RSS-лента
газета издается с 17 января 2000 г.
 
Заголовки последних статей в формате RSS 2.0 Инструкция по использованию XML:RSS-ленты.
Форум Блоги Обратная связь Выходные данные Помощь Поиск Наши авторы Анонсы в RSS Регистрация Вход
Главная / Блоги / Блог: ЖАС КАЗАК УНI газеті
При перепечатке ссылка на газету обязательна
обновлено: г.

Рубрики блогов
  Все
  Коллективные блоги
  Политики, общественные деятели, политологи
  Просто люди
  Журналисты

Коллективные блоги
 Отступление от темы. Из редакционного портфеля
 Альтернатива
 Төрлет
 Студенты.KZ
 Экспертный Совет
 Бiрiгейiк, бауырлар!
 \"Рух пен Тіл\" клубы
 NTU.SPE.Students
 Степные джунгли
 Союз мусульман Казахстана
 IZGI AMAL
 Интересное
 qazaqtv
 Андрей Васильевич
 Преподы КазНУ!
 bai_sarsen
 Ақ сөйле......
 LS-Личный счет
 Геройхан Қыстаубаев
 Костя Борщанский
 patriot_kz
 iparty
 народные коммунисты
 Союз пострадавших от \"Эйр Астана\"
 Анатолий и К
 Списание долгов и безнадежных активов!
 Курмантаев Аблай
 Window on Kazakhstan Consulting Group LLP
 леонид
 ksysha
 Гаськов
 greenparty.kz
 Мария Красина
 SunWay
 Мавледов Айдархан Курамаевич
 Александр Михайлов
 SrZozo1
 The Rule of Law
 katong
 maskai
 www.internetTV.kz
 Татьяна Ордобьян
 KSMK
 obshestvo
 Сергей Набоков
 patron
 fotoohota-2009
 Ой-бай
 mi_poka_zdes
 Асылхан Адай
 ЖАС КАЗАК УНI газеті
 \"Азат\" газеті
 Тимур Ахметов
 РОО \"ОМП\"
 тауба
 мир
 pravda_eto_vse
 fiberoptic
 potap
 новые журналисты
 Дмитрий Нечаев
 Коллектив АО \"ТРАНССТРОЙМОСТ\"
 kplus-tv
 ОО \"Оставим народу жилье\" Алматы
 Krestnikov
 titanik
 ruslan
 Гражданин К
 ukoft
 millermusic.kz
 Ернар Исмаилов
 mal
 Адильжан Набиев Jr.
 Aikumenov
 Johnny Jr.
 Ioan
 Агафонов
 Жүсіп Сәрсенбі
 Канат Семсер
 малыш
 Профком угольщиков Экибастуза
 Профком горняков Экибастуза
 Алекс Простоа
 prostoa
 МОЛОДЕЖЬ ЗА ИЛЬИНА!!!
 ДУМК
 офицеры МВД РК
 Справедливый
 Rishat Rakhimov
 Правоверный мусульманин
 Информированный
 МЕРГЕН
 lilit
 У акима маленький
 Curse Of Millhaven
 У АКИМА МАЛЕНЬКИЙ.
 Ядро
 Каргабаев Мирзабек-исследователь \"каламгер\"
 azg
 Казахстанские застенки- Вадим Курамшин
 Захват собственности-Ипотекаразверстка
 Правда ВКО
 Басир Даулбаев
 Олег Белов
 \"Ұлт. Рух. Отан. Жаңғыру\" Қоғамдық Қозғалысы
 za_dostoinoe_zhilje
 ОЙ-ДОДА@ОЙ-КӨКПАР
 Baker
 Демиург
 Demlurg
 \"Мемлекеттік тіл\" қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановтың блогы
 Azamat Karimbaev
 ergaz
 M_Mukushev
 \"АЛАШ ҮНІ\" қоғамдық бірлестіктер одағы
 ТОО \"АВТОПАРК\"
 Мемлекеттік тіл
 zhuanisheva
 Zidan00
 ҚОҒАМДЫҚ TV
 килиманджаро25
 пупсик
 baturinasveta
 Беспредел теплодателя
 Аналитический центр UIB
 сакен
 Tamyr-puls
 Tamyr-plus
 Zemkon
 daur
 Гражданин
 antimuha
 asasss
 T@ken
 Kamilla
 Сыбага
 Nazar
 kairzhan
 Беспредел на периферии- Курамшин.
 ter
 Микаэль Аарон
 The whip of the nation
 kairzhan3
 Тайное правительство
 Нукер
 AzilTV
 Sever
 AshatD_09092010_a
 звёздный блог
 istina
 Японец
 Благое дело - скандал
 zemlyak
 ЖАС ПЕРІ
 asatu
 Islam.KZ
 Оставим народу жилье
 Молодежное движение АБЫРОЙ
 Ment
 007
 PolitInter
 \"ТАНЫМ\" пікір-талас клубы
 VrPravitelstvo
 kozybai
 Айдар Байкенов
 algapavlodar
 Натусик
 alga-semey
 azat-semey
 Alga-Ust-Kamenogorsk
 Alga-UKa
 kamarov1
 azat-oskemen
 djalgasbaev
 Kamikadze13
 Alga-party
 azatalmaty
 alga-tald
 souztekeli
 Союз Текелийцев
 Ақтөбедегі әділетті өмір үшін
 inkazinfo
 АНТИБЛОКИРОВКА
 NP_alga
 Daulbayev
 Флотилия свободы
 azat-astana
 KazNTUimSatpaeva
 Алга Астана
 СКОФ ОСДП \"АЗАТ\"
 Религия в школе
 Alga-Kostanay
 osdpazatkst
 unonim-mouse
 Самсонов
 123456
 Мосигра - блоги
 rusconsult
 Кызылорда ОСДП \"Азат\"
 latinina
 Партия Адилет
 zvdil
 police
 DVD
 ПравдолюбВЛК
 karina
 Лев Буранов
 tittan
 irinka
 bina
 Britva
 dariya

