслихатына ұсынады, ол мәслихат жасырын дауысқа салып, екеуін қала әкіміне ұсынады, ол біреуін тағайындайды. Нақ осылай қала әкімі қызметіне талапкерлер арасынан қала мәслихаты үшеуін жасырын дауыспен таңдап, облыс мәслихатына ұсынып, ол екеуін облыс әкіміне ұсынып, біреуі тағайындалады. Сондай-ақ облыс мәслихаты жасырын дауыспен облыс әкімі боламын деген көп талапкердің арасынан үшеуін таңдап, Мәжіліске ұсынады, ол екеуін президентке үсынып, президент біреуін тағайындайды. Үкімет басы қызметіне талапкерлер арасынан Мәжіліс екеуін таңдап, Президентке ұсынады, ол біреуін тағайындайды. Барлық деңгейдегі жауапты қызметкерлер, сала басшылары да осылай бәсеке арқылы таңдалып, тағайындалады. Атқарушы билік осылай қалыптасып, Қазақстан Базаңына, өзінен жоғары органға бағынып, өзін осы қызметке ұсынған Мәжіліс, мәслихат, жиналысқа есеп беріп тұрады. Оны тағайындаған әкім де, сайлаған орган да қызметінен босата алады, бірақ ол әкімнің, президенттің бұйрығын сотқа бұздырта алады, ал Мәжіліс, мәслихаттың шешімімен дауласуға хұқы жоқ. Осындай тежеуіштері мен қадағалауы бар  жүйе атқарушы билікті қоғамдық бақылауға бағындырып, демократиялық  тұрақтылықты нығайтады.
 
     Мәжіліс тең хұқылы әйелдер палатасы, ерлер палатасы деген екі палатадан құрылады, барлық мәслихаттардың да жартысы ер, жартысы әйел болып, барлық депутаттар екі тіл (бірі қазақ тілі) білуі міндетті; олар мен президентті халық тікелей сайлайды. Барлық кандидаттар бағдарламаларын арыз беріп, ортаға салып, оның артықтығын дәлелдеп, бәсекеге түсіп, лауазымға таласады. Әр сайлау округінен сайланған екі депутаттың бірі қазақ болуы міндетті,  Осы жүйеде партиялар өз бағдарламаларын, кандидаттарын бәсекеге түсіріп, халық қолдаса, билікке келеді.  
 
     Әр саяси партияға Мәжілістің әр палатасынан партия тізімімен бір орыннан (10 партияға 20 орын, 15 партияға 30 орын) қарастырылады, сайлаушылар дауысынан 5 немесе 3,3 % алған партия парламенттік бір орынға ие болады, онша дауыс жия алмаса, келер сайлауға қатысу хұқынан, мемлекет қолдауынан айырылады. Сөйтіп, партиялардың да тағдыры, өмір сүру-сүрмеуі жеке байшікеш-бишікештердің қолынан халық еркіне, халық қолына көшеді.
 
    Саяси құрылыс жөнінде біз Қазақстанды демократияландыру бағытын ұстанамыз; президенттік немесе парламенттік жүйе туралы дау өнімсіз дау: екі жүйенің де өміршеңдігін тарих дәлелдеді. Ең жақсы төреші – уақыт. Сондықтан президенттік мерзімді де төрт жылмен шектеген жөн: сайлау 29 ақпанда, инаугурация наурызда өтеді. Төрт жылда көп жұмыс бітіруге болады, тек ол үшін кандидаттың нақты, іске асатын, құлаққа қонымды бағдарламасы, оны орындай алатын қайрат, жігері, ең бастысы – Ынсабы болсын. Президент тек бай болу керек деу масқара (ол демократия емес – олигархия), кепілдікке көптеген мың тенге өткізу ұят талап, оны заңнан алып тастау керек. Жас шамасын да заңмен шектемеу керек: халық жас есерсоқты да, алжыған қартты да өзі-ақ сайламайды. Президенттіке бір адам 2 рет қатар сайланбауы тиіс: бұл заңға жазылады, себебі билікке айламен қолы жеткен пенде «болған үстіне бола берсем» деп, амалдап өзінің билік мерзімін соза берудің жолын тауып, елін тоқырауға немесе күйзеліске ұшыратады, қөрдік қой. Екінші мерзімнің (Ақаев, Буш, Ельцин, Кучма), қайта, 2-ші «сайланудың»  қандай пасық алдау екенін дүние жүзі біледі. Әр мерзімге басқа адам сайланып тұрса, әр президент жаңа толқын болып, елге жаңа қарқын әкеліп, қоғамның алға басуына себепші болады. Президент міндетін уақытша атқарған адамның да сайлауға түсуге хұқы болмайды: болса, кандидаттар жағдайындағы теңдік бұзылады. Биліктегі президенттің жаңа сайлауға қатыспауы сайлаудың әділ өтуіне тағы бір кепілдік. Президент болған адам бір мерзім қатардағы азамат болса, өзін бұл қызметке тағы ұсыну хұқы бар: сайлауда жеңсе, болсын. Аристотель: «Кезекпен басқарып, кезекпен басқарылу – еркіндіктің бір шарты», - деп, баяғыда-ақ айтқан. 
 