ЖАС КАЗАК УНI газеті
КАК ОДИН ЧИНОВНИК ДВЕ СТРАНЫ ВСКОЛЫХНУЛ [7/282]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 23 july 2010 15:55:52
  Казахстан – страна «парадоксов» и контрастов....
Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Жазушылардың жалаң мақтауы жеке басқа табынушылықты күшейтеді... [1/42]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 23 july 2010 15:53:05
  ДРАМАТУРГИЯ - ТӨБЕСІНЕН ТОҚПАҚ КЕТПЕГЕН ЖАНР...
ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ [1/46]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 23 july 2010 15:50:42
  Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат...
CҰҢҒЫЛА [0/39]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 23 july 2010 15:49:01
  Сұңғыла - қауынға қаптарлас шығып, тамырына...
Бас бәйге – 1 миллион теңге! [0/36]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 23 july 2010 15:47:06
  «Шығыс шынары» шақырады . Шығыс Қазақстан...
ӨСКЕМЕН қай елдің қаласы?! 707 атаудың қазақшасы 2 пайыздай ғана... [4/55]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 23 july 2010 15:46:07
  Жақында Шығыс Қазақстан облысының...
ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН МӘСЕЛЕЛЕРІ [1/34]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 23 july 2010 15:43:49
  Кеңес одағының Шынжаң өлкелік үкіметіне әскери...
Сұлтанмахмұт ШОҚБЫТОВ, 2011 жылғы қысқы Азия ойындары дирекциясының директоры: ҚАЗАҚ ҚЫСҚЫ СПОРТЫНЫҢ БАҒЫН АШАР «АЗИАДА» [0/31]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 23 july 2010 15:42:17
  — Сұлтанмахмұт Ноқатұлы, Ұлттық олимпиада...
Қайрат Мусин, кәсіпкер: ӘР ҚАЗАҚ НАМЫСТЫ БОЛСА, ҰЛТТЫҢ ҰПАЙЫ ТҮГЕЛ! [0/37]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 23 july 2010 15:39:17
  – Қайрат аға, ердің жасы елуге келіп қалған...
ИІЛМЕЙТІН ИРАН (СОҢЫ) [3/77]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 22 july 2010 12:05:48
  (Соңы. Басы өткен санда)   Хасан Хомейнимен...
«Шығыс шынары» шақырады! [2/60]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 19 july 2010 17:22:25
  Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігі...
Сайлаушылардың Сабиляновқа өкпесі жоқ [8/221]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 19 july 2010 14:08:29
        «Жас қазақ үні» газетінде «Елдің ең көп...
ХАНҒА ЛАЙЫҚ «ХАНШАТЫР» [1/56]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 19 july 2010 14:07:35
  Астана тойын көрген де арманда, көрмеген де...
ФЕНОМЕН «ТАНЦУЮЩЕГО» МОСТА [0/34]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 19 july 2010 14:05:32
  20 мая этого года по российскому телевидению...
ЕЛБАСЫ АРУ АЛМАТЫДА БОЛДЫ [0/41]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 19 july 2010 14:04:12
  Таяуда Елбасы Алатаудың баурайындағы Қазақстан...
МУХИ - ОТДЕЛЬНО, КОТЛЕТЫ – ОТДЕЛЬНО [0/46]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 19 july 2010 14:02:56
  В одной непростой и небезызвестной газете, в...
ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН МӘСЕЛЕЛЕРІ [0/34]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 19 july 2010 14:01:23
  (Жалғасы. Басы өткен санда)   Ең алдымен,...
ҚАЖЫЛЫҚ САПАРЫНЫҢ қиындығы мол, халайық... [0/34]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 19 july 2010 13:59:39
  Қараша айында өтетін үлкен қажылыққа дайындық...
ИІЛМЕЙТІН ИРАН [1/38]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 19 july 2010 13:57:38
  (Соңы. Басы өткен санда)   Хасан Хомейнимен...
ИІЛМЕЙТІН ИРАН [26/268]
ЖАС КАЗАК УНI газеті, 1 july 2010 13:29:04
             Иран еліне сапар жасаймын деген...

Дата публикации: 2010-03-14 15:50:14

Әлихан БАЙМЕНОВ: Ортақ мақсат –ұлтты жаңа биіктерге әзірлеу

[340/0]

        Әлем ізденіс үстінде. Ізденіс рухани, мәдени салада да, сая­сатта да, экономикада да үздіксіз жүруде. Себебі, әлемді шарпыған қаржылық, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстың негізінде тек қана қаржылық құрылымдардың жұмысындағы кемшіліктер ғана емес, сонымен қатар түрлі рухани, мәдени және саяси ұстанымдар мен құндылықтардың осы заман талабына бейімделе алмауы да жатыр.

Қаржы құрылымдарын басқаратындар қаржыгерлер де осы қоғамдардың өнімдері, төлдері. Оларға әділеттілік пен адалдық деген ұғымдар тиісті деңгейде сіңірілді ме, сіңірілмеді ме? Бұл сол қоғамдағы рухани, мәдени құндылықтарға байланысты.
Әділеттілік ұғымының өзі әр қоғамда түрлі деңгейде түсіндіріледі. Біреу үшін әділеттілік Алла тағаланың берген қабілетіне орай әркімнің жеке табысына қарай күн көруі. Екінші біреулер үшін әділеттілік – мүмкіндігі төмендерге мүмкіндігі жоғарылар қайырымдылық негізінде, бюджет арқылы көмек көрсету болса, үшіншілері үшін бүкіл табысты тең бөлу.
Әділеттілік пен еркіндік адамзаттың ортақ құндылықтары. Еркіндіксіз қай сала болмасын дұрыс дамы­майды, себебі осы салаларды, бүкіл қоғамды алға тартатын көшбасшылар, қайраткерлер еркіндік негізінде өздерінің жаңа ойларын, жаңа туынды­ларын туғызады, жаңалықтар ашады. Егер әлемнің ұлы ой­шылдары, ғалымдары кезінде еркіндікті басшылыққа ал­май, сол кездегі қалыптасқан көзқарасқа еретін болса, онда біз ұлы жаңалықтардан құр қалар едік. Бірақ еркіндік пен әділеттілік кей­де қайшылыққа түседі, бұл қайшылық, әсіресе, экономи­ка саласында нақты көрінеді. Еркіндікті басшылыққа алған бизнес қайраткерлері, іскерлер әділеттілікпен су­сындамаса, олар қарақан басының қамымен кетуі мүмкін. Екінші жағынан, әділеттілік барлығының тең тұрмысы деген түсінік белең алып, әркімнің жеке табысын ортақ қазынаға сала беретін болса, онда іскерлердің ын­тасы төмендейді, экономика алға баспайды. Әлем ойшыл­дары жүйелі негізде осы екі құндылықты бір-бірімен ұштастыруға түрлі тетіктер арқылы қайшылықты төмендетуге ұмтылды.
Рухани ізденістер де үздіксіз. Ислам, христиан, иудаизм, конфуциялық ілім және индуизмге негізделген өркениеттер қалыптасқан құндылықтарын жаңа ортаға бейімдеуде. Осы өркениеттер жаһандану тұсында өздерінің түрлі білім деңгейі бар, түрлі мәдени деңгейі бар өкілдері арқылы қарымқатынасқа жиі түседі. Өркениеттер өзектері болып табылатын діндердің барлығы да (конфуциандық ілім философиядан көрі дінге жақын) төзімділікке, бейбітшілікке тәрбиелейді. Бірақ осыларды басшылыққа алған адамдардың түсінік, таным деңгейі түрлі болғандықтан, кейде олар бұл ілімдердің ішінен өздеріне қажет жерін контекстен бөліп алып, төзімсіздік пен шиеленіс, не болмаса оқшаулану, я басқа ілімдерге өзін өзі қарсы қоюға да ұмтылады. Әрине, рухани ізденістердің басқа бағыттары да үздіксіз дамуда.
Саяси ізденістер өз кезегінде алдындағы айтқан дүниетанымдық, рухани, мәдени құндылықтарға сүйенеді. Саяси көзқарастарды өте қарапайымдатса, екі шектік көзқарастар пайда болады. Бірі – ел, қоғам ішінен ортақ істі меңгеруге бір ғана тұлға, не топ лайық деген. Екіншісі -еркін, әділ бәсекелестік халық ортасынан серкелер мен жетекшілерді шығара алады деген ұғымдар. Шеттік мысал ретінде екі Кореяны алайық. Түрлі ұлттарды бір -бірімен салыстыру қиын. Олардың та­рихы, мәдениеті бөлек. Бір ұлт корей екіге бөлінді. Кеше ғана Солтүстік Корея қазіргі бас­шысы – Ким Чен Ирдің ба­ласы туған күнін мемлекеттік мереке деп жариялады. Яғни Солтүстік Кореяда үш негізгі мемлекеттік мереке бар. Біреуі қазіргі басшысы Ким Чен Ирдің әкесінің туған күні, екіншісі өзінің туған күні, үшіншісі баласының туған күні. Ол жүйеде, осы отбасын­да ғана ақылды адамдар туады, тек солар басшылыққа лайық, қалған адамдар олардан төмен деген ұғым басшылыққа алынған. Бұл ақиқатқа сай ма? Сай емес. Оны Оңтүстік Ко­реядан көріп отырмыз. Қазір әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына кіріп отырған мемлекет. Себебі, олардағы басшылыққа алған жүйе сая­саты әділ бәсекелестік болса, заманына лайықты ұлдарын, қыздарын, саяси жетекшілікке лайықты тұлғаларын халық та­бады дегенге негізделді. Адам өмірі, адамның өмір сүру деңгейі, әлемдегі орны арқылы Оңтүстік Корея бір адам ғана данышпан, қалғандары оған салыстыруға келмейді деген теорияның негізсіз екенін дәлелдеп отыр.