   Сайлау комииссиялары әр кандидаттың уәкілдерінен құралады: сонда ғана дауыс есептеу нәтижесі күмән туғызбайды. Орталық сайлау комиссиясы парламенттік, президенттік сайлауда құрылады, ол кандидаттардың уәкілдері өз арасынан сайлаған 16 адамнан құралады, олар өз арасынан төраға сайлап, оны парламент бекітіп, қаржыландырады. Басқа сайлау комиссиялары да осы жүйемен құрылып, тиісті мәслихаттардың бекітуімен, қаржыландыруымен жұмыс істейді. 
 
    Дауыс беру, некеге тұру хұқы 17 жастан бастап беріледі.
 
    Мемлекет құрылысына бүкіл елдің – әйелдердің, жастардың, саяси партиялардың қатысуы сөзсіз жеміс береді: Мәжілістің, маслихаттардың, қоғамдық ұйымдардың саяси рөлі арта түсіп, «бірінші, екінші билік» те халық қадағалауында болып, демократиялық дамудың сара жолы елдің, қоғамның ирелеңсіз тек алға басуын қамтамасыз етеді. 
 
      Қазақ рухына қайшы қазіргі жазалау жүйесін жойып, ұлт салтындағы гуманистік жазалау жүйесіне көшу: қазақта түрме, абақты, зындан, колония дегендер болмаған – екеуін ғана (еркек, әйел) шетелдіктер үшін қалдырып, басқасын мәдени, шаруашылық мекемелеріне береміз. Бұл шара жаза болмайды не жеңілдейді деген сөз емес, айыпты міндетті түрде сазайын тартады, тек жаза турі қазақы болады: Жеті жарғыдағы адам өлтіру, әйел зорлау үшін тағайындалатын өлім жазасынан бастап, дүре соғуға дейін, ал ең бастысы – құн және айып төлеу. Құн төленіп, зардап шеккен жақ келісімін берсе, жаза жеңілдеуі мүмкін: адам өлтірілген, зорлық жасалған жағдайда да өлім орнына өмірбақи немесе ұзақ жылға қамау жазасы қолданылады. Ол үшін қылмыскер өз есебінен (елде тақыр кедей болмайды) шетел түрмесіне өткізіледі. Ол ұзақ жасап, қаражаты таусылса – төлем туыстары есебінен. Құн мен айып төлеу адал еңбектің артықтығын дәріптейді, қылмыстың тамырына балта шабады, қылмыскердің туысының бетіне шіркеу ғана емес – қалтасына да зиян. Осылай еліміз қайта түлеп, шын Азат Адам Елі болады.        
 