Экономика ілімінде бір шетінде мемлекет тек күзетішінің рөлін атқарып заңды ғана қадағалайтын, ал заң өз кезегінде кәсіпкерлерге мейлінше еркіндік беретін жүйелер бар. Екінші шет­те мемлекет өзі меншік иесі болып, барлығын өзі жо­спарлап қай ауылға тұз ке­рек, қанша сіріңке, нан керек екенін өзі бөліп отыратын жүйе. Екіншісінің бір түрін біз кезінде басымыздан кештік. Қазір Солтүстік Кореяда сол жүйемен өмір сүріп жатыр. Барлық елдер экономикасы осы екі шектік жүйелер ара­сында. Жоспарлы экономи­када болған Қытайды мысалға келтірсек, Қытай – таза жо­спарлы және мемлекеттік меншікке негізделген эконо­микадан кеткеніне отыз жыл­дан асты. Дэн Сяо Пин кезінде «мысықтың түсі қандай бол­са да, тышқан ауласа бол­ды» деген қағиданы енгізіп, меншіктің түрі қандай болма­сын ең бастысы халық үшін жұмыс жасаса тиімді екенін дәлелдеп кетті.
Осы ағымдарды саясат­керлер, үкіметтер пайда­ланады. Бір нәрсе ақиқат. Адамзат мәдениетінің қазіргі деңгейінде іскерлік қасиетті жүзеге асыруға жекеменшік арқылы жағдай туындама­са, экономика тұрақты дами алмайды. Екінші ақиқат – адамзаттың қазіргі даму деңгейінде, әсіресе моральдық тұрғыдан тоқырауға ұшыраған қоғамдарда, мемлекет меншігі талан-таражға салынады. Мемлекеттің үлесі эконо­микада көбейген сайын, жемқорлық та көбейеді. Біз әлемдегі дүниетанымдық, рухани, мәдени, саяси, экономикалық ілімдердің бар жақсысын Қазақстанда пайдалануға тиіспіз.
– Қазақстан қоғамының қазіргі ахуалы және үрдістер жөнінде не айтасыз?
– Біз түрлі тарихи се­бептермен тәуелсіздікке құндылықтары шайылған қоғам ретінде жеткен халықпыз. Бір сұхбатта барлығын айтып өту қиын болар. Былтыр «Қазақ Әдебиеті» газетінде «Біз кімбіз?» деген мақалада осы төңіректе ой қорытқанмын. Құндылықтарды не қалыптастырады? Бұл біріншіден, халықтың ежелгі дәуірден бастап жинақтаған тәжірибесі. Бұл тәжірибе әдет-ғұрып және дәстүр арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Біз түрлі сая­си қыспақтың нәтижесінде ұрпақтар сабақтастығын үзіп алған халықпыз. Иә, дәстүрдің озығы бар, тозығы бар. Оның барлығын бірдей өзімен бірге алып жүрген халық жоқ әлемде. Бірақ «ала жіпті атта­ма», «еңбек етсең ерінбей...», «бірлік бар жерде тірлік бар», «теңдік болмай, елдік бол­мас» деген жалпы адамзаттық құндылықтар болып табыла­тын біздің ұлы дәстүрлеріміз үзілгенде оның орнына не келді?
Патша және кеңес дәуірінде мемлекеттік қысым арқылы ұлы тұлғалары мен еңбектерінен бізді зорлап ажыратты.
Ұлы ғұламаларымыз әр заманда өзіне дейінгі озық жетістіктерді қорытып, алға жүрер жол нұсқаған. Он бір жылда қазақтың екі рет әліпбиін ауыстыру арқылы қазақ өзінің ұлылары Әл-Фараби, Яссауи, Дулатиден бастап Махамбет пен Абай, Шәкәрім мен Мағжан, Әлихан Бөкейханов пен Мұстафаның еңбектерін, Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін түп нұсқасында оқи алмайтын халге жетті.
Өркениеттің өзегі -дін. Мың жылдан астам халықты рухани дағдарыстардан аман алып келген дін жолына тосқауыл құрып, араб тілінде, араб әрпінде жазылған қаншама кітаптарды жойып, кеңес үкімет елді моральдық-рухани дағдарысқа ду­шар етті. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдары ғана ес жиып, жаңа мәдениет толқыны, легі пайда болған халық тәуелсіздіктен осы бағытта да оң өзгерістер күтті.
Он тоғыз жылда құндылық қалыптастыруда не ша­руа тындырылды? Әрине, тоталитарлық жүйеден шыққан соң экономикадағы еркіндік, кәсіпкерлікті дамы­ту қажеттілік еді. Қазір мем­лекет барлық мәселелерді шешіп береді деп қол жай­ып отырушылардың саны азайды, «өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар» деген қазақтың сөзін басшылыққа алған талай кәсіпкерлер пайда болды. Екіншіден, ар-ұждан бостандығына мүмкіндік беріліп, талай жыл­дан кейін дін исламымызға бет бұрушылар көбейіп, жұма намаздар кезінде ғана емес, басқа күндері де мешіттерімізде өздерінің руха­ни темір қазығын іздегендер, дүниетаным, рухани ізденіс та­лабалары көбейіп келе жатыр. Осы ізденістердің арқасында бізде жаңа мазмұндағы зия­лы қауым қалыптасады деп күтеміз.
Бірақ, аңсаған тәуелсіздікке жеткен соң биліктің міндеті қандай еді? Әділеттілік, еркінділікпен қатар еңбек, білім, теңдік, имандылықты басты құндылықтарымыз қылып қалыптастыру еді билік парызы. Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет билігі қолында бар адамдар -кеңес жүйесінің төлдері. Сондықтан бүгінгі қоғамға моральдық, рухани тұрғыдан баға бергенде біз оның түп тамырын осы кісілердің келбетінен,тұлғасынан іздеуіміз керек. Бүгінгі жиырма жа­сар бала саясатты да, рухани ортаны да қалыптастырушы емес, пайдаланушылар ғана.
Қазіргі таңда биліктегілердің басым көпшілігінін қағидасы: мұрның барда - бір сіңбір! Бұл имандалықтан да, теңдіктен де, әділеттіліктен де, еңбектен де, білімнен де алыс қағида. Оның жаппай көрінісі жекешелендіру кезінде болды, әркім өзінің қолында барын қармап қалды. Одан кейінгі көрінісі мемлекеттік сатып алу және бюджет құятын инве­стициялар болып келе жатыр. Одан басқа көрінісікадр сая­сатында өзінің тамыр-танысы мен туған-туысқандарына басымдылық беру. Тағы бір көрінісіеңбеккерлердің мүддесін алпауыттардың аяқ астына салып беруде. Білім мен ғылымда да. Шынайы ізденісті ынталандырудың орнына тағы да тамыр-таныстыққа жол беріліп, тіпті олар аз болғандай, қолында билігі бар әкім мен министрлердің доктор, кандидат болуы да осының көрінісі. Яғни, құндылық қалыптастыруда билік дұрыс үлгі көрсете ал­мады. Бұл ұзақ мерзімде теріс әсері бар ең өзекті про­блемамыз болады деп ойлай­мын. Құндылықтар дұрыс қалыптаспаса жемқорлықпен, нашақорлықпен күрес те және бәсекелестікке қабілеттілік үшін күрес те нәтижесіз бо­луы мүмкін.
– Ұлт бірлігі доктрина­сы былтыр елді дүрліктірген оқиға болды. «Ақ жол» пар­тиясы осы доктринаға балама ұсынған жалғыз күш болып шықты. Қысқаша осының басты айырмашылығына тоқтасаңыз.
– Иә, біз қыркүйек ай­ында Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған ұлт саясаты тұжырымдамасын жарияладық.
Қазақ халқы Қазақстандағы тұрақтылыққа мүдделі. Бірақ, тұрақтылық қатып қалған ұғым емес. Оған әрдайым жаңа қатер, жаңа сын ту­ындайды. Бұл сынақтардың негізінде қоғамның бір бөлігінің қалыптасқан ахуалға қанағаттанбайтын сезімі  тұрады. Бүгінгі күні қазақ алпыс пайыздан асқан кез­де тұрақтылыққа қатердің бірі әлі болса қазақ тілі мен мәдениетіне, мемлекет та­рапынан тиісті қолдау бол­мауы. Бұған негіз бар ма? Бар. Президенттің Халықтар Ассемблеясында: «осы залда отырған азаматтар бір бірімен қай тілде сөйлеседі? Орыс тілінде» деуінің өзі осы 19 жыл­дан кейінгі ахуалға берілген баға. Осы бағытта әлі де атқарылмаған істер көп. Кеше Украинада Тимошенко ханым Қырымдағы бір поселкінің тұрғындарымен кездесті. Бұл поселкіде көпшіліге орыс тілді екен, сөз бастай бергенде шу­лап «сіз орысша сөйлеңіз» депті. Сонда Тимошенко: «мен 36 жасымда ғана украинша сөйлей бастаған адаммын, бірақ мен бүгін Украина Пре­мьер Министрімін, ендеше мен украин тілінде сөйлеуге міндеттімін» деп украин­ше сөйлеп кетіпті. Және оны сол жерде тұрған орыс тілдестер түсіне білген. Егер жігерлі, сындарлы, қисынды түрде айтса, кез келген адам қазақ тіліне басымдық беру керектігін түсінеді. Оған менің Петропавл, Павлодар, Өскеменде көзім жеткен. Біз тұжырымдамада әлемдік үрдістерге, елде қалыптасқан ахуалға талдау жасай отырып, қазақ тілі мен мәдениеті, ру­ханиятына мемлекет сая­сатында басымдылық беру қажет екенін негіздедік. Айта кететін жағдай, бұл тек жаңа мемлекеттерге ғана тән емес. Күні кеше билікке келген Германияның жаңа коалиция­сы жұмысын бастар алдын­да бір келісімге келді. Олар Германия Конституциясына өзгеріс дайындамақшы. Бұл өзгерістің мағынасы Герман федерациясының міндеті неміс тілі мен мәдениетіне қамқорлық деп көрсетпекші. Өйткені, жаһандануда әркім өзінің іргетасын, рухани темірқазығын, мәдениет негізін сақтап қалмақшы.