      Қазақ туыстықты әулие тұтады – ол оның менталитетінің бір қыры. Туыстық төлқұжатта (куәлік, паспортта) көрсетіледі: оның бір бетінде адамның суреті, аты, әкесінің аты (Дүйсен Сейсенбайұлы, Әлия Дүйсенбекқызы), туған мезгілі, жері, мекен-жайы жазылады, беттің екінші жағында «Аталары:» деген жазудан төменгі бес жолда бес атасының аты, олардың туған-өлген жылдары:  
                                          1. Сәрсенбек   – 1938-2001,
                                          2. Бейсен         – 1905-1941,
                                          3. Жұмағали    – 1865-1932,
                                          4. Сембай        – 1840-1921,
                                          5. Жексенқұл – 1811-1904,
СТР, ЖӘК, құжатты берген мекеме аты, мезгілі жазылады. Сонымен, құжатта 7 адамның (7 атаның) аты аталып, бір атасы болсын ортақ адамдар туыс болып есептеледі, құда болмайды: генетиканы жақсы білетін бабаларымыз кезінде бұл салтты ұрпақтың дені таза, өміршең болуын көздеп енгізген. Бұл жүйе ұлы көрегендік шара екенін тарихымыз дәлелдеп келеді: қазақта тұқым құалайтын кеселдер, есі кемтарлар, Құдайға шүкір, аз. Жаңа төлқұжат қазаққа тән бауырмалдық сақталып, ұрушылдық біртіндеп ұмытылып, қазақ біртұтас халық болып бекіп, берік ұлт болып қалыптасуға себеп болары сөзсіз.   
 
      Қазіргі сот жүйесін жойып, дау, жанжал, қылмыстарды қазақ дәстүрімен Ынсап пен заңнан, Базаңнан басқа ешкімге тәуелсіз билерге беру. Олар белгілі бір тарифпен ақы алып істі қарап, үкім шығарады. Би болғысы келетін адамдар тиісті заң оқуы орнына тест тапсырып, лицензия алып, жергілікті әкімшілікте тіркеп, жұмыс орнын ашады. Әрбір елді мекенде бірнеше би болуы мүмкін, халық олардың ішіндегі әділдерін өзі-ақ табады, олар байиды. Үкімге қанағаттанбаған адам төленген ақының 80 % қайтып алып, басқа биге жүгінеді. Адал емес, әділ емес, пара дәмететін қулар өзінен өзі табыссыз, жұмыссыз қалып, басқа күн көріс амалын іздейді. Үкімді орындаушы органдар іске асырады. Билер өз үкімдерінің орындалуын қадағалап отырады, табысынан бюджете салық төлейді. Сонымен, «үшінші билік» те халыққа тәуелді болады.   
 
      Бұқаралық ақпарат құралдары, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген, сөз еркіндігін алады. Сыңаржақты болмай, уақиға, көзқарасты өзі бейтарап болып ұсыну жолын ұстанады, тек өтірік айтып, біреуге тіл тигізіп, біреудің намысына тиіп, өсек айтса, би үкімімен айып төлеп, кешірім сұрайды, табысынан бюджетке салық төлеп тұрады.
 
    Кәсіптік, көркемдік, қызығушылық, саяси, спорттық т.б. одақ, партия, ұйымдарға жол ашық болады.                  
 
    Қазақстанда әр адам өзінің ата дінін ұстап, соның жолымен жүруге хұқылы, дін басшылары елде туған азамат болуы шарт, оларды ол қызметке діни қауымның ұсынысымен президент тағайындайды. Дінбұзарлыққа, әсіресе экстремистік секта-ұйымдарға тыйым салынады, сонымен қатар дүниежүзілік діндер ынтымақтастығы арқылы халықаралық қауіпсіздік, сенім үшін атсалысамыз. Қайырымдылық, балалар мен кәрілікті қорғау, басқа да имандылық мәселелер бойынша мемлекет дәстүрлі діндермен бірлесе жұмыс істейді. Елде жетім бала, шал-кемпір болса да, панасыз адам болмайды.
 
     Қазақ құрып кетпеуі үшін өз ұлттық ерекшелігін сақтап қалуы шарт. Өз ділімізді, рухымызды, тілімізді, қазақшылығымызды, бір-бірімізді, мемлекеттігімізді қорғау – келешектің ғана қамы емес, бүгінгі қаны тамып тұрған шаруа. Бұл мәселеде көп нәрсені еврейлерден үйренуіміз керек.  
 
     Сыртқы саясатта Қазақстан бейтараптық бағыт ұстанып, әскери одақтарға кірмейді. Қарулы күштер тек қорғаныс үшін. Иракта немесе басқа елдерде ұмытқан ештеңеміз жоқ. Әскер кәсіби негізге көшіріліп, кадрлары арнаулы оқу орындарда дайындалады.
 