Мәдениеттің негізі – тіл, өркениеттің өзегі дін. Ас­самблея ұсынған доктринаға келсе, оны дайындағандар біріншіден, 90шы жылдардағы үрдістерге дұрыс баға берме­ген. 90шы жылдары Қазақстан азаматтықты этникалық ұғымға қарсы қойған емес. Егер ол қарсы қойған бол­са, онда Конституциядағы мемлекеттік тіл деген бап болмас еді. Доктринадағы азаматтылықты этникалыққа қарсы қою қағидалы қате. Ешқандай мемлекетте аза­мат не азаматтық қоғам мәдениетсіз, руханиятсыз болмайды. Сонымен қатар, біз тұжырымдамада мемлекеттік саясатта баса назар аударатын бірнеше бағытты көрсеттік. Олар:
-ақпараттық тәуелсіздікке қол жеткізу;
-қазақтар тұратын мемле­кеттермен қарым-қатынаста қандастарымыздың рухани, мәдени мүдделерін қорғау;
-ел әлеуетін күшейту үшін әділ кадр саясаты мен сапалы білім жүйесі арқылы «әлеуметтік баспалдақтар» жүйесін құру;
-қазақ тіліндегі ақпарат, білім көздерін бәсекелестікке лайықтау, әсіресе, бүлдіршіндер мен жасөспірімдер көретін теле­дидарды қазақшалау;
-адам тәрбиесінде діннің маңызын ескеру;
-ақпараттық кеңістік талап­тарын ескере отырып, жаңа әліпбиге көшуге дайындық;
-қазақтілді БАҚ қаржылық-технологиялық дамуына басымдық беру;
-ауылдың әлеуметтік, мәдени дамуына ерекше мән беру, т.б.
- Өткен жылдың негізгі оқиғасының бірі кедендік одаққа кіру болды. Бұны қалай бағалайсыз?
Біз -экономикасы шикізатқа негізделген мемлекетпіз. Мұнай, мыс, көмір, мырыш, т.б. атабабадан қалған мұра. Бірақ, бұл байлық шексіз емес. Ендеше экономиканың шикізат емес салаларын дамы­туымыз керек. Ол үшін қажет шарттың бірі -нарықтың көлемін ұлғайту. Біз теңізге тікелей шығатын жолы жоқ мемлекетпіз. Біраз жүгіміз Ресейдің жері арқылы өтеді. Та­сымалдау бағасын төмендету -біздің мүддеміз. Осы екі тұрғыдан алғанда, Кедендік Одақтың бізге пайдасы бар. Бірақ Еуропа Одағы секілді одақтардың тәжірибесіне сүйенетін болсақ, кез келген одақта маңызды мәселе – шешім қабылдау тетіктері.
Өзімізге белгілі Ресей қорғаныс саласынан басқа эко­номика саласынан да әлемде озық елдер қатарына жатпай­ды. Көлік жасау, станок жасау, мәшине түрлерін жасау, жеңіл өнеркәсіп, электрондық құрал-жабдықтар мен компьютерлер өндіру саласында Ресей өзі әлі Батыстың да Шығыстың да артында келе жатыр. Бірақ Ре­сейде өздерінің отандық өнім шығарушыларын кез келген жолмен қорғайтын күштер мықты. Оларды қорғаудың бір жолы баж салығы мен кеден салығын жоғарылатып, елге кіретін мәшине, көлік, ста­нок, электрондық құралдарды қымбаттату. Сөйтіп, өз халқына өзінің өнімдерін алғызу. Кедендік одақты талқылағанда бізде әзірше тек көлік мәселесін көтеріп жатыр. Жиһаздың да біраз түрлерін Ресей мен Белорусия шығарады. Біздің халықтың бір бөлігі жиһазды Қытайдан, Еуропадан алып үйренді және Қытайдағы өнім сапалы ғана емес, арзан. Ертең Ресей өзінде шығаратын өнімдерді алғызу үшін кедендік одаққа осы өзінде шығаратын жиһаз, электрондық құрал-жабдық, станок, мәшинелерге баж салығын көбейтетін болса, шешім қабылдарда біздің мүдде ескерілмейтін болса, біз ұтыламыз. Біздің индустриялдық – инновациялық дамуымызға қажет озық тех­нология бүгінгі күні Ресейде бар ма? Жоқ. Олар Жапония­да, Кореяда, АҚШта, Еуропа­да. Біз осы технологияларға көз жеткізуде және сапалы та­уарларды аларда ұтылуымыз мүмкін. Ол үшін шешім қабылдау жариялы болуы қажет. Кедендік тарифтерді орнататын органда біздің вето қою мүмкіндігіміз болу керек. Бұл жағынан күмән да, күдік те көп. Ресейдің кеше ғана қол қойған Белорусиямен қазіргі мұнай саудасын жөніндегі тартысы осы күдікті одан сай­ын күшейте түсуде. Бұл Одақ Үкімет пен Президент үшін ел мүддесін қорғауда сын болары анық.
– Биылғы жыл Қазақстанның Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төрағалық жылы. Бұл туралы не айтуға бола­ды?
Әрине, жаңа мемлекеттілігіне 19 жыл ғана бұрын қол жеткізген Қазақстан үшін бұл маңызды оқиға. Сонымен қатар, біз бұл төрағалықты тек көптеген конференция, жиналыс өткізу үшін ғана пайдалансақ, қателік болар еді. Қазақстан «Еуропаға жол» атты бағдарлама қабылдады. Еуропа кезінде әлемнің озық жетістіктерін жатсын­бай, бойына сіңіру арқылы көп игілікке қол жеткізді. Әлем өркениетінің көп жаңалықтары кезінде ислам өркениеті аясында, Қытай өркениеті аясында дүниеге келген. Алгебра мен астроно­мия, медицина жағынан араб өркениеті, ислам өркениеті Еуропадан озық болған. Ал Қытай қағазды да, кітап ба­суды да, оқ дәріні де, компа­сты және басқа да адамзат пайдаланатын жаңалықтарды ойлап тапқан өркениет. Еу­ропа кезінде осының бәрін жатсынбай бойын сіңіре білді. Соның арқасында алға кетті. Сол жатсынбай, бойға сіңіріп алға кетудің негізінде әркімнің өз қабілетін өзі үшін, Отан үшін пайдаланатын жүйе, саяси жүйе жатыр. Еу­ропа заң үстем ететін қоғам құрды. Ол заңдардың негізінде христиан этикасы жатты. Этика тұрғысынан алғанда, біздің ұстанымыздарда да, дінімізде де ұқсастық көп. Ендеше, бұл ұйымға төрағалық етуді біз тәжірибе алмасу, тек мемлекеттік ор­гандар арқылы ғана емес, қоғамдық ұйымдардың қарым-қатынастарын нығайту арқылы, жүйені, оның үстіне саяси жүйені жетілдіру озық тәжірибелерге қол жеткізу үшін пайдалануымыз керек.
Әрине, мен биыл кенет­тен билік өзгеріп үлкен сая­си реформалар болады де­ген ойдан аулақпын. Оның тағы бір себебі осы ұйымға төрағалыққа Қазақстанды қолдап, дауыс беру кезінде Батыстың басты мемлекеттері біздің демократиялық табы­старымызды басшылыққа алған жоқ. Бірінші кезекте олар геосаяси, қауіпсіздік және энергетика мәселесіндегі Қазақстанның рөлін еске алды. Қазақ халқының бір артықшылығы – біз жаңалыққа бейімбіз. Ендеше біз тек Шанхай серіктестік ұйымының аясында шектеліп қалып қоймай, дамыған елдерімен де қатынасты сақтауымыз керек. Ол ұйымда төрағалыққа арнайы қоятын талап жоқ. Жалпы, мысалға, Греция халқы былтыр төраға болдық деп оны ерекше оқиға ретінде атаған жоқ. Себебі олар үшін ол қалыпты жағдай. Бірақ біз үшін маңызды. Сондықтан, біз соңғы кездегі көрмелік үрдістен гөрі өнегелік, тәжірибелік дәстүрлерді пайдалансақ, құба-құп болар еді.
– Құндылықтарды айтқанда, саяси партиялардың рөлі жөнінде не айтасыз? Келесі жылы сайлау болуы мүмкін бе? Саяси партиялар сайлау аралығында немен ай­налысуы керек?
– 2010 жылы сайлау болу ықтималдығы аз, себебі, бүгінгі парламент билікке ыңғайлы, ал елбасының ме­рей тойы қарсаңында «мәңгі Президенттік» секілді біздің бүгінгі заманымызға сай келе бермейтін ұсыныстар түсе беруі мүмкін. Оның кейбіреуіне Парламенттің керегі де болып қалуы мүмкін.
– Саяси партиялар -ел дамуы үшін қажеттілік. Конституцияда саяси және идеологиялық алуандылық танылады деген бап бар. Оны жүзеге асыру формасы -саяси партиялар мен саяси ұйымдар. Біз үлкен үзілістен соң саяси ұйымдар құру мүмкіндігіне ие болған бірінші буын ретінде дәстүр қалыптастырушы ұрпақ екенімізді ұмытпауымыз ке­рек. Саясатта да озық дәстүр керек. Егер саясат тек қана кикілжің, қырғиқабақтық, бірін-бірі қаралау деген дәстүр қалыптасса, келешекте саясат осындай болып қалады.