     Тұрмыс қаншама жақсарып, аштық, жалаңаштық, қайыршылық болмағанымен, елде өлім-жітім, жетім-жесір, кемтар болмай тұрмайды. Бірақ олар Қарын заманындағыдай емес, қоғам, мемлекет адамгершілікке бет бұрғасын, білім, білік алып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді араласып, өздерін рухани жағынан жайлырақ сезінеді. 
 
     Президент дегенді қойып, қазақшалап «қан» деу керек.
    
     Адамгершілік жолына түскен қазақтар, қазақстандыктар, партия құрып, іске кірісейік.
 
     Халқымның Рухы әрдайым биік болсын!
 
 

Гуманистік  партия  құрушы  Мақсұт ОРАЗАЙ  деген  қазақ

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Комментарии пользователей


Редакция не несет ответственности за содержание комментариев читателей.
Вся ответственность за содержание комментариев возлагается на комментаторов.
1
Жәй ғана
Аноним 
Сообщение Вс Янв 04, 2009 12:37  
Бізге мұндай жұмаққа өзгелер ағылып кетпей ме екен? Қазірдің өзінде байқаймын кішкене қаламда жүн басқаны бар, күс басқаны бар, мұз қатқаны бар бейтаныс адамдар қаламызда өріп жүр.
2
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Янв 04, 2009 13:50  
Торғайдан қорқып, тары екпе.
3
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Янв 04, 2009 16:11  
Қазақ тарихында мұндай бағдарлама еш партияда болмаған, жоқ та.

Жарайсың, Мәке!
4
Полковник
Аноним 
Сообщение Вс Янв 04, 2009 16:17  
Мәке, бұл идеяңыз іске асырылуы неғайбыл дүние болса да, сансасы қасаңдана бастаған қазағымның ойын сергітетін жаңа ой салатын нәрсе деп ойлаймын. Неғайбыл дейтін себебім-біздің халық бейсаясат, авторитаризмге бейім халық. Жоқ көсемді олдан жасап алып жүр емес пе. Оның үстіне Сіздің бағдарламаңыз бойынша Қазақстан Базаңы (бұл қайдан шыққан сөз, неге халықаралық атау Конституциядан бас тарттыңыз) белгілі бір топтың ғана санасына лайықталып жазылған сияқты.Айталық: "Үкімге қанағаттанбаған адам төленген ақының 80 % қайтып алып, басқа биге жүгінеді". Сіз маған сеніңіз, мен сізге кәнігі заңгер-адвокат ретінде айтайын. Қазіргі тәжірибеде сотқа қатысушы жақтардың 95-98 % істің қалай шешілгеніне қарамай, оған риза болмай жатады. Мұндай жағдайда Сіздің бағдарлама бойынша би тұрақтамайтын болады. Өйткені оның ақшасы тұрақтамайды.
"Мәжіліс тең хұқылы әйелдер палатасы, ерлер палатасы деген екі палатадан құрылады, барлық мәслихаттардың да жартысы ер, жартысы әйел болып, барлық депутаттар екі тіл (бірі қазақ тілі) білуі міндетті" депті бағдарламада. Мұндай жағдайда Кеңестің кезіндегідей "бәлен ауылдан бәлен әйел керек" деген науқанға тап боламыз. Өйткені, көлгірсімей, ақиқаттың бетіне тіке қарасақ, білікті, қайраткер-саясатшы әйелдер санын сондай еркектер санымен теңестіре алмаймыз ғой. Сосын парламентің бір палатасы екі құлағынан сүйреп әкелген әйелдерден тұратын болмай ма! "барлық депутаттар екі тіл (бірі қазақ тілі) білуі міндетті" деп емес, "барлық депутаттар қазақ тілін білуі міндетті" деп өзгертілуі керек деп санаймын.
"Президент дегенді қойып, қазақшалап «қан» деу керек" - деген тұжырыммен келіспеймін. Біріншіден, "Қан" емес, дұрысы "Хан" болар. Екіншіден, қандай да бір нәрсеге ат қоярда оны мәніне, тегіне үңілген жөн болар. Хан төре тұқымына тән лауазым емес пе? Сонда Сіздің бағдарлама нені меңзейді? Қысқасы Прездент дегеннің өзі дұрыс. Бұкіл дүние жүзі солай деп отыр. Қара қарғаның ішіндегі ақ қарға болмай-ақ қоялық.Айтар пікір көп, Мәке, жалпы идея дұрыс, жаңа серпіліс берер ойлар көп. Уағыздау дұрыс болса, халыққа да жетіп қалар деп ойлаймын.
5
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Янв 04, 2009 18:44  Жанатбек
Маха, әр ауылда демократия алаңы болуы к-к депсіз. Екі орыс - саясат деген бар. Сіз айтқан демократия болса, Қазақстан солтүстік облыстарсыз қалмай ма? Ұйғыр автономиясы пайда болмай ма?
Сіз айтқан жағдай да, бұған рұхсат бермеуге болмайды. Себебі, демократияның ең басты талабы - халық не қаласа (мейлі жергілікті референдум бойынша), соны беру! Бұған не дейсіз?
6
Anonymous
Аноним 
Сообщение Вс Янв 04, 2009 18:59  
5 Жарайсың. Түйсігіңіз бар екен. Осыны ашық айта алмай жатыр ем. Айтқасын жерде сізге қосылып жатқаным.
7
Максут ОРАЗАЙ
Свой человек  ( ? )