Біз озық елдерден үлгі алайық. Олар өздерінің сая­си бәсекелестерімен қалай сөйлеседі, қалай баға береді? Кеше ғана сайлауда бір-бірімен қарсылас болғандар ертеңіне тізе қосып отырып, бірін бірі сыйлай отырып, бір-бірінің артықшылығын айта отырып, өздерінің мемлекеті үшін, елі үшін өзгенің пікірін пайдаланады. Ендеше біздегі саяси партиялардың бірінші парызы -саяси мәдениетті дұрыс қалыптастыру. Бұл істе билік те, кейбір демократпын дейтін күштер де үлгі көрсете алмай отыр. Саяси бәсекелесті қаралау, оған тек жала жа­бумен айналысу біріншіден, нәтижесіз, екіншіден, кері дәстүр қалыптастыратын шаруа екенін түсінетін кез келді. Екіншіден, сайлау жоқ уақытта да біз билікке балама ұсыныстар ұсынуымыз қажет. Біздің ойымыз, жігеріміз, пікіріміз, халық мүддесіне қазір жұмыс жасаса елге пайда. «Ақ жол» партиясының кейбір ұсыныстарын 78 ай өткізіп ба­рып Үкімет пайдалануда. Мы­салы, Үкімет күйзеліске қарсы бағдарламасын ұсынғанда біз бірнеше бағытта кемшілігі бар екенін айтқанбыз. Біріншіден, біз, егер халық есебінен банкілерге кәсіпорындарға көмек көрсетілетін болса, олардың қожайындары жеке ақшаларын Қазақстанда ұстасын дедік. Біз бұны 2008 жылдың күзінде айтсақ, Үкімет басшысы 2009 жылдың күзіне таман айтты. Біз ұлттық компаниялар, мемлекеттік қорлар, мемлекеттік орган­дар жария жұмыс жасап, кадр және қаржы саясатында ұлт мүддесін қорғасын дедік. Біз бұны айтқан соң, жарты жыл­дан кейін барып Үкімет осыны талқылай бастады. Осындай ойларымыз біздің идея деп айтылмаса да, ел мүддесіне пайдаланылып жатқанына да шүкір. Қазір де біз ұлттық сая­сат тұжырымдамасын билік, басқа қозғалыстар пайдалан­са, тек ұтамыз деп есептейміз.
Қазіргі ортақ мақсат -ұлтты жаңғырту. Модер­низация деген сөз – ұлтты жаңа заманға бейімдеу. Бұл істе не маңызды? Біріншіден, орта қалыптастыру маңызды. Еңбекті құндылық есебінде қарастыратын, өздерінің ішіндегі дарындыларын кері тартпай, оларды шын мәнінде әділ бәсекелестік арқылы алға шығаратын орта қалыптастыру қажет.
Сол себепті кадр саясатындағы әділдік арқылы, білім жүйесін дұрыстау негізінде «әлеуметтік баспалдақтар» жүйесін қалыптастыруымыз керек. Бұл баспалдақтар білімде де, ғылымда да, мәдениетте де, саясатта да, экономика­да да ең мықты тұлпарлар, сұңқарлар жүйріктерді анықтап, жоғары шығуына жағдай жасауы керек.
Мысалы, біз Олимпиядаға 100 метрлік қашықтыққа жүгіруге, ең тез жүгірген адам­ды емес, әкімнің, министрдің, байдың баласын жіберетін болсақ, ол нешінші орын алар еді? Сол себепті, егер біз сая­сатта да, мәдениетте де, эко­номикада да жүйріктерді тұсап, оның орнына тамыр-танысты жіберетін болсақ, бұл Қазақстанның әлеуетін тұсаумен тең. Өкінішке қарай, бүгін бізде осындай жағдай орын алып отыр. Осыдан жар­ты жыл бұрын, бір конферен­цияда мен Қазақстандағы кадр саясатын түсіну үшін ұлттық компаниялардың кадр құрамын тексерсе болды деп едім. Сол сөз түрткі болса керек, таяу­да ҚазМұнайГаз компания­сын Президент әкімшілігі тексеріпті. Бұл барлық компанияларға байланысты. Егер жоғары биліктегілердің туған туысқандарының қай жерде жұмыс жасайтынын жариялауға мәжбүрлесек, әлі талай қызықтарға куә бо­ламыз. Ендеше әлеуметтік баспалдақтар қоғамды алға алып жүреді. Және біз денсаулық, білім саласы және таза ауыз су мәселесіне өте зор көңіл бөлуіміз керек. Бұл біздің болашақ ұрпақтың тән саулығын және оның бәсекелестікке қабілеттілігін анықтайды. Енде­ше, қазіргі басты міндетіміз– ұлтты модернизациялау. Яғни, жаңа биіктерге бейімдеу.
 
Әңгімелескен Ақжан ЖӘУТІКОВА

Оставить комментарий

Вход     [ Регистрация ]     Я забыл свой пароль
Имя:  Пароль:   Автоматически входить при каждом посещении
[аноним / ввести пароль]












Пользователь
Добро пожаловать, гость.

Зарегистрироваться

Статистика
Наши пользователи оставили сообщений: 990471
Всего зарегистрированных пользователей: 18137
Последний зарегистрированный пользователь: djonnick
Сейчас посетителей на сайте: 55, из них зарегистрированных: 3, скрытых: 0 и гостей: 52
Зарегистрированные пользователи: KurioZ, y, Алмаз Р. Естеков
Самые активные комментаторы:
Alty Alash (10532) Wladimir (10295) kazak (6853) HUNN (6147) Отамалы (5143) ангел (4831) Йода (4546) Я (4343) Рыспек-респект (4200) Newman (3872)

Вход
Имя пользователя:

Пароль:


Автоматически входить при каждом посещении
Я забыл свой пароль

Яндекс цитирования