зарегистрирован: 24.11.2006
комментов: 1054
Сообщение Вс Янв 04, 2009 20:28  Қош келдіңдер, құрметті қонақтарым
Ықыластарыңыз үшін барлықтарыңызға мың да бір рахмет. Әттеген, бір сағаттай отырып жазған жауабым шықпай қалып, күйіп кеткені. Ендігі жауабым қысқа болады.
Полковник қарағым, сауалдарыңа рахмет.
- "Конституция", "президент" деген ебедейсіз сөздер қазақ тілінің табиғатына қайшы.
- "біздің халық бейсаясат, авторитаризмге бейім халық" дегеніңе мүлде келіспеймін.
- Қазіргі сот-судьяларды қазақ билерімен салыстыруға болмайды.
- Әйелдерді бағаламау - қате. Қазақтың қыздары елді ел қылуға қатысуы тиіс.
- депутат екі тіл білуі шарт: ол білімділіктің белгісі.
- "қан" деген сөз тамырдағы қанмен бірдей. Рас ,"хан" деген еркелете айтатын жұрнақ сөз де бар (Болатхан, Тілеухан, Ырысхан т.б.). МұҚтар Әуезовтың аты бұрын осылай жазылатын, орысшасы Мухтар еді, сол жеңіп кетіп, Мағауин, Шахановтар солай аталып кетті.
- "төре тұқымы" деген түсінік беріде, Шыңғыстан кейін пайда болды. Қазаққа төре, қожа, коммунист, орыс, еврей, украин, ұйғыр - бірінің де өкпесі жоқ: биліктен айырылған өздері.
Қолдағаныңа ырзамын. Талқылау керек - кеңесіп пішкен тон келте болмас.

Жанатбек қарағым. Демократияны жалпақшешейлік деп ұғыну қатенің үлкені. Егер Базаңда Қазақелі федерация, немесе конфедерация деп айтылса, бір жөн. Егер унитарлы мемлекет делінсе, басқа әңгіме. Демократия елді бірлікке, азшылықты көптің айтқанына бағынуға міндеттейді. Оған көнбегендер сазайын тартады.
8
Жәй ғана
Аноним 
Сообщение Вс Янв 04, 2009 21:16  
Мәке!
Екінші әрі жазғаныңыз күйіп кетпес үшін, бірден Вордтың ақ бетіне, не болмаса "Менің құжаттарым" деген жерден, "Менің жазғандарым" деген папка ашып алып, соған жазыңыз. Содан көшірмесін жібере қоясыз.Күйіп кетсе түп нұсқасы қала береді.
Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 735686
Всего зарегистрированных пользователей: 16021
Последний зарегистрированный пользователь: desavu
Сейчас посетителей на сайте: 66, из них зарегистрированных: 3, скрытых: 0 и гостей: 63
Зарегистрированные пользователи: JakxCuinor, Алмаз Р. Естеков, Салафи
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (7510) Wladimir (6666) kazak (6488) ангел (4829) Йода (4360) Я (3772) Евгений Нечаев (3722) Newman (3684) Салафи (3527) apo (3475)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Яндекс цитирования